Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Үй кептерлері»

Бағыты: Өлкетану

Мазмұны

Аңдатпа

Кіріспе………………………………………………………………………………………………..

  1. Адамның қанатты серігі бола білген көгершіндер

1.1.Көгершіннің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы ………………………

1.2. Көгершіннің құрылысы………………………………………………………………….

1.3. Көгершін – бейбітшілік және махаббат символы ……………………………

  1. Көгершіннің үй жағдайында көбеюі мен тіршілігін зерттеу

2.1. Көгершіннің үй жағдайындағы тіршілігі, балапан басуы…………………

2.2. Үй жағдайында кептер асыраудың кейбір ерекшеліктері…………………

Қорытынды ……………………………………………………………………………………

Аңдатпа

Зерттеу жұмысым кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. «Адамның қанатты серігі бола білген көгершіндер» деп аталатын бірінші тарау және «Көгершіннің үй жағдайында көбеюі мен тіршілігін зерттеу»  деп аталатын екінші тарау. Бірінші тарауда көгершін туралы тарихқа көз жүгіртіп, оның құрылысы туралы қысқаша мәлімет беріледі. Сонымен қатар халық арасында көгершін туралы айтылған салыстырулар,   Екінші тарау толығымен көгершінді үй жағдайында зерттеуге арналды. Қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысын жазу барысында көгершіннің үй жағдайындағы тіршілігінің нәтижесі жасалды. Жұмыс барысында негізгі және қосымша әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Зерттеу жұмысына күнделік жазылып, арнайы слайдтар, бүктемелер жасалды.

Кіріспе

«Көк құрақ – көлдің  сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті» дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең  жақсы көретіні – құстар деп ойлаймын. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған.

Қазіргі таңда үй құстарының түрлері сан алуан. Соның ішінде кептер сынды тамаша құсқа ерекше мән беріледі. Олардың түрлерінің ерекшелігі ғана емес, сонымен қатар аулада арнайы жасалған үйшігіндегі тіршілігі кім кімді де қызықтыратыны сөзсіз.

Үй құстары ретінде баптап өсірілетін кептерлердің ішінде сары қанатты кептерлер әдемі үй құсы ретінде көптеген адамдарға ұнайды.

Зерттеу жұмысымның мақсаты – сары қанатты кептердің күтіміне,

тағамдану режиміне, арнайы үйшікте баптауға қойылатын талаптарға ерекше көңіл бөлінеді.

Тақырыптың өзектілігі:  Кептерлерді қолға үйрету, оларды үй жағдайында баптау осыдан 20 жыл бұрынғыға қарағанда кеміген. Сондықтан кептерлердің тіршілігін зерттеу арқылы оларға деген қызығушылықты арттыру өзекті мәселе болып табылады.

    Зерттеу жұмысымның міндеті: Сары қанатты кептерлердің үй жағдайында балапан басып, көбеюін бақылау.

    Зерттеу жұмысымның дереккөздері: құстар энциклопедиясы, үй құстары туралы ғылыми басылымдар, әдебиеттер және интернет желісіндегі ғылыми ақпараттар.

    Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кептерлерді қолдан бағып, көбейтуге

болатынын ашып көрсету.

  Зерттеу жұмысымның құрылымы: аңдатпа, кіріспе, жалпы бөлім және

негізгі зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

  1. Адамның қанатты серігі бола білген көгершіндер
    • Көгершіннің шығу тарихы мен жалпы сипаттамасы 

Чарльз Дарвин дәлелдегендей, үй кептерлерінің барлық түрлері бір ата тектен, яғни жартасты (көкшіл сұр немесе көк) кептер Columbia Livia –дан тараған, және де ол Columbia Livia domestica –ның түрі болып табылады. Көк кептер бағзыдан бері Солтүстік Африкада, Еуропаның оңтүстік бөліктерінде және Азияда ұялап келген. Алайда адам қолға үйреткен соң Еуразияға анағұрлым кең таралып кетті, енді оның табиғи қоныстанған жерін, жабайыланған үй кептерлерін қайда өмір сүретінін айтудың өзі қиынға соқты. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Қазақстанның оңтүстігіндегі шыңдарды, тау шатқалдарын, өзен жыраларын мекендейді. Көк кептер бастапқыда жартастарда және өзендердің жарында өмір сүрді, ал енді құрылыстардың әр алуан қуыстарын пайдаланады. Отырықшы құс болғандықтан жылыстамайды. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1-2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, ұрғашысы да кезектесіп басады. Жұмыртқадан 14-30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап құрттарды және жұлдызқұрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтасып, астық дәндерін жеп, шаруашылыққа зияндарын тигізеді.

