Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды, әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін,кейбірі ежелгі есімдерді қояды.

Мақсаты: Адамдардың аттарын зерттеу Міндеті:

  1. Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу.
  2. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.
  3. Жиі кездесетін және сирек кездесетін есімдерді анықтау
  4. Есім адамға әсер ете ме? Психологпен кездесу
  5. Қазіргі кезде есімдер қалай қойылуда? Аудандық перзентхана және статистика бөлімінің меңгерушісімен кездесу.
  6. 0-ден 11-ші сынып оқушыларының есімдерін зерттеу және сынып арасындағы өзгешеліктерді анықтау
  7. Аттының қойылуын анықтап,әсер еткен себептер қарастыру
  8. 2011-2013 жылдардағы Қазақстанда жиі кездесетін есімдер мен өз

мектебімдегі есімдерді салыстыру.

Зерттеу әдістері:сауалнама,анализ,синтез,пікір алмасу және қойылу себептерін анықтау

Практикалық құндылық:Барлық сыныптарда қазақ тілі мен әдебиет     сабақтарында қолдануға болады.

 Өзектілігі: Қазіргі кезде жастардың балаға ат қоюды модаға айналдырып бара  жатқаны. Мен өз жобамды зерттей келе,балалардың есімдері мән-мағынасыз болып бара жатқаны алаңдатады. жас аналар балалардың болашағына немқұрайлы қарамау керек деп ойлаймын.

Болжам: Келешек  жас ұрпақ ат қою өте жауапты іс екенін естен шығармау қажет,ол үшін адамның есімі оның өміріне әсер ететінін білген жөн.

КІРІСПЕ

Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген.
Адам есімі оның тағдырына қаншалықты әсер етеді? Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдар зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстардың бірі. Соның нәтижесінде, кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды.
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана болсын өз шаңырағында сәби дүниеге келгенде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені есімдердің адам өміріне, адам атына ықпалы өте ерекше дейді ғалымдар. Адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-баба­ларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады.

“Атың кім?” Бұл сұраққа тілі шыққан баланың бәрі жауап береді. Және өмір бойы жауап беруге тура келеді.
Тоғыз ай, он күн көтеріп, өмірге әкелген құйтақандай тіршілік иесінің аты кім болар екен? Бұл сұрақ тек ата-ананы емес, оның таныстарын да қызықтырары хақ. “Өмірге сәби келді” дегенді естісімен “Ұл ма, қыз ба?” деген сұрақтан соң, бірден “Атын кім қойдыңдар?” деп сұрап жатамыз. Баланың есімі оның келешек тағдырына да үлкен әсер етері сөзсіз. Еркелеткенге ыңғайлы, балаға жарасатын есім болғанымен, “Кәкөш”, “Сәкөш” деген мағынасыз есімді иеленген баланың өскеннен кейінгі өмірі елге күлкі болумен өтуі әбден мүмкін. береді. [1]

Негізгі бөлім:

       Осыған байланысты мен өз мектебімдегі оқушылардың есімдерін зерттейін деген ой келді.Мектепте барлығы оқушысы 534  білім алуда.Соның ішінде   оқушы басқа ұлт өкілдері болса,қалған   бала қазақ ұлты.Бастауыш сыныпта     оқушы болса,орта буында    оқушы оқиды, ал жоғарғы сыныпта  оқушы білім  алуда.Мені бұл тақырып бұрыннан ойландырып жүрген еді.Сондықтан ұстазымнан ұсыныс түскенде бірден келістім.

2.1  Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.

Ең бірінші, барлық сыныптарға анкета таратып,оқушылардан сауалнама алдым.Сауалнамада қамтылған сұрақтар:

1.Атың саған ұнай ма?(иә,жоқ)

  1. Есіміннің мағынасын білесің бе? (иә,жоқ)
  2. Есімінді кім қойды?
  3. Келешекте есіміңді ауыстырғың келе ме?
  4. Ауыстырғын келсе қандай есім таңдар едің?

Сауалнаманың  қорытындысы бойынша  96 %  оқушылар өз аттарының  ұнайтынын айтыпты,ал 4 % жоқ деген жауап беріпті. Өз атының мағынасын білесің бе? деген сұраққа 78 % мағынасын аша алмағанын байқатса, қалған 22% өз есімінің мағынасын тұсіндіре кеткен.Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқушылардың көбі  өз есімдерінің мағынасын білмей жатты.

