Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA :

«Қымыз: тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары»

Бағыты: Этномәдениеттану

Секциясы: Қазақстан тарихы

П І К І Р

10 «А»сынып оқушысы Айнабеков Темірлан «Қымыз:тарихы пайдалы қасиеттері мен қолдану жолдары»тақырыбындағы зерттеу жұмысында казіргі уакыттағы халық арасында күнделікті қолданыста ұмыт бола бастаған ұлттық сусынымыз қымыз туралы іздене келе, оның пайда болу тарихына токталған. Тарихты жаңғырту арқылы қымыздың жасалу жолдары мен емдік касиеттеріне мән берген. Қазақ ақындарының қымыз туралы айтқан өлеңдеріне шолу жасаған.

Ғасырдан ғасырға жалғаскаи заттай мәдениетіміздіи бір бөлігі боп табылатын қымыздың қасиеттін қадірлейтін, экологиялық таза сусындық екенін және оның пайда болуы тарихы казак даласынан бастау алатынын тарихи деректерді пайдалана отырып, деректерді бір – бірімен салыстыру арқылы пайымдай білген.

Сонымен катар, Астанада өткен  ЭКСПО 2017 көрмесінде кымыз сусындығының насихатталуына колдау білдіріп, кымыздан баска да бүйымдар өндіру жолдарын ізденгісі келетінін айтқан.

Жалпы, түйіндей келе өз пікірі арқылы қымыздың адам ағызасына пайдалы түстарын ескерген алғалшқы окушы болып отыр. Сонымеи катар алда қымыздың адам ағызасына пайдалы түстары бағытында зерттеу жүмысын жалғастырғысы келеді. Жаннаның болашақта ел тағдырын, ұлт саулығын ойлайтын, елін сүйетін, білімді де білікті ел азаматшасы болатынына сенімдімін.

Жұмыстың өзектілігі:Бұл жұмыста қымыздың пайда болу тарихы зерттеледі. Қазақ ақындарының қымыз туралы жазған өлең жырларына мән беріледі. Ұлттық сусын қымыздың пайдасы турасында өз ой пікірін ұсынады.

Жұмыстың мақсаты:Қымыздың қашан пайда болғаны туралы тарихи деректерге тоқталып, материялдарды салыстыру арқылы ғылыми тұжырым жасау, ой қорыту. Сонымен қатар қымыздан өзге де бұйымдар жасау жағын тереңдей зерттеп, болашақта бұл жұмысты жалғастыру.

Зерттеу міндеттері:Қымыздың қашан пайда болғаны туралы тарихи мәліметтермен танысу арқылы оқулықтағы мәліметтер мен жаңаша бағытта жазылған шетел жазбаларын салыстыра аңықтау жүргіземіз. Қазақ ақындарының қымыз туралы айтқандарын ұран етіп, ұлттық сусын қымызды ұлықтаудың тиімді жолдары ұсыну.

Зерттеу әдістері: Жинақтау, талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері.

Қойылған міндеттерді шешу әдісі: Ұлттық сусынымыз қымыздың тарихы мен қазақ мәдениетінде алатын орнын зерттей келе төмендеғі тұжырымдарды ұсынамыз: Қымыз сусынының қазақ даласында пайда болғанын нәсихаттау мақсатында қымыз тарихы туралы аудандық мектептер арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылса; Қымыздың адам ағзасына емдік қасиеттері мен пайдасы туралы толығырақ зерттеу үшін бұл жұмысты жалғастырғым келеді.

Аңдатпа

Бұл жұмыста қымыздың пайда болуытарихы зерттеледі. Қазақ ақындарының қымыз туралы жазған өлең жырларына мән беріледі. Ұлттық сусын қымыздың пайдасы турасында өз ой пікірін ұсынамын.

Зерттеу мақсаты:Қымыздың пайда болуы туралы тарихи деректерге тоқтау, материялдарды салыстыру арқылы ғылыми тұжырымжасау, ой қорыту.

Зерттеу болжам:Ұсынған ұсыныстарды қолдап, дамытса ұлттық сусынымыз халық арасында сұранысқа ие боп, күнделікті қолданысқа енеді.

Зерттеу міндеті: Қымыздың қашан пайда болғаны  туралы тарихи   мәліметтермен танысу;

– Оқулықтағы   мәліметтср мен жаңаша бағытта жазылған шетел жазбаларын салыстыра анықтау;

– Қазак ақындарының қымыз туралы айтқандарын ұран етіп, ұлттық сусын қымызды ұлықтаудың тиімді жолдары ұсынылады.

Зерттелу әдістері:Жинақтау, талдау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылады. Қымызтирихы тереңдігі менпайдалы жағы ескеріледі. 

Жұмыстыңғылы ми жаңашылдығы:Алға қойылған мақсатқа жету барысында қымыздың қашанпайда болғаны туралы және алғашқы жазба деректермен танысып, қажетті материалдарды жинақтап, талдау жүргізіледі. Қымызды қазақхалқыныңұлттық сусыныретінде

ғасырлардан бері тұтынып келеді. Сондықтан бұл жұмыстыңғылыми жаңалығы осықымыздың пайда болу тарихы мен жасалуы, емдік қасиеттерінің адам ағзасына пайдалылығы туралы айта отырып, қоғамғанәсихаттау менқолданыс аясын кеңейту болыптабылады.

