Зімбір тамырының пайдасы

Мазмұны:

Абстракт…………………………………………………………………………………………………….3-5

Кіріспе бөлім…………………………………………………………………………………………………6

  1. Негізгі бөлім.

1.1 Зімбірдің шығу тарихы……………………………………………………………………………..7

1.2 Зімбірдің адам денсаулығына пайдасы……………………………………………………8-9

  1. Зерттеу бөлім.

2.1 Зімбір туралы қала тұрғындарынан сұхбат алу…………………………………………10

2.2 Зімбір тамырынан косметикалық өнімдер жасау………………………………….11-12

2.3 Зімбір тамырынан сусындар мен шайлар дайындау………………………………….13

2.4 Зімбір тамырынан кондитерлік тәттілер жасау…………………………………………14

III. Қорытынды бөлім.

3.1 Қорытынды……………………………………………………………………………………………..15

  1. Ұсыныс

4.1Ұсыныс……………………………………………………………………………………………………16

Абстракт

Ғылыми жобаның тақырыбы: Зімбір тамырының пайдасы

Зерттеу жұмыстың мақсаты:

  • Зімбір арқылы көптеген ауру түрлерінен арылуға болатынын айту
  • Зімбірдің пайдалы жақтарын нақтырақ анықтау
  • Адамдарды зімбірді күнделікті қолдануға шақыру

Зерттеу жұмысының жаңалығы мен болжамы:Біз зімбірдің адам ағзасына өте пайдалы екенін анықтадық. Осы мақсатта зімбірден түрлі шай, сусын, маска, печенье түрлерін ойлап таптық.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:Зімбірдің адам денсаулығына әсерін жан – жақты зерттей отырып, оның адам өміріне пайдасы бар немесе пайдасы жоқ екенін анықтау зерттеу жұмыстың теориялық мәні болып табылады. Оның пайдалы жолдарын қалай пайдаланатынын көрсету жұмысымыздың практикалық мәні.

Тәжірибе:

  • Қала тұрғындарынан зімбір қолданысы туралы сұхбат және сауалнама алу
  • Зімбірден адам денсаулығына пайдасын тигізер түрлі маскалар мен сусындар жасау

Қорытынды:Біз ғылыми жобамызды қорытындылай келе зімбірдің  адам ағзасына  пайдалы екенін анықтадық. Адамдардың зімбір арқылы бірнеше дерттен арылуын және оны күнделікті қолдануға болатынын зерттедік.

Ұсыныс:

  • Азық – түлік дүкендерінде және супермаркеттерде құрамында зімбір бар тағамдар мен сусындар сатылымға шықса;
  • Елімізде зімбірдің пайдасы туралы көптеген ақпараттар таратылса;
  • Адамдар емделуге қымбат дәрі – дәрмектен гөрі зімбірді көбірек пайдаланса; 

Абстракт

Тема научного проекта:Польза корня имбиря

Цель научного проекта:

  • Рассказать о том что блогадаря имбирью можно избавиться от разных заболеваний
  • Точно изучить пользу имбиря
  • Предложить людям использовать имбирь в повседневной жизни

Новость и прогноз исследовательского проекта:Изучая имбирь мы поняли, что она очень полезна для здоровья человека. По этой цели мы решили придумать разные рецепты чаев, соков, масок, печеньев с имбирьем.

Теоретическая и практическая значение исследования:Изучив влияние имбиря на здоровье человека с разных сторон, его теоретическим ценостьем является его польза и вред на жизнь человека. А практическим ценостьем работы является то что мы должны показать в каких целях и как использовать имбирь в домашних условиях.

Эксперименты:

  • Взять интервью у жителей городов о использовании имбиря
  • Сделать полезные для здоровье человека напитки и омолаживающие маски для лицы

Заключение:Мы подведя итог нашей научной работы, доказали что имбирь очень полезен для организма человека. Благодаря имбирью люди могут избавиться от разных заболевании и его можно использовать в повседневной жизни.

