Тақырыбы: «Қызанақтың өсуі және адам ағзасына пайдасы»

«Қызанақтың өсуі және адам ағзасына пайдасы» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу  жұмысына

РЕЦЕНЗИЯ

Жай ұрықтан қызанақ жапырақтары, гүлі пайда болып, гүлдеп, гүлден түйіндер салып, жеміс пісуі, құнды тағам, денсаулыққа пайдасы зор екенін Гүлбану дереккөздер мен интернет ресурстары арқылы дәлелдеп жазған. Өзінің ізденімпаз, еңбекқор екенін көрсетті. Жерді қопсытып, оған қызанақ дәнін отырғызып, күтім жасаған. Арамшөптерін тазалап, суарып, түптерін қоспыстып, ерекше күтімді тәжірибе жасау арқылы дәлелдеген. Дереккөздер арқылы ізденіп, қызанақтың адам ағзасына пайдасын жазып көрсеткен. Келтірілген деректер өте құнды, мазмұны ғылыми талабына сай, жүйелі баяндалған. Зерттеу жұмысының тұжырымдамалық қорытындылары мен ұсыныстары осы жұмыстың тәжірибелік және теориялық маңызын анықтайды.

Жақсылық Гүлбану ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Зерттеу ғылыми жұмысы талапқа сай жазылған. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарын жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, жұмыстың жазылуы мен безендіруі осы жұмысты орындау тәртібі мен  талаптары, нұсқауларына сай деп есептеймін.

Тақырыбы:

«Қызанақтың өсуі және адам ағзасына пайдасы » 

Зерттеудің мақсаты:

Қызанақ көкөнісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қызанақтан дайындалатын сусындар мен ем-домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.

Міндеті:

1.Қызанақтың шығу тегі

2.Қызанақтың қалай өсу керектігін бақылау, зерттеу.

3.Оның ағзаға қандай пайдасының бар екенін дереккөздер арқылы зерттеу, білу.

Ғылыми болжам:

Күнделікті ас мәзірінде және ағзаға пайдасы бар таза өнімді пайдалану, құнды тағам екенін білу.

Өзектілігі: Халық жаппай жейді, пайдасы бар екенін біледі.

Нәтиже: Өз бақшаларына егіп жемісін жеуге болады.

Кіріспе

Қызанақ (Lycopersіcon), томат, помидор— алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әр түрлі. Салмағы: 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді.

Қызанақ – жемісін жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс  тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында  Испания,  Португалия, кейін  Италия  мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болады. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі.

Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Күтімі :Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамырдың 10 – нан кейін немесе үсік жүріп өткеннен кейін бақшаға егеді. Өнім алу мерзімі – шілде, қыркүйек айлары аралығы.

Қолданылуы:  Жылыжай жағдайында жыл он екі ай өнім алуға болады. Жеке жанұяға жетерлік қана өсіру үшін, базардан мамандар дайындап өсірген көшетті алған дұрыс. Ал шаруа қожалықтары үшін көшеттерді өздерінің дайындағаны тиімдірек.

   Қызанақтың адам ағзасына пайдасы

Қызанақ  жемісін жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде ‘помидор’ атауы итальян тіліндегі ‘pomodoro – алтын алма’ дегеннен шыққан. Ал ‘томат’ атауы француздардың ‘tomate’ сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға  XVI ғасырдың ортасында   Испания,  Португалия, кейін Италия  мен Францияға  да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.

1811 жылы ботаникалық сөздікте ‘томат – улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар  соус  дайындалады деген хабар пайда болады.

Қызанақ адам ағзасына пайдалы дәрумендерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сорттарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, ағзадағы артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды жұмысын жақсартады.

Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған ас қазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс. Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ  ‘иммунитетті‘  де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.

Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн, бұл ағзаға зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтыра

Қызанақ – құнды тамақ

Томат (қызанақ) аса құнды тағам өнімдеріне жатады, өйткені оның құрамында жеңіл сіңетін көміртегілер-фруктоза, глюкоза, органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап және т.б),  каротин мол, В, С, РР, Р тобы дәрумендері және минералды заттар – темір, калий, кобальт, хром, мырыш, марганец, молибден бар.

Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ететін заттар бар. Қызанақ емдік және профилактикалық тамақтануда дәрумендердің және минералды тұздардың көзі ретінде кеңінен қолданылады. Бұл көкөніс асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан – ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Қызанақ зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалпына келтіреді, ас қорытуды жақсартады. Қызанақты жүрек – қан тамыры аурулары, іштің қатуымен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген пайдалы. Қантты диабетке және семіздіккке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз, немесе мүлде жоқ томат шырыны да жаңа піскен қызанақтың қасиеттеріне ие. Томаттарда, алқа тектес басқа көкөністерде секілді, оған өзіне тән ерекше дәм беретін глюкозид – соланин бар.

Кейбір диетологтар томаттарда қымыздық қышқылы көп болғандықтан, оны подагра, диатез кезінде және егде адамдарға жеуге болмайды, сондықтан оны қатаң емдәм тағайындалғанда да шамалап жеген дұрыс деп есептеген. Алайда, сәтіне орай, соңғы жылдары бұл пікірдің қате екендігі дәлелденді. Тек томатты басқа тағамдармен дұрыс үйлестіру керек әрі оны жылумен өндеуге болмайды.

