Тақырыбы: Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі 

Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан -2030 стратегиясын іске асырудың негізі 

Секциясы: Биология 

Аннотация 

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы әсеріне өсімдіктердің қарсы реакциясын зерттеу, экологиялық мониторингтің алдына қойған өзекті міндеттерінің бірі, яғни ластаушы заттардың түсу деңгейіне байланысты өсімдіктердің химиялық құрамының вариациялану заңдылығы анықталады.

Қазіргі кезде Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің шикізаттары үшін ауыр металдардың  рұқсат етілген шектеулі концентарациясы нақты белгіленбеген.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері дәрілік өсімдіктерге негізгі мониторингтік жағдайы болып табылады. Дәрілік өсімдіктерге сандық және сапалық өзгергіштігін зерттеудің нәтижесі селекциялық жұмыста пайдаланылуы мүмкін. Өсімдіктердің тығыздығын, табиғи жандануын анықтау, аймақтың табиғи-ресурстық қорын бағалап, оларды тиімді пайдалану жолдарын ұйымдастыруға көмектеседі.

Сырдария өзенінің төменгі ағысы аймақтарындағы дәрілік өсімдіктерге жүргізілген зерттеулердің мәліметтері табиғатты қорғау бағдарламаларын жасауға, аймақтың экологиялық  мониторингін ұйымдастыруға және жетілдіруге негіз бола алады. Алынған нәтижелер антропогендік факторлардың әсерінен болатын өзгерістерге өсімдіктердің бейімделу реакцияларының нормаларына, модификациялық өзгерістеріне бақылау жасай отырып, экожүйенің тұрақтылығын бағалауға көмектеседі.

Аннотация 

Изучение реакции растений на воздействие загрязнения окружающей среды тяжелыми металлами, одной из ключевых задач мониторинга окружающей среды, заключается в определении закономерностей изменения химического состава растений в зависимости от уровня выброса загрязняющих веществ.В настоящее время в Казахстане нет конкретной ограниченной концентрации тяжелых металлов в сырье для лекарственных растений.Результаты проведенного исследования являются основным случаем мониторинга лекарственных растений. Результаты количественной и качественной изменчивости лекарственных растений могут быть использованы в процессе селекции. Определение плотности растений, естественного обновления, оценка природных ресурсов региона и организация способов их эффективного использования.Данные исследований лекарственных растений в низовьях реки Сырдарьи могут послужить основой для разработки экологических программ, организации и совершенствования экологического мониторинга региона. Полученные результаты помогут оценить устойчивость экосистем путем мониторинга скорости изменений и модификаций адаптивных реакций растений на изменения, вызванные антропогенными факторами.

Annotation The study of the reaction of plants to the effects of environmental pollution by heavy metals, one of the key tasks of environmental monitoring is to determine the regularity of the variation of the chemical composition of plants depending on the level of pollutant release.At present, there is no specific limited concentration of heavy metals in the raw material for medicinal plants in Kazakhstan.The results of conducted research are the main monitoring case for medicinal plants. The results of quantitative and qualitative variability of medicinal plants can be used in the selection process. Identification of plant density, natural renewal, assessment of the natural resources of the region and the organization of ways to efficiently utilize them.The data of the research on medicinal plants in the lower reaches of the Syrdarya river can be the basis for the development of environmental programs, the organization and improvement of environmental monitoring of the region. The obtained results will help to assess the sustainability of ecosystems by monitoring the rate of changes and modifications of plants’ adaptive responses to changes caused by anthropogenic factors.

—-

«ИТМҰРЫН ӨСІМДІГІНЕ  МЕТАЛДАРДЫҢ  ЖИНАҚТАЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ» тақырыбында жазған ғылыми шығармашылық зерттеу жұмысына

Пікір

Қазіргі таңда фармацевтиктер өсімдіктердің  көмегімен көптеген ауруларды емдеу жолдарын зерттеу үстінде.  Итмұрын өсімдіктерінің қошаған орта мен адам денсаулығын іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Өсімдіктерді практикалық тұрғыдан зерттеу әдістері адам денсаулығын қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Усенова Асем Итмұрын өсімдігіне зерттеу жүргізу арқылы оларды қорғау шараларын ізденіп, зерттеу жүргізген.

Усенова Асем шығармашылық жұмысын жүргізу барысында өзінің жауапкершілігін және ботаника ғылымына деген қызығушылығынтаныта білді.  итмұрын өсімдігіне зерттеу жасау арқылы практикалық жұмыстар орындалды. Зерттеу жұмысының жоспары бойынша   адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Ізденуші өзінің  ғылыми-зерттеу жұмысында жұмыстың құндылығы мен өзектілігін ашып, нақты мақсат қоя білген.

Усенова Асем  зерттеу жұмысының жоспары барысында биология саласы бойынша білімі жоғары екендігін көрсете білген. Жұмыстың мазмұны ашылған, тиісті дәлелдер келтірілген.  Келешекте өз білімін жетілдіре отырып, ғылым жолында өз үлесін тигізеді деген сенімдемін.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………. 6

1 Итмұрынның ерекшелігі
1.1 Қосжарнақтылар класы ………………………………………………………….. 9
1.2 Тарбағатай жотасында кездесетін кейбір дәрілік өсімдік түрлері… 12
1.3 Қазақстан  өсімдіктері……………………………………………………….. 16
1.4 Өсімдіктер  экологиясы…………………………………………………………… 19
1.5 Өсімдіктердің  қоршаған ортадағы формалары……………………….. 24
2. Итмұрын өсімдігіне  металдардың  жинақталу ерекшелігі
2.1 Итмұрын биоиндикациясы………………………………………………………. 31
2.2 Өсімдіктердегі ластанудың әсерінен болатын  зақымданудың механизмдері  ………………………………………….  

33

Қорытынды……………..…………….……………………………….. 37

КІРІСПЕ 

Зерттеу жұмысының өзектілігі.  Өсімдіктерді дәрілік мақсатқа пайдаланғаны жөнінде мәліметтерді–еуропалық, қытай, грек, орта азиялық, латын тіліндегі ертедегі мәдени естеліктерінен табуға болады[1].

Өсімдіктердің дәрілік қасиеті жөніндегі алғашқы қытай кітабы б.э. дейін 2600 жылы  «Фармакология негіздері» атты кітапты дәрігер Ли Ши-Чжень (1522-1596) жазды. Онда 1500-нан астам өсімдіктерден алынған дәрілік құрылымдарға сипаттама берілген. Бес томдық «Дәрігерлік ғылымның каноны» атты кітапты араб медицина мектебінің көрнекті өкілдері Тәжік ғалымдары және дәрігер Абу Али Ибн Сина жазды, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды және өзінің уақытында арабтардың кітабы болып қана қойған жоқ, еуропалық дәрігерлерде бағалады. Кітапта  шамамен 900 дәрілік өсімдік және оларды пайдалану әдістері сипатталған.  Көптеген өсімдіктердің мүшелерінде дәрілік ғана емес және улы заттарда кездеседі, яғни олардың азғантай мөлшері жануар немесе адам ағзасына түссе, оларда ауру белгілерін байқалады [2].

Автокөлік жолдарына  жақын жерлерден жиналған дәрілік өсімдіктер адам ағзасын ауыр металдармен ластау көзі болуы мүмкін. Сондықтан антропогендік әсерлердің әртүрлі экологиялық жағдайдағы дәрілік өсімдіктердің морфо-анатомиялық параметрлеріне тигізер әсерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

Тұқымдас: Rosaceae, туыс: Rosa,түр: Rosa canina L.

Биологиялық сипаттама: Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі.  Биіктігі 2 м дейін сұр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3 тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүл қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты), тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтар көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (дм 6см-ге дейін), ұзын гүл табанына көбінесе жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді.

Итмұрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерінен дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

Жемісінің химиялық құрамында қант (шамамен 18%), пектинді және иілік заттар, лимон, алма, басқа да органикалық қышқылдар, гликозид флавонолы кездеседі. Жемісінде аскарбин қышқыл (С витамин) қарақатпен салыстырғанда 10 есе, лимонмен салыстырғанда 50 есе, алмамен салыстырғанда 100 есе жоғары. Сонымен қатар A, B2, К, Е витаминдары көптеп кездеседі. Топырақ қабаты сипаты жағынан алуан түрлі. Облыста көп кездесетіні: таудың ашық-қара қоңыр (каштан); тақырлау; сортаң; кебір-сортаң; тақырлау тұзды емес;  тақыр, аллювиальді-шалғындық (тоғай); аллювиальді-шалғындық шөлденген; шалғындық-батпақ; батпақ; сортаң сорлар; сортаң тақырлау; сортаң шөлді сортаңдау; құм. Топырақ қабатының тұздану деңгейіне қарай пестротасы, механикалық құрамы және жер асты суының тереңдігіне қарай өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігінің дамуына бейімдейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Автокөлік жолдарына жақын жерлердегі тораңғыл және итмұрын дәрілік өсімдіктерінің морфо-анатомиялық параметрлеріне автокөліктерден бөлінген түтіндердің әсерін зерттеу және өімдіктердегі ластанудың әсерінен болатын  зақымданудың механизмдерін анықтау

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Дәрілік өсімдіктер өсіп тұрған аймақтың топырағындағы ауыр металдардың (Pb, Cd, Zn, Fe) жылжымалы түрлерін анықтау;

Автокөлік жолдарына әртүрлі қашықтықта орналастан дәрілік өсімдіктердің мүшелеріндегі ауыр металдардың мөлшері мен топырақтағы мөлшерін салыстыру;

Дәрілік өсімдіктердің морфометриялық параметрлерін анықтау және ауыр металдардың мөлшеріне байланысты олардың өзгеруін
бағалау; 

Ғылыми жаңалығы.

Алғаш рет автокөлік жолдарына жақын аймақтардағы дәрілік өсімдіктердегі ауыр металдардың деңгейі алғаш рет анықталынды;

Дәрілік өсімдіктер мүшелерінің морфометриялық парамерлерінің өзеруі мен топырақтағы ауыр металдар көрсеткіші арасындағы корреляциялық байланыстылық анықталынды 

Қорғауға ұсынылатын мәселелер:

  1. Автокөлік жолдары аумағындағы топырақта ауыр металдардың жылжымалы деңгейі жоғары;
  2. Дәрілік өсімдіктердің мүшелеріндегі ауыр металдардың деңгейі әртүрлі фенологиялық фазаларында біркелкі болмайды. Ауыр металдардың аккумуляциялану деңгейі жер асты мүшелерінде жоғары.
  3. Жабайы дәрілік өсімдіктер мүшелерінің морфометриялық параметрлерінің көрсеткіштері, топырақтағы жылжымалы ауыр металдарға тәуелді.

1 Итмұрынның ерекшелігі 

1.1 Қосжарнақтылар класы

Көкнәрлер тұқымдасына 24 туыс, 250 түр жатады. Басым көпшiлiгi шөптесiн өсiмдiктер, кiшiгiрiм ағаштары мен бұталарыда бар. Олар жершарының солтүстiк бөлiгiнде, әсiресе субтропикалық және қоңыржай климатты аймақтарында көптен кездеседi. Жапырақтары кезектесiп орналасады, шеттерi тiлiмделген болып келедi. Сабағында қауашағында морфин, кодеин тағы басқа, апиыны бар сүттi шырындар жиналады. Гүлдерi үлкен, қос жынысты, дұрыс гүл. Тостағанша жапырақшаларының саны 2, олар гүл ашылысымен түсiп қалады. Күлте жапырақшасының да саны 4, олар екi қатар шеңбер түзiп орналасады. Күлте жапырақшаларының түсi қызыл, сары, ақшыл болып келедi. Аталығы көп, аналығы да көп. Аналығы көптеген жемiс жапырақшаларынан тұрады. Жатыны екi немесе көп ұялы және жоғарғы болып келедi. Аналығының мойны жоқ, отырмалы болып келедi. Жемiсi қауашақ. Тұқымдары ұсақ, түсi қара, эндоспермi майлы болып келедi. Тұқымдастың өкiлдерi насекомдармен, жел арқылы да тозаңданады.

