Секция:  Медицина

Тақырыбы: «Ешкі сүтінің емдік қасиеті»

Лауазым  парағы

1.Қызылорда  облысы

Жалағаш  ауданы

Жаңадария ауылы

№203 орта мектеп

2.Авторы: Муринбаева  Гүлсезім

4-сынып  оқушысы

3.Тақырыбы: «Ешкі  сүтінің  емдік  қасиеті»

4.Жетекшісі: Муринбаева Айнур  Ахметовна

—Ешкі сүтінің емдік  қасиеті» тақырыбындағы зерттеу жобасына 

ПІКІР

Муринбаева Гүлсезім «Ешкі сүтінің емдік  қасиеті» атты  зерттеу жұмысында ешкі шаруашылығы мен ешкі сүтінің пайдасы, дайындалу әдістері, емдік қасиеттері туралы сипатталған.

Гүлсезім зерттеу жұмысы барысында тақырыпты кеңінен ашуға тырысқан. Мынадай міндеттерді басшылыққа алып жұмыс жасаған: ешкі малымен, шаруашылығымен танысу; ешкі сүтімен танысу; ешкі сүтінің емдік қасиеттерін зерттеу; ешкі сүтінен жасалынатын өнімдерге зерттеу жұмысын жүргізу; ешкі азықтандыру, суару, ешкі сауу, сүтін пісіріп көру, дәмін тату; барлық материалдарды жинақтап, саралап, толықтыру. Алынған барлық міндеттерді негізге ала отырып, кітапханадан кітаптар алып, интернеттер қосымша мәліметтер алып, зерттеу жұмысын тереңінен зерттеген.

Сонымен қатар, ешкі сүтінен дайындалатын тағам өнімдерімен қатар, косметикалық өнімдердің түрлерін, құрғақ ешкі сүтінің маңыздылығын аша білген.

Зерттеу жұмысында  баяндау, жинақтау,  саралау әдістерін ала отыра көп ізденгені айқын көрінеді.

Зерртеу барысында ешкі малына күтім жасап, ешкі малын сауып, сүтін пісіріп, дәмін татып көрген.  Көптеген сұрақтарға толықтай жауап ала алды деп білемін. Гүлсезімнің жұмысты орындауға деген ынтасы жоғары, келешекте кеңінен зерттей алады деген сенімдемін.

АННОТАЦИЯ 

ЗЕРТТЕУ ӨЗЕКТІЛІГІ

«Ешкі сүті» тақырыбындағы  ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі – ешкі малының, ешкі шаруашылығының қазақ шаруашылығндағы орнын, ешкі сүтінің құрамын, емдік қасиеттерін, ешкі сүтінен жасалынатын тағамдар мен косметикалық өнімдерді зерттеу, білу, саралау, зерделеу.

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: Ешкі малының шаруашылығымен танысып, сүтінің маңыздылығы мен пайдасын зерттеу, білу.

Ешкі сүтінен жасалынатын өнімдерді көбірек халық тұтыну үшін жан-жақты зерттеп, насихаттау.

Міндеттері:

  • Ешкі малымен, шаруашылығымен танысу;
  • Ешкі сүтімен танысу;
  • Ешкі сүтінің емдік қасиеттерін зерттеу;
  • Ешкі сүтінен жасалынатын өнімдерге зерттеу жұмысын жүргізу;
  • Ешкі азықтандыру, суару, ешкі сауу, сүтін пісіріп көру, дәмін тату;
  • Барлық материалдарды жинақтап, саралап, толықтыру.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ:

Зерттеуде баяндау, жинақтау,  саралау әдістері алынды.

                                                ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:      

2020  жыл  материалдар жинақтау,  іріктеу,  дайындау.
 

АННОТАЦИЯ 

АКТУАЛЬНОСТЬ ИССЛЕДОВАНИЯ

Актуальность научно-исследовательской работы по теме: «козье молоко» – изучение, изучение, анализ, изучение, содержание козьего скота, козьего хозяйства в казахском хозяйстве, содержание козьего молока, лечебные свойства, продукты питания и косметические продукты из козьего молока.

