Жұмыстың атауы: «Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері».

Ғылыми бағыты: «Таза табиғи орта-Қазақстан-2050 стратегиясын іске асырудың негізі».

Пікір.

Қазақстан   Республикасындағы білім беруді дамытудың а   мемлекеттік бағдарламасында білім беруді дамыту мәселелерінің негізгі мақсаты-білім беру  жүйесінің барлық деңгейінде  қоғамның  талаптарына сәйкес келетін білімді,  бәсекеге қабілетті  тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін  қалыптастыру болып отыр.

Химия саласында ғылым мен техниканың  қарыштап өскендігі соншалық, өткен ХХ ғасырды-химия ғасыры деп те атады. «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз – химиялық ғажайыптар» – деп ұлы ғалым М.В.Ломоносов айтқан.

Гүл –көз  қуанышы дегендей ежелден халқымыз гүл өсірген, одан  эстетикалық әсемдік алуға  ұмтылған. Тек өз жерімізде өсетін гүлдерді ғана емес, шет мемлекеттерде өсетін әдемі гүлдерді өз жерімізге  бейімдеп өсіруге қызығушылығын арттыруда.

Пікір

Қазірғі заманда, өмірде, әлеуметтік экономикалық жағдайды түзеуде биология-химия ғылымының алатын орны ерекше. Жас өспірімдердің экологиялық салауаттылық, гигиеналық, әлеуметтік-экономикалық  көзқарастарын қалыптастырып, олардың ғылыми және  танымдық қабіліетін дамытып, адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, табыс көзін тиімді пайдалануға, мамандыққа баулуда  биология-химия пәні  жетекшісі орын алады.

Бұл жұмыста ғылыми нәтиженің алыну мүмкіндігі мол  болуы үшін алған.Шадманкулов Санжар ізденімпаз, білімді, жаңалыққа ұмтылған  шәкірттердің бірі. Ол жоғарыдағы  тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмысын алып барды. мақсат қойып, нақты жоспар түзіп, жоспар бойынша зерттеу  жұмысын  алып барды. Жұмыс барысында нақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретін тиімді әдістерді пайдалануды ұсынды.

Оқушы зерттеу жұмыстарының кезеңдерін нақты көрсеткен: Қалампыр гүлін  ылғалдылық,  ауа температура, жарық органик, минерал тыңайтқыштардың жерін зерттейді. Нәтижені өмірде іске асыру  тұтынушыға тиімді және ауыл жағдайында табыс көзі ретінде қолдануға болады.

Алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін ғылыми әдебиеттерден пайдаланды.

Аннотациясы 

Қазақстан -2050 бағдарламасының іске асыру барысында қоршаған ортаны  сауықтыру тікелей өсімдіктер дүниесіне байланысты. Біздің табиғатқа  экологиялық  экономикалық қатынасымыз  жанашырлықпен көзқараста болуымыз керек. Сондықтан бұл ғылыми-шығармашылық еңбекте көрсетілген  жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді көгалдандыруға, пайдаланудың эстетикалық, экологиялық, медициналық мәні өте жоғары.

Бұл шығармашылық  жұмыста  Отаны Қытай мен Түркия болған қалампыр гүлін жергілікті жылыханаларда өсру мүмкіншілігі барлығы, одан үнемді  өнім алу мүмкіншілігі  көрсетілген. Жерді өнімге байыту және  залалсыздандыру үшін қолданылатын органикалық және минералдық  тыңайтқыштар  нақты  ұсынылған. Қосымша факторлар: (температура жарықтың  ылғалдылық) әсері зерттелді.

Ғылыми зерттеу жұмысы арқылы қалампыр гүлін жылы ханаларда өсіріп, әлеуметтік жағдайды түзетуге жұмыспен қамтамасыз етуге, өз үлесін қосады деп сенеміз.

      Зерттеу жұмысының өзіктілігі: Жылдан –жылға өсімдіктер әлеміне адамдар қызығушылығы артуда. Шетелде өсетін әдемі гүлдерді жылыханаларда  көбейтудің әдіс-тәсілдерін арттыру. Гүлдің жақсы өсуіне әсер ететін факторларды қолға алу.

Зерттеу  мақсаты мен міндеті: Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты  қалампыр гүлін жылыханада өсіру және оның  табыс көзі екендігін  айқындау:

  • Қалампыр гүлінің көшетін дайындау
  • Жылыхананың гүл егуге дайындау: топырақта қайта өңдеу, жүйек алу.
  • Гүл көшетін отырғызу
  • Гүлді өсіруде органикалық және минералды тыңайтқыштармен қоректендіру.
  • Гүл зиянкестерін жою
  • Жердің ылғалдылығын, жердің  температурасын қадағалау.

Ғылыми  жаңалығы: Гүлдің  өсуі  үшін жұмсалған тыңайтқыштардың әсері  мол болды. Гүл егіп оны баптауға кеткен және алынған қаражат есептелді. Жұмсалған қаражаттан алынған пайда көзделгеннен де артық болды. Сондықтан аудандағы жылыханалар санын арттырып, жұмыссыздар санын азайтуға жақсы мүмкіншілік.

The theme of the creative work «Technology of growing pink flower and the influence of organic mineral fertilizers» written by Iriskulov Sherzat. The pupil of 7-‘’Б” form, school № 105 named after Mukumy.

Annotation 

Working by the program of Kazakhstan – 2050 developing nature depends on growing plants. We must protect our ecology. That s why in this creative work we try to show how to grow local plants, the best ways using these plants ethics, ecological, medic.

China and Turkey grow pink flowers and we want to show how to grow these plants in the hotbeds and how to get good products.

There are some offers for using organic and mineral fertilizers.

Addition facts: (temperature, light, moisture) influence verified.

While working in this creative work we understood that growing pink flowers in hotbeds help people in social life and they may have their own jobs.

Nowadays people interest in growing plants. We must develop growing abroad beautiful flowers in hotbeds.

The aim of creative work: to grow pink flowers in hotbeds and to get for good result.

The scientific news: All spent money numerated. It gives useful result. In every district we must build hotbeds and lots of people may have great opportunity to work there.

Аннотация 

     Научной  работы ученица  7«Б» класса  ОСШ имени Мукуми №105

Ирискулов Шерзат  на тему  «Технология выращивания гвоздики и вылеяние  органических и минеральных  удобрение»

С целью выполнения программы   «Казахстан-2050» данная научная работа посвящается охране растительного  мира.

Наше  экологическо- экономические  отношения к природе связаны с любовью к окружающей среде, к родной земле. В этой научной работе показаны труды по выращиванию местных культурных растений, т.е. Цветов и их эстетические, экологические и медицинские свойства. В данной научной работе ученик показал, что гвоздику, которой родиной является Турция и Китай, можно выращивать и в местных теплицах. Здесь также сказано, как  обогащать почву минеральными и органическими  удобрениями.

Вторичные факторы: влияние температуры и цветы.

Материалом исследования и особенности научной работы: 

От года в год у людей возрастает интерес к растительному  мире.

Умножение красивых цветов, которые растут зарубежом в местных условиях в теплицах.

Целью следования является выращивание гвоздики в теплицах местных условиях:

–  Подготовить рассаду гвоздики

–  Подготовка теплица для посадки цветов.

–  Посадить рассаду  цветов.

–  Обогащение рассад с органическими и минеральными удобрениями.

Научная новизна работы: Органические и минеральными удобрение использованные для роста цветка, были достаточны. Рассчитали расходы на выращивание цветка и доходы. Доходы были на много выше чем расходы.

По этому увеличение теплиц дает возможность увеличить рабочие места.

Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері тақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмыстың 

Тезисі

Зерттеу  жұмысының  өзектілігі: Жылдан-жылға өсімдіктер әлеміне адамдар қызығушылығы артуда. Шетелде өсетін әдемі гүлдерді жылыханаларда көбейтудің әдіс-тәсілдерін арттыру. Гүлдің жақсы өсуіне әсер ететін факторларды қолға алу.

              Зерттеу мақсаты мен міндеті: Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты қалампыр гүлін жылыханада өсіру және оның табыс көзі екендігін айқындау:

  • Қалампыр гүлінің көшетін дайындау.
  • Жылыхананы гүл егуге дайындау: топырақты қайта өңдеу, жүйек алу.
  • Гүл көшетін отырғызу
  • Гүлді өсіруде органикалық және минералды тыңайтқыштармен қоректендіру.
  • Гүл зиянкестерін жою
  • Жердің ылғалдылығын, жердің температурасын қадағалау.

     Зерттеу нәтижесін қорытындылайтын болсақ:

Қалампыр гүлін егу Қазақстан Республикасының оңтүстігінде мүмкіншілігі мол, себебі топырағы өнімді, климаты қолайлы. Гүлді жылыханаға егіп, ол дайын болғанша кеткен қаражат 521900 теңгені құрайды, келіп түскен пайда 31951000 теңге болды. Демек гүлден тек эстетикалық тұрғыдан рухани байлық қана емес, табыс көзінің бірі екендігін аңғарамыз.

Мазмұны

Кіріспе.———————————————————————————-2

  1. Қалампыр гүлінің тарихы және қалампыр тұқымдасы.——————-3
  2. Зерттеу әдістемесі.
    • Органикалық тыңайтқыштардың өсімдік әлеміндегі орны.———–9

2.2.Өсімдік тіршілігіндегі кейбір химиялық элементтердің физикалық орны.13

2.3.Қалампыр гүлінің қаламшасын дайындау және өсіру технологиясы.—-17

3.Зерттеу нәтижелері:

3.1. Қалампыр гүлін өсіру барысында оған органикалық және минералды тыңайтқыштардың әсері.————————————————————-20

3.2. Өсімдік зиянкестері.————————————————————-21

3.3. Минералды тыңайтқыштармен жұмыс істеу кезіндегі  қауіпсіздік техникасы.——————————————————————————23

3.4. Қалампыр гүлінің емдік қасиеті.———————————————24

  1. Қорытынды.————————————————————————-26

Пайдаланылған әдебиеттер:———————————————————27

Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері тақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмыстың

Аннотациясы.

Қазақстан 2050 бағдарламасын іске асыру барысында қоршаған ортаны сауықтыру тікелей өсімдіктер дүниесіне байланысты. Біздің табиғатқа экологиялық экономикалық қатынасымыз жанашырлық пен көзқараста болуымыз керек. Сондықтан бұл ғылыми-шығармашылық еңбекте көрсетілген жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді көгалдандыруға пайдаланудың эстетикалық, экологиялық, медициналық мәні өте жоғары.

Бұл шығармашылық жұмыста отаны Қытай мен Түркия болған қалампыр гүлін жергілікті жылыханаларда өсіру мүмкіншілігі барлығы, одан үнемді өнім алу мүмкіншілігі көрсетілген. Жерді өнімге байыту және залалсыздандыру үшін қолданылатын органикалық және минералды тыңайтқыштар нақты ұсынылған. Қосымша факторлар: (температура, жарықтық, ылғалдылық) әсері зерттелді.

Ғылыми зерттеу жұмысы арқылы қалампыр гүлін жылыханаларда өсіріп, әлеуметтік жағдайды түзетуге, жұмыспен қамтамасыз етуге, өз үлесін қосады деп сенеміз.

 Зерттеу  жұмысының  өзектілігі: Жылдан-жылға өсімдіктер әлеміне адамдар қызығушылығы артуда. Шетелде өсетін әдемі гүлдерді жылыханаларда көбейтудің әдіс-тәсілдерін арттыру. Гүлдің жақсы өсуіне әсер ететін факторларды қолға алу.

              Зерттеу мақсаты мен міндеті: Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты қалампыр гүлін жылыханада өсіру және оның табыс көзі екендігін айқындау:

  • Қалампыр гүлінің көшетін дайындау.
  • Жылыхананы гүл егуге дайындау: топырақты қайта өңдеу, жүйек алу.
  • Гүл көшетін отырғызу
  • Гүлді өсіруде органикалық және минералды тыңайтқыштармен қоректендіру.
  • Гүл зиянкестерін жою
  • Жердің ылғалдылығын, жердің температурасын қадағалау.

Ғылыми жаңалығы:  Гүлдің өсуі үшін жұмсалған тыңайт-қыштардың әсері мол болды. Гүл егіп оны баптауға кеткен және алынған қаражат есептелді. Жұмсалған қаражаттан алынған пайда көзделгеннен де артық болды. Сондықтан аудандағы жылыханалар санын арттырып, жұмыссыздар санын азайтуға жақсы мүмкіншілік.

Кіріспе.

Елдің білімі мен ғылымын дамытуда бірінші кезекте қолжетімді білімнің алар орны ерекше. Бұл бағытта біздің мемлекетімізде қолға алынып жүзеге асырылып жатқан істер қазір әлем жұртшылығының назарын аударуда. Президент Н. Ә. Назарбаев бастамасымен қабылданған «Қазақстан-2050» даму стратегиясынан бастап әр жылға Қазақстан халқына арнаған Елбасы жолдауларында білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстан Республикасында білім беру

ға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы да отандық ғылым мен білімге деген мемлекеттік қамқорлықтың дәлелі.

Жолдауда айтылған мәселенің бірі ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару және ғылымды инновациялық үдеріске тікелей қосу. Яғни, еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізінде ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге барынша назар аудару. Өтен жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заң экономиканың дамуына серпін беретін ғылымды басқарудың түбегейлі жаңа тетіктерін өмірге енгізді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО) 2011 жылды Халықаралық химия жылы деп жариялады. Яғни, ол халықтың әл-ауқатын арттыру үшін, әртүрлі ауру түрлерімен планетамыздың экологиялық жағдайын жақсарту үшін химия ғылымының дамуы қаншалықты маңызды екендігін қоғамға түсіндіреді. Сонымен қатар ең бастысы химия жылы химия және онымен аралас мамандықтарға талантты жаңа буынның, ал химиялық ғылыми орталықтарға ғылымға қызығатын және оған берілген ізденушілерді тартуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі жас ұрпақты отанымыздағы өсімдіктер әлемімен таныстырып, шет мемлекеттерде өсетін әдемі өсімдіктер әсіресе гүлдерді жерлендіру, ботаника ғылымына танымдық қызықтыру туған өлкенің байлықтарын қорғау маңызды.

Отаны Қытай және Түркия болған ремонтант қалампыр гүлдері тек жылыханаларда өсіріледі. Бұл негізгі ұзақ уақытты шаруашылықтағы мәдени- кәсіптік жабық грунтта өсірілуді қажет етеді. Осы түрдегі гүлдер бір жылдық және екі жылдық өсімдік тәрізінде күтіледі. Ремонтант қалампыр гүлі басқа гүлдерден негізгі ерекшелігі түрлі-түсті болады: қызыл, қызғылт, сары және басқа. Гүл бутондары үлкен бірнеше қабатты, иісі жағымды. Шабо (Қытай) формасындағы қалампыр гүлінің бір жылдығының бутондары бірнеше қабатты және сирек қабатты.

Композиция жасауда ремонтант қалампыр гүлі түрлі гүлдермен бірге жиі қолданылады. Олардан үлкен, кіші гүлдер шоғы жасалады. Гүл шоғы әдемі көріну үшін аспарагус сабақтарымен папаротникті қолданады.

1.1.Қалампыр гүлінің тарихы мен түрлері.

Қалампыр әдемі гүлдейтін, жасыл сабақты, көпжылдық өсімдік. Оның 400ге жуық түрі бар. Жерорта теңізі және Азияда кең тараған. Карл Линней қалампыр гүлін «диантус» деп атаған. Грекшеден аударғанда «Тәңір гүлі» немесе «Зевс гүлі» деген мағына береді.

Көп халықтар қалампыр гүлін ежелгі заманнан білетін болған. Арнайы гүлден дайындалған қайнатпалар дайындап, ауыр кеселден қорғаған. Жолаушылар ұзақ жолға аттанғанда  өзімен бірге қызыл қалампыр гүлін ала шығады. Сол үшін адамдар оны сәтсіздіктерден және бәлекеттерден сақтайды деп түсінген.

Ежелгі грек аңызында қызыл түсті қалампыр гүлін адамның бір бөлігі  деп есептеген. Күндердің бір күнінде арман егесі және қорық қорғаушысы есептелген Артемида үйіне құрқол қайтты. Ол аңшылығы сәтсіз болғандықтан қатты ашуланды. Жолда ол сырнай шалып отырған шопанды кездестірді. Шопанның сырнай шалып отырғаны, Артемиданың тұла бойын шошытып жібергендіктен балаға қарай атылып, көзін шұқып алды. Көзі домалап жерге түсті, түскен жерден сары дағы бар қызыл гүл өсіп шықты. Ол гүл адамның көзінің қарашығына ұқсайды. Ол бірінші қалампыр еді. Адамдар қалампыр гүлін жақсы көреді. Көп халықтар оны әділет пен қайырымдылықтың нышаны деп есептейді. [3.14]

Қалампыр тұқымдасы – (Cariophyllaceac) қос жарнақты өсімдіктердің бір тобы. Шала бұта не бұта түрінде өседі. Жер шарының солтүстік жартысының қоңыржай аймақтарында көп таралған. 80-ге жуық туысқа бірігетін 2мыңнан астам түрі белгілі, оның ішінде Қазақстанда 30 туысқа жататын 212 түрі өседі. Жапырақтары жіңішке, көбіне қарама-қарсы орналасқан гүлдері қос жынысты, араларында дара жыныстылары да кездеседі. Гүл шоғыры сыпыртқы не шашақ тәрізді, кейде дара гүлді. Аталығы 10 кейде 5 не бұдан да аз, аналығы – біреу. Қалампыр тұқымдасының көп түрлері түнде гүлдейді (мысалы: салбыр, салдыршөп т.б.) және гүлінен шырын бөлінеді. Осыған байланысты бұлар түнгі жәндіктер арқылы (негізінен көбелектермен) тозаңданады. Жемісі – қорапша, кейде жаңғақ не жидек тәрізді болады. Бұлардың арасында мал азықтық, улы арамшөп, әсемдік үшін өсірілетін, дәрі жасауда, тағам, парфюмерияда, тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылатын, тамырында сапониндер, алколоидтар болатын түрлері бар.[8. 493].                       Қалампыр – (Dianthus) қалампыр тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін  өсімдік. Кейде шала бұта түрінде  де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15-50 см дейін, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа  жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымда қауашақ Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары Қазақстнның гүл өсіретін аймақтарында әсемдік үшін өсіріледі. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлден тұрған кезінде жинайды. [8 493].

Барбатус қалампыры – (Түрік қалампыры ) Оңтүстік Европада таралған Түркия мен Кавказда кездеседі. Табиғатта ол көпжылдық, мәдени жағдайда екі жылдық  өсімдік ретінде күтіледі. Қазіргі күнде әдемі гүлдейтін түрлері өте көп. Тік және биік сабақты гүлдерді кесіп  алу үшін өте қолайлы.

Перест қалампырының отаны Австрия мен Чехославакия. Мәдени түрдегісін 5-6 жыл барысында күтіледі. Қалампыр гүлдері иісі жағымды, гүлдері бірнеше қабатты және сирек қабатты болады. Перест қалампыры қызыл және қызғылт түсті болып гүлдейді. Қоңыр және көгілдір аралас қалампыр тек қана Европада кездеседі. [6. 35].

  2.1. Органикалық тыңайтқыштар.

Органикалық тыңайтқышқа көң, көң сыдырасы, құс саңғырығы, қордалар, шаруашылық қалдықтары, шымтезек, сапропель т.б. жатады. Органикалық тыңайтқыштардың маңызына тоқтала келіп академик Д.Н.Пряшников былай деп жазған: «Химия өнеркәсібінің дамуына және минералды тыңайтқыштардың кеңінен таралуына байланысты, көңнің маңызы кейінгі екінші кезектегі жоспарға қалдырылады деп ойлау мүмкін емес, керісінше, минералдық тыңайтқыштарды қолданудың артуына байланысты көңнің мөлшері де арта түседі. Мұны химияландырудың жоғары дәрежесіне жеткен елдердің тәжірибесі де көрсетіп отыр. Бұл жағдай , көңді ауыл шаруашылығы дақылдарына ең басты тыңайтқыштар ретінде қолданудың бірі деп санауға мәжбүр етеді»

Органикалық тыңайтқыштар топырақтың агрономиялық қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді және дақылдардың өнімін арттыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал тәжірибе стансасының көпжылдық деректеріне қарағанда гектарына 30-тоннадан көң қолданғанда боз топырақтың құрамындағы гумус (0-25см) тереңдіктегі мөлшері 1,125 процент, азот 0,136 процент, ал тыңайтқыш берілмеген жердің топырағында бұл көрсеткіштер тиісінше 0,573 және 0,082 процент болған. Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдіктің қоректенуіне қажетті барлық элементтер кездеседі. Мәселен: мүйізді ірі қара малдың көңінің бір тонна құрғақ затында 20кг азот, 10кг фосфор, 24кг калий, 28кг кальций, 6кг магний, 4кг күкірт, 25г бор, 230г марганец, 20г мыс, 100г мырыш, 20г молибтен, 1,2г кобальт, 0,4г йод болады. Сондықтан оларды толық тыңайтқыш деп атайды. 20 тонна жартылай шіріген төсенішті көң 0,3 тонна аммоний селитрасын, 0,25 тонна жай суперфосфатты, 0,3 тонна калий хлоридын ауыстырады. Минералдық тыңайтқыштарға қарағанда органикалық тыңайтқыштарда қоректік заттардың мөлшері аз болады.

Органикалық тыңайтқыш өсімдік үшін көмірқышқыл газының көзі болып табылады. Топыраққа енгізілген бұл тыңайтқыштардың ыдырауынан пайда болған көмірқышқыл газы топырақ ауасын, топырақтың үстіңгі қабатын қанықтырыды да өсімдіктің ауа арқылы қоректенуі жақсарады.

Органикалық тыңайтқыштар топырақ микроорганизмдері үшін энергетикалық материал мен қоректік заттардың негізгі көзі болып саналады. Сонымен қатар олар топырақты түрлі микрофлоралармен байытады, аммонификация және нитрофикация процестерін жеделдетеді. Органикалық тыңайтқыштарды енгізу – топырақ құнарлығын арттырудың басты тәсілі. Әрдайым органикалық тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданғанда топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері, биологиялық, физикалық, физика-химиялық, химиялық қасиеттері, су және ауа режимдері жақсарады. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы мен негіз бен қанығу дәрежесі артады, қышқылдылығы төмендейді, жылжымалы алюминий, темір, марганец мөлшері кемиді.

Органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштың тиімділігін арттырады. Топырақ ерітіндісінің шамадан тыс қолдануын және қоректік заттардың шайылуын кемітеді. Минералдық тыңайтқыштар көбінесе енгізілген жылы ғана әсер ететін болса, органикалық тыңайтқыштардың әсері бірнеше жылға созылады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бірге қолданса анағұрлым мол өнім алады. Ғылыми және өндірістік тәжірибелерде

таза көңнің өзі дақылдардың өнімділігін 20-30 процент, минералдық тыңайтқыштар 23-35 процент, ал екі түрін бірге пайдаланғанда 40-60 процентке дейін артатындығы анықталған.

Профессор К. Иманғазиевтың ғылыми талдаулары бойынша енгізілген 20 тонна көң мақта өнімін гектарына 7 ц. қант қызылшасын, 100ц дәндік жүгеріні, 15ц күрішті, 10ц бидайды 5ц арттырады.

Сонымен егілетін дақылдардан мол әрі сапалы өнім алу үшін және топырақ құнарлығын арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор.

Егіншілікте өте ертеден қолданылып келе жатқан органикалық тыңайтқыштардың бірі көң.

Көң құрамдас бөлігіне байланысты төсенішті және төсенішсіз деп ажыратылады. [2.28].

Төсенішті көң

Төсенішті көң қатты, сұйық бөліктен және төсеніштен тұрады. Малдың жеген азығының құрамында органикалық заттың 40, азоттың 50, фосфордың 80 және калийдің 95 пайызы көңге ауысады. Көңнің құрамы малдың түріне, оның жасына, азықтың түріне қарай өзгеріп тұрады. Бұл факторлар сол сияқты көңдегі қатты және сұйық  бөлшектердің арақатынасына да әсер етеді.

Мал денесінен бөлінетін қатты және сұйық бөліктердің химиялық құрамы бірдей емес. Мұнда айта кететін бір жағдай мал денесінен шығатын фосфордың барлығы жас нәжісте болса, азоттың 50-70% және калий зәрмен бірге бөлінеді.

Төсеніш – көңнің сапасы жақсартатын және көң садырасы мен азоттың ысырап болуын төмендететін құрамдас бөлігі төсеніш ретінде сабан шымтезек, ағаш үгіндісі т.б. материалдарды пайдаланады.    [1.131].

Төсеніш – көңнің физикалық, физика – химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда, көңнің ылғалдылығы азды-көпті төмендейді, онша тығыздалмайды және сақтағанда жеңіл ыдырайды.

Төсеніш үшін сабан мен шымтезекті пайдаланғанда сапасы жақсы көң алынады.

Қолданылатын төсеніш мөлшері оның түріне, сапасына, малдың түрі мен жасына азықтық мөлшері мен сапасына байланысты.

Төсенішті көң құрамында өсімдіктерге қажетті барлық қоректік элементтер болатын толық органикалық тыңайтқыш. Топыраққа енгізілген көң микроорганизмдердің қатынасында минерализацияланады. Оның жалпы органикалық заттың 72% минералдық қосылыстарға өтеді, ал 28% топырақ шіріндісіне ауысады.    [1.132].       

1-кестее

Көңнің ыдырау дәрежесінің, оның құрамына әсері. %

 

 Көң құрамына енетін заттар Жас көңдегі мөлшері 2-ай сақталған көңдегі мөлшері 4-ай сақталған көңдегі мөлшері 5-8 ай сақталған көңдегі мөлшері
Су 72,0 75,5 74,0 68,0
Органикалық заттар 24,5 19,5 18,0 17,5
Жалпы азот 0,52 0,60 0,60 0,73
Белокты азот 0,33 0,45 0,54 0,68
Аммиакты азот 0,15 0,12 0,10 0,05
Фосфор 0,31 0,38 0,43 0,48
Калий 0,60 0,64 0,72 0,84

Жас және жартылай шіріген көң құрамында нитратты азот болмайды, оған себеп көң аэробты жағдайда шірігенде жоғары температураның  (60-70˚с) әсерінен нитрат түзуші бактериялар тіршілігін тоқтатады. Шірінді құрамында нитратты азот өте аз мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ, нитрат түзуші бактериялардың дамуына көңде аммиак пен суда еритін органикалық заттардың концентрациясының жоғарылауы да теріс әсер етеді.

Шаруашылықта көңді топыраққа енгізу тереңдігіне көңіл бөлген жөн. Мұнда көңді құрғақшылық аймақтарда және құм, құмдақ топырақтарға  20-22см, ал ылғал мөлшері жеткілікті және саз, саздақ топырақтарға    12-14см тереңдікке енгізеді.

Көңнің әсіресе оның жоғары мөлшерінің тура әсері күшті және кейінгі әсері ұзақ болады. Дегенмен көңнің кейінгі әсерін топырақ – климат жағдайлары айқындайды. Мәселен, көңнің кейінгі әсері солтүстік аудандарда 7-8 жылға оңтүстікке 2-3 жылға созылады.

Төсенішсіз көң

Малдың қатты және сұйық экскременттерінің сумен әртүрлі дәрежеде араласқан қоспасын төсенішсіз көң дейді. Төсенішсіз көңнің үш түрі болады: жартылай сұйық (ылғалдылығы 90пайызға дейін), сұйық (ылғалдылығы 93 пайыздан жоғары).

Олардың құрамындағы жалпы азоттың 50-70 пайызы аммиакты,       3-8 пайызы нитратты, 25-45 пайызы органикалық азоттан тұрады. Аммиакты азот бос аммиак, мочевина және аммоний карбонаты күйінде болады. Біраз күннен соң мочевинаның 90 пайызы аммиак пен көмірқышқылына өзгереді. [1.141]. 

2- кесте

Аралас төсенішсіз көңнің химиялық құрамы %

Көрсеткіштер Ірі қараның

төсенішсіз көңі

Шошқаның төсенішсіз көңі
Су 88,5 – 92,0 90,0 – 92,0
Құрғақ зат 8,0 – 11,5 8,0 – 10,0
Органикалық зат 6,0 – 8,6 3,9 – 5,0
Жалпы азот 0,28 – 0,40 0,38 – 0,47
Аммиакты азот 0,17 – 0,25 0,26 – 0,33
Фосфор 0,14 – 0,20 0,19 – 0,24
Калий 0,32 – 0,45 0,18 – 0,23
Кальций 0,10 – 0,15 0,15 – 0,19
Магний 0,07 – 0,10 0,08 – 0,10
Натрий 0,08 – 0,12 0,08 – 0,10

3-кесте

Төсенішсіз көңнің қатты және сұйық бөліктерінің химиялық құрамы, %

 

Көрсеткіштер

Ірі қара көңі Шошқа көңі
Қатты

бөлігі

Сұйық

бөлігі

Қатты

бөлігі

Сұйық

бөлігі

Су 78,7 96,7 71,0 95,3
Құрғақ зат 21,3 3,3 29,0 4,7
Органикалық зат 14,2 2,4 19,0 3,2
рН 8,5 7,7 8,5 7,5
Жалпы азот 0,35 0,24 0,78 0,50
Фосфор 0,14 0,03 0,46 0,06
Калий 0,23 0,24 0,28 0,32
Кальций 0,57 0,14 0,77 0,18
Магний 0,11 0,04 0,29 0,02

Бұл тыңайтқышты жерді жыртар алдында дақылды үстеп қоректендіру үшін және қорда дайындағанда қолдануға болады.

Шаруашылықта көңді топыраққа енгізу тереңдігіне көңіл бөлген жөн. Мұнда көңді құрғақшылық аймақтарда және құм, құмдақ топырақтарға 20-29см, ал ылғал мөлшері жеткілікті және саз, саздақ топырақтарға 12-14см тереңдікке енгізеді.

Көңнің әсіресе оның жоғары мөлшерінің тура әсері күшті және кейінгі әсері ұзақ болады. Дегенмен көңнің кейінгі әсерін топырақ климат жағдайлары айқындайды. Мәселен, көңнің кейінгі әсері солтүстік аудандарда 7-8 жылға, оңтүстікте 2-3 жылға созылады.

     2.2. Өсімдік тіршілігіндегі кейбір химиялық элементтердің физикалық рөлі.

Қандай болмасын тірі организмнің, соның ішінде өсімдіктің  де қоректенуі арқылы өмір тіршілігі одан әрі жалғастырылатыны белгілі. Өсімдік неғұрлым жақсы қоректенетін болса соғұрлым тез өсіп жетілетін болады.

Организмдегі зат алмасу ерекшелігіне және соған орай пайда болатын

заттардың түрлеріне қарай өсімдіктер минералдық заттарды қабылдауда өзіне тән талғампаздық қасиет байқатады. Соған байланысты ол өз денесінде жүретін биологиялық процестерге, тіршілік қажетіне сай минералдық заттарды ғана қабылдайды.

Өсімдіктердің негізгі тіршілік процесі  фотосинтез екені белгілі, ал бұл процесс бір жағынан күн көзі жарығының қуатымен, екінші жағынан  ауаның жер бетіндегі қабатына көмір қышқылының құйылуымен байланысты өтеді, фотосинтез нәтижесінде ауадағы көмірқышқыл газы мен судың  есебінен өсімдік бойында барлық органикалық заттардың 93,5% түзілсе, тек 6,5 пайызы ғана топырақтағы минералдық заттардың есебінен құралады.

Өсімдіктер құрап біткеннен кейін табиғат тағы қоян-қолтық  араласуларда жаңадан тағы да пайда болған органикалық зат топыраққа барып түседі, онда микроорганизмдердің ықпалымен іріп-шіріген қалдықтардың көп бөлігі жоғарғы қабаттарға бекиді. Өсімдіктердің тек өздеріне ғана тән тамаша қасиеті бар. Олар өздерінің өсіп-жетілуі, өркендеуі үшін қажетті заттарды сайлап алып топырақтың жоғарғы  құрғақ қабаттарына жинап сақтай біледі.

Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігін құрап топыраққа түсуінен топырақтың құнарлығы артады немесе керісінше өсімдіктер қалың болып өскен кезде тамыры арқылы топырақ құрамындағы түрлі қоректік заттарды бойына мол сіңіріп, оны құнарсыздандырады. Өсімдіктің тамыры топыраққа терең бойлаған сайын жер қыртысына жік түсіріп бұзады, тарамдалған тамырларымен шырмап, топырақ түйіршіктерін нығыздайды, өзара байланыстырады. Өсімдік белгілі дәрежеде физиологиялық қызмет атқара отырып, энергия жұмсайды. Ол энергияны өсімдік қоршаған ортадан, күн сәулесінен, әр-түрлі минералдық, органикалық заттардан алады. Осы элементтердің біреуі өсімдікке жетіспесе, онда өсімдік жақсы өспейді, ауруға ұшырайды,  жөнді өнім бермейді, тіршілігін тоқтатып өліп қалады.

Жоғары сапалы өнім алу үшін өсімдіктердің өсіп дамуының әрбір кезеңінде

онда болатын ерекшеліктерді есепке ала отырып қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз етіп отыруды қажет етеді. Өсімдікті аса құнды қоректі заттармен қамтамасыз ету үшін мынадай жағдайларды жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіп-жетіліп дамуының әрбір кезеңінде оның қандай қоректік заттарды қажет ететінін жақсы білу керек, екіншіден, өсімдіктің кейпіне (сыртқы пішініне) қарап, қолда  бар қоректік заттар оның қажетін өтей алатын немесе алмайтынын тез анықтап білген жөн, үшіншіден, өсімдіктің өнім құрауына қолайлы жағдай жасау үшін оған қажетті қоректік заттар жеткізіп беруге дер кезінде шара қолдану қажет.

Аммиак газ күйінде болса онда өсімдік денесін уландырады. Ол алдымен өсімдік тамырларында өзгеріске ұшырап, аспарагин дейтін усыз затқа айналады. Аспарагин ерітіндісі өсімдік бойымен жоғары көтеріліп, жапырақтарға келген соң күрделі ақуыз заттарын түзеді. [2.62].

Фосфор – жеткіліксіз болып, өсімдіктің азот қорегі шамадан тыс көп болса, онда ол керісінше өсімдікке кері әсер етеді. Яғни өсімдіктің пісуі кешеуілдейді  және бәрі бір мезгілде тегіс піспейді, өсімдік масағы, жапырақтары тығыла бастайды, ауа райының қолайсыз қолайсыз жағдайына қарсыласуы кемиді.

    Фосфор протоплазма мен клеткалар ядросының құрамына кіреді. Оның азоттан айырмашылығы ақуыздың құрамына тікелей кірмейді, бұл нуклеин қышқылының бір бөлігі болып саналады және жай ақуызға қосылып күрделі нуклеопротеид ақуызын қалыптастыруға ықпал етеді. Биологиялық реакцияны тездететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді. Өсімдіктерде көмірсулардың пайда болуына қатысады.

Күзде астық дақылдары егісіне сапалы фосфор тыңайтқышы енгізілсе, олардың қысқы суыққа төзімділігі артады, өсімдік қынабының түсуі азаяды, сөйтіп, сабағының бойлап өсуіне жағдай жасалады.