Рекомендация:

  • Чтобы в продуктовых магазинах и в супермаркетах были продукты в состав которых входит имбирь;
  • Чтобы по нашей стране распространились много информации про пользу имбирья;
  • Люди вместо дорогих лекарств, использовали имбирь он гораздо полезен и выгоден; 

Используемая литература: 

  • Сайт Adme.ru 

 

Abstract

Theme of a scientific project: The benefits of ginger root

Aims of a scientific project are:

  • Tell about the fact that thanks to ginger you can get rid of various diseases.
  • Accurately explore the benefits of ginger.
  • Invite people to use ginger in their daily lives.

News and forecast of the research project:Having studied ginger, we realized that it is very beneficial for human health. To do this, we decided to come up with different recipes for tea, masks,cookies with ginger.

Theory and practice importance:Having studied the effect of ginger on human health from different sides, its theoretical value is its benefits and harm to human life. And the practical value of work is what we have to show for what purpose and how to use ginger at home.

Experiments:

  • Interview city residents about using ginger
  • Make healthy drinks and anti – aging face masks

Conclusion:We summarized our scientific work, proved that ginger is very useful for the human body. Thanks to ginger, people can get rid of various diseases and can be used in everyday life

Recommendation:

  • To in grocery stores and supermarkets were products which include ginger;
  • To spread a lot of information about the benefits of ginger in our country;
  • People instead of expensive drugs, used ginger, it is much useful and benefits;

Used books:

  • The site Adme.ru

Кіріспе бөлім

Біздің ғылыми жұмысымыздың тақырыбы «Зімбір тамырының пайдасы» деп аталады.Қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі – адам денсаулығы. Айналамызға зер салып қарасақ, адамдар арасында күннен күнге дейін ауру артып бара жатырғанын байқаймыз. Осы себептен бізге аурулардың алдын алатын және ауруларды емдейтін өсімдіктерді зерттеу қызығушылығымызды арттырып, біз зімбір өсімдігі туралы зерттеу жүргізетін болдық. Дүкендерде көп адамдарға таныс емес болып көрінетін бұл зімбір өсімдігі туралы біз толығырақ білгіміз келді. Анықтай келе көпшілік адамдар қолдана бермейтін бұл өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасы зор екенін білдік. Кішкентай ғана бір – ақ зімбір арқылы біз ауыр әрі күрделі дерттерге қарсы тұра аламыз. Және тек қана дертке шипа ғана емес, оны күнделікті өмірде де пайдалануға болатынын анықтадық. Мысалы, зімбірден шай жасап немесе бет терісіне арналған түрлі маскалар, дәмді сусын және тағы басқа осы секілді нәрселер жасап, күнделікті тұрмыста қолдануға да болады. Ауырған жағдайда дәріханадағы қымбат дәрілермен ағзамызға зиян келтіргеннен гөрі адам ағзасына артығырақ пайдасын беретін зімбірмен емделсек болады немесе бірнеше дерттердің алдын алуға болады. Елімізде зімбірді пайдаланушылар біршама көп. Бірақ, тіпті зімбір туралы білмейтіндерді кездестірдік. Сондықтан да осы ғылыми жұмысымыз арқылы зімбір туралы көптеген ақпараттар таратып, көптеген адамдарды зімбірді пайдалануға шақырамыз деген ойдамыз. Зімбір құрамында түрлі бірнеше дәрумендер мен майлар және адам ағзасына пайдасын тигізер қышқылдар бар. Тіпті, бұл дәрумендер мен қышқылдар ең ауыр дерттердің бірі қатерлі ісік немесе ракқа қарсы тұра алады. Зімбір пайдаланушылар арасында қатерлі ісік өте сирек кездеседі. Себебі, зімбірдің құрамында қатерлі ісікті болдырмайтын дәрумендер жеткілікті мөлшерде. Зімбір осы секілді көптеген өзге де дерттерге қарсы тұра алады. Және де зімбір арқылы адам ағзасындағы иммундық жүйені көтеріп, денсаулығын нығайтуға болады. Таңертең зімбірден жасалған шай күні бойы сергек жүруге де көмектеседі. Осыдан басқа да адам денсаулығына тигізер пайдасы жетерлік. Сондықтан да адамдарға осындай мол пайдасы бар нәрселерді пайдалануды ұсынғымыз келеді. Дүкендердегі түрлі пайдасыз керісінше денсаулыққа кері әсерін, зиянын әкелетін сусын немесе тағам түрлерінің орнына осындай мол пайдасы бар зімбірден жасалған тағамдар мен сусындар қойылғанын және оны қарапайым халық қолданғанын қалаймыз. Осы ғылыми жобамыз арқылы адамдарға пайдалы әрі адам денсаулығы үшін маңызды ақпараттар жеткізіп, адамдардың құнарлы тағамдармен тамақтанып, еш ауырмай, дұрыс және бұрыс тағамдар туралы білгенін қалаймыз. Және осы ойымыз осы ғылыми жұмысымыз арқылы іске асады деген ойдамыз.

