ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

Газ тең емес тұтынылады. Жазғы айларда жылу қондырғылар өшіріледі және газды тұтыну ұысұартылады, ал қыста тез өседі. Тұтынушыларға газды үзіліссіз беру үшін және газ өткізгіште тең жүктемені қамтамасыз ету үшін жер асты газ сақтау қоймасын шығарады. Жазғы айларда газ өткізгіштің жіберу қабілеттілігі тұтынудан көп болса, газ қоймаға сақталады, ал қыста тұтыну газ өткізгіштен мүмкіндігі асып кетсе, онда газ қоймадан шығарылады.

Компрессорлық станциялар газ құбырының өткізгіштік қабілетін арттыру мақсатында газ қысымын көтеруге және берілген қашықтыққа дейін газды тасымалдауды жүзеге асыруға немесе қажетті технологиялық процесстерді қамтамасыз етуге (мұнай бергіштікті ұлғайту үшін қабатқа газ айдау, газлифтілі пайдалану және т.б.) арналған. Компрессорлы станцияларды әдетте табиғи газдың немесе мұнай газының көп жиналған жерінде тұрғызады.

Газ жинау коллекторынан-1 мұнай немесе табиғи газ айыру қондырғысына-3 келіп түседі, онда сұйық және механикалық қоспалардан тазартылады. Одан әрі газ бірінші сатылы компрессорға-7 берілу үшін қабылдау коллекторына-5 келіп түседі және 1 МПа қысымға дейін сығылады. Желі (линия) 2 бойынша майлы газ мұнайды дайындау қондырғысынан алдын-ала тазалану үшін айырғышқа-3 келіп түседі.

Бірінші сатылы компрессордан айдалған газ майайырғыштардан өтеді, онда компрессордың цилиндрінен газбен бірге кеткен компрессорлық майдан босатылады да мұздатқышқа- 12 барып түседі. Мұздатқышта май 30-400С дейін салқындатылады, нәтижесінде одан көмірсутектік конденсат бөлініп шығады. Газдыконденсатты қоспаны бөлу үшін оны орташа қысымдағы айырғыштан-14 өткізеді. Одан соң газ компрессорлардың-7 екінші сатылы сығуының қабылдауына барады, онда қысым 7,84 МПа. дейін жеткізіледі.

Екінші сатыда сығылған газ алғашқыда температураны төмендету және одан конденсатты бөлу үшін май ажыратқыш-11 арқылы мұздатқышқа-12 бағытталады. Газдан конденсатты бөлу үшін газ мұздатқыштан-13 жоғарғы қысымдағы айырғышқа-15 бағытталады. 10ГКН Газдымоторлық компрессорларымен жабдықталған компрессорлық станцияда қабылдау коллекторындағы-5 газдың бір бөлігі қысым реттегіш-4 арқылы газдымоторкомпрессорлардың отындық желісіне келіп түседі. Бөлініп шыққан конденсат конденсат жинағыштарға-16,17,18 бағытталады, ол жақтан сораптар орналасқан алаңдағы-19 сораптармен ГӨЗ бағытталады.

Осылайша, газды көп сатылы сығу кезінде, әрбір сатыдан кейін газ салқындатылады, бұл кезде одан конденсат түріндегі біршама мөлшерде ауыр көмірсутектері бөлініп шығады. Конденсаттан газдың неғұрлым толық бөлінуі газды дайындау әдістерінің – адсорбция, майлық абсорбция және төменгі температуралы айырғыш көмегімен жүзеге асырылады.

Компрессорлық цехтың негізгі жабдығы – компрессорлар, олар поршендік, ортадан тепкіш және бұрандалы (винттік) болуы мүмкін; беріліс жетегі газдық қозғалтқыштан, электроқозғалтқыштан және авияциялық турбинадан тұруы мүмкін.