Үй кептерлерін өсіру өткен ғасырларда өте кеңінен таралған. Алғаш болып кептерлерді мысырлықтар қолға үйреткен, бірақ тағам ретінде асыраған екен. Бес мың жыл бұрын мысырлықтар кептердің бір ерекшеліктерін аңғарған – олар өз мекендеріне ең қысқа жолмен тез оралып отырған. Бұл – олардың көмегімен әртүрлі хабарламалар жеткізуге болады деген білдіреді. Сөйтіп кептерлер енді хатшы кептерлерге айналған екен.

Хатшы кептерлерді әртүрлі елдерде бірнеше ғасырлар бойы қолданған. Тіпті телефон мен телеграфтар пайда болғанның өзінде де бұл құнды хатшылардың орнын көпке дейін баса алмаған екен.

Асыранды кептер немесе көгершін – кептер тұқымдасына жатататын қолға үйретілген құс. Мұның хат таситын, әуестік үшін өсірілетін 150-ден астам түрі бар. Етті тұқымдарының салмағы 0,8 – 1 кг, жылына 8-12 балапан шығарады. Балапанның салмағы 45-60 күндігінде 0,5-0,6 кг-ға жетеді екен.

1.2. Көгершіннің құрылысы

1-астыңғы тұмсық; 2-тұмсықүсті; 3-танау; 4-балсірі; 5-маңдай; 6-жүген; 7-төбе; 8-қабақ; 9-желке; 10-нұрлы қабықша; 11-қарашық; 12-қанатталған құлақ; 13-ұрт; 14-қанатталған астыңғы тұмсық; 15-мойынның төменгі жағы; 16-тамақ; 17-мойын; 18-негізгі мойын; 19-жемсау; 20-кеуде; 21-құрсақ; 22-арқа; 23-құйрық үсті (құйымшақ); 24-құйрықтың үстіңгі жабу қауырсындары (құйрықүсті); 25-меңгерік қауырсын; 26-астыңғы жабу қауырсындары; 27-анал тесігі; 28-сирақ; 29-табан сүйектері; 30-ішкі саусақ; 31-ортаңғы саусақ; 32-сыртқы саусақ; 33-артқы саусақ; 34-тырнақ; 35-өкше; 36-қанаттың алдыңғы шебі (қанаттың білек бүгілісі); 37-қанаттың жабу қауырсындары; 38-қанаттың саусақтары; 39-маңызды желпуіш қанаттар; 40-ара қанат қауырсындары; 41-екінші реттік желпуіш; 42-бірінші реттік желпуіш; 43-иық

Басындағы қауырсындарымен безендірілуіне байланысты кептерлердің түрлері:

1-айдарсыз; 2-үшкір айдарлы(«айдар»); 3-қалқанша тәріздес айдарлы («капюшон»); 4-айдарлы мұрынды («кекіл»); 5- айдарлы мұрынды («раушан»); 6- айдарлы мұрынды («майшам», «айдар»); 7-екі айдарлы («кекілді және капюшонды»); 8-екі айдарлы («раушанды және парикті»); 9-қасты; 10-мұртты және жақ сақалды.

