Тақырыбы:

«Қызылша және оның пайдасы»

Аннотация

Зерттеу мақсаты:  Қызылша туралы  мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргізу. Ел экономикасын көтеруге  өз үлесімді қосу.

Гипотеза: Бұл жұмыс кезінде мен  іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау  әдістерімен  жұмыс жүргіздім.

Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде  асханалық қызылша туралы, негізгі бөлімде қызылшаны өсіру, емдік қасиеттері, асханада пайдалану туралы, қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды.

1.Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.

2.Барлық материалдар тақырыпқа сай жинақталып, қорытынды пікір жазылды.

Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеу жаңалығы: Ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, қызылша өсіру және оны пайдалану.

Зерттеу нәтижесі: Қызылша өсіруді қолға алу, емдік қасиетін пайдалану, асханада қолдану.

Қорытынды: Қызылша өсімдігі адам ағзасына көп пайдалы. Көптеген ауруларға ем болады. Тағам ретінде де көп пайдаланады. Қызылша өсімдігін өсіру көп пайда келтіреді. Туған ауылым  Құрылыс жерінде қызылша өсіруге барлық жағдай бар екендігін зерделей келе, болашақта  ауыл азаматтары қызылша өсірумен айналысса, елімізге көп пайда келтіреді деп ойлаймын. Мен де өз үлесімді қосар едім.

Аннотация 

  Цель  исследования:  Провести исследование, собрав сведения о свеклах. Внести свой вклад, чтобы поднять экономику страны.

  Гипотеза: Во время работы я проводил методы поиска, исследования, наблюдения, подведения итогов.

Исследование состоит из 3-х разделов. В начальном разделе речь о пищевой свекле, в основном разделе о выращивании свеклы, ее целебных свойствах, об употреблении в пище, в заключительном разделе идет речь о моих достижениях, предложениях и отзывах.

1.Выясняя тему, цель и задачи работы, была системно выполнена исследовательская работа.

  1. Все материалы собраны по теме, и в итоге написано мнение.

  Метод исследования: Изложение работы, использование материалов из интернета, методы сбора и анализа.

  Новизна исследования: Выращивание и употребление свеклы, пользуясь достижениями науки.

  Результат исследования: Приступление к  выращиванию свеклы, потребление целебных свойств, использование в столовой.

  Заключение: Растение свеклы содержит немало полезных свойств. Она полезна также для организма человека. В пище из свеклы готовят различные блюда. Мое мнение, если бы в моем селе Курылыс создавались все условия по выращиванию свеклы, и в будущем если бы наши жители занимались этой деятельностью, то принесли бы много пользы нашей стране. И я бы тоже содействовал.

Annotation

  The purpose of study:  To make a study, collecting information about beet.  In order to improve the national economy it is necessary to make own contribution.

  Hypothesis: During work I made the methods of search, study, monitoring and summary.

Study consists of 3 parts. The primary part is about nutritional beet, the basic part is about cultivation of beet, its healing properties, using in food, the final part is about my achievements, proposals and opinion.

  1. Studying out the topic, purpose and objects, the research work has been carried out in-depth.
  2. All materials are collected by topic, and final  opinion was written.                    The method of study: Statement of work, the use of materials from the Internet, methods of data collection and analysis.

  Novelty of study: Cultivation and utilization of beet, using the achievements of science.

  Results of study: To start the cultivation of beet, the consumption of healing properties, and the use in food.

  Summary: Beet plant contains a lot of useful features. It is also useful for the human body. Different meals are cooked from beet in food. My opinion, if there are all conditions in my village Kurilis for growing beet, and if our residents did this activity, it would bring much benefit to our country. And I would contribute.

Жоспары: 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Қызылшаның дақылдық маңызы

2.2.Асханалық қызылша және оның пайдасы

2.3.Асханалық қызылшаны өсіру жолдарын зерделеу

2.4.Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері

ІІІ.Қорытынды

ІҮ.Ұсыныстар

Мәселе

  • Қызылшаны тұрмыста қолданылғанмен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.

Мақсаты:

  • Қызылшаның пайдасын,түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрене отырып, зертеу жүргізу.

Міндеттері:

  • Қызылша туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
  • Қызылшаның түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;
  • Ғалым, доктор, профессор еңбегімен танысу .

Нысаны:қызылша

Пәні: өсімдіктану

Болжам: егер біз қызылша жайлы оқып білсек, онда қызылшаның көптеген сырларын ашар едік.

Нәтижесі: іздену нәтижесінде қызылшаның денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін  білеміз.

  • Қандай жеміс-жидекті жақсы көресің? – десе, көп бала алма, алмұрт, қауын, қарбызды атайды. Ал мен қызылшаны ұнатамын.
  • Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.