Магистралды газ өткізіштен газ майлы шаң ұстағышты П құрайтын механикалық қоспадан тазарту қондырғысына түседі, содан кейін газ магистралды газ өткізіште компромирлеуге түседі.негізінен компромирлеу үшін қажетті жоғары қабатты қысымды шығару үшінсығудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ету үшін газ моторлы компрессорды пайдаланады. Тоңазытқыш қондырғысында Х қысым салқындағаннан және жоғарлағаннан кейін газ циклонды айырғыш СЦ, көміртекті абсорбер А және керамикалық сүзгі Ф арқылы дәйектілікпен өтетін,майды тазалау қондырғысына келіп түседі.   Тазаланған газ ГРП газ тарату пунктіне беріледі, онда газ скважинаға баратын ағыстарға бөлінеді, онда қабатқа түседі. Осыдан  айдау циклы аяқталады. Жинау уақытында газ скважина С жәәне шлейфтер арқылы    циклонды айырғышқа СЦ ылғалды тамшыдан және механикалық қоспадан тазарту үшін беріледі, содан скважина өнімін шектейтін штуцер Ш арқылы өте отырып, циклонды айырғыштан кейін қалған конденсаттан және сұйықтан босатылып, газды айырғышқа ГС түседі. Газды айырғыштан газ жинақтау коллекторына ГРП, ал одан газ өткізгішке бағытталады. Қажетті кезде газ компрессорлы станцияда тасымалданады, онда ол тазалау қондырғысынан өтеді, майдан тазартылады, одан магистралды газ өткізгішке беріледі. Технологиялық циклда барлық қондырғылар автоматталған.

Газ тарату станциясы тазалау дәрежесін талап ететін, сонымен бірге оның мөлшерін есепке алу үшін  берілген қысыммен газды тұтынушыларға беру үшін арналған.

Қазіргі уақытта кең таралғаны: үлкен тұтынушыларға газды беру үшін арналған автоматталған блокты жинақталған газ тарату станциясы; кейбір тұтынушыларға газды беру үшін автоматты газ тарату станциясы; компрессорлық станцияда тұтынушыларды жанармай мен және жіберу газымен жарақтану үшін арналған редуцирлеу пункті. Газ тарату станциясының типіне және аталуына байланысты емес ұқсас технологиялық сызбалар бар, олар газ өткізгішке, газды тазалауға, оны қыздыруға, редуциялау және шығындарды өлшеуге газ тарату станциясын қосу үшін жабдықтарды құрайды.

газ тарату станциясын автоматтандырудың функционалдық сызбасы көрсетілген.  Газ өткізгіштің кірісіне және шығысына газ тарату станциясын қосу үшін жіберілмеген қысымнан газ тарату станциясынан кейін, құбыр өткізгіштерді қорғау үшін сонымен бірге сақтандырғыш клапан 14, сусызданған желіде крандар 13, кіріс 11 және шығыс 12 крандарды құрайтын қайта қосу түйіндері 10 арқылы жүзеге асады. Газ өткізгіштен жоғары қысымды газ кіріс краны 11 арқылы механикалық қоспадан және тамшы ылғалынан тазартатын сүзгіге 1 түседі, содан кейін конденсат шығарылатын температураға дейін қыздырылатын қыздырғышқа 2 түседі. Тазаланған және қыздырылған газ екі редуцияланған желіде бірдей параметрі бар редуцияланатын бөлігіне беріледі. Әрбір желі жүз пайыз газ тарату станциясының өндірістілігін қамтамасы етеді және автоматиканы қорғау жүйесін баптауға байланысты жұмыстық немесе қосымша болып таңдалу мүмкін. Редуцияланған желілер газ тарату станциясының өндірістілігіне және тұтынушы санына байланысты екі немесе одан да көп болуы мүмкін.редуциялау желісі берілген деңгейде қысымның ұстау және төмендеу көмегімен тікелей әрекетті қысым реттегіші 8 (9) және автоматты қорғау жүйесінің атқарушы механизмі болып табылатын  пневможетекті кранды 4 (5) құрайды. Ре ттегішке тапсырманы өзімен тікелей әрекетті реттегішті ұсынатын және сүзгі 3 арқылы жоғары қысымды жағынан қоректенетін пневматикалық реттегіш бергіш 6 (7) көмегімен орнатылады.  Редуцияланғаннан кейін төмен қысымды газ замерлі құрылғы 12а және кран 12 арқылы тұтынушығы түседі. Газ тарату станциясының шығысында қысымның жіберілмейтін ауытқуынан тұтынушыларды қорғау үшін телемеханика жүйесіне шифрланбаған стгналды беруді және электрлік сигнализацияны қосуды қамтамасыз ететін, редуциялау желісінде қажетті қайта қосуды өндіретін автоматты қорғау жүйесін пайдаланады.

You May Also Like

Арал теңізінің экологиялық проблемалары, шығарма

Арал теңізінің экологиялық проблемалары Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің алып…

СӨЗДІҢ ЕҢ ҰЛЫСЫ- ТАРИХ

СӨЗДІҢ ЕҢ ҰЛЫСЫ- ТАРИХ Ия, тарих туралы сыр шертсек, бір сағат тұрмақ,…

«Көтібар-алмас қылыш, ел тірегі»

 «Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,…

Сәбіз торты

Сәбіз торты Қажетті өнімдер: – 150 г ұн; – 8 ас қасык,…