Көкнәрлер тұқымдасының формуласын былай жазуға болады: * ♀♂ Т2 К2+2 А∞ Ж∞

Көкнәр туысы (мак – Papaver). Тұқымдастың ең үлкен туысы, оған 120-дай түр жатады. Қазақстанда 11 түрi кезедеседi. Көпжылдық және бiржылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың аса кең тарағаны апиын көкнәрi (мак снатворный – Papaver comniferum). Бұл түрдiң дәнiнде 45-50% дейiн май болады. Соған байланысты оны май алынатын дақыл ретiнде себедi. Көкнәрдiң майын тамаққа және бояу алуға пайдаланады. Сонымен бiрге одан медицинада кеңiнен қолданылатын апиын алынады. Апиыннан «пантонан» алынады, оның құрамында морфин, наркотин, паповерин, кодеин секiлдi алкалоидтат бар. Көкнәрдiң апиын алынатын сорттарын азияның көптеген елдерiнде (Иранда, Авганистанда, Жапонияда, Қытайда және Индонезияда) арнайы себедi. ТМД-елдерiнде көкнәрдiң мұндай сорттарын Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжiкстанда, аздап Қазақстанда да себедi. Шығыс көкнәрi (мак восточный – Papaver orientalis) деген түрiн үлкен ашық – қызыл түстi гүлдерi үшiн бақтарда отырғызады. Көкнәрдiң жабайы түрлерi де аса сәндiк өсiмдiктер. Әсiресе, сеппе көкнәр (мак самосейка – Papaver rhoeas)

көктемде шөлдi аймақтарда, тау етектерiнде қалың болып жайқалып өседi. Гүлдеген кездерiнде далаға ерекше көрiк беретiн, егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Жiңiшке көкнәр (мак тоненький – Papaver lenellum) деген түрi сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына тiркелген. Бұл тұқымдасқа жататын басқа да туыстар бар. Солардың бiрi қызылтаңдай (роемерия – Roemeria) туысы. Оған 2 түр жатады. Бұлардың да гүлдерi қанық боялған, сәндiк өсiмдiктер. Дәрiлiк қасиеттерi де бар. Тағы бiр туысы мүйiзкөкнәр (глауциум – Glaucium). Оның 4 түрi бар. Ал үлкен сүйелшөп (гистотель большой – Chelidonium majus) деген түрi аса улы өсiмдiк. Оны халық медицинасында әр түрлi терi ауруларын емдеуге, сүйелдi кетiруге пайдаланып келген. Бұл өсiмдiктiң «сүйелшөп» аталуы да соған байланысты болса керек.

Жалпы көкнәрлер тұқымдасының барлығы сәндiк өсiмдiктер. Оларды мал жемейдi, егiстiктiң арамшөптерi, бiрақ дәрiлi қасиеттерi бар. Кейбiр түрлерiнен тамаққа және техникалық мақсатта пайдалынатын май алынады.

Алаботалар тұқымдасы (семейство МаревыеСhenopodiacede).

Дүние жүзi бойынша алаботалар тұкымдасына 1600түр, 105- туыс жатады.  Қазақстанда алаботалар тұқымдасының 225 түрi кездеседi. Олар негiзiнен субтропикалық, климаты құрғақ және топырағы тұзды келетiн шөлдi аймақтарда кең таралған. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерi Орта Азияда, Солтүстiк және Оңтүстiк Америкада, Австралияның орталық аудандарында көптеп кездеседi. Алаботалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң iшiнде қос жынысты және дара жынысты өкiлдерi бар. Олардың барлығының гүлдерi ұсақ, көрiксiз, дұрыс гүлдер. Мұндай гүлдердiң гүл серiгi қарапайым, тек 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Қос   жынысты   гүлдердiң   5   аталығы   тостағанша жапырақшаларына қарама- қарсы орналасады. Аналықтары өзара бiрiккен 2 жемiс жапырақшасынан тұрады. Жоғары жатынды гүл. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жартылай бұталары, бұталары, аздап ағаштары да кездеседi.

Алабота туысы (марь – Chenopodium).

Оған бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер мен бұталар жатады. Жапырақтары сабаққа кезектесiп орналасады. Гүлдерi қосжынысты, топтасып жиналып масақ немесе сыпырғы тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүл серiгi қарапайым 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Аталығының да саны 5, аналығы 2. Жемiсi тұқымша. Сиректеу шырынды жемiстiлерi де болады. Алабота гүлiнiң формуласын былай жазуға болады:    * ♀ ♂  ГС·5   А5 Ж(2)

Аса кең тараған өкiлiнiң бiрi ақ алабота (марь белая – Chenopodium album). Ол бiржылдық өсiмдiк. Жапырағы сопақтау – ромба тәрiздi, шетiнде ойыстау тiсшелерi болады. Сабағын және жапырақ тақтасының астыңғы бетiн ақ ұнтақ тұтып тұрады. Ақ алабота жаз бойы гүлдейдi және көп мөлшерде дән байлайды. Бiр өсiмдiк жылына шамамен 20 мыңға дейiн тұқым бередi. Олардың бiразы мәдени өсiмдiктерден өнiм жинағанға дейiн жерге шашылып үлгередi. Келесi жылы көктемде, әсiресе айдалған жерлерде ақ алабота қаптап өседi. Осылайша егiстiктi арамшөп басады. Ақ алабота топырақтан тамырлары арқылы азот, калий, фосфор секiлдi заттарды көп мөлшерде сiңiредi. Нәтижесiнде топырақ құнарсызданады. Мұның өзi мәдени өсiмдiктердiң түсiмдiлiгiнiң едәуiр төмендеуiне әкелiп соқтырады. Сонымен бiрге ақ алабота зиянкес насекомдардың мекендейтiн орны болып табылады.

Көкпек туысы (лебеда – Atriplex). Туыстың өкiлдерi алаботаға көп ұқсайды. Олардан гүлдерiнiң дара жынысты болуымен ажыратылады. Көкпектер бiр үйлi, сиректеу екi үйлi өсiмдiктер. Аналық гүлiнiң гүлсерiгi болмайды, оны бiрiккен жабындық жапырақтары алмастырады. Көкпектер өзен жағасында, сүдiгерге жыртылған жерлерде, қара-қоқыстың айналасында қаптап өседi. Сонымен бiрге олар шөлдi және жартылай шөлдi аймақтардың сор және сортаң топырақтарында көптеп кездеседi. Туыстың кең тараған өкiлiнiң бiрi жылтыр көкпек (лебеда лоснящая – Atriplex nitans). Ол егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Үш бұрышты жапырағы сабаққа кезектесiп орналасады. Жапырағының түп жағы сүңгi тәрiздi болып келедi. Жылтыр көкпектiң гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: Аналық  гүлiнiң формуласы:   * ♀  Гс· 0 А0 Ж(2);   аталық гүлiнiң формуласы:  * ♂ Гс(5) А5 Ж0

Жемiстерi жаңғақша, кеибiреулерiнде – тұқымша.

Алаботалар тұқымдасына жататын жабайы өсiмдiктердiң маңыздыларының бiрi сексеуiл (саксаул – Haloxylon) оның қазақстанда мынадай 3 түрi кездеседi: ақ сексеуiл (саксаул персидский – Haloxylon persicum), қара сексеуiл (саксаул безлистный – Haloxylon aphyllum) және зайсан сексеуiлi (саксаул зайсанский – Haloxylon ammodendrom). Оның биiктiгi 8 метрге дейiн жететiн ағаш. Бұталары да кездеседi. Тамырлары 10—12 м тереңдiкке дейiн жетедi. Жапырақтары редукияға ұшыраған,  тек қабыршақ түрiнде болады. Соған байланысты сексеуiлде фотосинтез процесiн олардың жасыл өркендерi жүзеге асырады. Сексеуiл Орта Азияның құмды шөлдерiнде, өзен алқабындағы тақырлау сор топырақтарда, тастақты жерлерде кездеседi. Олар құмды шөлдерде сирек орман түзедi. Сексеуiл ағашынан тұратын сирек орманның Қазақстанда жер көлемi 4561,1 мың гектарға тең. Сексеуiлдiң халық шаруашылығында маңызы аса зор. Ол құмды шөлдердi эрозиядан сақтайды. Құнды отын болып табылады. Сонымен бiрге сексеуiлдiң малазықтык мәнi де бар. Алайда соңғы жылдары қазақстанда сексеуiл орманы сиреп кеттi. Оның басты себебi жергiлiктi халық сексеуiлдi отынға дайындағанды техниканы пайдаланатын болды. Тiптен iрi қалаларға сексеуiлдi машинамен тасып сатып, оны табыс көзiне айналдыруда. Сондықтан сексеуiлдi қорғау шараларын республика көлемiнде қолға алу қажет. Сексуiл тұқымынан жақсы өседi, агротехникасы да жолға қойылған. Сондықтан да оны қолдан өсiру шараларын жүзеге асыру кезек күттiрмейтiн мәселе. Егер бұл мәселе шешiмiн таппаса, онда сексеуiлдiң жойылып кету қаупi бар.

Бұл тұқымдасқа Қазақстанда кездесетiн тағыда көптеген жабайы өсiмдiктер жатады. Аса кең тараған туыстарына тас бұйырғын (нанофитон – Nanophyton), бұйырғын (ежовник – Anabasis), сораң (солянка – Salsola), климакоптера (климакоптера – Climacoptera), ақсора (сведа – Suaeda), бұзаубас сораң (солерос – Saliconia), қараматау (камфоросма – Camphorosma), изен (кохия – kochia), терiскен (терескен – Kracheninnikovia), ебелек (рогач – Сeratocarpus), т.б. жатады. Бұлардың басым көпшiлiгi аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Олардың iшiнде бұйрығын туысының алатын орны ерекше. Бұйрығының қазақстанда 17 түрi кездеседi. Олар негiзiнен шөлдi және жартылай шөлдi аймақтарда өседi. Маңызды түрiнiң бiрi сортаң бұйрығын (ежовник соланчаковый – Anabasis salsa). Оны түйелер өте жақсы жейдi. Ал итсигек (ежовик безлистый – Anabasis aphylla) деген түрi өте улы, оның жас өркендерiнде құнды аколоид «анабазин» болады. Анабазиннен бiрнеше дәрiлiк және ауылшаруашылығы зиянкестерiне қарсы қолданылатын препараттар алынады. Оңтүстiк қазақстан облысының орталығын Шымкент қаласында итсигектен дәрi-дәрмек жасайтын арнайы зауыт бар. Алабұталар тұқымдасының изен (кохия простертая – kochia prostrata), терiскен (терескен серый – Kracheninnikovia ceratoides), күйреуiк (солянка восточная – Salsola orientalis) секiлдi түрлерi Республикамыздың жем-шөп қорын арттыру мақсатында мәдени жағдайда өсiредi.

Алаботалар тұқымдасына жататын мәдени өсiмдiктер де бар. Олардың аса маңыздысы қант қызылшасы (свекла обыкновенная – Beta vulgaris).

Қызылша – екi жылдық өсiмдiк. Бiрiншi жылы өсiмдiк тамыр мойнынан кететiн жапырақтар бередi және тамыр жемiстер түзедi. Екiншi жылы тамыр жемiстен сабақ кетедi. Оның басында күрделi гүлшоғыры шашақ жетiледi. Қызылшаны өндiрiстiк мақсатта қант өндiру үшiн себедi. Сонымен бiрге қызылшаны көкөнiстiк және малазықтық дақыл ретiнде де көптеп өсiредi. Қант қызылшасының тамыр жемiсiнде 16-22% дейiн, кейде одан да көп сахароза болады. Зауытта өңдеген қант қызылшасынан қантпен қатар , патока және сығынды алынады. Патока – крахмалдың, қантка айналмаған түрi. Патоканың құрғақ салмағының 15% азотсыз экскреторлық заттар, 60% қант, 8—9% күл (зола) құрайды. .Патокадан спирт және глицерин алынады.

Маңызды көкенiстiк өсiмдiктiң бiрi шпинат (шпинат – Spinacia). Оның қазақстанда екi түрi өседi: бақша шпинаты (шпинат огородный – Spinacia oleracca) және түркiстан шпинаты (шпинат туркестанский – Spinacia turkestanica). Бақша шпинатын тамаққа пайдаланады. Құрамындағы белоктың мөлшерi жағынан еттен кейiнгi екiншi орынды алады. Шпинаттың құрамында витаминдер көп болады: А1, В1, В2, С және РР. Сондықтан да оны тамаққа қосу өте пайдалы. 

1.2 Тарбағатай жотасында кездесетін кейбір дәрілік өсімдік түрлері

Қазақстанның кең байтақ территориясы өсімдіктер түрлеріне өте бай. Оның ішінде маңызды болып саналатын медицинаға аса қажетті өсімдіктер тобы — дәрілік өсімдіктер болып табылады. Олардың құрамында көптеген биологиялық белсенді қосылыстар кездеседі. Олар: дәрумендер, минерадды тұздар, микроэлементтер, зиянды заттарды ағзадан шығаруға әсер ететін пектиндер, ауру тудыратын көптеген микро ағзаларды жойып жіберетін фитонцидтер және т.б. Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді зерттеу барысында биологиялық белсенді заттарын анықтауда тек бұрыннан белгілі түрлердің ғана емес басқа да перспективті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін ескеріп анықтау маңызды болып табылады. Қазіргі кездің өзіңде Отандық ғылыми медицинада 216-дан астам аса дәрілік өсімдік түрлері қолданылады.

Жалпы еліміздің флорасының таралу ареалына келетін болсақ, Қазақстанның шығыс аймағында, соның ішінде Тарбағатай жотасында көпжылдық бұталы өсімдіктер басым. Өсімдік жамылғысының бөлінуі мен олардың өсуіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі климат болып табылады. Әрбір таулы аймақтың климаттық ерекшелігі, оның тұрған орны және биіктігімен анықталады; оның алуан түрлі көріністері жер бедерінің бөлшектенуіне байланысты болып келеді: яғни, беткейлердің экспозициясы мен абсолюттік биіктігіне және құламалығына, сонымен қатар топырақ және өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне байланысты. Тарбағатай жотасындағы өсімдіктер жамылғысы жотаның географиялық ерекшелігіне қарай таралған. Тарбағатай жотасы далалы және шөлді аймақта орналасқандықтан мұндағы өсімдіктер жамылғысы басқа таулы аймақтарға: Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай тауларына қарағанда айтарлықтай ерекшеленеді. Онда флораның 1640 түрі кездеседі. Аймақтағы өсімдіктер түрлерінің құрамы мен таралу ерекшеліктері биіктік белдеулер бойынша айтарлықтай өзгеріп отырады.

Тарбағатай жотасы толығымен дерлік Шығыс Қазақстан облысының территориясына тиесілі және де бұл ауданда дәрілік өсімдіктердің кең таралған бірқатар түрлері кездеседі: шырғанақ, мия, итмұрынның бірнеше түрлері, шүйгін  және т.б. өсімдік түрлері. Жотаның солтүстік және оңтүстік беткейлеріңде кездесетін дәрілік өсімдіктерде айтарлықтай өзгешеліктер байқалады. Мысалы: жотаның оңтүстік беткейі солтүстік беткейіне қарағанда айтарлықтай құрғақ болғандықтан мұнда бұталы өсімдік түрлері басым.

Төменде Тарбағатай жотасында кең таралған дәрілік өсімдік түрлеріне толығырақ сипаттама берілген:

Альберт раушаны — Раушангүлділер тұқымдасына жататын  көпжылдык бұталы өсімдік. Биіктігі 1,5-2 м. Раушан Тарбағатай жотасының орманды белдеулерінде, орманды алқаптарда және бұталар арасыңда кең таралған. Сабақ-бұтақшалары тікенекке толы, жапырақтары үлпілдек, әр бұтақшада 5-11 жапырақша. Жапырақ пішіні — жұмыртқа немесе эллипс тәрізді, үсті жылтыр, асты түкті. Гүлдері хош иісті, ақ, қызыл түсті. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі жұмыртқа немесе эллипс тәрізді, ішкі қабырғалары түкті, жалған жеміс түзейтін етжеңді, қоюланған гүл тұғырына орналасқан. Итмұрынның жемісі шырынды, қызыл түстісі ең бағалы түрі, ол суда және майда еритін дәрумеңдердің көптігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда раушанның 100-ден аса түрі таралған. Соңғы жылдары елімізде раушанның бірқатар түрлерінен жоғары дәруменді сорттар алынуда. Олар: «Воронцовский — 1;2;3», «Российский — 1;2», «Безшипный ВНИ-ВИ», «Поздңеспелый», «Юбилейный», «Крупноплодный ВНИВИ», «Витаминный ВНИВИ», «Роза Коричная — 22» және т.б. сорттар.

Ал халық медицинасында (раушан) итмұрын жемістерінен жасалған «шайды» туберкулезге, бауырдың, өттің, бүйректің, қуықтың қабынуына, аттас және бүйректас ауруларына, қан аздыққа, жалпы әлсіздікке,  асқазан мен ұлтабар жараларына қолданады. Сонымен қатар халық медицинасында жапырақтары мен тамырларын да емдік мақсатқа пайдалынады. Мысалы: раушан жапырақтарының қайнатпасын микробтарға қарсы және асқазан ауруын басатын дәру ретінде, соңдай-ақ тамыр қайнатпасын өт айдайтын, антисептикалық және іш өткенде тұтқыр дәру ретінде қолданады. Ғылыми медицинада итмұрын жемістерінің тұндырмасын, сиропы мен ұнтағын «гиповитаминозға» байланысты ауруларға, тұмау ауруларына деген қарсылықты күшейту үшін ұсынады. Жемістерінің қою экстрактысын «холосас» бауыр мен өт жолдарының ауруларына өт айдайтын дәрі ретінде пайдаланады. Итмұрын жемісінен дәрумеңді дәрі-дәрмек ретіңде пайдаланатын «құрғақ экстракт» және «таблежалар» дайындайды.

Жемісінен «шырын», «сироп», диеталық және емдік сусын дайындайды. Итмұрын жемісін «қайнатпа» және «поливитамиңді» шай дайындау мақсатыңда, сондай-ақ тамақты витаминдеу үшін пайдаланады. Тәжікстанның халық медицинасында «итмұрынның гүлжапырақшаларының шырыны» көздің керуін жақсарту мақсатында пайдаланылады. Итмұрынның химиялық құрамында, яғни оның жемісті шырынында (мг %): С дәрумені 200-ге дейін, каротин 8,0-12,0, В,— 0,25, В, — 0,6 дейін, В, — 0,88, РР – 1,3, Е — 0,69, К — 0,4. Басқа қосындылардан пектин заттары 1,8-2,8%, илік және бояу заттар 0,1-4,7, қант 8,1-11,6, органикалық қышқылдар 0,7-2,6%, темір, эфир майлары бар. Дәнінде 12 %-ға дейін майлы қышқылдар: олеин 83,3%, линол 11,4%, линолен 4,6% кездеседі. Итмұрынның бақ учаскесіне отырғызылған 3-4 түп бұтасы қыста бір отбасын бағалы дәрумеңді азықпен қамтамасыз ете алады.

Итшомырт шырғанақ (Ніррорһае гһатпоісіея Ь.) — Жиделер (Е1ае£пасеае Тиз§.) тұқымдасына жататын шағын ағашты немесе бұталы өсімдік /1,2/. Шырғанақ Тарбағатай жотасының өзен бойлары мен аңғарларында, көл жағалаулары мен тоғайларда, бұталы өсімдіктер арасында, тау беткейлері мен сайларында, құламалы жыраларда, тастақта тау беткейлері мен тау бектерлерінде кең таралған. Биіктігі 2-6 (10). Сабағының қабығы сары-қоңыр, қоңыр-жасыл, бұтақтарының ұшы қатты тікенге айналған жарық сүйгіш өсімдік. Жапырақтары таспа, ланцет тәрізді, ұшы доғал, отырмалы, шет жиектері қайырылған. Жемісі шар немесе шар-жұмыртқа пішіңді, аздап ананастың дәмі бар, жалаң, қызғылт-сары, қызыл, сүйекшесі ұзын, жұмыртқа тәрізді, қара бүйір сызықтары бар. Көкек-мамыр айларында гүлдейді. Жемісі тамыздан қазан айына дейін пісіп жетіледі. Елімізде шырғанақты генетикалық тұрғыдан будандастыру арқылы «Новость Алтая», «Дар Катуни», «Витаминная», «Золотой початок» деген сорттары алынған.

Денсаулыққа аса қажет әр алуан биологиялық белсенді заттардың мол болуына байланысты шырғанақ көптеген жемісті және жидекті өсімдіктердің бәрінен асып түседі. Шырғанақ жемістерінің дәмі құрамындағы әртүрлі қанттардың мөлшеріне байланысты «фруктоза», «глюкоза», «сахарозаның» пайыздық мөлшері 1,6% дейін айтарлықтай ауытқып отырады. Сондай-ақ органикалық қышқылдардың (алма, қымыздық, янтарь және т.б. – олардың жалпы мөлшері 1-4,2% болғаңда) арақатынасынан ғана емес, жоғары майлылығына (1,7-9,1%), ондағы пектиндерге (0,5% дейін) және басқа да заттарға байланысты болады. С дәруменінің молдығына байланысты (900 мг%) ол өңделген азықта жақсы сақталады. В,, В2, В6, Е (145 мг% дейін) дәрумендері кездеседі. Р — сергек қосындылары (саны 200 мг% жетеді) биофлавоноидтардан — флавондардан (кверцертин, изокверцетин, рутин және т.б.), лейко-антоциандардан, катехиндерден және илік заттардан тұрады. Шырғанақ жемісінде соңдай-ақ филлохинон тиімді мөлшерде жинақталады (0,8-1,5 мг% дейін), ол мұздатылған жемістерде жақсы сақталады.

Биологиялық белсенді заттардың табиғи қоспасы болып табылатын шырғанақ жемісі мен дәндерінің майы ерекше маңызды. «Шырғанақ майы» майлы қышқылдарға, яғни линол мен линолен майлы қышқылдарға бай. Жапырағы мен қабығы да бағалы заттарға толы болып келеді. Жапырақтарында әр алуан дәрумеңдер: аскорбин қышқылы (560 мг% дейін), каротиноидтар (29 мг% дейін), тиамин, рибофлавин, пиродоксин, фолий, никотин қышқылдары бар. Қабығынан жаңа қалыптасып келе жатқан қатерлі ісіктердің өсуін тоқтататын алкалоид «серотонин» табылған.

Жемісін (жаңа және өнделген күйінде) жалпы ағзадағы иммунитетті жоғарылату үшін және ұмытшақтыққа қарсы дәрі ретінде, жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар шырғанақ майын ресми түрде тез жазыла қоймайтын жарақаттарды емдеуге қолданады, онымен күйікті, үсікті, ойылуды, мұрын-тамақ ауруларын, ауыздың ойылғанын емдейді. Жапырақтарының қайнатпасы мен тұңдырмасын ішек-қарын жолдары ауруларына қолданады. Қабығы – спиртті сығыны және «гиппфаин» препараты дәнекер ұлпаларының қатерлі ісігі (саркома), эрлих ісігінің өсуін тоқтатады. Сабағының қайнатпасы шашты әрлеңдіреді, жапырағының сығынымен аш және ток ішектің қабынуын, іш өтуін емдейді (Монғолияда). Жапырағы, гүлі, жемісі бөртпені, подагра, ревматизмді емдеуде қолданылады. Гүлін Тәжікстанда косметикалық мақсатта, яғни тері жұмсартқыш ретінде пайдаланады, жемісін Үнді-Тибет елдерінде қанды тоқтатуға қолданады, қабынуға қарсы, майлы сығынымен бауыр ауруларын емдейді. Сонымен қатар шырғанақ бал беретін дәрілік өсімдік ретінде танымал. Орал миясы (Glycyrrhiza uralensis Fisch) – Бұршақтар (Fabaceae) тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Орал миясы аталмыш жотаның сортаңдау тау шабындықтарында, таудың далалы аймақтарыңда, тау өзендерінің жағалауларыңда кең таралған. Орал миясы Тарбағатай жотасының бірқатар биіктік белдеулеріне дейін көтеріледі. Биіктігі 50-70 (100) см. Сабағы тік қарапайым, немесе бұтақтанған, қатты тікенекті болады. Жапырағы 4-8 жұпты, жұмыртқа, элиппс тәрізді. Гүлі көп болып келеді. Тұқымы дөңгелек бүйрек тәрізді, 3-9 тұқымды, түсі қоңыр. Маусьм-шілде айларыңда гүлдеп, тұқымы шілде-тамызда пісіп жетіледі. Медицинада мияның тамыры және тамыр сабағын  пайдаланады.

Ғылыми медицинада орал миясынан алынатын препараттар элексир, сығынды, ұнтақ және сироп түрінде қақырық түсіретін және аллергияға қарсы, қан тамырының кеңеюіне қарсы әсер ететіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Мияның құрамында эфир майы, көмірсулар (2,83-15,6%), глюкоза, сахароза, пентоза (11,32-13,21%), крахмал (15,53-24,52%), пектиндер (2,91-4,6%), органикалық қышқылдар (1,25-4,6%), флавоноидтар (1,95-4%), алколоидтар мен азотты қосылыстар (0,1%), илік заттар (7-9,46%), дәрумендер бар.

Тамыры мен тамыр сабағы көптеген елдердің фармакопеясына енген. Мияны медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданады. Мысалы: халық медицинасында мияның тамырын өсімдік майлары ретіңде жөтелге, бронхит ауруларына, соңдай-ақ еттен және саңырауқұлақтан уланғанда, қарын жарасын емдегеңде қолданады. Сонымен бірге мия тамыры жедел іш жүргізуге әсер етеді, гемморой, несеп жүргізетін шайларға да араластырылады.

Қорыта айтқанда, Тарбағатай жотасында кездесетін кейбір дәрілік өсімдіктерге толығырақ сипаттама берілген. Сондай-ақ, жотада айтарлықтай кең таралған дәрілік өсімдіктер: Альберт раушаны, итшомырт, шырғанақ және орал миясының маңызы мен аса бағалы дәрілік қасиеттері жайлы деректер және де өсімдіктердің таралу ерекшеліктері мен химиялық құрамына, ғылыми медицина мен халықтық медицинада қандай ауруларға дәрілік мақсатта пайдаланылатыны жайлы толық мағлұматтар берілген.

1.3 Қазақстан өсімдіктері.

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 — 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.

Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi — сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн — бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем—күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем — ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ — жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 — 2800 түр бар, олардың iшiнде 200 — 215 түрi — эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер — аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты — жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер — аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты — жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi — эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер — аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер — аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән.

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 — 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 — 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 — 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 — 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар. ендік аймақтық, биіктік белдеулік, секторлық және интра аймақтық заңдылықтарына бағынады.

Өсімдіктер жамылғысының географиясы.

Облыстың өсімдіктер жамылғысы Солтүстік Тысқарытропикалық Патшалығына жатады. Өсімдіктер жиынының түрлері бореалды (Орал-сібір формациясы. Алтайлық солтүстік-батыс формациясы), далалы (Заволжье-Қазақстандық формация, Алтайлық оңтүстік, Сауыр-Тарбағатайлық және Зайсандық провинция) және шөлді (Тибеттік формация) түрлеріне жатады. Келесі геоботаникалық аймақты өсмідіктер бірлестігіне бөлінеді:

Тау бөктерлі ормандалалы, селеулі-ормандалалы, (селеулі-түрлішөпті, бұталы дала); тау бөктерлі далалы (жусанды-бетегелі, жусанды-селеулі-бетегелі, жусанды-дәнді псамофильді шөлді дала) – Зайсан және Алакөл ойпаттарының солтүстік перифериясы; шөлді (далаланған және ксерофильді дәнді дақылдары басым кәдімгі шөл) – Зайсан және Алакөл ойпаттарының оңтүстігі. Биіктік белдеулігі Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Қалба таулары аудандарында анық байқалады. Аймақтарға бөлінеді (төменнен жоғары): таулы және тау алды орманды-шалғынды-далалы (балқарағайлы таулы ормандар майқарағайлы-балқарағайлы бұталық және далалымен бірлескен ); таулы-тайгалы және шалғынды-тайгалы  (майқарағайлы таулы қылқан жапырақты кедр мен балқарағайлы бірлескен, бұталық және шалғын, сонымен бірге көктеректі, шыршалы бұталы, қарағайлы орманмен бірлескен); биік таулы шалғынды (альпі ормандары және Алтай мен Тарбағатайдың субальпілік шалғындарымен бірлескен дала, кейбір жерлерінде айрықшаланған мүк және қына басқан шалғын);  биіктаулы тундралы (жасыл мүктері, қыналары басым, биік гүлді өсімдіктердің қатысуымен, жайылған бұталы және аласа бұталы). Жамылғы көріністі. Облыс аумағында интра аймақты өсімдіктер де дамып келеді, олар қосымша ылғанданған жағдайдағы бедердің төмендеуінде немесе бөлектенген қазаншұңқырлардың бетінде бар. 

1.4  Өсімдіктер экологиясы

Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше «биос» өмір; «морфе» форма) деп, өсімдіктердің онтогенезівде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесін (габитус) айтады. Габитус алдымен өсімдіктердің жер үсті және жер асты вегетативтік мүшелерінің өсу ерекшеліктеріне байланысты.

Өсімдіктердің белгілі бір түрінің особтарына тән тіршілік формасы — ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Осыған қарамастан түрдің тіршілік формасы нақты жағдайларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Мысалы, жөке ағашы сүректі тіршілік формасына жатады.

Тіршілік жағдай қалай өзгерсе де, ол шөптесін өсімдік бола  алмайды. Бірақ бұл түрдің кейбір особьтері сымбатты бір діңді ағаш (парктерде, көшелерде) қалпынан, бұтақтанған көп діңді ағашқа (сиретілген ормандарда, орман шеттерінде) және төселмелі бұтақтарға (жарық жетіспеуі және басқа факторлардың қолайсыз әсерінен) айналуы мүмкін [2].

Бейімделу белгілеріне жапырақ тақтасының көлемін кішірейту (жусандар), жапырақтың тікенекке айналуы (жантақ), жапырақ тақтасының түтікше тәрізді ширатылуы (қау), қалың түктермен жабылуы (аюқұлақ) сияқты буландыруды азайтатын, өсімдікті қызып кетуден сақтайтын белгілер жатады.

Сыртқы орта тірі организмдерге және олардың бірлестігіне әсер етушілердің жиынтығынан тұрады. Тірі организмдер мен оларды қоршап тұрған орта арасындағы өзара әсер және организмдердің үнемі меңгеріп отыратын тіршілік жағдайларына бейімделуі жалпы жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді. Осындай өзара әсерді зерттеу экологияның негізгі міндетіне жатады.

Өсімдіктер экологиясы өсімдіктердің ортамен өзара қарым қатынасы, сонымен бірге жеке факторлардың және олардың жиынтығының өсімдіктер формасының пайда болуына әсері туралы ғылым. Мұның алдындағы тарауларда өсімдік мүшелерінің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері, олардың тіршілік жағдайларына байланысты екендігіне үнемі көңіл аударылды. Бұл тарауда солардан қорытынды жасай келіп, өсімдіктердің негізгі экологиялық топтары мен тіршілік формаларын қарастырамыз. [1]

Экологиялық топтары әдетте ортаның форма түзетін және физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына байланысты бөледі. Дегенмен өсімдіктер үшін өте қажетті, олардың құрылымына әсер етуші экологиялық факторлар топырақ және ауа ылғалдығы, жарық. Соңдықтан да көптеген экологиялық топтардың ішіңде, сыртқы бейнесі және анатомиялык құрылымы жағынан бір-бірінен айырмасы бар өсімдіктерді кездестіруге болады. Олардың тіршілік формалары әр түрлі [2].

Ылғалға байланысты өсімдікердің мынадай негізгі топтарын ажыратады: 1. Ксерофиттер (грекше «ксерос» — құрғақ; «фитон» — өсімдік) — топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер. 2. Мезофиттер («мезос» — орташа) — орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер. 3. Гигрофиттер (грекше «гигра» — ылғал) — көбінесе атмосфералық ылғал мол жерде тіршілік ететін өсімдіктер. 4. Гидрофиттер (грекше «гидро» — су) — суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі. 5. Толығынан суға батып тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер (грекше «гидатос» — су) дегі атайды [4].

Гидатофитгер — су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея), валлиснерия, көптеген шыландар, егеушөп, мүйіз-жапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп (тұңғиық), біразы су қабаттарында (балдыршөп, сукөрік) бос жүреді.

Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ клеткалардың екі қабатынан ғана тұрады.

Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен. Дене беткейлері көлеңді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де, біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсіңдіктердің ерекшеліктері тән.

Эпидермасының үстіңгі беткейінде кутикуласы болмайды, болғанымен өте жұқа, судың енуіне кедергі жасамайды. Сондықтан судан шығарылған су есімдіктері бірнеше минут ішінде солып қалады [5].

Су ауаға қарағанда едәуір тығыз, сол себепті өзіне батқан өсімдіктерді ұстап тұрады. Соның нәтижесінде су өсімдіктеріне механикалық ұлпаның аса қажеті болмайды. Сонымен қатар ауа тапшылығына бейімделу нәтижесінде су өсімдіктеріңце ауаға толы көптеген клеткааралық қуыстар, аэренхималар пайда болады (1-сурет).

Клеткааралық қуыстар өсімдіктердің суда жузіп жүруін және ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Күндіз фотосинтез нәтижесінде оларға оттегі толады. Оттегі қараңғы түскенде ұлпалардың дем алуына жұмсалады. Тыныстану (дем шығару) кезінде бөлінген көмірқышқыл газы клетка аралықтарында жиналып, күндіз фотосинтезге жұмсалады.

Сол сияқты бұларда түтікшелер нашар жетілген немесе болмайды, өйткені өсімдіктер суды бүкіл денесінің бетімен кабылдайды.

Көптеген заттардың еруі тамырдан тыныс алуға байланысты бөлінетін көмірқышқыл газына, қышқылдарға, т.б. заттарға тығыз байланысты. Қиындықпен еритін заттар физиологиялық қышқыл тұздардың, мысалы (Nil4)2SO4, әсерінен де ериді. Физиологиялық қышқыл тұздарды топыраққа суда ерімейтін фосфориттермен бірге енгізгенде, фосфор қышқылы бөлініп.

Гидрофиттер — әдетте су қоймаларының жағалауында өседі (жебежапырақ, алисма, қара өлеңшөп, қамыс, қорыс қырықбуыны, көптеген қиякелендер). Су қоймаларының түбіне көптеген қосалқы тамырлы тамырсабақтарымен бекінеді де, су бетіне жапырақтары немесе жапырақты өркендері шығып тұрады [6].

Гидрофиттердің барлық мүшелерінде су қоймасы түбіндегі және суға батып тұрған бөліктерін оттегімен қамтамасыз ететін клеткааралық қуыстары жақсы жетілген. Көптеген гадрофиттерде пішіні және құрылымы дамып жетілген орта жағдайына байланысты әр түрлі жапырақтар пайда болған. Мысалы, жебежапырақты алатын болсақ, оның су бетінен жоғары көтеріліп тұрған жапырағының сағағы мықты, жапырақ тақтасы тығыз, пішіні жебе тәрізді, мезофилінде бағаналы ұлпа жақсы жетілген; жапырақ сағағыңда, сол сияқты тақтасында да клеткааралық қуыстары бар.

Суға батып тұрған жапырақтары ұзыншақ, нәзік таспа тәрізді, жапырақ тақтасы мен сағағына жіктелмеген. Ішкі кұрылымы нағыз гидатофиттердің жапырақтарына ұқсас.

Гидрофиттер — ылғалды ормандар, мен өзен аңғарларының батпақты шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесінде жоғарғы ағыс жолымен минеральдық заттардың қозғалуы баяулайды. Басым көпшілігінің жапырағы жұқа, жалаңаш (түксіз), кутикуласы жұқа, устьицелері жабылмайды жапырақтың екі бетінде де орналасады. Орталық цилиндрі нашар жетілген, түтікшелері аз, тамыр жүйесі бетіне жақьш орналасқан және аз бүгақтанған. «Тйгрофитгерге көптеген аройниктер, кекбүталар, (верескілер), кейбір бегониялар жатады. Қоньіржай аймақгың гигрофиперіне баймана, шытырлақ (шыңкетер), батпақ кьізьшбояуы, кейбір кырық буъшдар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.

Мезофиттер:— орташа ылғалды ортада тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағьш түсіретін ағаштары мен бұталары: шалғын және орман шептесін өсімдіктерінің басым көпшілігі (қызылбас беде, шалғын атқонағы, меруертгүл, снытъ), егістік дақылдардан — қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі, жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдардың пыстадан басқасының бәрі; көкөніс дақылдарының көпшілігі; сәбіз, қызанақ, қырыққабат т.б. жатады [7-8].

Ксерофиттер — ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер. Олар су тендестігін (балансын) әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Морфологиялық құрылысы жағынан ксерофиттер алуан түрлі. Бұған әр түрлі тіршілік формалары жатады, олардың бірсыпырасы алдыңғы тарауларда берілген. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақты суккуленттер (кактустер, агава) сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы (дрок, қылша). Бейімделу белгілеріне жапырақ тақтасының көлемін кішірейту (жусандар), жапырақтың тікенекке айналуы (жантақ), жапырақ тақтасының түтікше тәрізді ширатылуы (қау), қалың түктермен жабылуы (аюқұлақ) сияқты буландыруды азайтатын, өсімдікті қызып кетуден сақтайтын белгілер жатады. Ксерофиттердің кұрғақшылыққа бейімделу белгілері (ксероморфты) анатомиялық құрылысында да анық байқалады. Олардың эпидермасын сырт жағынан қалың кутикула қабаты жауып, ол қабат тереңдеп устьице саңыллауына дейін жетеді. Эпидерманың сыртына балауыз бөлініп, қабыршақ және таяқша тәрізді пішінге көшеді. Кейбір пальмалардын өркенінің сыртына бөлінген балауыздың қалындығы 5 мм-ге жетеді.

Ксерофиттердің устьицесі крипта (латынша Crypta — төле) деп аталатын терендікте, шұңқырда орналасады және олардың қабырғаларының кескін үйлесімі күрделі болып келеді. Мысалы, алоэда клетка қабықшасы клеткаларының өскіндері бір-біріне жақындайды, сөйтіп су буының ауаға шығуына кедергі жасайды [8-10]..

Олеандрада әрбір үлкен төледе бірнеше устъице орналасады да, ал төленің қуысы жұмсақ тьнын сияқты жиі орналасқан түктермен толып тұрады.

Ксерофиттердің екі тобын ажыратады: склерофиттер (грекше «склерос» — қатты) және суккулентгер (латынша «сукку-лентус» — шырынды).

Склерофиттер құрғақ қатты келеді, олар су мол болатын мерзімде де (көктемде) бойына су қорын жинамайды, денесіңдегі ылғалды 25%-ке дейін жоғарлатудан зиян шекпейтін ксероморфты құрылымды өсімдіктер. Склерофиттердің жұлып алынған өркендері солмай ұзақ сақталады. Тамыр жүйесі қуатты жетілген. Склерофиттерге жоғарыда айтылған ксероморфтық ерекшеліктеріне қосымша, клетка шырынының осмостық қысымының жоғары болуы (40-60-100 атм) және жапырақтарында, сабақтарыңда механикалық ұлпаның (склеренхима) жақсы жетілуі тән. Склеренхима тек қана өткізгіш шоқтарының құрамына емес, эпидермаға жанаса жатқан қабаттар түзеді . Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады. Суккуленттер керісінше денесінің белгілі бір бөлігінде су қорын жинайтын, шырынды, етжеңді өсімдіктер (өркендер метаморфозын қараңыз) [9-10].

 Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары Өсімдік пен топырақ тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені топырақ – өсімдіктердің бекіну ортасы, сол сияқты органикалық қосылыстарды синтездеу үшін қажетті су мен минералдық заттардың негізгі көзі. Өсімдіктердің тіршілігі үшін топырақтың химиялық құрамы, физикалық қасиеті, құрылымы, ылғалдылығы және тағы басқа ерекшеліктерінің маңызы зор.

Өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты үшке бөледі.

Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлығына талабы өте жоғары (дала, орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).

Олиготрофты (грекше «олигос» — аз, «троф» — қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) өсімдіктері жатады.

Тұздылығы жоғары топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады (грекше «галос» — тұз). Тұздылық мөлшері және ерекшелігіне қарай: cop және сортаң деп бөлінеді [11]..

Сордың бет жағын түзды су басып жатады. Бұларда көктемде ылғал мол болады да, жазға қарай тұздылығы артып, бет жағы тұзды қабыршақпен жабылады. Тұздану негізінен сода және гипс есебінен жүреді. Сортанда тұз топырақтың төменгі қабаттарында жиналады, жоғарғы қабаттары тұзсыз. Топырақтың бұл қабаты құрылымсыз болады. Топырақтың төменгі қабаты тығыз, кепкен кезде бағаналы бөліктерге және кесектерге жарылады. Негізгі галофиттерге cop өсімдіктері жатады. Олар алаботалар тұқымдасының өкілдері. Сыртқы көрінісі жағынан галофиттер суккуленттерге ұқсас, суға қаныққан (салмағының 92%-не дейін). Тамырлары біршама нашар, тереңге кетпейлі

Б. А. Келлер галофиттердің мынадай типтерін ажыратады.

  1. Бұзаубас сортан типі. Жапырақтары қатты өзгерген, шырынды, сабағы бунақталған өсімдіктер. 2. Шведка (Snaeda mar-itima) типі. Жапырақтары өзгермеген, шырынды етжеңді өсімдіктер. 3. Көкпек типі. Жапырақтарының беткейінде көпіршік тәрізді түктерге ұқсас су сақтайтын ұлпалары болады. 4. Етжеңді емес сортаңдар типі. Өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында тұзды ерітінділер бөлініп тұратын бездері болады, осылар арқылы өсімдік өз денесіңдегі артық тұздан арылады [12-13].

Өсімдіктердің басым көшпілігі үшін тұздың жоғарғы концентрациясы өте зиян, мысалы, ас тұзы топыраққа 2-3 процент болған жағдайда өсімдік өледі. Осыған қарамастан галофиттердің денесінде ас тұзының мөлшері өте жоғары (49-50% -ке жетеді). Галофиттерге өте жоғары осмостық қысым тән, сондықтан олар тұзды топырақтан ылғал қабылдай алады. Галофиттердің көпшілігінде, ол 20-30 атм, кейде 100 атм-ға жетеді, ал кейбіреулерінде 150 атм болады.

Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары Жарықтың жасыл өсімдіктер үшін физиологиялық мәні зор, олар жарық жеткілікті болған жағдайда ғана қалыпты өсіп дами алады. Жарық өсімдіктердің сыртқы көрінісіне, анатомиялық құрылысына әсер етеді Жарық жеткіліксіз жерде өскен өсімдіктердің (этиолданған) реңі солғын жасыл, буынаралықтары ұзарған, жапырақтары майда. Табиғатта белгілі дәрежеде этиолданған өсімдіктер орманның төменгі белдеуінде, шалғында кездеседі. )

Жарықтың өсімдіктердің сыртқы пішініне ғана емес, ішкі құрылымына да, әсіресе бәрі бірдей дәрежеде қажет етаейді. Соған байланысты өсімдіктерді үш топқа бөледі: 1) жарық сүйгіш өсімдіктер – гелиофиттер (грекше «гелиос» — күн). Бұлар жарық мол жерде ғана өседі. Бұған тундра, шөл дала және ормансыз тау шындарының өсімдіктерін жатқызуға болады. Қарағай, балқарағай, шаған, емен, тал жарық сүйгіш өсімдіктерге жатады. 2) көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) жарық мол жерде тіршілік ете алады және де көлеңкеге де төзімді болады. Бұған шалғынның көптеген өсімдіктері, шырша, самырсын, шамшат, жөке ағашы, үйеңкі, көптеген папортниктер мен мүктер т.б. жатады. 3) Көлеңке сүйгіш өсімдіктер — сциофиттер (грекше «циа» — көлеңке). Бұлар көлеңкелі жерлерде ғана тіршілік ете алады. Бұған Еуропа құсықшөбі, саумалдық және көптеген орман өімдіктері жатады[14-15].

Жарықтың қарқындылығы, сол сияқты жарықтың ұзақтығы экватордан полюске қарай, ендіктерге сәйкес жыл бойы өзгеріп отырады. Экваторда күн мен түн тең. Ал қалған аймақтарда экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай күн мен түн жылына екі рет-көктемгі және күзгі күн мен түннің теңесуі күндері ғана тең болады. Күн мен түннің ұзақтығы (фотопериодизм) өсімдіктің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде солтүстік аймақтың өсімдіктері оңтүстікпен салыстырғанда даму циклін қысқа мерзім ішінде өтеді. Солтүстікте жылудың жетіспеуі жарықтың ұзақ түсуімен толықтырылады. Осыған байланысты өсімдіктердің екі тобын ажыратады: 1) ұзақ күн өсімдіктері (солтүстік ендіктері мен биік тау өсімдіктері). Мәдени өсімдіктерден арпа, сұлы, қара бидай, көкнәр, шалғам және тағы басқалар. 2) ыдысқа күн өсімдіктері. Бұған тропика және субтропика табиғат аймақтарының өсімдіктері мен қоңыржай климаттың ерте көктемгі, қоңыр күздегі өсімдіктері жатады. Мәдени есімдіктерден: қытайұршақ, күріш, темекі, мақта, және тағы басқалар[15].

  1.5 Өсімдіктердің қоршаған ортадағы формалары

Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А. Н. Краснов, А. Б. Келлер, И. Г. Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник— эколог А. Б. Келлердің (1933) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу   жүйесін түсіну керек». В. Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген, оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уақыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтайды.

Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер, гигрофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін «өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет өндірген ботаник ғалым А. Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі папортник, астық, мүк. Осыңдай «формалар» жиынтығы және олардың әрқайсысының үлесі зерттелетін аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) анықтайды [16]..

Құрылымдық топтар және өсімдіктер жамылғысының географиясы туралы ғылымның басты кезеңі А. Гризебахтың жұмысымен байланысты. Ол өсімдік формасының, санын 60-қа дайін жеткізіп оларды «өсімдіктер формасы» деп атады.

А. Б. Келлердің анықтамасында екі негіз: генетикалық (белгілі бір системалық топқа жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған. И. Серебржовтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады [17]..

Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі. Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады:

  1. Ағаштар — жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер, қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.
  2. Бұталар — жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардаң айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
  3. Бұташықтар — бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек, вереск).
  4. Жартылай бұталар — өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар, жебір).
  5. Лиандар — сабақтары арқылы өрмелеп, жармасын және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).
  6. Жастықша өсімдіктер — қоректік заттарға кедей тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. Негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып, жақыңдаған, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді. Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша өсімдіктер іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының, мұхиттағы тасты аралдардың, теңіз жағалауларының, арктикалық тундраның өсімдіктері [18].
  7. Суккуленттер — су қорын сақтайтын шырыңды өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустер, агавалар).
  8. Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына белінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылар, ұзын және қысқа тамырсабақтылар, жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетінде столондылар.

Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсерінен пайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығы алынған.

Барлық жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік формаларын ескере отырып Дания ғалымы К. Раункиер (1905) өзінің соны жүйелеуін ұсынды. Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктердің сыртқы-бейнесі — габитусы емес, негізгі морфолого-физиологиялық ерекшеліктері алынды. Бұл жүйенің физиологиялық принципі — өсімдіктің тыныштық кезеңге (жауабы); морфологиялық принципі — бүршіктердің немесе өркендердің өсімдіктер өсуіне қолайсыз жыл мезгілдері кезінде орналасуының топырақтың жоғарғы беткейіне қатынасы. Бұл жүйе іс жүзінде қолданылады және жабықтұқымдылардың тіршілік формаларының эволюциясын, ағаштардан бастап шөптесін өсімдіктерге дейін, зоналар бойынша көрнекілейді [19].

И. Джефридің, кейінірек Э Синнота мен И. Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады.

К. Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі бес тобын ажыратады: Олар: фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиптер, криптофиттер және терофиттер (144-сурет).

  1. Фанерофщтер (грекше «фанерос» — ашық, анық) — бұған ағаштар, бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады.

Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабыршақтарымен жабылады. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар — ылғалды тропикалық орман өсімдіктері. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегафанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нанофанерофитгер (фекше «мега» — үлкен, ірі; «мезос» — орташа; «микрос» — кішкентай; «нанос — ергежейлі) деп бөледі.

К. Раункиер фанерофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады. Эпифиттер — ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік қабыршақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ерекше тіршілік формасы. Систематикалық құрамы және экологиялық топтары жағынан алуан түрлі. Басым көпшілілігі папоротниктер мен орхидийлер. Эпифиттер тропикалық орманның ағаштарының діндері мен бұтақтарының жоғарғы деңгейін мекен орнына пайдаланады, өсіп денесін жарыққа шығарады. Эпифит тек қана шөптесін өсімдіктер емес бұталар және ағаштар да бола алады. Экологиялық тұрғыдан орманның іш жағына қарайғы көлеңкелі жеріндегі ағаштарға орналасып өскен эпифиттер гигрофиттер, ал ағаштардың жоғарғы деңгейі, ұшындағы эпифиттер — ксерофиттер. Соңғыларының жапырақтары шырынды, олардың денесіңде су қорын жинайтын арнаулы орындары, түйнектері болады [20].

  1. Хамефиттер — бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана (25 см-ден жоғары емес) жоғары орналасады. Бұларға бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташықтар, көптеген төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шыға алады.
  2. Гемикриптофиттер (грекше «геми» — жартылай; «крилто» — жабамын) — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақ деңгейіңде немесе онымен шамалы ғана жабылып орналасады. Қыстап шығатын бүршіктерді өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қорғайды. Раункиер гемикриптофиттерді протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер деп екіге бөлді. Протогемикриптофиттердің жандану бүршіктері орналасқан негізіне дейін жыл сайын шіріп кететін, жер бетінде ұзарған өркендері болады. Жертағанды гемикриптофиттердің топырақ дедгейінде тұтас қыстап шыға алатын кысқарған өркендері болады. Қыста алдында жертағанның сабағы жер бетінде қалатын бүршікті топыраққа қарай тартып орналасады.
  3. Криптофиттер — жандану бүршіктерінің орналасуына қарай: геофиттер және гидрофиттер деп бөлінеді. Геофиттердің (грекше «гео» — жер) бүршіктері топырақта бір сантиметрден бірнеше сантиметрге дейінгі терендікте орналасады. Бұған тамырсабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегетативтік өркені суға батып тұрады, соңдықтан бүршіктері су астында қыстайды.
  4. Терофиттер (грекше «терос» — жаз)— бір жылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегетациялық кезенде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді [21].

Өсімдік өз тіршілігінде суды өте көп мөлшерде қажет етеді. Мысалы, жүгері немесе күнбағыс өсімдіктерінің бір талы толық вегетациялық кезеңде (өнгеннен бастап піскенге дейін) 200 л су жұмсайды. Осынша көп судың тек 0,2—0,3%-і ғана өсімдік денесін құрайтын органикалық заттардың құрамына енеді. Қалған 99.8—99.7%-і өсімдік денесі (негізінем жапырағы) арқылы буланып кетеді. Судың өсімдік денесінен булануын транспирация деп атайды.

Суды буландыратын негізгі мүше жапырақ. Транспирацияны судың буға айналып, оның қоршаған ортаға ірігуін жүзеге асыратын физикалық процесс деп карауға болады. Бірақ ол өсімдік организміндегі физиологиялық процестермен тығыз байланысты қажетті құбылыс болғандықтан, оны физиологиялық процесс деп қараған жөн.

Өсімдіктерді ауа ылғалы мол жерлерде немесе жылы жайларда (оранжерея немесе теплица) өсіргенде судың булануы азаяды.

Бірқатар өсімдіктерде судың булануын азайтатын, бейімділіктері және анатомиялық ерекше – кутикула, балауыз, жамылғы түкшелері қалыптасқан. Бірақ транспирацияның тоқтауы фотосинтез процесіне зиянды әсер етеді. Себебі, судың қоршаған атмосфераға ірігуі және булануы жүзеге асатын устъицалар арқылы өсімдікке көмірқышқыл газы енеді.

Су жапырақ бетінен және устьица арқылы буланады. Буланудың нәтижесінде жапырақ клеткаларындағы су азайып, олардың су потенциалы төмендеп, сорғыштық күші жоғарылайды. Сондықтан, жапырақ   жүйкелерінің  ксилемасынан   клеткалардын   сулы   соруы күшейіп, тамырдан түтіктер жүйесі арқылы судын өрлеу ағыны күшейеді [22].

Сонымен өсімдік бойымен судың жоғары жылжуын қамтамасыз ететін жоғарғы қозғаушы күші жапырақ паренхимасының клеткаларында сорғыштық күштің ұлғаюына байланысты пайда болады. Сондықтан, транспирация қарқындаған сайын, жоғарғы қозғаушы күш түгел тоқтап қалса да жұмыс істей береді және оған метаболиттік энергия емес, сыртқы орта энергиясы температура және ауа қозғалысы пайдаланылады.

Сабақтан су жапыраққа сабақша немесе жапырақ қынабы арқылы, содан соң жүйкелер арқылы жылжиды. Әрбір жүйкедегі өткізгіш шоқтардың өлшемі, олар бұтақтанған сайын азая береді. Ең майда жүйкелер тек жалғыз трахеидтік клеткадан тұруы мүмкін.  Кейде жапырақ клеткалары түтік элементтерінен екі клетка өлшеміндей ғана қашықтықта болады. Бұл жапырақ жүйкелерінің таралу жүйелері оны сумен, басқа заттармен қамтамасыз ету үшін өтe тиімді екендігін көрсетеді [23]..

Көптеген заттардың еруі тамырдан тыныс алуға байланысты бөлінетін көмірқышқыл газына, қышқылдарға, т.б. заттарға тығыз байланысты. Қиындықпен еритін заттар физиологиялық қышқыл тұздардың, мысалы (Nil4)2SO4, әсерінен де ериді. Физиологиялық қышқыл тұздарды топыраққа суда ерімейтін фосфориттермен бірге енгізгенде, фосфор қышқылы бөлініп, өсімдікке оңай сіңеді де, физиологиялық сілтілі NaNO3 тұзын пайдаланғанда фосфорит ерімей, өсімдік оны сіңіре алмайды.

Өсімдіктің қоректенуінде топырақтың қарашірігінің (гумус) үлкен маңызы бар. Оның құрамындағы көптеген микроэлементтердің (Сu, Zn, Se, Mn, Co, Ni) концентрациясы топырақтағыдан жүздеген, кейде мыңдаған есе көп болады.

Топырақтың органикалық бөлігінде біраз мөлшерде физиологиялық ырықты — витаминдер, тиамин, рибофлавин, биотин, гетероауксин, гиббереллин, ферменттер сияқты заттар да болады.

Қоректік заттардың тамырға сіңу жолдары мен механизмдері

Тамыр жүйесі өсімдікті топыраққа бекітіп, су мен минералдық элементерді сіңіріп, бірінші болып оларды зат алмасуға енгізетін, өсімдік ұлпалары мен органдарына тасымалдап, тарататын мүше болып есептеледі. Сонымен қатар, тамырда көптеген биосинтездік процестер жүзеге асады.

Тамыр жүйесінің топырақта терендеп, жайылып өсу деңгейі өсімдіктердің қоректік заттарды игерудегі ерекшеліктерін анықтайды. Барлық өсімдіктерде қоректік заттардың негізгі бөлігін тамырдың жас, өсіп тұратын бөліктері сіңіреді.

Тамырдың жалпы сіңіргіштік ауданының ұлғаюы тамыр түкшелеріне тығыз байланысты, кейде тамырдың түкшелер аймағы заттарды сіңірудегі негізгі белсенді бөлігі деп қаралады. Тамырдың жалпы, соның ішінде белсенді, сіңіргіш ауданының ең жоғарылап ұлғаюы өсімдіктің гүлдену кезеңіне тура келеді.

Тамыр түкшелерінің пайда болуы мен даму деңгейі өсімдіктердің тіршілік орталығына тығыз байланысты. Мысалы, өсімдікті суда және ылғалы мол құмда, топырақта қолдан (ыдыстарда) өсіргенде тамыр түкшелері пайда болмайды немесе өте мардымсыз болады.

Тамыр жүйесінің әрекеті өсімдіктің жер үстілік мүшелеріне тығыз байланысты. Тамырда біраз физиологиялық ырықты заттар, амин қышқылдары және белоктар да синтезделеді. Тамырға сіңген қоректік заттардың барлығы жоғары мүшелерге түгелінен тасымалданбай, біразы тамырдағы зат алмасу реакцияларына қатысып күрделі өзгерістерге түседі.

Өсімдіктің өсіп жетілген төменгі жапырақтарынан тамырға сахароза тасымалданады. Тамырға енген сахароза тамырдың өзіндегі зат алмасуға, өсуге және өсіп жетілген клеткалардың физиологиялық етілген клеткалардың физиологиялық ырықты деңгейін сүйемелдеуге, сыртқа бөлінетін заттардың түзілуіне және нәршырынмен бірге жоғары органдарға ауысатын заттардың құралуына, яғни тамырдың синтездік қызметін қамтамасыз етуге жұмсалады. 

Кесте 1

Жаздық бидай тамыры ауданының өзгеруі

          (Б.А.Ягодин, т.б. 1989) 

Даму кезеңдері Бір өсімдік тамырының ауданы (м2)

жалпы

Бір осімдік тамырының ауданы (м2)

белсенді

Белсенді ауданының қатынасы
Түптену

Түтіктену

Гүлдей бастау

Гүлденудің аяқталуы

Дәннің қамырлануы

9,60

29,39

36,73

40,09

30,86

4,91

10,81

17,07

24,76

14,80

1,05

0,59

0,86

1,30

0,92

Тамырдағы алуан түрлі органикалық қышқылдар да сахарозаның өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Өсімдіктің тамырынан сыртқа бөлінетін заттарға ассимиляттардың өте аз белігі жұмсалады. Мысалы, бұршақ тектес өсімдіктердің тамырынан бөлінетін заттардың құрамында жапыраққа СО2 күйінде енген көміртегінің тек 0,5-0,7 %-тейі ғана болады. Тамырдан бөлінетін заттардың құрамында қанттар, амин қышқылдары, органикалық қышқылдар және өте аз мөлшерде витаминдер, ферменттер, этилен кездеседі

Нәршырынның құрамында өсімдіктің есуін реттейтін қосындыларға жататын цитокининдер де кездеседі.

Тамыр жүйесінің ең сыртқы, топырақ бөлшектерімен тікелей жанасатын ұлпасы, оның клеткалары топырақтағы судың және қоректік элементтердің өсімдікке ену жолындағы ең бірінші кедергі болып саналады.

2  Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі

2.1 Итмұрын биоиндикациясы

Қорғасын. Қорғасының жылжымалы түрінің мөлшерінің жоғары болуы  өсімдіктің төменгі бөлігіндегі төсемігінде  (1,42±0,002 мг/кг) және  топырақта (4-кесте) итмұрындардың өскен жерінің автожолдан 50 м қашықтықтықта жоғары болды.

Кесте 2

Тамыз айының екінші декадасындағы ауыр металдардың жылжымалы формаларының автожолдың қашықтығына қарай орташа мөлшері итмұрынның жеміс беру фазасы)

РЬ Cd Fe Zn
15 м 0,74±0.002 0,14±0.004 453,40±2,38 2,91±0,05
20 м 1, 07±0.001 0,10±0.001 251,24±3,79 4,56±0,05
50 м 1, 20±0,001 0,14±0.001 346,07±1,36 4,59±0,09
100 м 0, 96±0.006 0,26±0.001 435,09±2,27 2,97±0,05
200 м 0,71 ±0.002 0,12±0.001 133,15±1,83 2,18±0,02
1000 м 0,28±0.002 0,14±0.001 297,50±2,34 3,00±0,01

 Кадмий. Итмұрын өсетін аймақтың топырақ бетіндегі төсеміктегі және топырақтағы кадмийдің жылжымады формасының мөлшерін анықтау барысында автожолдан 100 м қашықтықтағы төсемікте кадмий мөлшері 0.31+0.001 мг/кг, ал топырақта 0.22+0.001 мг/кг (4-кесте; 5-сурет) болды.

-Cd(төсімікте); – Cd (топырақ); рН төсемікте; рН топырақта

Темір. Темірдің жылжымалы формасының концентрациясының жоғары болуы автожолдан  200 м қашықтықтан алынған итмұрын төсемігінде (604,93+1,45 мг/кг),  ал топырақта темірдің жоғары болуы автожолдан 15 м (407,60+2,43 мг/кг) жерден алынған топырақ сынамасынан байқалды (4-кесте; 6 сурет). Темірдің төмен болуы автожолдан 50 м қашықтықтағы итмұрын төсемігіндегі темірдің мөлшері (346,40+2,09 мг/кг), ал   200 м жерден алынған топырақтағы темір мөлшері  (129,05+1,75 мг/кг)  болжам байқалады.

-Fe (төсімікте); – Fe (топырақ); рН төсемікте; рН

Сурет 7. Темірдің жылжымалы формасының топырақтағы, төсеміктегі және топырақ рН мен төсемік рН арасындағы байланыстылық 

Мырыш.  Топырақтан алынған сынамалардың  ішінде мырыштың жылжымалы фомасы табиғи ортадан алынған маусымның бірінші декадасында алынған автожолдан 5 м (1.82+0.005 мг/кг) қашықтықтағы сынамада болды, сонымен қатар шілденің  екінші декадасында алынған сынаманың нәтижесі жол жиегіне 10 м қашықтықтағы сынамада (5.80+0.003 мг/кг) болды (4-кесте; 7 сурет).

-Fe (төсімікте); – Fe (топырақ); рН төсемікте; рН

Сурет 8. Мырыштың жылжымалы формасының топырақтағы, төсеміктегі және топырақ рН мен төсемік рН арасындағы байланыстылық

2.2 Өсімдіктердегі ластанудың әсерінен болатын зақымданудың механизмдері  

Шикізат өнімділігінің жоғары болуы тораңғы өсімдігінің гүлдеу фазасында және жеміс беру фазасында  жол жиегінен 10 м қашықтықта орналасқан территориялардағы тораңғыларда болды шамамен 52% және 33% құрады.  Өнімділік бойынша вариация коэффицентінің төмен болуы автожолдан 1000 м қашықтықтағы тораңғыларда байқалды, шамамен 9% болды.

Кесте 3

Р. Pruinosa Schrenk аналық сырға гүлшоғырларының  морфологиялық белгілерінің орташа көрсеткіштері

Белгілер  «Саяжай» қала орталығы t
Өсу, см 4,03±0,202 3,91±0,128 0,5
Өркеннің жуандығы, см 0,22±0,005 0,18±0,004 6,6
Буынаралықтарының саны 5,70±0,219 5,0±0,004 2,0
Бүршік ұзындығы, см 0,63±0,008 0,65±0,013 1,3
Жапырағының ұзындығы, см 3,06±0,067 3,03±0,133 0,3
Жапырақтың ені, см 4,83±0,112 4,62±0,156 1,1
Жапырақ формасы 0,63±0,007 0,65±0,010 1,7
Сағағының ұзындығы, см 1,41±0,117 1,93±0,133 2,9
Сырғасының ұзындығы, см 2,77±0,087 2,05±0,137 4,5
Гүлдерінің саны 25,3±0,637 18,4±1,109 5,2
Тұқым бүрінің саны 151,6±2,318 121,0±9,021 3,3
Қорапшасының саны 19,7±1,386 17,3±0,955 1,2
Тұқымының саны 51,5±2,142 67,0±9,077 1,7
Дәнекер ұзындығы, мм 1,26±0,025 1,05±0,032 5,2
Дәнекер ені, мм 0,60±0,007 0,50±0,016 5,8
Ағаш биіктігі, м 9,00±0,323 8,04±0,316 2,1
Діңінің диаметрі, м 0,37±0,121 0,48±0,225 4,7
Бөрік басының формасы 0,97±0,047 0,83±0,030 2

4-кестедегі мәліметке «Саяжай» аумағындағы Р. Pruinosa морфологиялық белгілерінің аздап айырмашылығы бар. Нақты тоқталар болса, Саяжайдағы тораңғылардың биіктігі орташа 9,00±0,323 болса, ал қаланының орталығындағы ағаштардың орташа биіктігі 8,04±0,316 болды. Сонымен қатар айырмашылықтар тұқым бүрінің саны, гүлдерінің саны, сағағының ұзындығы, тораңғылдың өсу қарқынында да байқалды. Бұл қала орталығындағы экологиялық факторлар тораңғылардың вегетациялық кезеңдеріне ықпалын тигізеді дер айтуымызға болады.

Кесте 4

Әртүрлі экологиялық жағдайдағы Populus pruіnosa белгілерінің орташа көрсеткіші

Белгілер Х±m

(автожол мен өсімдіктердің арақашықтығы)

1000 м 200 м 100 м
Өсу, см 5,32±0,296 4,53±0,532 4,15±0,252
Буынаралықтарының саны 5,40±0,273 5,80±0,248 5,60±0,133
Жапырағының ұзындығы, см 3,30±0,074 3,42±0,140 3,30±0,133
Жапырақтың ені, см 5,73±0,182 5,69±0,158 5,61±0,240
Жапырақ формасы 0,58±0,013 0,61±0,010 0,58±0,008
Сағағының ұзындығы, см 2,40±0,067 2,23±0,121 2,42±0,145
Сырғасының ұзындығы, см 5,42±0,315 4,85±0,145 4,30±0,152
Гүлдерінің саны 36,7±1,453 35,5±2,483 31,1±1,269
Тозаңқаптың саны 24,7±1,745 20,9±0,612 22,5±0,776
Ағаш биіктігі, м 10,1±0,323 7,90±0,446 6,90±0,655
Діңінің диаметрі, м 0,29±0,011 0,56±0,025         –
Бөрік басының формасы  – 0,68±0,059 0,76±0,071

5-кестедегі мәліметтерге сәйкес атожолдан әртүрлі қашықтықтағы тораңғылдардың вегетативті және генеративті өркендерінің морфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалынды. Нақты айқын байқалатын вариациялық коэффицент байқалмайды. Дегенмен ағаштың биіктігі, ағаш діңінің диаметрі, өркендерінің өсу қарқыны арасында айырмашылықтар байқалады. Автожолға қашытығы 1000 м болатын жердегі тораңғылдардың биіктігі     10,1±0,323, ал 200 м қашықтықта орналасқан ағаштардың орташа биіктігі 7,90±0,446,  жол жиегіне 100 м жақын орналасқан ағаштардың биіктігі 6,90±0,655 болды (7 кесте).

