Adobe Photoshope бағдарламасы 

Міндеттері:

Adobe Photoshope бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру;

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігін мысалдар көрсету арқылы дәлелдеу;

Ш етелдік тәжірибелерді ескере отырып, Adobe Photoshope бағдарламасының зиянын көрсету . 

Adobe Photoshope бағдарламасы

Adobe Photoshop бағдарламасы графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған. Adobe Photoshop– ты

кәсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, вебдизайнерлер ж ə не қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны ə ркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil ж ə не т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілері қолдайды.

Adobe Photoshope бағдарламасы

Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасыграфикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен

70 мемлекетте қолданылатын программа.

Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі

Adobe Photoshope бағдарламасының қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа.

Маркетингтік ақпарат нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды. Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнамасауда двигателі», деп бекер айтпайды.

Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар  мүмкiндіктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек, Adobe Photoshop бағдарламасы адамның бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйг i л i программалық орта.

Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет емделушінің операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.

Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үш i ноперацияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.

Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар  мүмкiндіктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек, Adobe Photoshop бағдарламасы адамның бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйг i л i программалық орта.

Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет емделушінің операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.

Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үш i ноперацияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.

Полиграфиялық өнім кез келген кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол бөліктерге визиттік карточкалар, фирмалық бланкілер, тауардың этикеткасы, билеттер, күнтізбелер, открыткалар, шақыру билеттері, дипломдар, грамоталар, блокноттар, қойын дәптерлер, пакеттің сырттары, кітаптар мен журналдар жатады.

Семей қаласы ғана бойынша полиграфиялық өнімді шығаратын 42 орын жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жоғары сұранысқа ие: «СЕМЕЙ-ПОЛИГРАФИЯ», « PRINT», « Регион Сем Пресс», «МАСКА» дизайн студиясы, «ПОЛИГРАФ ПОЛИГРАФЫЧ», «ПОЛИГРАФСЕРВИС» типографиясы, «Семей Коркем», « Konica», « Фотомир» т.б. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де полиграфиялық қызметтеріне жүгінуге болады: «Арбат», ЖК Евдокимов , Амиргазина А.О., «Аскар и К» т.б.

      Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі мен қоса оның кері әсері де бар. Бірнеше мемлекеттің саясаткерлері «Азаматтардың психикасына жарнамалар мен бұқаралы ақпараттар құралдарындағы фотошопталған суреттер кері әсер етеді» деген пікірге келіп отыр. Ұлтты жан күйзелісінен арылту үшін заңды түрде фотошоппен күресуді ұйғарып отыр.

Көрік пен әсемдіктің дүниежүзілік қалыбы ақылға сыймастай ұлғайып отыр. Осы тұрғыда қарасақ, Photoshope бағдарламасының заманына «нүкте» қойылды деп айтуға болады.

Жарнама агенттіктері мен баспаханалардың, атап айтқанда компьютерлік технологияны, иллюстрацияны пайдалану арқылы адамдардың денесіндегі сәйкессіздікті жарнамалайтын кәсіпорындардың жұмыстарына шектеу қоюда. Бұл тек адамның денесіне ғана емес, азық түлікке, киім үлгілеріне, интерьерге, демалыс орындарын жараманалауға да қатысты айтылған.

Саясаткерлердің пікірінше, өңделген суреттің дауылы тұтынушыларды ақша шығынына және жан күйзелісіне ұшыратып, олардың жүйке жүйесінің жұқаруына, физикалық әлсіреуіне әкеледі.

Халықты алдапарбауды тоқтату мақсатында бірінші болып бастама алған француз парламенті болды.