Жұмыстың нәтижесі: Ұлттықсусынымыз қымыздыңтарихы мен қазақмәдениетінде алатын орнынзерттей келетөмендегі тұжырымдарды ұсынамыз:

– Қымыз сусыныныңқазақ даласында пайда болғаныннәсихаттау
мақсатында қымыз тарихы туралы аудандық мектептер арасында дөңгелек
үстелдер ұйымдастырылса;

– Қымыздың адам ағызасына емдік касиеттері мен пайдасы туралы.

Қорытынды: Қымыз қазақ халқының жылқынықолғаүйреткеннен бергі ұлттық сусыны. Бұрынғы заманнан бүгінге жеткен осындайұлттықерекшелігімізді әйгілсйтін заттық мәдениетіміздіұмытпай, жаңаша өміргебейімдей отырып, халық арасында нәсихаттау және тұтынуға мүмкіндік жасау болып табылады.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………….1 – 3

  • ҚЫМЫЗДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ ДЕРЕКТЕР

1.1Қымыз қазақ даласында пйда болған ұлттық сусын ……….5 – 8

1.2Қымыз Еуропада да Қымыз ……………………………………………8 -9

2    ҚЫМЫЗДЫҢ  ҚАЗАҚ  ДАСТАРҚАНЫНДА  АЛАТЫН  ОРНЫ

2.1Қымыздың дайындалу жолдары мен қымыз түрлері …….. 9 – 10

2.2  Қымыз туралы қазақ ақын жазушылары не айтты ………… 10 – 12

3 ҚЫМЫЗДЫҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ …………………………………………… 12 – 17

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………… 18

1        ҚЫМЫЗДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ

ДЕРЕКТЕР

1.1 Қымыз қазақ даласында пайда болған ұлттық сусын

Қымызқазақ халқыныңежелдентұтынын келе жатқанұлттық

сусындарынын бірі. Қымызжылқы сүтінен дайындалатынсусын болғандықтан алдымен жалқы малы кашаннанбаспап қолға үйретіліп,төрттүлік малдың катарына қосылғаны туралы тоқтала кетейік.

Мал өсіру – адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі. Алайда кәсіптің бұл түрі бірден пайда болған жоқ. Қолға мал үйрету, археологиялық зерттеулерге қараганда,тас ғасырының орта кезеңінде басталған. Ал жаңа тас ғасыры кезіқауымдыққұрылыстың ыдырап, адам баласының өзен – көлдер мен бұлақ жағалауларында қоныстанған кезеңін қамтиды.

Қазақстан аумағында энолит кезеңініңерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3 – 2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасында ошақ орнатылған. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар жылқы малынқолға үйреткен. (Ежелгі Қазақстан тарихы 6-сыныбына арналған оқулық. 67 бет)

Біздіңзаманымыздан 6 мың жыл бұрынқазіргі  Кызылжар, Қостанай
атырабында Ботай мәдениеті қалыптасты. Ботай мәдениетінің ғажаптұсы – өркениеттің бастауына айналған жылқы малын қолға үйретуі. 6 мың жыл бұрын салынғанқорғандардан табылғанқыш ыдыстарда қымыз қалдықтарысакталыпты.  Бұл– неолит дәуірі  деген  сөз. Қымыздың,  жасың мыңжылдықтармен есептесек, дүниежүзіндегі ең көне сусынекенінбайқаймыз. Ал шәйдің отаныҚытайда шәйдің пайда болғанына 2 мың жылғана болыпты. Бұл американдық Sсіenсе ғылыми журналыныңғылыми зерттеуі.

Археологтар 1980 жылдан бері жүргізген қазба жұмыстары барысында ұзын саны 40 мыңнан астам зат тапқан. Мұндағы жылқы сүйектерініңкөне заманға тиесілі екенін естіген Америка, Англия, Германия, Ресей ғалымдары да зерттеу жұмыстарына білек сыбана кіріскен.

Кейін Алан Оутрам есімді ғалым табылған сүйектерде жылқының тістері мүжілген, оған сызат түскенін байқаған. Осыған қарап, жылқыны мініскепайдаланғанын, ауыздықталғанын анықтаған. Ғалымдар қазақ

даласында жылқы мініліп қана қоймағанын, сонымен қатар оны сауып, сүтін азықеткенін де дәлелдеді. Дәл осы Ботай қорымынанқазып алынған қыш ыдыстардың ішінен кепкен жылқы сүті болғаны байқалған. Сонау ертезаманда ерекше кұнарлықымыз сусын ретінде пайдаланылғаны еш дау туғызбады.

Қымыз косметологиясын қашан қолға аламыз?

