Тақырыбы:

«Құрманың адам денсаулығына пайдасы»

 «Құрма» атты зерттеу жұмысына

сын- пікір. 

Теориялық бөлімінде оқушы ақпараттар жинады. Адам ағзасына құрманың  қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Гипертонияға, гастрит аурулардан емделуге болатынын анықтады.
Жұмыс мұқият тілмен рәсімделген, сауатты , жеңіл оқылады және түсінікті. Онда қажетті көрнекті материалдар бар. Оқушы зерттеген жұмысын біледі, ғылыми және практикалық мақсаттарды қойып оны шешті.
Ғылыми болжаулар жасады. Тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген жорамалдау шығарды. Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтардың орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн екенін шештік.
Ғылыми жұмыс барлық талаптарға сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы өте жақсы  деңгейде орындалды. Зерттеу жұмысы кезінде жас зерттеуші жауапкершілікпен өз жұмысын орындап , керекті материалдарды түпкілікті меңгеріп , жақсы нәтижеге қол жеткізді. «Құрманың адам денсаулығына пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жұмысында құрманың пайдасы мен зияны жайында түсінік берген. Зерттеу жұмысында құрманың адам денсаулығына пайдасы, емдік қасиеттері жайында толық зерттелген. Құрманың адам ағзасына тигізер өзіндік орны бар екенін атап көрсеткен. Денсаулық үшін бұл тіпті де қажет.

Құрманың құрамында химиялық элементтер бар екендігі зерделенген.           Құрма туралы көптеген мағлұматтар жинаған. Жинаған мағлұматтары түсінікті, жинақы әрі қызықты. Оқушы жалпы құрманың адам денсаулығына пайдасы туралы толықтай мәлімет бере білген.    Баян көп ізденген, жұмыстың мақсат-міндеттері толығымен орындалған. Зерттеу жұмысына қойылатын талаптар толығымен ескерілген. Әрі қорғауға әбден лайық деп білеміз.

АҢДАТПА

Бұл ғылыми жобада құрманың құрамы, пайдасы, әр түрлі дертке емі және тағы да басқа жақтары айтылады. Жоба барысында құрма өсімдігіне биологиялық тұрғыдан ғылыми сипаттамалар толығымен берілді. Тақырыпқа байланысты биолог ғылымдарының еңбектері, әр түрлі кітаптармен ғаламтор желісіндегі материалдар кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар жобада құрма жайлы қызықты мағлұматтар нақты айтылған.

АННОТАЦИЯ

В данном научном проекте говорится о различной пользе, лечебных и других качествах хурмы. В проекте дается полное научное описание растению хурмы с точки зрения биологии. Широко использованы учебные материалы, связанные с трудами ученых биологов и данные из интернета. Наряду с этим в проекте приведены интересные факты о хурме.

ABSTPACT

In this scientific project be spoken composition of the Kurma. Its  profits for organism of the person. In the project were broadly used works of biological scientists, different scientific books and internet materials. As well as interesting materials were exactly spoken in project about kurma.

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе …………………………………………………………………………………….

ІІ. Негізгі бөлім

  1. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы…………………….
  2. 2 Сан түрлі дерттің шипасы — құрма………………………………………
  3. 3 Құрманың  медициналық тұрғыдан пайдалары………………….
  4. 4 Құран және құрма…………………………………………………………………
  5. 5 Адам баласы мен құрма ағашының 7 ұқсастығы ……………….
  6. 6 Құрманың дәнін үй жағдайында өсіру………………………………….

ІІІ. Қорытынды …………………………………………………………………………..

І- Кіріспе

 Зерттеу жұмысының мақсаты:

Құрманың отаны мен құрамына, түрлеріне анықтама беріп, оның емдік қасиеттеріне тоқталу. Құрманың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Құрманы тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: 

Құрманың отаны мен құрамына, түрлеріне анықтама беріп, оның адам өміріндегі маңызын зерттеу. Өсімдіктің дұрыс өсуіне қолайлы жағдай жасау арқылы ( ыдысы, топырағы, қосымша қоректендіру тыңайтқыштары, суару жолдары) оның басқа аймақтарда өсіп-жетілуін бақылау. Құрманың адамға тигізер пайдасына тоқталып, осы тақырыпта жүргізілген дерек көздеріне ғылыми тұрғыдан сипаттама беру. Құрманың  құрамы мен емдік қасиеттерін анықтау,дәріптеу.

