(Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру пәніндегі медтерм тапсырмасы бойынша)

  1. Әлеуметтік қарым-қатынасты өндірудің, әлеуметтік қызметтерді тиімді етудің, адамға немесе кіші топқа әлеуметтенуде бағыт- бағдар беретін кәсіби және құзіретті маман?

А) Педагог;

Ә) Әлеуметтік- педагогикалық кеңес беруші;

Б)  Психолог;

В) Әлеуметтік қызметкер;

Г) Дәрігер.

  1. Кеңес беушінің бойында табылуға тиісті  адаптивті біліктіліктілікті көрсетіңіз.

А) дамыған вербалды және вербалды емес коммуникативті дағдылар және басқа адамдардың жүріс-тұрыс мотивтерін түсіну;

А) өзінің практикасы негізделген білімдердің негіздерін игеру;

Б) өзгерістерді алдын-ала болжай білу және қайта қарастыра алу қабілеті, практиканың өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделу;

В) ақпараттық кәсіби бағалар бере білу, негізделген шешімдер қабылдай алу;

Г) әлеуметтік контекстіні меңгеру, кеңес беруші өзінің кеңес берудің негізін білгенімен қатар, қай жерде және кіммен жұмыс жасап отырғандығын саналы түрде түсінуі.

  1. Әлеуметтік педагог  кеңес беру  барысындағы  іс – әрекет жүйесі  табысты болу үшін қандай мәселелерді  алдын ала   қарастыруы  қажет?

А) мақсатты нақтылау мен құқықтық құжатты қайта жазып шығару;

Ә) оқушы журналын тексеру  мен құндылық бағдарлардағы қайшылықтарды көрсету;

Б) қақтығысқа бейімделуді анықтау мен ата-анаға материалдық көмек көрстеу;

В) медико-прфилактикалық көмек пен қарым-қатынастарды анықтау;

Г) тұлғааралық қатынастарды  реттеу мен рөледерді тарату.

  1. Білім беру жүйесінде әлеуметтік – педагогикалық  кеңес беруші кәсіби қызметінде негізге алатын міндеттерді көрсетіңіз.

А) оқушының дамып- жетілуіне психологиялық көмек;

Ә)оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша кеңес беру;

Б)сабақ үлгерімін көтеруге көмек көрсету;

В)психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;

Г) дұрыс тамақтану жөнінде кеңес беру.

 

 

  1. Отбасылық кеңес берудің негізгі мақсаты мен айырмашылығын белгілеңіз.

А)  адамның ішкі  психикалық  өмірі мен оның тіршілік  әрекетіне  әсер  ететін  жүйеаралық  қатынастар арасындағы  тепе-теңдікті  сақтау,ал  айырмашылығы –  әлеуметтік қызметкер кеңес беру барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңмен жұмыс жүргізеді де, соңынан олардың бәрін кездестіреді.

Ә) кәсіптік білімді қолдана отырып, екінші адамға өз мәселесінің шешімі жоқ екендігін түсіндіру, ал айырмашылығы –  отбасыдағы мәселеде отбасындағы мүшелердің саны мен жасын анықтау;

Б)психикалық әрекеттің  даму барысындағы оның заңдылықтарын  зерттеу, айырмашылығы  – отбасыдағы кеңес беру талдау ұғымымын қарастырмайды;

В)  адамның ішкі  психикалық  өмірі мен оның тіршілік  әрекетіне  әсер  ететін  жүйеаралық  қатынастар арасындағы  тепе-теңдікті  сақтау, айырмашылығы– отбасындағы оқиғаны басқа да  отбасындағы проблема арқылы түсіндіру;

Г)  жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, айымашылығы – әлеуметтік қызметкер кеңес беру барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңмен жұмыс жүргізеді де, соңынан олардың бәрін кездестіреді.

  1. «Кеңес беруші бұл кезеңде мәселелерді шешуде мәселе ашық түрде талқыланады. Кеңес беруші ашық сұрақтарды пайдалана отырып клиентті оның өзі ыңғайлы және шынайы деп есептейтін барлық мүмкін болатын нұсқаларды атауға итермелейді, бірақ өз шешімдерін жабыстырмайды». Аталған кезең кеңес берушінің жұмыс кезеңінің  қай сатысын қамтиды?

А) Мәселелерді екі өлшемді анықтау;

Ә) Мәселелерді зерттеу;

Б) Жоспарлау;

В) Альтернативтерді идентификациялау;

Г) Бұл кезеңде клиент кеңес берушімен бірге.

  1.  Кеңес беруші  іс – әрекетінің  кезеңінде алынған ақпартты саралап,  жоспарын нақтылайды.  Дәл осы сәтте кеңес беруші  үшін кеңес берудің әдіс-тәсілдеріндегі қай шкала маңызды?

А) Клиент жауабы айтқандармен сәйкес келу;

Ә) Клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдік жасау;

Б) Кеңес беру барысындағы байқампаздылық;

В)Түсіну мен жаңымдылық арқылы әсер ету дағдысының болуы;

Г) Іс-әрекеттің қарастырмалығы арқылы ақылмен әсер ету.

  1. Трансактілік анализдің эго-қалпы модельінің негізгі мәні қандай?

А)  бұл кәдімгі әлеуметтік өзара әрекет ету формасы, ол алдын ала ойластырған сценарий арқылы жүруін дәріптейді;

Ә) адам кеткен кезде оның тәні топпен қалуы мүмкін, бірақ топтың басқа адамдарымен өзара әрекетке түспеу жайында;

Б) әлеуметтік және психологиялық деңгей бір-біріне сай болғанда ойын мен қарым-қатынас арасында айқын айырмашылық көрінуі жайлы;

В) Топ мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тек талқылау емес, мақсаттарға жетуге бағытталғандығы туралы;

Г) Іс-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір – бірімен байланысып бірігуі туралы қарастырады.

  1. Негізгі мақсаты – адамға өмірдің  мəнін табуға көмектесу болып табылатын терапия түрі?

А) гештальттерапия;

Ә) арт-терапия;

Б) рациональды терапия;

В)логотерапия;

Г)драматерапия.

  1. НЛБ – ның 3 негізгі элементі көрсетіңіз.

А) Нейро, Лингвистикалық, Бағдарлау;

Ә) Нейро, Жоспарлық, Лингвистикалық;

Б) Нейро, Лингвистикалық, Сапалық;

В) Бағдарлау, Нейро, Жоспарлық;

Г)Нейро, Дәрежелік, Лингвистикалық.

 Тест жауаптары:     

Р/c 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ж. Ә Б Г Ә А В Б Г В А

  

You May Also Like

Газ тарату станциясын автоматтандыру

ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ Газ тең емес тұтынылады. Жазғы айларда жылу қондырғылар…

Қазақтың туыстық атаулары, шығарма

«Қазақтың туыстық атаулары» Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай. Үлкенге – құрмет, кішіге…

Магмалық тау жыныстары

Магмалық тау жыныстары атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер…

Тіс тіндерінің тісжегіден басқа аурулары

Тістің тісжегі емес ақаулары: —Тіс шыққанға дейін пайда болатын ақаулар:    1. Кіреукенің…