ЦЕЛЬ И ЗАДАЧИ ИССЛЕДОВАНИЯ

Цель: познакомиться с хозяйством козьего скота, изучить полезность и значимость молока.

Для того, чтобы больше населения потреблять продукты из козьего молока, необходимо всесторонне изучить и пропагандировать.

Задачи:

  • Знакомство с хозяйством козы и козьем;
  • Знакомство с козье молоком;
  • Исследование лечебных свойств козьего молока;
  • Проведение исследований продуктов из козьего молока;
  • Кормление коз, полив, доение коз, созревание молока, вкусная татуировка;
  • Сбор, анализ и пополнение всех материалов.

МЕТОДЫ ИССЛЕДОВАНИЯ:

В исследовании были взяты методы изложения, обобщения, анализа.

ЭТАПЫ ИССЛЕДОВАНИЯ:

2020 год сбор, отбор, подготовка материалов.

ABSTRACT

RELEVANCE OF THE STUDY

Relevance of research work on the topic: «goat milk» – study, study, analysis, study, content of goat cattle, goat farming in the Kazakh economy, the content of goat milk, medicinal properties, food and cosmetic products from goat milk.

PURPOSE AND OBJECTIVES OF THE STUDY

Purpose: to get acquainted with the economy of goat cattle, to study the usefulness and importance of milk.

In order for more people to consume goat milk products, it is necessary to comprehensively study and promote.

Tasks:

  • Small goats, familiarity with the economy;
  • Introduction to goat;
  • Research of medicinal properties of goat milk;
  • Analysis of goat milk products;
  • Goat feeding, watering, goat milking, milk maturing, tasty tattoo;
  • All materials in aggregate, subject to Supplement.

METHOD OF RESEARCH:

The methods of exposition, generalization, analysis were taken in the study.

INVESTIGATION PHASE:

2020 collection, selection, preparation of materials.

Мазмұны

  1. Кіріспе бөлім

1.1.Ешкі шаруашылығы…………………………………………………………………………….

  1. Негізгі бөлім

2.1. Ешкінің сүт және оның құрамы…………………………………………………………..

2.2. Ешкі сүтінің емдік қасиеті…………………………………………………………………..

2.3. Қызықты мәліметтер…………………………………………………………………………

  1. Қорытынды……………………………………………………………………………………….
  2. Кіріспе бөлім

1.1. Ешкі шаруашылығы

Халқымыздың ежелден өсіріп келген түлігінің бірі – ешкі. Басқа мал түлігіне қарағанда ешкі өсімтал, жетілгіш келеді. Ешкі басқа малдармен салыстырғанда азықтандыру, бағып-күту жағдайларына да біршама  талғамсыз. Ешкіден жанға шипа, нәрестеге жұғымды емдік және диеталық қасиеттері мол сүт, жеңіл қорытылатын сіңімді ет, өте жеңіл де жылы түбіт, жұқа да мықты былғары өндіреді. Шаруашылықта ешкіні басқа малға қарағанда аса төзімділігі, өсімталдығымен қатар басқа мал жаюға қиын, тау-тасты жайылымдарды пайдалану үшін өсіреді.

Ешкі тұқымдарынан алынатын негізгі өніміне сәйкес – түбітті, жүнді, түбіт-жүнді және сүтті бағыттарға бөледі. Еліміздің шаруашылықтарында негізінен жергілікті қазақы ешкі өсіріледі. Қазақы ешкі – жергілікті жердің ауа-райына, жайылым отына өте бейімделген, ыстық пен суыққа бірдей төзімді мал. Өнімділігі жан-жақты. Мол еттілігімен қатар сүттілігі, түбіт жүнділігі жақсы жетілген. Шаруашылық жағдайында өсіруге икемделген ең бір тамаша қасиеті – жайылымға талғамсыздығы мен жыл он екі ай өз бетімен жайыла алатындығында.                                      

Сақа ешкілерінің тірідей салмағы – 38-40 кг тартып, 150-450 г түбіт пен қылшық өедіреді. Әрбір ешкі жылына 12-15 тез жетілгіш лақ лақтай алады. Күй жақсы, қоңды ешкілер жылына екі рет лақтай алады. Лақтары тез жетіліп өз бетімен отығып кетеді. Жазғы жайылымда олар тез қоңданып, түлеп шыға келеді. Лақтаған ешкіден мол қою дәмді сүт сауылады. Химиялық құрамы мен қорытылымы бойынша ешкі сүтін жас нәресте қорегіне қолдануға болады. 