Кіріспе

Қазақстанда егін шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы. 50-жылдардың ортасынан бастап, ауыл шаруашылығы негізінен тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты дамыған. Соңғы 5-6 жылда 25 млн. -га-дан артық жер игеріліп, жыртылған. Қазіргі кезде егістік ауданы 36 млн.га. Осы игерілген және жыртылған жердің негізгі бөлігі солтүстіктегі қара, қаштан топырақты орманды дала, дала зоналарында, ылғалдығы жеткілікті, суарылмайтын аймақтарда орналасқан. Қазақстанда әртүрлі техникалық дақылдардың тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде шикізат ретінде пайдаланылатын түрлері бар. Ең негізгі техникалық дақылдар- мақта, қант қызылшасы, темекі.

Қызылша (Beta)-алабота тұқымдасына жататын азықтық, көкөністік және қант алынатын бір және екі жылдық дақылдар. Оның 16 түрі бар. Көбіне мал азықтық, асханалық және қант қызылшасы болып бөлінеді. Кәдімгі қызылша және оның бір түрі- жапырақты қызылша басқаларына қарағанда  жиі өсірледі. Қызылша ылғал және жарық сүйгіш, суыққа төзімді.

Жер-жаһанды өзінің қанық түсімен бүлдіріп жүретін біріміздің сүйікті, енді біріміздің ауызға ала алмайтын көкөністеріміздің бірі қызылшаның құпиясы тарих беттеріне көз жүгіртсек, жабайы қызылшалар ежелден бері адамзаттың сенімді серігінің рөлін атқарып келеді екен. Б.з.д. 2000-1000 жылдары  қызылшаның жапырақтары көкөніс ретінде және әр түрлі ауруларға шипа болатын дәрі ретінде пайдаланылған. Қызылша  аты аталатын ежелгі құжат ретінде  Вавилон патшасы Меродах-Баладананың (б.з.д. 722-711 ж.ж) бақшасында егілетін өсімдіктердің тізімін атауға болады. Көп ғалымдар қызылшаның отаны – Вавилон деген қорытынды жасап жатады. Аталаған жазбада қызылша – жергілікті көкөніс емес, Сириядан әкелінген деп айтылады. Бертін келе қызылша Азия халықтары мен  Жерорта теңіздеріне таралып кетеді. Халық медицинасында дәрі-дәрмек ретінде қызылшаның жапырақтарын ғана емес, тамырларын да пайдаланылғандығы Гиппократ және Аристофан, Феофраст еңбектерінде дәлелденген. Қызылшаның дақылды түрлері жабайы түрлерінен шыққан. Жабайы қызылша қазіргі кезде де Иран, Индия, Египет, оңтүстік Франция және Швеция аймақтарында кездеседі. Х – ХI ғасырлардағы тамырлы қызылшаны Византиядан Киев Русіне әкелінгені жайлы әдебиеттерден кездестіруге болады. ХIII – XIV ғасырларда Батыс Еуропада қызылшаның тамырлы және жапырақты түрлеріне шағылыстырып, дақылды қызылшаны дүниеге әкелген. Кейінірек Франция, Германия жерлерінде дақылды қызылшадан асханалық түрлеріне өзгерген. Асханалық қызылшаның халық шаруашылығында маңызы зор.

Қызылшаның дақылдық маңызы

Асханалық қызылшаның химиялық құрамы (%) 10,02-11,49 қант, 1,27-1,35 азотты қосылыстар, 0,71-1,02 клетчатка, 0,85-1,04 күл, 91,6-83,97 су.

Дақылдың құрылымдық және биологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, қызылша – екі жылдық өсімдік, өмірінің бірінші жылы жапырақ розеткасы және тамырлы жемісі, екінші жылы отырғызылған тамырлы жеміс гүлдеп, тұқым бере бастайды.

Тамырлы жүйесі көптеген тармақтардан қосалқы тамырдан тұрады. Негізгі Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері тамыры топыраққа 270см-ге дейін, ал бүйірлік тармақтары 200см-ге дейін жетеді. Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері байқалады.  Өсімдік розеткасының пішіні сортқа және өсіру ерекшеліктеріне байланысты болады. Оған ауа температурасының өзгеруі қатты әсер етеді. Жоғарғы температура жағдайында ұзын жапырақты розетка, ал төменгі температурада қысқа розетка дамиды. Жапырақтары үшбұрыш немесе сопақтау, жиегі жиі толқын тәрізді, жапырақтың пішіні өсімдіктің жасына және өсіру ерекшелігіне байланысты болады. Ескірген және үлкен жапырақтар сыртында орналасады. Жапырақтың пішіні мен көлемі өсіру ерекшелігіне байланысты.  Жапырақтың беті тегіс, толқынды, қатты толқынды болып келеді. Жапырақтарының түсі сорт айырудың негізгі белгісі болып табылады. Ол жасыл, қызыл немесе қанық қызыл аралығында боялады. Жапырақтың түсі өсімдіктің жасына байланысты өзгеріп отырады. Жастары ақшылдау, ескірген сайын бояуы қоюланып, өлетін кезінде қоңыр түске боялады. Өсірудің ерекшеліктері өсімдік жапырағының түсіне әсерін тигізеді. Төмен температура және аздаған үсік жапыраққа антоциан пигментациясының күшеюіне алып келеді. Жоғарғы температурада жапырақтың қызаруына ықпал етеді. Топырақтың ылғалдылығының төмендеуі немесе жоғарлауы жапырақтың түсіне, қызыл пигментациялы өң береді. Топырақта қоректік элементтердің азот, фосфор, калий және микроэлеметтердің аздығы жапырақ түсінің өзгеруіне алып келеді.  Ал оның жемісі –қорапты. Тұқымдары бүйрек тәрізді пішіндес, қызылдау- қоңыр қабықшамен қапталған.