Ал, өз есімінді ауыстырғын келе ме? дегенге есімінің өте қысқа немесе мағынасын түсіне бермейтін балалардан көрінді. Оқушының  87 % жоқ десе,13 %  иә ауыстырғым келеді депті.Кей жағдайларда бала не мағына беретінін білмегендіктен, әрі түсініксіз болғандықтан  өз атынан өзі намыстанады. Түбінде балалардың мазағына айналуы мүмкін. Сонымен қатар өз есімін қабылдай алмай, есейе келе мүлдем бас тартуға мәжбүр болады  .Мысалы Диас өз атын- Бауыржан десе,Әрсен -Ұлан,Карина- Мәдина,Жанарыс- Арман,Мархаббат- Ботагөз,Жанна- Жанар,Жан- Руслан деп өзгерткісі келетінін жазыпты.

Осыған қарай отырып оқушылардың мағыналы және бұрынғы есімдерді таңдайтынын байқатты. Егер ата-ана балаға белгілі себептермен қойылған есімнің тарихын айтып, ұқсатып қойған адамның жақсы жетістіктерін айтса, бала соған еліктей бастайды. Мысалы,менің есімімді  Аружан деп неліктен қойғанын ата-анам жиі айтып отырады. Алайда,маған ол атты айдай сұлу,көркем , жүзі нұрлы,нәзік ару қыз  болсын деп қойғанын түсіндірсе, тіпті бет-пішіні сұлу болмаса да, ол ішкі жан дүниенің сұлулығына мән беретіндігін баса айтады.

Келесі сауал есімінді кім қойды? бұл сұраққа  екі жақты пікірлер болды.  Ата-анасы қойғандар 64% болса, атасы мен әжесі қойған есімдер 36% болып отыр.Осы сұрақтан қазіргі кезде балаларының есімдерін ата-анасы ақылдасып қоятындарын көрсетіп отыр,әрине баланың әке-шешесі ең бірінші есімді таңдаған дұрыс,бірақ балаға жарасымды,мағыналы есім қоюды ұмытпаса.Үлкендерге әрдайым құрмет көрсетіп, жол беретін қазақ халқы баланың есімін көбіне ата-әжелерге қойғызып жатады.

    2.2.   Сирек кездесетін және жиі қайталанатын есімдерді байқадым.

Cирек кездесетін есімдер
Жоғарғы сыныпта Орта буында Бастауыш сыныптарда
Айбол, Арнұр, Зейінбол,ТолғанайШерхан,Ғибрат, Махичехра,СәулетКемелқожа, Ернат, Досхан,Нүркен Медеу,Әкежан,Бақжан, Ерсолтан,Әрсен,Равиль,Найля,Дияр,Дамиля,Жанелья,Дильжан,Алинур, Қарақат,Нұр-әлі, Мархабат,Нұрсаят Нұрдаулет,Арсен,Тасқын,Бекжасар,Мұхаммед,Жібек,Айсолтан,Даниял,Геогрий,Айназ,Алан,Альдияр,Сәкен,Махинур,Айбақыт,Рамина,Денис,Назиз,Азиз,Нұрмүхамед,Бейбарыс,Құндыз,Жұлдыз,Зәулім,Болашақ,Алтын,Алима,Аделя,София,Қайсар,Самира,Ерке,Ермахан,Қамыс,Сезім,Нүрғиса,Жанарыс,Адинай,Саттар,Тайыр,Ролан,Айболсын,Мағжан,Аия,Ерәділ,Еркенүр,Яна,Бинур,Жұбаныш,Сайда,Талшын,Шаттық,Заңғар,Сам,ар,Мейір,Ади,Имрат,Наз,Еңлік,Айтол-қын

2.3.Есім адамға әсер ете ме? Мектеп психологімен  кездесу.

XX ғасырдың басынан адам есімін зерттеумен айналысатын антропономика ғылымының мамандары мен психологтар адамның атымен бірге оның тағдыры жазылады деген ортақ пікірге тоқтапты. Сонымен қатар адам өз есімін бала кезінен қалай қабылдаса, өмірі

соған орай қалыптасады  дейді. Атақты тұлғалар есімі берілген балалар,

өскенде өзі аттас тұлғаларға ұқсауға бейімделеді   (фото №1)

екен.Кейде адамдардың есімі өзіне қарама-қайшы келетін кездері бар.Ал,біздің мектепте есімі тағдырына әсер еткен оқушыларды естімедім,бірақ өмір сүру салты мен сырт келбетіне көп ұқсастық бар екенін айта аламын.Мектеп  психологі   Гулшат Серікқанова есім таңдауда немқұрайлылық танытуға  болмайтындығын  айтып өтті.(фото №1)

      2.4. Қазіргі кезде есімдер қалай қойылуда? Аудандық перзентхана және статистика бөлімінің меңгерушісімен кездесу.