Бұдан кейінгі мал басынөсірудің едәуір дамыған уақыты – қола дәуірі . Егер бірінші кезеңде мал үй жанынан онша ұзаққа шығармай бағылса, ал екінші кезеңде жайылымда бағылған. Бұл малдың коңдануына және мал басының көбеюінеәсерін тигізген. Темір дәуірінде көншпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды. Мал өсіруде жер жағдайы мен ауа райының атқаратыңқызметі де өте үлкен. Әсіресе біздің жеріміз жартылай көшпелімал шаруашылығымен айналысуға ыңғайлы.

Адамдар жылқыны азық ретінде де, мініс көлік ретінде де пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді, тебінден жайылады, керек азыгын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда келтірді. атқа мінген бақташы малды қоныстан ұзақ жерге жаюға мүмкіндік алды. Мал саны көбейген сайын мұндай әдістіңмаңызы арта түсті.

Темір дәуіріндегі тайпалық одақтардын бірі Сақтайпалары еді. Олардың шаруашылығы туралы тарихтың атасы грек тархшысы Геродот:олар егінекпейді,үй малдарын жәнеөзеннен аулайтын балықтарды азықетеді. Сүт ішеді – дейді. Дала тұрғындары жылқы менқой өсірген. Бұларды таңдау кездейсоқ нәрсе емес. Климат жагдайлары кыста шөпті қар астынантебіндеп тауып жеуге ыңғайлы осындай малдың түрін таңдауға мәжбүр еткен.

Темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Ертедегі қытай деректерінде көрсетілгендей,«үйсіндер егіншішілікпен де, бау бақшамен дешұғылданбайды, шөбі менсуы мол жерлерді таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді».

Бай үйсіндер 4 — 5 мың жылқыдан иеленді. Байлар өз жылқыларын өзгежылқылардан айтып алу үшін оларға таңба салды.

ҚытайдыңХань хроникасындағы жазуға карағанда, үйсін гуньмосы (билеушісі) қытай патшайымына үйлену арқылы қытайдың билеуші сарайымен туыс болуды ниет етіпті. Қытай патшасы көп силық талап етіп, гуньмо оларға жылқы жібереді. Бұл оқиға б.з.б. жылы болған. Қытай патшайымы үйсіндердің тілін білмеген, ал гуньмо қытай тілін түсінбеген.

Үйсін даласына келегеннен кейін қытай патшайымы мына өлеңді шығарыпты:

«Ата анам мені жыраққа

Ұзатып та жіберді.

Патшалықтақиырда

Патшасына үйсіннің.

Олар дөңгелек үйде тұрады,

Айнала орап киізбен.

Жейтіндері ет кана,

Ішетіндері сүткана.

Отанымды сағынсам,

Жүрегім менің шаншиды.

Ұшатын егер қаз болсам,

Еліме қайтып барар ем».

Ғұндардың өмірінде де мал басты рөл атқарды. Мал шаруашылығымен айналысқан, негізінен жылқы мен қойөсірген. Жылқы көшіп қонатыынкөлігі, жейтін тағамы болгған. Ыдыс аяқтарды ағаштан, теріден, қыштанжасаған. Мәселен, сүт,қымыз, айрансияқты сұйық тағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.

Vғасырдағы Қытай жазбалары Түріктердің салты турылы тоқтайкеле, олардың ғұрыптары ғұндарға ұксайды дей келін«қымыз ішіп қызьп алып,асқақтата әндетіп айтысатын»  деп жазады.

Еуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, сөйтіп адамзат өркениеті тарихында өшпес ізқалдырған кейінгі ғұндар,Түркі қағанаты, Шыңғыс хан империясында да жылқы малы қатты кадірленген. Осы мемлекеттерді құрағантайпалардыңнегізінде ұйысқанқазақ халқының дүниетанымында, ділі ментілінде жылқыға қатысты өзгеше ой қалыптасқан. «Адам жылқы мінезді» дейді қазақ халқы. Ал ертеде жасаған қазақ құрамын толықтырған елдер гұн, үйсін, түрік,наймандар, керейлер,қарлықтарда жылқы бағып, сүт өнімдерін үнемі тұтынатыны, салт – санасының негізіненұқсап кететіні айтылған. Олардың қымызды пайдаланғаны жөнінде көбінесе сүт өнімдері немесе сусындык деген жалпылық атау ішінде қосылыпайтылған. Тек тариқтағы үйсіндерді мысалға алсақ «жылқылы ел, бай үйсіндер 4-5 мын жылқыдан иеленеді.

МұныжоғарыдағыкөршіҚытай елі мен салыстыра қарасақ олардың қымызды тұтынбауы мүмкін емес еді. Үйткені жылқылы ел осылар, тарихта олардың қымызды тұтынуы сүт өнімдерін тұтынуы меншатысқандықтан анық жазылмай қалу үнемі болып тұратын жағдай. Ал кейінгі Моңғол патшалғы тұсында қымызжәйлі жазылған деректер бір шама мол.

1.2Қымыздың Еуропаға танылуы

Кез келген халықтың материялдық мәдениеті сол халықтыңшаруашылығына байланысты болады. Материялдық мәдениеттің негізгі бір көрсеткіші тағам түрлері бодды. Қазақ халқы сүттен алуан түрлі тағам жасай білген. Мәселен, XIII ғасырда Қазақстанда болған Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты,  қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазды.

Франциялық Гильом де Рубрук деген адам Маркополодан 30 жыл бұрын 1253-1254 жылдары Еуропадан шығып қыпшақ даласы, Балқаш өңірі,Тарбағатай, Наймандардың ескі мекені Алтайдың түстік бөлігінен ендей өтіп – соңында Мөңке ханның ордасына барады. 1254 жылы 4 қаңтар күні Мөңке хан оны қабылдайды. Рубрук осы сапарында «Рубруктің шығысқа сапар естелігі» деген кітап жазады. Осы кітапта қымыз туралы былай деп жазылады: «жылқы сүті, яки қымыз деп аталады, қымызды ішкенде, адам тілінде бейне қышқыл су ішкендей ашырқанған сезім болады, ішіп болғаннан кейін тіл өрік дәнінің дәмі татып, асқазан рақаттанын калады. Тағыда оның күшті несеп айдау рөлі бар. Одан кала берсе қымыз туралы нақтылы жазылған шығармалар катарында «Маркополоның саяхат естелгінен» мысал келтіруге болады. Маркополо 1275 жылдан 1292 жылға дейін болған 17жыл аралықта Юань патышалығына келіп міндет өтейді. Ол өте алғыр болғандықтан моңғол,қытай тілдерінжететік үйренеді. Сонымен ол патша ордасының жосындарын, заң–ережелерін,жерлік ерекшеліктерін, жол бойы көргендерінен біршама толық естелгін жазып қалтырады. Оның естелігінде «татарлар ашытылған жылқы сүтін ішеді, ол ақ түсті болып, жүзім арағынан қалыспайды. Дәмі де өте жағымды, қымыз депте аталады» – деп жазады.

Демек, қазақша атау сөзқымыздыңЕуропалықтар (ағылшындардың) тілдік қорына қосылып, кең көлемде қолданыла бастағанына да кем дегенде 700 жылдан асады.

«Біздің асыл дүниеміз бір ғана жыл қымыз, деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулати, ләззат алатын асымыз ет, сүйстін шәрбатымыз қымыз… қызық көретініміз өрістегі жылқымыз». Хылықтың жылқы малына қатысты осындай ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының кыста тебініп өзі жайыла алатындығы, т.б. жағдайлар қазақ даласында бұл түліктің көпөсірілуіне себеп болған.

Қымыз туралы қытай тілінде жазылған тарихи деректер өте көп екен. Оны арнаулы тақырып ретіндезерттеп жүйелестіру, ұлтымыздың азықтықмәдениет тарихының құрамын толықтырып, көркейте түсуге пайдалы. Ал енді осықатарда қымыз құйлатын, сақталатын ыдыстар туралы да көптегендәйектер келтіруге болады. Айталық саба, тұлып (мес, сүйретпе), торсық, піспек қатарлылар. Олардың күмістеліп тұтынылуы туралы айтылымдарда аз емес. Оны да арнаулы тақырып ретінде зерттеуге болады.

2   ҚЫМЫЗДЫҢ  ҚАЗАҚ ДАСТАРҚАНЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

2.1      Қымыздың дайындалу жолдары мен қымыз түрлері

Қымыз – шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз – дертке шипа,денеге күш. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғатүтінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағашкүбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын самалды құйып, ыдыстың сыртын жылы орап тастайды. Қор езіліп, саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстінесалқындатылған (әйтпесеқымыз іріктеніп кетеді) саумалдықұйып, саумал әр құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырады.Қымыз ашытылатын ыдысқа жылқының сүр қазысы мен семіз жаясын салса, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте, қымыздыңөзінен де май шығады. Ол майқымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірдепісірілгенқымызды жылылапқымтап, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні аптасына ең кемі бір рет ыстайды. Әжелерімізкүбіні киікотымен ыстаған. Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндейорып, кептіріп алатын болған. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдысөңезденіп,қымызданескі дәм шығады. Қымыздан бір күнге жетерлікмөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта

саумал кұйылады. Бұлүрдіс бие ағытылғанға дейін осылай жалғасады.

Қымыз қотарғанда ыдыстың түбінде жетерлік мөлшерде қор қалуы тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орайоның аталуы да алуан түрлі. Уыз қымыз -биені алғаш байлағандаашытылатын қымыз. Мұны бие бау деп те атайды. Бал қымыз –әбден пісілген және бойына жылқыныңнеқойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндайа қымыздың түрі әдеттегідей қымыздан гөрі сары әрі қоюболады. Бесті қымыз – төрттүн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. Дөнен қымыз – үштүнегеннен кейінқотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.Жуас қымыз – үстіне саумал құйып жұмсартылғанқымыз. Қымыз аса ашыпкеткенше ішуге қолайлы болуы үшін осылай істейді. Құнан қымыз – екітүнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағандакүшті болады. Қысыраққымыз – бірінші ретқұлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама билердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Оны әдетте «ту қымыз» деп те атайды. Қысырдың қымызы – бие ағытылғаннан кейін, жем-шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алыпқалып, қыстай қолда ұстапсауады. Сондықтан да бұл қымызды «қысырдың қымызы» деп атайды. Сарықымыз      – шөп пісіп, биенің сүті қойылғанкезде ашытылатын қымыз.Жаздыкүнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады. Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алгаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір тойболады. Түнеме қымыз – ескі қымыздыңүстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан соң) қотарылатынқымыз.