Қызылша – ұзақ күн өсімдігі. Күн ұзақ болғанда гүлдеу және ұрықтану үрдістері жылдам жүреді. Қазіргі кезде оңтүстіктің қысқа күніне, сотүстіктің ұзақ күніне ыңғайланған қызылшаның жаңа сорттары өңделген. Сондай-ақ Қиыр шығыстың тәуліктік жарықтануын жақсы көтеретін түрлері де бар. Ондай сорттарды Поляр шеңберінде өндіруге болады. Қызылша жарықтанудың қарқындылығына көп сұраныс артатын өсімдік. Күн жарығы өсімдіктің өсіп-өнуіне, егілім түсімділігінің жақсаруына ықпал жасайды. Өсудің бірнеше кезеңінде, яғни түзілудің алдында қызылша. 15-18 температурасында жақсы өседі. Көктемгі таңғы шық өскіндердің зақымдалып, өліміне дейін алып келуі мүмкін.Өсу кезеңінде тұқым қабығының тығыздығына байланысты қызылшаның ылғалдылыққа деген сұранысы өте жоғары болады. Қызылша жақсы өніп шығуы үшін топырақтың ылғалдылығы 60% болуы керек. Өсімдіктің суға деген қажеттілігі уақыт өткен сайын жоғарлап, шілде-тамыз айларында шегіне жетеді. Бұл дақыл өсудің әр кезеңінде қажетті қоректік заттарды әр түрлі сіңіреді. Өмірінің бірінші жылдарында өсімдікке азот қажет, тамырлы жемістердің дамуы кезеңінде калий қажет. Ал фосфор өсімдіктің барлық өсу кезеңінде бірдей мөлшерінде керек.

Гүлдену биологиясы. Қызылшаның гүлденуі тұқымдықты еккеннен кейін 50-60 күннен кейін басталады. Ұзақтығы сыртқы ортаның әсерінен 30-50 күн аралығын құрайды. Ыстық және де құрғақ ауа болғанда гүлдену өзінің шегіне жылдам жетеді. Ең бірінші негізгі осьтегі гүлдер, содан соң бұтағының екінші және кейінгі қатарындағы  гүлдер гүлдейді. Гүлдер таңғы 7-8-дерде ашылады.

Жаппай гүлдену тәуліктің бірінші жартысында болса, тәулік соңына қарай біртіндеп баяулап, аяқталады. Гүлдену барысында бал иісі мүңкіп тұратын шәрбәт бөлінеді. Құрт-құмырсқалар қызылша гүліне барып, гүлдің тозаңдануына өз әсерін тигізеді. Қызылша тозаңы 4-7 күн аралығында өз тіршілігін сақтайды. Қызылшаның барлық сорттары мен түрлері бір- бірімен шағылысады.

Қызылша ауруларының қоздырғыштары өсімдіктің барлық мүшелерін: жапырақтарды, сабақтарды, тұқымды және тамыр жемістерді зақымдайды. Өсімдіктің өсуі нашарлап, өнім мөлшері мен сапасы төмендейді. Қоздырғыштардың көбі өсімдік қалдықтарында сақталады. Залалданған тамыржеміс қоймаға түскенде, аурудың қоздырғыштары қыс айларында да дами береді. Қыста сақтау кезінде өнім шығынын болдырмау үшін, қоймаларды мұқият дайындау қажет. Қоймаға сау жемістерді ғана салады, ал сақтау кезеңінде олардың жай-күйін қадағалап отырады.

Қызылша тамырының қатерлі ісігі.

