Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………………………………………….3 

Негізгі болім …………………………………………………………………………………………………5 

І. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕБІН АНЫҚТАУ

1.1 Құқық бұзушылық ……………………………………………………………………………………5

1.2 Құқық бұзушылықтың белгілері ……………………………………………………………….7

1.3 Жастар мен жасөспірімдер арасындагы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар ……………………………………………………………………..14

1.4 Кәмелетке толмағандар арасындагы құқық бұзушылықтын алдын-алу………18

1.5 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандарға қатысты тіркелген қылмыстар саны …………………………………………………………………………………………..21

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайту, азаматтық қоғамды қалыптастыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру азаматтардың құқықтық мәдениеті мен олардың құқықтық сауатылығына  тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» (1-бап)-делінген.  Құқықтық  мемлекет- бұл  алға  қойған  мақсат қана емес, түптеп  алғанда, қоғам алдында тұрған  барлық  мінддеттерді  шешудің саяси  және экономикалық  реформаларды  жүзеге  асырудың  құралы. Құқықтық  мемлекет қалыптастыруда  өскелен  ұрпақ  құқықтық  сауаттылығын  артыру  және құқықтың тәрбие  берудің маңызы  зор. Құқықтық тәрбие  қызметің сапалы  пайдалану  арқылы  тәуелсіз  құқықтық мемлекетіміздің заңды қатынасын   дұрыс  ұғындырып,  қалыптастырған  жөн. Құқықтық  тәрбие  беру  арқылы  мектеп қабырғасында жас  ұрпақтың  құқықтық  санасы  дамиды.

Мектептің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың қоғамға жат көзқарастары мен қылықтарының қалыптаса бастағанын неғұрлым ертерек тани білу. Құқықтық тәрбиені тиімді және нәтижелі жүргізу үшін мұғалімдер оқушылардың жанұя жағдайларын жан-жақты білуі шарт. Жасы толмаған құқық бұзушылардың жанұяларын зерттеушілер негізінен 3 топқа бөледі:

ü     Өз балаларын тәрбиелеуге қабілеті жетпейді, олардың жалпы білімі, мәдени дәрежесі төмен, тәрбиелеу мүмкіндігі, қабілеті жоқтың қасы;

ü     Балаларына мардымды тәрбие бере алмайтын ата-аналар;

ü     Балаларын қоғам талаптарына сай, дұрыс тәрбиелегісі келмейтін, балаларға теріс үлгі көрсететін ата-аналар.

Жалпы жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі – тікелей ата-ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса, өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа бармас еді.

Сонын  ішінде біздің  зерттеумізге  жақын  зерттеулер  қатарына: А.Ә. Махамбетованың «Жоғарғы  сынып оқушыларының  құқықтық  мәдениетің  қалыптастыру», Б.Ш. Тұрғанбаеваның «Жеткіншектерге  құқықтық  тәрбие  берудің  педагогикалық  шарттары»  еңбектері  зерттелді.

Қай кезенде  болмасын ұлт  тәрбиесі  алдыңғы  орында оның  ішінде  келешек  ұрпақтың құқықтық  сауаттылығын атап  өту  керек. Қазіргі  таңда жалпы  білім  беретін  мектептерде  құқықтық  мәдениетті  қалыптастыру жеткілікті  зерттелген, дегенмен  оның  тиімділігің  көтеруге және құқықтық  сауаттылығын  артырудың  шарттары  мен  тетіктері  айқандалған  деп  айту қиынырақ.

Жалпы  білім  беретін  мектеп теп  ата-аналар  бірлесе жұмыс  жасай отырып  жасөспірімдерінің құқықтық  сауаттылығын  артыруда арнайы  бағдарламаның,  әдістемелермен нұсқаулықтың жоқтығын  көрсететі.

  1. Зерттеудің мақсаты: Мектеп және отбасы ынтымақтастығы бырысында жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
  2. Зерттеудің міндеттері:

1- мектеп және отбасы ынтымақтастығы барысында жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін теориялық тұрғыдан негіздеу;

2- «құқықтық  мәдениетін» ұғымының мәнін ашу;

3- жасөспірімдердің құқықтық  мәдениетін қалыптастыру барысында  мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын ұйымдастырудың практикадағы тиімді жолдарын белгілеу;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесінің түйінді «құқық», «құқықтық мәдениет», «құқықтық тәрбие» ұғымдары нақтыланып, теориялық негізін айқындалды ;
  • жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықталды;
  • жоғары сыныптың оқу-тәрбие үдерісіне құқықтық білім мазмұндарын кіріктірудің әдістемесі дайындалып, тәжірибеге енгізілді;
  • жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі тәжірибеде тексеріліп, тиімділігі  дәлелденді.
  • Ғылыми жоба құрылымы: Кіріспеден, 1 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Негізгі бөлім

Құқық дегеніміз не?

Мемлекеттің пайда болуына әкеліп ұластырған себептер (рулық құрлыстың ыдырауы, жеке меншіктің пайда болуы, адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі) құқықтың қалыптасуына негіз болды [1,8-бет]

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

– қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

– қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

– қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

– мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

  • Біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
  • Екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады [2,3].

1.1 Құқық бұзушылық – Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.б. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.

Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған [3].

Заң, құқықта (ағылш. law) – мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт «қолданысқа жарамсыз» деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады[3]

Азамат (арабша азамат) 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)

  1. елазаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді.
    Азамат ұғымын кәмелеттік жағынан талдау салыстырмалы сипатта болып келеді. Себебі табиғат, орта, дәстүр, заман ағымы, өмір сүру ерекшеліктері әр елде, әр жерде әртүрлі және ол бірыңғай болып тұрмайды. Соған орай кәмелеттілік жас мөлшері де әр елде, әр кезеңде әрқилы. 16 ғасырда Англияда жасөспірімдер қолөнершілік кәсібін игеру үшін тәрбиеші-ұстаз бақылауымен 7 жыл оқыған. Шәкірттер үшін сол ұстаздары жауап берген. Мұнда “кісі 23 жасқа жетпейінше, ол көбіне өзін-өзі басқаруға, дұрыс ой қорытындыларын жасауға әлі тәжірибесі жеткіліксіз, көбіне алыпқашпа сезімдердің жетегінде болады” деп есептеген. Сондықтан да олар оқуын бітіріп, 24 жасқа толған соң ғана үйленуге, өз бетімен қызмет атқаруға құқылы болды.
    Мұрагерлік билік заңы үшін кәмелеттілік негізгі мәнге ие бола қойған жоқ. Мұнда жеке тұлғаның қоғамдағы хал-ахуалы оның жасына емес, әлеуметтік шығу тегіне, байлық дәрежесіне байланысты еді. Әйтсе де шығыс халықтары кәмелеттік жасқа ертерек толатыны айқын. Мұны халық ауыз әдебиеті үлгілерімен бірге жазба деректер де айғақтайды. Мысалы, “Күлтегін” кіші жазуында (732 ж.): “Он жаста, шешем Ұмай текті ананың бағына, інім Күлтегін ер атанды. Он алты жасында ағам қағанның ел-жұртын сонша меңгерді. Алты баулы Соғдаққа қарсы соғыстық, талқандадық. Табғаш Оң тұтықтың елу мың әскері келді, Күлтегін жауға жаяу ұмтылды. Оң тұтық басшыларын жорықты нөкерімен қолға түсірді… Жиырма бір жасында Чача сеңүнмен соғыстық… Оның жауға қалай тигенін, түркі бектері, жақсы білесіңдер…” деген жолдар Күлтегіннің 10 жаста ұрандап жауға тиіп, 16 жаста ел бастауға да, қол бастауға да жараған азамат болғандығына куәлік береді. Азамат ұғымының дара тұлғалық мәніне де мысал бола алатын мұндай тарихи деректер шығыс халықтарында, соның ішінде түркі қауымдарында көптеп кездеседі.
    Қазақстанда қазір 16 жастан бастап ресми түрде мемлекет азаматтығына қабылданады (паспорт беріледі), ал үйленіп, отау құруға 18 жастан (Украина мен Өзбекстанда 17 жастан) ғана рұқсат етіледі.
    Қазақстан азаматтарының қоғамдағы орны мен негізгі құқықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ-бөлімінде белгіленген.[3]

Әкімшілік

  1. 1. Елдегі басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жиынтық атауы;
  2. Елбасының, басқа да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық үйымдардың жұмысты басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы;
  3. Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік билік органдарының жүйесіне кіретін жергілікті атқару органының атауы.

Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы айқындалады. Әкімшілік кімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің үсынуымен мәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, бюджеттен бөлінетін дотаңиялар мен субвенңиялардан, мемлекеттік алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады. Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюд¬жеттен тыс қор құра алады. Оған иесіз және тәркіленген мүліктерден түскен табыстар, сенбіліктер өткізуден, жер¬гілікті займдар, лотереялар таратудан, аукциондардан түскен пайда кіреді. Әкімшілік бюджетті жоспарлап, қалыптастыру, жүмсау, шаруашылық қызметті ұйымдастыру, көлік пен байланыс, жер пайдалану, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды жөнімен пайдалану, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, т.б.), заңдылықты, құқықты, тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау құзыретін иеленеді. [4]

1.2 Құқық бұзушылықтың белгілері

Құқық бұзушылық өзіндік пайда болу, даму және жойылу заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың  барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.

Құқық бұзушылық – биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. [3, 250б]

Құқық бұзушылық – құқыққа оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық. Демек, құқықтық бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық- нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.

                   ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Жазаланатындығы (жазаға тартылатындығы)
          Әрекет (ісәрекет, әрекетсіздік)
                          Кінәлілік
  Қоғамға, тұлғаға, мемлекетке зиянды, қауіпті болуы
           Құқық талаптарына қарсы келушілік

а) Қоғамға зияндылығы, қауіптілігі – құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияна мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;

б) Құқыққа қайшы келушілік –әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, әрі оны бекітеді;

в) Кінәлілік – басқаша айтқында, құқық бұзушылыққа бару – құқық бұзушының тысқарында ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік ықтиярына әлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінәлі іс-әрекет (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің іс-әрекетінің құқыққа қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінәлі әрекеті құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы әрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындаға жауаптылыққа тартылмайды;

г) Әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайдаболады;

д) Жазаланушылық – мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.

Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:

  • Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
  • Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:

          І. Құқық бұзушылық – қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.

          ІІ. Құқық бұзушылық – объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада  құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.

Формальді – логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет – әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік.

  • Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
  • Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.

Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

  1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынысқа зиян келтіруді анықтау.
  2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
  3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
  4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру. [3, 150б]

Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет, өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.

  1. Құқықбұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.

Құқықбұзушылық ең алдымен заңның қоғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне қаіп төндіреді. Дегенмен адамның барлық мүддесіне заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан кетіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттерімен байланысты болады.

  1. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә – құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
  • Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайлықпен қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.

  • Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайлықпен жасалады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық акалықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауі туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатына кезігеді.

Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды юолжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын алады.

          Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық белгісімен сипатталады:

– мемлекеттік мәжбүрлеу;

– құқық бұзушыны жауапқа тарту;

– құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.

Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағилаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқық норманың қағидалары бұзылытын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқылы.    

– заң бұзушының мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерлеу үшін тиісті шаралар қолданады – тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды.

Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ал оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам  біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркінділігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:

– кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;

– қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлеледеу;

– заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.

Әрекет – әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіншілік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің  жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы  болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-әрекетсіздікті жасау немесе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.

Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиялы келеді.

  • Объективтік жағы – құқыққа қайшы (қарсы) әрекеттің (әрекетсіздіктің) сыртқы көрінісі. Құқық бұзушылықтың объективтік жағынан элементіне әрекет-әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген зала жатады. Заң территориясында себепті байланыс дегеніміз – келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т.с.с.

Зиян – қолайсыз салдар, бұлармүліктік, мүліктік емес, ұйымдық, жекелік (дербес) және басқалай да сипаттар түрінде болуы мүмкін. Зиянның объективтік жағына сондай-ақ құқық бұзушылықтың болған орны мен уақыты да кіреді.

Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.

Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ, Демек, әрекет-әрекетсіздікпен қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.

  • Объект – құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Құқық бұзушылықтың объектісі – қандай затқа құқық бұзушылық бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады. Мұндағы тектік объекті – қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект – өмір, ар-намыс, денсаулық, т.б. Яғни, құқықпен реттеліп қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.

Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.

  • Субъективтік жағы – бұған өзінің жасаған әрекетіне және оның салдарына сол тұлғаның субъективтік қатынасын (қарауын) сипаттайтын үлгілердің (нышандардың) жиынтығы жатады. Мұнда басты категориялары болып – кінә, себеп және мақсаттар болып табылады. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда  барлық құқық бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық – құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.

Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды – нәтижесін алдын-ала болжағандығы немесе болжамандығына қатысты анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал, абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтелікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни,  кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып табылмақ. [3, 156б]

Дегенмен, мұнда құқық бұзушыллыққа жол берген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз – құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат – құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықты қорғалатын қоғамның,  мемлекеттің және азаматтардың мүдделерін зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік береді.

  • Субъект – әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Құқық бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы) әрекет жасаған адам. Мұндай субъект деликт қабілеттілігі бар адам және заңды тұлға танылады. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толы керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтық жауапкершілік 15 жастан есептеледі.

Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген, құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады. Азаматтық құқық жеке құқық бұзушыларды (жеке адамдар) да, ұжымдық құқық бұзушыларды (заңды тұлғалар) да құқық бұзушылар деп таниды. Қылмыстық және әкімшілік құқық тек қана жеке құқық бұзушыны сондай деп таниды, өйткені істелген әрекеттің ауырлығына және кінәнің нысанына қарай құқықтық жауапкершілікті дараландыру мен саралауды міндетті түрде қажет етеді (дегенмен, жанама түрде, қылмысқа қатысу институты арқылы құқықтың бұл салаларында ұжымдық субъектілерді де бөлу мүмкін).

Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі – жауапкершілікке жеке тұлға тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бір тобы адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.

Сонымен, құқық бұзушылық – әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінәлі әрекет – әрекетсіздігі.

1.3 Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар.

Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:

  • Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты;
  • Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты;
  • Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен;
  • Социологиялық фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялық факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
  • Төменгі экономикалық — қоғамдық статус;
  • Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат кұралдары;
  • Алкоголь және наркотикалық заттар;
  • Құрдастарының әсері;
  • Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.

Төменгі экономикалық-қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.

          Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі: Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады. Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Акпарат кұралдары катігез кылмыскердің іс-әрекетінің егжей — тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, қандай-да бір кылмыс түріне қатыстықтары болмаса да, айғай — шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін «хипперлер”, “металистер”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жағымсыз қылықтары баспа сөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тәртібі, мінез-құлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландырады. Көп болып, олардың жаман жолға салынып кетпеуіне ат салысатын (3, 148-151 б.). Қылмысты ішімдік және наркотикалык заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездестіндіктен, арнайы зерттеу жүмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым-қатнаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі кабылдау мен қылмыстық іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Құрбы-құрдастарының әсері. Жасөспірімдерді заң бүзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бүзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антикоғамдық тәрбиесімен кұрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Социализациялану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында қылмыстық іс-әректке даярлану басталады. Жеткіншектерге кұрбы — күрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бүл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.

Әсер етуші келесі фактор — тұрғылықты спецефика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың занды бұзу, қылмыс жасау пайызы басқа аудандарға қарағанда бірнеше есе жоғары болады.

Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, қауіпсіз ошақ болса, қазіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық — саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылады. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен жүз отыз жеті жасөспірімді зерттей келе, мектепті тастаудың он төрт себебін көрсеткен. Бұларға, мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, сынаптастарының кері әсері және ата-анасымен қарым- қатынасының нашарлығы, түсініспеушіліктің болуы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі, нашар бағалар, сыныптағы тәртібінің жамандығы,мектеп программасын алып жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы — бұның барлығы осындай оқушылардың қылмысқа, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жасөспірімдерді “тыныштық бұзушылар” болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жасөспірімнің жаман тәрбиесін әрі қарай шиеленістере түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.

Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне — жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен. Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес қарым- қатынаста болуы жасөспірімді қылмыс жолына итермелейді.

          Қылмыстың психологиялык факторы: Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі — ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді. Бірақ, әкесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды қылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен. Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігмен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін қайталаған. Сонымен қатар, қылмыс жасауға тұлғалық факторларда әсер ете ала ма деген сұрақка жауап іздегем. Арнайы жүргізілген зерттеу бойынша қылмыс жасағандар: өздеріне сенімді, құқық қоргау органдарына ұнатпаушылықпен қарау, тез ренжігіштігімен, өзін басқара алмаушылығымен, жаушылық қаситтерімен ерекшеленген. Алайда, кейбіреулерінде, өзі туралы бағасынын төмен болуы, өзін жек көру сияқгы қасиеттері кездеседі. Осындай адамдар тобы өз істеген іс-әрекетін мойындамай, барлығын коршаған орта мен адамдардан көріп, кінәлайды. Кей жағдайда заң бұзу невроз симптомы, коркыныш, мазасыздық жемісі болып келуі мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі формадағы және деңгейдегі психопотологиядан зардап шегеді. Кейбіреулері жүйке бұзылуымен ауырады, оны психиаторлар “іс-әрекетіндегі салмақсыздық“ деп атайды.

Зерттеу нәтижесіндегі себептердің бірі — балалық шағынан бастап қамқорлық, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс- әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, қате тәрбиеленгендер баратыны да кездеседі.

Қылмыстың биологиялык факторы: Қылмыстардың көбі сыртқы себеп бойынша жасалады. Бірақ, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірак, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтынлығын білдіреді.

Биологиялық фактордың қылмыс жасауға кандай рөлі бар екенін зерттей келе, ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаған орта факторымен гентикалық факторды қоса көрсетеді.

Заң бұзушы адамның анатомия-жүйелік жүйенің бұзылысы заң кызметкерлеріне қарағанда ақырын қалпына келеді. Сондықтан да жазалаудан кейін өз тәрбиелерін өзгерте алмайды. Н. Ф. Кудряцева, В. Е. Эминова еңбектерінде бұл себеп, біз білетіндей әрбір адамда өзіне тән темпераменті болады. Сондықтан да бұл кейбір жағдайда тұқым қуалаушылық фактор және де бала туа сала жаман тәрбиеге жақын болуы мүмкін. Егер бұны ата-анасы қалай жеңуді білмесе, жөндемесе, жасөспірімдік кезенде әртүрлі психикалық құбылыстарға үшырауы мүмкін.

Шеппард көзқарасы бойынша органикалық себептер әр кылмыскердің 25% құрайды. Мысалы, ол 10-15 жасар қыз бала туралы айтады. Ол инсулиннің жетіспеушілігінен зардап шеккен, яғни қанының кұрамында қанттың мөлшері өте аз болған. Жасөспірім құбылмалы көңіл күйімен, импульсивтілігімен, агрессивтілігімен ерекшеленген. Дұрыс емделу мен диета толық емделуге мүмкіндік берді. Ол басқа да адамдар туралы әңгімелеген. Мысалы, заң бұзушылар кереңдікмен, көзі дұрыс көрмеушіліктен зардап шеккендер. Органикалык себептер сонымен қатар босануға дейінгі және кейінгі асқынулардан болуы мүмкін.

Қ. Р. Ішкі Істер Министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы тәртіп сақтау басқармасының насихат бөлімі Шымкент қаласында қылмыстық топтарға қатысушыларға немесе оларға еліктеуші жасөспірімдерге әлеуметтік зерттеулер жүргізген.

Зерттеу сауалнама, сұхбат, салыстырмалы талдаулар сияқты тәсілдерді колданды. Бұл зерттеулердің статистикалық мәнділіктеріне сүйенсек Қазақстанның оңтүстік аймағында заң бұзушы жасөспірімдер 1,5 мың ұрлықты наркотикалық зат әсерінен істеген. Барлық ұрлыкты 2/3 топталып жасалынған. Барлық тартылған жас кылмыстың 30,6% бір рет ұрлық жасап жауапқа тартылса, қалғандары, яғни 1/3-і бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, жазаларын өтеп үлгергендер болып келеді. Егер бір аптаның ішінде 3-4 ұрлық жасалса, оның 17% жасөспірімдер. Ал, үш айда он ұрлык жасалса, оның 20,7% жасөспірімдер үлесінде. Жасөспірімдерден тұратын кылмыстық топтардың көбеюі барлык Дүние жүзі адамдарын алаңдатуда. Акпараттар жүйесінен біз жиі-жиі қатыгездікпен жасөспірімдер топтарының адамды өлтіруі туралы оқимыз

Айта келе, өзіміздің Тараз қаласындағы 2019-жылын қорытындасақ. Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша облысымызда қылмыс деңгейі 9,2 пайызға төмендеген.Алайда, жасөспірімдер тәртібі түзелемй  отыр. Бұл туралы прокуратура өкіледрі брифингте мәлімдеді.

Тіркелген  қылмыстың  басым бөлігі меншікке қарсы құқық бұзушылықтар.  Олардың ішінде көбісі ұрлық болып отыр.Сонымен қатар, қарақшылық әрекеттер де  8-ден 12 ге өскен.Есірткі затымен байланысты құқық бұзушылық саны 369-дан 462 –ге артса, өкінішке орай, кәмелет жасына толмағандардың жасаған қылмыстар саны  азаймай отыр.  Өткен жылмен салыстырғанда 86-дан 111 –ге артыпты [7].

І. С. Жадбаев бойынша бұл топтардың өкілдері болып 16-17 жасар ұл балалалар саналады. Бұл балалалардың осы топтарға енуіне бірнеше себептері бар. Мысалы, жолдастарына деген еліктеушілік, корғаныш іздеумен, гереосексуалды және ерекше сезімдерді сезіну мақсатында. Жасөспірімдердің қылмыстық топтарына кіруіне итермелейтін себептерінің бірі — жанұядағы түсініспеушілік мәселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің эмоционалды және жанұядағы социалды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол қылмыстық топтардың құрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстық топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешкашан қолы бармайтын кылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға қорқыныш, қауіп тудырып отыр.

1.4 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя коғамдық кадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей кадағалау — бүл сырткы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата — аналары баланың уакытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, қосымша кадағалау — бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда кылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітпей көңілін қалдырғысы келмейді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құкық бұзушылықтың алдын алу, коғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және коғам мен өмірге ізгілікті көзкарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Қазакстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында кұкық бұзушылыктың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы колға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазакстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік кұкыктық актілер және т.б.

Кәмелетке толмағандар кұкық бұзушылығының алдын алуды тікелей не| жанама көздейтін кұкықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше корғау мен қолдауға мұқгаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің элеуметтік- экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты — ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында құкық бұзушылықтың және балалардың кадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі колданылуына тиісті бақылау және кадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Оқу орындары, кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқа да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік кұрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және кудалау мен канауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындағы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нәтижелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға кайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез- құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналасындағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырса, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құкық бұзушылықтың    қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі коғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады. Себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.

Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездіқ, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат кұралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс.

БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудын алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бүзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар қүқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық үйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер қүқық бұзушылығынын алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен кұндылықтарға сай келмейтін мінез-кұлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-қүлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, қүқық бұзушы немесе бастап келе жатқан кұкык бүзушы деп анықтау көп жағдайда жастардын бойында тұрақгы жағымсыз мінез-қүлық калыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.

1.5 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандарға қатысты тіркелген қылмыстар саны.

2015 жылдың алғашықы қаңтар айында 560-тіркелсе, жылдың аяғында желтоқсан айында 3820-тіркелген.

2016 жылдың қаңтар айында 549-бала тіркеліп, желтоқсаан айында 2605-бала тіркелді.

2017 жылдың қаңтар айында 201-бала тіркелсе, желтоқсан айында 1901-бала тіркеліпті.

2018 жылдың қаңтар айында 201-тіркеліп, желтоқсан айында 2125-бала тіркелді.

2019 жылдың қаңтар айында 245-тіркелсе, тамыз айында 1559-бала тіркелген.

2015-2016 жылдың қорытыңдысы бойынша 1215-бала саны кемісе, көрсеткіші 32 %-ға төмендеп отыр.

2017-2018 жылдың қорытыңдысы бойынша 224-бала саны артып отыр. Көрсеткіші 12 %-ға жоғарлады.

Ал 2019 жылдың тамыз айынан қорытыңдысын алсақ 2018 жылға қарағанда 566-бала азайса, көрсеткіші 27 %-ға төмендеді.

 

Дата

 

2015 ж. Қаңтар-Қаңтар (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Ақпан (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Наурыз (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Сәуір (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Мамыр (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Маусым (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Шілде (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Тамыз (ай.) 2015 ж. Қаңтар-

Қыркүйек (ай.)

2015 ж. Қаңтар-Қазан (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Қараша (ай.) 2015 ж. Қаңтар-Желтоқсан (ай.)
Тіркелген саны 560

 

1377

 

1377

 

1845 2280

 

2795

 

2986

 

3221

 

3397 3787

 

4166 3820

 

Дата

 

2016 ж. Қаңтар-Қаңтар (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Ақпан (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Наурыз (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Сәуір (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Мамыр (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Маусым (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Шілде (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Тамыз (ай.) 2016 ж. Қаңтар-

Қыркүйек (ай.)

2016 ж. Қаңтар-Қазан (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Қараша (ай.) 2016 ж. Қаңтар-Желтоқсан (ай.)
Тіркелген саны 549 769 835 1173 1385 1548 1727 1859 1997 2344 2478 2605

 

Дата

 

2017 ж. Қаңтар-Қаңтар (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Ақпан (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Наурыз (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Сәуір (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Мамыр (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Маусым (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Шілде (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Тамыз (ай.) 2017 ж. Қаңтар-

Қыркүйек (ай.)

2017 ж. Қаңтар-Қазан (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Қараша (ай.) 2017 ж. Қаңтар-Желтоқсан (ай.)
Тіркелген саны 201 486 485 731 842 986 1206 1338 1568 1740 1901

 

Дата

 

2018 ж. Қаңтар-Қаңтар (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Ақпан (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Наурыз (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Сәуір (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Мамыр (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Маусым (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Шілде (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Тамыз (ай.) 2018 ж. Қаңтар-

Қыркүйек (ай.)

2018 ж. Қаңтар-Қазан (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Қараша (ай.) 2018 ж. Қаңтар-Желтоқсан (ай.)
Тіркелген саны 201 362 773 1004 1175 1723 1950 2079 2125

 

Дата

 

2019 ж. Қаңтар-Қаңтар (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Ақпан (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Наурыз (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Сәуір (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Мамыр (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Маусым (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Шілде (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Тамыз (ай.) 2019 ж. Қаңтар-

Қыркүйек (ай.)

2019 ж. Қаңтар-Қазан (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Қараша (ай.) 2019 ж. Қаңтар-Желтоқсан (ай.)
Тіркелген саны 245 442 628 857 1079 1217 1559

Қорытынды

Құқық бұзушылықтың маңызды белгісіне құқық бұзушының өз қылығына қөзқарасы жатады. Адам өз қылығының заңды бұзатынын сезінуі, түсінуі қажет. Егер адам заңды саналы түрде бұзатын болса, ол құқық бұзғаны үшін кінәлі деп саналады. Адам өз іс-әрекетімен мәнін түсіну үшін белгілі бір жасқа толуы керек. Өз іс-әрекетімен өзінің құқықтарын пайдалана алса және өз қылығы үшін өзі жауап бере алатын қабілеті болса, оны әрекет қабілеттілігі деп атайды. Әрекет қабілеттілігі ішінара және толық болады. 18 жасқа дейін адамның, әдетте, әрекет қабілеттілігі ішінара болады. Былай айтқанда адам ішінара, нақтылы бір заң белгілеген көлемде әрекет жасап, сол әрекет үшін өзі жауап береді. Ал басқа оған қажетті әрекеттерді оның мүддесі үшін оның заңды өкілдері жасайды (ата-ана, қамқоршы).

Құқық бұзушылықтың төрт түрі бар:

  1. қылмыс;
  2. әкімшілік теріс қылмыс;
  3. тәртіпсіздік (еңбек тәртібін бұзу);
  4. азаматтық теріс қылық.

Құқық бұзушылықтың әр түріне заңдардың ерекше саласы арналады. Қылмыс үшін жауаптылық қылмыстық заңдарда қаралады. Барлық қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстық кодексте белгіленген. Әкімшілік құқықты бұзушылық сол атты кодексте қарастырылған. Қазақстанның Азаматтық Кодексі жеке тұлғаға, заңды тұлғаға мүліктік зиян, рухани кесел келтірген үшін жауаптылық белгілеген. Ал тәртіптік жауаптылық жұмыскердің өз еңбек міндеттерін бұзумен байланысты.

Құқықты бұзған үшін кінәлі заң бойынша жауапқа тартылады. Мұндай жауаптылықтың белгілері мыналар:

  1. кінәлі адам (заңды тұға) жауапқа тартылады;
  2. кінәсі бар деп табылса кінәліге мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылады (бас бостандығынан айыру, мүліктік зиянды өтеу, жұмыстан босату т.с.с.) . Заң бойынша жауаптылыққа кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі, арнаулы мемлекеттік органдар (сот, тергеу комитеті, ұлттық қауіпсіздік органдары) тартады.

Құқықтық мемлекетте соттың алатын орны ерекше. Құқық бұзуға байланысты даулар негізінен сотта қаралып, шешілуі керек, сондықтан Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы соттардың қызмет істеу принциптеріне ерекше көңіл аударған. Әрине, бұл принциптер тек сот қызметіне ғана арналмаған. Сонда да сот үшін сол принциптердің маңызы зор. Конституцияда аталған принциптер негізінен қылмыстық істерді сотта қарағанда қолданылады.

Сонымен, қорыта келгенде, құқыққа қарсы әрекет ол кінәлі болғанда құқық бұзушылыққа айналады. Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.

You May Also Like

Қымыз: тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA : «Қымыз: тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары» Бағыты:…

Теректі өлкесінде өсетін шипалы өсімдіктер, ғылыми жоба

Теректі өлкесінде өсетін шипалы өсімдіктер  Тақырыптың өзектілігі:  Жасыл желек мәселелері (қалалық саябақ,…

Ағылшын тілінің біздің өмірдегі маңызы, ғылыми жоба

«Ағылшын тілінің біздің өмірдегі маңызы» (The Importance of English language in our…

Microsoft PowerPoint бағдарламасында мультфильмдер жасау, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:      «Microsoft PowerPoint  бағдарламасында мультфильмдер  жасау» Жұмыстың  ғылыми  бағыты:   Информатика  …