Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар,таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

—Қазақстанның басқа қорықтарының жанында Ақсу-Жабағылы қорығы өсімдік жабынының сан алуандығымен және ерекше байлығымен ерекшеленеді. Бұл қорықта 12 түрлі өсімдікке жататын 60-тан астам өсімдік формациясы анықталған болса, басқа қорықтарда 5-7 түрі ғана кездеседі. Тек Батыс Тянь-Шаньға ғана тән ең ерекше түрі ретінде жартылай саванналар немесе саваноидтар болып табылады. Қорықта және оның айналасында осы түрдің үш нұсқасы кездеседі. Аласа шөпті саванноидтар ішінде сан алуан баданалы қоңырбас, қияқ, түрлі-түсті қысқа вегетациялаушы көпжылдық (эфемероидтар) мен бір жылдықтар (эфемерлер) қорық шекарасындағы тау етегіндегі сүйректілерді жауып жатыр. Әрі жапырақты саванноидтар, оның ішінде құмеркек пен баданалы теріскен аласа таулы белдіктерге тән. Шатыршагүл тобының ірі жапырақты өкілдері көптеп кездесетін үшінші нұсқасын (сасыр мен азықтық прангос) жиі «умбелляр» деп атайды. Олар кеңінен таралған – аласа таулы жерлерден бастап – орташа таулы жерлерге дейін, субальпілі белдеудің төменгі бөліктерінде таралған.

—Тек Батыс Тянь-Шаньға ғана тән басқа өсімдік түрі – арша ағаштары. Олар аталған өңірдің ландшафтының керемет бейнесін қалыптастырады. Тау баурайына орап, оларды эрозиядан қорғайды, ылғалды бойына сіңіріп, өзендердің ағынын реттейді, қуатты су тасқынынан, қар көшкіні мен селден қорғайды. Ұшпа эфир майлары мен фитонцидтер ауаны тазартып, сауықтырады. Бір гектар жерге өскен арша ағашының 30 кг-ға дейін осындай зат бөледі

Соның нәтижесінде микробқа қарсы аймақ түзіледі. Батыс Тянь-Шаньдағы негізгі ағаш өсіндісі болғандықтан, адамзат оны әуелден өз шаруасына пайдаланған. Арша ағаштарының алқаптары соңғы жүз жыл ішінде айтарлықтай қысқарған, сондықтан олар ерекше күзетілетін бірінші санатты орманға жатады, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына кіреді. Одан бөлек, Ақсу-Жабағылы қорығында ерекше өсімдік қоғамдастығына күзетіледі. Бұл Қызыл кітапқа енген Сиверс алма ағашы мен Кавказ каркасы, эхидна эспарцеті, өсінділер мен эндемдер, атап айтқанда, алкор мен пскем жуасы – орташа таулы беткейлердегі шөгінділер – орташа таулы жерлердегі шөгінділерде қаптап өскен.

Қорық флораға бай. Күзетілетін өсімдік түрлерінің көлемі келесідей: саңырауқұлақтар – 250-ден астам; мүктер, қыналар, балдырлар – 60-70 түрлі, биік өсімдіктер – 1300 түрден астам. Флораның өзгешелігі мен ерекшелігі биік өсімдіктердің негізінде жақсы көрініске ие. Бұл топта 200-ден астам сирек кездесетін өсімдік түрлері байқалады, оның ішінде: Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың 177 эндемі; шамамен 30 таусыншақ; 39 – Қызыл кітапқа енген өсімдіктер. Тек Ақсу-Жабағылыда ғана сүтшөп, Талас аққайыңы және т.б. сияқты сирек кездесетін өсімдіктер бар.

Сан алуан пайдалы өсімдіктердің ішінен ең маңыздысы – 80-нен астам түрі бар өсімдіктердің тұқымдастары. Грейг және Кауфман қызғалдақтары – қызғалдақтардың әлемге танымал жүздеген сұрыптарының негізін салушылар аса танымалдыққа ие.

Талдыбұлақ

Тау бөктері және төменгі белдеумен  жаяу және атпен жүретін бағыттар. Жолдың бір бөлігі аласа таулы далалы жермен жүріп ары қарай Талдыбұлақ сайының астымен өтеді. Сүрлеу жолдарында өзен жағалауы тоғайларын көруге болады. (Тал, қарақат, итмұрын, үшқат  тб). Ары қарай Сиверс алмасын, Грейг және Кауфман қызғалдақтарын және Заравшан аршасын көруге болады. Сүрлеу жолында Тянь –Шань қоңыр аюын, тау текены, ал құстардан сарығалдақ сұлыкешын, бұлбұл,   сұшылқара, қарабас құрқылтайды, жұмақты шыбыншыны кездестіруге болады.