Аудандық перзентхана бөлімі меңгерушісі – Мырзахметова Замира кездесу кезінде есімдерге қатысты өз пікірін білдіре кетті.  (фото №2)     Бұл тақырып қазіргі кезде өте проблемалық тақырып болып отыр,өйткені 2018-2019 жылдағы туған сәбилерге ата-аналары современный аттарды бірінші орынға қоюда.Шетелдік есімдерге еліктеп қойылған есімдердің жазылуы мен мағынасы түсініксіз болағандықтан, дүниеге келген баланың  алғашқы  құжаты,яғни«Туу туралы»куәлігін  толтырар да, кейде қиындық тудырады.Бұрыннан естіп жүрген

Фото №3

есімді сәбиді еркелетіп айтса өте жағымды естіледі,ал бұрын естімеген есімді балаларды аналары  қалай еркелететінін белмей жататын жайларғада куә болдым.Аружанның зерттеу жұмысын  жас аналар оқыса ,өте пайдасы тиер еді  деп айта аламын. Статистика бөлімінің меңгерушісі   Жайжатырова Ауалайым Тоқаевамен кездескенде,менің жазып жатқан жобама қатысты өз ойын айтты.

 Дүниеге келген сәбилерді порталға кіргізген кезде байқағаным, Нүралі, Айзере, Айғаным, Әмір, Ануар деген есімдер жиі қайталануда. (фото №3)

          2.5. 0-11 сынып оқушыларының есімдерін зерттеу.

Жоғарғы сынап оқушылары 2001-2004 жылғыларда   көбірек қойылып жатқан есімдер көбінде  бұрынғы есімдер, яғни  мағыналы есімдер қойылғаны байқалды. Мәселен, Асылбек, Мәдина, Зере, Роза, Нуркен, Нұрлан,Сәбит,Ләззат,Қуандық,Нұрбол,Ақбота,Жұлдыз,Темірлан,Меруерт,Айгерім,Әсем,Болатбек,Әмина,Тәуекел,Әли, Жігер, Ажар, Жандос Серіжан, Кәмила, Мақпал, Марат, Ілияс тағы көп ұмытылып бара жатқан есімдер берілуде.

Орта буын сыныптарында 2005-2008  жылы діни, басқа тілден енген аттар  және өткен ғасырларда ұмытылып бара жатқан тұлғалардың да есімдерін беруде. Мәселен, Әли, Нурәлі, Ералы, Назар, Еркебұлан,Ерсұлтан, Нұрислам, Әлихан, Бегзат, Нұрәлі, Айжан, Айғаным тағы көп ұмытылып бара жатқан есімдер берілуде.Бүл есімдерді естігенде ақ,ата-аналарын баласының қандай болып өсуін армандағаны айдан анық көрініп тұр.

Сонымен қоса,бастауыш сынып оқушыларын зерттей отырып, бұл буында көптеген қыз балалардың есімдері  басқа ұлт өкілдерінен және мағынасын түсіне бермейтін есімдер бар екенін көрсетіп отыр.Қазіргі заманда теледидардан қаптап көрсетіліп жатқан түрік теле сериалдарындағы  өздері ұнатқан кейіпкерлердің де есімдері және  атақты жұлдыздарға еліккеп қойған есімдерде белең алуда.

Мысалы:Ролан, Арна, Саттар, Адинай, Тайыр, Яна, Айша, Бинур, София, Самира,Аделя,Алима,Махинур,Рамина,Ади,Имран,Наз,Даниял,Алан,Айназ, Айсолтан,Денис,Назиз,Диана,Нұрмұхамед.

2.6 . Ат қоюға әсер еткен себептер

Ал бүгінде ұлтымыздың есімдер тізбегінде түрлі-түрлісі өріп жүр. Әлемге тарап кеткен есімдер модаға айналды! Әсіресе қыз балалардың есімдері алдыңғы қатарда тұр. Мысалы, Даяна, Инара, Рамина, Адинай, Махинур, Айлин, Аия, София,Сайда …болып жалғасып кете береді. Мән-мағынасы қазаққа түсініксіз, салт-санамызға жат есімдердің қаптап кетуінің себебі неде? Осы жөнінде бір сәт ойланып көрдік пе? Иә, қазір әлем жаһанданып бара жатыр. Түрлі мәдени экспансиялардың ішінде есімдердің өзі әжептәуір рөл ойнайтын болып жүр. Ал қазақтың өз табиғатына жақын, ұлтының ерекшелігін танытып тұратын есімдер неге аз қойылады? Шынтуайтына келгенде, біз тек-тамырымызбен байланыстырып тұратын нәрсе бұл өзіміздің ұлттық есімдеріміз емес пе? Бұл орайда бәрі де еліктеп-солықтаудан басталатынын байқау қиын емес. Шетелдік киноактерлер мен өнер жұлдыздардың есімдерін өз баласына қойған ата-ана алдына қандай мақсат қояды екен? Бәлкім, балам да солар сияқты жұлдыз болсын дейтін шығар. Бірақ әркімнің өмірдегі өз жолы, өз тағдыры бар екенін ұмытпауға тиіспіз . [2]