  1. Негізгі бөлім
    • Зімбірдің шығу тарихы.

Аптекалық жанжабіл не болмаса зімбір (латынша zingiber offinale) – жанжабілдер тұқымдасының жанжабіл тегінің өзіне тән иісі мен дәмі бар көпжылдық шөптесін өсімдігі. Ең алғаш Оңтүстік Азия елдерінде жабайы түрлері тараған. Қазіргі таңда жабайы түрлері мүлдем кездеспейді. Қазіргі кезде Қытай, Индонезия, Аустралия, Ямайка, Барбадос, Үндістан, Батыс Африка жерлерінде және Жапонияның кейбір тропикалық аймақтарында зімбірдің 80 – 90 түрлері өсіріледі. Ең алғаш зімбір Үндістанда өсірілді. Нақтырақ айтсақ зімбірді басында финикиялықтар қазіргі кездегідей дәмдеуіш ретінде емес, ақша бірлігі үшін қолданған. Зімбір ежелгі Мысыр еліне финикиялықтардың  арқасында келді. Бірақ бұл жолы зімбір ақша бірлігі ретінде емес, қымбат әрі бағалы дәмдеуіш ретінде таныла бастады.Алғаш зімбірді орта ғасырларда Еуропа көпестері шет аймақтарға таратып, сол кездерден бастап дәрі – дәрмек және көптеген тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылып келеді.

Зімбірдің сабағы тік 1 метрге дейін және ет – женді, құрамында эфир майлары болғандықтан хош иісті, бірақ та гингерол терпенінің әсерінен дәмі ащылау болып келеді. Ал жапырақтары сары – қызғылт немесе қоңыр – күлгін түсті болып кезек кезекпен орналасады. Жемісіне келетін болсақ үшжармалы қауашақты.

Зімбірдің құрамына назар аударсақ адам ағзасына қажетті бірнеше майлар мен дәрумендерден құралған. Яғни эфир майлары, цингиберен, камфен, цинеол, басиболен, борнеол, линалол, цитраль, аспоргин, холин, бетокоратинамин қышқылдары, табиғи антибиотиктер, цинк, кальций, йод, антимикотиктер, аскорбин қышқылдары және А, B1, B2, C дәрумендерінің барлығы зімбірдің құрамында кездеседі. Ал осы дәрумендер мен қышқылдар адам ағзасына әсер етіп, адам денсаулығын нығайтуға үлкен көмегін береді.

Қазіргі таңда зімбір медицина саласында көп қолданысқа ие өсімдіктердің бірі. Зімбірден түрлі емдік дәрі – дәрмектер мен емдік шайлар жасайды. Және зімбірді кейбір тағамдар мен кондитер өнімдеріне  дәмін дәмді қылу үшін пайдаланады. Және зімбірдің құрамында эфир майлары болғандықтан, оның иісі де жағымды. Үгітілген зімбірге қарағанда үгітілмеген зімбірдің хош иісі ұзағырақ сақталады.

