Аннотация

Ұлттық  дүниетаным ерекшелігін  танытатын ою-өрнек саласын заман  талабына сай жетілдіріп көркем  рухани қазына ретінде пайдалана білу және дамыту.

Зерттеу міндеті :

  1. Қазақтың ою-өрнектері туралы мәліметтер жинақтау.
  2. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы кітаптарды оқу.
  3. Көне және қазіргі оюлардың түрлерін, шығу тарихын  зерттеу.
  4. Түрлі ою-өрнектердің суреттерін іздестіру және салыстыру.
  5. Қошқармүйіз оюдың атасы екенін дәлелдеу.
  6. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.
  7. Мұражайға бару, көне заттардан «қошқармүйіз» ою-өрнектерін анықтау, сұхбат алу.
  1. Қошқар мүйізден бастап әртүрлі оюлардың әлементтерін қолданып, жаңа  ою түрін құрастыру.

Зерттеу әдістері: Бұл ғылыми жобада салыстырмалы түрде сынға салу, синтездіқ  сараптау, іздену  әдістері  кең  қолданылған.

Зерттеу жаңалығы:  Қошқар мүйізден бастап әртүрлі оюлардың әлементтерін қолданып, жаңа ою түрі құрастырылды. Ою-өрнектердің

мазмұны және бояу түстеріне байланысты ерешеліктерін

жастыққа ою құрастырып тігу арқылы ойымызды жеткіздік

Жұмыстың теориялық маңызы:  Ұлттық сананы әрі қарай дамытуға, мәдени  мұрамызды,халқымыздың ата-дәстүрін

құрметтеуге, ұлттық өнердің даму деңгейін

анықтауға көмектеседі.

Жұмыстың практикалық маңызы:

Қазіргі замандағы қыздарға, аналарға, апаларға, әжелерге               күнделікті қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерін тұрмыс-тіршілікте  қолдану, іскерлікке баулу. Себебі бұл іс-шара   ұлттық тәрбиеге жағымды әсер етеді деп  сенеміз. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ою-өрнектерінен жасалған әртүрлі бұйымдар бейтаныс елдерде көп таралса деген үміттеміз.

Пікір

         Бүгінгі ата-бабамыз салт-дәстүрін жаңғыртуда ұлттық ою-өрнектің орны   ерекше. Бұл ғылыми жобада автор өлкеміздегі ұлттық ою-өрнектің тарихын қарастырып, әсіресе қошқар мүйіз оюының тарихына ерекше назар аударып отыр.

Ғылыми жоба талапқа сай кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде автор жұмыстың өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, теориялық және практикалық маңызын, жаңалығын айқындап отыр.

Жұмыстың негізгі бөлімінде қазақ ұлттық ою- өрнектерінің құрылымдық  жүйесі, басқа халықтардың өрнектерімен байланысы, қазақтың 230 жуық өрнек атауын 7 топқа бөлінуі, ұйғыр оюларын топтау, ою  атасы       « Қошқар мүйізді» және қазақ ою-өрнегінің даму тарихы туралы мағлұматтар келтірген және сауалнама алынған. Сонымен қатар ұлттық оюлардың алты түрінен күрделі ою шығарып, ұлттық киімге тігілген. Ою-өрнектердің мазмұны және бояу түстеріне байланысты  ерешеліктерін жастыққа ою құрастырып тігу арқылы өз ойын жеткізген. Қазақтың ою өрнегінде заманына қарай жаңа пайда болған ою -өрнектер көнермейді, ол заман ағымына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды  ретінде өмір сүретін ерекшеліктерін де анықтаған.

Эксприменттік жұмыс барысында автор Г.Н.Потанин атындағы областық өлкетану   мұражайындағы көне заттардан ұлттық ою-өрнектерді зерттеп және қалалық мұражайдағы Кымбат апайдың қолөнер көрмесімен  танысып, ЮНЕСКО-ның музейтану халықаралық сарапшасы Қоғабай Шынардын «Сюжетные орнаменты Шынар» атты көрмеде сұхбаттасып, ою оюдың әдістері жайлы әртүрлі мәліметтер жинақтап, оларды суретке түсіріп, ізденіс әрекеттерін жүзеге асырғаны жайлы жазды.

Бұл ғылыми жобаның өзектілігі мен нәтижелері талапқа сай жазылған және облыс деңгейінде қорғауға ұсынылады.

Қай халықтың да өнерінде бейнелеу мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы түрғыдан алғанда ою-өрнек өнері қазақ халқының өмір- тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып дамып келе жатқан өнер түрі. Жалпы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жихаздары мен киім-кешегінен де, зергерлік бұйымдары мен құрал-саймандарынан да, ер-тұрман әбезелдері мен қару-жарақтарынан да молынан табамыз.

         Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюның ежелден келе жатқан атаулары бар. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын, алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі біргіп келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген термин. Мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Оюдың басты шарты : симметрия, тепе-теңдік, дәлме-дәлдік, тұп-туралық, біркелкілік, сәйкестік, көзге әсем көріну, көнілге жылы тию. Ал өрнектер ою заңына бағына бермейді, еркін жүймен жасалады, симметрия, тепе-теңдік сақталмайды. Осы өнер туындысында өнердің басқа түріндей аса талғампаздық пен бай мазмұн кездеспейді. Соған қарамастан ою-өрнектің тілі өте күрделі, ал құрылымы аса қарапайым.

Ою- өрнек мәнерінің орналасу принципі тұрақты келеді, құрылым жүйесі қатаң сақталады. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінде бір өрнектің екінші өрнекпен жөнсіз шатасу немесе композициялық құрылысының ала-құла болуы жоққа тән.

Мәселен, кілем, түскиіз, киіз, сырмақ, текемет бұйымдарында міндетті түрде  «табақ» өрнегі (орта ою) – бұйымның ортасына безендіріледі, « шет ою»- бұйымның шетін жағалай жиектеріне салынады, «қолтықша» – орта ою мен шет оюдың арасындағы үшкіл (үшбұрышты зат) сияқты орынға орналасады.

Осындай тұрақтылық пен жүйеліліктің болуы ою-өрнек идеясының     мазмұндылығын арттыра түседі, нақтылық пен ұшқырлықты, айқындық пен өміршеңдікті әсерлендіре көрсетеді . Өйткені өрнектердің орналасу жүйесін берік сақтау әдісінің өзі халықтың өмірлік орта мен дүние кеңістігін кеңінен қамтып көрсету мақсатынан туған. Бұл ерекшелік қазақ халқының көшпенді өмір тіршілігінің ықпалынан туған деуге де болады.

Қазіргі заманның кілемін алсақ : олар жаңа технологиямен жасалса да осы    айтқан ерешелектері сақталған . Мысалы :

Оларда бәрінде де «табақ» өрнегі  бұйымның ортасында бейнеленген және          «шет» оюмен шетін жағалаған, жиектеріне «қолтықша» ою орналастырған.

Киімді әшекейлегенде, ою-өрнекті  қолданатын, орналастыратын ерешекте -лері де болады. Мысалы : жапсырма киімнің көзге түсетін тұстарына орналасуы зандылық. Осыған орай, жапсырманы омыраудың жоғары тұсына, кеудеге, алдыңғы қос өңірге, жеңге, еттеке және ретіне қарай иыққа, арқаға орналастырады. Жапсырма үшін тек қана қымбат, жалтыраған, тамсандыратын алтын немесе күміс маталар алынады. Ал көйлектердің етектеріне негізінен түрлі кестелер тігіледі, желбірлер тігіледі. Киімді өрнектеуден бұрын оның дәл орнын анықтау керек. Әрнәрсе тек өз орнында тұрғанда ғана тартымды болатыны аян.

2.2. Басқа халықтардың өрнектерімен байланысы .

« Өнер – барлық  халыққа  ортақ »

Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынаста болғандығы мәлім. Ғасырлар бойы өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, қалмақ халықтарымен мәдени байланыста келеді. Сондықтан қазақ халқының негізін құрайтын «мүйіз» өрнегі, яғни зооморфтық ою-өрнек көршілес елдердің бәрінде дерлік кездессе, сол сияқты әр түрлі дәуірде көрші халықтармен қарым-қатынастың көрінісі ретінде ою-өрнек атаулары қазақ халқында да кездеседі. Мысалы, «кавказөрнек»,  «кәрнезөрнек»  т.б.

Оюлап киіз басу тек қазақтың ғана еншінісіне тиген өнер емес, мал   шаруашылығымен айналысқан басқа да көшпелі елдерге тән ортақ кәсіп. Қазақ   ою-өрнегінде «қошқармүйіз», «толқын», «тұмар», «арқармүйіз» т.б. атаулары қырғыз халқында да кең тараған. Сол сияқты қазақ қолөнер туындылары ою- өрнек атаулары тәрізді қырғыз халқының қолөнерінде толық қайталанады. Мысалы, текемет, басқұр, сырмақ, киіз  үй  және зергерлік бұйымдар.

Қазақ және қырғыз қолөнерінде аса бір айрықша көзге түсетіндей айырмашылық жоқ, бұл екі халықтың түп тамырының бір екенін дәлелдейді. Бірақ қазақ пен қырғыз оюларын топтауда едәуір айырмашылық бар. Қазақтар 230- ға жуық өрнек атауын жеті топқа бөлсе, қырғыздар шамамен 173 атауды төрт топқа бөліп қарастырады. Қазақта малдың денесіне, ізіне, аңның денесіне, құстарға, құрт- құмырсқаларға, байланысты оюлар төрт топқа бөлініп топталса, ал қырғыздарда «жаныбарлар дүниесі» деп бірақ топқа кіреді, ал қалған өсімдік дүниесіне байланысты топты бізде жер, су, өсімдік бейнелі өрнектер құрайды, осындай айырмашылық басқа топтарда да бар. Оюларды топтастыру кезінде қазақ оюлары жетіге бөлінсе, қырғыз оюлары төрт түрге бөлінеді, екі халықтың ою- өрнектерінің мазмұны мен нұсқасында айырмашылық жоқ десе де болады. Ал қазақ елін мекендейтін ұйғыр халықтың ою- өрнегінде зооморфтық оюлар мүлдем кездеспейді, екіншіден оюлары тек өсімдік өрнектерден тұрады, («гүл», «жапырақ», «мақта» т.б.) және геометриялық оюлар да көп кездеседі. Ұйғыр оюларының қазақ оюларынан басты айырмашылығы – онда гандхоро үнді нақышының сарыны сақталған, сондай-ақ барлық ою-өрнектері тартымды болу үшін алуан бояулы түрлі түс беріледі. Бұлайша өрнектеу ұйғыр оюларының негізі гүлдер мен жапырақтар болғандықтан болса керек. Ұйғыр оюларын топтау, қазақ ою-өрнегін топтаудан өзгешелеу. Ұйғыр ою-өрнектері және элемент түрінде емес, қолөнер туындыларында бейнеленген тұтас композицияларды топтастырудан  туған

Ғасырлар бойы көршілес тұрған қазақ және ұйғыр халқының ою-өрнек саласында ұқсастықтан гөрі алшақтық көп байқалады.

Салыстырма

Қазақтың 230 жуық өрнек атауын 7 топқа бөлінеді.

  1. Ай, күн, жұлдыз – аспан әлеміне байланысты ою- өрнектер
  1. Малдың дене мүшелеріне, ізіне байланысты ою- өрнектер
  2. Аңға,аңның дене мүшесіне, ізіне байланысты ою- өрнектер
  3. Құрт- құмырсқаларға, олардың ізіне байланысты ою- өрнектер
  4. Құстарға байланысты ою- өрнектер
  5. Жер, су, өсімдік бейнелі ою- өрнектер
  6. Қару- құралдарға байланысты ою- өрнектер

Қырғыз 173 ою-өрнек 4 топқа бөлінеді.

  1. Жаныбарлар дүйносун чагылдырған – 98 оюлар
  2. Өсумдүктөр дүйносун чагылдырған – 20 оюлар
  3. Жер- сууну, табият кубулуштарын чагыдырған – 10 оюлар
  4. Тиричлик буюмдарын – (39),жана диний нерселерди (6) чагырдыған-

45- оюу  улгусу

Ұйғыр оюларын топтау.

  1. Гәж айма нәқшиләр (резьба по ганчу)- ағаш бедер түсіру
  2. Сизма нәқшиләр (роспись) – сызба ою- өрнегі
  3. Басма ( тиснение), кәсмә (трафарет), илма (вышивка), тоқұма

2.3. Ою атасы   « Қошқармүйіз » және қазақ ою-өрнегінің даму тарихы.  «Қошқармүйіз» оюы  байлықтың, молшылықтың символы.

Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сак, андронов мәдениетінен басталады. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Қола дәуірінде аң аулаумен шұғылданған көшпеділер аң, жан-жануарларды қасиетті санап, сиынған. Ал көшпелілердің басты құдайы қошқар болды. Қошқарға байланысты эпостар жазылып, тұрмыс-тіршілікте қолданылатын барлық заттарда қошқардың шынайы немесе пішінделген түрі бейнеленді.

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Кейіннен «Қошқар ата» қойдың иесі, қорғаушысы деп саналған. Көшпелілер дүниетанымында қой мен тауешкі рулық тотем ретінде қабылданған. Олардың сүйегі кішкентай балалар мен әйелдердің бас киіміне тағылатын. Сондықтан стильденген «қошқармүйіз» бен «арқармүйіз» оюларының қазақ қолөнерінде қолданбайтын жері жоқ деуге болады. Шымкенттегі тайқазанның бір тұсына қошқар бейнеленген бөлшегі табылған. Бұл б.з.б. V-III ғасырларға дейінгі сақ мәдинетіндегі «аң стилінің» ең биік денгейде жасалған туындысы деп бағаланады.

Алматы облысы, Шелекауданынан табылған тарақ ежелгі сақ мәдениетіне жатады Тарақтың тістері сирек, ал ұзындығы 3-4 см және үстіңгі тұсына «қошқармүйіз» өрнегі ойылып салынған. Бұл өрнек ғасырдан ғасырға өзінің бастапқы нұсқасын сақтап, бізге жеткен.

Мен Екібастұз қаласында мұражайға барып көне заттардан «Қошқармүйіз» оюды іздеп Тоқаева Дариға Мажітқызымен сұқбаттасып көп пайдалы мәліметтерді білдім.

Павлодар қаласында мен  Г.Н. Потанин атындағы областық өлкетану мұражайға және Потанин атындағы муражай қорына ою-өрнекті зертеу мақсатпен бардым. Онда муражайн қорында мен біздін Экібастұз қаламыздын  Құспекова С. апайдың қолөнер альбомын  таптым. Ол альбом 1997 жылда Павлодардын муражайына тапсырылды. Сәкен апай альбомға өзің ойлап тапқан  ою-өрнектерді бейнелеген. Сол оюларды озін стеген бүйымдарына (текемет, сырмақ, жастық, құрақ көрпе ) т.б. заттарға пайдаланған. Сол муражайда көп қолщеберлерін заттары сақталған. Есеналинова деген  қөлщеберынын тостағаны, табақ , көнек, үкіш заттарды кордім. Олар бәріде «Қошқармүйіз» ою-өрнектермен безендірілген. Осы сүреттерге қарап «Қошқармүйіз» ою-өрнек көнермейді, ол заман ағымына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жанарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.

2.4.Ұлттық оюлардың алты түрінен күрделі ою шығару.

Бәрімізге белгілі бүгінгі күнге дейін, ою-өрнектің 230-дай түрі бар. Олардың   ішіндегі ең көп таралған және талай ою-өрнектің негізі болған элементі. «Мүйіз» тектес ою-өрнек, басқа ою-өрнектердің дені. Осы оюдың негізінде жасалып тек атаулары өзгеріп отырған. «Қошқармүйіз» элементі қандай ою түрін жасасақта басты  көрініс табу қажет. Басы «Қошқармүйіз» оюынан бастау алған өрнек, әртүрлі ою-өрнектермен толыға келе, күрделі ою-түрі шығады.

Ою-өрнектердің түрлерін алып талғамына қарай тандап күрделі ою-өрнек шығаруға тырыстым. Ою атасы «Қошқармүйіз»  болғандықтан оны бірінші бейнеледік, оған ұзын түйенің мойнына ұқсайтын элементтерді қосып «Түйемойын» ою-өрнегі пайда болды. «Түйемойын» ою-өрнегінде симметрияны сақтап «Тандай», «Иттабан», «Түйетабан», «Қазмойын» ою-өрнектерін қостым. Менде күрделі бір зооморфтык ою-өрнек шықты. Оны мен қазақтың ұлтық киіміне камзолдың арқа тұсына әшекейлеуге ұсынар едім.

28-сурет. Ою-өрнектердің түрлеріннен күрделі ою-өрнек.

Кез келген қазақ баласының қанында ою-өрнек ою өнері бар деп ойлаймын. «Қошқармүйіз»- ою-өрнектің атасы деп айтсақ қателеспейміз. Осыған қарай  «Қошқармүйіз» ою-өрнектің атасы екенін іс жүзіңде дәлелдегім келді : Мен  24 оқушыдан төмендегідей сауалнама жүргіздім :

Қазақ ұлттық ою-өрнектерін сурет арқылы қалай көрсете аласыз?.

Алынған мәліметтердің нәтежесі : 18 оқушы  «Қошқармүйіз» ою-өрнегін бейнелеген. Ал 5 оқушы басқа ою-өрнек түрінің суретін салған. Осыдан шыққан қорытынды : біз «Қошқармүйіз» ою-өрнектің атасы деп нақты айта аламыз.

 2.5. Ою-өрнектердің мазмұны және бояу түстеріне байланысты ерешеліктерін жастыққа ою құрастырып тігу арқылы ойымызды жеткізу.

Қазақ халқының ою-өрнек өнерінде атаулары үлкен мәнге ие. Өйткені әрбір атау ою-өрнектің тұла бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды ашуға көмектеседі. Мәселен, «орамал-балдақ» өнеріндегі орамал әйелдер басына тартатын жаулық, балдақ-шымылдықтың бау өткізетін ілгегі, жаулық салу сияқты қазақ халқының шартты бейнесі ретінде бейнеленген. «Орамал-балдақ» өрнегінің жан-жағына «тұмар», «гүл ою», «су» оюлары салынып, ақ, қара, қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы-туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап аққан судай мәңгілік халқыңа қызмет ет деген  халықтың жаңа түскен келінге айтатын

арман- тілегі.

Сол себепті мен жастықты дайындап, оған ою-өрнектерді бастырып, сол арқылы өз ойымды, тілегімді жеткізгім келді. Енді осы жастықтағы өрнектерді сараласақ : Құстар  бейбітшіліктің белгісі. «Тау» ою мәңгіліктің, қүш-құдіреттің символы. Қазақ халқы күн мен айды, жұлдыздарды жер бетіндегі жарық дүниелер деп қастерлеген. Күннің шығуына табынған, ай туғанда тағзым еткен, жұлдыздарға тамсанып тілек тілеген. Осы жастықтың мағынасы осындай. Елімізде тыныштық болсын, күн өзінің нұрын шашсын, қазақ халқынан мәңгі күш құдірет кетпесін. Осы жастыққа мен ақ пен қара түстер пайдаландым. Ақ түс – ол шындықтың, бақыттың, қуаныштың  белгісі.

