Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын  шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар – нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Өндіріс шығындарының классификациясы

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар – өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар  ресурстардың сиректігіне және оларды балама  пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар – өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б. 

Айқын емес шығындар – өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

  1. Өндірілген өнім көлемінің  өзгеруіне байланысты:

Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз.  Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін     бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.

Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға – өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.

Қалдық шығындар дегеніміз – өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен  өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

  1. Пропорционалды өзгермелі шығындар –  егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.
  2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.
  3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар – өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.
  1. Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

4.1. Өнім өндірісінде бір  данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа  шығындар есептелуі:

–         орташа  тұрақты шығындар;

–         орташа  өзгермелі шығындар;

–         орташа  жалпы шығындар.

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

  1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС)  кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
  2. Егер тауардың  бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
  3. Егер баға орташа  шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да  қалмайды.

1.1.         Өнім өндірудің ең жоғары  деңгейін анықтау үшін  шекті шығындар МС есептеледі.

Шекті шығындар  – бұл қосымша  өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс  көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың  көмегімен  өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті  шығындар орташа  шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар  өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне  байланысты шығындар тұрақты және  өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар – фирма өнім  өндірмеген жағдайда да  төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын  шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

  1. МС= ТС,    мұнда: МС-шекті шығындар,

Q                   Q = өндірілген өнім саны.

  1. АС = ТС ,

Q             АС – орташа жалпы шығындар.

  1. АҒС = ҒС .       АҒС- орташа тұрақты шығындар.

Q

  1. АVС = VС АVС – орташа өзгермелі шығындар.

Q

Фирма  тұрақты  шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады.  Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.

Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисығы   U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларында қолданылады. Оны төмендегі қисықтан көреміз

Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады.

Яғни MC=minAC

Егер нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі – зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.

Фирманың басты мақсаты – пайда табу. Пайда дегеніміз –  табыс пен шығындардың  арасындағы  айырмашылық. Табыс  дегеніміз –  сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға  сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

  1. Жалпы табыс – ТR = PxQ
  2. Орташа табыс – АR = TR = P

Q

  1. Шекті табыс – MR = ТR

Q

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте  кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік  көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім. Жалпы өнім (Q) –   өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін  қолданғандағы  өндірілген  өнімнің саны.

Орташа өнім (АР) – көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:

АР =

мұнда  Ғ1-өзгермелі  факторлар

Шекті  өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін  өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

Масштаб  эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың  іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа  шығындар мен өндірістің  қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб  эффектісі дегеніміз – өндіріс  қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни  үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық  факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да  шығындардың азаюына  төмендегі себептер әсерін тигізеді:

  1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.
  2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.
  3. Капиталды тиімді пайдалану.  Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды  сатып алу мүмкіншілігі туады.
  4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудың  артықшылығы.
  5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.
  6. Тауар  өткізуді (сатуды)  қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді. Бірақ та  өндіріс  қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс  қарқыны баяулайды да,   шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шаққандағы шығындар өсе бастайды, себебі  кәсіпорын өзінің тиімді  қарқынының ең жоғары  деңгейіне  жеткеннен кейін, келесі кезеңдегі  өндірістің өсуі шығынға әкеледі де өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі  кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша  кәсіпорын  пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі)  шекті табыс шекті  шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

  1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы  шектеулі деп атайды.  Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана  шаруашылығын жүргізеді.
  2. Баға  төмендеген  жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба  алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.
  3. Егерде баға  жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС<Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады.  Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.
  4. Баға өскен жағдайда фирма  ағымдағы  шығындармен қатар барлық шығындарын  жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім  кезінде фирма орташа  шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.

You May Also Like

Қаржылық есеп гос шпор

№1 Қаржылық есептілік мақсаты мен құрамдас бөліктері (ХҚЕС 1) ХҚЕС1 мақсаты ұйымның…

Арқан балық қосылған шағын құймақтар

Қажетті өнімдер: Өнімдер 8-10 порцияға арналған. Құймаң үшін: – 160 г үн;…

Шашыратқының емдік қасиеттері

Шашыратқының емдік қасиеттері Барлық елдерге дерлік шашыратқының(цикорий) тамыры адамды көрінбейтіндей(невидимка) жасай алады…

Ақсу-Жабағылы қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы…