Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері

Ғылыми жоба

Бағыты:     Экология

Секциясы: Химия

Мақсаты:

*өз  үйімнің жанындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚТ) айқындау және сол тұрмыстық қалдықтардың шығу тегін сипаттау.

* Тұрмыстық қатты қалдықтардан (ТҚТ) шыққан химиялық қосылыстардың бар екендігіне көз жеткізу.

* Адам денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетінің дәлелдеу.

Зерттеудің өзектілігі:
2018 жылдың маусым айынан аталған жылдың қыркүйек айына дейін Көктоғай елді мекенінде зерттеу жүргізілді және осы аймақта қоқыстар табылды. Аталған елді мекенді көше аймақтарынан, аула жанынан төменде суретте көрсетілгендей нәтижеге қол жеткіздік.                                              

Зерттелетін жер өз үйімнің ауласы, яғни Б. Нысанбаев 21/1 көшесі. Зерттеуге өз сыныптастарым және жоба жетекшім химия пән мұғалімі Дармуханова Б.К.  қатысты.

Зерттеу әдісі: ғылыми, бақылау,   

                          қадағалау, зерттеу.

Біздің гипотеза: қоқыстың қоршаған

                          ортаға ғана емес, біздің

             денсаулығымызға да әсері бар

 

І. Кіріспе

     Қоқыстар, қоқыс қалдықтары

ІІ. Негізгі бөлім

     1.Қоқыс қалдықтары

     2.Қоқыс шығару мәселесі

     3.Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері

ІІІ. Зерттеу бөлімі

    1.Қоқыс қалдықтарының әсерін зерттеу

    2.Мектеп оқушылар мен ұстаздарынан алынған сауалнама   және  

        оның   нәтижесі

Қорытынды
Кіріспе
Қазақстанның табиғаты керемет бай, жерінің байлығы әр қилы, бірақ сол байлықтың ішінен менің жаныма жақын жер бар. Ол менің туып өскен жерім Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай елді мекенім. Қазір жаңа заманның азаматы өзінің туған жеріне, өзін қоршаған табиғатына, өсімдігіне, жан-жануарларына бей-берекет қарайды. Тұрып жатқан жеріне, көшелерге, өз үйінің ауласына, тіпті, жақын арадағы ормандарға керек емес қалдықтарды тастайды. Осындай қалдықтар күннен күнге жалғасын табуда. Осыған байланысты жобамның тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған, ол тек қана үлкен елді мекендерге арналған маңызды, өзекті тақырып емес, сонымен қатар кішігірім біздің елді-мекенімізге де маңызды ой қозғарлықтай мәселе. Осыдан 10-15 жыл бұрын қоржын-қоржын қалдықтарды тастау ешкімнің ойына да келмеген. [1] Сонда «Не болды?» – деген сұрақ туындайды. Адамзаттың ой-санасында не өзгерді? Кім оларға керексіз қалдықтар мен қоқыстарды өзінің тұрған мекені мен өз ауласына бей-берекет тастауға құқық берді? Сонда адамзат баласы жазадан қорықпағаныма? Не себепті осындай жағдайлар менің мекенімде болып жатыр? Менің туып-өскен жерім, Көктоғай елді мекенімді неге өзіміз қорғап, қастерлемейміз? Өзіміз сол қалдықтардан бөлінген әр түрлі адам денсаулығына химиялық әсері бар заттармен, қосылыстармен не болмаса әр түрлі біреуге белгілі, біреуге белгісіз газдармен демалып, тіпті жұтып жүрміз ғой. Осы сияқты жағдайлар тек қана менің тұрып, өмір сүріп жатқан елді мекенімде ғана емес, барлық Қазақстан жерінде бірінші мәселе болып отыр. Осындай мені толғандыратын сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Осы мәселеге байланысты…

Зерттеу жұмысы

«Көше тазалығына жол» акциясы

Жұмыс нәтижесі: Жиналған қоқыс шамамен өз қоқыс жәшігінен асып кеткен, яғни бұл жерде айта кететін жағдай- қоқыс жәшіктері жеткіліксіз

ауладағы қоқыс жәшігінің жанынан мен төменде көрсетілгендей ауаның температурасын өлшейтін градусник тауып алдым

Содан кейін оны сол жатқан жерінен суретке түсіріп алдым. Оның ішінде не бар екенін біз жақсы білеміз. Әрине сынап бар. Ең жоғары дәлдіктегі медициналық құралбұл термометр, ол әрбір үйде бар. Қалыпты өмір сүру жағдайында адамдардың көпшілігі сынап бар жоғары улы қосылыстарға қол жеткізе алмайды. «Термометрді сындырғаның» – бұл уланудың ең ықтимал жағдайы. Біздің отандастарымыздың көбісі сынапты термометрлерді пайдаланады. Бұл, негізінен, олардың айғақтарының дұрыстығына және халықтың жаңа технологияға деген сенімсіздігіне байланысты. Термометрге зақым келген жағдайда, сынап адам үшін қауіпті

Сауалнама

  1. Қоқысты қалай қолданасыз?

 а) мен күйдіремін

 б) шығарып тастаймын

 в) қазып тастаймын

 г) басқа.

  1. Сіз қоқысты тиімді қалай қолданасыз?

 а) күйдіремін

 б) қоқысты сұрыптап, әрқайсысын өзінің жәшігіне саламын

в) маған бәрібір

  1. Қоқыс шығарумен проблемаларыңыз бар ма?

 а) иә

 б) жоқ

  1. Қоқыс шығарумен қандай проблемалар туындайды?
  2. Қоқыс жинауды ұйымдастыру туралы сіздің кеңесіңіз.
  3. Өзіндік қоқыс полигондарымен қалай күресуге болады?
  4. Болашақта қоқысты тиімді пайдалануға қандай кеңес берер едіңіз?
  5. Қоқыстарды өз арнайы жәшіктеріне сұрыптаған дұрыспа?

Қорытынды:    Қоқыс біртіндеп өркениеттің монстрына айналады. Экономиканың қазіргі жағдайы мен күнделікті өмір мәдениетінің арқасында, адамдар әлі күнге дейін бұл адам жасаған ескерткіштері арасында ұзаққа созылмаушылықта өмір сүреді. Біздің облыста тұрмыс тық қоқыс мәселесі ең өзек ті мәселе болып табылады. Егер біздің ауыл дың әрбір тұрғыны бұл туралы ойласа, басқа пластик бөтелкені салдары туралы ескертпес бұрын, табиғат әлдеқайда таза болады.Осы жұмыстың нәтижесінде келесі ұсыныстарды ортаға салуды жөн көрдім.
1. Мектеп алаңдары мен мектептің және тоғанның жанындағы саябақ аймағындағы қоқысты жинау бойынша ұйымдастырылған экологиялық рейдтер ұйымдастырып отыру;
2. Тұрмыстық қоқыс қаупі туралы тұрғындар арасында насихат  жүргізу;
3. Орта мектеп оқушылары арасында экологиялық білім тарату. «Қоқыспен не істеуге болады?» Экологиялық көрсеткіштері.
4. Осы мәселе бойынша ауылдағы кездесуде сөз сөйлеу.

Ұсыныстар:

1. Арнайы жабдықталған полигонда қоқысты уақытында алып тастау.

2. Қоқысты жағуға тыйым салатын және қылмыскерлерді заңдастыратын заң қабылдау.

3. Аулалық сенбіліктерді өткізу.

4. Балабақшадан бастап халықтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу.

5. Жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салу туралы заңдарды қабылдау.

6. Аулалардың аумақтарынан немесе арнайы жабдықталған аудандардан қоқысты үнемі алып тастау.

7. Үйдің аулаларында тұрғындардың апта сайынғы экологиялық сенбіліктері.

8. Халық арасында экологиялық хабардарлықты арттыру.

9. Халықтың жаппай мерекелік күндері өткізілетін жерлерде қосымша жәшіктерді орналастыру.

10. Полиция қызметкерлері дискотекалар, халықтық фестивальдар бар жерлерде қатаң түрде қадағалау жүргізу.

11. Қыста қоқыс жолын тазарту.

Өздігінен қоқыс полигондары үнемі қалыптасатын аумақтарбұл тоғанның аумағы, зираттың жанында, қаланың шетінде орналасқан жолдар бойында.

 

You May Also Like

Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері, ғылыми жоба

Жұмыстың атауы: «Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері». Ғылыми…

Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» Бағыты:Таза табиғи орта…

Пияздың пайдасы, ғылыми жоба

Пияздың пайдасы Сараптама шығармашылық зерттеу жұмысыма пікір білдіре отырып, жұмысымның  сапалы  жазылғандығын…

Жанкент қаласы, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала Жоспары  Кіріспе: Ортағасырлық Жанкент қаласы.…