Қазір облысымыздың саяхат кәсібі тез қарқынмен дамуда, халықтыңтұрмыс өресі өркендеп кажетсінуі молаюда, осындай жағдайда қалыңбұқарамен саяхатшылардың қажетынен шығу үшін жүйелі қымыз өндіретін кәсіпорнын құру жөн болар еді. Әрине бұл іс айта салуға оңай, бір-бірлеп айтар болсақ, алдымен шикізат кайнары болған сауын биеден тартып тұтас өндіріс барысна қажетты кұрал – сайман, өндіруші және өнім сапасын бағалайтын әр алуан ғылми қызметкерлерге дейін толыпжатқан жұмыстар бар. Деседе қазыргы жағдайда мұны тугелімен дамып бар жатқан заманға үйлестіріп ұйымдастыруға әбден болады.

2.2     Қымыз туралы қазақ ақын жазушылары не айтты

Қымыз тамаша сусындық ғана болып қоймай, оның көрнекі емдік

ролы бар.Оның ең басты рөлі адамды куаттандырады. Ол тәбетті жақсартады, азықтық құрамның сімірілуін қалыпты жүргізілуіне мүмкіндік береді. Әсіресе белог кұрамды толықтыру рөлі көрнекі болып табылады. Қан айналысын тездетіп, уытты айдап, зәр шығаруды жиілетеді. Тағы бір қасйеті асқазан — ішек жолдарындағы ауру қоздырғыштарды жою рөлі болады. Бие сүті құрамындағы май қышқылы қаныққан май қышқылы болғандықтан қан қысымы жоғарлау ауруықатарлыларды емдеуге де пайдалы болады деп қарадады. Алайда барлық нәрсенің өзінетиеселі олқылықтары болады.Айталық асқазан қышқылы көбірек болған адамдарға қымыз жағымды болмайды, олар алдыменқоректік куаты мол тағамдарды жегеннен кейінлайықты тұтынуына болады. Олай болмаса запыранды қоздырады. Сондықтанқазақ халқының әлемге әйгілі ақыны Абайда:

Осы қымыз қазаққа,

мақтаныңба, асың ба,

қымызды басар артынан,

етің барма қасың да.

–  деп қымызды ішіудің де өзіндік жолы бар екендігінескертеді.
Сондықтанда денсаулыққа шипалы сусын депқаралады. Дегенімеменсауындық биенің түріне, мезгілге, жағырапялық жағдайға, тағы да басқа
қатысты себептерге байланысты парықты болып отырады, сондықтан
нақтылы жағдайға сай талдай білу шынайлық мазмұнқалыптастырады.
Қымыздың емдік қасиеті мен адам ағызасына шипасы  туарсында қазақ
жырауларынан  бастап бүгінгі ақындары да жырлап  кеткен. Мысалы:
ғасырда өмір сүрген Ақтамберді(1675 – 1768) жырау қымыз туралы:
Арудан асқан жан бар ма,

Жылқыдан асқан мал бар ма?!

Биенің сүті сары бал

Қымыздан аскан дәм бар ма?!-дейді.

Алашқозғалысыныңқайраткері,  ақын,қазақәдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтің(1893-1938) «Ал ішіңдер,

бұл-  қымыз» дегенөлеңі қымыз ішу туралы жазған еді.
Ал ішіңдер,

Бұл – қымыз.

Бұл қымыздың арғы атасын сұрасаң, Құлаша қулық бие сүті еді,

Томсарған ер қазақтың асы еді.

Бұл қымызды кім ішеін?

Бұл қымызды

Айлы күні айналған,

Бұлтты күні толғанған,

Құрығынқу найзадай таянған, Томсарған ер қазақтың өзі ішеін!

Алаш қайраткері, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) да қымыздын емдік қасиеті туралы айтады.

Алдияр аруағыңа еткем,қымыз.

Сені ішкен мұратына жеткен қымыз.

Мейлі доңыз болсын, қоңыз болсын,.Иеңнің түкірігін ем еткен қымыз.

Көріп отырсаңыздар, бұл бір жәй айтылған бос сөз емес, еліміздіңмақтан тұтар тағамы, киелі асы деп қарап,қымыздың ерек құдыретін сезіне біл деп кесім жасайды. Міне осылай болғандықтан қымызды ұғына білейік, қадырлей білейік,ашыта білейік, тұтына білейік, сөнімен бірге мол әрі сапалы өндіріп игілігімізге жарата білесе дұрыс болар еді. 2017 жылы Астанада болатын ЭКСПО – 2017 көрмеінеұлыттық сусын ретінде қымыз беншұбатты таныстыру да жәйдан жәй емес. Сондықтан да күнділікті тұрмыс жағдайында мүмкіндігімізше ұлттық сусынымыз қымызды нәсихаттай жүрсек, мүмкін болса болашақта бие сүтінін тек қымыз ғана өндірмей, шетелдегілер сияқты өзге де тұрмыстық бұйымдар өндіру жәнежасау саласы қолға алынса екен деп тілейміз. Әрі қымызды алғаш пайдаланған, жылқыны қолға үйреткенқазак даласындағы ежелгі ата бабаларымыз екенін еске салып, жаңаша көзқараспен шынайы дерек пенжаңа ойлар негізінде мақтануды да білейік достар! 

ҚЫМЫЗДЫҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ

Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен 13 салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды

жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді. «Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады. Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын! Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының (айран, қаймақ, құрт, қымыз, сүзбе, сүт, шұбат, ірімшік) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор. Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50 мг С дәруменін қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз – туберкулез, сүзек, дизентерияға, дифтерия бактерияларына тосқауыл қояды. Арнайы емдейтін сауықтыру орталықтарындағы қымыздың жоғарыда айтылған аурулардың қоздырғыштарын жою қуаты дәріден еш кем түспейді. Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады. Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, 14 нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды 14 қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.Қымыз құрамында 28 түрлі микроэлементтер, көптеген дәрумендер бар. Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Қымыз адам денсаулығына ғана пайдалы дей алмайсыз. Түрлі дертке шалдыққан малдарға да жылқының сүтін беріп жазуға болатын көрінеді. Мұны мал дәрігері

мамандығында оқыған бауырымнан естідім. Оның айтуы бойынша, қымызды

бұзаулардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері байқалғанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, тауық балапандарына А және В дәрумендері жетіспегенде, сауын сиырлардың іріңді желінсау (мастит) ауруына ем ретінде қолдануға болады екен. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Емдік сусын ретінде қымызды өзіміздің ата-бабаларымыз халық медицинасында асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қазақ елімен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт елінде де емдік қасиеттерге қолданған. Қымызбен емдеу әдісін уағыздаушылардың бірі В.И.Даив 1843 жылдары Орынбор қаласында әскери қызметте жүріп қымыздың шөл қандырар сусын екенін құрқұлақ ауруының алдын алу қасиеті туралы нақты шешімін дәрумендердің ашылуынан бұрын батыл мәлімдеген болатын.

XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу шипажайы ашылды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді.

Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс істейді.

Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де 15 ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр.

Жаз айлары қымыздың көбейіп, арзандайтын кезі. Осы кездері ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алыңыздар.

Халық медицинасы қыста жылқы етін жеген адамдардың көп тоңбайтынын айтады. “Қымыз қырық түрлі дертке ем” дейді дана жұртымыз. Бие сүтінен ашытылатын қымыздың дәрулік қасиетін қазір ресми медицина да мойындап отыр. Ертеректе ел арасында туберкулезге шалдыққандарды қымызбен емдеген. Қымыздың қасиеті жайлы “Қазақтың халық медицинасы” кітабында: “Қымыз – шипалы сусын. Ас қорытуға көмектеседі. Денені, жүйкені қуаттандырады, ұйқыны түзейді. Өкпе туберкулезіне шипа болады. Көңілді көтеріп, рухтандырады. Ұзақ науқастан кейін арықтап, дененің әлсізденуіне, созылмалы өкпе туберкулезіне маусымның соңынан шілденің аяғына дейінгі қымыз өте жақсы ем болады. 3 айға дейін науқас адам шамасына қарай 1-2 литрге дейін күніне 2-3 рет ішкені жөн. Сонымен қатар қымызды жиі пайдалану ағзаны түрлі аурулардан арылтып, адамның оларға қарсы тұруына күш береді” делінген. . Қымыз ежелден ас қорыту жүйесінің ауруларын, анемия, құрқұлақ, мешел, неврастения және туберкулезді (құрт ауруларын) емдеуге қолданылып келеді. Сондай-ақ, қымыз ішектегі іріп-шіру процестерін тежеуге әсер етеді. Ондағы шіріткішмикробтарға, ішек таяқшаларына, стафилококк микробына антибиотиктік әсері бары

дәлелденді. Сол сияқты, туберкулез таяқшаларының өсіп-өнуіне кедергі жасайтыны анықталды.Қымызбен емдеу ережесі: алғашқы 3 — 4 күн бойы аз-аздап, күніне 0,5 л-дей ғана ішіп, кейін 1 л, одан да көбірек ішуге болады. Сөйтіп, 7 — 8 күнде аурудың асқа тәбеті артып, ас — қорытуы түзеле бастайды. Қымызды тамаққа дейін 1 — 1,5 сағ бұрын ішу керек. Жалпы туберкулездің қандай түрін болмасын қымызбен емдеуге болады. Бірақ оның қайталап өршіп, қозып тұрған кезінде, яғни қан түкіріп, дене ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда Қымызбен емдеуді уақытша тоқтата тұру керек. Гастрит ауруының қышқылдығы жоғары түріне ұшырағанда қымыз ішуге болмайды. Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы ашылған санаторий — “Бурабай”. Аурудың даму барысына қарай Қымызбен емдеу әдістерін Қазақ тағамтану академиясы зерттейді.

