ҚР ОМА қалыптасуы мен дамуы

1)         ҚР ОМА  құрылуы мен оның ерекшеліктерін сипаттау

2)         ҚР ОМА-нің тарихын және даму ерекшеліктері мен қызметін және қазіргі жағдайын талдау

Республиканың тәуелсіздік жағдайындағы мұрағат ісінің дамуы. Қазақстанның мемлекеттік мәртебесінің өзгеруімен және саяси негізімен, экономикалық жағдайымен байланысты мұрағат мекемелері жүйесіндегі өзгерістер. Бұрынғы одақтық республикалардың мұрағат мекемелерімен қалыпты байланыстың жоғалуымен байланысты орын алған қиындықтар. Құжаттамамен қамтамасыз ету саласында «Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша талаптардың» жасалуы және оның іс жүзіне енгізілуі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша (№2541) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы архивтер мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды.1997 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві деп қайтадан аталды.Басқару жұмыс жаңа арнаға түсті.Мұрағат мекемелерінің құрылымы,штат кестесі едәуір ықшамдалды. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізін жасау. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі. Мұрағаттардың қазіргі жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері. Орталық мемлекеттік мұрағаттар. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің құрылуы. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары. Қалалық және аудандық мұрағаттар. Ведомстволық мұрағаттар. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар. Жеке мұрағаттар. Қолжазба бөлімдерінің, кітапханалар мен мұражайлардың мұрағаттары. «Құжаттық қор», «мұрағаттық қор» түсініктері. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын мемлекеттік мұрағаттар жүйесі бойынша бөлу. Қазақстан Республикасы мұрағатшыларының қоғамының құрылуы. Қоғамның құрылымы және негізгі міндеттері. «Уәкілетті мемлекеттік орган» және «жергілікті уәкілетті орган» түсініктері. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі Комитетінің құрылуы. Комитеттің негізгі міндеттері және атқаратын қызметтері. Республикада мұрағат ісінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. 2001-2005 жылдарға арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасын жасау. Республикада мұрағат ісінің дамуының негізгі бағаттары. Республикалық жоғарға оқу орындарында тарихшы-мұрағатшы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.

