ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері  

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ………………………………………………………………….. 3

 

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ………………………………………………………………. 5

 

1. Аналитикалық сараптама…………………………………………………. 5

 

2. Зерттеу материалдары мен әдістері…………………………………..

7

 

3. Зерттеу нәтижелері…………………………………………………………. 9

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………… 20

КІРІСПЕ 

Заман талабына сай қаруландыру дәрежесінің озық болуын қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылған әр-түрлі қару түрлерін сынау, ғарыштық кешендерді дамыту сияқты мәселелер экологиялық тұрақтылықты бұзады[1]. Ғарыш айлағы мен ғарыштық кешеннің даму деңгейіне сай қоршаған орта мен атмосфера құрлымдары, флора мен фаунаның барлық өкілдері зардап шегуде. Алайда ақпараттық және комуникациялық технологиялар, байланыс түрлері, теледидар, қорғаныс, радиоэлектроника сияқты байланыс салаларын ғарышсыз елестету мүмкін емес [2].

Жоғарыда аталып өткен мәселелерге байланысты ғарышты игеру барысында оның зияны мен пайдалы жақтарын бар екенін аңғару қиын емес. Мәселен Қазақстан территориясының өзінде жүзеге асырылатын зымырандардың ұшырулары жалпы әлемдік деңгеймен салыстырғанда төрттен бір бөлігін құрап отыр. Зымыранның көптеп ұшырылуы және жағармайға қауіптілік жағынан бірінші класқа жататын симметриялы емес диметигидразинді (СЕДМГ) пайдалануы онсыз да бар қиын жағдайды ушықтырып отыр.Ол өз алдына бір мәселе болса, зымырандардың апаттық жағдайда құлауы экологияға одан да бетер зиянын тигізуде. Оның ішінде: халықтың денсаулығына келтірілетін нұқсан (түрлі қатерлі ісіктер, тыныс алу жолдары мен жүрек-қан тамырлар ауруларының көбейуі т.б.), жануарлар мен өсімдіктердің мутацияға ұшырауы және т.б. Сол себепті, ғарышты игеру үрдісі адамзат пен қоршаған ортаға зиянын тигізуі қазіргі таңдағы актуальды проблемалардың бірі. Гидразин және оның туындылары өндірісте, ауыл шаруашылығында  сонымен қатар медицинада кеңінен қолданылады. Гидразин және оның туындылары гепатоксикалы у екендігін айта кету керек және оның ағзаға әсері кейінгі кезде көп зерттеліп жүрсе де, қанның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері толық зерттелмеген.

Жұмыстың мақсаты: Гидразин туындыларының (нитрозодиметиламин, гидразин сульфат, изониазид және фенилгидразин) егеуқұйрықтардың гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне  әсерін зерттеу.

Жұмыс барысында алға қойылған міндеттер:

  1. Жедел улану моделінде гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.
  2. Созылмалы улану моделінде гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.
  3. Жедел улану моделінде гидразин туындыларының ағзаның цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.
  4. Созылмалы улану моделінде гидразин туындыларының ағзаның цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.
  5. Гидразин туындыларымен улану кезінде пайда болған бұзылыстарды түзету мүмкіндігін зерттеу

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы оның  нәтижелерін медицинада экологиялық токсиканттар әсерінен туатын зақымдауларды диагноздау және емдеу кезінде қолдануға болатындығында.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

  1. Аналитикалық сараптама

Гидразин туындыларының физика-химиялық қасиеттері, токсикалық көрсеткіштері және қолданылуы

Гидразинбұл күшті гигроскопиялы сұйықтық, ол ауадан оттек пен көмірқышқыл газын сіңіре алу қабілетімен айқындалады. 1,5° С де қатады, 113,5° С-де (қысым 760мм сн.бағ.) болған жағдайда гидразин қайнайды. Салыстырмалы атомдық массасы агрегатты күйі мен сыртқы орта температурасына байланысты өзгеріп отырады . Температурасы -5° С-де қатты гидразиннің тығыздығы- 1,146тең болса, 0°С-сұйық гидразин тығыздығы -1,0253, ал +15°С температурада ол -1,0114 көрсеткішке тең болады. Қосылыстың салыстырмалы атомдық массасы температура артқан сайын азайып отырады. Гидразин спиртте, аммиакта, аминдарда және суда жақсы ериді. Ол көмірсутекті қосылыстарда ерігіштік танытпайды. Гидразин әлді тотықсыздандырғыш болып табылады. Сол себепті ол термодинамикалық тұрақсыз катализаторлардың әсерінен, жоғарғы температурадан, сәулелену әсерінен тез өзгерістерге ұшырайды. Ауада көк жалын түрінде, көп энергия бөліп жанады.

Химиялық қосылыс түрінде гидразин баяғыдан белгілі. Шамамен сексен жыл бұрын олар органикалық туындылар түрінде алынған еді. Th. Curtius гидразиннің бейорганикалық тұздарын және гидразин гидратты синтездеген. жылы Lobry de Bruyn сусыз гидразинді алған. Қазіргі таңда бұл қосылыстың көптеген туындылары белгілі. Л. Одрит өзінің монографиялық еңбектерінде гидразин тұздарының – 56 түрін атап өткен. Арине бұл тізім толығымен қамтылды деп айту қиын, себебі гидразиндер басқа да қосылыстар түрінде мәселен-комплексті қосылыс түрінде кездесуі мүмкін.

Қазіргі таңда қызығушылық танытатын гидразин түрлері: монометилгидразин, симметриялық және бейсимметриялық диметилгидразин [3].

Гидразин туындылырының қолданылуына келетін болсақ, гидразиндер химиялық реактивтер, фотографияны өңдеуде (басып шығарғанда), антиоксидант түрінде, өнімдерді консервациялауда, инсектицид түрінде, пластикалық заттарды өңдейтін өнер-кәсіптерде, синтетикалық смола жасауда, желімдеуші заттарды өңдеуде және жасап шығаруда, резина өнер-кәсібінде, металлөңдеу өнер –кәсіптерінде флюс түрінде және т.б. жерлерде қолданылады (Л. Одрит и Б. Oгг). Соңғы жылдары гидразин туындылары клиникалық медицинада қолданылыс табуда (В. Э. Колла): Оларды туберкулезге қарсы ем ретінде пайдаланады (тубазид, фтивазид және т.б.); моноаминооксидазаның ингибиторы түрінде (М. Д. Машковский), антибластоматозды заттар күйінде (W. Bollg; N. Quattrin. R. Montuori; P. Introzzi. G. Marinone) және басқа қосылыс түрінде пайдаланады.

Гидразин сондай-ақ зымыран тасығыштардың жанар-жағар майы есебінде қолданылып отыр. Қос компонентті жанар май құрамында гидразин Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда реактивті истребитель “Мессершмитт МЕ-16З” – те және ұшатын снаряд “ВР-20” –те қолданылды. (Д. А. Урюнин). Америка Құрама Штаттарында гидразин және оның туындылары зымыран тасығыштардың жанар майы есебінде қолданылады. Мәселен гидразин және бейсимметриялық диметилгидразин қосылысы (“аэрозин-50”) ЖРД континентаралық баллистикалық снарядта “Титан-2” жұмыс атқару үшін пайдаланылады. Жасалынып жатқан “Кондор” зенитті зымыранының жанар майы да осы гидразиннің түр өзгерісі. Аталмыш қосылыстар басқа да зымыран тасығыштардың жанар майы бола тұра, сонымен қатар космостық аппатартарда негізінен ұшу барысында құрылғыны басқару үшін және қосымша заттарды бастапқы кезде қозғалысқа келтіру үшін қажет.

Гидразин және оның туындылары әр-түрлі жануарлар мен өсімдік түрлеріне жоғарғы тосксикалық қабілеттілік танытады. Гидразин сульфатының әлсіз ерітінділері өсімдіктердің тұқымдарына, балдырлар мен бір жасушалы ағзаларға әсер етеді. Сүтқоректілерде гидразин бұлшықеттерінің ретсіз жиырылуына әкеп соғады. Жануартектес ағзаларға гидразин және оның туындылары кез-келген жолмен түсуі мүмкін: гидразин өнімдерінің буымен тыныс алғанды, тері жамылғысы арқылы,ас-қорыту жолдары арқылы және т.б.

Микроядролық тест туралы

Ортаны ластаушыларды бағалаудың маңызды цитогенетикалық параметрі болып жасушадағы микроядролардың жиілігін зерттеу болып табылады. Микроядролар ацентрикалық фрагменттерден немесе қалыс қалған хромосомалардан жасуша бөлінуі бұзылуы кезіндегі қолайсыз жағдайларда туындайды.

Микроядролар құрылымдық, сондай-ақ сандық хромосомалы аберрация нәтижесі бола алады. Антропогендік ластаушылар әсерінен пайда болатын осы бұзылыстар индикатор ретінде пайдаланады [12].

Микроядролық тест улағыш заттардың мутагендігін анықтаудың көп еңбекті талап етпейтін және арзан әдісі болып табылады, және ол үшін көбінесе қан немесе жілік майының эритроциттері қолданылады, себебі бұл аса қол жетімді ұлпа және бұдан басқа мәселенің бастапқысын ескерсек гематологияда қазіргі уақытта микроядролар деп аталатын Жолли түйіршіктері алғаш рет табылды.Гейнц денелерінен тұратын эритроциттердің жойылу фактілері эксперименттік түрде расталады. Солайша, Гейнц денелерінің жойылуы спленектомирленген егеуқұйрықтарда интакттыларға қарағанда екі есе баяуырақ жүрді [12].

Кейбір авторлар эксперименттерінің нәтижелері бойынша нитрозодиметиламинді қолдануымен тауық жұмыртқасына микроядролық тесттің мәліметтері нитрозодиметиламиннің генулағыштығын көрсетті [12].

2. Зерттеу материалдары мен әдістері

Эксперименттер салмағы 250-300 гр. 500 ақ тұқымсыз егеуқұйрықтарға жүргізілді. Тәжірибелердің 2 сериясы жасалды, 1-сериясында гидразин туындыларының өткір дозаларының әсері зерттелді – изоникотин қышқылының гидрозиді, нитрозодиметиламин, сульфат гидразині және 2,4 –динитрофенилгидразині және «Салсоколлин» препаратымен түзету фонында эксперименттердің 2-сериясында гидразин туындыларының созылмалы дозалары, сондай-ақ «Салсоколлин» препараты түзету фонында зерттелді.

Эксперименталды жануарлар әр серияда 9 топқа бөлінді. Бірінші топ(n=20) 1мл. көлемінде су алды, екінші топқа (n=10) асқазан ішіне  40 мг/кг НДМА өткір интоксикацияда бір мезгілде ал созылмалы интоксикацияда 4мг/кг НДМА 3 ай бойы енгізіп отырды, үшінші топқа (n=10) бір мезгілде «Салсоколлинді» 50 мг/кг и 40 мг/кг НДМА дозада, өткір жағдайда 4мг/кг НДМА, созылмалы жағдайда 3 ай көлемінде. Төртінші топқа (n=10) асқазан ішіне  143 мг/кг изоникотин қышқылының гидрозиді бір мезгілде өткір жағдайда 14,3 мг/кг изоникотин қышқылының гидрозиді созылмалы интоксикацияда 3 ай бойы енгізіп отырды, бесінші топқа (n=10) «Салсоколлинді» 50 мг/кг және 143 мг/кг изоникотин қышқылының гидрозиді бір мезгілде өткір жағдайда және 14,3 мг/кг изоникотин қышқылының гидрозиді 3 ай бойы созылмалы интоксикация кезінде. Алтыншы топқа асқазан ішіне 188 мг/кг фенилгидразин бір мезгілде, созылмалы жағдайда 3 ай бойы, жетінші топқа (n=10) жататын жануарларға асқазан іші «Салсоколлинді» 50 мг/кг дозада енгізген жануарлар, және 188 мг/кг фенилгидразинді бір мезгілде өткір жағдайда және 18,8 мг/кг созылмалы интоксикацияда 3 ай бойы. Сегізінші топтағы (n=10) жануарларға 100 мг/кг гидразин сульфатты бір мезгілде және 10,0мг/кг гидразин сульфат созылмалы жағдайда 3 ай бойы,  тоғызыншы топқа (n=10) асқазан ішіне «Салсоколлинді» 50 мг/кг дозада енгізген жануарлар және 100 мг/кг гидразин сульфатты бір мезгілде өткір жағдайда және 10,0мг/кг гидразин сульфат үш ай бойы созылмалы интоксикацияда, үшінші, бесінші, жетінші және тоғызыншы топқа созылмалы уландырудың соңғы айында күн сайын 50 мг/кг дозада «Салсоколлин» препараты қосылды.

Қанның цитологиялық құрамын лабораториялық клиникалық әдіспен анықтау

Цитологиялы талдау үшін қан жинау таңертең, аш қарынға ұйқы артериясы арқылы жүзеге асырылды. Гемоглобинді гемоглобинцианидті әдіспен, эритроцидті унифицирленген әдіспен 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен, лейкоциттер унифицирленген есептеу камерасында санау әдісімен, лейкоцитарлы формуланы санау әдісімен ал боялған қан жұғындыларында эритроциттердің шөгу жылдамдығы Панченков әдісімен анықталды.

3. Зерттеу нәтижелері

Гидразин туындыларының қан жүйесі мен оның «Салсоколлин» препаратымен түзетілуі

Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша қанның негізгі элементтерінің көрсеткіштері, гемоглобин концентрациясы, бір эритроциттегі гемоглобинінің саны бақылау тобындағы жануарларда физиологиялық норма деңгейінде болады. Жедел интоксикация кезінде гемоглобин шоғырлануы НДМА  қабылдаған жануарлар тобында 45% жоғарылаған, изониозид  қабылдаған төртінші топта  31,15%  (P<0,05) артқан, финилгидразин қабылдаған жануарлар тобында 82,51% (Р<0,01) артқан, гидразин сульфат қабылдаған сегізінші топта бақылаудағы жануарлармен салыстарғанда 146% (Р<0,001) артқан. Гемоглобин құрамының артуы эритроциттер мөлшерінің артуымен байланысты болуы мүмкін, себебі гидразин туындысымен уланған кезде эритроциттер саны бақылау мәліметтері деңгейінде қалады. Бұл бауыр қызметінің бұзылуы көрсеткіші болуы мүмкін. Ал «Салсоколлин» препаратын енгізу кезінде гемоглобин шоғырлануы бақылау мәліметтеріне жақындады және аздаған өзгерістер байқалды – үшінші топ жануарларында  7% төмен, бесінші топта – 9,7%, жетінші топта 14% жоғары, тоғызыншы топта – 14,7%

Созылмалы интоксикация кезінде қанда гемоглобин шоғырлануы бірінші екінші, жетінші жағдайдағы жануарлар тобында  аз ғана артты, төртінші топта гемоглобин шоғырлануы 15% (P<0,01) төмендеді, бесінші топта бақылау мәліметтерінен 8,7% төмен болды, тоғызыншы топта бақылау мәліметтері шегінде болды (сурет 1).

Гидразинмен өткір интоксикация кезінде эритроциттер құрамы біздің эксперименттер нәтижесінде жануарлардың екінші, алтыншы және сегізінші топтарында аз ғана өзгерді, төртінші топта 13% (Р<0,001) төмендеді, «Салсоколлин» қабылдаған үшінші топта эритроциттер санының 29,82% (P<0,001) төмендеуі байқалды, бесінші топта 18,8% (P<0,001) төмендеді, жетінші топта 23,24% (P<0,001) артты, тоғызыншы топта 21,92% (P<0,001) артты.

Созылмалы интоксикация кезінде эритроциттер саны барлық эксперименталды топтарда азайды, әсіресе екіншіде (13%-ға) (P<0,05), үшіншіде (15%-ға) (P<0,05), төртіншіде (28%) (P<0,01), бесіншіде (31%) (P<0,001) және сегізінші топта (23%-ға (P<0,001) мәнінде). Қалған топтарда эритроциттер саны аз ғана өзгерді.

Нитрозодиметиламиннің өткір дозасымен уландырылған топтың эритроциттеріндегі гемоглобиннің салыстырмалы құрамын бейнелейтін түс көрсеткіші бақылау тобына қарағанда аздап артты, изониазидпен уланғандарда түс көрсеткішінің артуы 27,02% (Р<0,05), фенилгидразинмен уланған жануарлар тобында – 74,94% (Р<0,001) артты, гидразин сульфатпен уланған топта – 35,18% (Р<0,01) артты .

Түс көрсеткішінің мұндай шамалы артуы эритроциттердің гемоглобинмен қанығуының бұзылуын көрсетеді және эритроциттер шамасының артуын білдіреді және бауыр қызметінің бұзылуының көрсеткіші бола алады (Е.А.Кост, 1968). «Салсоколлина» енгізген барлық топтарда түс көрсеткіші бақылау мәліметтеріне жуық болды.

Гидразинмен созылмалы интоксикацияда және «Салсоколлин» препаратымен түзету салдарынан түс көрсеткіші бақылау мәліметтері шегінде болды.

4-суретте бақылау топтарының өткір гидразинді интоксикациясы кезіндегі эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ) өзгеруі көрсетілген. Жануарларды гидразин сульфатпен өткір улауда бұл көрсеткіш бақылаудағы топқа қарағанда 49,8% (P<0,05) өсті. НДМА интоксикациясы ЭШЖ бақылаудағы топқа қарағанда  аздап  артуын туындатады. Қалған топтарда аздаған азаюлар орын алады. «Салсоколлин» препаратын енгізгенде мәліметтер уланған топтар мәліметтері деңгейінде қалды.

Созылмалы интоксикацияда және «Салсоколлин» препаратымен түзету салдарынан ЭШЖ бақылау мәліметтерінен аз ғана төмен болды.

Әдебиет көздері бойынша гидразиндермен өткір улану кезінде перифериялық қанда – одан кейінгі лейкоцитозбен транзиторлық лейкопения болады [12].

Созылмалы улануда бірқатар гематологиялық көрсеткіштер өзгерісі байқалады. Нейтрофильді лейкоцитоз, қатысты лимфопения, эозинопения морфологиялық тіркеледі.

Біздің зерттеулердің нәтижесінде лейкоциттер саны эксперименталды топта көбейді (сурет 5). Екінші таптағы жануарларда бақылау тобымен салыстырғанда өткір улану кезінде лейкоциттер 50,26% (P<0,01) –ға артты. Сегізінші топтағы егеуқұйрықтарда бақылау тобымен салыстырғанда лейкоциттер 35,01 (P<0,05)-ға  өсу байқалады. Қалған топтарда да өсу байқалады, бірақ аз ғана. «Салсоколлинді» енгізу кезінде үшінші топтағы жануарларда лейкоциттер саны 48,38% (P<0,05)-ға  өсуі байқалды, бесінші топта өсу 48,3%(P<0,05)-ға, жетінші топта 156,3% (P<0,001)-ға, тоғызыншы топта – 53,32% (P<0,001)-ға.

Созылмалы улау кезінде екінші топта 91,5% (P<0,05) лейкоциттердің артуы байқалды, төртінші топта 31,2%(P<0,05), алтыншы топта 268% (P<0,05), сегізінші топта 37% (P<0,05). Ал салсоколлин енгізу кезінде лейкоциттер санының бақылаудағы мәліметтерге оралуы байқалды, үшінші және  бесінші топтарда да ол бақылаудағы топтың мәліметтерінен жоғары болды, жетінші топта артқан саны сақталды (бақылау тобы деңгейінен 241 %-ға жоғары) және тоғызыншы топта 30% (P<0,05) бақылаудағы мәліметтерден төмен. Лейкоциттер санының өзгеруі ағзадағы қабыну процестері бар екеніндігін білдіреді және біздің жағдайда созылмалы улану гепатитінің дамуымен байланысты болуы мүмкін.

Қан элементтерін зерттеудің бір сатысы морфологиялық зерттеу болып табылады. Ол жасушалардың көлемі, пішіні, түсі, ядро қасиеттері, қосымшлар қасиеттері сияқты бірқатар ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Әртүрлі патологиялық жағдайларда лейкоциттердің қандай да бір түрінің санының ұлғаюы немесе кішіреюі анықталады. Лейкограмма анализі клиникалық зерттеудің бағалы қосымша әдісі болып табылады. Лейкограмманы дұрыс оқу үшін оның барлық компоненттерін есте сақтау керек. Қан көрсеткіштері және лейкоцитарлы формула ауру ағымы кезінде ағзаның иммунобиологиялық жауабының өзгерістеріне байланысты өзгеріп тұрады.

Біздің тәжірибелеріміздің нәтижесі бойынша бақылау тобының жануарларында лейкограмма физиологиялық қалыпты жағдай көрсеткіштерінің деңгейінде болады. Лейкоцитарлы формулада уланған егеуқұйрықтарда өзгерістер байқалды. Таяқша ядролы нейтрофильдер саны екінші топ жануарларында жедел улану кезінде бақылау тобындағы жануарлармен салыстырғанда 58,33% (Р<0,01) жоғарылаған, сегментті ядролы нейтрофильдер саны керісінше 71,48% (P<0,05) азайған (кесте 3). Бақылау тобының көрсеткіштерімен салыстырғанда моноциттер саны екінші топта 114,29% (P<0,01) жоғары, ал лимфоциттер саны бақылау тобы көрсеткіштері деңгейінде болды. Салсоколлин дәрісін енгізген кезде бақылау тобы мәліметтеріне тақау болды.