Орыстың атақты ғалымы В.И.Даль: “Қымыз ішуді әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан гөрі оның артықшылығын ерекше сезінесің. Осынау шипалы сусын 16 аштық пен шөлді бірден басады, денеңді салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың кеңиді, жүзің жарқырап шыға келеді. Оны басқа қорек түрлерімен ешбір салыстыруға болмайды”

деген екен. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, дені сау адам ағзасына тәулігіне орта есеппен 50 мг С дәрумендері керек болса, қымыздың бір литрінде ол 200-250 мг. Шипалы сусында сөл бөлуді, жүрек жұмысын жақсартатын В дәрумендері, В1, В 2, В 3, оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12, ағзаның қартаюын тежейтін С тобы дәрумендері, липоид, А дәрумендері мол. Қымыз – нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын ішектегі шіру процесін тежейді. Шірітетін микробтарды, ішек таяқшаларын, сарғыш стафилококтарды қырып-жояды. Құрт ауруы, сүзек, дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды.   .

Қымыз ашытқанда кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді: биотин, тиамин, В12 витаминінің мөлшері кемиді; рибофлавин, фоли қышқылы сол
күйінде қалады; пантотен қышқылы артады.
Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций тотығы — 48%, магний
тотығы – 3,4%, фосфордың бес тотығы – 21,3%, хлор – 7,5%.
Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1,5 есе, ал мыс 3,2 есе артық… Бір литр қымызда 1,60 мг мыс болады. Құрамындағы микроэлементтерінің мөлшері жөнінен бие сүті ана сүтіне жуықтау, бұл жөнінде Донецк медицина институтының ғылыми қызметкері Е.П.Гребникованың және басқаларының деректері дәлел бола алады.
Әрдайым алда жүретін Еуропа тағы да алдымызды орап кетті. Бүгінде қымыз өндірумен Германия, Голландия, Австрия, Италия мемлекеттері айналыса бастаған. Неміс ғалымдары қымыздың емдік қасиетін дәлелдегеннен кейін күллі Еуропада оған деген сұраныс жылсайын арта түсуде. Өйткені бұл

табиғи дәріні көзі ашық, жаңалықты бізге қарағанда тез қабылдайтын Еуропа жұрты бірден жоғары бағалап, қол жетімді қылуға күш салған. Бір ғана Германияда қазір осы өндіріспен 50-ге тарта кәсіпорын айналысады (бізде бар болғаны 10 шақты кәсіпорын ғана). Жуырда Алматыда өткен “Гастроэнтерология – 2011” халықаралық конгресіне қатысқан,

Германиядан келген қонақ Ганс Цольман: “Қазір Еуропа елдерінде қымызға деген сұраныс өте жоғары. Біздің бие сүтінен жасалған өнімдерімізді Франция, Голландия, Бельгия елдері талап алады десек артық айтқандық емес. Әрине, бұл ретте қымыздыпайдалану дәстүрін қазақтардан алғанымызды мойындаймыз. Бір қымызға қарап-ақ қазақ халқының даналығын аңғаруға болады. Қазақ даласында қымыз жасау тәжірибесі бар, енді тек алға қарай соны дамыту қажет. Жылқылардың жақсысы да осы қазақ жерінде. Өндіріске күш салса жетіп жатыр” деген-ді. Кәрі құрлықта қымыз біздегіден 60 есе қымбат тұрады. Қазақстанда 1 литр қымыз 500 теңге төңірегінде болса, Еуропа елдерінде оның 1 литрінің құны 7-8 мың теңгеге жетіп жығылады. Мұны текке айтып отырғанымыз жоқ. Неге бізде осы өндірісті жандандырмасқа? Жерімізде жылқы көп емес пе? Елімізде шағын және орта бизнесті қолдауға мән беріліп отырғанда мүмкіндікті неге пайдаланып қалмасқа. Германия қымызға деген патентті иеленіп алғандықтан шетелге шығара алмаспыз, алайда ішкі сұранысты өтеуге жұмыстануға болады ғой. Жастардың арасында ұлттық тағамымыздың қадір -қасиетін насихаттасақ, ел арасында маскүнемдер азайып, түрлі аурулар мен өлім-жітім азаяр еді. Жеріміздің табиғатының өзі экотуризм орталығы болуға сұранып тұр емес пе?
Кезінде елімізде қымызбен емдейтін шипажайлар болып еді, қазір оның бірі жоқ. КСРО кезінде Кудряшов ауруханасында сырқаттарға қымыз беріліп, талай жандар өкпе ауруынан сауығып шықты.

АС.Пушкин қымыз жөнінде былай деп жазған: «Қымыз бие сүтінен жасалады: Бұл сусын — тау халықтары мен Азияда көшіп жүретін халықтардың жаппай ішетін сусыны. Оның дәмі жақсы және денсаулыққа барынша пайдалы деп есептеледі». Денсаулыққа пайдалы және ұзақ жасауға көмектесетін бұл сусын халықтық медицинада өкпе ауруларына ем ретінде пайдаланып келген. Қымыз адамды жүдететін созылмалы ауру кезінде денеге қуат беретін ем ретінде пайдаланылған. Дәрігерлер қымыз спиртін безгек ауруына ұшырағанда және жөтелгенде ішуге ұсыныс жасап отырған.