Бұның мәні мынада: қызанақты қайнатқан, буландырған, қалбырлаған кезде ондағы қышқылдар органикалық емес жағдайға көшеді. Бұл ағзаға зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды, уақыт өте келе, біртіндеп анықталады. Бүйрекке, қуыққа, тас байлану, мысалы, қалбырланған томат шырынын ұзақ уақыт бойы, әсіресе крахмалы бар тағамдармен (нан, картоп және т.б) қосып пайдаланудың зардабы болуы мүмкін. Қызанақтар белокты тағамдармен (етпен, жұмыртқамен, сүзбемен т.б) үйлеспейді. Кейбір диетологтардың пікірінше, қызанақтың қабығы сіңірілмейді. Сондықтан асқазаныңыз тамақты нашар қорытатын болса, қызанақты қайнап тұрған суға бірнеше секунтқа малып алып, қабығын сылып алып тастаңыз.

Қызанақты көк-сөкпен, жасыл бұршақпен, кез-келген жаңа піскен қырық қабатпен, пиязбен, жаңғақпен баклажанмен және т.б, қосып даярлайтын салаттардың түр-түрі бар.

Қызанақтың 100 г – 19 ккал

Құрамында бағалы жасұнық, сонымен қатар кальций, фосфор және көп А, В, С мен Е дәрумендері бар.

Жеке дәрігер, үйдегі фитнес

Қызанақтардың тек қана жүрекке және бүйректерге емдік әсері ғана емес, сонымен қатар теріге байланысты жасарту әрекеті де дәлелденген.

Халықтың сүйіктісі Дүниедегі ең сүйікті көкөністердің бірі болып табылады. Қызанақтарды шикі түрінде  жеу ең пайдалы нәрсе. Америкалық емдәм дәрігерлерінің пікірінше, күнделікті ішілетін бір стақан қызанақ шырыны Сізге денсаулықты, сұлулықты және жасаруды қамтамасыз етеді.   Арықтауға арналған емдәм барысында, қант сусамырын және бүйректердің ауруын емдеу кезінде қолдануға кеңес беріледі.

Сіз піскен қызанақты ұнатасыз Піскен қызанақтар өзінің қызыл түсімен ликопенге міндетті. Бұл табиғи бояутек склероздан және ісіктерден сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді, атап айтқанда, қуық түбі безі қатерлі ісігінің пайда болу қауіп-қатерін төмендетеді. Оның жаңа піскен қызанақтарға қарағанда сорпалар мен тұздықтарда жақсы сіңірілетіні дәлелденген.

Махаббат алмасы Қызанақтар Еуропаны жаулап алу кезінде, оны  афродизиак деп есептеген. Француздар оны «махаббат алмасы» деген мағына беретін «pomme d’amour» деп атаған.

Құпиялы латынамерикандық Қызанақтар Латын Америкасынан шыққан. Еуропаға XVI ғасырда әкелінді. Алғашқыда оны сәндік өсімдік ретінде өсірді, өйткені оны улы деп есептеген. Оның дәмін бірінші білгендер және бағалағандар итальяндықтар, бірақ ол үстел үстіне емес, бәрібір сиқыршылар қазанына жиі түсетін еді. АҚШ – қа қызанақтарды Италиядан және Франциядан келген қоныс аударушылар алып келді.

Ля Томатина Валенсияға жақын, кішкене испан қалашығы Буноль жыл сайын тамыз айының соңғы сәрсенбісінде қызанақты өлермен шайқас – Ля Томатинаның орнына айналады. Осылай созылмалы фиеста аптасы аяқталады. Шайқас алдындағы түні қызанақтары бар жүк машиналарының дайындығы жүреді, олар келесі күні шамамен азаңғы сағат 11 – де қалашықтың негізгі алаңына шығады. Мерекенің жүргізушілері екі сағаттық “қанды” шайқасты бастайды. Шайқастан кейін өзенде суға түсіп алуға, сосын теңдесі жоқ жергілікті шараппен іше отырып, әйгілі паэльді жеуге болады.

  • Ұрықтан көшеттің өсіп шығуы.

Тәжірибе № 1.

Мен, 2021 жылдың сәуір айының 25-күні қызанақтың өсуін зерттеу үшін тәжірибелік жұмыс бастадым. Қызанақ көкөнісін өсіріп жетілдіру үшін ең алдымен ұрықты жерге көміп, көшет болып өскенше су құйып баптадым. Арадан бір жеті өткенде алғашқы өркені шықты.

  • Көшетті отырғызу.

Тәжірибе № 2.

Екі жеті өткен соң тұқымнан өскен өркендер 20-25 см болды. Көшеттерді ашық далаға тыңайтқышы мол, құнарлы жерге отырғыздым.