Зерттеу әдісі: 

Қолдағы бар жиналған деректердің және қосымша материалдардың көмегімен зерттеу жұмыстарын ғылыми сипаттама жасау. Сипатттама әдісі, талдау  әдісі.

Зерттеу міндеттері: 

– Құрма өсімдігіне сипаттама жасау және оның тарихын танып-білу;

– Сан түрлі дерттің шипасы — құрма екенін анықтау;

– Құрманың  медициналық тұрғыдан пайдаларын зерттеп білу;

– Құран және құрма арасындағы байланысты айқындау;

– Адам баласы мен құрма ағашының 7 ұқсастығын зерттеп білу;

– Практика жүзінде құрманы дәнінен үй жағдайында өсіру

Зерттеу тақырыптары бойынша әдебиеттерге талдау, шолу, құрма құра-мындағы ағзаға қажетті витаминдер жайлы айта отырып, бүгінгі таңдағы осы құрманың адам өміріндегі маңызын көрсете білу.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: 

Құрманы өсіру кезінде оның үй жағдайында өсетіні, оған жұмсалатын шығын мен уақыттың аздығы, бөлме өсімдігі сияқты өсіруге қолайлылығы.  Зерттеу жұмысының нәтижесі:

Құрма ағашының кәдімгі бөлме өсімдігі сияқты үй жағдайында өсіре отырып, оны зерттеу ғылыммен ұштастыру.

 ІІ Негізгі бөлім

  1. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы

Құрма — тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы. Құрма ыстық  климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Құрма эбен тұқымдасына жататын туыс. Құрма туысына ағаштар және бұталы өсімдіктер жатады. Құрманың  500-ге тарта түрі бар.  Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрма тұқым күйінде және телу, ұластыру арқылы өсіріледі. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7 жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

Ғылыми деректер құрманың шыққан жері ретінде Парсы шығанағын көрсетеді. Жеміс өсетін құрма пальмасы – Африка мен Азияның шөлді аймақтарында көптеп кездеседі. Жергілікті тұрғындар құрманы «оазис патшайымы», тіпті кейде «өмір ағашы» деп атайды екен.

Ал араб халқының құрманы осыдан 5-7 мың жыл бұрын жеуге жарамды жеміс ретінде танығандықтары туралы мәліметтер бар. Ертеде әрбір араб сарбазы құрма ұзаққа сақталатындықтан және адамды аштыққа шыдамды ететіндіктен, соғысқа аттанар алдында екі қапшық құрма алып шығатын болған деседі.

Ежелгі Египет қорымдарында құрма жемісінің суреттері жиі кездеседі. Кейбір қолжазбаларда Вавилонда құрмадан сірке суы мен шарап жасалғандығы да айтылады.

Бүгінде піскеніне, кепкеніне, көлеміне, пайдасына, дәміне, түр-түсіне қарай бөлгенде, құрманың 18-ге жуық түрі белгілі. Оның екі түрі кең тараған.

Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «Ажуа» деп аталатын құрма сортын жақсы көрген. Тіпті «Ажуа құрмасы – жәннаттағы жемістердің бірі» (Тирмизи, Тыбб, 22) деген. Осы себепті ажуа құрмасы әлі күнге аса көп сұранысқа ие.

Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз былай дейді: «Әжуа  жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін  күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте:  «Кімде-кім аш қарынға  күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым  жеті  әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады». Бірде саңлақ сахабалардың бірі  Меккеде  қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз  хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен. Бұдан байқағанымыздай  әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.

Бәрани құрмасы.  «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен

 2 Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.  Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр.

Құрманың құрамында А,В1, В2, Е, С, Р дәрумендері, натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат, қант, антиоксиданттар, органикалық қышқылдар, ақуыздар, көмірсулар бар.

Арабтар: «құрма жеңіз де, тісіңізді қорғаңыз» деп айтып жатады. Бұлай дейтіндері тегін емес, оның құрамындағы кальций мен темір тіс күтімі үшін аса қажет микроэлементтер екендігіне таласымыз жоқ.