Қазір ойлап қарасақ ұлттық құндылықтарымызға мән бермегендіктен біртіндеп оларды шетелдіктер иемденуде. Бүгін Германия қымызға, еврейлер шұбатқа патент алса, ертең тағы біреуі қара домбырамызды біздікі деп жүрмесіне кім кепіл. Қымызды өз жерімізде, жылқының Отанында дайындасақ ғана кеткен есемізді қайтарамыз. Әрі туризмді дамытып, қымбат та шипалы сусынды табыс көзінеайналдырамыз. Жерінде ешбір қазба байлығы жоқ Жапония жоғары технологияларды өндіру арқылы дамып

отырғанын білеміз. Күншығыс елінен үлгі алып, пайда келтіреді дегеннің бәрін іске қоссақ, нарық заңының талабын орындаймыз. Мейлі, бізде тау мен ескі қорғандар болмай-ақ қойсын, есесіне шалғынды даламыз бен тамаша сәйгүліктеріміз бар ғой. Сөз соңында “Елім” деген азаматтар қымыз өндірісіне көңіл бөліп, онымен айналысқысы келетін кәсіпкерлерді, жылқышыларды қолдаса, нұр үстіне нұр болар еді дегіміз келеді.

Жылқы қымызы денсаулыққа аса пайдалы екендігі әр уақыт насихатталып келеді. Соған қарамастан, ағзаға пайдалы сусынды аз мөлшерде пайдаланамыз. Оған себеп, әлі де қымыздың маңыздылығына және қажетті мөлшерде пайдасы бар екендігіне түсінігіміз шамалы. Сондықтан жылқы малын көбейте отырып, еліміздің барлық түкпірінде сапалы дайындалған қымыздарды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, оның қасиетін жоғарылатуға қамқорлық жасалу керек.

«Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз» – деп Жамбыл атамыз жырға бекерден-бекер қоспаса керек-ті. Ал Ақтамберді жырау болса: «Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тамсанған. Өйткені, қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмдерінің бірі.

  • Тәрбие сағаты
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • Мұғалім портфолиосы
  • Оқушы портфолиосы
  • Сценарийлер
  • Күнтізбелік жоспар
  • Видео сабақтар
  • Құжатнама
  • Бұйрықтар
  • Білім стандарты
  • Бағдарламалар
  • Кембридж

17

  • Жалпы

ҚОРЫТЫНДЫ 

Қымыз қазақ халқының ежелден тұтынып келе жатқан ұлттық сусындарының бірі. Тарихи сабақтастығы ретінде бағзы заманнан бері қымыз ашыту технологиясы мен қымыз ішу мәдениеті ежелгі қазақ территориясында өмір сүрген ата бабамыздан ұлттық құндылық ретінде бізге жетіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстаннан тыс жерлерде де қымызды сусын ретінде әрі дәрігердің нұсқауымен кей сырқаттарды емдеуге қолдануда. Тіптен косметикалық бұйымдар мен түрлі сабындар жасап шығарып жатқан елдер де бар. Бұл жұмысты ізденіп жазу барысында қымыз туралы көптеген қызықты материялдарды кездестірдім. Тарихи құжаттар мен ғылми мақалаларды салыстыра келе қымыз сусындығын осыдан алты мың жыл бұрын қазақ даласында өмір сүрген тайпалар тұтынғаны белгілі. Ал қазіргі күндекүнделікті көп тұтынатын сусынымыз шайдың пайда болғанына бар болғаны екі мың жыл ғана.

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан бастап ұлттық құндылықтарымыз қайтадан жаңғырып, жаппай халықтық сұранысқа ие болды. Осыларды қарастыра келе, алдағы уақытта қымыздың пайда болу туралы ізденісімді одан ары жалғастырып, қымыздың биологиялық қасиеттері мен химиялық қасиеттерін анықағым келеді. Әрі қымызды алғаш пайдаланған, жылқыны қолға үйреткен қазақ даласындағы ежелгі ата бабаларымыз екенін еске салып, жаңаша көзқараспен шынайы дерек пен жаңа ойлар негізінде мақтануды да білейік достар!

You May Also Like

Трапецияның ауданын табудың ерекше жолдары, ғылыми жоба

Секция: математика Ғылыми жоба тақырыбы:«Трапецияның ауданын табудың ерекше жолдары» 6.Жұмысты ұсынылатын секциясы:Математика…

Ата-бабамыздың сандар әлемін жаңғырту, ғылыми жоба

«АТА – БАБАМЫЗДЫҢ САНДАР ӘЛЕМІН ЖАҢҒЫРТУ» Мазмұны: Кіріспе 1.1. Өлшеу не үшін…

Тырнағымды неге жеймін? ғылыми жоба

Adobe Photoshope бағдарламасы, ғылыми жоба

Adobe Photoshope бағдарламасы  Міндеттері: Adobe Photoshope бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру; Adobe…