Төртінші топ жануарларында таяқша ядролы нейтрофильдер саны  бақылау тобындағы жануарлармен салыстырғанда 43,67% (Р<0,001) көтерілген, ал  сегментті ядролы нейтрофильдер саны керісінше 61,77% (P<0,01) азайған, моноциттер саны  экспериментальді жануарларда 328,57% (Р<0,001) жоғарылаған. Бұл топ жануарларында лимфоциттер саны бақылау тобындағы жануарлармен салыстырғанда өзгермеген. Бесінші топ жануарларында моноцитоз (150% (P<0,05)) сақталған, ал лейкограмманың басқа көрсеткіштері бақылау тобы деңгейінде болды.

Алтыншы топ жануарларында таяқша ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобы мәліметтерімен салыстырғанда аздап төмендеген, сегментті ядролы нейтрофильдер саны 46,53% (Р<0,01) төмендеген. Моноциттер саны бақылау тобымен салыстырғанда аздап жоғарылаған. Лимфоциттер саны алтыншытопта бақылау тобы мәліметтерінен 16,25%  (P<0,01) жоғарылаған. Салсоколлин енгізілген кезде лейкоцитарлы формулада көрсеткіштер бақылау мәліметтеріне жақындаған.

Сегізінші топ жануарларында таяқша ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобы мәліметтерімен салыстырғанда өзгермеген, сегментті ядролы нейтрофильдер саны 79,95% (Р<0,01) азайған. . Моноциттер саны бақылау тобымен салыстырғанда аздап жоғарылаған, сондай өзгерістер лимфоциттер санында да байқалған 23,24% (Р<0,05) жоғары болған. Тоғызыншы топ жануарларында лейкоциттердің морфологиялық формалары бақылау тобындағы деңгейде болды. Сонымен гидразинде туындыларымен жедел улану кезіндегі лейкоциттердің морфологиялық формаларының ара қатынасын талдау лейкоциттердің жалпы санымен бірге байқалған нейтрофиллезді көрсетті, ал ол жедел қабыну процестерін дәлелдейді. Салсоколлин дәрісін енгізу лейкограмма көрсеткіштерін қалыпқа келтірді, ал ол гидазиндердің қанға әсерін түзететінін дәлелдейді. Гидразиндермен созылмалы улану кезінде екінші топ жануарларының қанында таяқша ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобының көрсеткіштерімен салыстырғанда 50% (P<0,001) азайған, ал сегментті ядролы нейтрофильдер (8%) аздап жоғары болған, моноциттер айтарлықтай 110% (P<0,001) жоғарылаған, ал лимфоциттер саны бақылау тобының мәліметтеріне жақын болған (Кесте 1). Салсоколлин енгізгеннен кейін таяқша ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобының көрсеткіштерімен салыстырғанда аздап азайған (4%), сегментті ядролы нейтрофильдер саны ұлғайған 45% (P<0,01) моноциттер саны да 53% (P<0,01) көтерілген, ал лимфоциттер саны өзгермеген.

Төртінші топ жануарларында таяқша ядролы нейтрофильдер саны  бақылау тобындағы жануарлармен салыстырғанда 24% (P<0,05) төмендеген, ал  сегментті ядролы нейтрофильдер саны керісінше 70% (P<0,01) көтерілген, моноциттер саны экспериментальді жануарларда 39% (P<0,05) жоғарылаған, ал лимфоциттер саны бақылау тобындағы жануарлармен салыстырғанда аздап төмендеген. Бесінші топ жануарларында таяқша ядролы нейтрофильдер саны уланған жануарлар деңгейінде қалған, сегментті ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобындағы жануарлармен салыстырғанда 17% көтерілген, лимфоциттер саны бақылау тобы деңгейінде қалған.

Алтыншы топ жануарларында таяқша ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобы мәліметтерімен салыстырғанда 80% (P<0,001) төмендеген, сегментті ядролы нейтрофильдер саны 3% ғана төмендеген. Моноциттер саны бақылау тобымен салыстырғанда 67% (P<0,001) жоғарылаған. Лимфоциттер саны алтыншы топта бақылау тобы мәліметтерінен 23% жоғарылаған. Салсоколлин енгізілген кезде лейкоцитарлы формулада көрсеткіштер бақылау мәліметтеріне жақындаған.

Сегізінші топ жануарларында таяқша ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобы мәліметтерімен салыстырғанда аздап өзгерген, сегментті ядролы нейтрофильдер саны 85% (P<0,05) ұлғайған. Салсоколлин енгізілген  жануарларда таяқша ядролы нейтрофильдер саны бақылау тобы мәліметтерімен салыстырғанда 60% (P<0,001) төмендеген, сегментті ядролы нейтрофильдер саны 13% жоғарылаған, моноциттер саны 21% жоғары, ал лимфоциттер саны бақылау тобындағы деңгейде болды.

Кесте 1 – Гидразиндермен жедел улану кезінде егеуқұйрықтардың лейкоцитарлы формуласында өзгерістер

Топ

Таяқша ядролы нейтрофильдер Сегментті ядролы нейтрофильдер Эозинофильдер Базофильдер Моноциттер Лимфоциттер
1 3,00±0,07 18,70±0,55 3,50±0,01 0,1±0,06 2,80±0,13 72,0±1,0
2 4,75±0,2** 5,33±0,9* 3,05±0,6 6,0±0,6** 80,87±2,3*
3 1,1±0,2*** 15,4±2,9 4,1±0,3 4,3±0,6** 71,8±3,8
4 4,31±0,6*** 7,15±1,1** 1,0±0,02*** 11,99±0,8*** 75,55±0,9
5 2,0±0,4* 12,70±2,06** 6,9±0,9** 78,4±2,6*
6 2,5±0,2 10,0±0,8** 0,6±0,1** 3,2±0,3 83,7±1,5**
7 1±0,13*** 14,5±1,3*** 1,8±0,25*** 1,5±0,25*** 4,6±0,2*** 76,6±1,5**
8 3,12±0,5 3,75±0,61** 1,0±0,2** 3,4±0,34* 88,73*
9 1,1±0,1*** 17,6±1,3 2±0,4*** 4,7±0,3*** 74,6±1,6

Сонымен, гидразин туындыларымен созылмалы улану кезінде моноцитоз, сол жаққа ығысқан нейтрофиллез байқалған, ал ол ағзаның түскен агентке қарсы иммунды жауабының күшейгенін көрсетеді. Салсоколлин енгізу көп жағдайда гидразиндердің әртүрлі лейкоциттерге әсерін төмендетеді (Кесте 2).

Кесте 2 – Гидразиндермен созылмалы улану кезінде егеуқұйрықтардың лейкоцитарлы формуласында өзгерістер

Топ

Таяқша ядролы нейтрофильдер Сегментті ядролы нейтрофильдер Эозинофильдер Базофильдер Моноциттер Лимфоциттер
1 3,00±0,07 18,70±0,55 3,50±0,01 0,1±0,06 2,80±0,13 72,0±1,0
2 1,5±0,2*** 20,2±1,3 2,4±0,4** 1,1±0,3*** 5,9±0,5*** 73,8±1,9
3 2,9±0,5 27,2±2,4*** 1,5±0,3*** 4,3±0,5** 66,5±2,4*
4 2,3±0,25* 31,8±3,7** 1,2±0,2** 3,9±0,6 63±4,0**
5 2,1±0,3 22,0±1,9 1,5±0,25*** 0,9±0,2** 6,9±0,6*** 70,1±2
6 0,6±0,1*** 18,3±1,38 1,1±0,2*** 4,7±0,37*** 73,7±1,5
7 0,6±0,1*** 14,8±1,75 1±0,2*** 4,5±0,5** 79,7±1,9**
8 3,4±0,6 18,2±1,4 2,2±0,3** 0,9±0,2** 5,2±0,6* 71,2±1,6
9 1,2±0,2*** 16,4±2,1 1,6±0,3*** 3,4±0,6 78,8±1,9**

Қорыта келсек, лейкоцитоз негізінде әрүрлі патофизиологиялық механизмдер жатады, олар қан жасаушы мүшелерден лейкоциттердің өндірілуі, пісіп жетілуі, шығуына байланысты болады, және сондайақ олардың қан айналымында таралуына да тәуелді болады. Бұл факторлардың барлығы бірге келуі мүмкін немесе жеке де кездесуі мүмкін. Біздің тәжірибеміздегідей лейкоцитоз моноцитозбен бірге жүрсе, енгізілген экотоксикантқа ағзаның иммунды жауабының ұлғайғаны дәлелденеді.