Енді осы жастыққа әр түрлі бояуларды қолданып, олар қандай роль атқаратынын көрсеткім келеді. Сонымен қандай түс болмасын олардың әрқайсының өз рөлі, айтар ойы болған. Мысалы: көк түс аспанның белгісі, қызыл оттың, сары күн көзінің, ақ түс ақиқаттың, қара жердің, жасыл жастықтың, көктемнің символы. Енді боялған ою-өрнектерді сараласақ. Көк түс  аспан, құстар  менің арманым, жасыл түс жастықтың белгісі, сары түс парасаттың, ақылдылықтың белгісі. Жастықтан ақылға жету үшін  көп күн мен түн өту керек, ай мен шеңбер соны білдіреді. Құстардың ортасында ақ жұлдыз менің тілеп жүрген тілегім  орындалса  асқар таудай биіктен көрінемін және мен жүрген жерде күннің көзі нұрын, шуағын шашып жүреді.

2.6. Қазақтың ою -өрнегінде заманына қарай жаңа пайда болған ою -өрнектер.

Осы шапандарда еліміздің рәміздері бейнеленген. Бұл жаңа ою-өрнектер тәуелсіздік кезеңдерінде пайда болған.Ғарыш тақырыбына арналған ою-өрнектер  де аз емес, құстар әлеміне арнап көптеген оюлар пайда болды. Мысалы: қырғауыл, қарлығаш, 1 Мамыр мейрамы, бейбітшіліктің символы – кептер, махаббаттың символы – аққу.

Осыған қарай қазақтың ою-өрнегі көнермейді, ол заман ағымына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды  ретінде өмір сүреді.

Қорытынды. 

Қазақ оюмен ой айтқан ел.

         Халқымызда жазу болмаған кезде , ою- өрнек болды. Халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерді ұрпақтан – ұрпаққа ою-өрнек арқылы жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып, көздің қарашығындай сақтау. Басты мақсат – «Қошқармүйіз» оюын дамыту, сұлу, сәнді, икемді оюлар шығару.

Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық , сұлулық , ойлылық , ақылдылық , зеректік , көңіл-күйдің жақсылығы, шуақты  шақ,  арайлы кезең , жарқын әлем.

Менің ұсынысым :

  1. Ою-өрнек жасау ұлттық мұра өнерін дәріптеуде мектептерде негізігі пән ретінде  кіргізіп, балаларға оқыту. Ою-өрнек өнері адамды ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке, есептеуге, терең ойлауға баулыйды.
  1. «Қайнар» балалар шығармашылық орталығында әжелеріміз қолөнер үйірмесін ашып, кейінгі ұрпаққа ұлттық қолөнерді дамытуға өз үлестерін қосу керек деп ойлаймын.
  2. Оқушыларды халық мұрасы-асыл қазына  ою –өрнекті дәріптеуде  мектеп формасына енгізу.
  3. Оқушыларды  арнайы ұлттық киімде  бір кұндік сабаққа катысу жағдайын қарастыру ескерілсе.

Осындай бабалар мұрасын қастерлеп сақтау, мәдени мұрамызды дамыту ,рухани байлығымыз, тәуелсіз  еліміздің  әрбір азаматының басты мұрат – мақсаты екені сөзсіз.

You May Also Like

Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы» Орындаған: Афанасьева Анастасия Қымыз –…

Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі  Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан…

Математика медицинада, ғылыми жоба слайд

Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері   МАЗМҰНЫ …