Аяқтағы қауырсынды безендірулерге байланысты түрлері: 

1-қауырсынсыз аяқ; 2-табан сүйектері қауырсынды, саусақтары қауырсынсыз («шалбарлы»); 3- табан сүйектері мен саусақтары қысқа қауырсынды (0,5-1см), («шұлықты»); 4- табан сүйектері мен саусақтары ұзындығы 2-3см қауырсынды («қоңыраулы шұлықты»), (қаршыға қауырсынды); 5- табан сүйектері мен саусақтары ұзындығы 4-6см қауырсынды («кіші сабалақ»); 6- табан сүйектері мен саусақтары ұзындығы 1-10см не одан да ұзын қауырсынды («тарелкелі сабалақ»); 7-сирағы мен қарнында едірейген ұсақ қауырсынды («шалбарлы», «қысқа шалбарлы»); 8- табан сүйектері мен саусақтары ұзындығы 2-3см қысқа қауырсынды («табақшалы шұлық»).

Кептерлердің ұшу үлгілері:

а) «бозторғайша» ұшу;

б) «көбелекше» ұшу;

в) дөңбектеп ұшу;

г) орақша ұшу.

1.3. Көгершін – бейбітшілік және махаббат символы Начало формы

  • Конец формы
  • Начало формы          

Христиан дінінде кептер жақсы хабар мен киелі рухтың символы болған. Ұзақ сапарында Нұх пайғамбарға ақ көгершін зәйтүн бұтағын әкелген, бұл асыға күткен жердің жақын қалғандығын білдірген. Иса Мәсихты шоқындыру рәсімінде оған киелі рух ақ көгершін кейпінде келген екен. Сонымен қатар осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын әйгілі Венераның көгершіндері Марстың дулығасына жұмыртқалағандықтан, соғыс құдайы кезекті қантөгістен бас тартып, халықтың аман қалғандығы туралы антикалық аңызды еске түсіруге де болады. Көптеген ежелгі мәдениетте көгершіннің пәк және мәртебелі екені сондай, ешбір зұлым күш оған айнала алмайды-мыс. Мәселен, дана қазақ халқымыз да құстардың бірі әрі бірегейі, ата-анамыздың балалық шағындағы танымал әннің қаһарманы – көгершін құсын бейбітшіліктің белгісі деп білген. Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.

1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Талайларды боздатқан екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездіктер Конгресстің өтуіне себепші болды. Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде танымбелгі керек болады да, олар атақты Пабло Пикассодан танымбелгі үшін сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге ықшамды және көзге бірден түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келеді. Пикассо қызының есімін Палома (испан тілінде-көгершін деген мағынаны білдіреді) деп қойғандығына қарағанда, аталған құсқа ерекше ілтипатпен әрі ыстық ықыласпен қараған секілді.

Қазіргі таңда ақ кептерлерді ұшыру жас жұбайлардың дәстүріне айналды. Бұл дәстүр бойынша ақ көгершінді ұшырған адамға сәттілік пен жоғары күштердің батасы серік болады деген наным болған. Мінекей, тек жақсылықтың, жарқындық пен махаббаттың  нышаны іспеттес көгершінге дүниедегі ең қымбат – бейбітшіліктің символы деген даңқ берілген екен.

  1. Көгершіннің үй жағдайында көбеюі мен тіршілігін зерттеу

2.1. Көгершіннің үй жағдайындағы тіршілігі балапан басуы

Үй көгершіндерін топ қылып өсіреді. Себебі олар өзі сияқты құстармен қарым-қатынасқа зәру тіршілік иелері: жем жегенде, су ішкенде, ұйқыға кіріскенде бәрін-бәрін бір-бірімен берлесе отырып жасайды.

Көгершін салмағы 20г болатын екі-үш аппақ түсті жұмыртқа шығарады. Оны еркегі мен ұрғашы көгершін бірігіп басады. Олар жұмыртқаны бір минутқа да ашық қалдырмай кезектесіп, үзбей басады. Себебі жұмыртқа суып кетпеуі қажет. Жұмыртқадан балапан 17 күннен кейін үшкір тұмсығының ұшымен жару арқылы шығады. Осы сәттегі балапанның сүйкімдісін-ай! Алқызыл денесі әр жерінен жұқа қауырсынмен қапталған, басы мен қарны қанаты мен аяғына қарағанда едәуір үлкен болады. Бұл салмағы небары 12-16 г кішкентай тіршілік иесі саңырау және соқыр болып қана қоймай, өздігінен қозғала да, тамақтана да алдмайтын әлсіз болады. Сондықтан ата-анасы оны бірден тамақтандыруға кіріседі. Алғашқы аптада балапанның енесі жемсауындағы сүт тәріздес қойыртпақпен асырайды. 7-8 күннен бастап сүтті дәнмен араластырып береді де, 11-12 күні тек дәнмен асырауды бастайды. Сумен араласқан дән балапан тұмсығына құсу арқылы барады. Апта өтісімен көгершіннің денесін қауырсын қаптай бастайды.

«Баға білсең құс та бағлан» дегендей көгершінді жақсы баптап күтсең, оның дамуы да қарқынды болады.  Біздің үйде 11 көгершiн бар. Олар XVIII ғасырда  Аахен аумағында мекендеген көгершіндер түріне жатады. Бұл түр неміс көгершіндерін ағылшын шағалаларымен будандастыру нәтижесінде пайда болған. Бұлардың бір ерекшелігі олар балапандарын өздері аяқтандыра алады. Аахен көгершіндерінің дене бітімі біршама мығым, басы дөңгелек пішінді, кең келеді. Көздері қою қоңыр түсті. Тұмсығы қысқа, бірақ оның ұзындығы балапандарын тамақтандыруға жеткілікті. Балсірісі кішкентай. Мойны өте ұзын болмайды. Кеудесі мығым кең,  аса дөңгелек. Қанаттары жақсы дамыған, денесіне тығыз орналасқан. Құйрығы қысқа. Аяқтары қысқа, ашық-алқызыл түсті. Аяқтарында қауырсын болмайды. Аахен көгершіндерінің қауырсындары жақсы дамыған. Қанаттары — сары, қоңыр, қара,  ал қалған бөлігін ақ түс басады.

Олар күзде жұмыртқа тастап, сол жұмыртқадан 6 балапан шықты. Оны қыс бойы әкем екеумiз күтіп, баптадық. Күн суық болған соң жылы жерге кiргiзiп, оларға жемдерiн, суларын беріп және де міндетті түрде қажетті дәрумендерін беріп, аяққа тұрғыздық. Мінекей көз алдымда өсіп жетілген балапандарды осы қаңтар айында үйшіктегі құстарға апарып қосқан болатынбыз. Қазір олар қанаттарын қағып, өздері ұшып жүр. Мен өзіме ұнаған бiр балапанды бауырыма басып, оны асқан сүйіспеншілікпен бақтым. Маған әкем көгершін ұшыруды үйреткені сол еді, мен өзімнің көгершінімді ұшырып, оны бақылағанды қатты ұнататын болдым. Олар қанаттарын әртүрлі бағытта, өте әдемі қағып, бұлтқа дейін көрінбей ұша алады. Әкем бала күнінде көгершіндерді өзі бағып, баптаған екен. Мен одан көп нәрсені үйреніп келемін. Көгершіндерді қолға үйрету оңай іс болмаса да, мен оны меңгеріп алып, ер жеткенде де жалғастырғым келеді. Себебі көгершіндер өте әдемі құстар және табиғаттың ерекше тіршілік иелері деп ойлаймын.

2.2. Үй жағдайында кептер асыраудың кейбір ерекшеліктері

Асыранды кептер немесе көгершін – кептер тұқымдасына жатататын қолға үйретілген құс. Мұның хат таситын, әуестік үшін өсірілетін 150-ден астам түрі бар. Етті тұқымдарының салмағы 0,8 – 1 кг, жылына 8-12 балапан шығарады. Балапанның салмағы 45-60 күндігінде 0,5-0,6 кг-ға жетеді. Асыранды кептердің еркек-ұрғашысын бөліп, 20-30-дан топтастырып өсіреді. Қора еденінің әрбір текше метріне 3 жұп кептерден есептеп, аумағы 60X40см екі жұп ұя жасалады. Кептерге дән, бұршақ, көк шөп беріледі.

Үй-жайында көгершін жұптарының аумақтары ұяларына қарай бөлінеді. Еркек көгершін өз ұясын белсенді қорғайды. Ал оның аумағы үйшіктің ауданына және көгершіндердің санына байланысты болады. Бақылау арқылы көгершіндердің әр жұбы қандай ұя және демалу орындарын иеленетінін біліп алу қажет. Сонда қалған бос орындарға жас немесе төменгі деңгейлі құстарды орналастыруға болады.