Өсімдік тіршілігінің бастапқы кезеңінде және өсімдік өсіп дами бастаған  мерзімде  фосфор тыңайтқышының үлкен маңызы бар. Фосфор тыңайтқышы  өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын тездетеді. Өсімдіктің тамыр жүйелерінің

дамуы арқасында өсімдік қоректік заттарды  жақсырақ  пайдаланады, ылғалды бойына көбірек сіңіреді, ал бұл өсімдіктің  жер бетіне өсіп шыққан бөлшектерінің қаулап өсуіне   қолайлы әсер етеді. Өсімдік фосфор жетіспей зәрушілікке ұшыраса,   онда өсімдіктің сабағы мен жапырағының  өсуі тоқтайды, тұқым құрамайды. Сонымен бірге өсімдіктің жапырақтарының шеткі жиектері ширатылады, жапырақтарда күрең теңбілдер пайда болады, зақымдалған жерлерінің ұлпалары түсе бастайды.

Фосфорды өсімдік топырақтан фосфат күйінде қабылдайды. Ал       ол  өсімдік денесінде пайда болатын эфирдің және басқа да органикалық қосындылардың, кейбір ферменттердің     нуклеопротеидтердің  және т.б. құрамына енеді.

Калий – де өсімдіктер тіршілігінде аса маңызды    физиологиялық   рөл атқарады. Ол өсімдіктердің жас, балғын органдарында протоплазмаға бай клеткаларында, әсіресе өсімдіктердің ұрығында, жеміс түзілетін органдарында көп кездеседі. Ал өсімдіктердің жоғарыда аталған бөліктерінде заттар күштірек алмасады, клеткалар түзіледі, өсуі де жоғары қарқынды болады.

Жоғары дәрежелі өсімдіктер қоректерінің ішінде ешқандай калий болмаса, өсімдік құрып кетеді немесе өте болымсыз вегетативтік өнім береді. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының ылғалды сақтап тұру қабілеті кемиді.

Калий тыңайтқышы өсімдіктердің ақуыз заттарының синтез жасауына (химиялық қосылыстар шығаруға) үлкен ықпал жасайды. Калий жетіспесе     бұл процесс бөгеліп қалады да, ақуызсыз (зиянды) азот жинауына себеп болады. [2.124].

Кальций – өсімдікке жан-жақты әсер етеді. Ол өсімдіктің барлық мүшелерінде: қымыздық, пектин, фосфор қышқылдарының тұздарының құрамында кездеседі. Өсімдік құрамындағы кальций қосылыстарының 20-65 пайызы суда жақсы ерісе, қалған бөлігін әлсіз сірке, тұз қышқылдарының көмегімен бөліп алуға болады. Кальцийдың біраз бөлігі цитоплазмада ион

түрінде кездеседі. Кальций жер бетіндегі өсімдіктің мүшелерінің өсуіне де

қолайлы жағдай тудырады. Ол фотосинтез құбылысының жүруі үшін маңызды рөл атқарады.

Кальций өсімдіктегі зат алмасу, көмірсулардың жылысу, азотты  заттардың өзгеру процестеріне қатысады. Кальций жетіспегенде ең алдымен өсімдіктің  тамыр жүйесі зардап шегеді де, тамыр түкшелерінің пайда болуы тежеледі.

Кальций топырақта түрлі минералдардың, сіңіру кешені құрамында және көмір, азот, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздары түрінде кездеседі. Өсімдіктер алмасатын және топырақ ерітіндісіндегі кальцийды сіңіреді. Мұндай кальций қара топырақта көп, ал қарақоңыр және бозтопырақтарда аз мөлшерде болады.

Кальцийдың жалпы мөлшері топырақ түріне байланысты. Мысалы: қара топырақта 1,44 пайыз, боз топырақта 6,04 пайыз шамасында болады.

Магний – хлорофилл құрамында  фосформен бірге ұлпа және тұқым құрамына кіреді, жасыл өсімдіктердің бірқалыпты қоректенуіне қатысады. Оның шамадан тыс көп болуы өте зиянды. Ол құм, құмайт жерлердегі басқа топырақтың бәрінде кездеседі. [2.95].      

      2.3.Қалампыр гүлінің қаламшасын дайындау және өсіру технологиясы

    Көбейту. Ремонтант қалампыр гүлін қаламша көбейтеді. Жаңадан бұтақтың жанынан шығарған сабақтарынан әзірленеді. Ол үшін гүлдер бақшасында аналық гүл сабағын дайындап , келешекте  қаламша дайындайды. Аналық гүлдің келешегі үшін жаппай гүлдеу уақытында сау, жанынан шыққан сабақтарын теріп алады. Ол үшін гүл бақшаларында аналық гүлдерді жетілдіреді, келешекте к өшеттерін дайындайды. Жаппай гүлдену кезеңінде аналық гүлдің келешегі үшін   сау және көп ұрықтар секілдіні таңдап алады. Солардан көшеттер     дайындалады. Әрқайсысынан 5-7 ммден сабақтарын кесіп алып, фитопотологиялық лабараторияда қайызғақ ауруының бар жоқтығын тексереді. Тек сау сабақтардың көшеттерін алып зарарсыздандырылған жағдайда

қаламшаны  дайындау үшін (бір күнде 5-7 рет) жиі су шашылады. Жапырақтарда су тамшылары қалмауы қадағаланады. [6.236].

Егілген уақыттан 20-30 күн өткен соң көшеттер тамырлайды. Тамыр шығарған көшеттерді зарарсыздандырылған ыдыстарға отырғызады.  Осылай жетілдірілген өсімдіктер қайызғақ ауруларын қоздырғыштардан еркін болады. Келесі кезең жаңа аналық гүлдерді вирустық және бактериялық аурулардан сақтандыратын іс-шараларды қарастырады. Тамыр шығарған көшеттерден жаңа көшет дайындайды, оларды да зарарсыздандырылған жағдайларда тамырландырады. Тамыр шығарғаннан кейін оларды зарарсыздандырылған (буландырылған немесе химикаттармен дайындалған) жәшіктерге егіледі, карантин іс-шараларын сақтайтын жылыжайға жайғастырады. Тамырлаған соң жәшіктегі көшеттерді жасанды микроклиматталған және күні бойы жарықтандырылған, 37-38˚С температурада сақтайды. Осындай жағдайда сабақтардың жылдам өсуі жалғасады, жылдам өсу нәтижесінде көшеттердің басы вирустар мен бактериялардан сақтайды. Бұтағының ұшынан  бірнеше мм ұзындықта меристематик бөлігін кесіп алып, агарлық пробиркаға салады. Пробирканы мақталы тампонмен жауып, желімдеп тастайды. Лабараториялық жағдайда пробиркаларда минниатюрлық өсімдіктер өседі. Оларды ыдыстарға отырғызып зарарсыздандырылған бөлмелерге қояды. Өсімдіктер жақсы тамырлауы үшін ыдыстарды шыны қақпақтармен бірнеше күн жауып қояды. Өсімдікті бір мөлшерде суғарып тұрады. Өсімдік  25-27смге  жеткенде вирусын тексереді. Ол үшін жапырақтарының кішкентай бір бөлігін кесіп, оның шырынын алып индикатор жапырақтарына жағады.

Индикатор өсімдіктің жапырақтарын кленка пакетке салып, термикалық камераға жайлап, жасанды жарықта 14 сағат кейде 8-10 күнге дейін ұстайды. Вирусы бар жапырақтарда ашық түсті дақтар пайда болады. Жоғары сұрыптағы сау өсімдіктер  теріп, бөлек жылыжайларға жайғастырылады, барлығы жабық  жағдайда карантинде ұсталынады.

Суперэлиталы өсімдіктерді міндетті түрде тазалық сапасы мен өнімділігін тексереді. Барлық жұмыс барысында ауруға шалдықпағанын, вирус пен бактериялық аурулардың жоқтығы тексеріледі, басқа өсімдіктерден қатаң қоршауда ұстайды. Жүйелі түрде аналық гүлдің вирусы жоқтығын 3-4 ай аралығында тексеріледі. Бұтақтан өсіп келе жатқан өсімдіктер, дайындалған суперэлиталық өсімдіктер аналық плантацияларды дайындауда қолданады. Бұтақша, кесілген суперэлиталы өсімдіктерді жұмсалуы мүмкін және өндірістерде кесілген бұтақшаларды жетілдіру мақсатында. [6.237].

Егілу жүйесімен қоректендіру көлемі өсімдіктің қолданылу санымен, кесілген мерзіміне байланысты. Аналық гүлдің егілу тығыздығы алқаптарда қолданылуда 1,5-2 жыл мерзімде 1м2-қа  33-40 өсімдіктен аспауы керек (қоректену тығыздығы 15х18см). Егер аналық гүлді 1 жылға егетін болса, одан ерте қаламшаларын кесіп алынған қаламшалардың 1м2 жерге егілу тығыздығы 50-60 өсімдіктен тұрады. Өсімдіктердің аралығы 15смге дейін қысқартылады немесе оларды 15х20 см-лік жүйе бойынша егеді. Аналық гүлдің ұзақ мерзімде қолданылуы немесе соңғы мерзімде қаламшалардың кесілуінде 1м2-қа  25 өсімдік егіледі. (20х20) Біртіндеп тығыз егілгенде (10-15٪ дейін қоректену тығыздығы қысқарады)  кесілген қаламшалардың саны бір өсімдіктен ереже бойынша қысқармайды. Ары қарай егілу тығыздығының көбейіп кесілетін аналық гүлдің саны өсімдіктердің қаламшалары 20-25٪ ке қысқарады, бірақ олардың шығу бірлік тығыздығы көбейеді, ондай қаламшалардың сапасы төмендейді. Әр түрлі қоректендіру тығыздығына 1м қа 350-800 қаламшаға дейін кесіледі. Жоғары сапалы қаламшалар мықты, бояуы қанық, жапырақтары тегіс болуы тиіс.

Қаламшаларға 6-7 буынды сабақтары қолданылады. Көктем мен жазда қаламшаларды дайындау уақытында сабақтарда екі жұп жапырақ қыста үш жұп болады. Жас аналық гүлдерден бірден қаламшалар дайындамайды, өйткені өсімдік әлсізденіп қалуы мүмкін. Көктем мен жазда бір апта аралығында, қыста екі апта аралығында қаламшалар дайындалады. Бір жылдың ішінде өнімді

аналық гүлдерді қолданады. Қолданыста 15 айдан артық болғандардың өнім сапасы төмендейді, қаламшалардан өскен өсімдіктер айырмашылығы, өмірсүргіштігі аз. Оның үстіне ондай өсімдіктер плантацияда бактериялық және вирустық аурулардың ашылуына себеп болады.

Егер қаламшалар кесілген кезде егілмесе онда оның бір бауға 25 данадан, сырланған ыдысқа қойып, 16-18 сағатқа суық бөлмеге қойылады. Содан соң буманы сақтау үшін тығыздамай (2-3 бума) полиэтилендік кленкаға орайды. Дайындалған үлгідегі өнімді 7˚Стан аспаған жылыжайда 15-20 күндей сақтауға болады. Үлкен гүлшаруашылық қожалығында жоғары сапалы қаламшаларды жазғы және ерте күзгі уақытта алып, қыста гүл үшін 3-4 ай арнайы мұздатқыш камерасында сақтайды. (көбірек оңтүстік аудандарға қолайлы). Бірақ жаңадан дайындалған қаламша жақсы тамырлайды.

Ретероауксин  ерітіндісі толтырылған эмальды ыдыста, бірден дайындалған ерітіндіге саламыз. Қаламша негізгі ерітіндіге 3-4 см батып тұруы керек. Арнайы   қоспалардан жасалған  ерітіндіні 1,5-2,5 сағат гетероксин таблеткасынан дайындалған ерітіндіні 10л суға құямыз. [6.239].

10л суға гетероксин таблеткасын ерітеміз. Ол 8-12 сағат тұруы керек немесе 1л суға гетероксин таблеткасын ерітіндісін дайындасаң  1,5-2,5 сағат тұру керек. Егер мұздатқыш камерасында сақталған қаламша болса, онда төменгі жағын өткір алмаспен немесе егеуленген пышақпен кеседі.

Қаламшаны отырғызу үшін биіктігі үстіңгі стиллаж шетіне дейін 80-90 см, ені 136-140см етіп отырғызса жақсы болады. Оны жылыту үшін стиллаждың астына электр кабелін немесе су жылу жүйесін жүргізеді. Өңделген топырақтың құрамына перлит қоспасы вермикулит құмы және торф кіреді. Жақсы тамырлау үшін топырақ қоспасына перлит ерітіндісінің 5-7мм мөлшерін пайдаланады. Перлит қоспасы жақсы тамырлау үшін қолданыладыдеп есептелген. Ол артық мөлшердегі ылғалды жояды, жылуды ұзақ сақтайды.

Тамырлаған қаламшаны басқа орынға көшіріп отырғызу үшін, перлитке торфты қосады.

Тығыздалған топыраққа көп мөлшерде су беріледі және қопсытылады. Қопсытқыш аспаптың тістері 2см-ден аспау керек. Қаламшаның тереңдігі 1,5-2см қиғаш егіледі.

Қаламшаны егу қалыңдығы сапасы мен мөлшеріне байланысты. (ірі, жақсы өнген қаламша көктемгі-жазғы мезгілде дайындалған ). Ірі сабақты қаламшаны жиі отырғызып, орташа және жақсы дамыған қаламшаны тығыздап отырғызамыз.

Қаламша егілген топырақтың температурасы алғашқы апталарда ауаның температурасынан 8-10˚С қа аспауы керек. Бұл кезде негізгі қаламшалардың, негізгі тамырларынан жанама тамырлар шыға бастайды. Топырақтың температурасы 16-17˚С қа дейін, ал ауаның температурасы  10˚С қа дейін төмендейді. Бұл өсімдіктің кішкентай болып өсіп жетілуіне әсер етеді. Қаламша әсіресе күн сәулесіне қарай тартылып өседі,  уаның ылғалдылығына көп көңіл бөледі. Қаламшаға күніне 5-6 рет су шашылады, бұлтты күні аз шашылады. Алғашқы 10-12 күндері су шашудың  орнына орнатылған жасанды тұманды пайдаланамыз.

Алғашқы кезде ауаның ылғалдылығы 90٪ дан төмен түспеуі керек. Алғашқы тамырлардың өсіп жетілуінде ылғалдылықты 75٪ пайызға дейін төмендетіп, ауасын тазартамыз, бірақ жел өтпесі болмауы керек. Көктем-жазғы уақытта жоғарыдағы көрсетілген, нұсқаулықта өсірілген қаламшаларды көктемгі-жазғы уақытта 18-20 күннен кейін отырғызуға болады. Күзгі-қысқы мезгілде 25-30 күннен кейін отырғызуға болады. [6.240].

3.Зерттеу нәтижелері:

3.1.Қалампыр гүлін өсіру барысында оған органикалық және минерал тыңайтқыштардың нәтижелері.

1.Қалампыр гүлін егу үшін 4 соттық жер өлшеніп алынды. Жерді қосымша қайта өңдеу үшін 1 қап мыс купорасы, 1 қап селитра және 4 машина көң, барлығы араластырылып 4 соттық жерге себіліп, тырмаланды. Мыс купорасын салудың мақсаты құрт-құмырсқаларға қарсы күресу.

Аммиакты селитра ең көп таралған азотты тыңайтқыш болып есептеледі. Оның құрамында өсімдіктер жақсы өсуге жағдай тудыратын нитрат және аммиак тыңайтқыштары сияқты азотта шамамен 34٪ құрайтын тыңайтқыш.  Аммиакты селитра – азотқа бай, әмбебап (универсал) тыңайтқыш, оны егіндерді өсу кезінде қосымша азық сияқты салуға болады.

Аммофос – күл түсті және ақ ұнтақ тәрізді, құрамында 48-60 ٪ фосфор және 12٪ азот бар. Аммофосты көшет егу кезінде немесе тұқымын себу кезінде қолданса жақсы нәтиже береді.   Жерді өңдеп болған соң арық тартылады.

  1. Гүл көшеттерін отырғызу және көшеттердің алғашқы бапталуы. Біз гүл егу үшін бөлінген 4 соттық жерді 3 үлкен палға бөлдік. 1 палда 3 қатар кеңдігі 60 см-лі арық тартылды. 90 см-лі арықты тең үшке 30 см-лік кеңдікте,  бір 60 см-лі кеңдіктегі арықты екі 30 см-лі арық қылып бөлдік. Нәтижесінде 1 палда 11 қатар арықша пайда болды.(арықтың, 1 палдың ұзындығы 20 м). Жалпы биіктігі 3,5 метр, екі 6 метр 25 см жылыхана қолданылады.

12 мамыр күні қалампыр гүлінің көшетін ектік. Оның жалпы ұзындығы тамырымен бірге 15-16 см. Әрбір көшет аралығы 12 см-ден тереңдігін 8-9 см етіп ектік. 22 мамырға дейін әр күні көшеттің үстінен жапырақтарымен бірге суқұйғышпен су құйып тұрдық. Оның барлық жапырақтары су ішу керек. Суды күніне екі рет таңертең және кешке қарай суқұйғышпен құйдық.  Көшеттер

көгергеннен кейін арық арқылы суғарылады. Суғарылған күйде су арығының аяғына дейін жеткізіліп тоқтатылады. Егер көп  ылғалданып кетсе тамыры шіріп кетуі мүмкін. Қалампыр гүлі азықты сабағынан және жерден алады.

1.Әрбір егілген көшеттің астында 2-3 см-дей шұңқыр болады. Сол жерге калий және кальций ерітінділерін азық болу үшін 200 миллиграмнан құямыз. Ерітіндіні дайындау үшін 16л суға 20 гр кальций ұнтағын салып, ерітінді дайындаймыз және оны 200 грамнан көшеттер астына құямыз. Бұл азық олардың буындарының қатты, мықты болуы үшін жасалады. 20 маусым күні 23 см-ге дейін өскен гүлдердің буындарынан 15 см сындырып алдық. Оның астында 4-5 данадай жапырақ қалды. Кейін қалған буыннан 2-3 жаңа сабақтар өсіп шықты. Астынан су және тыңайтқыштар беріліп тұрады. 20 маусым күні өскен буыннан сындырдық. Алдыңғы пайда 2-3 сабақ, 4-6 сабаққа дейін көбейді. 30 тамызда 3 рет буындарын кесіп сындырдық. Осыдан кейін сабақтар саны 10-15 сабаққа көбейді. Сол кезде гүлге тор тоқу басталды, себебі көшеттер 23 см-ге дейін өскен еді. Сол сабақтар сынбау үшін, тор тартылады. Әр 15 күнде 20 см дейін өсе бастады. Күндердің салқындауына байланысты өсу тездігі арта береді  13 қыркүйекте  жылыханалардың үстіне кленка жаптық. 15 қазанда аралықтары 20 см-лі үшінші қатар жіп тартылды. 30 қазанда 4 қатарлы жіп тартылды. Гүлдер қазан айының соңында 65 см-ге жеткенде түйіндеді. Түйіндеу кезінен ашылғанға дейін 70-75 см-ге жетіп өсті. Бастапқы түйіннің ашылғанына 10 күн уақыт өтті, күлте жапырақ-шалары ашылмастан бұрын  ақ түсті болды, қызыл түске өткенге дейін 5 күн уақыт өтті. Одан толық ашылуына дейін 10 күн уақыт өтті. Қазан айында түйіндесе, қараша айынан ашыла бастайды және теріледі.

Жер және өсімдік сабағына күтім жасау. Гүлдің көшеті егілгеннен кейін 15 күнге дейін таңертең күн шықпастан бұрын және кешке қарай екі рет суқұйғышпен көшеттерге су құйылады. Қалампыр гүлінің тамыры жерге орналасқаннан кейін

200 литрлі бөшкеге 0,5 шелек селитра және сұйық мал көңіне су қосып 1-2 күн

тұрғызып, ашытылады. Дайындалған қоспаны сумен арығына ағызып, арықтың аяғына жеткенде суды тоқтаттық.

Кейінгі минерал тыңайтқыш дайындау үшін 200 литр бөшкеге 300 гр гуми ұнтағын, көк су қосып қоспасын жасаймыз. Әр 15 күн ішінде ерітпені жерге сумен жібереміз. Әр 10 күнде гүлдердің түбін қопсытып тұрдық. Алғашқы кездерде арықтарынан суғару 3-4 күн ішінде болды. Қысқа қарай 14 желтоқсанда 1 рет, 16 қаңтарда 1 рет суғарылды. 

Гүлді залалсыздандыру

Гүл түйдеуге кіргенде өте жұмсақ, сулы болады. Сол уақытта зиянды бунақденелілер және трипстарды жою үшін: 20 л суға «инжо» ұнтағын 10 грамын салып араластырылып және арнайы насоспен гүлдердің үстіне себілді. Тура сол сияқты трипс, нурел, вертимекс ұнтақтарының ерітінділері пайдаланылды. Қалампыр гүлін залалды саңырауқұлақтар барлық вегетация кезеңінде әсіресе гүлдің түс алуы кезінде залалдайды. Бұл ауру ылғалдылық жоғары болғанда күз және қыс айларында дамиды. Залалданған өсімдіктің сабақтары қоңыр түске кірді. Сол уақытта тапас ұнтағын ерітіп пайдаланамыз. Және аквариум 1, аквариум 3, аквариум 15 ұнтақтарын суға ерітіп арнайы насоспен себіледі. 

Температура. Күндердің салқындауына байланысты жылыханаларға жылу беріледі. Жылу көмір жағу арқылы жылу жүйелері арқылы беріледі. Сыртқы температура – 15˚С болғанда жылыханалардың іші   +8˚С жылы болуы керек. Күндер жылығанда сыртқы температура  +10˚С болғанда, жылыхананың іші +20˚С жылы болу керек.

  1. Жұмсалған қаражаттар:

200гр «Инжо» ұнтағы 1300 т.                                                                                                      200гр  «Нурел» ұнтағы 1500т.                                                                                                2,5 кг «Гуми» ұнтағы 4000 т.                                                                                                               50кг «Мыс купорасы» 5000 т.                                                                                               50кг  «Селитра»  3300 т.                                                                                                        50кг «Аммофос»  3500 т.                                                                                                                                           1 л «DLCSS» 6400 т.                                                                                                           15 т  Көң  2500 т.                                                                                                                   33 т  Көмір  350000 т.                                                                                                              Көшет орта есеппен  28 теңгеден сатып алынды. Гүлдер сатылғанда орта есеппен 95 теңгеден түсті. 6000 дана көшет сатып алынды.

Жұмсалған қаражат 575000 теңгені құрады. Гүл 3841000теңгеге  сатылды. Алынған пайда 3266000 теңге болды.

3.2.Өсімдік зиянкестері. Трипс – оны жай көзбен байқап көруге болмайтын бунақденелілер. Өсімдіктің жалпы дамуы барысында ашық және жабық түрінде күтілуде бұл бунақденеліні күзету мүмкін. Ол өсімдіктің құрамындағы сұйықтық арқылы қоректенеді. Зақымдалған өсімдік жасушасы арқылы ыстық күндерде өте көп сұйықтық ылғалдандырылады.  Залалдандырылған өсімдікте саңырауқұлақты және бактериялы аурулар кездеседі. Трипс бунақденелісі – вирусты ауруларды тасу міндетін атқарады.

Жылыхана трипсы. (Helionhrips halmor – rhoidalis) Қаражер зонасында және солтүстік райондарда – ашық түрдегі грунттарда кездеседі. Олар бау-бақшаларды зақымдайды. Ересек бунақденелі денесінің ұзындығы 1-1,5мм, тоқ қоңыр және сары қанатты. Температурасы 25-30˚С жоғары ылғалдылықта даму барысы 25 күннен аспайды. [7.305].

Табак трипсы. (Thrips tabaci) Ашық және жабық түрде өсетін мәдени гүлдерді (астра, ирис, гладиолус, амариллис, қалампыр және басқа) зақымдайды. Жетілген бунақденелілердің денесі жіңішке ұзындау (0,8 мм-ге дейін) қысқа қанатымен, жеті буынды мұртшаларымен. Табак трипсы кіші өлшемде болғандықтан, жай көзбен байқауға болмайды. Оңтүстік және орта қаражер зоналарында көбірек таралған. Үлкен трипстар өсімдіктердің қалдықтарының астында топырақтың жүзінде және көпжылдық мәдени өсімдіктердің тамырларында қыстайды.  [7.304-305]  Көктемде орташа температура  5˚С қа дейін көтерілгенде еркек бунақденелі белсенділенеді. Тұқым қойдыру үшін қосымша қоректенуге 2-2,5 апта уақыт қажет етеді. Қаражер зонасында ұрғашы бунақденелі өсімдік жасушасына 1 күнде 3-4 дана тұқым қояды.  Жалпы 100 дана тұқым қояды. Оңтүстік аудандарда тұқымдар саны 130-220 дан асады. Тұқым 10˚С температурада тек қана 5 күнде дамиды. Тұқымнан жартылай дамыған бунақденелі кезеңіне дейінгі болған уақыт үшін 20-25 күн өтеді.

Тұқымнан шыққаннан кейін личинка өсімдікте 5-14 күн өмір сүреді. Осы уақытта олар қабығын ауыстырады. Екінші ауыстыру кезеңінде топырақтың астына кіріп кетеді. 1-3 см тереңдікте олар жетілген трипстарға айналады. Тез арада жер бетіне көтеріліп, белсенді тамақтанып, көбейеді. Бұл уақытта оның қоректенуі және көбеюі жылдамдайды. [7.304].

Саңырауқұлақ арқылы залалсыздандыру.

Қалампыр гүлін саңырауқұлақтар барлық вегетация кезеңінде әсіресе гүлдің түс алуы кезінде залалдайды. Кейде ремонтант қалампырының жердің үстіңгі қабатындағы жасушаларын залалдайды, (себебі қаламшаны кесу) әсіресе гүлді кесу кезеңінде және қаламшасын кесу уақытында. Бұл ауру ылғалдылық жоғары болғанда, күз және қыс айларында дамиды. Залалданған өсімдіктің сабақтары қызғылт немесе қоңыр түске боялады. Тамырларының да үзуі мүмкін.

Қоңыр гнил (ботритис)  botrytis тұқымдасына лайықты болған саңырауқұлақ арқылы өсімдік залалданады.  Гладиолустар да B gladiolorum, қызғалдақтар да,  B tulipal, георгина, хризантема, пион, астра, қалампыр. [5.296].

Залалсыздандарудың алдын алу. 

Қалампыр гүлінің фузариоз саңырауқұлақ ауруының алдын алу үшін гүл егілетін жер алдын ала залалсыздандырылады. Күзде жерге минерал тыңайтқыш-тармен залалсыздандырылу жасалады. Бұл арқылы термик тазалау жұмыстары жүргізіледі. Залалсыздандыру үшін карбатион   пайдаланылады. Тазаланған соң  жерге 1м2 жерге  5л су жұмсалып суғарылады. Топырақ ауыр болса көбірек препарат пайдаланылады, кейін жерді 5-7 күн кленкамен немесе брезентпен  жауып қояды. Көктемде жерді химиялық қайта өңдеу  егуден  4-5 апта бұрын атқарылады. [5.297].

3.3. Минералды тыңайтқыштармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Минералдық тыңайтқыштармен жұмыс атқаруға жасы 18-ге толмаған, созылмалы ауруы бар адамдарға рұқсат етілмейді. Барлық жұмысшылар (қойма меңгерушісі, механизатор, жүк тиеуші т.б.) жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаумен таныстырылады және ережені қойма ішінде көрнекті жерге іліп қою керек. Жұмысшылар арнаулы киімдермен (комбинезон, қолғап, етік) және көзілдірік, улы заттардан қорғайтын аспаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Аммиак селитрасын сақтау үшін, өрттен қорғану ережесінорындаған жөн. Ол тыңайтқышты жанғыш заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

Тыңайтқыш шашатын машиналар жұмыс істеп тұрғанда оларға жақын тұруға болмайды. Тыңайтқышты тиеу жұмыстарын атқарар алдында трактор мен машиналардың моторын өшіріп қояды және олардың тетіктері қалқанмен жабулы болуы тиіс.

Тыңайтқышпен бірге тамақ, су және адамдарды тасымалдауға рұқсат жоқ.

Тыңайтқышпен үздіксіз жұмыс істегенде әрбір жарты сағатта бес минут үзіліс жасау ұсынылады. Жұмыс істейтін жерде ішуге арналған таза су және алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін дәрмектермен басқа медициналық заттар болуы керек. Егер тыңайтқыш көзге түскен жағдайда таза сумен бірнеше рет жуып емханаға көрінген жөн. Жұмыс аяқталған соң жуыну керек.

3.4. Қалампыр гүлінің емдік қасиеті.

   Әсем қалампыр (гвоздика пышная). Бұл – қалампыр тұқымдас, көптеген гүлді бұтақтары бар, сабақты, көпжылдық шөп тектес өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ақ, алқызыл немесе күрең, хош иісті. Жемісі – жоғарғы жағы төртке бөлініп ашылатын сопақ қауашақ. Дәндері өте көп, қара түсті болады 25-60 см.  Маусым – шілде айларында гүлдейді. Еліміздің Европалық бөлігінің көптеген аудандарында, Батыс және Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Қазақстанның Сауыр және Тарбағатай өңірлерінде кездеседі. Орман жиектерінде, сирек ормандар мен тауларда өседі.

Химиялық құрамы –  өсімдіктің құрамында сапониндер, ал гүлдерінде хош иісті эфир майы болады. Құрамы әлі толық анықталмаған.

Қолдануы – емдік мақсатта сабағын, жапырақтары мен гүлдерін, бүрлерін қолданады. Оларды маусым – шілде айларында жинайды.

Өсімдіктің қоздыратын, тер шығаратын, қан тоқтататын, ауруды басатын,

жатырдың жылтыр бұлшықеттерін қоздырып, тонус тудыратын қасиеттері бар. [14.84].

Қалампырдың суға салып жасалған тұнбасын жатырдан және геморройға ұшырап қан кеткенде, жүйке шаршағанда ішеді. Ол үшін қалампырдың 2 шай

қасық кепкен шөбін, гүлінің бүрлерін немесе гүлдерін 1 стакан (200 г) қайнаған суға 20 минут тұндырып сүзеді де, бір-екі ас қасықтан күніне 3-4 рет тамақ алдында ішеді (қалампыр – гвоздика травянис 84 бет). Бұл қалампыр тұқымдас, бұтақты  сабағы бар, көпжылдық өсімдік. Жапырақтары қарама- қарсы өседі. Гүлдері күрең қызыл түсті, өте әдемі болады. Жемісі қауашақ, биіктігі 25-45 см. Маусым – тамыз айлары аралығында гүлдейді. Еліміздің, соның ішінде Қазақстанның барлық аймақтарында кең тараған. Негізінен шалғынды далаларда, сирек ормандарда,  алқаптар мен орман шеттерінде өседі.

Сақина (мигрен) ауруына ем.

  • Қалампырды ұнтақтап суға салып 2-3 сағат қайнаса, су бетіне майы шығады сол майды науқас шекесі мен құлағының түбіне жағады. Зәйтүн майын пайдалануға болады. Қашан жақсы болғанға дейін жағу керек. [14.83].

Қорытынды

Ремонтант қалампыр гүлдері тек жылыханаларда өсіріледі. Бұл негізгі ұзақ уақытты шаруашылықтағы мәдени- кәсіптік жабық грунтта өсірілуді қажет етеді. Көпжылдық ремонтант қалампыр тұқымдасына кіреді.

Қалампыр гүлін өсіру үшін органикалық заттармен минералды қоректену заттары және жеткілікті дымқыл болуы керек. Егер гүл егілетін жерге бұрын көкөністер егілген болса, ол жердің топырағын қайта органикалық тыңайтқыштармен байыту керек. 1 м3 жерге 0,3-0,5 кг аммиак селитрасы, 0,8-1кг доломит ұны, 0,3-,-0,4 кг магний сульфат, мыс сульфат, 8-12 кг бор қышқ-ылы. Топырақтың борпылдақ болуы үшін, ағаш тамырының қиқымын 5-7%  қосу керек.

  • Кейде ескі топырақтың орнына жаңа топырақты  35-40 см етіп жаяды. Қалған микроэлементті (Mg, Cu, Mn, Zn) тыңайтқыштарды сұйық тәрізде арықтан жіберіледі. Ал микроэлементті (Mg, Cu, Mn, Zn) тыңайтқыштарды

жаңбыр тәрізді жапырағынан себеді. [6.237].

Өсімдікті шамадан тыс суғарудан және құрғап қалудан сақтау керек. Шартқа сәйкес гүлді жақсы өсіру үшін жақсы жарықтандыру мен желдету керек немесе гүл әлсіз болады. Күзгі – қысқы мезгілдерде жарықтандыру үшін ДРЛ – 400 (200 Вт/м2) лампалар қолданылады. Әр 1000 м2-қа 200 лампадан орналастырылады. Жарықтандыру қазан айынан наурыз айына дейін. Қалампыр шүлі үшін оптимал күннің ұзақтығы 17 сағат. Күн қысқа уақытта 16 00 ден кейін 6-8 сағат жарықтандырылады. Жарықтандыру барысында гулдің сабағы жуандайды, гүлдің реңі де қанық бола түседі.

Гүлдің өсуіне және дамуына ауаның бірқалыптылығы әсер етеді. Көшетті жерге отырғызғаннан кейінгі, алғашқы 10 күндікте ауаның температурасы күндіз 14-15˚С түнде 12˚С қалыпты болуы керек. Жердің температурасы күзгі-қысқы мезгілде, ауаның температурасынан 2-3˚С жоғары болуы керек. Қыстыгүні температураның төмендігіне байланысты ауаның температурасын күндіз 10-12˚С түнде 7-8˚С-та сақтау керек. Күн шуақты күндері ауа температурасы 15˚С-қа  дейін көтеруге болады. Күзгі айларда температура 9˚С-тан төмен болған жағдайда ауаның ылғалдылығы артады. Нәтижесінде саңырауқұлақты аурулар көбейеді. Ақпанның екінші жартысында, наурызда күндіз ауаның температурасы 15˚С, түнде 12˚С болуы керек.

Гүлді өсіруде оны қоректендіруге үлкен мән беру керек. Гүлге берілетін органикалық және минералды тыңайтқыштарды мөлшерлеп, уақытымен беру керек. Көшетті көктемде алғашқы отырғызғаннан кейінгі бірінші азоттық тыңайтқыштармен қоректендіріледі. Қоректендіру гүлдің сабақтарының  эластикалық қалпын сақтауға әсер етеді. 1000 м2-қа 20 кг аммиак селитрасы, 25 кг калий сульфат қолданылады.

Гүл егіп оны баптауға кеткен қаражат 575000 теңгені құрады, гүлдеген гүлдерді сатқанда  3 841 000 теңгені құрады, пайда 3266000 теңге болды. Демек, біздің ауданымызда да қалампыр гүлін өсіру және одан пайда алу мүмкіншілігі бар. Жұмыссыздар жұмыспен қамтамасыз етіледі.

You May Also Like

The throne is achievable, but well-being is not achievable

Зімбір, ғылыми жоба

Зімбір тамырының пайдасы Мазмұны: Абстракт…………………………………………………………………………………………………….3-5 Кіріспе бөлім…………………………………………………………………………………………………6 Негізгі бөлім. 1.1 Зімбірдің шығу…

Адам психосоматика жағдайындағы би терапия тәсілінің әсері, ғылыми жоба слайд

Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері   МАЗМҰНЫ …