Мемлекет Басшысының «1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы»Жарлығы,«Қазақстан 2030» стратегиялық даму Бағдарламасы және оның негізгі Ережелері оның ,оны іске асыруға байланысты республика халқына арнаған Жолдауы еліміздің мұрағат жүйесіне деген халықтың көзқарасын оятты.Бұқараның тарихи санасы,патриоттық сезімі дами түсті. Мемлекеттік мұрағаттардың оқу залынан АҚШ,Ресей,Жапон,Қытай Өзбекстан,Қырғызстан мемлекеттерінен келген зерттеушілер жиі көріне бастады.
Республиканың ақпарат құралдары арқылы 1998 жылдың тек алғашқы жарты жылдығында 300–ден астам мақала ,400 шамасында теле радио хабарлары таратылды.
Орталық мұрағаттың «Егемен Қазақстан»,«Казахстанская правда»,«Қазақ әдебиеті»,«Ана тілі»,«Ваше право»,«Заң»,т.б газеттер мен журналдардың беттерінде ашқан айдарымен «Алашорда басшылары»,«Түркістан тарихы» туралы,қазақ халқының ұлт азаттық қозғалыстары,ашаршылық ,т.б тақырыптар бойынша материалдары жарияланды.
«Қазақстан 1»,«Хабар»,«КТК»,«Таң»,«Рахат АТВ» телеарнналарында ұлттық тарихымыздың маңызды мәселелері жайында хабарлар берілді.Халықаралық ынтымақтастық жыл санап дами түсуде.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет басшыларының Минскі шарты көлемінде және ТМД мемлекеттері мұрағат қызметінің өзара ынтымақтастық келісімі бойынша Ресей Федерациясы мұрағат қызметі және Өзбекстан Республикасы мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп Түркістан қаласы тарихына қатысты құжаттарды табу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін кеңейту мақсатында Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатымен мұрағат құжаттарының көшірмелерін алмасу жөнінде келісім шарт жасалды.  Республиканың мұрағат жүйелерінің материалдық техникалық базасын нығайту,мұрағат ісін дамыту,келешекте реформалау мәселесі Мемлекет Басшысына,ҚР Премьер Министріне баяндалды.Осы мәселе ҚР Қаржы,Әділет және Білім ,мәдениет,денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.  Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет органдарының мұрағат ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі мұрағаттың нәтижелі жұмыс жасауына елеулі әсері тиді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың заң жобаларының жоспарына Ұлттық мұрағат қоры мұрағат туралы заң жобосының қосымша енгізілуі ,бұрын жобалап қалған Ақмола облысы мен Жезқазған қаласында мұрағат ісі басқармасының қалпына келтірілуі ,ең бастысы –Астана қаласында Орталық мемлекеттік мұрағат үйінің құрылысын жобалау және құрылыстың биылғы жылы басталу мәселесінің нәтижелі шешілуі –соның айғағы .Қанша дегенмен күні кеше тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің мұрағат жүйесі өркениетті елдер мұрағат дәрежесіне көтеру ,мұрағат құжаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру,мемлекеттік мұрағаттарды компьютермен жабдықтау міндеті тұр.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында жинақталған жеке қорлар тізбесі, мазмұны мен маңызы жағынан мейлінше әр түрлі және көп салалы болып келеді. Ол ақындар, жазушылар, композиторлар, әртістер, әдебиет пен өнертанушылар, теарт және кино режиссерлары, суретшілер ғалымдар, т.б. қорлары сақталады. Олардың қорларындағы құжаттар өнерпаздың, ғылымның қызмет бабындағы іс-әрекеті мен қабілетінен басқа, оның өзіне тәне ерекшеліктерін білдіретін құжаттардан тұрады.Жеке қор құрамына қолжазбалар, хаттар, қор құрушының жеке және тұрмыстық құжаттары, ғылыми шығармашылық және қоғамдық қызметі барысында жинақталған құжаттық материалдары, қор құрушының еңбетеріне қажетті жинақталған материалдар, мүліктік-тұрмыстық сипаттағы заттар, жинаған коллекциялары, туыстарының және өзінің рәсімсуреттері кіреді. Жеке қор құрамына ол жөнінде көзі тірісінде немесе қайтыс болғаннан кейінгі жазылған естеліктері, мақалалар, өлеңдер, еңбектеріне жазылған рецензиялар, есте қалдыру жөніндегі материалдар, оның шығармашылығын насихаттауға материалдар енгізіледі.Қолтаңба немесе басқадай белгісі бар сыйға тартылған кітап, кітапша, т.б. заттар жеке қордан ерекшеленіп, мұрағат кіпамханасына тізім бойынша өткізіледі.Қордағы фотонегативтер мен кинокадрлардың көшірмесі жасалып, оларды сақтауға Мемлекеттік кино-фото-фоно мұрағатына өткізіледі, ал қорда фотокөшірмесі қалдырылады. Жеке қордың аты қор құрушының фамилиясы, аты және әкесінің аты, қызметі мамандығы, туған жылы мен қайтыс болған жылдарынан тұрады.
Мемлекеттік мұрағаттың басты міндеттерінің бірі – мұрағат қорын жеке адамдардың құжаттарымен толықтыру. Бұл мәселеде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаттары(ҚРОММ) үлкен істер атқаруда.КСРО кезіндегі жеке адамдардың құжаттарын жинақтау және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу шаралары мәз емес еді. Кейбір мәселелер 1960жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында республикада өткен мұрағат қызметкерлерінің мәжілістері мен конференцияларында қаралған. Осы мәжілістер мен конференцияларда жасалған баяндамаларында және хабарламаларында ҚРОММ-дағы қорлардың құрамы, сипаты, мазмұны, жеке адамдардың құжаттары мен жинақтау көздерін анықтау тәжірибесі талданған.
Қазақстандағы Облыстық Мемлекеттік Мұрағаттың жеке қор құжаттарын жинақтау тәжірибесін көрсететін еңбектер жоқтың қасы. Тек бір ған Шығыс Қазақстан облыстықмемлекеттік мұрағаттың жеке қор жинау қызметі мен деректерін жинақтау, анықтау туралы жазылған мақала жарық көрді. Сонымен қатар мағлұматтың жеке қорларындағы құжаттарды сақтау, кітапхана мен мұражайлардың қолжазба бөлімдерінде жиналған жеке қорлардың жағдайы жөніндегі мәселелер көтерілген.1950 жылдардың ортасына дейін Мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қорларды жинау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілген. Өйткені ол кезде жеке адамдардың құжаттарынбағалап, қабылдау мен жинақтаудың жалпы әдістері жаңадан пайда бола бастап еді. 50-жылдардың аяғына таман еліміздің көптеген мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау тәжірибесін байытатын еңбектер шығады. Сол кезден бастап аталған мәселе жаңа белеске көтеріледі. Себебі бұл кезеңде құжаттардың құндылығын сұрыптау жұмыстарына қайта құру жүргізіледі. Сол уақыттан бастап мемлекеттік мұрағаттарда жеке адамдардың құжаттарын жинақтау жұмысы кең құлаш жаяды және оның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталып келеді.60-80-жылдардың аралығында мемлекеттік мұрағаттарда жеке адамдардың қорын жинақтаудың териялық міндеттерін дамытуға В.Колосова, В.В.Цеплин, М.Я.Резникова, Б.М.Мамонов, З.И.Иноземцова және В.А.Еримченко көп үлес қосады. Аталған авторлардың еңбегінде мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау көздерін анықтау, құжаттардың пайда болуы мен мазмұны, құндылығы ашып көрсетіледі.

You May Also Like

Еңбек ақының мәні және оны реттеу, дипломдық жұмыс

КІРІСПЕ     Қазақстан Республикасы экономикалық  даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық…

Күнделікті көк шай ішудің 6 себебі

Күнделікті көк шай ішудің 6 себебі Көк шай – баламалы медицинаның кереметі.…

C.Бақырғани кітаптарындағы дін, пайғамбарлар жайындағы ойлары

C.Бақырғани кітаптарындағы дін, пайғамбарлар жайындағы ойлары Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғ.) – ақын,…

«Қоғамның даму үдерісін ілгерітудің жетекші күші – жастар».Тақырыпқа қатысты сыни пікір білдіріп жазыңыз. (Қазақстандағы Жастар жылына орай)

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын…