Д И П Л О М Д Ы Қ  Ж Ұ М Ы С 

«Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары»

тақырыбына жазылған

Жоспар:

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………3

1.ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1.1 Шағы кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі………………………………………………………………………………………………………5

1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары…………………………………….11

1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар…………….20

  1. «БИКЕН-ЖАРНАМА» ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.

2.1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы……..25

2.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау………………………………………………………………………………………………………..34

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

3.1 Қазақстан республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау..46

3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары…………..64

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………….71

Кіріспе

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолджауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын.

Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Қазіргі таңда әлемдік экономикада бәсекелестіктің қарқыны артуда. Сонымен қатар нарықты жаңа өнімдермен, жаңа қызметтермен қамтамасыз етуге ынталы өндіргіш күштердің белсенділігі де жоғарылауда.

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.

Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнән, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.Қазіргі жағдайда іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп , кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік- бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген , қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын , шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы , инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процессі.

Қазіргі заман жағдайында кәсіпорын күнкөрісін қамтамасыздандыру үшін басқару персоналына бәрінен бұрын өз кәсіпорнының, сонымен қатар потенциалды бәсекелестерінің қызмет етуінің тиімділігінің дәрежесін бағалай білу керек. Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі – кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке артықшылығын, іскерлік келісімдегі потенциалын, қаржылық және өндірістік қатынастағы кәсіпорынның және оның экономикалық назарының қаншалықты кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын анықтайды. Бірақ кәсіпорынның қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз.

Берілген дипломдық жұмыста «Бикен-жарнама» ЖШС кәсіпкерлік қызметін арттырумен байланысты мәселелер, ұсыныстар мен экономикалық талдаулар мәселелері қарастырылады.

Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты: нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің экономикадағы белсенділігі мен тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырап тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Осы және тағы басқа мәселелерді үшінші бөлімде қарастырамыз.

Қазіргі заманғы экономикада шағын кәсіпкерліктің рөлі өте маңызды болып табылады.

Нарықтың әртүрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік қауымдастықтың көптеген  елдерінде шағын кәсіпкерліктің өркендеуі , кәсіпкерліктің  осы формасының ТМД республикаларында , соның ішінде  Қазақстанда кең таралуын анықтады.

1.Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері. 

1.1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі.

Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді.

«Шағын кәсіпкерлік –бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасаты, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне  жеке қатысуын талап ететін, өзін – өзі ұйымдастыру процесі».

Анықтаманың өзінде айтылғандай, шағын кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі .

Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей-ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір-бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті жалпылайтын критерий болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тиімділігінің негізі – оған қол жеткізу үшін жұмсалған шығын мен нәтиженің өзара салыстырылуында, осылайша тиімділік әсер дәрежесін көрсетеді.

Әр түрлі ғалым-экономистер шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға, оның маңызын ашуға қатысты өздерінің анықтамаларын ұсынады.

К.Решетинскийдің пікірінше, тиімділік белгілі бір қатынасты білдіреді және соңғы нәтижеге қандай көлемде шығын жұмсау арқылы қол жеткізілгенін көрсетеді.

Тиімділік бұл – пайдалы әсер мен оған жету үшін жұмсалған шығын арасындағы өзара қатынас. Бірақ шығынның мақсаттылығын көрсететін нәтиже арасындағы белгілі бір ара қатынас болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік тиімділігінің төрт түрі анықталған, олар:

  1. Экономикалық тиімділік келесі постулат арқылы корсетіледі: Кәсіпорында шешім қабылдаған кезде әрқашан шектеулі, қолда бар құралдарды пайдалана отырып, көздеген мақсатқа қолайлы жетуді есепке ала отыру керек.
  2. Әлеуметтік тиімділік қолда бар шектеулі құралдармен кәсіпорынның барлық қатысушыларының әлеуметтік қажеттілігін

қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

  1. Техникалық тиімділк – кәсіпорынның техникалық мақсатына

байланысты, алға қойылған техникалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз

етеді (өндірістік потенциалға қажетті, өнімге және өндірістік

бағдарламаға қойылған сандық және сапалық талаптардың орындалуы).

  1. Экологиялық тиімділік – кәсіпорынның экологиялық

мақсаттарға жетуіне зейін қояды.

Қызмет ету тәжірибесінде экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді. Әдеттегідей экономикалық тиімділікке жетуге бағытталған шешім әлеуметтік те, техникалық та, экологиялық мақсаттарға да қатысты.

Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын экономикалық тәуелсіз тауар өндіруші бола отырып, мемлекет бекіткен салық салымдары мен әлеуметтік шектеулер көлемінде өндірістік дамудың тиімділігіне баға берудің кез-келген түрін қолдануға құқылы. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау, оның сандық және сапалық бағалауын талап етеді, яғни қызмет ету тиімділігінің критериі мен көрсеткіштерін анықтау.

Жоғарыда айтылған экономикалық әсер натуралды және құнды көрсеткішпен көрсетіледі, олар кәсіпорын қызметінің соңғы және аралық нәтижелерін анықтайды.

Осындай көрсеткіштерге мысалы: жалпы өнім, тауарлы өнім, өткізілген өнім, өндірістік ресурстардың әртүрлі элементтерін үнемдеу, өнімнің өзіндік құнын төмендетуден жалпы үнем жатқызылады.

Шағын кәсіпкерліктің экономикалық қызметін талдау нәтижелері болашақта даму жоспарының шешімін жасау үшін негіз түрінде қолданылады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның арнайы және басқа да қорларының қор құраушылары болып табылады.

Қызмет етуге баға берген кезде тек қана экономикалық емес, әлеуметтік нәтижелерін де ескеру қажет.

Шағын кәсіпкерлікте экономикалық қызметтің тиімділігі «тиімділік» категориясының баға беру мүмкіндігін одан да дәлірек көрсетеді. Ол әрдайым нәтиже құндылықтарымен шығын құндылықтарының қатынасымен байланысты және де баға берудің өзгерісімен өзгере алады.

Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылаған сайын қажетті еңбегін  1 ңгеге жұмсаған шығынның есебінен тез өскен сайын немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.

Қызмет ету тиімділігі – тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады – шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы болып табылады.

Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі: әрбір еңбек, материал, қаржы ресурстарының бірлігне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл нәтижеде еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттілігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық даму кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында бір нарық субъектісі жұмысының нәтижесі, басқа субъектілер жұмысының нақтылығына және жинақтылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.

Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.

Өнеркәсіпте шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибесі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқаруды ұйымдастырумен анықталады.

Нарықтық экономиканың және кәсіпкерліктің негізгі табысы болып табылатындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критериі негізінді шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылған.

Кәсiпкерлiк дегенiмiз – белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Іс iстеу – адамның iскерлiгi, белсендiлiгi. Кәсiпкерлiк деген ұғым өмiрде экономикалық белсендiлiкке колданылады, адамның жан-жакты белсендiлiгiн талап етедi. Кәсiпкерлiктiң ерекшклiктерi – дербестiк және тәуелсiздiк, экономикалық ынталалык, шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершiлiк, жаңашылдық.

Турлерi:

атқаратын мiндетiне қарай бөлiнедi: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, консультациялық.

Меншiк турлерi бойынша: жеке меншiк, мемлекеттiк меншiк, қоғамдық құрылымдар меншiгi.

Кәсiпкерлiктiң ұйымдық- экономикалық формасы:

  • Концерн – көп салалы АҚ әр түрлi компаниялардың бақылау покеттерiн сатып алады.
  • Ассоциация – экономиканың дербес кәсiпорындардың ерiктi бiрлестiгi. Маманданған кәспорындардың негiзгi мақсаты – ғылыми-техникалық, өндiрiстiк, экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi бiрiгiп шешу.
  • Консорциум – iрi финанс операцияларын жүргiзу үшiн (өте iрi жобаға бiрiккен) кәсiпорындардың бiрлестiгi.
  • Синдикат – бiр саланың кәсiпкерлерiн тауар сатуға бiрiктiру.
  • Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндiрiс мөлшерi жөнiнде келiсiм.

Кәсiпкерлiктiң ұйымдық-құқықтық формалары коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйымдарды келесі түрде бөліп қарастыруға болады.

1.Жекелік

2.Ұжымдық

3.Корпоративтi

Жекелiк кәсiпкерлiк немесе жеке кәсіпкерлік заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыра алады. Кәсiпкер капиталы өзiнiң жеке меншiгiнен алынады және тәуекелдiлiк бара отырып табыс табуға ұмтылады.

Ұжымдық кәсiпкерлiктiң түрлерi: шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар.

Корпоративті кәсіпкерлікке ассоциациялар мен бiрлестiктер, концерндер, холдингтер   жатқызылады.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп аталады. Еліміздің  заңнамаларына сәйкес шаруашылық серіктестіктер толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп бөлінеді.

Қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп аталады.

Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкімен жауап беретін қатысушыларды және кәсiпкерлiк кызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын, өздерінің қосқан салымдары шегінде тәуекел ететін салымшылары бар  серіктестік сенiм серiктестiгi деп аталады.

Бiр немесе бiрнеше адам құрған жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады. Қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға қосқан салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен, енгізген салымдарының  еселенген мөлшерінде қосымша жауап беретiн серіктестік қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп аталады.

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам деп аталады.

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп аталады.

Қазакстан Республикасында кәсiпкерлiктiң дамуы.

Қазакстанда кәсiпкерлiк ерте заманнан келедi. Көшпелi шаруашылық жағдайында кәсiпкерлiк еркiн дамыған жоқ.Капитализмнiң дамуымен кәсiпкерлiк дамыды.1861 жылғы реформадан кейiн темiр жол құрылысы,ауыр өнекәсiп салалары орын алды.

1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары

Кәсіпкерлік – шағын бизнес дамуынан басталды. Шағын бизнесте кәсіпкер белгілі бір мақсаттарға бағытталып, белсенді болады.Өзінің кәсіпорнына кәсіпкер көптеген энергияны, уақытын жұмсап, өзінің ісіне тапқырлықпен қарайды. Ал ірі компанияларда менеджер өзінікі болмағандықтан жоғарғы тиімділікке талпынбай, бірқалыпты жұмыс істей береді.

Алғашқыда кәсіпкерлік кәсіпшіліктен және сауда салаларынан бастау алады. Уақыт өте келе дами түсті.

Біртіндеп 15 ғасырға таман көпестер, кәсіпқойлардан тұратын кәсіпкерлер бірлестігі пайда болды. Дәл сол кезде «кәсіпкерлік» термині шықты. Бұл терминге өндірістің дамуына, сауда және табыс алуға бағытталған іске байланысты тұлғаларды жатқызған.

19 ғасырдың екінші жартысында кәсіпкер және капитал иесі – капиталист терминдері арасындағы айырмашылық пайда болды. Корпоративті қаржыландырудың жаңа әдістері кәсіпкерлік ұйымдардың пайда болуына әсерін тигізді. Кез келген капиталист кәсіпкер болмауы мүмкін, ал кәсіпкер капиталист болмауы мүмкін.Әрине капиталист басқарудың кәсіпкерлік стилін ұстануы мүмкін. «Кәсіпкерліктің» ескі ұғымы соңғы кезде жаңа түсінік алды. Қазіргі кезде кәсіпкер – бұл нарық сұранысы мен даму болашағын түсінетін және осыны басқарушылық білімімен, өндірістік ресурстарды қолданумен табыс табу мақсатында байланыстыра алатын адам.

Жеке, отбасылық және шағын кәсіпкерлік инициативалар шағын кәсіпорындар негізінде ұйымдастырылады, өйткені ол үшін үлкен бастапқы капитал қажет емес. Шағын бизнес кәсіпорындары ірі фирмалармен бәсекеге тұра алады. Шағын кәсіпкерліктің келесі артықшылықтары бар:

  • Нарық сұранысына оперативті икемділігі;
  • Жаңа техниканы ендірумен байланысты жұмысты орындауда мобильділігі;
  • Ресурстарды тиімді пайдалану, соның ішінде екінші сатылы өндіріс;
  • өндірістік емес басқарушылық құрылымдарда жанама шығындарды азайту;
  • капитал айналымының жоғарғы жылдамдығы.

Осы артықшылықтар негізінде шағын бизнестің:

  • тауарлық нарықты тұтынушыларға қажетті бұйымдармен толтыруды жылдамдатады;

Шағын кәсіпорындар – нарық қатынастарының негізі. Нарықтың монополияға қарсы құрылымының қалыптасуы кезеңінде тек ведомстволықты ғана емес, сонымен қатар жалпы экокномикалық монополизмді жоюда шағын кәсіпорындар маңызды роль атқарады. Олар қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымының қалыптасуында, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде ерекше орын алады.

Шағын кәсіпорын – меншіктің әр түрлі формалар негізінде халық шаруашылық салаларында құрылады және шаруашылық қызметтің барлық түрін жүзеге асырады.

Шағын кәсіпорынға жаңадан құрылған, бұрын жұмыс істеп тұрған:

  • өнеркәсіп пен құрылыста – 200-ге жуық;
  • ғылым мен ғылыми қызмет көрсету ісінде – 100 шамалы қызметкерлері бар;
  • өндірістің басқа салаларында – 50 шақты;
  • өндірістік емес салаларда – 25-ке;
  • бөсшек саудада – 15-ке жуық адамдары бар кәсіпорындар жатады.

Шағын кәсіпорындарды: шаруашылықты бірлесіп еңбек ете отырып, жүргізетін заңды құқығы бар азаматтар, отбасы мүшелері және басқа адамдар; мемлекеттік, жалгерлік, бірлескен кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, олардың кәсіпорындары, кооператив, акционерлік қоғамдар, шаруашылық қоғамдары, серіктестіктер, шаруашылық ассоципциялары, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар; мемлекет мүлкін басқаруға өкілетті мемлекет органдары құра алады.

Қазіргі таңда шағын кәсіпорындар енді-енді аяғына тұрып келеді. Мұнда жалпы өркениетті мемлекеттердің тәжірибесі мол болғандықтан назарын соған аударалық. Осы мәселеге байланысты кәсіпорындардың көлемі мен тиімділігі туралы сұрақтарды қарастыру қажет.

Әр түрлі экономикалық жағдайларда кәсіпорындардың тиімділігі мен көлемінің арасында белгілі бір байланыстар болады. 19 ғасырдың аяғы мен 20ғасырдың басынан бастап, ірі кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға қарағанда, өздерінің тиімділігін дәлелдеп отырды. Өндіріс жедел шоғырлана бастады. Ірі кәсіпорындардың дамуы тиімділікті арттырды, себебі өндірістің көлемі артуына байланысты өндіріс шығындарының орташа мөлшері төмендей бастады.

АҚШ. Бұл елдің шағын кәсіпорындарына жұмысшы күшінің жартысы жұмылдырылған. Олар елдегі барлық сауда-саттықтың 44 процентін және ұлттық өнімнің 38 процентін өткізуді қамтамасыз етеді. Шағын бизнесті АҚШ үкіметі 1953 жылы құрылған шағын бизнес әкімшілігі арқылы сүйемелдей бастады. 1978 жылдан бастап, «Ұлттық тұтыну үшін шағын бизнес» деп аталатын бағдарлама бойынша арнайы сүйемелдеу жүргізіледі. 80жылдардың басында АҚШ-тың сауда министрлігінде бірнеше ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру және сүйемелдеу мақсатымен шағын бизнесті басқару органы құрылды. 1980-1990жылдары басқару бөлімі 70мың шағын кәсіпорындарға 11 млрд. доллар инвестиция және 31 млрд. доллардан артық 180 мың кредитке кепілдік берді.

Өнеркәсіп салаларында шағын кәсіпорындардың тиімділігі бірдей емес. Кейбір салаларда ірі кәсіпорындардың тиімділігі жоғары, ал бұған керісінше басқа салаларда шағын немесе орташа кәсіпорындарының тиімділігі жоғары.

1-кесте. АҚШ-тың өңдеуші өнеркәсіп саласындағы әр түрлі көлемдегі кәсіпорындардың өнім өндірудегі ара-қатынасы

Өнеркәсіп салалары Ірі: орташа және шағын кәсіпорындарының тауар өнімінің көлеміндегі байланысы % есебімен
Машина жасау 64:26:10
Қара металлургия 76:19:3
Темекі 64:33:3
Тағам 12:55:33
Жеңіл 12:58:30
Аяқ киім 4:73:23
Тігін 7:53:40
Резіңке (техникалық және пластмассалық) 34:43:23

Халық тұтынатын тауарлар шығаратын салаларда (тағам, жеңіл, аяқ киім,

тігін салаларында) орташа және шағын кәсіпорындардың үлесі жоғары, ал машина жасау және қара металлургия салаларында ірі кәсіпорындар тиімді жұмыс жасайды.

Жапония. Бұл елде шағын және орташа кәсіпорындар өңдеу өнеркәсібінде, құрылыста, қызмет және сауда сфераларының барлық кәсіпорындарының 99,2 процентін қамтиды.

2-кесте

Жапонияның халық шаруашылығындағы орташа және шағын кәсіпорындар

Көрсеткіштер Орташа және шағын кәсіпорындарының үлесі, %-і
Кәсіпорындар саны 99,2
Соның ішінде:  
Өңдеу өнеркәсібінде 99,5
Көтерме және бөлшек саудада 99,4
Олардағы жұмыскер және қызметкерлердің саны 80,6
Соның ішінде:  
Өңдеу өнеркәсібінде  
Көтерме және бөлшек саудада 87,0
Өткізу көлемі  
Соның ішінде:  
өңдеу өнеркәсібінде 51,8
Бөлшек саудада 80,4

2-кестедегі келтірілген деректер Жапония халық шаруашылығында шағын және орташа кәсіпорындар тек кәсіпорындардың саны бойынша ғана емес, сонымен қатар олар еңбеккерлер саны және тауарлар өткізу көлемі бойынша маңызды орын алатындығын көрсетеді.

Шағын бизнесті сүйемелдеу 40 жылдары сыртқы сауда және өнеркәсіп министрліктерінің құрамында (қасында) ұйымдастырылған шағын және орташа кәсіпорындар басқармасы қамқорлығы арқылы жеңілдік несие беру және салық салу арқылы және бюджеттен тікелей қаржы бөлу жолымен жүргізіледі.

Жапонияның шағын кәсіпорындарына мемлекеттік салық салу ставкасы 12, ал жергілікті орындарда 6-процентке кемітілген.

Қазақстан Республикада шағын кәсіпорындардың әрекеті «Шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарда анықталынған. Шағын кәсіпорындардың

дамуын экономика министрлігі бақылайды.

Қазақстанда 1994 жылдың басында 16,2 мың шағын кәсіпорындар, 12,7 мың жекеменшік кәсіпорындар және 14,3 мың фермер шаруашылықтары әрекет жасады. Шағын кәсіпорындар негізінде сауда және қоғамдық тамақтану органдарында (20,7 процент), құрылыста(14,1) және өнеркәсіпте (12,9) құрылған. Жеке меншік кәсіпорындарда: сауда және қоғамдық тамақтану   (37,8 процент), құрылыс (33,3) және өнеркәсіпте (9,9процент), әрекеттің осы түрімен айналысады.

Шағын кәсіпорынды дамыту нарықта тауарлармен толтыру мен қызметпен тез қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға, бәсекені кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруға көмектеседі. Олар адам еңбегін қажетсінетін салалардың аясын кеңейте түсіп, жұмыссыз халықты және жұмыстан босаған қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай туғызады.

Қазақстан Республикасының аймақтық ерекшелігі шағын бизнестің дамуына қолайлы. Бұл әдістің басты экономикалық, демографиялық және табиғи-географиялық алғы шарттары:

  • Республикадағы шикізат ресурстарын кешенді және ұтымды игерудегі әлі де болса, біршама резервтердің барлығы, әсіресе қазба байлық шығаратын өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы екендігі, ең алдымен халық тұтынатын тауарлар және қызметтердің өндіру қажеттілігі;
  • Шағын бизнес – өндірісті құрылымдық жағынан қайта құруға және экономиканы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағыттауға жол ашатындығы;
  • Жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбек ресурстары санының, әсіресе жергілікті ауылдық жерлерді жоғары екендігі;
  • Республиканың Еуразиялық географиялық орналасу ерекшелігі;
  • Республиканың көптеген аймақтарының шағын бизнесті дамытуға табиғи-географиялық бейімділігі. Бұл әсіресе оңтүстік аймақ сауда және қолөнер кәсіпкерлікті дамытуға аса қолайлыекендігімен ерекшеленеді.

Соңғы жылдардағы статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар саны азая түсті. 1994жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіштер 1992 жылдан бастап, тиісінше – 12 және 21 проценттей болса6 ал 1993 жылдан – бұған керісінше, 37 және 29 процент төмендеп кетті. Міне осыған байланысты 1994 жылы маусым айында «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың 1994-1996жылдарға арналған Бағдарламасы» қабылданған.

Бұл бағдарлама кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік оргшандарды жетілдіре беру мүмкіндіктері шешу көзделген. Осы міндеттерді шешу 1996 жылдың аяғына таман жеке кәсіпкерлердің «шектеулі мөлшері»

Жасақталуы және олар ауылшаруашылығы өнімдерін шығарудың кемінде 70 процентін, өндірісінің 40 процентін, қызмет көрсету мен сауда тауар айналымы көлемінің 90 процентін қамтамасыз етуіне қол жеткізуіне тиісболатын.

Дүние жүзінің экономикасы дамыған елдерінің іс-тәжірибесін ескерсек, олардың жүз тұрғынына шаққанда – шамамен бір-бірден шағын кәсіпорыннан келеді екен. Осы деңгейге жету үшін Қазақстанда кемінде 150 мың жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер құрылуы қажет.

Шағын бизнесті дамыту мақсатымен бизнес-кластарды мына бағыттарда ұйымдастыру көзделіп отыр:

  1. халықтық кәсіпшілік бұйымдарын өндіру
  2. көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерін консервілеу
  3. сут өнімдерін өндіру және қалдық өнімдерді пайдалану;
  4. тұрмыстық техникаларды, музыкалық аспаптарды жөндеу;
  5. жеке ресторандар, қонақ үйлерді және магазиндерді ашу.

Енді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кейбір ерекшеліктері мен кемшіліктеріне тоқталсам.

Шағын кәсіпорындардың келесі ерекшеліктерін атап көрсетуге болады: шаруашылықтың жергілікті шарттарына жедел бейімделуі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттерінің жоғары деңгейдегі тәуелсіздігі; шешім қабылдаудың және қабылданған шешімдердің орындалуының оперативтілігі және иілімділігі; қызметінің, әсіресе, басқарудың жүзеге асырылуы кезіндегі шығындардың төменгі деңгейі; жеке адам (индивидуум) үшін өз идеяларын жүзеге асырудың мүмкіндігі; бастапқы капиталға деген сұраныстың аздығы; жергілікті нарық талаптарын қанағаттандыру үшін өндіріс процессіне және өнім өндіруге өзгертулердің тез енгізілуі; өзіндік капиталдың қатысты түрде жоғары айналымдылығы .

Халықаралық Еңбек Бюросының Мәлімдемесінде былай деп айтылған : шағын кәсіпорындар маңызды бәсекелік басымдықтарға ие, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бір жұмысшыға аз капиталсалымын қажет етеді, жергілікті материалдық  және еңбек ресурстарын кеңінен қолданады.

Шағын кәсіпорын иелері қор жинауға және инвестициялауға үлкен көңіл бөледі, олардың табысқа жетудегі жеке мотивациясы өте жоғары деңгейде . Бұл жалпы кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтардағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тоарларды, көбінесе, нақты тұтынушылардың тапсырыстары бойынша өндіреді, жалданбалы жұмысшылар санының өсуіне жағжай туғызады.

Шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда жұмысбастылар санын көбейтуге әсер етеді, сонымен қатар кәсіпті кадрларды даярлауға және тәжірибелік (практикалық) білімдерді таратуға ықпал етеді. Тағы бір айта кететін жайт, шағын кәсіпорындар бірқатар шетелдерде басымдықты иеленуде, тек саны жағынан емес, сондай–ақ өнім өндірудегі үлесі, жұмыс атқаруы, қызмет көрсетуі бойынша .

Солай бола тұрса да, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән, солардың ішіндегі ең маңыздылары: тәуекелдік дәрежесі өте жөғары, сондықтан нарықтағы жағдайдың тұрақсыздық деңгейі де жоғары; ірі компанияларға туелділігі; істі басқарудағы кемшіліктер; қосымша қаражат және несие алудағы қиындықтар; келісімшартқа отырғанда  әріптестер сенімсіздігі. Әрине, шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің кемшіліктері мен сәтсіздіктері ішкі және сытрқы себептерге байланысты.

Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздіктерінің көбісі менеджерлердің тәжірибелерінің жоқтығына және шағын кәсіпорын иелерінің кәсіби маманданбағанына  байланысты. Тәжірибе жинақтаған кәсіпкерлер шағын фирмаларда жұмыс жүргізгенде табысты болып келеді. Егер фирманы бір адам  емес, екі, үш немесе төрт адамнан құралған кәсіпкерлік  топ басқарса , кәсіпорын өмір сүру мүмкіндігі жоғары, өйткені бірлесіп шешім қабылдау кәсіпті және тиімді. Шағын фирмалардың өмір сүруінің ұзақтығына тағы бастапқы қаржыландыру көлемі де әсер етеді.

Қоғамдағы біресе пайда болатын, біресе жойылатын сұранысты іздеу және оған бейімделіп, икемделу – шағын бизнес стратегиясының негізін құрайды.

Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әртүрлі ұйымдық – құқықтық формалардағы кәсіпорындардың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының негізгі  критериі болып жұмысшылардың саны табылады. Бірқатар ғылыми жұмыстарда  шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне бір меншік иесі басқаратын кәсіпорын немесе шағын адамдар тобынын құралған кәсіпорын  жатқызылады делінген. Ережеге  сәйкес, нарықтық экономика   субъектілерінің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының  жалпы көрсеткіштеріне персонал саны , жарғылық капитал көлемі, активтер көлемі, айналым ( табыс , пайда ) мөлшері жатқызылады. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, көрсеткіштердің жалпы саны 50-ден асады. Алайда жиі қолданылатын критерийлерге келесілер жатады: кәсіпорындағы жұмысбастылардың орташа саны, жылдық айналым, активтер мөлшері. Дамыған елдердің барлығында шағын кәсіпкерлік  субъектілерін осы жұмыскерлер санына байланысты анықтайды. Европалық Одақта 1995 жылдың бірінші қаңтарынан шағын кәсіпорындарға көрсеткіштердің келесі деңгейінен аспайтындар жатады: жұмыскерлер саны 50-ге дейін; жылдық айналым 4 млн.-ға дейін; баланс сомасы 2 млн.-ға дейін . Шағын кәсіпорындарды қолдау жөніндегі  шаралар белгілі  болғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  басқа да көрсеткіштері қолданылуы мүмкін.

Европалық Одақ Комиссиясы ұсынған көрсеткіштер мынадай: жұмыскерлер саны 100-ден аспайтын; өзіндік негізгі капитал мөлшері 75 экюға дейін болуы және осы кезде мынадай шарт орындалуы керек: жарғылық капиталдағы ірі компаниялар үлесі  үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Европалық Одақ Комиссиясы тағы микрофирмаларды бөліп көрсеткен, олардағы жұмысшылар саны 10 адамға дейін . Бұл микрофирмалар, негізінен, жеке – дара, жанұялық кәсіпорындар немесе фермерлік шаруашылықтар болып табылады .

Экономикалық ынтымақтастық және дамудың халықаралық ұйымы 19-ға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «өте шағын», 99-ға дейін  жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «шағын», ал 100-ден 499-ға дейін жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды «орташа» деп, ал 500-ден астам жұмысшылары бар кәсіпорындарды ірі деп атап көрсеткен .

Қазіргі заманғы экономикада шағын кәсіпкерліктің рөлі өте маңызды Дамыған елдерде шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың 55%-дан 80%-ға дейіні еңдек етеді, ал Жалпы Ішкі Өнімнің 50%-дан 65%-ға дейіні өндіріледі. Қазір шағын бизнес тұрақты саяси және экономикалық дамудың ядросы қызметін атқарады.

Ірі өндіріспен салыстырғанда шағын кәсіпорындар бірқатар басымдықтарға ие. Ол нарықтық таңдаудың кең еркіндігін ұсынудан, шығындарды тез қайтарып алудан, тұтыну сұранысының өзгеруіне жедел бейімделуінен көрінеді. Сондай-ақ шағын бизнес нарықты тауарлармен (қызмет көрсету, жұмыстар орындау)  толтыруға, салалық және аймақтық монополияны жоюға , бәсекелік деңгейін өсіруге қабілетті болады.

1.3. Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар.

Фактор сөзі (латын тілінен аударғанда – істеуші, өндіруші) нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне әсер етуші күш деп қарастырып кетеміз.

Нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді.

Жағымды – бұл факторлар аты айтып тұрғандай-ақ шағын кәісіпкерліктің қызметіне жағымды әсер етеді.

Жағымсыз – керісінше бұл әсер ету бағытына байланысты жіктелуі.

Шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыратын факторларға мыналар жатады.

  1. Өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдану.
  2. Экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық факторлар, ұтымды басқару, шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік инфрақұрылымын ары қарай дамыту, өнімнің сапасын арттыру. Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі. Шет елдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:
  • Ауқымды инвестицияларды тарту.
  • Әлемдік деңгейдегі менеджментқызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.
  • Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.

Бірінші топқа жататын факторлар шағын кәсіпкерліктің өндірістік ресурстарын, алдағы мүмкіндіктерін анықтайды.

Осы мүмкіншіліктердің әрі қарай іске асырылуы екінші факторға байланысты, яғни нарық қатынастарына байланысты.

Олардың жүзеге асырылуы келесілерге бағытталған.

  • Нарықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында өндірістің ырғақтылығын қажетті ресурстарды уақытылы жеткізу;
  • Тиімді коммерциялық жұмысты жүргізу үшін өндіріс шығындарын азайту және бірқалыпты жағдайда сақтау;
  • Кәсіпорынның техникалық және экономикалық деңгейін қамтитын табыс көлеміне қол жеткізу. Бұл тауарлық маркетингті жүргізу барысында жүзеге асырылады.

Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің өндірістік қызметі сыртқы факторларға байланысты. Оларды келесідегі топтарға біріктіруге болады.

  • Әлемдік нарықтың және ішкі нарықтағы жағдайдың өзгеруімен байланысты.
  • Мемлекет ішінде немесе глобалдымасштабтағы саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты.
  • Инфляциялық процестермен байланысты.
  • Мемлекеттің қызметімен байланысты.

Жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты және байланысты емес көптеген факторлардың жиынтығы оның қызмет ету тиімділігіне әсер етеді.

Шағын кәсіпкерлік қызметіне байланысты қызмет ету тиімділігінің басты факторларына өндірілген өнімнің көлемінің өсуі, өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалану дәрежесі, еңбек өнімділігінің жоғарылауы жатқызылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне байланысты емес факторларға жататындар: мемлекет реттейтін өткізілетін өнімнің бағасының өзгеруі, өнімді өндіруге және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және техникалық жағдайдың әсері.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі қызметінің тиімділігіне әсер ететін келесі факторы өнімді өндіру және оны өткізу болімінің өзгеруі болып табылады. Нәтижесінде өткізу көлемі өскен сайын кәсіпорынның тиімділігі арта түседі және керісінше.

Маңыздылығы кем емес тиімділікке әсер ететін факторлардың бірі өнімнің өзіндік құнының өзгеруі болып табылады. Табыс көлемі мен өнімнің өзіндік құны арасында кері байланыс бар. Өнімді өндіру және өткізу шығындарының көлемімен анықталатын өнімнің өзіндік құны төмендеген сайын, табыс жоғарылайды және керісінше болады. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызмет тиімділігіне тікелей әсер ететін факторларға  қолданыстағы баға жатады. Өнімнің ерікті бағасының деңгейі белгілі – бір деңгейде кәсіплрынның өзіне байланысты болады. Ал кәсіпорынға байланысты емес факторға жоғарыдаайтылғандай мемлекет реттейтін баға жатады.

Жоғарыда қарастырылған факторлардан басқа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызмет ету тиімділігіне әсер ететін факторлар өндірілген және өткізілген өнімнің құрылымына байланысты. Рентабельділігі жоғары өнім көлемінің үлесі көп болған сайын, кәсіпорын табысы көбірек болады. Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметке ықпал ететін факторлар кәсіпорынның орналасқан жеріне, оның экономикалық белсенділігіне, қызмет түріне, өнім өткізу нарығына және тағы басқа жағдайларға байланысты ерекшеленіп отырады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде . Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды , сөйтіп , жұмыссыздықты азайтады . Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі . Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу , өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ , шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады

Сонымен , жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы , солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді , терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады.Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады .

Шағын кәсіпорындар жайында статистикалық мәліметтерге назар аударайық .

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005 ж. 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген , оның 195,7 мың шағын кәсіпорындар құрайды.

Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтар саны 2005 ж. 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиісті күніне 8,7%-ды құрады.

Шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2003 ж. 16,2%-ды құрады.

Заңды тұлғалар –  тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістерінің артуы 2004 ж. 2003 ж. қарағанда 8,7%-ды құрады.

Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем өзгерген жоқ.. Белсенді заңды тұлғалар – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан «Сауда ; автомобильдерді , тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу» саласы – 40,5 %-ы басым жағдайды иеленген , шағын кәсіпкерлік саласында белсенді халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31%-ы).

2003 ж. көлеңкелі экономиканың үлесі ЖІӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтсе де 1992 жылдан 1998 жылдар кезінде аталған көрсеткіш орташа 30-38%-ға дейінгі аралықта бағаланды.

2.«Бикен-жарнама» ЖШС мысалында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау.

2.1. «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы.

«Бикен-жарнама» кәсіпорны 1993 жылы екі кәсіпорынның бірігуі негізінде құрылған: Алматы қала безендіру және Алматылық трикотаждық комбинаты. Өндірістік кооператив нысанында 4 жыл бойы жұмыс істеп өндіріс ұлғаюы мен жұмысшылардың санын көбейту арқылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және тағы басқа заң шығарушы мен құқықтық актілер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектіге ауыстырылды.

Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен кейін, жеке меншік құқығы бар, өзіндік балансы бар, республикалық және шетелдік банктік шоттары бар, өзінің мөрі және басқа да реквизиттері бар заңды тұлға болып табылады.

Серіктестік өзінің қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Республикада және шет елде өз атынан келісім-шартқа отыруды жүзеге асырады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болып, жауапкершілік апарады, сотта жауап тартушы және жауап апарушы ретінде қатысады.

Серіктестіктің жарғылық қоры 62000 (алпыс екі мың) теңге көлемінде тіркеледі, бұл құрылтайшының өзіннің ақшасы негізінде жиналып, серіктестік меншігіне беріледі.

Құрылтайшы жарғылық капиталға өзінің жарнасы көлемінде серіктестіктің міндеттерімен жауапты болатын жеке тұлға болып табылады. Серіктестік өзінің міндеттерімен барлық мүлкіне жауап апарады.

Серіктестікті құру және қызмет атқарудың мақсаты өндірілген өнім, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметке қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және алынатын таза табыс негізінде кәсіпорын жұмысшылары мен құрылтайшыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: өндірістік, сауда-саттық, делдалдық-коммерциялық, олар өз кезегінде келесілерді жатқызады:

  • металдық құрылғылар, визуалды және түстік жарнаманы дайындау, құру жұмыстары және монтаж;
  • жарнамалық өнімді шығару, символдарды шығару, фирмалық белгілер, дизайнерлік құру жұмыстары;
  • көркем-безендірушілік қызмет, көркем және сувенирлік өнімдерді шығару;
  • баспашылық қызмет, полиграфиялық және баспа өнімдерін шығару;
  • қоғамдық тұтыну тауарлар өндірісі, өндірістік-техникалық тауарлар өндірісі;
  • өндірістік-техникалық өнімдерді сату, сатып алу бойынша коммерциялық қызметті атқару. Бұған шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, техника, жанармай, қоғамдық тауарлар, өнімдер жатады.
  • сауда-саттық қызмет;
  • әр түрлі өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдерді көтерме және бөлшек сауданы жүргізу, ұйымдастыру. Бұған шикізат, материалдар, қоғамдық тұтыну тауарлары, әр түрлі тауарлар, өнімдер, автокөліктік құралдар мен механизмдерді айырбастау және делдалдық операцияларды жүргізу;
  • делдалдық және жабдықтау қызметі;
  • өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы келісімдік қатынастарды қалыптастыру, маркетинг, менеджмент;
  • жарнама-ақпараттық қызмет.

Серіктестік қызметінің мақсаты өз клиенттерін қанағаттандыру болып табылады. Оның клиенттеріне: Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде қызмет атқарушы кәсіпорындарды шаруашылық қызмет өндірісінен максималды пайда түсіретін сапалы жарнамалық өнімшығару. Серіктестік шығарушы өнім ассортименті 100-ге жуық. Тұтынушылық сұраныс құрылымының өзгеруінен соңғы жылы шығарылатын өнім ассортименті кеңейді.

Барлық өндірілетін өнім 6 топқа бөлінген:

  • Баспа өнімдері: жалаулар, ауыстырушылар, плакаттар, марапаттау ленталары, палаткалар, қолшатырлар, тенталар, орамалар, пакеттер.
  • Тігу өнімдері: баскиімдер, киім-кешек, арнайы қызметкерлер киімі, жалаулар және басқа да өнімдерді тігу.
  • Шелкография – бұйымға логотипті жасау, оның ішіне: стикерлер, трансферттер, диспенсерлер, қаламсаптар, қапшықтар т.б. жатады.
  • Тігін өнімі: погондар, тігіншемелер.
  • Биллбордтар.
  • Түсті жарнама.

Өндірілетін өнімнің үлкен үлесі баспа өнімдеріне (58%), түсті жарнамаға 10%, биллбордтарға – 7%, тігін өнімдеріне – 9%, шелкографияға – 9% келеді.

3-кесте. «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштері.

№п/п Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
 1 Өнім өткізуден түскен табыс, мың тг. 114666 249600
2 Өнімнің өзіндік құны, мың тг. 93680 209363
3 Жиынтық табыс, мың тг. 20986 39237
4 Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. 10460 12120
5 Негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг. 10460 12120
6 Салық салудан кейінгі негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг. 7322 8484
7 Таза табыс, мың тг. 7322 8484
8 Жұмысшылардың орташа тізімі, адам 112 124
9 Қорқайтарымдылық, тг. 3,91 6,28
10 Қорсыйымдылық, тг. 0,26 0,16
11 Активті бөлімнің қорқайтарымдылығы 4,50 7049
12 Еңбектің қорқаруландырылуы, мың тг. 262,142 319,227
13 Материал қайтарымдылығы, тг. 21,10 31,11
14 Материал сыйымдылығы, тг. 0,047 0,032
15 Бір жұмысшының жылдық орташа тигізген үлесі, мың тг. 1023,804 2004,839

Техникалық-экономикалық көрсеткіштердің талдауы келесі бағыттарды анықтады: 1) зерттелген периодта кәсіпорын табыстарының барлық түрлері (өнім өткізуден түскен табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс, салық салуға дейін және салық салудан кейін негізгі емес қызметтен түскен  табыс, таза табыс) көбейді, бұл өндірістің ұлғаюы мен көлемінің өсуіне байланысты; 2) өнімнің өзіндік құны өсті, бірақ оның өсу қарқыны таза табыс көрсеткішінде айқын көрінбейді; 3) жұмысшылардың орташа тізімі ұлғайды; 4) соған байланысты әрбір жұмысшының жылдық орташа қызмет жасауы екі есеге жуық өсті; 5) қорқайтарымдылық, еңбектің қорқаруландырылу көрсеткіштері өсіп, сәйкесінше қорсыйымдылық көрсеткіші төмендеді; 6) материал қайтарымдылығы өсіп, материал сыйымдылығы төмендеді. Осылайша «Бикен-реклама» ШЖС ресурстарын пайдалану жалпы бағалағанда тиімді болып табылады.

Талданатын периодтың ішінде кәсіпорын қызметін суреттеу үшін кәсіпорынның өндірістік күштерін толық, тиімді пайдаланылуын талдау қажет. Зерттелетін уақыт ішінде өнім өндірісінің динамикасын анықтаймыз. Осыған орай шығарылған өнім ассортименті кең болғаннан кейін, өнімнің негізгі 6 тобын белгілеп көрсеттім. әр топ бойынша өндірілген өнім проценттік көрсеткіштермен анықталған. Талдаудың қорытындылары 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте. Кәсіпорын өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың талдауы.

Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
  Күштерді тиімді пайдалану (%):    
1 Баспа өнімдері 62,8 70,3
2 Тігу өнімдері 45,6 51,8
3 Тігін өнімдері 27,6 33,3
4 Шелкография өнімдері 73,3 81,1
5 Биллбордтар 40,0 49,7
6 Өнімнің 5 негізгі топтары бойынша өндірістік күштерді орташа пайдаланудың орташа көрсеткіші 49,86 57,24

Барлық талданатын период кезеңінде кәсіпорын өндірістік күштерінің тиімді пайдаланылуы 100%-ке жеткен жоқ.

Мысалы баспа өнімдерінен өндірістік күштердің максималды тиімді пайдаланылуы 2004 жылы 70,3%-ті құрады, ал минималды пайдаланылуы 62,8% құрды; шелкография өнімдері бойынша 73,3%-тен 81,1%-ке дейін өсті.Өндірістік күштердің тиімді пайдаланудың ең төменгі көрсеткіштері тігін өнімдерінде 33,3 көрсетіледі. Тігу өндірісі мен билбордтар өнімдерінің  жағдайлары салыстырмалы түрде бірдей болып келеді. Осы өнімдердің өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың көрсеткіштері 51,8% және 49,7%-ке дейін өсті.

Жалпы алғанда зерттелген период аралығында өндірістік күштердің пайдаланылу қарқыны өсті: баспа өнімдерінде 62,8-ден 70,3%-ке, тігу өнімдерінде – 45,6-дан 51,8%-ке, тігін өнімдерінде 27,6-дан 33,3%-ке, шелкография өнімдерінде 73,3-тен 81,1%-ке және билбордтарда 40,0-тан 49,7%-ке дейін.

Кәсіпорында негізгі қорлар көлемі интенсивті өскендіктен, кәсіпорын өндіріс көлемі мен өнім өткізуді көбейту керек болатын. 2003 жылға өндірістік күштердің пайдаланылуы орташа 49,86%-тін құрды. Сол себептен кәсіпорын басшылығы өнім өткізудің жаңа тауарларын тауып бейімделуі керек.

Өндірістік күштердің пайдалану тиімділігін анықтағаннан кейін, негізгі капиталды қолдану мен зерттелетін периодта кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалайық. Қаржылық-шаруашылық қызметті бағалаудың көрсеткіштер жүйесінде кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау үлкен рөл атқарады. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалаудан басқа оның түрлі қорларын пайдалануға талдау өткізу керек. Талдаудың нәтижелері келесі кестеде көрсетілген.

5-кесте. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану мен мүліктік жағдайының тиімділігі.

Көрсеткіштері 2003 жылы 2004 жылы
1 Қорқайтарымдылығы 3,91 6,28
2 Қорсыйымдылығы 0,26 0,16
3 Негізгі қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығы 4,50 7,49
4 Еңбектің капиталқаруландырылуы 262142,9 319227
5 Ескіру коэффициенті 0,42 0,45
6 Қажеттілік коэффициенті 0,58 0,55
7 Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті 0,14 0,26

Талдауды жүргізу барысында келесі бағыттар айқындалды.

Негізгі қорлардың қорқайтарымдылық динамикасының талдауы келесіні көрсетеді: зерттелген периодта қорқайтарымдылық ұлғайды, көрсеткіштің минималды көрінісі 2003 жылы 3,91 құраса, максималды – 6,28 теңгені құрды. Бұл прогресс өнім көлемінің өсуінен болып отыр.

Қорқайтарымдылық негізгі қорлардың активті бөлімінің көлеміне тәуелді болғандықтан, негізгі қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығын анықтайық. Бұл көрсеткіш жалпы қорқайтарымдылық көрсеткішіне тәуелді өзгереді, 2003-2004 жылдары 4,50-ден 7,49 теңгеге дейін өсті. Негізгі қорлардың ішіндегі активті бөлімінің үлесі 100%-ке дейін жететінін айта кету керек.

Қорсыйымдылық қорқайтарымдылық көрсеткішіне сәйкес керісінше өзгереді: 0,26-дан 0,16-ға дейін төмендеді. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне әсер етеді, сәйкесінше негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің өсуіне әсер етеді.

Қорлардың қажеттілік дәрежесі төмендейді, бұны қорлардың ескіру және қажеттілік коэффициенттерінің көрсеткіштері дәлелдейді. Кәсіпорын қорларының ескіру дәрежесі жоғарғы жаңару көрсеткіштерімен реттеледі. Сондықтан да кәсіпорын қорларының ескіруі 45%-тен аспайды. Кәсіпорын құрал-жабдықтары толығымен жаңартылмайды, өйткені ескісінің белгілі бір бөлігі жұмыс істеп тұрады.

Еңбектің қорқаруландырылуы зерттелетін периодта өскен, бұл кәсіпорын негізгі капитал көлемінің өсуіне байланысты.

Жалпы кәсіпорын бойынша келесілерді белгілеп өтуге болады: 1) жұмысшылардың орташа тізімі 124 адамға дейін жетті; 2) 2004 жылға қорқайтарымдылық максималды көлеміне жетті – 12, 13; 3) қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығы да өсуде; 4) әрбір жұмысшының капитал қаруландырылуы ұлғайды; 5) периодтың соңына қарай өндірістің қорсыйымдылығы 0,08-ге жетіп, төмендеді; 6) периодтың соңына қарай 0,55-ке қорлар қажеттілік дәрежесі төмендегендіктен ескіру коэффициентінің өсуін көрсетеді – 0,45.

Кәсіпорынны негізгі қорларын пайдалану тиімділігін анықтағаннан кейін, материалдар мен айналым қорларды пайдалану тиімділігін анықтау қажет. Материалдар мен айналым қорларын пайдалану тиімділігін талдау нәтижелері 6-кестеде көрсетілген.

6-кесте. Материалдар мен айналым қорларын пайдалану анализі.

Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
1 Материал қайтарымдылығы 21,10 31,11
2 Материал сыйымдылығы 0,047 0,032
3 Айналмалы қорларының айналым саны 16,82 21,97
4 Бір айналымның айналу ұзақтығы 21,40 16,39

2004 жылы материал қайтарымдылығының көлемі жоғарылады, алайда қолданылған материалдар көлемі азайғанына байланысты емес. Жоғарылау өнім өткізуден түскен табыстың ұлғаюынан болды.

Өнімнің материалсыйымдылығының көлемі материалқайтарымдылығына кері болғандықтан, сәйкесінше көрсеткіш кері өзгереді. Осылайша минималды материал сыйымдылығы 2004 жылы 0,032-ге тең болса, максималды материал сыйымдылығының 2003 жылы 0,047-ге тең болды.

Материалдық айналмалы қорларының айналым саны өсті, бұл өткізуден түскен табыстың өсуіне байланысты болды. Максималды айналым 2004 жылы байқалды – жылына 21,97 айналым саны, ал минималды айналым 2003 жылы болды – жылына 6,82 айналым саны.

Бір айналымдық ұзақтығы жасалатын айналым санына тәуелді болғандықтан, бір айналымның минималды ұзақтығы жасалатын айналым санының максималды көлеміне байланысты. Бір айналымның максималды ұзақтығы 2003 жылы 21,4 күнді құрды, ал минималды ұзақтығы 2004 жылы 16,4 күнді құрды. Жалпылама материалдар мен айналым қорларын пайдалану тиімділігі максималды көрсеткіштерге жетті. Кәсіпорында материалдық қорлардың көбеюі болып жатыр. Материалдық қорлардың көбеюі сәтсіз, өйткені айналым қорларын пайдалану тиімділігі төмендейді. Сол себептен материалдар алу үшін салынған қорларды айналымнан алып тастайды.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттауда еңбек қорларын пайдалану сапасы үлкен рөл атқарады. Өнімді өндіру көрсеткішімен бірге, жұмысшылардың еңбекақы көлеміне де назар аудару керек. Осы екі көрсеткішті салыстырып, қайсысының өсу қарқыны жоғары болатынын байқауымыз керек. Егер еңбекақы көлемінің өсу қарқыны өндіру көрсеткішінен жоғары болса, онда еңбек ресурстарының пайдаланылуы тиімсіз болады. Ал керісінше болса, жұмысшыларды марапаттау жүйесінің «кедей» болуы байқалып, олардың еңбегіне мотивацияның жетіспеуі байқалады.

Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды анықтау үшін өндірілген өнімнің әрбір теңгеге жұмсалған жұмысшының еңбекақысы көрсеткішін қолдануға болады. Бұл көрсеткіш өнім құнының өсу қарқыны мен еңбекақының өсу қарқынын салыстыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын цехтарында шығарылған өнімнің әртүрлілігіне байланысты өнімді натуралды өлшемде санауға да болмайды,уақыт нормасында да өлшеуге болмайды. Бұл көрсеткіштерді натуралды түрде анықтау және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерін анықтау мүмкін емес. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау 7-кестеде көрсетілген.

7-кесте. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын талдау.

Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
1 1 жұмысшымен жасалған орташа жылдық жұмыс 1023804 2004839
2 Жұмысшы еңбекақысының 1 теңгесіне шаққанда шығарылатын өнім көлемі 15,7 7,2
3 Кадрлар ағымы коэффициенті 18,8 22,6

7-кестеде көрсетілген талдау негізінде 1 жұмысшымен жасалған орташа жылдық көрсеткіші өсті, өйткені өнім өткізуден түскен табыс жыл сайын өсуде.

Жұмысшылардың еңбекақы көлемі төмендеді, өйткені еңбекақының өсу қарқыны өнім өткізуден түскен табыстың өсу қарқынына қарағанда төмен.

Кадрлар ағымы өте жоғары. Жалпы алғанда еңбек ресурстарын пайдалану сапасын бағалағанда, кәсіпорында қолданылатын еңбекті марапаттау мен мотивация облысындағы саясат әлсіз болып келеді.

2.2. «Бикен-Жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау.

Өндірістің ағымдағы және болашақ қызметінде қолданылатын ішкі резервтерін айқындау мақсатында кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасайық. Өндірістік-шаруашылық қызметті талдау үшін бухгалтерлік есептің келесі берілгендерін қолданайық: форма №1 – кәсіпорынның жылдық балансы; форма №2 – кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық нәтижелерінің есебі; форма №3 – қаржылық қорлар қозғалысының есебі. 2003 – 2004 жылдарға талдау жасайық.

8-кестенің берілгендері бойынша жалпы капитал рентабельділігі төмендеді, 2003 жылы – 0,19, ал 2004 жылы 0,18-ге тең болды. Берілген көрсеткіштің 2004 жылға төмендеуі жалпы капиталдың өсуімен сипатталады. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне байланысты болды. Таза табыстың 2004 жылға қарай өсуі айқын көрінген жоқ. Жалпы бұл көрсеткіш тиімді болып саналады, өйткені өндіріс көлемі ұлғайып, пайда көлемінің тұрақты өсуі байқалды.

Өзіндік капитал рентабельділігінің динамикасын талдауға назар аударсық, оның көрсеткіштері тұрақты және жалпылама өсу бағыттары бар. Бірақ периодтың соңына қарай өзіндік капитал рентабельділігі минималды деңгейіне түсіп 0,3-ке теңелді. 2004 жылға қарай бұл көрсеткіштің төмендеу себебі – кәсіпорын пайдасының өсу қарқыны жеткіліксіз болғаны мен өзіндік капитал көлемінің өсуі.

8-кесте. Рентабельділік коэффициенттерінің көмегімен «Бикен-Жарнама» кәсіпорын рентабельділігін бағалау

Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
1 Жалпы капител рентабельділігі 0,19 0,18
2 Өзіндік капитал рентабельділігі 0,33 0,30
3 Сатылымдар рентабельділігі 0,18 0,16
4 Өндірістік қорлар рентабельділігі 0,16 0,10

8-кестедегі берілгендердің анализі келесіні көрсетті: сатылымдар рентабельділігі төмендеді, бұл өнімнің өзіндік құнының өсуіне байланысты болды. Өнімнің өзіндік құны 2004 жылға қарай 8%-ке өсті, яғни 5620928 теңгені құрды. Сатылым рентабельділігі 2003 жылы 0,18-ге тең болды, ал 2004 жылы – 0,16. Осыған қоса рентабельділік деңгецінің төмендеуі өнім өткізуден түскен табыс деңгейінің төменгі деңгейіне байланысты болды. Өткізуден түскен табыс деңгейі өз кезегінде сол уақытта нарықта қалыптасқан жалпы кризистік жағдаймен айқындалады. Бәсекелес кәсіпорындар – жарнамалық өнімді өндірушілер саны өсіп, нәтижесіне кәсіпорын өніміне барлық бағалар төмендеді.

1 мен 2 сандарының арасында – 2003 жыл аралығы, 2 мен 3 сандарының арасында 2004 жыл аралығындағы көрсеткіштер көрсетілген.

Өндірістік қорлардың рентабельділігі де талдау периодында төмендеді, оның максималды көлемі 2003 жылы 0,16-ға теңелді, ал минималды көлемі 2004 жылы 0,10-ға тең болды.Өндірістік қорлар рентабельділігінің төмендеуі негізгі және айналмалы қорлар көлемінің өсуіне, пайданың өсу қарқынының төмендеуіне байланысты болды.

Кәсіпорын рентабельділігінің көрсеткіштерін анықтағаннан кейін оның әр түрлі айналымдылық көрсеткіштерінің көмегімен кәсіби белсенділігін бағалау керек. Айналымдылық көрсеткіштерін анықтау берілгендері форма №1,2-де берілген. Талдау нәтижелері 9-кестеде көрсетілген.

9-кестедегі берілгендерді талдау барысында жалпы және өзіндік капиталдың айналымдылығының өсу бағыттары айқындалады, бұл кәсіпорынның жыл сайынғы пайдасының өсуіне байланысты. Айналымдылықтың минималды көрінісі 2003 жыл болды, максималды – 2004 жылы.

Кәсіпорын өнімдері өткізуден түскен табыстың өсу қарқыны жоғары болғандықтан, негізгі капитал айналымдылық коэффициенті өсті. Негізгі капитал айналымдылығы 2004 жылы максималды болды – 10,43, ал минималды көрінісі 6,08 болды. Айналымдылықтың түсуі кәсіпорын негізгі капитал көлемінің өсуімен түсіндіріледі.

9-кесте. Кәсіпорынның кәсіби белсенділігінің көрсеткіштері.

Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті 22,9 5,17
2 Өзіндік капитал айналымдылық коэффициенті 5,19 8,70
3 Негізгі капитал айналымдылық коэффициенті 6,08 10,43
4 Қорлар мен шығындар айналымдылығының коэффициенті 21,09 31,11
5 Дайын өнім айналымдылығының коэффициенті 100,41 257,08
6 Дебиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті 15,56 25,37
7 Мобильді қорлар айналымдылығының коэффициенті 119,07 336,4
8 Кредиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті 30,67 50,40
9 Ағымдық активтер айналымдылығының коэффициенті 6,77 5,70

Кәсіпорынның ағымдағы активтер ағымдылық айналымдылығының талдауы нәтижесінде 2004 жылы бұл көрсеткіш 5,7 айналым санына жетіп, төмендегенін көреміз. Оның себебі – кәсіпорын мобильді қорлар көлемінің өсуі. Кәсіпорын активтерінің күрт өсуі 2004 жылы байқалды.

Қорлар мен шығындар талдауы барысында 2003 жылға дейін материалдар айналымдылығы төмендеген. Өйткені кәсіпорын қорлары мен шығындар көлемі ұлғайды. Бірақ 2004 жылы қорлар айналымдылығы өзінің максималды деңгейіне жетті – 31,11 айналым саны. Бұндай жағдайға өнім өткізуден түскен табыс көлемінің күрт өсуі әсерін тигізді.

Дайын өнім айналымдылығы жыл сайын жоғарылады, 2004 жылға 257,08 айналым санына жетті. Дайын өнім айналымдылығының өсуі өткізуден түскен табыс келбетіндегі дайын өнім көрсеткіштерінің төменгі деңгейімен айқындалады. Өз кезегінде кәсіпорынның дайын өнім көлемі көрсеткіштері өнімнің ерекшелігіне байланысты. Өнім өндірісі тапсырыс қабылдау арқылы дайындалады. Белгілі бір себептерге байланысты өндірілген өнім сатып алушымен қайтарылып, кәсіпорынның қоймаларында жатты.

Дәл осындай жағдай ақша қорларының айналымдылығымен қайталанды, 2003 – 2004 периоды аралығында күрт өсті. Осылайша айналымдылықтың минималды көрінісі 2003 жылы 119,07 айналым санына теңелді, максималды көрінісі 2004 жылы – 336,4 айналым санына тең болды.

Дебиторлық борыштар айналымдылығы күрт өзгерулерге ұшырады. 2003 жылы айналым саны 15,56-ға, 2004 жылы 25,37-ға теңелді. Көрсеткіштің өсуі   дебиторлық борыштар өсуіне қарамастан, пайда көлемі ұлғайды.

Кредиторлық борыштар жағдайы дебиторлық борыштар жағдайына ұқсас. Оның айналымдылығының минималды көрінісі 2003 жылы – 30,67 айналым саны байқалды, 2004 жылы – 50,40 айналым. Зерттелетін периодта бұл көрсеткіш қарқынды өсті.

Жалпы кәсіби белсенділік көрсеткіштерін бағалай отырып, зерттелген периодта барлық көрсеткіштер өсу бағыттарын алды, көрсеткіштердің минималды көріністері 2003 жылы байқалды, ал максималды көріністері 2004 жылы көрінді. Көрсеткіштер өсуінің себептері өндіріс көлемінің ұлғаюы болып табылады, нәтижесінде кәсіпорын табысы мен пайдасының өсуіне әкеліп соқтырды.

Ал рентабельділік көрсеткіштерінің жағдайы басқаша, зерттелген периодтың соңында кейбір көрсеткіштер төмендеді. Бұл нарықта қалыптасқан қалыпты емес жағдайларға байланысты болды: нарықта бәсекелестердің үлкен көлемінің пайда болуы, сәйкесінше өнім бағасының төмендеуіне әкелді, осыдан өнім өткізуден түскен табыс көлемінің және пайданың азаюы болды. Айта кететін жәйт, 2004 жыл өзіндік капиталдың, негізгі қорлардың және кәсіпорын өндіріс көлемінің  күрт өсуі байқалды. Кәсіпорын болашақ дамуында нарықта лидерлік позицияларға ие болатындығына және рентабельділік көрсеткіштерінің өсуіне бағытталған.

Сатылым рентабельділігінің жағдайлары бірқалыпты емес, оның бір-ақ көрсеткіші бар және ол зерттелген уақытта төмендеді. Мұның себебі – өнімнің өзіндік құнының өсуі,өнім өткізуден түскен жалпы табыстың  негізінде  кәсіпорынның жиынтық табыс көлемінің төмендеуі.

Кәсіпорынның ағымдағы активтер айналымдылығының көрсеткіштері ірі өзгерулерге тап болды.Бұл кәсіпорынның ағымдағы активтер көлемінің жыл сайынғы ұлғаюынан болып отыр, соның ішінде тауарлық-материалдық қорлар мен дебиторлық борыштар үлесі артуда. Яғни өтімділігі төмен қорлар және ақша қаражаттар үші азаяды.Бірақ жалпы дебиторлық борыштар айналымдылығының көлемі мен зерттелген периодта тауарлы-материалдық қорлар көлемі өсті.Болашақта берілген активтер көлемінің өсуі айналымдылық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осының барлығы келесі талдау мен кәсіпорын өтімділік талдауымен айқындалады.

Ең тапшылықты ресурстар бұл – қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды бағалау өте маңызды. Ресурстарды тиімді пайдалануды бағалау үшін екі көрсеткіштер тобын анықтау керек: өтімділік көрсеткіштері және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

Өтімділік көрсеткіштерін талдау арқылы кәсіпорынның өз міндеттемелерін жабу қабілеттілігін анықтай аламыз. Банктор категориясына ұшырамай кәсіпорын міндеттемелерінің көлемі мен оларды жабу қабілеттілігі болашақ партнерлер мен сыртқы контрагенттерді қызықтырады. Өтімділікті бағалау 9 көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Бұл есеп 10-кестеде берілген.

10-кесте. Кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштерін талдау.

Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
1 Өзіндік айналым қорларының көлемі, мың теңге. 4779,795 5329,725
2 Өзіндік айналым қорларының маневрлігі 0,22 0,19
3 Жалпы жабу коэффициенті 1,60 1,60
4 Жылдам өтімділік коэффициенті 1,76 1,83
5 Абсолютті өтімділік коэффициенті 0,16 0,10
6 Активтерде айналым қорларының үлесі 0,51 0,50
7 Өзіндік айналым қорларымен қамтамасыз ету коэффициенті 0,25 0,22
8 ТМҚ-ны жабу коэффициенті 0,49 0,42

Кәсіпорын иелігінде өзіндік айналым қорларының үлкен көлемі 2004 жылы тіркелген – 5329,725 мың теңге, төменгі көлемі 2003 жылы тіркелген – 4779,795. Зерттелетін периодта да, оның алдындағы кезеңде де өзіндік айналым қорларының көлемі әрдайым өсіптұратын. Бұл кәсіпорынның өзіндік капиталының өсуіне байланысты болды.

Өзіндік айналым қорларының маневрлігін бағалауда оның кәсіпорындағы көрсеткіштері шамалы төмен. Бұл көрсеткіш өнеркәсіп кәсіпорындары үшін бірқалыпты болатын еді. Маневрлік коэффициентінің төменгі деңгейі келесімен айқындалады: кәсіпорынның өзіндік қорлардың үлкен бөлігі мобильді емес сипатына тіркелген, олардың өтімділігі төменірек, яғни олар қолма-қол ақша түріне жылдам емес, біртіндеп айналады.

Кәсіпорын қызметінің спецификасын бағалай отырып, яғни өндіріс қорсыйымдылығының жоғарғы дәрежесін ескере отырып, бұл кәсіпорын үшін бұл көрсеткіштерін бірқалыпты санауға болады.

Маневрлік көрсеткіштерінің төмендеуі байқалды. Көрсеткіштің төмендеуі келесіге тәуелді болды: кәсіпорынның негізгі қорлары көбіне өзіндік капиталнегізінде құрылпды, нәтижесінде өзіндік айналым қорлары азайып, өзіндік капитал ұлғаяды.

Кәсіпорын өзінің міндеттемелерін жабу қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштің бірі болып жалпы жабу коэффициенті (ағымдағы өтімділік коэффициенті) табылады. Бұл көрсеткіштің тұрақты саны 1 мен3-тің арасында болуы керек. Егер коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын ағымдағы активтер арқылы өзінің міндеттемелерін жабуға қабілетсіз, бұндай кәсіпорын төлеуге қабілетсіз болып саналады. Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден 3 есеге артық болуы тиімсіз болып табылады. Бұндай жағдай болса, кәсіпорын қорларының салынуы оларды пайдалану рационалды емес және тиімді емес болып саналады. Қарастырылып отырған кәсіпорында зерттелген кезеңде жабу коэффициентінің мәні бірқалыпты болды: 2003, 2004 жылдары 1,6ға тең болды.

Бұл көрсеткіштің осындай көрінісі кәсіпорын ағымдағы активтері көлемінің өсуі әсер етті.

Жылдам өтімділік коэффициенті көмегімен жылдам өтімділікті активтер активтер арқылы міндеттемелердің қандай бөлігін жабуға болатындығын анықтаймыз. Әр түрлі авторлар өтімділік коэффициунтінің аралығын әр түрлі етіп белгілейді. Орташа алғанда берілген көрсеткіштің мөлшері «0,5-1,0» аралығында болуы керек. Бұл коэффициенттің мксимумы 2004 жылы 0,91-ге тең болды, ал 2003 жылы бұл коэффициент төменірек, бірақ бірқалыпты болды. Ақша құралдары арқылы кәсіпорын міндеттемелерінің қай бөлігін кез келген уақытта жаба алатынын абсолютті өтімділік коэффициенті көрсете алады. Бұл көрсеткіш бірнеше жылдар бойы төмендеуде болды. Ағымдағы активтер көлемінің өсуі негізінде ақша қорларының жетіспеуіне байланысты болды.

Келесі талданатын көрсеткіш Активтерде айналым қорларының үлесі болып табылады. Айналым қорларының максималды үлесі 2003 жылы – 0,51 негізінде байқалды, ал 2004 жылы бұл көрсеткіш сәл төмендеп 0,5-ке теңелді. Бұл активтерде айналым қорлары үлес салмағының төмендеуіне емес, жалпы активтер сомасында ұзақ мерзімді активтер үлесінің өсуіне байланысты болды.

Айнылым қорларын сипаттау үшін, осы қорлардың ішінде запастардың үлесі қандай екендігін анықтау керек. Осы көрсеткіш көлемі төмен болған сайын, кәсіпорынның айналым қорларының тиімділігі арта түседі. Материал запастарының максималды үлесі 2004 жылы көрініп, 0,53-ке теңелді. Бұл көрсеткіштің өсуі айналым қорларының пайдалану тиімділігінің жоқтығына сілтейді. Материалды запастар қорлары айналымнан алынып тасталғаннан кейін, ақша ресурстарының көлемі азайып, айналым қорлар құрамындағы запастар өсуі байқалды. Запастарды дәл сипаттау үшін, жабу запастар құрамындағы өзіндік қорлар үлесін анықтау қажет. Егер осы көрсеткіштің көлемі 1-ден аз болса, онда қорлар кәсіпорын міндеттемелерінің өсуі арқылы сатып алынады. Зерттелген уақыт ішінде бұл көрсеткіш 1-ден асқан жоқ, сәйкесінше төмендеу бағытын алды. Осы көрсеткішті талдау арқылы келесі нәтижелерді ұсынамыз: материалдық запастар көлемінің өсуі кәсіпорынның міндеттемелері көлемінің өсуінебайланысты болды.

Өтімділікті талдауды аяқтайтын запастарды жабу коэффициенті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар өзіндік қорлар арқылы калай жабылғанын және қарыздық қорларды жұмылдыруды қажет етпейтіндігін көрсетеді. Оның тұрақты жағдайы 0,6-0,8 деңгейінде болу керек. Зерттелген периодта бұл көрсеткіш белгіленген деңгейден төмен болды. Сол периодтың запастар мен шығындар көлемі қажетті көлемнен жоғары болды. Яғни өзіндік айналым қорлары материалдық қорлардың белгілі бір бөлігін ғана жабатын, ал материалдық қорлардың екінші бөлігі кәсіпорынның кредиторлық борыштардың өсуі негізінді жабылды.

Жалпы кәсіпорын өтімділігін талдау келесіні көрсетті: кәсіпорынның ағымдағы активтердің өсуіне қарамастан, кәсіпорын ақша қаражаттарға тапшылық білдіреді. Жалпы және жылдам өтімділік көрсеткіштерінің өсуі келесіге байланысты: тауарлы-материалдық запастарға салынған қорлардың тиімсіздігі және дебиторлық борыштардың өсуі себеп болды.

Активтер құрамындағы айналым қорларының үлесі өсуде, запастар мен шығындар көлемінің өсуі байқалды. Нәтижесінде айналым қорлардың құрамындағы запастар мен шығындар көлемінің үлесі өсіп, пайдалану тиімділігі төмендеді.

Болашақ инвесторлар, банктер және контрагенттер кәсіпорынның қаржылық жағдайына мүдделерін білдіреді, сол себептен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізу өте маңызды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы талдауының нәтижелері 11-кестеде берілген.

11-кесте. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау. 

Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
1 Тәуелсіздік коэффициенті 0,58 0,59
2 Тәуелділік коэффициенті 0,42 0,41
3 Қаржыландыру коэффициенті 4,90 5,30
4 Қарыздық және өзіндік қорлар арасындағы байланыс коэффициенті 0,20 0,19
5 Қаржылық тұрақтылық коэффициенті 0,62 0,61
6 Инвестициялау коэффициенті 1,17 1,20
7 Ұзақ мерзімді қаржылық қорларды жұмылдыру коэффициенті 0,07 0,02
8 Кредиторлық борыштар коэффициенті 0,11 0,11

11-кестедегі берілгендердің талдауын өзіндік капитал шоғырландыруды коэффициентінен (тәуелсіздік коэффициенті) бастаймыз. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарыздық қорларға деген тәуелділік деңгейін анықтау үшін қажет. Зерттелген периодта өзіндік капитал шоғырландырылуы 0,58-ден0,59-ға дейін сәл ғана өсті. Көрсеткіштің осындай деңгейі жоғары және осы көрсеткішке тіркелген барлық келісілген нормаларға (0,5-0,6) келісіп тұр. Бұл көрсеткіштің өсу бағыты кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің өсуімен айқындалады.

Өзіндік капитал шоғырландырылуының кері көрсеткіші ретінде қаржылық тәуелділік коэффициенті қатысады. Талданатын периодта кәсіпорынның қаржылық тәуелділігі 0,42-ден 0,41-ге дейін сәл төмендеді. Бұл көрсеткіштің төменгі деңгейі өзіндік капиталдың кәсіпорын қорларының үлкен көлемін алып жатқанымен, сәйкесінше кәсіпорын осы сыртқы кредиторларға тәуелді еместігімен айқындалады. Зерттелген периодта барлық көрсеткіштер барынша төменгі деңгейде болғандықтан, инвестиция түріндегі сыртқы қаржылық ресурстарға, ұзақ мерзімді несиелерге тапшылық болып жаты. Инвестицияларды өндіріс дамуына бағыттауға болатын еді.

Бұны келесі көрсеткіштерді есептеу арқылы көруге болады. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті жалпы капиталда өзіндік және ұзақ мерзімді қарыздық қорларының үлесін сипаттайды. Коэффициенттің тұрақты деп ұйғарғандағы саны 0,9-ға тең, ал оның тиімсіз жағдайы 0,75-ке дейін төмендегенде болады.

Зерттелген периодта бұл көрсекіш оның тиімсіз деңгейінен де төмен болды, 2003 жылы – 0,62 және 2004 жылы – 0,61-ге тең болды. 2003 жылы жұмылдырылған капитал көлемі 2004 жылға қарағанда төмен болды.

Әрі қарай жұмылдырылатын ұзақ мерзімді қарыздық қорлар коэффициенттерін қарастырайық, оның көмегімен өндірісті жаңарту мен ұлғайту мақсатында кәсіпорынның қарыздық қорларын пайдалану тиімділігін бағалаймыз. Осы көрсеткіштің көлемдерін есептеп, алдынғы жағдайды көре аламыз. Ұзақ мерзімді қарыздық қорларын жұмылдыру көрсеткіштері өте төмен және болашақта төмендеу бағытын алды.

Кредиторлық борыштар коэффициентінің нәтижесінде жалпы қорлар көлеміндегі кредиторлық борыштардың өсуі болды.

Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өзіндік қорлар арқылы қаржыландырылатындығын және қай бөлігі қарыз капиталы арқылы қаржыландырылатындығын көрсетеді. Коэффициенттің минималды көлемі – 2003 жылы 4,9, ал максималды көлемі – 2004 жылы 5,3-ке теңелді. Осылайша, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жоғары деңгейде, өйткені кәсіпорындағы қаржыландыру коэффициенттері салыстырмалы түрде жоғары.

Қаржыландыру коэффициентіне кері көрсеткіш қарыздық және өзіндік қорлар арасындағы байланысты көрсетеді. Көрсеткіштің барлық көріністері 1-ден аспайды. Бұл дегеніміз – кәсіпорын жұмылдырылған қорларға тәуелділігі өте төмен.

Тағы бір көрсеткішті есептейік, капитал құрылымының қалыптасу рационалдығын сипаттайтын, – инвестициялау көрсеткіші. Зерттелетін периодтың басында 2003 жылы инвестициялау коэффициенті 1,17-гн тең болды. Яғни кәсіпорынның негізгі қорларын сатып алуда қарыздық капиталы да қолданылады. 2004 жылға қарай жағдай өзгерді, 1,2-ге теңелді. Соңғы мәліметтер бойынша өзіндік капитал тек негізгі қорларды алуда ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның басқа активтерін алуда да жұмсалды. Басқаша айтқанда, өзіндік капиталдың өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын одан сайын күшейтті.

  1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары.

3.1.Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау.

Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен басқару стратегиясын анықтау формалары мен әдістерін уақыт талабына сай жетілдіріп отыру маңызды шарт. Кәсіпкерлік әрекет нарықтың талаптарына сай тез бейімделуі мен оның тиімділігін жоғарылатудың басты шарты.

Кәсіпкерлік қызметті басқару кезінде тиімді шешім қабылдау үшін әр түрлі сұрақтар туындайды. Тиімді қызмет ету үшін зерттеліп отырған кәсіпкерлік субъектісінің басшылары жоғары біліктілікпен басқарудың әдіс-тәсілдерін дұрыс жүргізуі өте маңызды.

Қызмет ету тиімділігін арттыру шағын кәсіпкерлікті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету және болашақтағы мүмкіншіліктерін бағалау болып табылады. Ол кәсіпорынның нақты мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Сондай-ақ негізгі және айналмалы капиталы, меншікті және қарыз капиталын жақсарту, жетілдіру, табысты үлестіру, инвестициялық және баға саясаты дұрыс жүргізу сияқты ішкі және сыртқы факторларды қамтиды. Қызмет ету тиімділігін арттыруды басты назар: ішкі резервтерді анықтауға, ақша табыстарын көтеруге, өнім мен қызметтің өзіндік құнын максималды төмендетуге, табысты бөлудің дұрыс саясатын таңдауға, капиталды тиімді қолдануға аударылуы керек.

Кәсіпорын табысты және шығынсыз қызметін қалыптастыру қажет. Ал ол

үшін кәсіпорынның өндірістік қуаттарын барынша толық қолдану керек, өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің сапасын, бәсеке қабілеттілігін жоғарылату керек. Ресурсты үнемдейтін технология қолдану қажет.

Яғни нарық жағдайында істеп тұрған кәсіпорындардың экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруды, қаржылық жағдайды жетілдіруде, өндірістік тиімділігін арттырудың бағыттарын анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бағыттарын анықтау маңызды міндет болып табылады. Сондықтан басшылықтың негізгі назары тиімділік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге аударылуы керек.

Сонымен қатар дамыған елдер тәжірибесінде көп қолданылатын кәсіпкерлік қызметті сақтандыру үрдісін өз елімізде, соның ішінде экономиканың нақты секторында жұмыс жасап отырған кәсіпорындардың жұмысын ынталандыру үшін қолдынуға болады. Мұнымен қоса әр түрлі тәуекелдердің алдын алу мақсаттарында резервтік қордың мөлшерін көбейту керек, ал резервтік қордың көбеюі кәсіпорынды реконструкциялауға, жаңа техникамен және технологиямен қамтамасыз етуге, яғни еңбек өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Көптеген зерттеулерге сәйкес өндірістік және еңбек ресурстарын пайдаланудың ең төмен тиімділігі кәсіпорынның қызмет ету аясына, оның нарықтық стратегиясына сай өзгеріп отырады.

Кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттыру және көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ құрылыс көлемін ұлғайту қажет, ол үшін шаруашылық байланыстарды жетілдіруге көп көңіл бөлу керек. Негізделмеген өндірістік шығындарды, кезең шығындарын қысқарту кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттыру резервтерінің бірі болып табылады.

Кәсіпорын әрі қарай дамуы үшін маркетинг қызметін ұйымдастыру керек. Өйткені маркетинг қызметі тапсырыс берушілерді іздестірудегі маңызды құрал болып табылады және сәйкесінше құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемі мен рентабельділігінің өсуіне себепші болады.

Дамыған маркетинг нарықты бақылауға, ақпаратты технологияны енгізуге мүмкіндік береді. Ол бүгінгі күнде кәсіпорын қызметінің барлық экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың жолдарының бірі болып табылады. Тапсырыс алу мен қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болатын гудвилді жетілдіру қажет. Оны жетілдіруге қажетті мүмкіндіктер кәсіпорында жеткілікті, себебі ол өзін «кеңістік заманда» өзін көрсете білді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Яғни оның қызмет тиімділігіне жағымды әсер етеді.

Шағын кәсіпкерлік нысаны өзінің басты мақсаты қызмет ету тиімділігін

арттыру деп ұйғарса, негізгі мақсатқа жетуге бағытталған локалды міндеттерді анықтау қажеттілігі туындайды. Факторлар арасындағы себеп-салдар байланысты айқындау үшін, алға қойған мақсатқа қол жеткізу құралдары мен шараларын айқындап, оған қол жеткізу үшін «қызмет ету тиімділігінің мақсаттарын арттыру ағашы» моделі қолданылады.

Екіншіден, қаржы қорының басқа да көздерін пайдалану. Кәсіпорынның тиімділігі қаржы-қаражаттарды және материалдарды қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына байланысты жоғарылайды. Кәсіпорынның келіп түсетін және сыртқа кететін ақша қаражаттары уақыт пен көлемі бойынша тепе-тең болуы тиіс және оның тиімділігі жоғары активтерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз етуі басшылардық жоғары квалификациялық жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Ол үшін қажетті шаралар:

  • Меншікті және сырттан тартылған қарыз құралдардың пайдалану көздерінің оптималды деңгейінің қатынасын сақтау;
  • Кәсіпкерлік қызметтің түріне және саласына байланысты нақты бір нарықтың немесе экономиканың жағдайына байланысты, кәсіпорынның айналым және айналымдық емес активтерінің құрылымын оптималды құру;
  • Жабдықтаушылар мен тұтынушыларды зейін салып таңдау;
  • Баға, өткізу, инвестициялық, тағы сол сияқты саясаттардың шараларын нақты жоспарлау және оларды жүзеге асыру;
  • Нәтижелерді талдау және алдағы қызметін бағыттау;
  • Стратегиялық дамудың меқсаттарын нақты білу.

Осы айтылғандармен қоса, кәсіпкерлікті дамыту үшін инновациялық әдістерді пайдалануымыз қажет.

Шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау проблемасына арналған шет елдік зерттеулер аз емес. Шағын кәсіпорындарды қалдау проблемасын жете зерттеудегі әдістемелік тәсілдердің бірі шағын кәсіпорындарды қолдаудың негізгі принципін тұжырымдап айтуға болады. Шағын кәсіпорындарды қолдаудың бірінші принципі – «протекционизм» нарықтық қатынастың өзімен объективті түрде қамтамасыз етілген. Бұл принцип шағын кәсіпкерліктің жеке өзі мемлекеттің көмегінсіз ірі бизнеске бәсекелестік жасау үшін көп жағдайда өндірісті ұйымдастыруға қабілетсіз екендігін білдіреді. Екінші принцип – бағдарламалық тәсілдердің іске асуымен байланысты. Осыған сәйкес мемлекет әр түрлі мақсатты бағдарламалар түрінде шағын бизнеске көмек көрсетеді. Мемлекеттік қолдаудың объектісі ретінде тек инновациялық қызмет бойынша сипаттайтын жобалар болуы керек. Шағын бизнесті қолдау мақсаттары басқарудың әр түрлі деңгейде тұжырымдалады және уақыт кеңістігі бойынша, мазмұны бойынша да ерекшеленеді. Шағын бизнесті қолдау мақсатының келесі

жіктелімі ұсынылады:

Мазмұны бойынша:

  • Қолайлы сыртқы ортамен қамтамасыз ету;
  • Шағын бизнеске тікелей қолда көрсету
  • Бизнес инфрақұрылымын құру

Негізінен инфрақұрылым латын тілінен шыққан , яғни «инфра» – төмен, «структура» – құрылым, орналасу деген мағынаны береді. Шет елдік тәжірибенің көпшілігінде инфрақұрылымды капитал мен байлықтың элементі ретінде қарастырады. Инфрақұрылымдық жүйе іс-әрекеттің тиімділігі ғылым мен техниканың жетістіктері әсіресе 20 ғасырдың соңғы шегінде инфрақұрылым дамуы өте зор бұрын болмаған мүмкіндік берді. Қазір экономикада құрылымдық өзгерістердің ерекшелігі инфрақұрылымдық жүйеге салынатын инвестициялардың жылдан жылға өсуі. Мысалы соңғы 10 жылда бұл сфервғв салынған қаржы Батыс Еуропа елдердегі инвестицияның 45-50%, Жапонияда 48% құрайды. Инфрақұрылым саласына салынатын күрделі қаржылардың басым көпшілігі мемлекеттік бюджеттегі қаражат есебінен қаржыландырылады. Қазіргі кездегі шағын бизнесті қолдау барысында қаржыландырудың әр түрлі формасы бар. Олар қаржылық, мүліктік, кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін талдау, ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржыны жалға немесе пайдалануға конкурстық негізде берді. Мүліктік қамтамасыз ету лизингтік компаниялардың талаптарына сәйкес шағын кәсіпорындарға лизингке құрал-жабдықты беру. Сонымен қатар бизнес инкубаторларды және технопарктерді ұйымдастыру.

Шағын бизнесті дамытуға қамтамасыз ететін барлық құрылым біркелкі жүйе компоненттері ретінде қызмет атқарулары керек. Шағын кәсіпорындарды кәсіби дайындауда, кадрларға кеңес берушілерге және бұл салада қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлерді қажет етеді. Соңғы жылдары шағын бизнесті қолдауда әр түрлі мемлекеттік емес құрылымдар құрылды. Шағын бизнесті дамытудағы мемлекеттік емес инфрақұрылымдарға мыналар жатады:

  • Банктер;
  • Сақтандыру және лизингтік компаниялар;
  • Факторингтік компаниялар;
  • Кеңес беруші фирмалар (консалтинг);
  • Венчурлық қорлар;
  • Холдингтік компаниялар;
  • Аудиторлық компаниялар;
  • Арбитраждық соттар;
  • Шағын бизнес кәсіпорындардың ассоциациясы.

Бұл категорияларға батыс елдерінде, сонымен қатар технопарктерді, өндірістік-технологиялық және оқу орталықтарын енгізеді. Шағын бизнес иеркін бәсекелестікті қалыптастыру үшін және жеңілдету мақсатында өз қызметін ұйымдастыруда және шағын бизнес кәсіпорындарында қолдау көрсету үшін қажет. Ол шағын бизнес аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

  • Банк – қаржылық операцияларды жүргізуге маманданған компаниялар, салымдарды қабылдау, есептерді жүзеге асыру, несие беру т.б. қызметтерді атқарады.
  • Сақтандыру компаниялар – адам өмірін, мүлікті және т.б. сақтандыруға маманданған компаниялар. Лизинг – орта және ұзақ мерзімді жалдау, көбінесе машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын жалға беруді айтамыз. Бұл кезде мерзім аясына қарай жалгер мүлікті қайтып береді немесе меншігіне алады. Екі жағдайда да алдын ала келісілген шарт бойынша жүргізіледі. Қазіргі кезеңде шағын бизнесті қолдау барысында лизингтік компаниялардың құрылуы шағын бизнестің дамуына үлкен үлесін қосуда.
  • Факторинг – адам немесе компания иелігіндегі борышты өндіру құқығын борыштардың қызметіне ақша ала отырып өз есебінен өндірісті үшінші жаққа сату арқылы қаржыландыру тәсілі.
  • Венчурлық фирмалар шағын бизнесте жасалынған жобаларды қаржыландыру үшін құрылады. Олардың басқа фирмалардан айырмашылығы – жобаларды қаржыландыру барысында үлкен тәуекелге барады. Венчурлық фирмалар көбінесе жоғары техникалық жобаларды қаржыландыруға негізделген. Венчурлық фирмалар қызметінің қорытындысы шағын бизнес аясындағы қаржылық тәуекелділікті, жаңа технологияларды және жаңа бизнес идеяларды енгізу арқылы төмендету.
  • Факторинг – коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Факторинг компаниялар мен банктердің бөлімшелерінің қызметі, жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
  • Консалтинг орталығы. Бұл орталықтың қызметкерлері тегін кеңестер береді. Олар мынадай бағыттарды болады: бизнес жоспар мен бизнесті қаржыландыру көздерін дайындау, бизнесті дамыту, кәсіпкерлерді даярлау, оқыту, қызметкерлерді басқару, маркетинг, заңмен реттелетін процесстер, стратегиялық жоспарлау т.б.
  • Кәсіпкерлерге арналған оқыту орталығы. Кәсіпкерлерге арналған оқыту орталығының бағдарламасы 2 кешкі курстан тұрады. Ол бірінші – 9 айлық курс, екінші – 11 айлық курс болып саналады.

Дәрістер апта сайын кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі бар жоғары білікті мұғалімдер тарапынан өткізіледі. Курс бағдарламасына мыналар кіреді:

  • Жаңа кәсіпорын құру
  • Бизнес тұжырымдамасын анықтау
  • Манеджерлер командасын қалыптастыру
  • Бизнестің ұйымдық құрылымын таңдау
  • Қаржылық құжаттар мен баяндамалар
  • Қаржыландыру көздері, т.б.

Бизнес инкубатор сөзі біздің тұрмысымызға ағылшынның екі сөзінен келгенү Қазіргі анықтамалармен қарастыратын болсақ жаңадан бастаушы кәсіпорындармен бұл сөз жаңадан құрылушы кәсіпорындардың тәжірибе алатын және одан әрі өсуі мен нарықтағы өз ұстанымдарын нығайтуға көмек алатын орнын сипаттайды. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, әдетте 3 жылдан соң фирма бизнес инкубатордан шығады және дербес өмір сүре бастайды. Бұл кезде оның қолы бар айтарлықтай тәжірибесі мен әлеуеті бірінші кезеңде өте жиі орын алатын банкроттыққа ұшыраудан құтылуы ғана емес, сонымен бірге әрі қарай дамуына да мүмкіндік береді. Ал оның босаған орнына бизнесті 0-ден бастайтын жаңа фирмалар келеді. Бизнес инкубатордың әр түрлі мағынасы бар. Біреулер бизнес инкубаторды шағын кәсіпорындарға төмен бағада жалға берілетін ғимараттар деп есептеуді ұсынады. Ал басқалары оны шағын бизнесті дамыту мен кәсіпкерлікті нығайтудың негізгі мақсат етіп ұсынатын құрал ретінде қарастырады. Жалпы алғанда бизнес инкубаторды ғимараттың жай ғана бірлесе пайдалануы деп түсіну теріс болады. Ол кәсіпкерлерге тек алғашқы жылдары кездесетін қиынщылықтарды жеңу ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның әрі қарай сәтті жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін менеджмент пен қаржы саласында жақсы тәртіпке келтірілген қолдау көрсетеді. Бизнес инкубатор сөзі кәсіпорын құрудың икемді әдістер жүйесі деген мағынаны білдіреді.

Бизнес инкубатор тек АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ Францияда, Германияда, Англияда, Жапонияда, Қытайда, т.б. елдерде кеңінен таралуда. Әр түрлі елдерде бизнес инкубатор – инновациялық орталық, кәсіпкерлік орталық, технология және бизнес орталығы деп әр түрлі аталады.

Бизнес инкубатолрдың негізгі ресурстарына мыналар жатады:

  • Бизнес инкубатор қызметкерлері, оның ішінде кеңес берумен қамтамасыз ететін қызметкерлер;
  • Құрал-жабдықтар;
  • 1 ай мерзімге жалға берілетін жайлар мен жиһаздар;

Қажет болған жағдайда жалға беру шарты ұзартылады.

Бизнес инкубатордың тиімді жұмыс ісиеуі келесі адамдар тобының қызметіне тәуелді: демеушілер, кеңес берушілер, басқару аппараты, басындағы басшы, бизнес инкубатор қызметкерлері және бизнес инкубатордың тұтынушы кәсіпорындары.

12-кесте. Бизнес инкубатордың көрсететін қызметтердің түрлері:

Көрсетілетін қызметтердің сипаты Көрсетілетін қызмет түрлері
Қаржылық көмек көрсету бойынша кеңестер беру 1)мемлекеттік гранттар мен несиелер,

2)коммерциялық несие алуға көмек көрсету,

3) мемлекеттік сатып алу жүйесі,

4) мемлекеттік келісім-шартқа отыруға көмек көрсету,

5) тәуекелді басқару және сақтандыру,

6) кәсіпорындарға салық салу,

7) өнім мен қызметтердің экспортын дамытуға көмек көрсету.

Менеджмент саласында көмек көрсету ·  Бизнес жоспарын дайындау,

·  Еңбек заңдары бойынша кеңес беру,

·  Жарнама қызметі мен маркетинг саласында көмек көрсету,

·  Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан теттеу,

·  Кәсіпорынның орналасқан орнын таңдауға көмек көрсету,

·  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.

Жалпы сипаттағы қызмет көрсетулер 1.                    аудио-видео құрал-жабдықтары,

2.                    көшірмелер даярлау бойынша қызмет көрсетулер,

3.                    хатшылық қызмет көрсетулер,

4.                    кеңселік қызмет көрсетулер,

5.                    материалдық техникалармен жабдықтауға көмек көрсету,

6.                    факс-телефондармен қызмет көрсету.

Кәсіби сипаттағы қызмет көрсетулер ·  заң кеңестері

·  кәсіпорынды тіркеуге қызмет көрсету

·  патент алуға көмек көрсету

·  бухгалтерлік есеп жүйесін дайындауға көмек көрсету

·  ақпараттық есептеу қызметтері

·  инвестициялық қорлармен жұмыс істеуге көмек көрсету

Жеңілдетілген бағамен ғимарат пен құралөжабдықтарды беру 1.                    мәжілісхананы пайдалану

2.                    асханалық қызметтерді пайдалану

3.                    көлікті жалға беру

4.                    жиһаздар, құрал-жабдықтарды жалға беру

5.                    кітапхана қорын бірлесіп пайдалану

6.                    жалпы телефон торабын пайдалану

Бизнес инкубаторының басында тұратын тұлғаның әр түрлі титулы бар. Президент, атқарушы директор, директор немесе менеджер. Басқарушы тұлға ретінде директорлар немесе атқарушы директорлар ең лайықты лауазым болып есептеледі. Себебі барлық бизнес инкубаторлар коммерциялық емес ұйымдарға

жатады. Инкубаторлардың негізгі міндеті – компанияны дамыту. Кейбіреулер бизнес инкубатордың алдына әр түрлі мақсаттар қояды: аймақ экономикасын жандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа технологияларды енгізу, Жоғарғы Оқу Орындарын коммерциялау және т.б. Шындығында бизнес инкубаторлардың негізгі идеясы бұл – жаңа кәсіпорындардың өзін-өзі қаржыландыру негізінде олардың әрі қарай сәтті даму негізін салу мақсатында құруларына жәрдем көрсету.

Кәсіпорын әрі қарай дербес дами алады.  Яғни аймақ экономикасының дамуына, технологиялық енгізілуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдеседі. Жоғарыда аталып өткендей бизнес инкубаторлар – бизнестің бір түрі, сондықтан стратегиялық жоспарларды дамыту, қызметкерлерді таңдау мен басқару және тұтынушылар мен кәсіпорындардың қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатында олармен жүргізетін маркетинг жұмыстарын дайындауды ұйғаратын тиісті басқару жүйесін құру қажет. Бизнестің бұл түрінің негізгі өніміне тиімділігі жоғары, өзін-өзі қаржыландыратын кәсіпорындарды құру жатады. Әр түрлі тұтынушы кәсіпорындармен жұмыс істеген кезде бизнес инкубаторлар тұтынушы мен кәсіпорынның қажеттілігі даму деңгейіне қарай диффиренциалды саясат жүргізуі қажет.

Барлық кәсіпорындарға бір көзқараспен қарауға болмайды, сондықтан бизнес инкубатор әр түрлі кәсіпорын түрлерін дамыту үшін өзінің құрамында әр түрлі бағдарламалар түрін дамытуы керек. Бизнес инкубаторларын құру алдында кез келген басқа бизнестегідей үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуі керек. Бірінші кезекте келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

  1. Инкубатор құру идеясы шындыққа қаншалықты жанасады;
  2. Бизнес инкубатор қалай қаржыландырылады;
  3. Бизнес инкубатордың президенті қандай кәсіпорындар мен кабинеттерге ие болуы қажет;
  4. Бизнес инкубатор тарапынан қамтамасыз етілетін тауарлар мен қызметтерге деген қажеттілік бар ма?;
  5. Бизнес инкубатордың әлеуетті клиенті кім бола алады және оның қажеттіліктері қандай?

Бизнес инкубатордың маркетингтік әлеуетін анықтау бизнес инкубаторды құрудағы ең маңызды саты болып табылады. Сонымен қатар өткен жылы қаншы бизнес инкубатор құрылды, оларға қандай ұйымдар көмек және қолдау көрсетті, аймақ экономикасының дамуына жаңа кәсіпорынның әсері қандай деген сұрақтарға талдау жүгізілуі қажет. Бизнес инкубаторлардың қызметін пайдаланатын тұтынушылардың екі типі пайда болады:

  • Макро деңгейде бұл – қоғам,
  • Микро деңгейде бұл – жекелеген клиент кәсіпорындар.

Қоғам өзінің демеуші ұйымдарының торабы арқылы бизнес инкубатордың жұмыс істеу процесін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етеді. Және жаңа кәсіпорындардың құрылуына көмек көрсетеді. Қоғам тұтынушы ретінде сол арқылы экономикалық дамуға, бизнестің дамуына, жаңа технологияны жасау мен енгізуге, жаңа жұмыс орнын құруға, кәсіпкерлер тобын қалыптастыруға және кәсіпорын жылдам дамуына қол жеткізуді қалайды. Ал клиент кәсіпорындарда микро деңгейдегі тұтынушылар болып табылады. Клиент кәсіпорында бизнес инкубатор өзінің бизнесін құру мен дамытудағы бастама ретінде пайдаланылады. әрбір клиент кәсіпорынның бизнес инкубатордың барлық бағдарламаларын, соның ішінде қаржы, оқыту, білім беру және ақпараттық бағдарламаларын пайдалануларына жол ашық.

Бизнес инкубаторларды қаржыландыру шығындары және көздері:

  1. Демеушілердің инвестициялары мен қаржылық көмектері;
  2. кәсіпорынды жалға алу төлемі;
  3. Көрсетілген бизнес қызметтер төлемдері;
  4. Кәсіпорынды құру мен басқарудағы көмекке төлем;

13-кесте. Бизнес инкубаторлардың жұмыс істеуі

Қоғамның бизнес инкубатор дамуына қосқан үлесі Бизнес инкубатор бағдарламалары мен қызметтері Бизнес инкубатордың қоғам дамуына қосқан үлестері
Кәсіпкерлер Кеңестер мен сілтеулер Экономикалық өсім
Қаржы ресурстары Ноу-Хау мен технология енгізу Шағын және орта бизнесті дамыту
Демеушілер мен инвесторлар Бизнесті қаржыландыру бағдарламалары Жаңа жұмыс орындарын ашу
Бизнеске көмек және қолдау көрсету Үйрету, ақпараттық білім беру бағдарламалары Технологияларды дайындау және енгізу
  Бизнес қызметтерді біріккен түрде пайдалану Кәсіпкерлер тобын қалыптастыру
  Ғимараттарды ыңғайлы бағалар бойынша жалға беру Кәсіпкерліктің жедел дамуын қамтамасыз ету

Бизнес инкубатор шығындары:

  • күрделі шығындары (құрал-жабдықтар және орг. Техникаларды алу);
  • клиенттердің ғимараттарды және құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі амортизацияға бөлінген ақша-қаражаттар;
  • бизнес инкубатор қызметкерлерінің еңбекақылары;
  • жалпы және басқару шығындары, соның ішінде маркетингтік шығындары.

Шағын бизнесті қолдау мақсатының келесі жіктелімі басқару деңгейі бойынша:

2.1 Мемлекеттік басқару;

2.2 Аймақтық басқару;

2.3 Жергілікті басқару.

Иерзім бойынша:

  • Ұзақ мерзімді;
  • Орта мерзімді;
  • Қысқа мерзімді.

Еуропаға одақтас мүше елдерде және экономикалық ынтымақтастықпен даму ұйымы деңгейде шағын бизнес ролінің өсуі көптеген дамыған елдерде арнайы саясат жасау қажеттілігінің туындауына әкеледі және олардың негізгі мақсаттары мыналар:

  • Ұлттық шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсеке қабілеттілігін дамыту;
  • Шағын кәсіпорындардың экономикалық өсуі;
  • Шет елдік компаниялар мен инвесторларды тарту;
  • өндірісті жандандыру;
  • инновациялық қызмет.

Кәсіпкерлік қызметтің шет елдік тәжірибесін талдау нарықтық экономикасы дамыған әр түрлі елдерде шағын бизнесті қолдауда пайдаланылатын мемлекеттік реттеудің жалпы қабылдаған нысаны мен әдісінің стандартты жиынтығы бар екенін көрсетеді. Осы барлық шағын кәсіпкерлікті қолдаудың әдіс-тәсілдер мазмұны және бағыты бойынша 2 үлкен жіктелім тобына бөлуге болады.

-1- мазмұны бойынша мемлекеттік реттеу: ұйымдық-басқарушылық, экономикалық және институционалды деп аталатын әдістерге болып бөлінеді.

-2- Бағытталуы бойынша мемлекеттік реттеу тікелей және жанама болып бөлінеді.

Ұйымдық-басқарушылық әдіс шектерді анықтау үшін қолданылады. Ұйымдық басқарушылық әдісте қызметін белгілі бір стногын белгілей отырып кәсіпкерлік қызметті реттейді. Ықпал етудің экономикалық әдістеріне материалдық мүдделерге негізделген әдістері жатады. Оның ішінде оларға несиелік қаржы, салық саясаты, дотациялар, субсидиялар, т.б. кіреді.

Институционалдық әдістерді қолдану шағын бизнес инфрақұрылымын және оған сәйкес басқару органдарын қалыптастыруды жолға қояды.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістеріне басқару объектісіне тікелей әсер ететін әдістер жатады. Мысалы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру. Жанама әдістер болса, алдын-ала бағдарланған сипаттағы ортаны қалыптастыруға қолданылады. Мысалы өнім өндіретін кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жасау арқылы осындай кәсіпорын көбейіп ынталандырады. Кезінде АҚШ-тағы кәсіпкерліктің қарқынды дамуына әсер еткен және бізде табысты түрде қолдануға болатын негізгі факторларды қысқаша осылай көрсетуге болады:

А. меншікті қорғау;

В. кәсіпкерлікте толық қолайлы жағдай саясатын жүргізу;

С. сол тарифтерін төмендету;

  1. банк жүйесіндегі өзгерістер;

Е. шет ел инвесторларын тарту;

  1. кәсіпорын мен корпорация құру және акция шығару жүйелерін жеңілдету.

Шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың 2 түрі болады:

  1. негізгі;
  2. қамтамасыз етуші.

Негізгі бағдарламалардың мақсаты жоспарлау, ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызметті қадағалау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар бизнестің тиісті инфрақұрылымын құру және барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жолы арқылы шағын кәсіпорынға қызмет көрсетеді. Мемлекеттің қайта құрылған кәсіпорынға қатысты саясатты мемлекеттік қызмет тарапынан үлкен ұйымдастырушылық күш салуды қажет етеді және төменгі 6 бағыт бойынша топтастыруға мүмкін:

  1. шағын және орта кәсіпорынға көмек көрсету;
  2. кәсіпкерлікке қаржылай көмек көрсету;
  3. кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін құруда көмек көрсету;
  4. бизнеске ақпараттық қолдау көрсету;
  5. тиісті салық жүйесі мен басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру;
  6. қоғамда кәсіпкерлік орта құру.

Кәсіпкерлікті қолдауда мемлекет қызметінің бірінші бағыты шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету болып табылады. Бірінші бөлімде шағын бизнесті экономиканы дамытудағы мәні мен үлесі қарастырылады. Бұл көмек стратегиялық сипатқа ие, себебі шағын және орта бизнесті қолдай отырып, мемлекет ірі кәсіпорындарды дамыту үшін жақсы жағдайда жасайды. Жалпы алғанда Еуропаға одақтас мүше елдерде шағын және орта бизнеске қатсты саясат экономика министрлігімен немесе сауда және өнеркәсіп министрлігі арқылы жүргізіледі. Мысалы Германияда экономика министрлігінде шағын және орта бизнес бөлімдері бар. Францияда арнайы шағын және орта бизнес бөлімдері өнеркәсіп министрлігінде құрылған. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлік министрлігі бар. АҚШ-та шағын бизнесті қолдау және оның мүддесін қорғау мақсатында 1953 жылы Конгресс шағын кәсіпкерлікті басқаруды арнайы органдары құрылды. Жапонияның экономикалық жетістігі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаумен байланысты. Олардың үлесіне елдің жалпы кәсіпорындар саны 99%-і экономикадағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 80%-тен көбі өңдеуші өнеркәсіптегі сауда-саттық көлемінің 52%-і және бөлшектеп сатудың 80%-інен көбі тиеді. Іс жүзінде үлкен қаржылай көмек шағын бизнесті дамытудағы жалпы мемлекеттік саясаттың жалпы арнасына кіретін кәсіпорындарға көрсетіледі. Біздің республикада шағын бизнесті қолдаумен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құруға объективті қажеттілік туды. 1997 жылы мамыр айында ҚР Президентінің жарлығымен экономика және сауда министрлігі құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдайтын арнайы орган «Шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі» құрылды.

Қазақстан республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік қызметінің негізгі бағыттары келесілер болып табылады:

  1. Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталық және жергілікті атқару органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру.
  2. Алдымен материалдық өндіріс саласында кәсіпкерліктің даму бағдарламасын дайындау және іске асырылуға қатысу.
  3. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық және техникалық көмек көрсету мәселелері бойынша халықаралық қаржы институттармен өзара іс-әрекет жасау.
  4. Экономиканың шағын секторынашет ел инвестициясын тарту үшін қолайлы жағдай туғызуға қолдау көрсету.

Республикада кәсіпкерлердің мүддесін қорғау үшін мақсатқа сай құрылған орган адвокаттық кеңес болып табылады. Бұл 1976 жылы АҚШ-тағы шағын бизнесті қорғау үшін құрылған адвокаттық кеңеске ұқсас. Шағын бизнестің адвокаттық кеңесінің негізгі міндеті:

  • Шағын бизнестің дамуына мемлекеттік заңдардың, бағдарламалардың, нұсқаулардың және салықтардың әсерін зерттеу. Олардың шағын бизнес қажеттіліктеріне сәйкестендірілуі бойынша ұсыныстар дайындау.
  • Шағын бизнеске әсер ететін факторларды анықтау бойынша экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес жағдайын бағалау, шағын бизнес проблемасын және қажеттілігін зерттеу.
  • Шағын бизнес өкілдерімен жұмыс жасау, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және заңдарды және басқа да реттеуші нұсқаларды түсіндіруде көмек көрсету.
  • Мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде шағын бизнес өкілдерінің өз ұсыныстарын айта алу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Шағын бизнестің адвокаттық кеңесі 4 бөлімнен тұрады:

  1. жалпы бөлім
  2. экономикалық зерттеу бөлімі
  3. ақпараттық бөлім
  4. аймақтық бөлім

мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдаудың екінші бағыты қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудегі көмек. Барлық Еуропаға одақтас елдер шағын және орта бизнеске олардың қаржыландыру көздері түрлі проблемалары ұтымдылықпен шеше отырып көмектеседі. Кейбір елдерде (Ұлыбритания, Голландия) негізінен нарық кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне күш жұмылдырады. Көптеген елдер субсидия және инвестицияға деген фискалдық жеңілдіктер, жеңілдетілген қарыз және дотациялар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін ерекше резервтер құрайды.

Кейбір елдерде шағын бизнеске тәуекел қорларын беру тәжірибесі іске асырылады. Қаржылай көмек екі бағыт бойынша берілуі мүмкін: бизнесті тікелей қаржыландыру және ғимараттар, қондырғылар,коммуналдық қызмет көрсетулерді, жергілікті төлемдету арқылы жанама қаржыландыру.

Жаңа фирмаларды мемлекеттік қаржыландыру келесі 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. шағын бизнесті инвестициялаудың американдық компаниясына ұқсас шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инвестициялық қор құру.
  2. қарыз және несиелерді мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету.
  3. қошаған ортаны қорғау құралы ретіндегі қымбат құралөжабдықтарды қажет ететін шағын бизнесті қаржыландыру.
  4. инвесторлар мен фирмалар арасында делдалдық қызметті жүзеге асыру.

Жоғарыда көрсетілгендей бизнеске қаржылай қолдау көрсетуден басқа мемлекет тарапынан ғимарат және құрал-жабдық ұсыну түріндегі көмектер жүзеге асырылуы мүмкін. Шағын бизнесті қаржылай қолдауды күшейтудің басқа да бағыттары бар. Оларға жататындар:

  • венчурлық қорларды инвестициялауда зейнетақы қорларының қаражаттарын пайдалануға рұқсат беру.
  • Жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру үшін салыққа деген талапты төмендету керек.
  • Салықтық кірістерді немесе облигациялық механизмдерді не жеке компаниялармен және мемлекеттік агенттіктермен басқарылатын венчурлық қорларды құруға пайдалану.

Мемлекет қызметінің үшінші бағыты бұл – кәсіпорындарды басқарудың тиімді жүйесін жасауда көмек көрсету.

Жоғарыда көрсетілгендей кәсіпорын қызметінің тоқталуының басты себептерінің біріне менеджменттің тиімсіздігіжатады. Көрсетілген кәсіпкерлікті қолдау түрімен қатар, мемлекет тарапынан мынадай қосымша қызметтер көрсетіледі:

  • Төмен немесе тегін бағадағы бухгалтерлік көмек;
  • Заң кеңестері;
  • Жаңа кәсіпорындар ашу бойынша кеңестер.

Шағын бизнесті қолдаудың мұндай консалтингтік бағдарламасының болуы болашақтағы тәуекел мен сәтсіздіктерді азайтудың тиімді факторы ретінде бизнесті бастаудың қозғаушы күші болуы мүмкін.

Мемлекет қызметінің төртінші бағыты бизнеске кеңінен ақпараттық қолдау көрсету. Олар мыналарды қамтиды: нақты нарықтар туралы, технологиялық жаңалықтар туралы, жетілдіруді қажет ететін өндірістер немесе өнімдер туралы ақпараттар беру. Мұндай ақпарат болашақ кәсіпкерлерге нарықтың жаңадан ашылып келе жатқан орындарын табуға, өнімдерді немесе өндірістерді жетілдіруге бизнесті ұйымдастыруды жаңа тәсіл мен жаңа сапасын табуға мүмкіндік береді.

Бесінші бағыт бұл – сәйкес салық салу және басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру. Мемлекет салық салу жүйесі арқылы кәсіпкерлік белсенділік қарқынын делдалдық сауда қызметінен өндіріске өзгерте алады.

Алтыншы бағыт – қоғамның сипаттамасының өзгеруін қоғамдық салада және қоғамдық пікірде үлкен өзгерісті талап ететін кәсіпкерлік ортаны құру. Бұл кәсіпкерлікке деген қоғамдық теріс пікірлерді тиімді жаққа қарай өзгерту жолымен жүзеге асырылады да, нәтижесінде тұтас кәсіпкерлер тобы құрылады және олар жаңа мүшелермен толықтырылып отырады.

3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:

  1. қаржылық қолдау көрскту;
  2. шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
  3. бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
  4. бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
  5. өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге асырылады.

Осы шарттар сауда-делдалдық қызметті жүзеге асыратын

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.

Бағдарлама мақсаты:

Шағын кәсіпкерлік субъектілер қызметі саласын барынша кеңейтуге және оларды жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

– шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру;

– экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік кедергілерді жою;

– шағын кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту;

– емлекетке бейінді емес функцияларды рыноктық ортаға, бірінші кезекте, шағын кәсіпкерлікке беру;

– кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйе құру және қамтамасыз ету;

–    нновациялық экономикада кәсіпкерліктің қатысуы.

Қаржыландыру көлемі мен көздері:

2005ж. – 11181,12

2006 ж. – 10215,12

2007 ж. – 10000.

Көрсетілген мақсатқа жыл сайын бөлінетін қаражат шегінде республикалық бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздер есебінен.

Бұл ретте, қаржыландыру көлемі белгіленген тәртіппен тиісті жыл бюджетін қалыптастыру мен нақтылау кезінде нақтыланады. Шағын бизнес субъектілерін қаржыландыруға ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады.

Күтілетін нәтижелер:

Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде:

– 2005-2006 жж. Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық кесімдері әзірленеді және қабылданады;

– 2005 ж. шағын кәсіпкерлік саласында мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту мен жүйелендіру жөнінде шаралар қабылданады;

– 2005 ж. кластерлік-желілік ұстаным негізінде  шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық моделі әзірленеді;

– 2005 ж. Үлкен қаржылық маркет құрылады;

– бастапқы кезеңде 2005 ж. негізінен аудан орталықтар мен шағын қалаларда 160 микрокредиттік ұйымдар құрылады;

– 2005-2006 жж. Кезеңімен мемлекеттің бейінді  емес функцияларын шағын кәсіпкерлікке беру жүргізіледі;

– үш жыл ішінде шағын бизнес субъектілеріне кредит беру 95 млрд. Теңгеге дейін ұлғаяды;

– мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-әрекетінің жаңа идеологиясы жасалады.

Эеономикалық дамудың осы кезеңінде мемлекеттің негізгі рөлі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиіс.

Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдары – бұл субъектілердің дамуына жәрдемдесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті қызмет көрсететін және кәсіпкерлік ортаның тыныс-тіршілігіне  орта мен жағдайы қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктердің жиынтығы.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті қолдау саласында  көптеген түрлі институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетіктері қалыптасқан.

Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:

қаржы институттары;

қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;

бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;

ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары;

халықаралық институттар.

Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрінеді:

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» (Қор) АҚ және оның өңірлік бөлімшелері;

лизингтік компаниялар;

микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.

Қор қызметінің негізгі мақсаты – өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану.

Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлімшелері бар.Қордың несие портфелі өз қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі және Азия Даму Банкі қарыздары есебінен 2005 ж. 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚҚДМ-мен қарыз туралы келісімге сәйкес 2005 ж. үлкен қаржы ресурстары кетуі күтілуде.

Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577  жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.

Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске -39%, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеуге -29,5%, қызметтер мен көлік саласына -23% келеді.

Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Қордың проблемалары: бұл – оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімсіздігі.

Микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары елдің кредит беру жүйесінің 3-ші деңгейі болып табылады және банк секторы мүдделілігінің бірқатар объективті факторларын (мол әкімшілік шығыстар, кредиттік тарихтың, рентабельді жобалар және өтімділікті қамтамасыз етудің болмауы) қамтымаған кәсіпкерлердің қаржы қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған.Экономикалық мәселелерді шешумен қатар микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлік бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің өз өзін жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмір сүру деңгейін арттыру мен кредиттік  мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту міндеттерінің бірі ұсақ қаржы делдалдарын  заңдастыру және көлеңкелі сектордан шығару болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистикалық тізілім мәліметтері бойынша микрокредиттік ұйымдардың саны 2005 ж. 1 қаңтарда 177 бірлікті құрады, олардың нақты жұмыс істейтіндері 40,7% (72 бірлік ) құрайды, уақытша бостары – 10,2% (18 бірлік) , бір ұйым тарау процесінде , қалғандары қалыптасу сатысында.

Қоғамдық ұйымдар мен салалық бірлестіктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерінде  әлеуметтік проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсіпкерлік ортада қоғамдық  қатынастарды реттеу тетіктерінің бірі болып табылады.

Қазақстандық Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлі жас. Қазіргі ұйымдардың көпшілігі  соңғы бес жылдың ішінде тіркелген және кәсіпкерлікті дамыту жобаларын іске асыруда жеткілікті тәжірибе жинақтаған жоқ, мемлекеттік органдар үшін де, және нысаналы аудитория үшін де байсалды әріптестік имидж құрған жоқ.

Қазіргі уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғанда мемлекет мүддесінің жүйесіне жалғауға қабілетті барабар үкіметтік емес ұйым жоқ.

Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер. Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор мен инновациялық орталықтар қызмет етеді.Олардың мүлдем барлығы дерлігі жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылды және өздерінің қалыптасу кезеңінде.

Бизнес-инкубаторлар – өз алаңдарына арнайы жеңілдік жағдайда іріктелген шағын кәсіпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлік және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететін құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негізгі мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсіпорындардың орнықты қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.

Негізінен жоғары оқу орындарының базасында немесе  ғылыми-зерттеу институттарының базасында осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін пайдалану және технопарк аумағында орналасқан инновациялық кәсіпорындарды құру және дамыту арқылы әзірленген технологияларды коммерциялизациялау мақсатында құрылған технопарктер бар.

Технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ. және мемлекет пен басқа ұйымдар тарапынан қолдауда қажет етеді.

Ақпараттық-талдамалық, маркетингтік,  консалтингтік, оқыту орталықтары.

Шағын кәсіпкерлік құрудың бірінші кезеңінде бірқатар проблемалармен түйіседі, олар: шағын кәсіпкерді тіркеу куәлігін қалай алу, қандай салық режимін таңдау, қаржыландыру мәселесі бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезеңде негізгі рөл консалтингтік компанияларға берілетін болады.

Консалтингтік компаниялар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

  • құқықтық қамтамасыз ету;
  • аудит және бухгалтерия;
  • маркетингтік зерттеулер;
  • бизнес-жоспарлау;
  • салық заңнамасы;
  • кедендік рәсімдер және т.б.

Консалтингтік компаниялардың қызметтері қымбат және әрбір шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  оларды пайдалануға мүмкіндігі жоқ.. Консалтингтік қызметтер рыногі тіпті ірі қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңірлерде мүлдем дерлік жоқ.

Халықаралық институттар. Бүгінгі күнде қазақстандық шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістік және ақпараттық қолдау көрсететін Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам аккредиттелген шетелдік халықаралық ұйымдар әрекет етуде.

Қазақстанда халықаралық ұйымдар мен шетелдік қорлардың өкілдіктері іске асыратын жобалар мен бағдарламалардың көп түрлігінен хабардар және талдайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қолдаудың шнетелдік институттары арасындағы тиімді кері байланысты қолдайтын бірыңғай орган жоқ..

Құрамына мемлекеттік органдар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан 2002 ж. Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия консультативтік-кеңес органы болып табылады және оның шешімі ұсынымдық  сипат алады.

2002-2003 жж. мемлекеттік органдар жанынан құрамына олардың қызметкерлері және кәсіпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіретін Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша сараптама кеңесі құрылды. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипат алады.

Комиссия мен Кеңестің негізгі міндеттері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен қолдаудың инфрақұрылымдары арасындағы негізгі проблема – бұл қатысушылар арасында өзара іс-әрекетті бастайтын және ұйымдастыратын бірыңғай үйлестіруші орган немесе институттың болмауы.

Қорытынды.

Шағын кәсіпорынды дамыту нарықта тауарлармен толтыру мен қызметпен тез қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға, бәсекені кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруға көмектеседі. Шағын кәсіпкенрлік экономика дамуының негізгі тетігі болғандықтан олардың тиімділігін арттыру үлкен орын алады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсету өте маңызды. Оның дәлелі ретінде Жапония мемлекетін мысал ретінде қарастыруға болады. Жапонияда ұйымдастырылған шағын және орташа кәсіпорындар басқармасы қамқорлығы арқылы жеңілдік несие беру және салық салу арқылы және бюджеттен тікелей қаржы бөлу жолымен жүргізіледі. Кәсіпорындарға салық салу ставкалары мемлекеттік кәсіпорындарға қарағанда 2 есеге қысқартылды. Кәсіпорын шығындарын азайтуда салықтарды аз мөлшерде төлеу тиімділікке жету жолын қысқартады. Нәтижесінде Жапонияның шағын кәсіпорындар үлесі 99%-ке жетті, бүгінгі таңда ел экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді.

Менің ойымша республикада шағын кәсіпорындарды дамыту үшін салық ставкаларын біршама азайту керек. Өйткені нерыққа енді енген жаңа кәсіпорын өз шығындарын қысқа мерзімде өтеу керек.

Шағын кәсіпорындарды дамытуда мемлекеттік тіркеу іс-шаралары жеңілдетілген. Астанада арнайы комитет құрылып, шағын кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеу ұзақтығы қысқартылды.

Мемлекет тарапынан тек мемлекеттік кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Осы және тағы басқа мәселелерге назар аудару керек.

Әрине бүгінгі таңда Қазақстандағы Банк жүйесінің дамуы ТМД мемлекеттерінің ішінде  бірінші орында. Шағын кәсіпорындарды несиемен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр.

Қарастырылған «Бикен-жарнама» кәсіпорны ұйымдық-құқықтық нысанындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған. Кәсіпорынға экономикалық талдау жасаудың енгізінде келесіге назар аудардық. Зерттелген периодта табыстардың барлық түрлері көбейді, бұл өндірістің ұлғаюы мен көлемінің өсуіне байланысты болды.

Материал қайтарымдылығы өсіп, материал сыйымдылығы төмендеді. Осылайша «Бикен-реклама» ШЖС ресурстарын пайдалану жалпы бағалағанда тиімді болып табылады.

Жұмысшылардың еңбекақы көлемі төмендеді, өйткені еңбекақының өсу қарқыны өнім өткізуден түскен табыстың өсу қарқынына қарағанда төмен.

Кадрлар ағымы өте жоғары. Жалпы алғанда еңбек ресурстарын пайдалану сапасын бағалағанда, кәсіпорында қолданылатын еңбекті марапаттау мен мотивация облысындағы саясат әлсіз болып келеді.

Кәсіпорынның сатылымдар рентабельділігі төмендеді, бұл өнімнің өзіндік құнының өсуіне байланысты болды. Ал өнімнің өзіндік құнын қысқартудың бір жолы – салықтарын қысқару болып табылады.

Бәсекелес кәсіпорындар – жарнамалық өнімді өндірушілер саны өсіп, нәтижесіне кәсіпорын өніміне барлық бағалар төмендеді. Бәсекелестерді нарық сұранысынан ығыстыру үшін кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру керек. Мысалы: өнімнің сапасын жақсарту, жарнама шығару, әр түрлі акциялар жасау және т.б.

2004 жылы қорлар айналымдылығы өзінің максималды деңгейіне жетті. Бұндай жағдайға өнім өткізуден түскен табыс көлемінің күрт өсуі әсерін тигізді.

Тәуелсіздік коэффициентінің жоғары деңгейі және осы көрсеткішке тіркелген барлық келісілген нормаларға (0,5-0,6) келісіп тұр. Бұл көрсеткіштің өсу бағыты кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің өсуімен айқындалады.

Соңғы мәліметтер бойынша өзіндік капитал тек негізгі қорларды алуда ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның басқа активтерін алуда да жұмсалды. Басқаша айтқанда, өзіндік капиталдың өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын одан сайын күшейтті. Жалпы алғанда «Бикен-жарнама» кәсіпорынның экономикалық тиімділігі жоғары болып келеді, көптеген тиімділікті бағалау көрсеткіштері прогрессивті өсу бағытын алды.

You May Also Like

Биомехатроника – бионические технологии, новых возможностей

Актуальность: В последнее десятилетие биомехатроника получила сильный импульс к новому развитию ,…

Металл және полимерлі матрицалар бар композитті материалдар

Металл және полимерлі матрицалар бар композитті материалдар Композитті материал Композитті материал- екі…

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын сатып алуға шығатын шығындарды талдау

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын …

Кәсіпорынның кірісі мен шығысы

Кәсіпорынның кірісі мен шығысы – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жоспарлы (болжалды)…