Көшеттің тамырын сабағына дейінгі 5-6 см жерге кіреді. Көшеттердің ара қашықтығы 20 см болады. Оның кеше жапырақтары салбырап тұрған еді, суды мол құйып суғардым. Салбырап тұрған қызанақ өркені бой көтерді. Бүгін 16-мамыр мен әкем екеуіміз егістікті суғардық. Сабағының бойы 20см болыпты. 5 күн бойы көшетің сабағы 5 см-ге өсті. 

  • Көшеттерді суғару.

Тәжірибе № 3. 

20.05.2021ж.

Мен әдетте көшеттердің қалай дамуын зерттеп бақылап жүрмін. Бүгін күн қатты ыстық, сондықтан мен көшеттерді кешкілік кезде, яғни ыстық қайтқанда суғардым. Ертесіне арам шөптерін алып, қопсыттым. Тағы да 3 см өсті. Маған қызанақтың өсуі мен гүлдеуі, түйін салуы өте қызық. Сондықтан мен ары қарай зерттеуді жалғастырдым.

  • Қызанақтардың гүлдеуі. Тәжірибе № 4. 

27.05.2021ж.

Бақшама барып қызанақтарды көрдім. Шөптерін тазалап, қопсыттым. Жапырақтары жайқалып, бойы 30-33см өсті. Кызанақтарым гүл ашты.

  • Қызанақ көшеттерінің түйін салуы.

Тәжірибе № 5.

03.06.2021ж.

Бақшаға барып қызанақтарды суғардым. Жапырақтар жайқалып бойы 35-37 см болып өсіпті. Бүгін алғаш рет қызанақ көшеттерінің түйін салғанын көрдім.

Көшеттерім жайқалып өсіп келеді. Себебі, мен оны жиі суғарып қараймын. Күннің қызуының да пайдасы өте көп. Олардың ұзындығы 40-45 см жетті. Мен анамның көмегімен жапырақтарын түйіндер құламас үшін таяқшамен байлап қойдық.

  • Қызанақтардың жеміс беруі.

Тәжірибе № 6.

20.07.2021ж.

Бүгін өте ерекше күн. Себебі, көптен күткен қызанақтарым жемісін беруде.

Қызанақ өте дәмді, бір бұтадан бірнеше жемісін берді. Өсімдіктер алуан түрлі болады. Бірақ мен қызанақты өз қолмен отырғызып өсірдім. Енді қандай пайдасы бар екенін айта кетейін.

Қызанақ адам ағзасына пайдалы құрамында қышқыл каротин бар. Ересек адамдардың жиі кесдесетін көк тамыр ауруын емдеуге әсері зор. Қызанақтың шырыны гастритті, жүрек қан тамыр ауруларын емдеуге болады. Өйткені ғалымдар қызанақтан 24 пайдалы элемент тапқан. Онда темір мыс калий тұздары көп 

1.7.Қызанақтың пайдасы

Тәжірибе №

Мен іздене отырып дереккөздер арқылы қызанақтың пайдасы туралы көп білдім.

Ол ағзадағы алуан түрлі ісік ауруларын қорғайды, шырыны семіздікке жол бермейді. Имунитетті көтереді. Ара шаққанда дене күйіп қалғанда екіге бөліп, сол жерге басса ісінуге және ауруға жол бермейді. Араның уын денеге жаймайды, күйіктің ыстығын алады

Сонымен менің қызанақтарым өте дәмді болды. Үй шаруасында анама көмектесіп түрлі салаттар жасалды. Томат жасадық.

Мен осы зерттеуімде қызанақтың өсуі мен пайдасын білдім. Өсімдіктер алуан түрлі. Әліде өсімдіктер туралы зерттейтін боламын.

Қорытынды

Қазіргі қоғамда ауылда егін шаруашылығымен айналысады. Өсімдіктер алуан түрлі көп. Яғни, мен қызанақтың пайдасы зор екенін білдім.

Қазіргі кезде қызанақтың ағзаға пайдасы өте көп. Ас қорытуды жақсартады, іштің қатуы, ішектің жүруіне, қант диабетіне шалдыққан науқасқа томат согы – құнды тағам. Дәрумендерге бай, құрамында каротин бар.

Экологиялық таза өнім. Кез келген адамның қолынан келеді, үй жағдайында өсіруге болады.

Емдік және күнделікті жейтін ас мәзірінде бірінші орын алатын өсімдік –қызанақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.
  2. «Жасыл аптека». Л.К.Петров.Алматы. Қайнар 1992ж
  3. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Алматыкітап. 2008ж
  4. «Жаратылыстану» 2 сынып Атамұра баспасы. 2008ж
  5. Балаларға арналған танымдық энциклопедиясы «Аруна» баспасы
  6. Интернет ресурстары
You May Also Like

Қазақстанның қорықтары, ғылыми жоба

Жоба мақсаты: Еліміздің табиғатын бағалау және барынша қорғау шараларын жасау; Қорықтар жайлы…

Этилен пакет орнына экодорба, ғылыми жоба

Жоба атауы: Этилен пакет орнына экодорба  Бағыты: Таза  табиғи  орта- Қазақстан-2030 стратегиясын…

Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде» Пікір Ыбырай Алтынсарин  қазаққа мерей-мәртебе тұтар…

Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы, ғылыми жоба