  1. Негізгі бөлім

2.1. Ешкінің сүт және оның құрамы

Ешкіден сүт, ет, жүн, түбіт, тері сияқты бағалы өнімдер өндіріледі. Әрбір өнімінің адам өмірінен алар орны орасан зор. Алайда осы өнімдердің қыр-сырын толық білмей жатамыз.

Сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде май, ақуызбен минералды тұздар көп болады. Мысалы, сиыр сүтінің орташа майлылығы – 3,4%, ақуыздылығы – 3,9% болса, ешкі сүтінікі, тиісінше 4,37% және 4,49% болып одан жоғары келеді. Сондықтан да оның калориялық қуаттылығы да жоғары. Ешкі сүтінің құрамы олардың жасына, сауылу мерзіміне, жеген жемшбінің құрамына байланысты біршама өзгереді. Солай бола тұра, ешкі сүті құрамы мен физиологиялық қорытылымы, биологиялық құндылығы жағынан емізулі ана сүтіне жақын келеді. Сондықтан нәрестені емізуге сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтін пайдаланған дұрыс.

Оған ешкі сүтінің май түйіршіктерінің сиыр сүтінікінен ұсақ болғандықтан қорыту барысында жеңіл де толық сіңіріледі. Сонымен қатар ешкі сүтінің қанты – лактозамен қоса сиыр сүтіндегіден көп мөлшердегі кальций, фасфор, кобальт секілді маңызды минералды элементтерінің, В тобы мен С витаминдерінің сіңімділігін ескерсек, оныңдиеталық, емдік қасиеттерінің жоғары болуының сырын түсінеміз.

Сиырға қарағанда ешкілер туберкулезге тез шалдықпайды, сондықтан олардың жаңа сауылған сүтін еш өңдеусіз ішу қауіпсіздеу. Кальций мен басқа минералды элементтерге бай  келетіндіктен ешкі сүтін минаралдық алмасуы бұзаылған, мешелге шалдыққан балаларға, қаны азайған адамдарға ішуге пайдалы. Ешкі сүтінің майлылығы жоғары болғандықтан сиыр сүтіне қарағанда нәрестеге 30-40% аз ішкізу керек. Ешкі сүтін ішумен қатар оның өзінен немесе қой сүтімен қосып дайындалған ірімшік пен түрлі кондитерлік бұйымдар өнімдері де адам қорагіне пайдалы.

Ірі жүнді тұқым ешкілері – 4-6 ай, ал сүтті тұқымдардың ешкілері – 9-10 ай бойы сауылады. Құнарлы ақызтандырылған түбітті тұқым ешкілерін лақтағаннан кейінгі 9-10 тәуліктен бастап саууға болады.  Ол үшін алдыңғы жағында жем салатын оттығы (науасы) орнатылған арнайы жасалған станок ыңғайлы. Сауылатын ешкіні тыныштандыру үшін оттыққа жем салады. Жайлауда шыбыштарды көгендеп сауады. Қыста ешкіні ертелі-кеш 2 рет сауса, жазда 3 рет – сағат 7, 14, 22-де саууға болады.

Сауу алдында қолды тазалап, сабындап жуу керек. Сауым кезінде ешкіні алаңдатпай, жайлы жағдайда, бтен адамдар жоқ кезде сауады. Сауылып болғаннан кейін алдына азық салып немесе өріске жібереді. Сауылған сүтті таза дәкеден сүзіп тазартып, тоңазытқышқа не салқан жерге қойып суытады. Сүттің дәмі ешкі азығына тікелей байланысты болса, иісі сақталғандығы сыртқы ортаның иістерін сіңіруіне байланысты екенін ескертіп, сүтті салқындататын жердің ауасының таза, бөгде иіссіз болғанын қадағалайды.

