«Сабын»   

Қатысушы: Майрам Разия

Мазмұны

Абстракт (аннотация)

Кіріспе………………………………………………………………6

I.Негізгі бөлім………………………………………………………………………….7

1.1. Сабынның пайдасы……………………………………………………………..9

1.2. Сабынның түрлері………………………………………………12

1.3.Бала терісіне арналған сабынның құрамы………………………16

II.Зерттеу бөлімі

2.1 Ата – бабамыздың сабын жасау жолы…………………………………….

2.2 Қолдан жасалған сабын несімен пайдалы………………………19

2.3 Бала терісіне арналған табиғи сабын  жасау………………………19

ІІІ. Қорытынды …………………………………………………………………………13

Ұсыныс…………………………………………………………………………………………….14

Абстракт

Ғылыми жобаның тақырыбы: «Бала терісіне арналған сабын»

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Бала терісіне арналған сабындарды  зерттелген  мәліметтер  бойынша, оның  емдік  қасиеттерін  зерттеу, үй жағдайында бала терісіне арналған сабын жасау, денсаулыққа пайдалы  сабын  екендігін  насихаттау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы  және болжамы:Бала терісінің нәзік және сезімталдығын ескере отырып,оның терісіне пайдалы әрі қол жетімдізаттардан үй жағдайында сабын жасау.  Өнімді  көп  қолданатын  сабындармен   алмастыру. Үй жағдайында  жасалған бала терісіне арналған сабын екендігіне  көз  жеткізу.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау арқылы бала терісін зерттеу және оған еш зияны жоқ сабын жасап көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Жұмыс барысында қолдан жасалған сабын көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

Бала денсаулығы ең маңызды мәселе сондықтан оған көңіл бөлуіміз керек

Зерттеу ұсыныстары:

  1. Халық арасында кең таралған сабын жасау жолдарын ұсыну.
  2. Баланың терісіне арналған сабын түрін ұсыну.
  3. «Нәзік» деп аталатын сабын түрін жасап шығару.
  4. Өзге елдің емес, өз еліміздің өнімдерін қолдану.

Абстракт 

Тема исследовательского проекта: «Мыло для детской кожи».

Цель научной работы: мыло для детской кожи в домашних условиях, пропагандировать полезность мыла для здоровья.

Новость и предположение научной  роботы: Изготовление мыла в домашних условиях из полезных и доступных для кожи ребенка ингредиентов с учетом нежности и чувствительности кожи. Замените продукт обычным мылом. Убедитесь, что это домашнее мыло для детской кожи.

Теоретическая  и  практическая  значимость исследования:         Теоретическая суть работы – изучить кожу ребенка путем обзора научной литературы и сделать мыло, не причиняющее ему вреда. Практическая ценность работы – возможность изготовления и использования мыла ручной работы в быту.

Здоровье детей – самая важная проблема, поэтому нам нужно уделять ей внимание

Рекомендации по исследованию:

  1. Предложите способы изготовления популярного среди населения мыла.
  2. Приготовьте мыло для детской кожи.
  3. Производство мыла «Деликатное».
  4. Используйте продукты из вашей страны, а не из другой.

Abstract

The theme of the research project «Soap for baby skin».

Purpose of the research: to study the medicinal properties of baby soap, to make

soap for baby skin at home, to promote the health benefits of soap

Novelty and prognosis of the research: Making soap at home from ingredients that

are useful and accessible to the child’s skin, taking into account the tenderness and  sensitivity of the skin Replace the product with regular soap. Make sure it’s a homade baby skin soap.

Theoretical and practical significance of the research: The theoretical essence of the work is to study the skin of a child through a review of   scientific literature and make soap that does not harm him. The practical value of the work is the ability to make and use handmade soap in everyday life.

Children’s health is the most important issue, so we need to pay attention to it

Research Recommendations:

  1. Suggest ways of making soap popular among the population.
  2. Prepare baby skin soap.
  3. Production of Delikatnoye soap.
  4. Use products from your own country, not another.

Кіріспе

     Біз тақырып таңдарда көп ойландық.Ғылыми жұмысқа тақырып өзекті болу керек деген жетекшіміз. Менің кішкентай бөпем бар. Анам оған әртүрлі сабындар пайдаланды.Бірақ көбі бала терісіне жақпай, аллергиялық бөртпелер тудырды. Бұл әрине баланың мазасын алады.Содан мен осы балалар сабыны туралы іздене бастадым. Сыныптасым екеуміз дүкен сөрелеріндегі сабындар құрамы, шыққан жері туралы оқып, біліп, жинап жүрдік.