Яғни, байқағанымыздай зімбірдің барлық мүшесінде адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен басқа да пайдалы нәрселер бар. Және біздің ғылыми жобамыздың мақсаты зімбірдің басты мүшесі яғни зімбір тамырының адам денсаулығына пайдасын анықтау.

  • Зімбірдің адам денсаулығына пайдасы.

Біз тақырып таңдаудағы басты мақсатымыз зімбірдің адам денсаулығына пайдасын анықтау еді. Сондықтан да біз зімбір тамырының адам ағзасына бірнеше пайдалы жақтарын ұсынғымыз келеді.

Иммунитет – зімбір тамыры адам ағзасындағы иммундық жүйені көтеруші ретінде өте қолайлы.

Тұмау – зімбір тамырының құрамындағы иммунитет көтеретін кальций, йод және тағы басқа осы сияқты дәрумендер тұмау кезінде оны емдеуге өте қолайлы өсімдік тамыры.

Тырнақ – қазіргі таңда көптеген қыздардың басты проблемаларының бірі тырнақ жұқалығы. Ал зімбір тамырын пайдаланып сынғыш тырнағыңызды әдемі етуге мүмкіндігіңіз бар.

Ауырсыну – адамдар спортпен шұғылданған кезде немесе кішігірім жаттығу жасаған кезде тізе сүйектері ауырады. Осындай сүйек ауруларының бірден бір емі бұл – зімбір тамыры.

Рак немесе қатерлі ісік – қазіргі таңдағы әлемде емі табылмаған бұл қауіпті аурудан зімбір тамыры арқылы сақтана аласыз. Зімбір тамыры арқылы жеңіл қатерлі ісігі, омырау қатерлі ісігі, ішек рагы сияқты ісіктерге қарсы тұруға болады.

Безеу – барлығымызға белгілі бет, мойын терілерінде безеу қаптап, жастардың бет бейнесін, көркін бұзатын бұл терінің ластануынан барлығы құтылғысы келеді. Осы жағдайда зімбір тамырының құрамындағы дәрумендер ішек жұмысын жақсартып, осы арқылы бет терісіндегі безеуді де кетіреді.

Артық салмақ –кейбір адамдардың басты проблемасының бірі артық салмақ. Ал осы артық салмақты тастауға көмектесетін және салмақты бірқалыпты сақтап тұрушы ең жақсы өнімдердің бірі – зімбір тамыры болып саналады.

Сүйек – зімбір құрамындағы кальций адам ағзасындағы сүйекті жұмсартып, остеоартрит және остеохондроз ауруынан аулақ етеді.

Қан құрамындағы қант мөлшері – зімбір арқылы салмағыңызды бірқалыпты сақтап, иммунитет көтеріп, ағзадағы холестерин мөлшерін азайтуға болады. Ұйқы алдындағы бір стақан зімбір шайы қан құрамындағы қант мөлшерін бірқалыпты сақтап, диабеттің алдын алады.

Тіс – айтып өткендей зімбір ауырсынуды басады. Яғни, тіс ауырғанда зімбір арқылы ауырсынудан құтылуға болады.

Есте сақтау қабілеті – есте сақтау қабілетінің нашарлауына қарсы тұра алады.

Ми жұмысы – ми адам ағзасындағы ең маңызды рөл атқарушы мүшелердің бірі.Альцгеймер және Паркинсон секілді аурулардың алдын алуда зімбір тамыры бірден бір ем. Ал Альцгеймер ауруы дегеніміз нейрогенеративті сырқат. Көп жағдайда Альцгеймер ауруы 65 жастан асқан үлкен адамдарда кездеседі. Бұл ауру кезінде адам ұмытшақтыққа жиі тап болып, ми жұмысы баяулайды.  Ми жұмысын жақсартқыңыз келсе біз сізге зімбір тамырын қолдануды ұсынамыз.

Жүрек – адам ағзасынығ ең маңызды бөлшегінің бірі жүрек. Осы жүрек жұмысын жақсартуда зімбір өте қолайлы. Зімбір құрамындағы калий және марганец қан қысымын реттеп, қан айналымын жақсартып, жүрек жұмысын жақсартады.

Энергия – күнде таңертең су мен ұнтақталған зімбір арқылы сіз өзіңізді күні бойы жайлы сезініп, энергия жинайсыз.

Дофамин – ағзадағы мотивация молекуласы. Дофамин арқылы жұмыс өнімділігіңізді арттыра аласыз. Артық мөлшердегі дофамин адам ағзасына зиянын тигізбейді. Ағзадағы дофамин мөлшерін арттырғыңыз келсе сізге зімбір көмекке келеді.

Серотонин –бақыт гармоны. Бұл гармон адам денсаулығындағы көңіл – күй реттеуші гармон десекте болады. Зімбір арқылы жақсы көңіл – күйге бөленіңіз.

Бет терісін жасартушы – зімбір тамырының құрамында 40 басты антиоксиданттар бар. Және осы антиоксидант бет терісін жасартып, қалыпқа келтіруші өнімдердің бірі.

Антимикробтық және саңырауқұлақ бактериясы – зімбірдің антибактериялды қасиеті дәріханалардан дәрі сатып алмай-ақ бактерияларға қарсы тұруға қауқарлы. Және де ағзадағы зиянды бактериялардан антибиотиктерден гөрі зімбір арқылы тез құтылуға болады.

Шаш түсуі және қайызғақ – зімбір тамырын пайдалану арқылы шаш терісіндегі қан айналымын және қан тамырлар жүйесіндегі қан жұмысын реттеп, шаштың тез өсуіне көмектеседі. Сонымен қатар, зімбірден жасалған маска арқылы қайызғақтан біржола құтылуға болады.

  1. Зерттеу бөлімі

2.1 Зімбір туралы қала тұрғындарынан сұхбат алу.

Біз зімбір туралы қала тұрғындарының пікірін білгіміз келіп, олардан сұхбат алуды жөн көрдік. Яғни мұндағы біздің мақсатымыз қала тұрғындарының зімбірдің адам денсаулығына пайдасы туралы біліп немесе білмеуін анықтау.

Сұхбатқа қатысқан тұрғындар саны: 5 адам

1-сұрақ: Сіз зімбір өсімдігі туралы бұрын естідіңіз ба?

Иә 40%                Жоқ 60%

2-сұрақ:Зімбірдің пайдасы туралы білесіз бе?

Иә 20%                 Жоқ 80%

3-сұрақ: Зімбірді пайдаланып көрдіңіз бе?

Иә 20%                 Жоқ 80%

Қорыта келгенде қала тұрғындарының көбісі зімбір өсімдігі туралы көп ақпарат біле бермейтінін білдік. Қала тұрғындарының зімбір туралы ойларының нәтижесін пайыз арқылы көре аласыздар. Сондықтан та осы ғылыми жобамыз арқылы зімбір туралы көптеген ақпараттар таратып, келешекте адамдардың зімбір туралы көп біліп, оны пайдаланатынына сенеміз.

2.2 Зімбір тамырынан косметикалық өнімдер жасау.

Зімбір тамырының құрамында адамның бет терісіне қажетті дәрумендер мен қышқылдар бар. Сондықтан зімбір тамырынан маска жасап, көптеген бет терісінің проблемаларынан құтылуға болады. Осы тұрғыда біз бет терісіне арналған бірнеше маска түрлерін анықтап таптық.

  1. Безеуге қарсы маска. (1,2 сурет)

Құрамы: бал, сүт, ұнтақталған зімбір тамыры.

Жасалу жолы:  балға ұнтақталған зімбір тамырын қосып, кейін сүт қосып, қоңыр түске боялғанша араластырамыз. Дайын болған масканы мақтамен безеу шыққан жерге жағып, 10 – 15 минутқа қалдырып, жылы сумен шаямыз. Бұл масканы аптасына 1 – 2 рет қайталаған жөн.

  1. Шаш өсіруге арналған маска.

Құрамы: ұнтақталған зімбір тамыры, су, сарымсақ, кокос немесе зәйтүн майы.

Жасалу жолы: суға ұнтақталған зімбір тамыр мен уақталған сарымсақты салып, араластырып біраз уақытқа қоямыз. Кейін қоспамызға кокос немесе зәйтүн майын қосып араластырамыз. Дайын болған масканы шаштың түбіне жағып, 20 – 30 минутқа қалдырып, жылы сумен шаямыз.

  1. Қайызғақты жоюға арналған маска.

Құрамы: жаңа ұнтақталған зімбір тамырының екі бөлігі, зәйтүн немесе күнжіт майының үш бөлігі.

Жасалу жолы: жаңа ұнтақталған балғын зімбір тамырына зәйтүн немсе күнжіт майын қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы шаш терісіне жағып, 15 – 25 минутқа қалдырамыз. Кейін жылы сумен шаямыз. Бұл масканы аптасына 2 рет жасап тұру арқылы шаштағы қайызғақтан құтылуға болады.

  1. Шаш жалтырауына арналған спрей.

Құрамы: су, ұнтақталған зімбір тамыры

Жасалу жолы: зімбірді ұнтақтап, сумен араластырамыз. Дайын болған спрейді шашқа себу арқылы шашыңызды жалтыратсаңыз болады.

  1. Тырнақ қуаттылығына арналған крем.

Құрамы:авокадо майы, зімбірден алынған эфир майы, лимоннан алынған эфир майы, ши майы, пачули майы.

Жасалу жолы: барлық майларды араластырып, крем жасаймыз. Дайын болған кремді қолдану арқылы тырнағыңызды қуатты әрі әдемі етуге болады.

  1. Зімбірдің эфир майынан жасалынатын әтір

Құрамы:

Зімбір майы – 3 тамшы

Пачули майы – 3 тамшы

Бергамот майы – 3 тамшы

Дән қабық (корица) майы – 2 тамшы

Жасалу жолы: барлық майларды араластырып, арнайы ыдысқа құямыз. Бірнеше сағаттардан кейін пайдалансаңыз болады.

  1. «Эротик» әтірі

Құрамы:

Петигрейн майы – 4 тамшы

Зімбір майы – 2 тамшы

Жасмин майы – 1 тамшы

Бархатцы майы –  1 тамшы

Жасалу жолы: Арнайы ыдысқа берілген тамшы саны бойынша майларды араластырамыз. Дайын болған әтірді бірнеше сағаттан кейін пайдалансаңыз, нәтижесі сізге міндетті түрде ұнайтын болады.

2.3 Зімбір тамырынан сусындар мен шайлар дайындау.

Анықтауымыз бойынша зімбір тамырынан немесе зімбірден түрлі шай, тағам, маска және тағы да басқа көптеген нәрселер жасауға болатынын анықтадық. Яғни, зімбірді қалай пайдаланса да барлық жағынан пайдалы. Соның бірі – шай. Біз анықтай келе зімбірден оңай жасалатын болатын және пайдасы көп бірнеше шай анықтадық.

  1. Иммунитет көтеруге арналған шай.

Дайындалу жолы: көк шай немесе қара шайға 1 қасық ұнтақталған зімбір тамырын салып, күнде ішу арқылы ағзадағы иммундық жүйені қалыпқа келтірсек болады.

  1. Тұмауға қарсы шай.

Дайындалу жолы: балға жаңа ұнтақталған зімбір тамырын және лимонның    2-4 бөлігін қосып, араластырып, қара шаймен ішу арқылы тұмаудан арылуға болады.

  1. Күні бойы сергек жүруге арналған шай.

Дайындалу жолы: ыстық суға 1 қасық ұнтақталған зімбір және лимон сығындысын салып, аралыстырамыз. Дайын болған шайды таңертең ішу арқылы күні бойы сергек әрі жеткілікті энергиямен жүруге көмектеседі.

  1. Жаттығудан кейінгі сүйек ауруына арналған шай.

Дайындалу жолы: Балға лимон шырынын және 1 қасық куркума және ұнтақталған зімбір тамырын салып, араластырамыз. Дайын болған қоспаны ыстық немесе суық шаймен ішсеңіз болады.

2.4 Зімбір тамырынан кондитерлік тәттілер жасау.

Зімбірді медицина саласымен қатар кондитерлік тағамдар жасау үшін қолданады. Осыны зерттей келе біз адам денсаулығына пайдалы әрі дәмді бірнеше тәтті тағамдар жасауды ұсынғымыз келеді.

  1. Зімбірден жасалған печенье (3,4 сурет)

Құрамы:

250-300 гр ұн

100 гр сары май

100 гр қант

1 жұмыртқа

4 ш.қ бал

0,5 ш.қ ас содасы

4 ш.қ ұнтақталған зімбір тамыры

2 ш.қ ұнтақталған дән қабық (корица)

Дайындалу жолы: ыдысқа ұн, ұнтақталған зімбір тамырын және ас содасын салып, араластырамыз. Кейін бөлек ыдысқа еріген сары май мен қантты араластырамыз. Дайын болған қоспаға жұмыртқаны қосып, араластырамыз. Одан кейін балды төмен температураға аздап ерітіп, араластырамыз. Дайын болған қоспаға бірінші дайындаған ұн, ас содасы және ұнтақталған зімбір тамыры қосылған қоспаны салып, араластырып, қамыр жасаймыз. Қамырды 30 минутқа тоңазытқышқа саламыз. 30 минуттан кейін қамырды жайып, түрлі формадағы печеньелер жасап, 100 градусқа 5 – 10 минут пісіреміз. Печенье дайын, ас болсын!

  1. Зімбірден жасалған мармелад (5 сурет)

Құрамы: су, зімбір тамыры, лимон сығындысы, бал, желатин

Дайындалу жолы: зімбір тамырын кесіп, суға 20 минут қайнатамыз. 20 минуттан соң зімбірді сүзіп алып, лимон сығындысын және бал қосып, артынша желатин қосып, араластырамыз. Дайын болған қоспаны формаға құйып, біраз уақытқа қатырамыз. Және біздің мармеладымыз дайын. Бұл мармелад сондай – ақ тамақ қышуы кезінде өте жақсы көмектеседі.

III. Қорытынды бөлім

3.1 Қорытынды.

Біз ғылыми жобамызға тақырып таңдау барысында қазіргі уақыттағы ең өзекті, келешекке қажетті және халыққа пайдасы бар, ең бастысы өзімізге қызықты болатындай етіп таңдауға тырыстық. Және осының барлығын қорыта келе көпшілік қауымға таныс емес зімбір өсімдігі туралы тақырыпты таңдадық. Зерттей келе зімбірдің адам денсаулығына таңқаларлықтай әсерлерлерін білдік. Көптеген ауруларға шипа екенін түсіндік. Зімбір құрамында адам денсаулығына жеткілікті түрлі дәрумендер мен қышқылдар бар. Мысалы кальций, темір,  магний, фосфор, калий және С дәрумені және тағы да басқа адам ағзасына қажетті дәрумендер мен қоректік заттарға өте бай өсімдіктердің бірі. Тіпті, анықтай келе зімбір қатерлі ісік яғни рак секілді ауруға жол бермейтін өсімдік екенін анықтадық.Зімбір құрамындақатерлі ісік клеткаларына қарсы күресетін дәрумендер бар және олар көптеген қатерлі ісіктің алдын алушы. Алайда зімбірді барлық адам қолдана алмайды. Сол себепті ең алдымен зімбірді пайдаланбас бұрын, зімбірге аллергиясын тексеріп алу керек. Сонымен қатар өкінішке орай жүрек ауырып тұрған жағдайда, асқазаны ауыратын және аяғы ауыр адамдарға қолдану зиян болып табылады.Және де зімбірдің дәмі кейбір адамдарға ұнамайтындықтан біз оларға зімбірді қолданудың бірнеше оңай әрі пайдалы жолдарын қарастырдық. Қала тұрғындарының зімбір туралы ойын біліп, дүкендердегі сатушылардан да зімбір туралы сұхбат алдық. Сұхбатты қорытындылап, нәтиже шығардық. Қалалық кітапханаларға барып, түрлі өсімдіктер туралы әдебиетттерден, энциклопедиялардан ақпараттарды ізденіп, сараптап, жазып отырдық. Өзімізге таныс емес, білмей жүрген өсімдіктің адам денсаулығына зор пайдасын тигезетініне көзіміз жетті. Көпшілік адамдардың білетіні тек зімбірден шай жасауға болады деп ойлайды. Бірақ, біз зімбірдің шайдан басқа да қажетттілікке жарайтынын анықтадық. Осы тұрғыда зімбірден бірнеше кондитерлік өнімдер, яғни мармелад және печенье сияқты тәттілер дайындадық. Одан өзге косметикалық тұрғыдан зерттеп, бірнеше косметикалық өнімдер жасадық. Және әрине барлығымыз білетіндей түрлі дертке шипа болатындай шайлардың түрлерін ұсындық. Әрине, біздің бұл жобамыз өз нәтижесін табады деген ойдамыз. Осының барлығын қорытындылай келе біз осы ғылыми жоба арқылы қарапайым халыққа өз анықтаған ақпараттарымызды насихаттап, олардың зімбір қолданғанын қолдаймыз. Және келешекте осы мақсатымыз орындалып, елімізде денсаулыққа байланысты мәселелер азайып, еліміз денсаулық жағынан озық мемлекеттердің алдыңғы сатысының бірінде болып, елдегі адамдар аман болғанын қалаймыз. Себебі, өз денсаулығымызды өзіміз бақылап, өзімізге өзіміз қамқор болмасақ, біздің денсаулығымызға ешкім алаңдаушылық таныта қоймасы анық.

  1. Ұсыныс

4.1 Ұсыныс. 

Біз бұл тақырыпты анықтай келе, бірнеше ұсыныс айтқымыз келеді:

1) Азық – түлік дүкендерінде және супермаркеттерде құрамында зімбір бар тағамдар мен сусындар сатылымға шықса;

2) Елімізде зімбірдің пайдасы туралы көптеген ақпараттар таратылса;

3)Адамдар емделуге қымбат дәрі – дәрмектен гөрі зімбірді көбірек пайдаланса;

4) Елімізде зімбірден жасалған косметикалық, кондитерлік өнімдер көбірек таратылса;

Осы зімбір тамырының пайдасы тақырыбы аясында біз ұсынған ұсыныстар нақты өз орнын тапса, болашақта еліміздің әрбір азаматы мен азаматшаларының денсаулығы жақсара түсіп, еліміздің озық елдер қатарына қосылуға өз үлестерімізді қосатын едік.

You May Also Like

Білім салтанатын құрудағы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісінің кәсіби іс-әрекеті, ғылыми жоба

Тақырыбы:«Білім салтанатын құрудағы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісінің кәсіби іс-әрекеті» ғылыми-тәжірибелік конференция Тақырыбы:…

Үлгерімі төмен оқушылармен теңдеу шешуде логикалық есептерді пайдалану, ғылыми жоба

Ғылыми жетекші: Математика пәнінің мұғалімі Игембаева Мархаба 2019-2020  оқу жылы Аңдатпа Ғылым…

Білім алушылардың физикалық денсаулық деңгейін анықтау, ғылыми жоба

Білім алушылардың физикалық денсаулық деңгейін анықтау МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….. 3 1 Әдеби  шолу………………………………………………………………………………………..…

Мағжан Жұмабаевтың табиғат лирикасы, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың табиғат лирикасы МАЗМҰНЫ: І. Кіріспе ІІ. Негізгі…