Арал теңізінің экологиялық проблемалары

Арал теңізінің экологиялық проблемаларын қарастыру негізінде менің алып отырған тақырыбымның қазіргі кезде аса маңызды проблемаға айналып отырғанын байқауға болады. Себебі жеріміздің экологиялық проблемаларына көзімізді жұма қарағанымыз дұрыс болмас. Әр азаматтың өз туған еліне сүйіспеншілігі осындай тақырыпты қарастырумен басталады. Тақырыпты таңдауымның негізгі мақсаты экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру және де оның алдың алу жолдарын талқылау.

Арал теңізі Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облыс) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960-1970 ж) дүниежүзі теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көлемі 1064 км3, орташа тереңдігі 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Аралдың зерттелуі өте маңызды біз үшін. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғылыми зерттеу мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі терендігі 20-25 м, Арал теңізінің жалпы ауданы шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған). Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады.

Қазақстанның Оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53м биіктікте орналасқан. 1950 жылы жалпы ауданы 64,5 мың шаршы километр, ұзындығы 428 километр, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.
Арал теңізі туралы Аль-Бируни, Ибн-Хордадбек Ибн –Русте т.б. ойшылдар өз еңбектерінде жазған. Осы еңбектерінің нәтижесінде қазыргі кезге дейін Арал теңізі туралы мәліметтер бізде толық жетіп отыр.
ХVІІІ-ғасырда Арал теңізіне патшалық Ресей көңіл аудара бастады. Арал теңізі мен оған құятын Әмудария мен Сырдария өңірлерінің төменгі ағыстары туралы 1848-1849 жылы орыс ғылымы Бутоков А.И. Экспедициясы толы физикалық- географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Н.А. Северцев (1857-1858 ж) Арал теңізінің Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді.

Ол бұл өлкенің картасын жасады және оның жер бедерін, табиғатын климатын, өсімдіктерін суреттеп жазды. Ол зерттеуде табиғат компоненттерінің сабақтары туралы идеялар көтеріп, геологиядағы экологиялық бағытқа жол ашты.
Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары ғалымдарының назарын өзіне аударып келеді. Арал туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птолемей теңізінің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табиғатын жан-жақты зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л.С.Бергтің1908 жылы «Арал теңізі деген үлкен еңбегі жарық көрді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі». 1915 жылы қос өзен атырабына сапар шеккен Явардия капитаны Бекович-Черкасский сондай-ақ саяхатшы- климатолог А.И. Воейков Оңтүстіктегі құрғақшылықтың басты себепшісі Арал теңізі деп есептеп, осы бір орасан үлкен су қоймасын біржола құртуды ұсынгады. Ал география ғылымының докторы С.БЮ. теллер «Арал теңізінің проблемалары» атты мақаласында «бекерден- бекер теңізге құйып жатқан суды пайдалан отырып, 4 млн гектар жерді суаруға, 4 млрд сомның өнімін алуға болады» деп жазады. Арал теңізінің «табиғат қателігі ретінде есептеп, оның болашағына сенімсіздікпен қарайтын көзқарастар көпшілік арасында қалыптасқан қоғамдық пікір туғызады. Жекеленген ғалымдардың тиіп-қашты пікірі болмаса, соңғы он-онбес жыл ішінде Аралдың пайдасына бірде-бір жанашыр, жылы сөз естіген жоқ. Теңз жайын толғаған көркем шығарма немесе нақты ғылыми зерттеулер тиісті орындардың назарынан тысқары қалды. География ғалымдарының докторы А.И. Симонов пен география ғылымдарының кандидаты И. П. Гоптареваның есебі бойынша Арал теңізінің жойылуы нәтижеде реогондағы 5 млн гектар жер біржола жарамсыздыққа ұшырайды екен. Арал теңізінің Қазақстан территриядағы жұмыс жүйесін теңізді өкшелей қуу принципі бойынша жүргізуге регионның табиғат жағдайы да сұранып тұр. Бұл тұста Арал теңізінің деңгейі бір көтеріліп, бір төмендеп отырғанын тарихи фактілерде де, көнекөз қариялардың әігімелері де растайды.
Арал өңіріндегі ерте темір дәуірінің сақтанған археологиялық ескерткіштердің жинақталуы. Арал өңіріне Әмудария мен сырдарияның Арал теңізіне құятын төменгі ағысының аралығы жатады. 1937 жылы бастап Хорезм археолог- этнограф экспедициясы Сжетский, С.П. Толстов, М.А. Итина, О.Л. Вишневская т.б. зерттулер жүргізілді. Арал өңірінде сақ тайпалаларының 4 түрлі өмір сүргені белгілі болды. 1) жаңадария бойында- пасиактар; 2) қуаңдарияда бойында- Тохарлар; 3) сырдария мен қуаңдария аралығында- аугасилер; 4) әңкәрдария бойында –сакравактар Стробон бұл аймақтардың массагеттердің батпақты суы мол, аралды жер екенін айта келіп, онда апасиактар өмір сүргенін жазған. Арал өңіріндегі ертеректе болған шірік рабат, Бәбіш Молла, Баланды, жетіасар, Алтын асар көне қалалары орындарынан сақ тайпаларының мол ескерткіштері табылды. Бұл қала-жархит жобалары бір-біріне ұқсас. Халқы мал шаруа, мен, егін егумен, аң аулаумен айналысқан. Қазба жұмыс кезінде дәнд дақылдар, арпа, тары қалдықтары, үккіш, қол диірмен т.б. құрал-саймандар табылды. Мал сүйектерінің 47 пайызы ірі қара сүйектері болуы, оның ішінде түйе, жылқы сүйектерінің мол кездесуі жартылай көшпелі өмірдің басым болғанын аңғартады Қол өнер, зергерлік жақсы дамыған. Шірік Рабат қаласы төңірегіндегі обаларды зерттеу барысында алынған бұйымдардың Арал өңірі тұрақ-жайларындағы бұйымдарға ұқсастығы дәлелденді. Жерлеу тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі бар.

Бейіттер күмбез тәріздес, аумағы 38,5 м биіктігі 8 м, көлемі 47х29х9, 5 см, 53х31х11 см шикі кірпіштен өрілген Антропологиялық зерттеулер сақ тайпаларының бет пішінінде б.з.б. 7-5-7-да ейропалық, ал б.з.б4-2 ғасырдан бастап монғолдың белгілері күшейе бастағанын көрсетті. Арал өңірі ескерткіштері жаңа тас дәуірі мен соңғы темір дәуірі аралығында бұл аймақта мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналатын, әскери өнері жақсы дамыған тайпалардың өмір сүргенін көрсетті. Олар көрші елдердің және шығыстан келген тайпалардың әсерінен саяси- әлеуметтік, экономикалық мәдени және антропологиялық жағынпан өзгерістерге ұшырап отырған.  Арал теңізін Сырдария мен Амудария өзінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені Аралды адамдар қателігінің құрбандығы десек, сол қателіктер алаңы-Орта Азиядағы Қос өзеннің бойы, өзіндік қайталанбас мінезі, мың жылдық тарихы бар ұлы өзен-Сыр ел жайлы ойланған сәтте өкейде тарих сабағы тұруы тиіс. Өйткені өзен бойында белең алған өзгерістердің себеп-салдарын дер кезінде тауып төніп келген қауіптің алдын алсақ, сырдан су іштеін он екі миллион адамның болашағына нұқсан келуі әбден мүмкін. Ал тарих тереңіне үңілер болсақ, бір кездері Сырдария аунай ағып Варахшы атты көлдер жүйесіне құйыпты. Хиуа тарихшысы Әбілғазы жер дүмпуінен Варихш көлдер жүйесі Аралға ауып теңізге айналды, деген болжам айтады. Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін аралдан болықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келеді. Аралға құятын Амудария мен сырдария өзенінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.
Теңіздің Солтүстіктегі Барсакелмес аралында «барса келмес» қорығы құрылған. Қорық аймағындағы бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң, құс түрлері қорғауға алынған. Қазіргі теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді. Қазіргі кезде Шығыс, Аралдың қазақстанның бөлігінде (Қызылорда облысы) қорғалатын табиғи аумақтар өте аз. Ең алғаш қорғалатын табиғи аумақтар (Қ.Т.А.) ұйымдастыру, 1929 жылы Барсакелмес аралына терісі бағалы аңдар-балпақ пен зорманды әкеліп жерсіндірумен, өсіру және оны аулау жұмыстарымен байланысты болады. Сондай-ақ, мұнда сұр кекіліктер, қырғауылдар, ор қоян, қарақұйрықтар, ақбөкендер сияқты бағалы хайуантатар жіберілген. 1939 жылы осы аңшылық шаруашылықтың негізінде жоғарыда айтылғандай Барсакелмес қорығы ұйымдастырылды. Облыс байлығында 1 қорық, 2 қорғалым жұмыс істеп келеді. Ландштафтарды қорғаудың ең жоғары формасы қорықтар ұйымдастыру. Әлемдік ұстанымдарға сәйкес биологилық түрлілікті сақтаудың ең тиімді әдісі ерекше қорғалатын аумақ статусын беру. Ал, қорғалымдар құру сыр өңірінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдары ғана қолға алына бастады. Көптеген жылдар бойы табиғи қорғалымдар мемлекеттік статус алмай қазақстанның табиғат қорғау қоғамының құрамында болды. Жалпы басқа елдердегідей қазақ халқында табиғатты, әсіресе оның жеке нысандарын қорғау идеялары ертеден қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріліп келеді. Мұндай идеялардың туындауы қазақ халықының әлімсақтан табиғатпен етене байланысып келуінде. Қазақ халқының еңбектеген баладан ақ шашты ата-әжеге дейін табиғат құрылыстарына ерекше көңіл бөліп, соның сырын ұғына білген. Мұндағы жылдар болғы адамдардың табиғатпен болатынын, бірі бұзылса бүкіл жүйенің биосферадағы әр заттың бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын ырғақтығы бұзылатынын білуге көмектеседі. Халық табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды да, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді.

Сол арқылы адам баласына бақыт пен байлық, құт-береке келеді деп көрсетті. Мысалы аққуды атпайды, жылқыны, қойды, түйені басынан ұрмайды, малды аяқпен теппейді немесе далада өсіп тұрған жалғыз ағашқа, бұтаға тиіспеген.
Қазақ халқы сонымен бірге тек өсімдіктер мен жануарлар сияқты түрі нәрселерге ғана емес, өлі табиғаттың кйбір ерекше жаратылыс нысандары да қасиетті, киелі жерлер деп білген. Мысалы, киелі бұлақтар, тау-тастар. Сыр өңірінде мұндай жерлер көп кездеседі. (Құттықожа бұғазы, Талдысу, қатын қамал, қорасан, қорқыт ата мазары, жеті әулие, т.б.).Орыс шаруашылығының, бай-көпестерінің қазақстан жерінде жер ауып келуі, жергілікті халықтың мал жайылымдардың шұрайлы жерлерін тартып алуы өлкенің табиғат қорғау тархында жаңа кезеңнің қалыптасуын көрсетеді. Қызылорда қаласының тұсындағы Александровск, Жөлек, Қазалы уездеріне қарасты жерлердің көпшілігі орыс көпестерінің қолына көшті. Оның айғағы қазіргі көптеген жергілікті топонимдер. Бұл қорықтарды ұйымдастырудың экологиялық негізі маңыздылығы еш күмән клтірмейді. Себебі республика көлемінде немесе жалпы табиғат қорғауды ұйымдастыру жұмыстарында шөл даланың ландштафтын сақтау өте аз қарастырылған, ал осы ландштафтың өз дәрежесінде көрсете алатын бірде-бір қорық жоқ. Сондықтан шөл даланың табиғатын, фаунасы мен флорасын қоса ландштафтық эталон ретінде сақтап қалатын қорық ұйымдастыру өте қажет-ақ. Әсіресе, Қазақстанда шөл мен шөлейттің түрлік құрамы өте жоғары, әрі ерекше өзіне ғана тән.    

Арал теңізі Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі 1066 км2, тереңдігі 30-60 м, тұздылығы 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері — антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара). Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға тоқтала кетсек. Олар мынадай:
– жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
– ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
– суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;

– жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
– табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. Сонымен бірге бұл аймақта жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына. Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты.  Өйткені қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкандағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді. Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нөтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді.

Ал, біз болсақ, сол кайғылы төжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн.

Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ.

You May Also Like

Жалбыз қосылған шоколадты шай

Қажетті өнімдер: – 50 г шоколад; – 2 шай қасық шай; –…

Көлік тасымалдары және оның тиімділігі

Су көлігі       Су көлігі – энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.…

Мен мамандық таңдаймын, шығарма

“Мен мамандық таңдаймын” Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір…

Кілегейлі қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы

Кілегейлі қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы Жоспары 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 3.Механикалық жарақаттану 4.Термиялық…