Көгершіндерді ұстағанда өте мұқият болу қажет. Оларды бүкіл үйшік ішінде қууға болмайды. Қараңғылап алып  ұстаса, олар оңай қолға ұсталады. Құсты оң қолмен арқасынан тез алады, сосын сол қолға салып аяқтарын сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ арасына қысу керек. Оның кеуде қуысын қысып ұстауға болмайды.

Көгершіндерді тамақтандырудың ең ыңғайлы жері – бұл серуендегенде. Бұнда олардың мінез-құлқын, денсаулығын, тәбетін бақылауға болады. Серуенде құстар айналадағы ортаға тез үйреніп,  ұшырғанда өз орындарын тез табуды меңгереді. Жемді үйшіктің еденіне шашып беруге болмайды. Себебі жем құстармен бүлінеді. Оларды тек жемсауда ғана тамақтандырған жөн. Көгершіндер тойғаннан кейін ыдысты алып тастаған жөн, бұл оларды тамақтану уақытына үйретеді және кеміргіштер келуінің алдын алады.

Көгершіннің үйшігі таза болу үшін еденді цементпен жабдықтаған жөн. Үнемі үйшікті тазалап, құстарды серуенге жиі шығарып отыру жұқпалы аурулардың алдын алады. Бір құс ауыратын болса, өзге құстарға ауру бірден тарайды. Сондықтан көгершін саны 20-25 тен аспауы керек. Көгершіннің үйшігі таза, құрғақ, жарық, қыста азынақсыз, жазда қызбайтын болуы керек. Үйшіктің ішкі жағы сыланып, әктелсе – бұл дезинфекцияның бір түрі саналады.

Көгершіндердің денсаулығын үнемі бақылап отырған жөн. Бір көгершіннен ауру белгілері байқалса, лезде емдеген дұрыс.  Үйшікті айына бір рет мұқият тазалап отыруды әдетке айналдыру керек.

Қорытынды.

Мен ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы ретінде ұзақ тарихы бар әдемі де ерекше тіршілік иесі көгершінді алдым. Зерттеу жұмысымда көгершінге толық сипаттама беріп, соның ішінде өзім асырайтын түріне тоқтала отырып, көгершіндердің құрылысына, тіршілігіне мән бердім.

Әртүрлі әдебиет көздерінен, интернет сайттарынан ізденіп, көгершіннің құрылысын, түрлерін, ол туралы әр елде айтылған ақпараттар, оның үй жағдайындағы тіршілігі, күтімі туралы зерттедім. Зерттеу барысында жиналған мәліметтерді тіркеп отырдым.

Зерттеу барысында мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды, ғылыми жұмысты жүргізу әдістерін пайдалануды, зерттеу қорытындысын жазуды және оны қорғауды үйрендім.

Ұсыныс. Менің зерттеу жұмысымды дүниетану сабағында көрнекі құрал ретінде қолдануды және осы арқылы кіші мектеп оқушылырының қазіргі таңда азайып бара жатқан көгершін баптау хоббиіне деген қызығушылықты ояту құралы ретінде пайдалануды ұсынамын.

Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, көгершінді үй жағдайында баптап, балапан өрбітуге болатынын айтқым келеді.

You May Also Like

Вич инфекциясы туралы түсінік, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA : «Вич инфекциясы туралы түсінік» Бағыты: Биология Секциясы: Медицина…

Ұлттық ою-өрнектер, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат Шайзат Қинаятқызы Құрмашева…

Диффузия құпиясы: пайдасы мен зиянды жақтары, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Диффузия құпиясы: пайдасы мен зиянды жақтары» Бағыты: физика Мазмұны Кіріспе…

Жел энергиясын пайдалану, ғылыми жоба

Ғылыми  жоба тақырыбы: «Жел энергиясын пайдалану» Мазмұны Аннотация………………………………………………………………………………….3 Abstract (қазақ тілінде)……………………………………………………………….4 Кіріспе…………………………………………………………………………………………6…