Сабындардың көбі Ресей елінен, Европа елдерінен шығады екен.Біздің елімізден шығатын сабын түрлері өте аз, әрі кез келген жерлерде сатылмайды. Таралымы аз.Бұрынғы ата-бабаларымыз да әртүрлі сабын жасап, қолданған.Олар ешқандай зияны жоқ, әрі қолжетімді заттардан жасалған.Осы мақсатта бізде балалар терісіне арналған сабын жасап көруді ұйғардық.Балалар терісі өте нәзік, қорғаныс қабаты әлі қалыптаспаған болғандықтан кез келген сабынды пайдалануға болмайды. Ол әртүрлі бөртпелер тудырып, бала терісіне зақым келтіруі мүмкін.

Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы  химиялық       формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер  Галеннің  шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы  Геродот  жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта   Азияның  Асбара  (Исфара),  Бахи,  Термез  қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады.Сабын  – жоғары температурада балқиды, ыстық суда ериді, жуғыш қасиеті бар. Қарапайым сабын – корбон қышқылдарының тұздары. Оны глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады.

  1. Негізгі бөлім

Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты.Үйіңізде кішкентай бала болмаса да балалар сусабынын алып қойыңыз. Балалар сусабыны дақтарды жақсы кетіреді алайда балалар сусабыны адамдарға пайдалы емес. Ал балалар сусабынында осы затты амфотерлі сурфактантымен ауыстырады. Сол үшін ол шашты құрғатпайды және басқа да күтім процедураларына қолдануға болады. Қарапайым сабын терісі сезімтал адамның қолын құрғатып жібереді. Егер осындай жағымсыз жағдай орын алса, сұйық сабынды балалар сусабынымен ауыстырып көріңіз.Сәбидің терісі өте жұқа әрі нәзік. Жуынуға арналған сусабын, сабын, май құрамындағы қоспаларды нәзік тері бірден қабылдай алмайды. Сондықтан оларды шомылдырғанда тек балаға арналған заттарды ғана пайдалану керек. Нәрестелер терісінің жұқалығы соншалық, косметикалық заттардан тітіркеніп, қышиды. Терісі құрғақ болғандықтан май бездерінің қызметі әлсіз келеді. Қорғаныс қабатының қышқылдығы мүлдем болмағандықтан, зиянды бактерияларды тез қабылдайды.Балаларды шомылдырғанда да ең бірінші сабын қолданатынымыз белгілі. Қатты сабын құрамындағы сілтілер жаңа туылған баланың терісін құрғатып, қорғаныс қабатын жұқартады. Осыны ескере отырып балаға сабын таңдағанда өте сақ болған дұрыс. Крем-сабын немесе сұйық сабын сәбиге пайдалы және олардың құрамында түймедақ, сүйелшөп, итошаған тәрізді дәрілік шөптер болғаны дұрыс. Сусабынды бала дүниеге келген соң екі аптадан кейін пайдалана беруге болады. Алайда ол балаларға арналған сусабын болуы шарт. Өйткені оның қрамы жеңіл, көзді ашытпайды, теріні қорғайды. Бұл сусабынды аптасына 2 рет қана қолданады. Басқа уақытта жай сумен жуса да жетіп жатыр.

1.1 Сабынның пайдасы

Қазіргі таңда біз кір сабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол. Мәселен: Адамның инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады. Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер  кір сабынмен жуынуға кеңес береді. Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз. Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады. Кір сабынның зарарсыздандыру қасиеті мұрын бітуіне де қарсы тұрады. Мақта тампонды сабын ерітіндісіне батырып, мұрынды тазалау қажет. Алғашында аздап ашытады, 1-2 рет қайталағаннан кейін мұрын бітуі тоқтап, біразға дейін мазаламайды. Кір сабынның құрамы өзгеріссіз сақталып келе жатқанына 200 жылдан асты. Оған ешқандай зиянды химиялық қоспа қосылмайды. Сол себепті оны шаруашылықта ғана емес, косметикада да, профилактикада да, тіпті емдеу мақсатында да қолдануға болады.

                                1.2 Балаларға арналған сабынның түрлері

       «Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы –  бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал теріге немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.

Бактерияға қарсы сабын

Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлкен қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз.

                       1.3 Бала терісіне арналған сабынның құрамы

Сабынды жасау үшін көбіне үш компонент қолданады: май,өсімдік майы немесе жануар майы. Және күйдіргіш натр немесе күйдіргіш калийде болады,және тағы керегі ол су. Май барлығына да пайдалы болып келеді. құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады.

II.Зерттеу бөлімі

2.1 Ата – бабамыздың сабын жасау жолы.

Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты әлемге әйгілі болды. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды.

Ал біздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден-ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген. Қазақтардың негізгі күнкөріс тіршіліктері малмен тығыз байланысты болған. Малдың жүнін,етін,сүтін ең аржағы тезегін де тұрмыс қажеттілігіне пайдаланған. Қазақтардың малдың жілік сүйектерін жинап қазанға салып асықпай қайнататын болған.Сүйек қайнап жатқанда алдын ала жинап кептіріп қойған  алабота шөбін өртеп,оның  күлін жинап, қазандағы сүйектің майы әбден шығып сарқылғанда сүйектерін сүзіп алып тастап,дайын алабота күлін салып әбден қоюланғанша  оқтаумен бұлғап

отырып қайнатады. Қайнап-қайнап суы сарқылып қою қоймыжыққа айналғанда қазанды оттан алып, салқындатып, сабынның пішініне келтіріп

жасаған. Мысалы,екі алақанның ортасына қысып сопақша сабын жасағанда оның атын «алқынды»сабын деп атаған. Кесеге салып нығыздап түсіріп алған сабынды «бүзаубас»сабын деп атаған. Бұл сабындардың бір ерекшелігі кірді жақсы ашатындығы және көпке жететіндігі болған.

                      2.2  Қолдан жасалған сабын несімен пайдалы?
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.
• Сабынды қолдан жасау барысында қолжетімді әрі пайдалы өнімдермен жасау.
• Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.
• Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал жабдықтарды сатып алудың қажеті жоқ.

 2.3 Қолдан жасалған табиғи сабын.        

Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.

Қоспасы:

-кір сабын – 150гр

-сүт – 250гр

-май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы тб) – 50гр

-су -100гр

Дайындау тәсілі:Газге су қойып,ол қайнағасын үстіне тарелкамызды қоямыз.Тарелкаға үккіштен өткізілген кір сабынды саламыз, яғни су моншасында дайындаймыз.Оны қасықпен былғап тұрып үстіне сүтті аз-аздан құйып араластырып тұрамыз. Сүтті бірден құюға болмайды себебі сабынымыз былшырап кетеді.Содан кейін майымызды құямыз. Кез-келген май жарайды.Тез-тез араластырамыз.Содан соң өзімізге ұнаған формаға саламыз.Егер иіс шығарғымыз келсе,өзімізге ұнаған иіс судан аздап қосуға болады.Сабын дайын.

Қолданылуы: Жас ерекшелік талғамайды кез келген жасқа пайдалануға болады.

Пайдасы: Теріні құрғатпайды, аллергиялық ауру тудырмайды, құрамында химиялық қоспалар жоқ.

Қорытынды

Қолдан сабын дайындау соншалықты қиын емес, сондай – ақ өте қызықты жұмыс. Мен үйде жасалған сабынды дүкеннен сатып алынған сабынмен салыстырып көріп, қайсысы ең жақсы екенін білу үшін төмендегідей бірнеше тәжірибе өткіздік.

– №1 тәжірибе. Үйде жасалған сабынның бірнеше түрімен күнделікті сабынның сыртқы түрлерін салыстырып көрдім. Қорытынды: үйде қолдан жасалған сабынның сыртқы түрі күнделікті сабыннан әлдеқайда тартымды және алуан – түрлі.

– №2 тәжірибе. Сабындардың иістерін салыстыру. Қорытынды: сабынның екі түрі де жағымды иісті.

– №3 тәжірибе. Қолды жуғаннан кейін сезімді салыстыру. Қорытынды: сезімдер бірдей, қолдың терісі жұмсақ,

– №4 тәжіребе. Көбіктенуін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабынның көбігі аз, бұл оның құрамындағы адам денсаулығы үшін зиян келтіретін ЖБЗ-дың аз мөлшерде болғанын көрсетеді.

– №5 тәжірибе. Сабынның суда жібу деңгейлерін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабын суда болған кезде күнделікті сабыннан анғұрлым аз жібиді.

Жасалған тәжірибелер негізінде, үйде қолдан даярланған сабын иісімен, сезіммен салыстырғанда дес бермейді, ал жібуі мен қауіпсіздігі жағынан жеңеді.

Сабынды үйде даярлауға болады деген болжамым дәлелденді. Сабынды қолдан жасау өте қызықты және қиын емес екеніне көзім жетті.Мен өз қолмен жасалған сабын туыстар мен достар үшін ең бағалы сыйлық болатынына сенімдімін.

Сабын жасау тақырыбы мені одан әрі қызықтырды. Сондықтан болашақта үйде сабын жасаудың басқа да жасау түрлері мен үлгілерін үйреннуге жоспарлап отырмын. Мысалы, дәрілік шөптерді қосу, өз рецептерімді жасауға ойластыру.

You May Also Like

Оғыз тайпаларының діни-наным сенімдері, ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ: «Оғыз тайпаларының діни-наным сенімдері» ОҒЫЗ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ Аңдатпа Орта Азия…

Анимация, ғылыми жоба

КІРІСПЕ Барлық елдердің балалары сәби кезінен мультфильмге құштар болады. Мультфильм баланың ата-анадан…

Қазақтың ұлттық тағамы–құрт, ғылыми жоба

Қазақтың ұлттық тағамы–құрт Ғылыми жоба тақырыбы:  Қазақтың ұлттық тағамы–құрт Мазмұны Аңдатпа 2.…

Сиырдың тыныс тіршілігі, ғылыми жоба слайд