Жеміс құрамындағы қанттар, әсіресе глюкоза, фруктоза және калий жүрек-тамыр жүйесін қамтамасыз етеді. Қан аздыққа да өте пайдалы. Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартып, тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді.

Ол сергіткіш әсер беріп, жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Мамандар миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей жеп тұруға кеңес береді. Ұмытшақ болсаңыз, құрмамен жолдас болыңыз.

Құрамындағы каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.

Әдетте, құрма кепкен және жаңа піскен түрінде сатылады. Оны сатып аларда қатты кіржиіп кетпеген болуына назар аударыңыз (тым тегіс құрма да жақсы емес). Құрманы тоңазытқышта бір жыл бойы, ал мұздатқышта бес жыл уақытқа дейін сақтауға мүмкіндік бар.

Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр.

Құрманың құрамында үлкен мөлшерде қант бар екен, яғни 60-65 пайыз. Бұл барлық жемістермен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш.

Есте болар жайт, құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр. Ашығу (диетология) саласының беделді маманы, доктор В.Х. Доусон бір құрма мен бір стақан сүт адамның ағзасын бір күндік қажетті заттармен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған.

Сонымен қатар, құрмада ағзаға тез сіңетін және де жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен қамтамасыз етіп отырады. Құрмадағы қант шырыны ағзада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп.

Құрмада көптеген дәрумендер мен минералды  заттар бар. Олар жасұныққа (клетчатка), майға және ақуыздарға бай. Құрмада минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний, темір, күкірт, фосфор және хлор бар. Сонымен қатар, құрманың дәнінде А дәрумені, бетакаротин, B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар.

– Құрма 50 пайыз қанттан құралған. Сондықтан да өте нәрлі. Ол ағзада тез таралады, қант шырыны жүйке жүйені тыныштандырады.  Құрма мидың қызметіне өте пайдалы, себебі 2.2 пайызы ақуыздан тұрады. Сондай- ақ А, В1 және В2 дәрумендеріне бай. Ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады. А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады. В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді. 

2.3   Құрманың медициналық тұрғыдан пайдалары.

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:

Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.

Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;

B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;

Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;

Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;

Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;

Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;

Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;.

Жүйке жүйесінің шаршауын басады;

Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада витаминнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де витаминге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.

Құрма – қатерлі ісік (рак) ауруына қарсы заттарға бай

Әсіресе, құрманың магнийге өте бай болуы, оны барлық өзге пайдалы тағамдар мен жемістердің ең алдынғы қатарына шығарған. Магнийдің маңызды болуының мәні мынада: ол адам ағзасында аса қатерлі рак ауруының пайда болуына тосқауыл қояды. Осы себепті де құрманы тағам ретінде үнемі қолданушы аймақ тұрғындары мұндай аса қауіпті дерттің барын білмейді…

Медициналық зерттеулердің нәтижесінде құрманың ағзаны, ағзадағы тастары еріту арқылы, тазартушы қасиетке ие екені анықталған. Тибет медицинасында, егер құрма сүйектерін қайнатып, сол қайнатпаны ішсе, қуық қалбыршағындағы және бүйректегі тастарды ерітетіндігі айтылады. Сондай-ақ, құрма сүйектерін жағып, кейін жағылған құрма сүйегінің күлін бас терісіне жақса, шаштың түсуін қойдырады дейді… Құрманың пайдалары.

Құрма:

  • Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
  • Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
  • Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
  • B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
  • Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
  • Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
  • Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
  • Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
  • Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
  • Ас қорытуға пайдалы;

2.4 Құран және құрма

Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Аллаһ тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде:

«Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. «Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: «Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан іш, же. Көз айым бол!»» делінген (23-26 аяттар).

Құрма ағашы құрылысы

Тағы бір аятта құрманың өсуінде құдіреттің белгілерін көруге болатындығы баяндалған. 

2.5  АДАМ БАЛАСЫ МЕН ҚҰРМА АҒАШЫНЫҢ 7 ҰҚСАСТЫҒЫ

Құрма ағашы ең көне ағаштардың біріне жатады. Араб тілінде құрма ағашына «Нахла»   делінеді. Алла Тағала атамыз Адамды жаратқанда, ең әуелі топырақты елекке салып елеген. Еленген топырақтан Адамды жаратып, електің үстінде қалған топырақтан осы құрманы жаратқандығы айтылады. Електің үстінде қалған қоқымға «нахла» делінеді. Сондай-ақ, құрманың құрамы адам бойындағы барлық қажетті витаминдерге бай және денсаулыққа өте пайдалы екенін атап кеткен жөн. Байқағанымыздай, қазір де арабтар құрма ағашына «нахла» дейді. Демек адам мен құрма ағашының арасында тығыз қарым-қатынас пен ұқсастық бар.