Қоздырғыш  бактериясы. Қызылша тамырының қатерлі ісігін тудыратын бактериялар қызылшадан басқа, өсімдіктердің 60-қа жуық түрлерін залалдайды. Көбінесе қант қызылшасында кездеседі, бірақ соңғы уақытта суармалы жерлерде өсірілетін ас қызылшасына да тарай бастаған. Залалданған тамырда ісік пайда болады. Ол өсе келе тамыржемістің өзінен де үлкен болып кетеді. Оның үстіңгі беті тегіс немесе кедір – бұдыр болады. Осы өсіндінің тамырмен байланысқан жері жіңішке  және жеңіл сынады. Қатерлі ісік көбіне тамыржемістің мойынында пайда болады, ал тамырдың төменгі жағында сирек кездеседі. Өсіп даму кезеңінде ісіктің ұлпалары шірімейді және олардың ішінде қуыстар болмайды.

Зақымданған өсімдіктер нашар дамып, аз өнім береді. Сақтау кезінде ісігі бар жемістер шіріп кетеді.

Ісіктер бактериялардың әсерінен жасушалардың көп бөлінуінен пайда болады. Бактериялар топырақта сақталып, жиналады және өсімдікке тамырдағы  жаралар арқылы енеді.

Олардың дамуына қолайлы жағдайлар – топырақ РН реакциясының 7-ге тең болуы және жоғары (25-30° С) температура.

Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; аурудан сау аналық өсімдіктерді отырғызу.

Қызылша церкоспорозы 

Негізінен шеткі жапырақтарда, дақтар түрінде байқалады. Дақтардың пішіні сопақша, ұзындығы 2-4 мм, түсі сұрғылт қоңыр, шеттері қызыл-күлгін түспен жиектелген. Ең алғашқы жапырақтардағы дақтар ірі болады (диаметрі 0,5-1 см). Ылғалды ауа-райы жағдайында дақтарда саңырауқұлақ споротүзгіштерінің  сұрғылт өңезі байқалады. Конидиилер жел мен су арқылы тарап, ауру келесі жапырақтарға жұғады. Ауру қатты дамығанда дақтар тұтасып кетеді де, жапырақ түгелдей қурап қалады. Бірінші кезекте  ең ірі шеткі жапырақтар, ал одан кейін келесі қатардағы зақымданған жапырақтар өледі. Ең жас жапырақтар ауруға төзімді, сондықтан жасыл болып қала береді.

Зақымданған өсімдік қалдықтарында жуан жіпшелердің жиынтығы  қыстайды. Көктемде ескі церкоспороздық дақтарда саңырауқұлақтың конидиялық споратүзгіштері дамиды. Кейбір жағдайларда аурудың қоздырғыштары тұқымда сақталып таралуы мүмкін.

Аурудың әсерінен ассимиляция төмендейді, қанттану азаяды, жапырақтар жаппай қурап, тамырдың өсуі тоқтайды.

Күресу шаралары: егін орағынан кейін танаптан өсімдік қалдықтарын жинап алу керек, терең жыртуды уақытылы жүргізіп, арамшөптерді жою, қызылшаны минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру, топырақта ылғал жинау және оны сақтау бойынша шаралар (қар тоқтату, қопсыту, арамшөптерді жою) жүргізу қажет. Тұқымды  дәрілеп, ал өсу кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидтерді пайдалану.

Қызылшаның тамыр жегісі. 

      Қоздырғыштардың, қолайсыз жағдайлардың әсерінен және тұқым сапасы төмен болған жағдайда пайда болатын ауру. Қоздырғыштары –2…3 жұп жапырақтары қалыптасқанға дейін әлсіз өскіндердің тамырын, тұқым жарнағының сағағын және тұқым жарнағы асты буынын қарайтып шірітеді. Аурудың алғашқы белгілері тұқым жарнағы асты буынында немесе тамырында шыны тәріздес дақ, қара сызықтар немесе жолақтар түрінде байқалады. Кейін олар жіңішкереді, қарайып шіріп кетеді. Ауруға шалдыққан өскіндер өліп қалады, немесе нашар дамып өнімді аз береді (40%-ке дейін).

Аурудың қоздырғыштары топырақта, қызылша қалдықтарында және тұқымда сақталады. Қызылшаның тамыр жегісіне төзімді сорттары жоқ. Қызылша өскіндері алғашқыда жақсы өсіп дамыса тамыр жегісі ауруына ұшырамайды.

Күресу шаралары: ауыспалы егісті, жақсы алдыңғы дақылды пайдалану; тұқымды іріктеп егу; көктеу кезінде топырақты қопсытып тұру; құрғақшылық жылдары тұқымды еккеннен кейін топырақты тығыздау және тұқымды  дәрілеу қажет.

Ақ ұнтақ

Аурудың алғашқы белгілері жаздың ортасына қарай, құрғақшылық және ыстық кезде байқалады.  Жапырақтардың бетінде  алғашқыда азғантай, кейіннен тұтасып жапырақты толық басып кететін ақ ұнтақ пайда болады. Жапырақ қурайды. Жаз бойы саңырауқұлақ конидийлерімен тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда клейстотецийлер түрінде сақталады.

Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою; ауыспалы егісті пайдалану; минералдық тыңайтқыштарды енгізу және уақытымен суару. Қажет болған жағдайда  фугицидтермен өңдеу.

Қызылшаның пероноспорозы 

Пероноспороз бірінші жылғы және тұқымдық қызылшаны залалдайды. Ауру негізінен өсімдіктердің жас мүшелерінде байқалады. Орталық жапырақтар ақшылданып, шеттері қайрылады, жуандайды және сынғыш келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық жағдайында конидийтүзгіштерден және конидийлерден тұратын сұрғылт-күлгін түсті  түзіледі. Залалданған тамыржемістерді көшіріп отырғызғанда, өсіп келе жатқан жапырақтарында жалған ақ ұнтақтың белгілері байқала бастайды. Мұндай тамыржемістер аурудың бастапқы көзі болып табылады. Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлер арқылы тарайды. Аурудың тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталатын оспоралардан тарауы да мүмкін.

Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; бірінші жылғы мен тұқымдық қызылша танаптарын бір – бірінен алыс орналастыру (1 км ); өсімдік қалдықтарын жою; топырақты терең жырту; тұқымды дәрілеу және тазалау; зақымданбайтын сорттарды таңдау; ауру қатты дамығанда тұқымдық алқаптарды фунгицидтермен өңдеу қажет. 

Қызылша фомозы 

Фомозбен қызылшаның барлық түрі және саумалдық ауырады. Жапырақта  түсі сары-қоңыр, дөңгелек пішінді, ірі (диаметрі 0,2-1 см), шоғырланып орналасқан дақтар пайда болады. Дақтардан қара нүктеге ұқсаған саңырауқұлақ пикнидтерін көруге болады. Сабақтың зақымданған жері ағарып, оларда да пикнидтер дамиды. Жаңбыр кезінде немесе шық  болғанда пикнидтерден көп споралар бөлінеді.  Фомоз қызылша тамыр жегісінің де қоздырғышы болып табылады және тамыржемістерді қыста сақтағанда, әсіресе үйінділерде сақтағанда  қара құрғақ шіріктің тууына әкеп соқтырады.

Залалданған тұқымдық қызылшаларды отырғызғанда олар өспей қалады немесе солғын, зақымданған дәндер береді. Мұндай тұқымдарды сепкенде ауру өскіндер шығады. Аурудың қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында, тамыржемісте және тұқымда сақталады.

Күресу шаралары: тыңайтқыштар енгізу; механикалық зақымдануды болдырмау; қоймаға салар алдында ауру жемістерден тазарту; дәрілермен тұқымды дәрілеп және тұқымдықтарды фунгицидпен  өңдеу қажет.

Қызылша таты

Қызылшаның барлық түрлерін зақымдайды. Ауру қоздырғышы бір қожалық тат саңырауқұлағы. Өсімдіктер бірінші және екінші жылдары зақымданады. Жаздың басында өскіндердің тұқым жарнағы жапырақтарында және тұқымдықтардың жас жапырақтарында  ұсақ,  сары ұнтақ түріндегі  саңырауқұлақтың эцидиалды сатысы дамиды.Эциоспоралар желмен тарап қызылшаның сау жапырақтарын зақымдайды. Жазда жапырақтардың екі бірдей жағында, жапырақ сағағында диаметрі 1 мм дейін жеке немесе  біріккен ашық-қоңыр түсті урединилер пайда болады. Пісіп жетілген урединиоспоралар жаз бойы тарап  қызылшаны зақымдайды.

Күзде ескі жапырақтарда көбінесе урединиилердің айналасында қара-қоңыр түсті телиопустулалар шығады. Ауру топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталатын телиоспоралардан тарайды, сонымен қатар аналық қызылша мен тұқым да ауру көзі болып табылады. Көктемде телиоспоралар өсіп қызылшаны зақымдайды. Таттың дамуына жылы, ылғалды ауа-райы қолайлы.

Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою; дәрілердің бірімен тұқымды, аналықтарды дәрілеп, қажет болған жағдайда тұқымдық егістіктерді фунгицидтермен өңдеу.

Шоқа шірігі.

Сақтау кезінде саңырауқұлақ және бактериялар тудыратын ауру.  Қоздырғышына байланысты өсімдіктерінің бетінде түрлі-түсті (ақ, сұр, қызғылт және басқа да түрлі) зең дамиды. Ауру қызылшаны дұрыс өсірмеуден, тасымалдамаудан және сақтамаудан пайда болады. Көп жағдайда зақымданған тамыржемістер сұр, қоңыр немесе қара түске боялады.  Егер ауру саңырауқұлақтан дамыса онда шірік құрғақ болады, ал бактериялардан болса  онда тамыржемістер кілегейленіп жұмсарып кетеді. Ауру тамыржемістің механикалық зақымдануынан басталады және олардың қанттылығы азаяды.

