Ең үздік ғылыми жоба «Маған ұнайтын спорт түрі – Футбол» Авторы: Адамбеков Дияр

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І тарау.
1.1. Футбол тарихы.
1.2. Футболдағы дайындық түрлері.
ІІ-тарау
2.1. Футболдың Қазақстанда дамуы
2.2 . Футболдағы жылдам және баяу шабуыл тактикасы.
ІІІ-тарау
3.1 . Футбол аланының ережесі.

3.2 Футбол ойынның  негізгі ережесі.
Қорытынды

Біздің жобамыздың басты мақсаты– Футбол ойынының адам ағасына пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу. Футбол ойынына арналған арнайы жаттығулардың маңызын арттыру.

Міндеттері:

Футболдың пайда болу тарихымен танысу;

Футбол ойынының адам ағзасына  пайдасымен танысу;

Футбол ойыны арқылы оқушылардың дене қабілеттілігін дамыту
Зерттеу  нысаны– Футбол ойыншылары

Зерттеу түрі- Спорт туріФутбол

Зерттеудің өзектілігі- Көптеген оқушылар футбол ойынының денсаулыққа пайдалы екенін біле бермейді. Жалпы спорттық ойындарының негізгі идеясы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануларын ынталандыру керек.
Зерттеудің болжамы-Егер біз футболшылар  жайлы көбірек оқып білсек, онда футбол ойынының  көптеген сырларын ашар едік.

Зерттеу әдістері

– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

– бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

Аңдатпа

Бұл жоба  футбол ойынының адам денсаулығына пайдасын зерттеуге арналған. Мен футбол ойыншысы ретінде еліміздің жастарын салауатты өмір салтына үгіттеу мақсатында спортпен шүғылдануға шақырамын. Спорт – денсаулық кепілі. Қазақстанда футбол өз дәрежесінде дамып, биік тұғырға көтерілуі үшін осы саланың мамандары жастарға футбол ойынын үгіттеп, тиісті жағдайлар жасаса екен деймін.

Аннотация

Этот проект предназначен для изучения преимуществ футбольной игры для здоровья человека. Как футболист, я приглашаю вас принять участие в занятиях спортом, чтобы продвигать молодежь нашей страны в здоровом образе жизни. Спорт – это гарантия здоровья. Чтобы развивать футбол в Казахстане и подняться на высшую ступень, специалисты в этой области могут побудить молодежь играть в футбол и создать необходимые условия.

Аnnotation

This project is designed to explore the benefits of a football game for human health. As a football player, I invite you to take part in sports activities to promote the youth of our country in a healthy lifestyle. Sport is a guarantee of health. To develop football in Kazakhstan and rise to the highest level, specialists in this field can encourage young people to play football and create the necessary conditions.

1 Кіріспе:

Ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Ал спорттың қай түрімен айналысу әр адамның өз қабілетіне байланысты болатындығын ұлы ойшыл Ибн Сина шығармаларында жазыпты. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бұл бағдарлама бүгінгі таңда елімізде етек алып, отбасынан бастап барлық мекемелерде ерекше мән берілуде.  Осыған орай, бүгінде мектептерде дене шынықтыру сабағымен қатар түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Жалпы  спорттық ойындарының негізгі идеясы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. Жастары–сауатты, білімді, дені сау елдің іргесі мықты болатыны айғақ. Еліміздің мектептеріндегі оқу- тәрбие жұмыстарының басты міндеті – жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, ой -өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жоспарланады. Осы тұста дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Әсіресе 1 – ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт бір орында отырғандықтан тез шаршайды. Ал дене шынықтыру сабағынан кейін баланың миы тынығады. Сондықтан күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой – өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған.Бүгінгі өзгерістерге толы заман ауысымында бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі туындап отыр. Сондықтан мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесінің маңызы екенін ұғындыру. Әсіресе жастардың, оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас-жігерін тәрбиелеу маңызды болып табылады.
Біздің «Нұр Орда» лицейінде Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие бағдарламасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі барлығымыздың көңілімізден шығатын футбол ойыныФутбол ойыны барлық дүниежүзі елдерінде танымал. Футбол спорт түрі сияқты ұдайы дамиды, ойын тәсілі де ұшталып, футболистің қозғаду қызметі қиындатылады.Футбол жас адамдардың дамуына көмектеседі. Олардың физикалық даму сапасына, мінездің маңызды сипаттарын тәрбиелеу, мысалға: творчестволық белсеңділік, берілген жұмасқа жауапкершілік, талаптылықты жүзеге тартады.

2.Негізгі бөлім:

2.1 Футболдың шығу тарихы

Футбол – әлемдегі ең танымал топтық ойындардың бірі, оның тарихы бірнеше ғасыр уақытты қамтиды. Доптың қатысуымен футболға ұқсас ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), антика әлемінде (Греция, Рим), Франция елінде («па супь»), Италия («кальчио») мен Англияда ойнаған. Қазіргі еуропалық футболдың арғы тегі римдік «гарпастум» ойыны болса керек. Допты екі тіреудің ортасынан өткізуге негізделген бұл ойын кезінде әскери легионерлерді жаттықтыруға арналған спорттың бір түрі болған көрінеді. Футболға ұқсас ойын туралы б.з.б 1900 жылы Ежелгі Мысырда белгілі болған. Ежелгі Грецияда халық арасында доп ойыны б.з.б. 4 ғ. дейін белгілі болған. Бұған Афины мұражайында қазіргі уақытқа дейін сақталып тұрған «доп ойнаған баланың» суреті дәлел бола алады. Спарта сарбаздарының арасында «эпискирос» атты доп ойыны өте жиі кездесетін. Қолмен де, аяқпен де ойнайтын ойынды римдіктер «гарпастум» («қол добы») деп атап, олар ойын ережесін бірнеше рет өзгерткен. Ойын қатыгездікпен ерекшеленетін. Римдік шабуылшылардың арқасында б.з.д. I ғасырда доп ойыны Британ аралдарына тарап, жергілікті тұрғындар: бриттер мен кельттер арасында үлкен қызығушылыққа ие болған. Бриттер б.з. 217 жылы Дерби қаласында алғаш рет римдік легионерлерді тізе бүктіріп, ойынның дамуына өз үлестерін қосқан болатын.

2.2  Футболдың Қазақстанда дамуы

Қазақстанда футбол, өзінің бастауын 1913 жылдан алады. Осы жылы Семей қаласында » Жарыс» атты команда құрылды. «Жарыстың» шабуыл шебінде 16 жасар жасөспірім болашақ ұлы жазушы Мұхтар Омарұлы Әуезов ойнаған еді. XX ғасырдың алғашқы ширегінде жүздеген ауылдар мен қалаларда дене тәрбиесі ұжымдары құрылып соларда футбол секциялары ұйымдастырылды. 1939 ж. «Динамо» футбол клубы бастауыш кпубтардың арасындағы КСРО чемпионатында Таганрогтың «Торпедо» командасын 3 : 1 есебімен ұтып еліміздің кубогін жеңіп алды. Команданың құрамында ағайынды Г. және К. Бедрицкийлер, В. Трофимов,И. Шаммов, Н. Писяуков сияқты белгілі футболшылар ойнады. Олардың көбісі соғыстан кейінгі жылдары да футболмен айналысуды жалғастырды. Динамошылар бастауыш ұжымдар арасындағы 1946жылы еткен жарыста да жүлделі үшінші орынға ие болды. Орта Азия республикалары мен Қазақстан футболшыларының арасындағы аймақтық жарыста жеңіске жеткен республиканың құрамасы «Б» тобында енер керсетті. Ақыры 1957 ж. Алматыда «Қайрат» командасы құрылды. Футболдың өркендеуіне байланысты үлкен қалаларда стадиондар салынды. Алматыда «Динамо», «Спартак», Қарағандыда «Шахтер» стадиондары іске қосылды. 1957 ж. Алматыда алғашқы халықаралық жарыс өтті. Астаналықтар (сол кезде Алматы республиканың астанасы) Финляндияның командасын қабылдап жеңіске жетті. 60-шы жылдардың аяғында республикада «Б» тобы құрылды. Бұл топта кептеген облыс орталықтарының командалары енер көрсетті. 2002 ж. ҚР-ның футболшылар одағы УЕФА-ға мүше болып қабылданды.1992 жылы Қазақстан Республикасының Футбол ассоциациясы болып қайта құрылды. Дәл осы жылы Қазақстан елі ФИФА мен АФК-ға жартылай мүше болды. Қазақстанның егемен шаңырағы астында алғашқы Қазақстан чемпионаты мен ҚР-сының Кубогі өтті. Екі турнирде де алматылық «Қайрат» озып шықты. Екі жыл өте ФИФА мен АФК -ның толық мүшелігіне қабылдандық.1999 жыл. 1998 жылдың футбол маусымын қорытындылаған ФИФА Қазақстанның футболын өз дамуында айтарлықтай жетістікке жеткен әлемдегі 10 елдің қатарына енгізді.2000 жылы Қазақстан Республикасының Футбол ассоциациясы атауы Қазақстанның Футбол Одағы деп өзгертілді. 2000-2001 жылдар халық демін тарта, не болар екен деп күткен уақыт. 2000 жылдың 21-қаңтары мен 2001-дің 21-қаңтарында ҚФО-ның президенті Рахат Әлиев ФИФА басшысы Йозеф Блаттер және УЕФА-ның сол кездегі президенті Леннарт Юханссонмен кездеседі. Мәскеуде өткен бұл жүздесуде ҚФО-ғы УЕФА-ның құрамына өтуге ниетті екендігін білдіреді. Сонымен, Азия футболынан кеткен Қазақстан Футбол Одағы 2002 жылдың 25-шЕуропа футболы-өзіндік жүйеге түскен, мәдениеті қалыптасқан, одан арысы үлкен ақша айналатын орта екендігімен ерен.

Қазақ футболы 1915 жылдан бастау алады.Ең алғашқы қазақстандық клуб Семейде құрылды оның атауы Жарыс деп аталды.Тәуелсіздік алғанан кейін Қазақстанда футболдың дамуы үшін Қазақстан Футбол Федерадциясы құрылды.Қазіргі кезде Қазақты футбол клубтары айтарлықтай көп Мысалы:Қайрат Фк,Астана ФК,Шахтёр,Ертіс т.б.
Осыған дейін футбол клубтарымыз Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінде ойнады.Жыл сайын елімізде біріншіліктер өтіп тұрады.Алдағы уақытта Қазақстан футболдан көптеген халықаралық турнирлерде топ жаратынына біз сенеміз және қолдаймыз.

 

2.3 Футболдағы жылдам және баяу шабуыл тактикасы.

Техника – дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне  ие болуы.

Тактика – дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы.Ойын кезінде алаңда футбол шеберлерінің дәл пастарды әдемі комбинацияларын көруге болады. Осылардың барлығы бұл шеберлерге көптеген жаттығулар арқасында келеді. Жаттығулар кезінде футболшылар физикалық, техникалық және тактикалық дайындықтарға көп уақыттарын бөледі.Футбол – ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек.Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру.Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру.Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді.Футболдағы комбинациялар өте әр түрлі. Олардың көбісі тәжірибеде дайындалып жалпы тактикалық жаттығуға кірген.

2.4 Футбол аланының ережесі.

Футбол алаңы деп тік төртбұрышты беті тегіс, ойын алаңы және оны қоршаған басқа заттардан бос аймақ, яғни ойын қауісіздігі аймағы орналасқан алаңды айтамыз.Жүргізілетін жарыс ережелеріне сай халықаралық және бүкілодақтық дәрежедегі ойындарды өткізуге арналған футбол алаңдарының ұзындығы 100-ден 110 метрге дейін, ені 64-тен 75 метірге дейін болуы қажет. КСРО-дағы спорт ядросының типтік жобасы ретінде 69х104 метр мөлшерлі алаң қарастырылған. Осындай алаңдар біздің елімізде кең таралған

Ойын алаңдарының құрлымы мынадай болуы шарт:

  1. Тегіс, тығыз, доп жақсы ұшатындай серпімді, ылғалды тез сіңіретіндей су өткізгіш.
  2. Ауа райы тұрақты
  3. Үнемді. 

2.5 Ойынның негізгі ережелері. 

Футболды әрқайсысында 11 ойыншысы бар екі команда ойнайды.Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 60-75 м болатын тік төртбұрышты тегіс көгалдарда өткізіледі.Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық — тактикалық тәсідер мен қимылдарды пайдалана отырып,қарсыластарының қақпасына көбірек доп соғуды,сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады.Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.Ойынның ұзақтығы – әрқайсының 45 минут уақытты болатын 2кезеңдік ойын.Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.

2.6 Футбол ойынының әдістері

Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы

Доппен айла-тәсілдер жасау -футболдың  негізгі мәні.Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтатудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.

Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен  жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тебу.

Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тоқтату әдісі

Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді.Допты тоқтату кезінде ең бастысы  —  ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі.

(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты алып жүру әдісі

Допты алма-кезектебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тартып алу әдісі

Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп  иесінің  ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға  болады.

(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Қақпашының ойыны.

Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу, тәсілдерін жақсы білуі керек.

2.5 Футбол ойнауды жаңа бастаған балалардың дене дайындығы.

  1.  Футболшылардың жалпы және арнайы дене дайындығы күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік сияқты қабілеттерді дамытады.
  2.  Футболда күш алдымен динамикалық немесе, бейнелеп айтқанда, қопарылыс күшін керек етеді. Мұндай күш уақыттың қас қағым сәтінде жасалатын жедел қимыл барысында (доп соғу, допқа атырылу, тез жүгіру, тоқтау) айқын көрінеді.
  3.  Жылдамдықойыншылардың тез орын ауыстыруынан, техникалық әдіс-тәсілдері тез орындауынан, тактикалық шешімдерді тез ойлап таба қоюынан көрінеді.
  4.  Төзімділік– бұл белгілі бір қимыл-әрекет кезінде организмнің шаршауға қарсы тұра алу қабілеті.
  5.  Ептілікойыншы қимыл-әрекеттерінің үйлесімді көрсеткіші болып табылады. Епті ойыншылар ойынның өзгермелі жағдайларына кез келген ойын тәсілдерін сәнді әрі техникалық  жағынан дұрыс орындап шығады.
  6.  Иілгіштік– бұл буындардың жоғары дәрежеде қозғалтқыштығы, бұлшық еттердің тез босаңсуы мен қатайғыштығы, сондай-ақ қозғалыс әрекеттерін барынша үдете түсу қабілеті. Иілгіштік жас футболшылардың қимыл-әрекетіне еркіндік, сенімділік береді. Иілгіштік пен ептілік ойыншыға елеулі жарақат алу қауіпінен сақтануға, қарсыласының кез келген әрекетіне қарсы әрекет  жасауға дайын болуына көмектеседі.Иілгіштік пен төзімділікке жаттықтыратын айналма жаттығулар. Қолға нығыздап  толтырылған доп ұстап, екі аяқты алшақ қойып тұрған қалыптан кеудені алға ию.
  7.  Ілгерілей отырып гимнастикалық орындықтан секіру.
  8.  Қарын бұлшық еттерін нығайту жаттығуы – аяқтың ұшын гимнастикалық қабырғаға іліп еденде отырған қалыптан (екі қол желкеге қойылады) шалқадан жатып, кеудені қайта көтеріп бастапқы қалыпқа келу (кемінде 6-8 рет).
  9.  Екі аяқты бір-біріне тигізіп тұрып, бір орында секіру.
  10.  Қолды тіреп етпеттен жатып, шынтақты бүгіп-жазу (кемінде 10-15 рет).

Футболмен айналысудың мазмұны спорттық ойындардың басқа да түрлері секілді, мынадай қабілет-қасиеттерді дамытуға бағытталған.

  1. Жалпы дене даярлығы, 2. Арнайы дене даярлығы, 3. Техникалық даярлық.

Футбол ойынының техникасын меңгеруге талаптанған бала жалпы және арнайы дене даярлықтарынан өтуге тиіс. Ол үшін бала ойын техникасын тікелей доппен ойнау арқылы меңгеруден бұрын оны допсыз меңгергені жөн. Ойын техникасын допсыз меңгеру мынадай элементтерден тұрады: жүру, жүгіру, тоқтау, секіру. Бұлар әдетте өзара былайша үйлесіп келеді: жүру мен жүгіру, тоқтау мен бұрылу, секіру мен жүгіру. Футболшының жүрісі өзгеше. Алаңдағы ойыншы аяғы сәл ғана бүгілген қалыпта жүреді. Бұл футболдағы ойынның жағдайына қарай дұрыс және тез орын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Футболшының орын ауыстыруы жүгірістен, жүрістен, тоқтаудан, бұрылыстан және секірістен тұрады. Бұл элементтерді ең алғашқы сабақтан бастап, әуелде жеке-жеке, кейін бірлесіп үйренуге тура келеді. Жаттығу барысында жүгірудің әр түрі қолданылады. Жүгіру әдетте жүрумен алмасып отырады. Футболшының жүгіру тәсілдері әркелкі: алға қарап жүгіру, теріс қарап жүгіру, аяқты қайшылай адымдап жүгіру, ілеспелі (қосалқы) қадам жасап жүгіру. Жүгіру кезінде футболшының қадамы қысқа әрі жеңіл болады. Жүгірудің мұндай түрі ойыншының жағдайды дәл бағдарлай алуын қамтамасыз етеді және өз қарқыны мен қозғалу бағытын тез өзгертуге мүмкіндіқ туғызады. Сонымен қатар, футболшы түзу сызық бойымен тез жүгіру техникасын меңгеріп алуға тиіс. Тоқтау, бұрылу, бір орында тұрып немесе жүгіріп келіп секіру – «техникалық» ептілікті дамытудың өте маңызды элементтері. Бір қадамнан соң, сондай-ақ секіргеннен кейін кілт тоқтай қалуды үйрену.Тоқтау және бұрылу техникасын үйренуге, оны жетілдіруге бір бүйірге қарай жүгіру немесе аяқты қайшыластырып орташа жүгіру, 90°-қа бұрылып,  тез жүгіру;  – жүріс немесе жүгіру;  180°-қа бұрылып,  тез жүгіру; – 360°- қа бұрылып, тез жүгіру; -бір қолмен екінші аяққа  ауыса отырып, көптеген секірулер жасау;- жүгіріп келіп, бір немесе екі аяқпен итеріле секіру барысында жоғарыда ілулі тұрған допқа басты тигізу. Ойын техникасының элементтері: допты аяқпен және баспен алып жүру; допты әр түрлі тәсілмен соғу; допты аяқпен, баспен, кеудемен тоқтату; бағытты өзгерте, тоқтаумен алмастыра, жұлқына, жылдамдықты арттыра жүгіру. Жаттығулар мен әдістердің бұл кешені футбол алаңында бір-бірімен ұштаса өте тез орындалады, сонымен бірге ойын­шы өз қарсыласымен «кімді кім жеңеді» дейтін жекпе-жекке түседі. Осының бәрі организмнің жалпы және жылдамдыққа тән төзімділігін, тездігін, ептілігін дамытады.

Футбол спорттық ойындарының элементтері.

1.Допты алып жүру және әріптесіне беру.

2.Көрсету,түсіндіру.

А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,өз тізбегінің ең соңына барып тұрады:

Б) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,жылдам қарсы тізбектің соңына барып тұрады:

В) Бір –біріне қарама-қарсы екі тізбек,ортасында бір ойыншы, сол ойыншы өзіне келген допты аяқтың ішіменен,оған доп берген ойыншымен ширетпенен доп алмастырады:

Г) Тізбектегі ойыншылар алма – кезек лопты жіргізу,жалаушаларды айналып өту,басқа ойыншыларға допты беру жаттығуларын орындап,тізбектің соңына барып тұрады.

Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге болады.
  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншылар мүлтіксіз орындауға тиісті.
  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда, оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
  • Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек.
  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге, шалуға болмайды.
  • Допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.
  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды.
  • Дөрекілік жасау футболшыға жат құбылыс.
  • Ауа райына қарай ойынға киетін спорт киімдері өзгереді

Футболдағы менің  жетістіктерім

 Менің сүйікті спортым – футбол. Бала кезімде футбол матчтарын теледидардан көргенді ұнататынмын. Алдымен бұл ойын мені әдемі доппен, жарқын формамен тартты. Біраз уақыттан кейін мен футболды қалай жақсы көретінімді ойладым.Футбол ойыны маған қатты  ұнағандықтан қазіргі уақытта футбол командасында ойнап жүрмін. Команданың жеңісі әрбір ойынға байланысты. Бұл ойын денсаулыққа пайдалы, ерік-жігерді тәрбиелейді, күшті болу үшін көмектеседі. Мен болашақта атақты Пеле, Месси, Рональдо сияқты футболист болғым келеді.

2.6. Қорытынды 

Қорыта айтқанда, футбол адамға күш жігер беріп салауатты өмір салтын ұстануға көмек береді, және тыныс алудың жүгіруді жақсартады.

Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек.Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы. Кәсіби футболшы болу оңай емес 🙂 Бірақ егер тілек және физикалық төзімділік болса, онда мақсатыңызға ұмтылыңыз, мұны істеу үшін барлық күш-жігеріңізді жұмсаңыз. Бұл қызметке көбірек уақыт жұмсаңыз, тренингке барыңыз, футбол туралы әдебиеттерді оқып көріңіз. Сонда сіз барлық жолмен табысқа жетесіз!

You May Also Like

Қарағанды-менің туған өлкем, ғылыми жоба

Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі   Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашық дамуы…

Адыраспан өсімдігінің емдік қасиеті, ғылыми жоба слайд

Оғыз тайпаларының діни-наным сенімдері, ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ: «Оғыз тайпаларының діни-наным сенімдері» ОҒЫЗ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ Аңдатпа Орта Азия…