Ешкі сүттілігі 6-7 жасына дейін сақталып, 3-4-ші сауу маусымында мол болады. Бірақ дұрыс, құнарлы азықтандырып, жақсы баптап күткен жағдайда ешкінің жоғары сүттілігін 8-10 жасына дейін сақтауға болады. Оған шаруашылықтағы ешкілердің бағыт-күту жағдайларын жақсартып, әр ешкіні жекелеп баптап, сүттілігін арттыратын шараларды іске асыру қажет. Бұл шараларға алдымен қоректілігі жан-жақты теңстірілген құралы азықтандыру мен зоогигиеналық талаптарға сай жағдайда сіру, ешкінің, әсіресе, жаңа сауылатын шыбыштың желінін сылап, сипап, яғни массаждап, жиі сауып сүтейту шаралары жатады.

Ешкіні саууды күйекке түсерден 40-45 тәулік бұрын тоқтатады. Саууды тоқтатқанда желіні сыздап, ісікке шалдықпауы үшін суалтылатын ешкінің азықтандыру тәртібін бұзып, сүттілігін азайтады. Шырыды азықтар мен құнарлы жем орнына ірі жемшөп салып, суаруды да азайтады. Тек желіні сыздағанда ғана сауып, саууын сиретіп барып суалтады.

2.2. Ешкі сүтінің ем ретінде қолданылу тарихы

Жануар сүтін тағам ретінде адам ең алғаш рет біздің заманымызға дейін 8-9 мыңжылдықта, Орта Шығыс халқы қой мен ешкіні қолға үйреткен кезде қолдана бастады. 7 мыңжылдықта қазіргі Түркия территориясында адамдар сиыр баға бастады, сөйтіп адамзат өз тағамын қазіргі ең танымал өнімдерінің бірімен байытты. Мал сүттерінің ішінде емдік қасиеті ең жоғарғысы –ешкі сүті Еті желге, сүті емге пайдаланылған ешкі малы.

Біздің заманымызға дейін египеттіктер сүтті емдік мақсатта қолданған. Ежелгі Рим мен Грецияның дәрігерлері мен ғалымдары сүтті құрт ауруы, тұз байлану, қан аздықты емдеу үшін ұсынған.

Қазіргідәрігерлерсүтпентұзбайлануды, жүйкежүйесініңбұзылуын, ас қорытумүшелерініңауруларын, қаназдықтыемдейді. Диетологтарсүтөнімдерітәуліктікрационның 1/3 нәрлілігінқұрауытиісдепсанайды. Ал денсаулықтуралыеңкөнеғылым – Аюрведа – сүттіғаламдағыеңқұндыөнімдепесептейді, себебіоладамныңфизикалықжәнеруханидамуынажағдайжасайды – сүтпсихиканыңбұзылуыменбайланыстыауруларды: ашушаңдық, тынышсыздық, зорығудыемдейді, ұйқықашуданарылтып, тыныштандырады

Ежелгідәрігерлер де сүтті ем ретіндесанаған: Гиппократ оны көкжөтелнауқастарынаберген, Авиценна сүттіңәлсізбалаларүшінпайдалылығынайтқан.

Авиценна жерлестерінекәріжасқажеткендеешкісүтінұдайыпайдаланудыұсынған. Ежелгіаңызғасенсек, найзағайменалысқанЗевстіңөзіАмалтея – тәңірліккереметешкісініңсүтінмүйізіненішкен. Әл-Фарабиешкісүтітуралы: «еңтұрақты» – депжазған. Емдікқасиеттерінкүшейтуүшін оны түрліқоспалармен: көзбұршағыныңбұлыңғыртартуынақарсы – күнжітпен, ішөтугеқарсы – теңізтастарымен, арпажармасыменқайнатқан.

