Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат

Шайзат Қинаятқызы Құрмашева

 МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ. ………………………………………………………………………………1-3

ІІ. НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ ………………………………………………………………… 4-9

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ. ………………………………………………………………….9-11

Түйіндеме

Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.

Ұлттық  ою – өрнектерді    төрт  топқа  бөлген:

– Зооморфтық –  жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

– Өсімдік бейнелі –  жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

Космогониялық – ай, күн,  жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

Геометриялық – ромбылар,  иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

Әр ою – өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді. Сан түрлі ою-өрнектер әрбір  қолөнер туындысында жаңа түрге ие болады  және қолданыста бірін-бірі  қайталамайды. Болашақта қазақ халқының сай-дәстүрін ұмытпай, әр адам жалғастырып,  өз үлесін  қоса алады  деген ойдамын.

Зерттеген тақырыбым :  Қазақтың ұлттық  ою- өрнектері. 

Жетекші идеясы:  қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке

түрін ұмытпай жалғастырып, зерттеу.

 Жұмысымның мақсаты:  Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерін  анықтап, ол туралы   аңыздарды білу.

Міндеттері:  Ою-орнектер туралы мәлімет  жинақтау. Мұражай, кітапхана

қызметкерлерімен және ою өрнек шеберлерімен  кездесіп, сұхбат алу.

Болжам: Қолөнер шеберлері ою-өрнектің қарапайым  элементінен сюжетке бай мыңдаған   композиция жасаса,  ұлттық қолөнеріміздің  негізгі маңыздылығы мен ерекшеліктері айқын көрінер еді.

 Күтілетін нәтиже:

Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке

түрі болып келеді. Зерттеу жұмысымды қорыта келгенде осындай   ойды  түйіндедім – сан түрлі ою-өрнектер әрбір  қолөнер туындысында жаңа түрге ие болады және қолданыста бірін-бірі  қайталамайтының анықтадым.

Ою-өрнек -латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері  қарастырылады.

Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке

түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.

Ою-өрнек түрлері: Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар, геометриялық формадаа, космогендік (астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар. Мүйіз – қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. «Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

Әр ою – өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді. Сан түрлі ою-өрнектер әрбір  қолөнер туындысында жаңа түрге ие болады  және қолданыста бірін-бірі  қайталамайды.

Оюшы — әртүрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою-өрнегінің шебері.Қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық мәні де бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып, дөңгелек, төртбұрыш бейнелер жасайды. Қолөнер шеберлері ою-өрнектің қарапайым  элементінен сюжетке бай мыңдаған   композиция жасаса,  ұлттық қолөнеріміздің  негізгі маңыздылығы мен ерекшеліктері айқын көрініп тұрады.

Негізгі бөлімі.

Жобаны жазу үшін кітапханаларға , мұражайға саяхат жасап,  сұхбаттастым.  Сонымен қатар әр алуан әдебиеттерді зерттедім.

Зерттеген жұмысымның нәтижесінде Ұлттық  ою – өрнектердің    төрт  топқа  бөлінетінің анықтадым.

– Зооморфтық –  жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

– Өсімдік бейнелі –  жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

–Космогониялық – ай, күн,  жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

–Геометриялық – ромбылар,  иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

Қошқармүйіз, ашатұяқ

«Қошқармүйіз» — ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлаытын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. «Ашатұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас кледі.

 Түйетабан

«Түйетабан» — түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласыпқосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою.

 Құсқанаты

«Құсқанаты» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды..

 Кемпірқосақ

«Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланылады.

Өркеш

«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

 Құстұмсық

«Құстұмсық» — бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ою ортасындағы сызық ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі.

 Тұмарша

«Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

Тәжірибе бөлімі

Зерттеу жұмысымның нәтижесінде менің  білгенім:

  • «Ою», «Орнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойы, кеcіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру – ОЮ деп аталады. Ал киім-кешекке, түс кигізге т.б.қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді ӨРНЕК дейді.

Мысалы:

Әр ою – өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

Оюдың жапсырылған макетін  ұсынамын. Біріншіден қолмен  ұстап тану, тамашалау, қызыға қарау.Қауыпсіздік ережесін ескеру қажет.