Компьютерлік ретушьтің бұқаралық ақпараттар құралдары мен жарнамаларда қолданудың алғашқы наразылық толқынын депутат Валери Бойе көтерді. Жүздеген француз парламенттерін жұмылдырып, 2009 жылдың қыркүйек айында заң шығард ы . Заң бойынша адамның сырт келбетін компьютерлік өңдеуге ұшыратып, оның шынайы сипатын өзгертіп көрсететін кез-келген жарнамалық суреттерде «сурет өңделген, адамның сырт келбеті өзгертілген» деген жазудың жазылғанын атап айтқан 

Валери Бойенің айтуы бойынша «Компьютерлік ретушьті қолдану адамдардың сенгіштігіне әкеледі. Тұтынушылар шынайы өмірде жоқ нәрсеге ұмтылып, өз бойларындағы кемістікті жоюға тырысады. Нәтиже шықпағандықтан, өз кемшіліктерін жою мақсатында психикасын, денсаулығын, тіпті өмірін де қауіп қатерге тігеді. Ең бірінші кезекте шоу – бизнес жұлдыздарының жақсартылған суреттеріне қарап жасөспірімдердің өзін өзі бағалауы күрт «төмендейді» деген.

Бойенің заң жобасы бойынша Photoshope бағдарламасы арқылы өңделген суреттерді ескертусіз пайдалану 37 500 евромен ғана шектелмейді, кей жағдайларда азаматтарды 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруына дейін апарады.

Ал Италия мемлекетінде модельдерді жарнамалауда яғни 175 см бойы мен 55 кг салмақтағы суреттерді қолдануға тыйым салу туралы заң шыққан. Сол сияқты Испания мемлекеті де бұл заңды қолдап отыр.

І V Қорытынды

Photoshop бағдарламасын 70 елде қолданады. Бірақ қолдану барысында арнайы мамандардың болмағандығынан үлкен қателіктер де кетіп жатады. Мысалы, жұмысына салғырттықтан немесе немқұрайлы қарағандығынан жалтырақ журналдар мен үлкен көлемді билбордтар, банерлер мен панноларда біршама қателіктер байқалады.

Осындай қателіктерді жою үшін Photoshop бағдарламасын жетік меңгерген, жоғары білімі бар дизайнерлер мен полиграф мамандарынан тұратын комиссияның құрылып, барлық елдегі жарнама беттеріндегі ақпаратты сараптап, талқылап, қолдануға берілсе деген ойым бар.

Қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламаларды қолданып жоғарыда айтылғандай пластикалық операциялар кеңінен жасалуда. Бірақ, технология мен адамның мүмкіншіліктері сәйкес келмей жатқанда пластикалық операцияның ойдағыдай болмайтынына көзіміз жетеді.

Жоба барысында « Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері мен қолдану тиімділігі мен кері әсері » жан-жақты зерттеу негізінде қарастырылды. Негізгі мәселелер толығымен қарастырылды деп айтуға болады. Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз, сонымен де бұл бағдарлама қазіргі таңда сұранысы өте жоғары, экономикалық жағынан кіріс көзінің негізін құрайтын өте беделді бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктеріне сай сұраныста алатын орны ерекше, ол кез-келген салада, технологиялардың шарықтап тұрған саласында өте қажетті бағдарлама.

Бұл бағдарламамен жұмыс жасауды бірден игеру мүмкін емес, оған уақыт, төзім, шыдамдылық пен қажымас қайрат керек, уақыт өте келе бағдарлама арқылы жасалған нәтижелер өз жемісін береді. Бағдарлама өте қызықты, кез келген жұмыстың нәтижесі адамды қызықтырып, шығармашылық жұмыстармен айналысуға деген құштарлыққа жол ашады. Тек қана оның жасалу жолдарын білу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Кез келген адам өзінің шығармашылықпен айналысқанды жақсы көреді деп ойлаймын.

 

You May Also Like

Тері илеудің маңызы, ғылыми жоба

Тері илеудің маңызы» Бағыты: «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге…

Сабын, ғылыми жоба

«Сабын»    Қатысушы: Майрам Разия Мазмұны Абстракт (аннотация) Кіріспе………………………………………………………………6 I.Негізгі бөлім………………………………………………………………………….7 1.1. Сабынның…

Мүшелде бар жұмбақ сыр, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Мүшелде бар жұмбақ сыр» Орындаған: Қожақаева Айым Мазмұны…

Қазақ хандығының құрылуы, ғылыми жоба