XIX ғасырдыңаяғынанбастапешкісүтіүшінөрлеукезеңібасталды. Осы кезде медицина мамандарыолжайлыәйелдердіңемшексүтіналмастыруғабасқаларданқолайлыекендігінайтты

Атыаңызғаайналған Клеопатра терісініңсұлулыққұпиясы – әйгелісүтванналары. Терігетікелейтүсетінкүнсәулесі мен құмныңүздіксізәсеріжағдайында Египет үшінбұл аса маңыздыеді. А, Д дәрумендері мен сүтқышқылыныңарқасындасүттерініжақсыжұмсартып, ылғалдандырады.

Қазақхалқы рахит ауруынашалдыққандардыешкісүтіменемдеген.

Әл-Фараби  ешкі  сүті  жайында «ең  тұрақты  тағам» деп  жазған. Емдік  қасиеттерін  күшейту  үшін оны түрлі  қоспалармен  қайнатқан.

2.3. Ешкі сүтінің емдік қасиеті

Ешкі сүті бағалы өнім болып табылады. Ешкі сүті физико-химиялық ерекшелігіне байланысты диеталық балалар мен асқазан – ауруымен ауыратын адамдар үшін те пайдалы. Табиғи түрінде де түрлі ірімшік пен сүт тағамы түрінде де пайдаланады.

Ешкі сүті — А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті сонымен қатар белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.                                                                               

5-сурет. Ешкі сүтінің емдік қасиеті 

Аллергияда. Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім — ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие. 

Ағзаны қалпына келтіруде. Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет. 

Ағзаны қалпына келтіруде.. Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. 

Ішек дисбактериозында. Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз. 

Асқазан және ішек ауруларында. Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі. 

Ешкі сүті диатез дертінде. Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Ал бұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың анықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс. 

Ұйқы безінің қабынуына. Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет. 

Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы. Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет. 

Қатерлі ісік дертіне пайдасы. Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Халықтық медицина мынадай емдік тәсілдер ұсынады: 

Ешкі сүті жүкті аналарға. Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроэлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды. 

Емізулі анаға. Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қан аздық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады. 

Артық салмақтан арылғысы келетіндерге. Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді. 

Ешкі сүті косметологияда. Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет. 

Жүрек ауруына ешкі сүтінің пайдасы.  Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді.

2.4. Жаңа технологиямен өңделген ешкі сүті өнімдерінің пайдасы

Қазіргі таңда жаңа технологияларды пайдалана отырып жасалынып жатқан игі істеріміз өте көп. Бұл тұста ешкі сүтінің де жаңа технологияда өңделіп, адам ағзасына тигізер пайдасы артып жатыр. Мәселен отандық өнім ешкі сүтінен балмұхдаққа тоқталсам.

Елімізде Атырау қаласында ешкі сүтінен балмұздақ жасайтын өндіріс жұмысын жасауда. Шаруа қожалығында әрқайсысы күніне 4-5 литр сүт беретін 500-ге жуық «Заанен» тұқымды ешкі бар.

Мұндай балмұздақ қарапайым шаруа қожалығында әзірленеді. Майлылығы 12% болатын ванильді пломбир қазірдің өзінде тұрғындар арасында сұранысқа ие.

Ешкі сүтінен дайындалған балмұздақ адам ағзасына өте пайдалы.Өз кезегінде  шаш пен тырнақ өсіміне, сүйектердің мықты болуына ықпал етеді.Асқазан, ішек жолдарының жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Балмұздақтың жүрек-қан тамырлары жұмысына және көз-тері қабілеттеріне де пайдасы бар. Ол тек ванильді экстракт, кілегей және сүт секілді табиғи өнімдерден тұрады. Дәмін, Сербиядан әкелінген арнайы құрылғының көмегімен, қайнату әдісі арқылы алынады. Цехтың тәуліктік қуаттылығы 1000 балмұздақ.