Жетымсай

Тау жоталарымен және төменгі белдеумен, жаяу, автомобиль және атпен жүру бағыттары.
Жолдың бір бөлігі таудың аласа таулы далаларымен, Жетымсайдың төменгі жағалауымен  өтеді.
Сүрлеу жолында өзен жағалауы тоғайларын (тал, итмұрын, үшқат  тб) көруге болады. Ары қарай сүрлеу жолында Грейг және Кауфман қызғалдақтарын, Заравшан аршасын, Колпаковский Иродиктиумын көреміз. Сүрлеу жолында таутекені, Тянь –Шань қоңыр аюын, елікті кездестіруге болады.

Байбарақ

Сүрлеу жолы Жабағылы кордонынан басталып, шырғанақы және тал бұталары қалың өскен Жабағылы  өзені жағалауымен жүреді. құстардан кекілікті, сұшылқараны кездестіруге болады. Сүрлеу жолы Байбарақ өзені жағалауымен жүреді. Өсімдіктерден арша, эфедра, таудағанды көруге болады.

Кіші –Қайыңды аңғары, Кіші –Қайыңды асуы

Арша  орманымен  Жабағылы өзені  алқабына, сондай – ақ Кіші – Қайыңды сарқырамасына экскурсия жасау.  Көктем кезінде оңтүстік беткейден тау текелерді, архарларды кездестіруге болады. Бүркітпен тазқараларды жиы кездестіресін. Жол бойында Грейг және Кауфман қызғалдақтары және Иридодиктиум өседі.  Ашық ауа – райы кезінде асудан Бұғылытөр шыңы көрінеді. Бұл жерде Тянь –Шань қоңыр аюлары көп жүреді.

Кіши-Кайыңды  аңғары – Үлкен –
Қайыңды аңғары

Теңіз деңгейінен 1750-1890м биіктікте. Экскурсия тоғай және арша орманымен өтеді. Кіші –Қайыңдының қарсы жағалауынан бүркіт  ұясын бақылауға болады. Сүрлеу жолында қарамаңдай шымшық, бөденелерді кездестіруге болады. Жылы кезде шалғында   әртүрлі өсімдіктер  көп өседі.

Улькен-Кайынды – Байдаксай – Кызольгенколы – Қаскабулак

Теңіз деңгейінен 1890 – 3100 м биіктікте.  Экскурсия  альпілік шалғындықпен жатық арша өсетін жерлермен өседі. Қызөлген көлінің керемет табиғатын көруге болады. Байдақсай аңғарында  және Қасқабұлақ  котловинасында қола және ерте темір ғасыры тасқа салынған  суреттерін көреміз. Бүл жерлерде архар, тау теке,  құстардан – гималай улары, сақалтайды жиы кездестіруге болады.

Үлкен-Қайынды аңғары –Үлкен-Қайынды асуы

Теңіз деңгейінен  1890 – 2940 м биіктікте.

Экскурсия Альпі шалғындығымен өтеді. Талас Алатауының әдемі көрінісін  тамашалау. Ауа- райының ашық кезінде  асудан қорықтың орталық бөлігінің әдемі жерлерін сондай – ақ Бұғылытөр шыңын көруге болады. Альпілік шалғындарында аполлон, Махаон көбелектерінің 5 түрін кездестіре аласың. Құстардан – алпі шауқарғасын, сақалтайды аңдардан – аю, тау текелерді  кездестіруге болады.

Ақсу  құз – шатқалы – Ақсу өзені көпірі

Экскурия  Ақсудың оң –  жағалауының  кордонынан басталып, Ақсу өзеніндегі көпіріне дейін барады. Бағыт  таудаған, арша ағаштары арасынан өтеді. Сүрлеу жолында Грейг және Кауфман қызғалдақтары, Регел Эремурусы өседі. Құз шатқалдың оң жағалауында құз қарлығаштарын бақылауға болады. Жыртқыш құстардан –  бүркіт, жылан жегіш қыран, күйкентай, тілеміш, жұртшы, ақбас құмай, тазқара, ителгіні  көругге болады.

Ақсу  құз – шатқалы –
Таяксалды аңғары

Экскурсия құз –шатқалы  беткейімен жүріп Қызжыққаннан басталып, Таяқсалды аңғарына дейін барады. Автомобилмен де Таяқсалды аңғарына жетуге болады.Сүрлеу жолында жыртқыш құстардан – бүркіт, жылан жегіш қыран, күйкентай, тілеміш, жұртшы, ақбас құмай, тазқара, ителгіні бақалтақ қырандарды бақылауға өте ыңғайлы. Жаз кезінде эндемик  өсімдіктерден  Северцов сырғасын көруге болады. Сондай – ақ өте әдемі 15 км –лік тектоникалық жырықты тамашалуға  жағдай бар.

Көксай – аңғары  Көксай көлі

Экскурсия Көксай өзені аңғарымен жүреді. Талсай тармағының Көксайға құятын жеріндегі сарқыраманы,  Көксай көлін тамашалуға, сүрлеу жолда көкқұс, сүшылқара, бүркіт, сақалтай құстарын кездестіруге болады. Өсімдіктерден Түркістан Кортузы, Талас акониты өседі.