Соларды атап өтсек:

  1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл.

Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.

  1. Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді 
  1. Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі.
  2. Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Еркегінің ұрығын алып, ұрғашысына салып, қолдан ұрықтандырылады екен. 
  3. Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол ұрғашы құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады.
  1. Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жұмрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады. 
  1. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен.
  • Құрманың дәнін үй жағдайында өсіру

Өсімдіктің дұрыс өсуіне қолайлы жағдай жасау арқылы (ыдысы,
топырағы, қосымша қоректендіру тыңайтқыштары, суару
жолдары) оның үйде өсіп – жетілуін бақылау.

Құрманың дәнінің үй жағдайында өсіру арқылы  мынадай болжамдар жасауға болады:

Құрма ағашын жылыжайда өсіріп, одан өнім алған
жағдайда қала халқын жыл бойына құрмамен (қызанақ
пен қияр сияқты) қамтамасыз ету.

«Құрма ағашын  өзімізде өсетін алма немесе алмұрт ағашымен будандас-
тырған жағдайда оның ашық алаңда өсуі мүмкін бе?»
деген сұраққа жауап алу.

Ғаламтордан  құрма ағашы туралы мәліметтер жинақтадым. Алған
мағлұматтарды жүйелеуарқылы құрманың дәнін үш ыдысқа отырғыздым.

Зерттеу жаңалығы : Құрманы өсіру кезінде оның үй жағдайында өсетіні,
оған жұмсалатын шығын мен уақыттың аздығы, бөлме
өсімдігі сияқты өсіруге қолайлылығы.

Зерттеу нәтижесі: Құрма ағашын кәдімгі бөлме өсімдігі сияқты үй
жағдайында өсетінін білдім.

Бұл жоба әлі аяқталған жоқ. Зерттеу жұмысымен  айналысқаныма – 1 жыл. Осы тәжірибені жасай отырып, мен өз ауламда құрма ағашын егудің ыңғайлы жолын  іздеп көрдім. Бұны ең алдымен құрманы үйде егіп  көріп, үйренген соң аулаға шығаруды жоспарлап отырмын. Сонымен қатар, өзіміздің өлкеде  жылыжайда өсіруге мүмкіндік бар ма немесе жоқ па?» деген сұраққа жауап алғым келеді.

ІІІ бөлімі: Қорытынды.

Қарапайым ғана құрманың қаншалықты пайдалы екенінен, біз әлі де толық хабардар емеспіз. Әрі оның орасан зор пайдасын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Құрманың пайдасын, оны Адам баласына сый етіп берген АЛЛА Тағала ғана толық Білуші. Бүгінгі таңда ғалымдар, құрма – адам ағзасына қажетті барлық пайдалы заттардың шоғыры болғандықтан, «тек құрма мен су ішу арқылы ұзақ өмір сүруге болады» деген тоқтамға келген. Ал, мұның сырын, біз жоғарыда келтірген, «Күнкөрістерің не еді?» – делінген сұраққа Айша анамыздың (оған Алла разы болсын): «Екі қара: құрма және су еді», – деген жауабы айқындап тұр емес пе?…

Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын жомарттығы шексіз Жаратушы иемізді еске алып, шүкіршілік етейік…

You May Also Like

Бизнес және математика, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның орындалу әдісі: ғылыми-әдеби оқулықтарды пайдалана отырып ізденіс жасау, зерттеулер жүргізу,…

Үй кептерлері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Үй кептерлері» Бағыты: Өлкетану Мазмұны Аңдатпа Кіріспе……………………………………………………………………………………………….. Адамның қанатты…

Паразит құрттар және олармен күресу шаралары, ғылыми жоба

 Тақырыбы:  «Паразит құрттар және олармен күресу шаралары»  Бағыты: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.…

Жабайы өсімдіктердің емдік қасиеті, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Жабайы өсімдіктердің емдік қасиеті» Автор: Рауанқызы Жұлдыз Рауанқызы…