Дәруменге толы ешкі сүті адамның сыртқы сұлулығы мен денсаулығына берер пайдасы мол деп біледі ғалымдар. Сондықтан ешкі сүтінен дайындалған өнімдерді кеңінен қолдануға кеңес береді. Осы орайда да жаңа технология тұстары осал емес. Ешкі сүтінен тағам өнімдерін ғана емес, шампун, шашқа маска, бетке арналған маскалар, қолға және аяққа арналған арналған жасап шығарады. Олардың пайдасы өте мол.

Бетке әжім түсуден сақтайтын және жылтыр өң беріп, жарылуға қарсы ешкі сүтінен жасалған маскалар қазіргі таңда сұранысқа ие. Бет терісінің барлық түріне арналған маска түрлері бар. Аптасына 2-3 рет қолдануға кеңес береді.

Шашымыздың көп түсіп, сынғыш келетін кездері кездеседі. Осы тұста ешкі сүтінен жасалынған шашқа арналған сусабын, бальзам, масканың пайдасы өте зор. Сусабын дәрумендерге бай болғандықтан, шаштың түсуінің алдын алады. Маска шашты тегіс әрі жұмсақ болуына, ал бальзам жылтыр өң береді.

Жаңа туған нәресте  үшін екі сүтінің пайдасы зор екенін зерттеп білген болатынмын. Қазіргі таңда ешкі сүтінің жаңа әдіс-тәсіл арқылы дайындалу жолдарымен құрғақ сүтін де жасап шығарған. Ол нәресте денсаулығына өте пайдалы, себебі, оның негізгі құрамы сақталған, дәрумендерге бай.

  1. Қорытынды

Ешкі малы қазақ халқында қашаннан киелі малдардың бірі. Үй жануары, ешкіні күтіп, баптап, жақсы қарап, өсірген. «Ешкілі бай — есепті бай» демекші, халқымыз ежелден-ақ ешкіні еті мен сүті, түбіті мен жүні үшін ұстаған. Әрі ешкі өсімтал болғандықтан, өзін-өзі артығымен ақтап шығатын мейілінше тиімді түлік. Тек түбіті мен сүтінің өзін кәдеге жаратып-ақ қыруар пайдаға кенелуге болады. Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған.

Міне, осы қасиетті түлікті зерттеу барысында мен көп іздендім. Зерттеу кезінде ешкі қарап, баптап, күттім. Жем-шөп беріп, тіпті ешкі сауып та көрдім. Әрине ешкі сауу кезінде қорқыныш болды. Алайда, нәтижелі сүтті көріп, қуанып қалдым. Сүтін қайнатып, ыстықтай іш деді анам. Оның да өз сыры бар екен. Егер тамағың көтеріліп, дене қызуың көтеріліп тұрса, ешкінің ыстық сүті ем болады екен. Сонымен қатар бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: халық медицинасының адам өмірінде маңызы зор екендігінде және де сенген адамға дәстүрлі медицинадан әлдеқайда басымдылығында, пайдалылығында. «Ауырып жол іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана сөз осы тақырыпқа негізделгендей. Ешкі сүті пайдасымен қоса қаражат көзі болып табылады.

Ұсыныс:

Ешкі сүтінің маңыздылығы мен пайдасын мектеп қабырғасынан кеңінен түсіндірсе.

Ешкі сүтінен жасалынатын өнімдерді көбірек халық тұтыну үшін насихатталса.

Мал шаруашылығы, соның ішінде ешкі малының санын көбейтіп, одан алынған өнімдерді өңдейтін орындар ашылып, дүкен сөрелеріне зиянды қоспасыз пайдалы өнімдер қойылса екен.

You May Also Like

Адам психосоматика жағдайындағы би терапия тәсілінің әсері, ғылыми жоба слайд

Табиғи балдың пайдасы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Табиғи балдың пайдасы» Зерттеуші: Көшбаев Мұхамеджан Мазмұны:  1.Аннотация …

Судың агрегаттық күйлері мен диффузия құбылысын зерттеу, ғылыми жоба

Бағыты: Физика Тақырыбы: <<Судың агрегаттық күйлері мен диффузия құбылысын зерттеу>>  Мазмұны Кіріспе…

Жұмбақтар және оның түрлері, ғылыми жоба

КІРІСПЕ Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде…