Ғылыми жоба тақырыбы:

Алатаудың ерекшеліктері 

Бұл Жетісу Алатауы

Зерттеудің мақсаты:Алатаумен  жақынырақ танысу,зерттеу,қосымша ақпараттар алу.Алатау қандай болған?Неліктен «Алатау» атанды?Сыры неде?Бүгінге дейін жасырған сыры барма?Деген сияқты қызық сұрақтарға жауап алу үшін Алатауды зерттеуге көштім. 

Талапкер Нуркасымова Ақбота өз ғылыми жобасына Алатау тауының жалпы құпия-сырын зерттеу,көптеген ақпарат білу үшін Алатауды таңдады.

Ғылыми жоба үш тарауда тұратын болады олар:кіріспе,негізгі,қорытынды.

Кіріспе бөлігінде Алатаудың қазіргі күйі қандай және бұрын қандай болған?деген сұраққа жауап іздейміз 

Үш тараудың мазмұны мен өзіндік ішкі үйлесіммен ұштасып отырады 

Өзіндік деректерді келтіріп,олар туралы өзінше ой-тұжырымдарымен дәйектермен дәлелдеуге әрі түсіндіруге талпынады.Болашақта осы жұмыстарын жалғастыра береді,дамытады,дәріптейді деп сенеміз. Сондықтан,Нуркасымова Ақботаның ғылыми жұмысын жоғары бағалауға болады. 

Кіріспе бөлімі

     Қазірде Жетісу Алатауы – тау жүйесінің солтүстік және солтүстік – батыс жалғасы.Ол солтүстік – шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік – батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан.Ұзындығы 450 км,ені 100-250 км.Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады.Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.

Алатау, Қазақстандағы ең әдемі таулардың қатарына кіреді.Таудың шыңы қарлы,

аспанмен шыңдасқан ,ал орта бөлігінде ағаштар,шыршалар бар. 

Менің әкемнің бала кезінде болған жануарлар,өсімдіктер қазір жоқ.Себебі,жаһандық жылыну кезінде бәрі өзгеріске ұшыраған. Тіпті,Алатауға да әсерін тигізді.Жалпы,таудың климаты ауысқандықтан жануарлар мен өсімдіктер бейімделе алмады.Жартысы жойылды,жартысы өз ыңғайларына қарай қашты.Әрине,өсімдіктер қаша алмайды сондықтан олар қурап қалды.Иә,жаһандық жылыну аңыздан ақиқатқа айналды.Қазіргі таңда жаһандық жылыну үрдісінің қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келе жатқанына ешқандай күдік қалмады.Тау шыңындағы қарлар еріп,теңіз түбегіндегі маржан тастар ізсіз жоғалуда .Осының әсерінен талай өсімдігімізбен жануарларымыз жоғалды,қиналды. Әкемнің айтуынша,оның бала кезінде Алатау тауында ерекше ағаштар өсіп тұратын бірақ олар қазірде жоқ жануарларда жиі кездеседі.Бірақта әлі күнге дейін ол тауда «Қызыл» кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді кездестіруге болады.Жануарлары:Қызыл қасқыр,Аю,Тас сусары,Орман сусары,Шұбар күзен,Қабылған және т.б.Ал өсімдіктері:Қалқан алмұса,Кәдімгі өрік,Жұмыр бозтүк,Мияжапырақ,Сары лапыз және т.б.өсімдіктер.

Негізгі бөлімі 

Жалпы,Жетісу Алатауының сипаттамасы қандай?

Зерттей келе:

Ұзындығы-450км

Ені-100-250км

Ең биік шыңы-Бесбақан тауы

Биіктігі-4622м 

Маған қызық болып тұрғаны оның климаты.Таудың әр бөлігінде бөлек температура ма екен?Әлде бірдей ма?

Жетісу Алатау климаты

Зерттеудің нәтижесі:

Іздене келе Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым кұрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста – 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздықтар калыптасқан. 

Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі – жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады. 

Бұл Алатаудың аты шын мәнінде қандай?

Мен Жетісуымды ерекше сүйем, басқа ешқандай шет елге кетпесім де анық! Ойландыратыны, жеріміздегі көптеген атаулардың әлі күнге нақты өз тарихи атын қайтара алмағаны!

Жетісу тек қана, көбіне айтылып жүргендей жеті өзен ғана атауы емес, бұл – географиялық тұрғыдан алғанда алып территория! Меніңше, оның шекарасы Тарбағатай – Аякөзден басталып, Шу – Талас – Ыстықкөл өңіріне дейінгі жерлер болар деген ойдамын!Әрине,бұл тұжырымдар осыдан біраз жыл бұрынғы.Ол Алатаудың нақты аты емес.Бірақ,қазірде оны зерттеп шын мәңінде тарихы аты қалай екендігін зерттеуде.Маған одан ары қызық болып бара жатыр. 

Алатауға шет мемлекеттерден көптеген адамдар келіп жатады.Олар таудан керемет әсер алады деген ойдамын.Себебі ол тау өте тамаша,

  көрікті.Таудың шыңы аспанға жетіп тұр.Тіпті осындай керемет табиғатымыздың арқасында біздің мемлекетте туризм саласы дамиды.Басқа да мемлекеттерден көптеген адамдар демалуға келетін болса Қазақстанға жан-жақтан саяхатшылар,туристтер тіпті жұлдыздар мен жәй адамдардың өзі келу мүмкіндігі бар.

Қорытынды

Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты. 

Менің арманым,Алатауға 1-2 айға барып зерттеу.Ол жердің ауасын,жануарлармен ерекше өсімдіктерін көру,зерттеу әр адамның арманы деп ойлаймын.Менің санама түйгенім,Алатауда қандайда бір өзгерістер бар.Себебі осыдан көптеген жылдар аралығында өмір сүрген.Тіпті,жоңғарлар шапқыншылығы  кезінде де осы Алатау болған.Сол уақыттан қазірге дейін Алатаудың климаты,өсімдіктері,жануарлары өзгерді.

You May Also Like

Құрманың адам денсаулығына пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Құрманың адам денсаулығына пайдасы»  «Құрма» атты зерттеу жұмысына сын- пікір.  Теориялық…

Кемпірқосақ, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Кемпірқосақ» Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім: Кемпірқосақ – ерекше табиғи құбылыс Кемпірқосақ…

Жылқының емдік қасиеті, ғылыми жоба

Бөлімдер  Жылқының емдік қасиеті  Жылқының сезім мүшесі  Жылқы жануары туралы деректер  Жылқыны…

Қаныш Имантайұлы Сәтпаев, ғылыми жоба

Жоспар: Кіріспе…………………………………………………………………………… 3 Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев. Негізгі бөлім……………………………………………………………………10 Қазақстан Республикасының Ұлттық…