Жобаның тақырыбы: Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам. Жобамды бастамас бұрын айтарым, бұл мамандықты не үшін таңдадым деген сұраққа тоқтала кетейін. Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын таңдаған себебім IT саласының қалыптасуына өз үлесімді қосқым келеді. Себебі қазіргі таңда IT саласы қарқынды дамуда. Әлем сандық ақпарат ағынымен болашаққа ілгері жылжып келеді, яғни, IT саласының маманынсыз болашағымызды елестету мүмкін емес. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға таман бірнеше жаңа мамандықтар қалыптасады әрі технологиямен тығыз байланысты болады. Сондықтанда осы мамандықтың арқасында болашақта бірнеше ғажап дүниелер жасай аламын деп есептеймін.

Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы арқылы жұмыстық оқу  білім алушыларға дербес компьютерге, қосымша құрылғыларға, техникалық қызмет көрсетудің негізгі әдістері мен түрлерін, қолданыс материалдарын ауыстыру ережесі мен классификациясын, дербес компьютерінің, қосымша құрылғылардың жұмысындағы ақауларды іздестірудің және тестілеудің бағдарламалық қамсыздандырудың, дербес компьютерінің, қосымша құрылғылардың жекелеген құралдарына, блоктарына қызмет көрсету негіздерін оқытуды қарастырады.Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мақсатында, оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік кредиттік және т.б.) дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модульдер, оқу бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар қолдануға ұсынылады. Тағыда бір артықшылығы  түлектер жаңа компьютерлік, ақпаратты «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының барлық түлектері Қазақстанның ірі компанияларында және шет елдерде жүйелік және қолданбалы бағдарламашылар, жүйелік әкімшілер, бағдарламалық және ақпараттық жүйелерді жобалау (сүйемелдеу) бойынша мамандар, web-дизайнерлер және т. б. ретінде жұмысқа орналасады және табысты жұмыс істей алады және коммуникациялық технологиялар нарығында өз білімдерін қолдана алады және мынадай салада жұмыс істейді:

– Ақппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің және тиісті адам-машина интерфейстерінің архитектурасын жобалау;

– Есептеу техникасы құралдарын, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін іске асыру үшін бағдарламалау құралдарын қолдану;

– Кәсіби қызмет объектілерінің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін жобалау;

– Кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу;

– Құбылыстардың, процестер мен жүйелердің математикалық модельдерін есептеу техникасы құралдарымен таңдау және іске асыру;

– Кәсіби қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу процесін ұйымдастыру кезінде технологияны, аспаптық бағдарламалық құралдарды және есептеу техникасы құралдарын таңдау;

– Жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, есептеуіш техниканы және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін инсталляциялау, баптау және қызмет көрсету;

– Бағдарламалық өнімдерді, ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін сүйемелдеу.лық қамтамасыз ету мамандығы арқылы.

Мамандықтың ерекшеліктері

Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді

Маңызды қасиеттері

Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себептен, өзін-өзі оқыту ең басты касиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе, бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін.

Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді.

You May Also Like

Екіншілік минералды ресурстар – косымша резерв, дәріс

Дәріс №9. Екіншілік минералды ресурстар – косымша резерв Сонымен өнеркәсіп пен түрмыс…

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының  маңыздылығы 

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының  маңыздылығы  Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі жеткен тәрбиелік…

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары

Қарастырылатын сұрақтар: Өндірістік құрылым және оның түрлері. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және…

Еліктеу арқылы үй және жабайы жануарларды таныту, логопед жұмысы слайд