Төртқұлақ – өрнектің  ортасы  жіліншік  өрнегі  тектес  болып  келетін, төрт  тармағына  мүйіз  өрнегі  қондырылған  ең   көне  ою – өрнек  түріне  жатады.

Ақ  қағаздан  қайшымен  қиып алған  ою – өрнектің  шаблонын әртүсті  жапсырма  қағаз  бетіне   қойып, қарандаш  арқылы  сызып  түсіреміз. Оқушылар  жапсырма қағаз  бетіне түсірген  ою – өрнектерін  қайшымен  қиып  алады.Дайындалған диск  бетіне  диоганаль сызықтарын  жүргізу арқылы  центрлік  нүктесін  табамыз.  Алынған  оюды  диектің центріне тигізіп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.

Осы ою-өрнекті қиып, тігіп, басып үй ішіне керек заттарды әшекейлейтін әйел адамдар, аналар.

Ғылыми жобамның зерттеу барысында тағы бір білгенім біздің Павлодар өңірімізде де шеберлер бар.Олар   Сағындыков  Бақыт  Жалелұлы және осы кісінің шеберлігін   жалғастырушы,   оның ұлы Сайд Бақытұлы. Қолөнер шебері Сағындыков Саид Бақытұлымен сұхбаттастым. Саид Бақытұлы ағаш және темірден жасалатын бұйымдардың щебері.

Ең танымал жұмысы,ескірген  бұйымдарды жаңарту.

Қорытынды

Оқушылармен де сауалнама жүргіздім.  Олардың жетпіс пайызы ою-өрнектерді біледі. Жиырма үш пайызы естігендері бар, ал  оқушылардың жеті пайыз ұлттық оюлар  туралы  ештеңе білмейді.

  • Мен 3-4 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздім.Барлығы 67 оқушыдан сауалнама алдым.
  • Сауалнаманың сұрақтары осындай:
  • Бірінші сұрақ- қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен таныспын.
  • Екінші сұрақ-оюлар жайлы естіген білгенім бар,бірақ ұлттық оюлар ретінде таныс емеспін.
  • Үшінші сұрақ-ұлттық оюлар жайлы естіген білгендерім жоқ.
  • Бұл сауалнаманың қорытындысы осындый нәтижемен шықты:
  • Оқушылардың 70%-ы – қазақ халқының ұлттық оюларымен таныс.
  • Ал 23%-ы оюлар жайлы естіген білгендері бар болғанымен, ұлттық оюлар ретінде таныс емес.
  • 7%-ы ұлттық оюлар жайлы естіген білгендері жоқ.

Зерттеу жұмысымды қорыта келгенде осындай   ойды  түйіндедім – сан түрлі ою-өрнектер әрбір  қолөнер туындысында жаңа түрге ие болады және қолданыста бірін-бірі  қайталамайды

Ғылыми жобаның күнделігі

Тақырып:_____________________________________________________

Оқушының аты-жөні: ____________________________________________

Мектебі, сыныбы: _______________________________________________

Ғылыми жобаның жетекшісі: ______________________________________

 

мерзімі мазмұны жетекшінің қолы
1 Тақырыпты анықтау
2 Жұмыстың мақсатын, миндеттерін, болжамын және зерттеу нысанын таңдау
3 Зерттеу материалдарын таңдау
4 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді талдау
5 Зерттеудің теориялық бөлімін жазу
6 Теориялық бөлімді қорытындылау бойынша жұмыс
7  Тәжірибелік  зерттеулер
8 Эксперимент материалымен жұмыс
9 Тәжірибелік бөлімді жазу
10 Сызбалар, суреттер  дайындау
11 Негізгі бөлімді жалпылау, үнемдеу
12 Тәжірибелік бөлімді өңдеу
13 Зерттеудегі фактілердің жалпы мазмұнын, дұрыстығын тексеру
14 Тәжірибелік бөлімді тексеру, қосу, жалпылау
15 Жазу нәтижесі
16 Әдебиеттерді жүйелеу
17 Жобаны қорғауға дайындық

 

You May Also Like

Қазақтың ұлттық тағамы–құрт, ғылыми жоба

Қазақтың ұлттық тағамы–құрт Ғылыми жоба тақырыбы:  Қазақтың ұлттық тағамы–құрт Мазмұны Аңдатпа 2.…

A good communication with the new technology, ғылыми жоба слайд

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…

Опасный и безопасный интернет, научный проект слайд