Гидразин туындыларымен уланған кезде және «Салсоколлин» препаратын енгізген кезде микроядролық тест нәтижелері

Гидразиндермен жедел улану кезінде перифериялық қанда эритроциттерде микроядролар саны ұлғайған, екінші топта 34%, төртінші топта 17%, алтыншы топта 44%, сегізінші топта 48%. Салсоколлин препараты берілген топтарда микроядролар саны бақылау тобы жануарларының деңгейіне жақын болған (Сурет 6). Егеуқұйрықтардың қанында цитогенетикалық зерттеу гидразиндермен созылмалы улану перифериялық қан эритроциттерінде микроядро фрагменттері жиі кездесетінін көрсетті, екінші және сегізінші топта бақылау тобымен салыстырғанда 1,5 есе жоғары, ал төртінші топта 25% жоғары, алтыншы топта 30% жоғары көрсеткіш көрсетті (Сурет 7). «Салсоколлин» препаратын енгізу кезінде гидразиндермен уланған жануарлар қанындағы микроядролар санымен салыстырғанда микроядролар саны азайған.

Қорыта айтсақ, біз зерттеген гидразин туындыларының барлығы мутагенді болып табылады, бірақ олардың мутагенділік деңгейі әртүрлі нитрозодиметиламин мен күкіртті гидразиннің мутагендік деңгейі жоғарырақ, изоникотин қышқылының гидразиді мен фенилгидразиннің мутагендігі төмендеу. Ал салсоколлин препараты антимутагенді әсер етеді.

Гидразин озонмен гидроксильді топпен, азот диоксидімен қатынаса отырып, ауа ортасында тез ыдырайды. Гидразин ластанған ауаға түсетін болса, оның ыдырауыөте тез жүреді. Таза ауада оның ыдырауына бір сағат керек. Топырақта сулы гидразин аэробты жағдайда адсорбцияланады және ыдырайды. Гидразиндердің суортасында деградация жылдамдығы көп факторлардан тәуелді, мысалы рН, оттегі мөлшері, сілтілігі, кермектілігі, сондай ақ онда органикалық материал мен металл иондарының болуы. Өйткені ол белсенді лайда болатын микроорганизмдермен биодеградацияға ұшырайды. Гидразин in vitro ДНҚ бқзылыстарына әкеледі. Ол көптеген тест ағзаларда гендік мутациялар мен хромосомды аберрацияларға әкелген.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Зерттеу нәтижелеріне қарап,мынадай қорытынды  жасауға болады:

  1. Эксперимент нәтижелерінде эритроциттердің құрамы аздап өзгереді, ал экспериментте байқалғандай ЭТЖ жоғарлауы қабыну процестерінің алғашқы стадияларымен байланысты деуге болады.
  2. Гемоглобин құрамының жоғарлауы эритроцит көлемінің көбеюімен байланысты, гидразин туындыларымен улану кезінде эритроцит саны бақылау деңгейінде қалады. Бұл бауыр функциясының бұзылғандығын көрсетеді. Түс көрсекішінің жоғарлауы эритроциттердің гемоглобинмен қанықтығының бұзылғандығын көрсетеді және эритроцит көлемінің жоғарлағанын білдіреді.
  3. Лейкоциттредің морфологиялық формаларының қатынасы, жедел қабыну процесінде, түрлі интоксикацияда байқалатын лейкоциттердің жалпы санының жоғарлауы нитрофилездің болатындығын, ал моноцитозды лейкоцитоз, енегізілген затқа организмнің иммундық реакция жауабының күшеюімен байланысты екендігін көрсетеді.
  4. Біз қарастырған гидразин туындыларының барлығы мутагенділік қасиетке ие, бірақ фенилгидразин және гидразид изоникотин қышқылына қарағанда нитрозодиметиламин және күкіртті гидразиннің мутагенділік деңгейі  күштірек.
  5. “Салсоколлин” препараты гидразин туындыларының әсерінен болатын қандағы  өзгерістерді жартылай қалпына келтірді. Ол бұл препараттың антиоксидантты, цитопротекторлы механизмдерімен түсіндіріледі.
You May Also Like

1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты, ғылыми жоба

Тақырыбы: «1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты» Пікір 1916 жылғы…

Құқық бұзушылық, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе ………………………………………………………………………………………………………….3  Негізгі болім …………………………………………………………………………………………………5  І. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕБІН…

Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Күн көлігі және баламалы энергия көздерін алу жолдары»…

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы»

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы» Орындаған: Арын Ақбота, Имашева Дильназ Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………………