Күресу шаралары: тыңайтқыштар салу; зиянкестермен және аурулармен күресу; механикалық зақымдануды болдырмау, қоймаға салардың алдында ауру тамыр жемістерден тазарту қажет.

Ризомани

Қант қызылшасының әлемнің барлық елдерінде таралған қауыпты вирус ауруы.Қоздырғышы  плазмодиофоралық  саңырауқұлағы арқылы тарайтын, қызылша тарамыстарын сарғайтып, бүлдіретін вирус.

Аурудың қоздырғышы топырақта жиналып сақталады. Вируспен залалданған тамыржемістерде көптеген қосалқы тамырлар пайда болады, сондықтан бұл ауруды «тамыржемістердің сақалдануы» деп атайды. Залалданған тамыржеміс кішкентай және қатты болады. Аурудың дамуына жоғары температура (25°С), топырақтың ылғалдылығы, мөлшерден көп суару, жер асты суының жақын орналасуы, сондай-ақ топырақтың бейтарап немесе сілтілі реакциясы қолайлы болады.

Қызылшаның емдік қасиеті.

Қызылша көптеген ауруларға пайдасы яғни, емдік қасиетті бар. Қызылша шырынын тұмау болып, мұрыннан су аққанда қызылша қайнатылған сумен шаяды. Шикі қызылшаның шырынын тамызып та емдейді.Ол үшін қызылша шырынын 1 күн қойып, кішкене ашытып алады. Мұрынға күніне бірнеше рет 2-3 тамшыдан тамызса, тыныс алу жеңілдеп, мұрыннан аққан су тоқтайтын болады.Сол сияқты қызылша шырынын балмен араластырып қолдануға болады. Ондай қоспаны күніне 4-5 рет 5-6 тамшыдан тамызады. Әсіресе, балаларды емдеуде осы әдіс түрін қолдану оң нәтиже береді. Шырынды шикі қызылшадан және қайнаған қызылшадан да алуға болады. Қызылшаны үккіштен өткізіп, сонан соң шырын сыққышқа салады. Шырынды сүзіп пайдалану керек.

Қан кысымын төмендетуге де қызылшаның пайдасы бар.Бұл оның құрамындағы селитраның қызметі.Жүрек ауруын болдырмау үшін, күніне бір стакан шырын ішкен жеткілікті.

Қызылшаның  қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру ерекшелігі бар.

Көк бауыр ауруына: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе көк бауырдағы бөгеттерді ашады.

Бір жақ ауырғанда, қол-аяқтың қалтылдауына; қант қызылшасы суын балмен араластырып мұрынға таңса, ауру белгілері жеңілдейді.

Құлақ ауырғанда: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен осып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.

Шаштағы битті жоюға, шаштағы қайызғақты кетіруге: қант қызылшасы жапырағының суымен шашты жуады.

Іш кірнесіне: қант қызылшасы, қышы, сірке суымен қосып қайнатып ішсе ауырғанды басады. Басты құрамы: құрамында каротин бар.

Қызылша өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса, халық игілігіне жаратар еді.

Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері күнделікті тұрмыста қолданысқа енсе, көптеген аурулардан жазылып, халыққымыздың  денсаулығына пайдасын тигізер едік.

Қызылшадан Атырауда қызылша шұбаты деген жаңа сусын пайда болды.

       Досмұхамедов атындағы Аты­рау мемлекеттік университетінің про­­рек­торы, биология ғы­лым­дары­ның док­торы София Сағын­ды­қо­ва­ның есімі тек Қазақстанға ғана емес, шет жұрт­тың ғылыми ортасына да жақ­сы таныс. Ол – қазақтың ұлт­тық сусынының бірі – шұбаттың құнар­лылығын қызылша шырынымен байы­ту жөніндегі ғылыми жаңалық ашқан микробиолог ғалым. Осы салада 58 ғылыми-зерттеу жұмысы бар. Әр ғылыми жаңалығы үшін патент алғанын да айтқан жөн. София Зұлқарнайқызының ай­ту­ын­ша, мектепті бітірген соң Хадиша апайы әр тақырыпты қы­зықты етіп өткізетін биологияға аңсары ауа берген көрінеді. Инс­титутты үздік бітірісімен оқыту­шылыққа қалдырылып, ғылымға түп­кілікті бет бұрыпты. Арада 3-4 жыл өт­кеннен кейін сол кездегі КазГУ-дің аспирантурасына қабылданған. Кез­дей­соқ кездескен Дина Абултаева апасы қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы микробиолог Майя Шы­ғае­вамен таныстырыпты. Міне, осы академик ғалым София Сағындықованың микробиология саласындағы ғылыми сүр­леуінің тұсауын кесіп берді. Ғалымның көп еңбектерінің арасы­нан отандық ғылым үшін шұбаттың құ­нарлылығын қызылша шырынымен ба­йыту жөніндегі жобасының маңызы айрықша деуге болады. “Себебі, дейді ға­лым, шұбатты өздігінен ашытқанда, оның құрамында ауадан, түйе желінінен, ыдыстан түсетін түрлі микроорганизмдер кездесетіні дау тудырмас. Сол микроорганизмдерге сүт қоректік орта болады да, олар тез жетіледі. Кей адам­дардың шұбат асқазанға жақпады, не ішегімізді қатырды деуі ішек таяқша­ларының әсерінен болып жатады. Демек, шұбат құрамындағы бөгде микроорганизмдер адам ағзасына жақпайды. Шұбаттың тым майлылығы адамның іш қатуына себепші болады. Ал мұны болдырмау, яғни шұбатты тосын микроорганизмдерден тазалау үшін Майя апай екеуміз “СОФМАЙЯ” деп атала­тын шұбат пен қызылша шырынын ара­ластырумен ашытылған сусынды да­йын­дап шығардық. Бұл сусынды дайын­дау барысында шұбатты қызылша шы­рынын қосу арқылы ашыттық”. Бұл әрине, оп-оңай іске асырылған ғылыми жоба емес. Оның нәтижелі әрі, сәтті болуы үшін талай зерттеулер жа­салды, талай сынамалар алынды. Әр өңір­де, әсіресе, Алматы, Ақтөбе, Қы­зыл­орда, Атырау облыстарында өң­дірілетін шұбат құрамындағы сүт қыш­қылы бактерияларына зерттеу жүргі­зілді. Ғалымның зерттеуінде мынаған баса назар аударылды. Яғни, шұбат ашы­туда арнайы белгісі бар сүт қыш­қылы бактериясы мен ашытқы саңы­рауқұлағының штамдары қосылып да­йындалған. София Зұлқарнай­қы­зының айтуынша, штамморфологиялық және биологиялық қасиеттері негізінде бірдей бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы. Ұлттық сусын – шұ­батты дәл осы тәсілмен ашытудың маңыздылығы сол, адам ағзасына келіп түсетін тағамдарды қорытуға, сонымен бірге, адамның иммунитетін көтеруге септігі орасан мол. – Қызылша шырынында темір, флорий қышқылының болуы, қызыл қан түйіншіктері – эритроциттердің пайда болуы жеделдейді, бұлшық еттерге от­тегінің тасымалдануын жақсартады. Жалпы, қызылшаның адам ағзасына пай­дасы көп. Мәселен, қызылша шы­рынын ұдайы қолдану нәтижесінде, атеросклероздың бастапқы сатысында есте сақтау қабілеті жақсарады. Қызыл­ша шырынында магнийдің көп мөл­шерде кездесуінің жүйке ауруына, әсі­ресе, ұйқы бұзылғанда, тосыннан жүйке жүйесіне ауыртпалық түскенде пайдасы көбірек тиеді. Қан тамырларын кеңей­тіп, гипертонияға тиімді әсерін беретін табиғи дәрумен ретінде есептеледі, – дейді микробиолог. Осы шырынның қатерлі ісік ауруларына қарсы тұру қабілеті жөнінде зерттеулер бар. Бұл осы ауруды емдейді деу емес, қызылша шырынын тамақ рационына жиі қосу арқылы аурудан сақтандырумен қатар, ағзадағы холестерин мен улы заттарды азайтуға әбден болады. “СОФМАЙЯНЫҢ” авторы қызылша шырынын табиғи күйінде ішу мүмкін еместігін айтады. Өйткені, бұл шырын дәмсіз. Сол себептен, оны шұбатқа қо­судың тиімділігіне ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізіп, ғылыми түйін жасады. “Шұбат пен қызылша шырыны бір-бі­рінің құнарлылығын толықтырып, адам ағзасына сіңімділігі артады. Мақсат – экологиялық таза шұбат сусынын шы­ғару. Шұбатты ұзақ мерзімде сақтаудың жолдары жайында да зерттеулеріміз бар” дейді ғалым.

Сусынның атауы оның екі авторының есімдерінен құралған: София Сағындықова мен Майя Шұғаева.  Сусынның құрамына қызылша мен түйе сүті кіреді. Қызылша шұбатын жасау технологиясы өте қарапайым.

Қызылша концентратына пайдалы микроағзалар мен түйе сүтін қоссаңыз жеткілікті. Бұл қоспа қант сіңіру қасиетіне ие, сондықтан, жаңалық авторларының пайымдауынша, сусынның қант диабетіне шалдыққандарға беретін шипасы мол. «Софмайя» өндіріс желісінің құны – 400 мың доллар.

