Қажетті өнімдер:
– 2,5-3 стақан ұн;
– 2 ас қасық сарымай;
– 2 ас қасың қант;
– 0,5 шай қасын, тұз;
-1 стақан сүт;
-1,25 шай қасық құрғақ ашытқы;
-100 г балғын жидек (мүкжидек);
– 3-5 ас қасық қант;
– өсімдік майы немесе сарымай.

Дайындалуы:
Қамырға арналған өнімдерден қамыр илеңіз. 1,5 сағат қойып қойыңыз. Да-
йын болған қамырды екіге бөліңіз. Бір бөлігін тағы да екіге бөліңіз. Үлкен бөлігін жайыңыз. Оны сарымаймен немесе өсімдік майымен майланған дөңгелек қалыпқа төсеңіз. Сәл шетін шығарыңыз. Мүкжидекті салыңыз. Үстіне қант себіңіз. Қамырдың бір бөлігінен тіктөртбұрыш қамыр жайыңыз. Пышақпен тесіктер жасаңыз. Мүкжидектің үстіне салыңыз.
Қамырдың екінші бөлігінен шұжық жасап алып, дөңгелете салыңыз. 180 градуста 20-30 минут пісіріңіз. Жидектер пісіру барысында балғын қалпын сақтап қалады. Пісірмені дастарқанға салқындатып ұсыныңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жер пайдаланудың шекарасын орнына келтіру және түсіру, дәріс

Жер учаскелерінің шекараларын қалпына келтірудегі геодезиялық жұмыстар  жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің…

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері Әрбір лагерге келгеннен кейін бірінші минуттан бастап лагерь дүние…

Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам

Жобаның тақырыбы: Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам. Жобамды бастамас бұрын айтарым, бұл…

Сәбіз торты

Сәбіз торты Қажетті өнімдер: – 150 г ұн; – 8 ас қасык,…