Аюлар тұқымдасы

Ареалы мен саны қысқаруда. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан  Қызыл кітаптарына енгізілген.

Саны. ХIХ және ХХ ғасырдың басында Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тауында едәуір болатын одан кейін оның барлық қоныстарда саны азайып кетті. 1970 жылдары Жоңғар Алатауында 300-дей, Тянь-Шань тауының Қазақстандық бөлігінде 200 (оның 20-25-і Алматы қорығында 65-70-і Ақсу-Жабағылы қорығында) аю  етті.  ХХ ғасырдың аяғында Ақсу-Жабағылы қорығында 40-50 дей аю саналды. Қазірде оның барлық мекендерінде саны қысқаруда.

 Мысықтар тұқымдасы

Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан  Қызыл кітаптарына енгізілген. Сілеусін, түр есебінде, ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген (NT санаты).

  Саны. ХIХ ғасырда бұрынғы Жетісу облысында кейбір жылдары  оның 200-деңастамын аулаған ХХ ғасырдың басында сілеусін саны азайып кетті және 1940-1950 жылдары жыл сайын 20-30-дай аң терісі дайнындау мекемелеріне түсті. Қазірде Іле Алатауында  60-70-тей сілеусін бар, оның тек оның 10-12-сі Алматы қорығында,ал жалпы Солтүстік Тянь-Шаньда оның қоры 100-130-дай. Жоңғар Алатауында 90-шы жылдардың басында 250-130-дей аң тіршілік етті. Батыс Тянь-Шаньда сілеусін аз, Ақсу-Жабағылы қорығында 4-5 сілеусін өмір сүреді.

  Статусы.III санат. Мекендейтін аймағы тарылып саны азайып бара жатырғандықтан ,барысты  II санатқа көшіру қажет. ХТҚО-ның Қызыл кітабына (NT санаты). Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түркіменстанның  және Ресейдің Қызыл кітаптарына енгізілген.

  Саны. Барлық жерлерде саны өте аз; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35 Теріскей Алатауында 2-3 Кетпенде барыс тіршілік етеді. 1960-1980 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. 1970-1980 жылдары Қазақсында барлығы 180-200 дей бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш ең көбі 120-130 ғана.

Саны азайып барады. 1970 жылдарының басында Қазақстанда 1.5 мың мекендеді. Қазірде Батыс Тянь-Шаньда 165 арқар,оның 55-і Ақсу-Жабағылы қорығында, 50-і Боралдайда, 60-ы Кіші-Қаратауда тіршілік етеді. 2004 жылы Шу-Іле тауларында 80 арқар есепке алынды. Іле Алатауының батысында 30, ал шығысында 40 арқар есепке алынды. Іле Алатауының батысында 30, ал шығысында 40 арқар саналған. Жазда Теріскей Алатауда 300 арқар мекендейді. Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс қыраттарында, «Алтынемел»  ұлттық бағында 184 арқар, осы таудың солтүстік-шығыс жағында 350, Балқаш өңірінің оңтүстік-шығыс бөлігінде 50 арқар қоныстанған.Сөйтіп, тяньшань арқарының жалпы саны қазірде 1200-ден аспайды.

Қонақ үй

Қорықтың  орталық  ғимаратының   жанында  қонақ  үй бар. Қонақ  үйдің   үш бөлмесі  люкс, әр қайсысында өзінің ыңғайлы әжетханасымен,  тәуілік бойы  ыстық  суымен   жуынатын бөлмесі бар. Осы бөлменің бір адамға үш мезгіл тамағымен 6800 теңге   (1 тәулік). Ал, екі бөлмелі  номер үш мезгіл тамағымен 5800 теңге (1 тәулік). Ал, холл туристерге асхана  ретінде пайдалануға беріледі.  Бұл жерде   әңгімелесуге,   ертеңгі  күнге  жоспар құруға ыңғайлы. Орталық ғимараттың жанына автокөліктерді  қоюға болады.

Тур кезінде,  Сіздерге әр түрлі тамақтар үсынылады.  Сіздерге  дәмді  тамақтарды  дайындайтын  және әзірлейтін –   қонақ  үй бикесі.

Сіздердің қалауларыңыз бойынша  таңғы ас әзірленеді. Ал, ланч  орнына қонақ үйде түскі ас және кешкі ас беріледі. Ас мәзірін алдын ала бізбен хабарласу арқылы келісуге болады.

You May Also Like

Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, сабақ үстіндегі қауіпсіздік техникасы.

Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, сабақ үстіндегі қауіпсіздік техникасы. Жоспар. Дене тәрбиесінің…

Сәбіз торты

Сәбіз торты Қажетті өнімдер: – 150 г ұн; – 8 ас қасык,…

Ет қосылған картоп пісірмесі

Пісірмені дайындау үшін: – 8-9 үлкен картоп; – 500 г фарш; –…

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы, тест жауабымен

(Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру пәніндегі медтерм тапсырмасы бойынша) Әлеуметтік қарым-қатынасты өндірудің, әлеуметтік…