С. Сағындықова қазір сусын туралы семинарлар жүргізу үшін Дүниежүзілік банктің 3,5 млн теңге көлеміндегі грантын ұтып алған. Ал «Софмайя» өндірісін іске қосуға авторлардың қаражаты тапшы болғандықтан пайдалануға берілген жоқ. Егер осындай шырын шығарылса, адам ағасына  тигізер пайдасы зор болар еді.

Асханалық қызылшаны өсіру жолдарын зерделеу

Мен осындай қызылша туралы білім жинақтағаннан кейін, қызылшаны өсіріп, зерделеуді 2012 жылдың мамыр айында қолға алдым. Алдымен қызылша егетін жердің топырағын қопсыттым. Топырақ бетін тырмалап, тегістеп, тұқым салатын жерді дайындадым.Тұқымды 1апта бұрын дымқыл топыраққа салып, тамырландырып алдым.Тұқым салмас бұрын қызылша егетін жерді суарып аламыз. Су топыраққа сіңгеннен кейін тұқымды арасын 20-25см-дей қашықтықта, тереңдігі 2см шамасында салып, топырақ бетін жаптым.Тұқым 26 мамыр күні салынды.Еккен күннен бастап жер бетіне көктеп шығуын бақыладым.Жер бетіне 5 күннен кейін (31 мамыр) көктеп шықты. Алдымен жіңішке сабақша біртіндеп жапырақшаға айналды. Маусым айының 5-10-ы аралығында жапырақшалар пайда болды. Жапырақша жайғанға дейін 3 күн сайын, кейін аптасына 1 рет суарып отырдым. Жапырақтары бірінің үстіне бірі қабатталып өседі.Топырақты қопсытып, түптеп түйнектің өсуіне жағдай туғыздым. Осылайша жаз бойы

3 рет түптедім. Қызылша 100-120 күнде пісіп жетілді. Қыркүйек айынан бастап тағамдарға пайдалана бастадым. Біреуінің салмағы шамамен 300-500 грамдай болды.

Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері

Қыста қызылшаны топырақ арасында сақтайды. Осы өсірген қызылшаны түрлі тағам дайындауға пайдаландым. Қызылшаның денсаулығымызға пайдалы екенін бәрімізге белгілі. Сондықтан да салаттардың көбі қызылшадан жасалынады. Қызылшадан түрлі салаттар жасалады.    

  1. «Қызылша» салаты

Құрамы: 1 үлкен қызылша; 3-4 дана сарымсақ; грек жаңғағы; майонез. Қызылшаны үккішпен үгеміз.Майдаланған грек жаңғағы мен үгітілген сарымсақты қосамыз. Майонез қосып, араластырамыз.

  1. Құрамы: 1 кіші қызылша, 50 гр. тұздалған қияр, 0,5 банка жүгері дәні, 0,5 стақан жаңғақ, майонез, жүзім немесе анар дәнегі.

Дайындау тәсілі: Қызылшаны ірі үккіштен өткіземіз. Тұздалған қиярды текше түрінде тураймыз. Жүгері дәнін, жаңғақты осы қоспаларға қосып, майонезбен араластырамыз. Бетін жаңғақпен, жүзім немесе анар дәнектерімен сәндейміз. Осындай жасалған салат  түрлері әр адамның тәбетін ашады. Адам ағасына көп пайда келтіреді.

Өзім өсірген қызылшаның көптеген пайдасын көрдім. Зертеген жұмысымның нәтижесінде өзім білмейтін  жаңалықтарды жинақтадым. Алдағы уақытта  қызылшаның емдік қасиетін іс жүзінде қолданып, нәтижесін бақылаймын. Туған ауылым Құрылыс жерінде қызылша өсіруге барлық жағдай бар екендігін зерделей келе, болашақта ауыл азаматтары қызылша өсірумен айналысса, елімізге көп пайда келтіреді деп ойлаймын. Менде өз үлесімді қосар едім.

Қызылша туралы көптеген мәліметтер жинақтадым

Қорытынды:Ұсыныстар: 

  • Қызылша өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен

қарауын өз достарыма ұсынамын.

  • Қызылша өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.
  • Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері күнделікті тұрмыста қолданысқа енгізілуіне ұсыныс жасалынса.
  • Ауылымызда қызылша өсіру қолға алынса.
You May Also Like

Маған ұнайтын спорт түрі-Футбол, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Маған ұнайтын спорт түрі – Футбол» Авторы: Адамбеков…

Жылыжайда тамшылау әдісі арқылы қияр өсіру, ғылыми жоба слайд

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері, ғылыми жоба

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері Ғылыми жоба Бағыты:     Экология Секциясы: Химия…

Төрт-түліктің бірі-қой, ғылыми жоба слайд