2.7. 2011-2013 жылдардағы Қазақстанда жиі кездесетін есімдермен өз мектебімдегі есімдерді салыстыру.

              total.kz сайтында  2011-2013 жылдары ең көп қойылған есімдердің тізімі көретілген.Онда  Қазақстан Республикасының статистика агенттігі  Қазақстандық ата-аналар  өздерінің балаларына мынандай есімдерді өте  көп  қойғаны анықталған екен. [3]

Ұл балалардың есімдерін Қыздардың  есімдері
1.Нұрәлі 2. Ерасыл 3. Әлихан 4. Нұрислам 5. Нұрасыл 6. Мирас 7. Артем 8. Арсен 9. Диас 10. Әмір 11. Ислам 12. Әділет 13. Әли 14. Руслан 15. Азамат 16.Алдияр 1. Айзере 2. Айару 3. Інжу 4.Aйсұлу 5. Айша 6. Аружан 7. Әмина 8. Аяулым 9. Іңкәр 10. Сезім 11. Мадина 12. Дария 13. Диана 14. Аяла 15. Нұрай 16. Жанерке 17. Аяжан 18. Алина 19. Сабина

Ал, біздің мектепте осы жылы аталған есімдер қандай орында екен,осыны байқау үшін 2011-2013жылғы балалардың есімдерімен салыстырдым.Ұлдардың есімдерінен біздің мектептеде Нұрәлі деген ат төрт оқушыға қойылған екен, бірінші орында тұрса, Ерасыл екі рет кездессе, Мирас, Артем, Диас, Әмір, Әділет есімдері бізде жоқ болып шықты.Қалған орында тұрған есімдер бір реттен ғана оқушыларға қойылыпты.Қыздардың есімдерінде осылай салыстыра отырып, Інжу және Аружан  есімдері үш рет қайталанып бірінші орында тұрса,Айсүлу деген ат екі рет қайталанып келді.Аяла,Нурай,Жанерке,Сабина есімді қыздар бұл сыныптарда болмаса,қалған есімдер бір реттен ғана қайталанып келді.[4]

Қорытытынды бөлім

Қазіргі кезде қазақтың ат қоюы өз бағытын жоғалтып барады. Олай дейтінім, өзіміздің ардақтыларымыздың емес, шетелдің танымал адамдарының есімін беру, біз үшін мағынасы жоқ әртүрлі аттарды қою белең алып бара жатыр.Өзімнің зертеуімде де бұл мәселеге көзім жетті. Сондықтан есіміміздің дұрыс аталуы мен жазылуына да мән беру керек. Кеудесінде кішкене болса да ұлттық намысы бар, өзінің халқын, ұлтын мақтан тұтатын әрбір ата-ана баласына ойланып барып ат қойса екен деймін. Жаңа туып жатқан сәби ештеңеден хабары жоқ, өзін қалай атаса да бәрібір, ол біліп жатқан жоқ, бірақ есейе келе бала өз атының қандай мағынаға ие екенін білуге талпынады. Сондықтан ат қоюдағы үлкен жауапкершілік – ата-анада. Баласының өмір бойы көтеріп жүретін есімі болғандықтан алдымен ата-анасы бұған бей-жай қарамай, барлық жағын ескеруі керек. Қанша жерден Батысқа еліктеп жаһанданып кетсек те, ата-бабаның киесінен, әруағынан аттап өтуге болмайды. Белгілі бір атты қоясың деп қысым көрсетіп жатқан ешкім жоқ, десе де әр бала есейгенде өзіне қойылған аттан ұялмаса, есімінің қойылу себебін біліп мақтанып жүрсе, атына лайық болып өсуге талпынып жатса жөн емес пе?!

Ұсыныстар:

  1. Балаға ат қоярда мағынасын зерттеп алу керек.
  2. Атты модаға айналдырмай өз еліміздің ардақты адамдардың еcімдерін қойса .
  3. Бір буынды және мән-мағынасы жоқ есімдерді балаға қоюға болмайды.
  4. Бұрыннан келе жатқан ұлттық  тәрбиелік мәні бар есімдер қою керек.
  5. Көпті көрген үлкен адамдардан ат қоярда кеңес алған жөн болады.
You May Also Like

Абай Құнанбайұлы, ғылыми жоба уорд

ИМПУЛЬСТІ ПЛАЗМАЛЫҚ ҮДЕТКІШТІҢ ЖҰМЫС ГАЗЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ҚЫСЫМЫ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫСЫН ЗЕРТТЕУ, ғылыми жоба

Абай шығармашылығы, шығарма

Шығарма Абай шығармашылығы Орындаған: —  Оқытушысы: — Абай шығармашылығы            Шығыстың ақиық…

Сексеуіл – шөл даланың падишасы, ғылыми жоба

Түркістан облысы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Аманкелді атындағы жалпы орта білім…