Қарастырылатын сұрақтар:

Өндірістік құрылым және оның түрлері.

Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.

Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары.

Өндірістік құрылым және оның түрлері.

Өндіріс – бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады.

       Кәсіпкерлік қабілет – бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды. Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.

Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

-шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының -сипаттамасы;

-өндірістің ауқымы;

-кооперациялау деңгейі.

Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.

Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көтереді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.

Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.

Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.

Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.

Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі. Кәсіпорындардың  цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштірі және оларды жетілдірудің жолдары.

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:

-оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;

-бөлімшелер қызметкерлерінің саны;

-жабдықтардың қуаты;

-өндірістік қорлардың құны;

-өнім шығару көлемі;

-мамандандыру және механикаландыру;

-күрделі қаржының құрылымы.

Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің «осал жерлерін» ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негізгі цехтар, дайын өнімді шығарумен байланысты, негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін құрылымның тиімділігін көрсетеді. Сонымен, нақтылы көрсеткіштерді салыстыру арқылы басқару құрылымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізуді қажет етеді. Мұндай салыстырмалы тәсілдермен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын анықтайды.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үлесуін және өндірістік материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз етуі қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;

өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;

өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;

өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.

Жеке дара өндіріс – шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.

Сериялы өндіріс – жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы, орта сериялы және ірі сериялы болып бөлінеді.

Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың

өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.

Сонымен, өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері – машиналар және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының бернесі ретінде қаралатын болса.

You May Also Like

ҚР ОМА қалыптасуы мен дамуы

ҚР ОМА қалыптасуы мен дамуы 1)         ҚР ОМА  құрылуы мен оның ерекшеліктерін…

Өндірістік тәжірибе

КОМПАНИЯ ТАРИХЫ ЖШС «АЗИЯ ТУРАБИ» бағалау компаниясы бағалау бойынша қызмет көрсету Қазақстан…

Компьютерлік графика шығу тарихы

Компьютерлік графика шығу тарихы Компьютерлік графика – бұл ғылым. 1950 жылы (!)…

Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу

3.Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу                                                            Пайдалы қазбаларды  ашық каръерлерде өндіргенде…