Кесте 5

Экологиялық жағдайға байланысты ағаш діңдерінің морфологиялық ерекшелігі

Автожол арақашықтығы Діңі тік Діңі әлсіз қисайған Діңі күшті қисайған Діңі өте қисық
1000 м 60 35 5
200 м 12 52 24 12
100 м 35 50 15

Сонымен қатар гүлшоғырының ұзындығытарында айырмашылықтар байқалады: 1000 м  гүлшоғырының ұзындығы 5,42±0,315; 200 м гүлшоғырының ұзындығы 4,85±0,145; 100 м гүлшоғырының ұзындығы 4,30±0,152. Сонымен қатар байқалатын ерекшелітің бірі автожол жиегіне жақын тораңғылдардың діңдері тік емес.

Rosa canina  өсімдігінің дәрілік мақсатқа пайдаланылатын басты мүшесі жемісі болғандықтан морфологиялық және биохимиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылды. Саяжайдағы итмұрындардің жемістері жинап алынып биохимиялық талдау жасалынды.

Шикізат өнімділігінің жоғары болуы итмұрын өсімдігінің гүлдеу фазасында және жеміс беру фазасында  жол жиегінен 10 м қашықтықта орналасқан территориялардағы итмұрындарда болды шамамен төмен болды.  Автожолдан қашықта өскен итмұрындардың өнімділігі жоғары болды.

6-кестедегі мәліметке сәйкес «Саяжай» аумағындағы  Rosa canina  морфологиялық белгілерінің аздап айырмашылығы бар. Нақты тоқталар болса, Саяжайдағы итмұрындардың биіктігі орташа 2,16±0,6 болса, ал қаланың орталығындағы бұталардың орташа биіктігі 1,97±0,19 болды. Сонымен қатар айырмашылықтар жапырақтарының ұзындығы мен енінде, гүлдерінің саны, итмұрындардың өсу қарқынында да байқалды. Бұл қала орталығындағы экологиялық факторлар тораңғылардың вегетациялық кезеңдеріне ықпалын тигізеді дер айтуымызға болады. Сонымен қатар қала орталығындағы температураның саяжаймен салыстырғанда жоғары болуына байланысты болуы мүмкін, итмұрынның жемісінің салмағы, ондағы жұмсақ бөлігі мен жемістің тұқымды және түкті бөлігінің арасында да айырмашылық байқалады. Итмұрынның жемісінің құрамындағы дәрумендердің мөлшері экологиялық жағдайларға байланысты ауытқуы байқалады. Экологиялық таза аймақ деп саналатын қала сыртындағы  саяжайдан жиналған итмұрынның мүшелеріндегі дәрумендердің мөлшері төмендегідей болды.

Кесте 6

Rosa canina өркендерінің морфологиялық көрсеткіштері

Белгілер  «Саяжай» қала орталығы
Өсу, см 3,12±0,10 2,75±0,02
Өркеннің жуандығы, см 0,14±0,002 0,16±0,06
Жапырағының ұзындығы, см 2,17±0,05 1,94±0,18
Жапырақтың ені, см 1,65±0,21 1,56±0,12
Гүлдерінің саны 18,2±0,14 16,9±1,08
Бұтаның биіктігі, м 2,16±0,6 1,97±0,19
Жемістегі жұмсағының мөлшері, % 71% 64 %
Жемістегі тұқым және түктерінің үлесі % 29 % 25 %
1тұқымның салмағы,г 1,7± 3,22 г, 1,4±2,91 г
Бір жемістегі тұқымдар саны 16 12

Кесте 7

Итмұрынның биомассасындағы С дәруменінің мөлшері мг\%

Айлар Жапырақ өркен тамыр Жеміс
мамыр 26,72 9,19 6,13
маусым 45,25 25,40 27,90 1007,63
Шілде 218,80 33,00 30,35 1901,47
Тамыз 11,60 16,10 9,50 1048,80
қыркүйек 24,65 23,55 41,14

Кесте 8

Итмұрынның биомассасындағы Р дәруменінің мөлшері мг\% 

Айлар Жапырақ өркен тамыр Жеміс
мамыр  1,30 2,46 2,72
маусым 0,73 0,70 0,91 0,73
Шілде 0,72 0,26 0,50 0,90
Тамыз 0,58 0,13 0,15 0,76
қыркүйек 1,03 0,62 0,59

 7-8 кестеде көрсетілген мәліметтер әдебиеттерде көрсетілген ғылыми зерттеулермен салыстырғанда қалыпты болып саналынады. Осы аталған көрсеткіштер қаланың орталығынан жиналған жемістерде ауытқығаны байқалады. Барлық жағдайда да дәрумендердің мөлшерінің  16-18% азайғаны байқалады.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе айтарлықтай ластанған аймақ автокөліктер жүретін жолға 5-50 м жақын орналасқан территория, оны топыраққа, өсімдіктердің төменгі бөлігіндегі төсемігіндегі және өсімдікке  жинақталған ауыр металдардың мөлшерімін байқауға болады. Топырақтың рН және топырақтың химиялық элементтерді аккумуляциялау деңгейі арасындағы байланыстылық нақты дәлелденген жоқ. Тораңғыл және итмұрын өздерінің өсу территориясындағы ауыр металдарды бойларына көптеп жинақтайтыны дәлелденді. Ауыр металдар өсімдіктердің жер бетілік мүшелеріне қарағанда жер астылық мүшелеріне көптеп жинақталатыны анықталды.

  1. Автокөлік жолдарынан 1000 м қашықтықтағы тораңғыл және итмұрын өсімдігінің вегетативті және генеративті өркендеріндегі Fe, Zn, Pb, Cd ауыр металдардың жылжымалы формасының мөлшері шектеулі рауалы концентрациядан жоғары емес. Топырақтың ерітіндісіндегі рН және ауыр металдардың жылжымалы формаларының арасында корреляциялық байланыс жоқ.
  2. Тораңғыл және итмұрын өсімдігінің мүшелерінде ауыр металдардың жылжымалы формасының жинақталуы жер асты мүшелерінде жоғары болды. Fe, Zn, Pb, Cd жоғары болуы автокөлік жолдарынан 5-100 м қашықтықтағы өсімдіктерде анықталды.

Ауыр металдар өсімдіктердің морфометриялық параметрлеріне ықталын тигізеді. Автокөлік жолдарынан 5-20  м территорияларда салыстырмалы экологиялық таза аймақтарға қарағанда жапырақтарының ұзындығы мен енінде, гүлдерінің саны,  өсу қарқынында айырмашылықтар байқалады. Сонымен қатар ауыр металдар өсімдіктердегі биохимиялық құрамына кері әсерін тигізеді.

  1. Автожолдан әртүрлі қашықтықтағы тораңғылдардың вегетативті және генеративті өркендерінің морфологиялық ерекшеліктеріне талдау нәтижесі бойынша вариациялық коэффицент байқалған жоқ. Дегенмен ағаштың биіктігі, ағаш діңінің диаметрі, өркендерінің өсу қарқыны арасында айырмашылықтар байқалады. Автожолға қашытығы 1000 м болатын жердегі тораңғылдардың биіктігі 10,1±0,323, ал 200 м қашықтықта орналасқан ағаштардың орташа биіктігі 7,90±0,446, жол жиегіне 100 м жақын орналасқан ағаштардың биіктігі 6,90±0,655 болды.

4.Тораңғылдардың  полиморфизмдік деңгейі, негізгі эпидермальдық клеткалардың вариациялық коэффициенті арқылы анықталды. Ол 18,86-дан 26,02 % аралығында. Стоматографиялық көрсеткіштер орташа вариациялық деңгейді көрсетеді. Олардың ішінде айтарлықтай тұрақты белгілірдің қатарына эпидермальды клеткалардың санын айтуға болады. Итмұрын өсімдігінің жапырақ эпидермисинде  ауытқушылықтар байқалған жоқ. Дегенмен автожолға жақын орналасқан итмұрын жапырағының мезофилл қабатында ұлпалардың некрозға ұшырауы жиі кездеседі.

Автокөлік түтіндерімен ластанған аймақтардағы эпидермисінің көлемі экстримальды жағдайда тіршілік етуіне байланысты болуы мүмкін көлемі үлкен, клеткалардағы лептесіктердің енінің ұзындыққа қатынасы 18,5 (жапырақтың беткі эпидермисінде) және 19,12 (жапырақтың төменгі эпидермисінде) ал, экологиялық таза аймақтардағы жапырақтарда 21,36 (жапырақтың беткі эпидермисінде), 20,28 (жапырақтың төменгі эпидермисінде) шамасында. Лептесіктердің саны қолайлы аймақтарғы өсімдіктермен ластырғанда саны жағынан аз.

  1. Автокөлік жолдарына 5, 50 арақашықтықта орналасқан  итмұрындардың  жемісінде С,Р дәрімендері салыстырмалы экологиялық таза аймақтармен

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы    Өсімдіктердегі ластанудың әсерінен болатын  зақымданудың механизмдері

Жұмыс мазмұны Зерттеу әдістері Ескерту
1 Өсімдіктер  туралы оқи  отырып, танытып,  жетекшіммен   ойласып,  осы  тақырыпты  зерттеуді  жөн  көрдім Қызығушылық  таныту  

 

 

 

2 Ұстазымның  басшылығын ескере  отырып,  іздеп  тапқан  материалдарымды  жинақтай  бастадым Жинау  

 

 

 

3 Жинақтаған  материалымды  біріктіріп,  жобаның  жазу  үлгісіне  салуға  бағыттадым Талдау , жобаны  жазу  

 

 

4 Әрбір  жазылған  жұмысымды  жетекшіме  таныстырып отырдым. Бағыт – бағдар  алдым Талдау  

 

 

5 Жұмыс  жүйелі  жазылу  үшін, жобаның  әр  қадамында  жазу  ережелерін  ескердім Ережелермен  танысу  

 

 

6 Материалдарды  толыққанды  жинақтадым Жинақтау  
7 Зерттеу  жұмыстарымды  саяжай мен қала аумағыдағы өсімдіктерді  зерттеумен жалғастырдым. Зерттеу,  талдау,  жинақтау.  

 

 

8 Жинақтаған  материалды  фотоға  түсіріп,  жобама  кірістірдім. Жобаға  кірістіру  

 

9 Материал  қорын  арттыру  мақсатында  кітапханаларға  барып, кітаптар  мен  газет  -журналдардан  метиалдарды  толықтыра  түстім Толықтыру  

 

 

 

10 Жинақтаған  материалдарды  толық  жобаға  түсіріп  жаздым. Талдау,жинақтау  

 

 

 

 

 

You May Also Like

Заманауи киім үлгілері, ғылыми жоба

«АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН КИІМ». Ақтөбе, 2019 МАЗМҰНЫ БІРІНШІ БӨЛІМ. Кіріспе ……………………………………………………………3-4 бет…

Аршаның адам денсаулығына тигізер пайдасы, ғылыми жоба слайд

Оғыз тайпаларының діни-наным сенімдері, ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ: «Оғыз тайпаларының діни-наным сенімдері» ОҒЫЗ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ Аңдатпа Орта Азия…

Ешкі сүтінің емдік қасиеті, ғылыми жоба

Секция:  Медицина Тақырыбы: «Ешкі сүтінің емдік қасиеті» Лауазым  парағы 1.Қызылорда  облысы Жалағаш …