Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA :

«Кеплер»- 11 жаңа планета жүйесі.

Бағыты: Жаратылыстану-Физика

Ғылыми жоба тақырыбы: «Кеплер»- 11 жаңа планета жүйесі.

Зерттеудің мақсаты: Күн жүйесінен өзге экзопланеталарды зерттеу барысында анықталған Кеплер – 11 планеталар жүйесін зерттеп, оларда тіршіліктің болуы мүмкін бе? Болса адам үшін маңызы қандай екендігін анықтау.

 

Зерттеудің міндеттері: 1. Түрлі ақпарат деректерін оқу, талдау, салыстыру.

  1. Өзгелердің осы аталған тақырыпта білетіндерін тыңдау, ой бөлісу
  2. Осы уақытқа дейінгі бар мәліметтерді көзіммен көру.
  3. Көргендерімді, естігендерімді оқығандарымды жазу, суретін салу, макетін жасау.
  4. Барлық жинақталған материалдарды талдай отырып ой қорытындысын шығару.

 

Зерттеудің болжамы: Кейінгі кездері Кеплер орбиталық телескобының көмегімен анықталып жатқан экзопланеталардың тіршілік үшін үлкен маңызы бар деп болжаймын.

Жұмыс жоспары:

Кіріспе:

І. ХХ ғ. адамзат тарихындағы «Ғаламды игерудің» маңыздылығы.

ІІ. Негізгі зерттеу бөлімі.

  1. Кеплер телескобының жұмыс істеу принципі
  2. «Кеплер»- 11 жаңа планеталар жүйесі.
  3. «Кеплер»- 22 би планетасы.
  4. Өзге де жетістіктер

Қорытынды.

Жобамен таныстыру.

  1. Осыдан 51 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9 – дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10 – нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман – тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми – техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа – райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды.

Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке – ғарышкерлер күні болып белгіленді.

1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61 – конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды.

Бәрі қалай басталды?

1955 жылдың 12 ақпанында КСРО – ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды.»Байқоңыр» ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері «Байқоңыр» әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.

1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник – 1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.

Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі – Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының «Спутник – 2» атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы – 2 – де, салмағы – 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5 – 6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман – есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.

Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты игеруге кірісті.

Гагарин Юрий Алексеевич (9. 03. 1943 – 27. 03. 1968)

Гагарин Юрий Алексеевич (9. 3. 1934, Ресей, Смоленск обл. Гагарин ауданы Клушино с. – 27. 3. 1968, Мәскеу) — ғарышқа тұңғыш ұшқан адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).

1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласындағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген.

1955 жылдан Кеңес Армиясы қатарында. 1 – Чкалов әскери – авиация ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етті. 1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды.

1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Бұдан кейін ол ұшқыш – ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп – жаттықтыру ісіне тікелей арала – сып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды. 1968 ж. Әскери – әуе инженерлік академиясын бітірді. 1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып кайтты. 1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мүшесі. Ленин орденімен, медальдермен жөне көптеген шет ел ордендерімен марапатталған.

Гагаринге Чехословакияның Социалистік Еңбек Ері, Болгарияның Батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақтары берілді. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд. Новоселово селосының маңында). Монинодағы (Мәскеу обл.) Әскери – әуе академиясына, Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілген. 1968 ж. Халықаралық авиациялық федерациясы Ю. А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегі ғарышкерлерді даярлау орталығы Гагарин атындағы Ресей ҒА – ның ғылыми – зерттеу кемесі, дүние жүзінің көптеген оқу орындары, қалалар, көшелер мен алаңдар Гагарин есімімен аталады.

Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.

Гагарин 1951 жылы Саратовтағы индустриалды техникумға түсті. Сонымен қатар, аэроклубқа барып жүрді. Осылайша бір жылдан соң, алғаш рет Як – 18 ұшағына отырып, ұшу бақытына ие болды. 1957 жылы Орынбордағы ұшқыштар училищесіне түсті. Кейінірек медициналық тексеруден өткеннен кейін, 1960 жылы ғарышкерлікке кандидат атанды.

Ю. А. Гагарин мен ғарыш кемесінің конструкторы С. П. Королев. Байқоңыр, 12 қазан, 1964 жыл.

1961 жылы оның өмірінде ерекше оқиға орын алды. Осы жылдың 12 сәуірінде Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерді айналып шықты. Осы батылдығы үшін ғарышкерге Хрущевтың нұсқауымен майор атағы берілді. Жерге орала салысымен, оны сән – салтанатпен күтіп алып, мақтау мен мадақтаудың астында қалдырды. Кейін Чехословакия, Болгария, Финляндия, Англия секілді мемлекеттерге саяхат жасап, көрген – білгендерімен бөлісіп, ел – жұртты аралады.

Бөлінбелі аппарат. Гагарин осы аппараттың ішінде отырып, атмосфера қабатына түскен еді

Кейінірек «Союз – 1» кемесінде Владимир Комаровтың дублері болды.

1968 жылдың 27 сәуірінде УТИ МиГ – 15 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Юрий Гагарин мен полковник Владимир Серегин қаза тапты. Оның туған қаласы қазіргі таңда өзінің есімімен аталады.

Адам баласы ғарышты игеруің жетістіктерінің бірі ретінде біздің мақтанышпен айтатын ұшқыш космонавттарымыздың бірі Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров.

Талғат Мұсабаевтың өмірбаяны

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7. 1. 1951ж. туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш – ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30 – оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.

1987 жылдан АН – 2 ұшағының 2 – пилоты, командирі болды. 1989 ж. Ульяновск (қазіргі Тольятти қаласы) қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженерлік – техникалық кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1 – ұшу отрядында ТУ – 134 ұшағының 2 – пилоты болды. 1990 ж. Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті.

1991 ж. Т. Мұсабаевқа «Ғарышкер – сынақшы» квалификациясы берілді. 16 – негізгі бағдарлама бойынша 1994 ж. 1 маусымнан 4 қарашаға дейін (ұзақтылығы 127 тәулік) «Союз ТМ» ғарыш кемесінде борт – инженер ретінде ғарышта болды: 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне (жалпы ұзақтылығы 11 сағат 06 мин) шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми зерттеулердің 2 – бағдарламасын орындады. 25 – негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 ж. 29 қаңтар мен 25 тамыз аралығында (ұзақтылығы 208 тәулік) «Союз ТМ – 27» және «Мир» ғарыш кемелерінің кеме командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезіңде 5 рет ( жалпы ұзақтылығы 30 сағат 08 мин) ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Мұнда ғылыми – зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық 3 – бағдарламасын орындады.

2001 ж. 28 сәуір мен 6 маусым аралығында «Союз – ТМ – 32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедициясының экипаж командирі. Бұл ұшу кезінде ғылыми – зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық 4 – бағдарламасын орындады.

Мұсабаев ұшақ спортынан Қазақстан құрама командасы құрамында өнер көрсетті, КСРО чемпионы. Гимнастикадан Латвия құрама командасының құрамында жарыстарға қатысты. Гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері.

Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы»және Ресей Федерациясының Батыры, «Отан», «Халықтар достығы», 3 – дәрежелі «За заслуги перед Отечеством» (Ресей) ордендерімен, NASA – ның «Ғарышқа ұшқаны үшін» медалімен марапатталды. 2000 жылдан Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1]

Биографиясы

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындаөмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979).

1962 – 1965 жылы Теміртау құйма – механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).

1969 – 1975 жылы Кеңес ОдағыӘскери – әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.

1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар – сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).

1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А. Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш – сынақшысы міндеттерін атқарды.

1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 жылы 1 – болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ – 29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай – ақ, ол реактивті ұшақтың 50 – ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ – 13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми – зертеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай – ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.

1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери – патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1 – орынбасары, 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

[өңдеу]Ғарышқа ұшуы

1991 Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер – ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер – ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

1991 жылы қазанның 2 – інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және Аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ – 13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.

1991 жылы қазанның 10 – ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, Аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ – 13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

Марапаттары

Қазақстанның:«Халық Қаһарманы» атағы «Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» атағы «Отан» ордені (1995)

Кеңес Одағының:

«Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)

«Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988),

«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)

«Ленин» ордені (1988),

«Заслуженный Летчик – испытатель СССР» (КСРО – ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)

«Летчик – космонавт СССР» (КСРО ғарышкер – ұшқышы) (1991)

«Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991)

Австрия Республикасының: «Алтын Крест» ордені 1988) «Алтын Крест» ордені (1993)

Енді Сіздерді космонавтикадағы кейбір қызықты мағлұматтардан хабардар етейік.

ХХ ғасырда адамзат ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалана отырып үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ғасыр тарих қойнауында ғарышты игерген ғасыр болып алтын әріппен жазылды. Ғарыш кемелері арқылы ғарышкерлер аспан кеңістігіне саяхат жасап, алғаш рет айға сапар шекті. Ал ғарыш кемесін жасау – адамзат тарихындағы ұлы өнертабысқа айналды.

Ғарыш кемелері қалай ұшырылады? Ғарыш кемелері ұшу алаңына зымыран – тасығыштың көмегімен көтеріледі. Онсыз ғарышқа көтерілу мүмкін емес еді. Ең алғаш зымыран Қытайда б. з. 2 ғасырда пайда болған екен. Ал оны қозғалысқа келтіретін күш жарылғыш зат текті оқ дәрі еді. Бірақ зымыранның ғарышқа ұшу мүмкіндігін алғаш болып американдық ғалымдар зерттеген еді. 1907 жылы Роберт Годдард «Плапнета аралық кеңістікте орын ауыстыру» атты еңбегін жазды. 1926 жылы Годдард ең алғаш қозғауышы сұйық отыннан тұратын зымыранды ұшырды. Осы алғашқы зымыран тасығыштың бастау болды.

Ең алғашқы ғарыш аппаратының ғарыш кемесі деп аталуы тегін емес еді. Өйткені ол теңізде жүзген кеме сияқты баспананың да, жұмыс орынның да қызметін атқарды. Тынығуға, демалуға мүмкіндік жасады. Дүние жүзіндегі ең алғашқы ғарыш кемесі «Восток» Ол ғарышқа көп сатылы зымыран тасығыштың көмегімен 1961 жылы 12 сәуірде еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға көтерілді. Тек бір адамға арналып жасалған ғарыш кемесінің ғарышкері Ю. А. Гагарин еді. Ғарыштың алғашқы сапары 108 минутқа созылды. ғарыш кемесі Ресейдегі Саратов облысына түседі. Осы сапардан кейін ғарышты игеру басталды.

1957 жылы зымыран тасығыштың көмегімен ресейдегі алғашқы жер серігі «Спутник – 1» ұшырылды.

1955 жылы қазақ даласында Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы басталады.

Ғарышқа алғаш ұшқан тіршілік иелері Белка мен Стрелка атты иттер болды.

1969 жылы Американдық Аполлон ХІ кемесінің екі астронавты Айға қонды. 1976 жылы американдық екі робот кеме Марсқа қонды. Олар алғаш рет Жерге Марстың топырағы мен суретін түсіріп әкелді.

Мен бүгін ғарышкерлер үшін өте құнды киім скафандр жайлы бірер сөз айта кетейін деп отырмын. Скафандр сөзі гректің скафос – қайық, авброс – адам деген екі сөзінен шыққан. Оны ең алғаш термин ретінде 1775 жылы шіркеу қызметкері Ла Шапел өз кітабында келтіріпті. Ол скафандр деп – әскерлердің өзеннен жүзіп өтуіне арналған киімін атаған.

Алғашқы скафандр қызметі адамдарды ерекше жағдайдан қорғайтын арнайы киім болған екен. Оны алғаш рет су астына түсу үшін жасаған екен. Мұндай алғашқы скафандр резеңкеден жасалған екен. Іші құрғақ болып тұрады ал, оған жалғанған құбыршық /шланг/ арқылы ауамен тыныстаған.

Ал ғарышқа арналған скафандрды орыс ғалымы 1950 жылдарда жасап шығарды. Мұндай скафандрдың жасалу жолы ерекше еді. Скафандрда ауа сумкасы орнатылған. Ішіндегі температура үнемі бір қалыпты. Мықты сым арқан жалғанған, себебі келеңсіз жағдай болса ғарышкерді кемеге қайта тартып алатын болған. Ғарышкердің жүрек соғысы мен дене қызуын өлшеп тұруға ыңғайластырған.

Ю. Гагаринге арналып жасалынған скафандр «СК – 1». Ол ғарышкердің ұшуына 8 ай қалғанда жасалған екен. Айға арналған скафандр да болады екен. Apollo – A7l скафандрымен, салмағы 90 кг американдық Нил Армстронг Айға алғаш қонған еді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. «Кеплер»- НАСА ұйымының арнайы Күн жүйесіне жатпайтын, Жер планетасына ұқсас өзге жұлдыздардағы сыртқы планеталарды анықтау үшін жасалған сезгіштігі өте жоғары астрономиялық спутник. Бұл осындай бағыттағы құрылған алғашқы аппарат. Ол планеталардың қозғалыс заңын ашқан неміс ғалымы Иоган Кеплердің құрметіне осылай аталған.

(1571 – 1630 ) Иоганн Кеплер Штутгарта Вейле қалада кедей жанұяда дүниеге келді. Оның мұғалiмi қолдаушысы Коперник болды.

«Кеплердің» жұмыс істеу принципі жұлдыздардағы планеталар жарықтығының периодты өзгеруімен, яғни транзитті әдіске негізделген. Ол кеңістікке 2009 жылдың 7 – наурызында, Москва уақыты бойынша 06. 49 – да жіберілді. Үш жыл ішінде ол 2321 планеталыққа үміткер планеталарды анықтаса, мөлшері Жермен тең, одан кіші планеталарды анықтап үлгерді. Аппарат диаметрі 2, 7 м. ұзындығы 4, 7 м. Массасы: 1052, 4 кг. Фотометр 487 кг. Энергияны Күн батареясынан алады.

Кеплердің міндеті: Жерге ұқсас планеталарды анықтау, олардың тіршілік аумағын анықтау. Планеталардың диапазонын. орбитасының пішінін анықтау. Жұлдыз маңындағы планеталар санын анықтау. Массасын, тығыздығын, жарықтығын, химиялық құрамын анықтау. Кеплер Лира мен Аққу шоқ жұлдызының қиылысуына орнатылған, сол арада жұлдызды бақылап, жылжып жұлдызға көлеңке түсірген плаанетаны тіркеп отырады.

  1. Кеплер – 11 Аққу шоқ жұлдызындағы жұлдыз. Күннен 613 парсек немесе Жерден 2000 жарық жыл арақашықтықта орналасқан. Кеплер – 11 жұлдызын 6 планета айналады. Кеплер телескобы арқылы жүйені аз уақыт ішінде ашуға мүмкіндік беріліп, 2011 жылдың 2 – ақпанында сол жөнінде ақпарат берілді. Барлық 6 планетаның жұлдыздық айналуы бір уақытта Жерден бақыланған. Олардың ауытқуы жерге қарағанда 1 градусқа дейін айырмашылығы бар. Бұл бізге планеталардың айналу периодын және диаметрін планеталар арқылы жұлдызды бақылауға мүмкіндік береді. Планета аралық орбитаның орташа ауытқуы 1 градусты құрайды. Бұл 203 градус көрсеткіш құрайтын Күн жүйесіне шағындығын көрсетеді. Кеплер – 11 ең алғаш транзиттік әдіспен үштен артық планетасы анықталған планеталық жүйе. Планеталары латынның алфавит ретімен аталған. b, c, d, e, f, g. Белгілі жүйелердің ең шағыны болып табылады. Мысалы b және f планеталар орбитасы Меркурий орбитасының ішкі жағына оңай орналасатын болса, g планетасының орбитасы 20% үлкен.

Орбиталардың жақын орналасуына қарамастан жүйенің миллиард жыл бір қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік бар. Жұлдыздың Кеплер – 11 атануы «Кеплер» орбиталық аппараты арқылы анықталған. Мінездемесіне қарасақ Күнге ұқсас келеді. Кеплер – 11 Сары түсті, ергежейлі, G спектрлер класына жатады. Салмағы мен радиусы 0, 95 және 1, 1 күндікке сәйкес. Кеплер – 11 массасы жағынан Күннен 5 % аз, ал көемі жағынан 10% үлкен. Эффектіліе температурасы 5680 +- 100 Кельвин. Кеплер – 11 Күнге радиусы, салмағы, ауыр элементтерімен, температурасымен ұқсас болғанымен жас Күннен 8млрд/+- 2 /жылға үлкен. Жорамал бойынша b, c, d, e, f, планеталарының массасы бойынша Жер мен Нептун арасындағы диапазондағыдай. Олардың төменгі тығыздығы Жер құрамымен сәйкес келмейді. Атмосферада су тегінің құрамы көптеп d, e, f планеталарында деп болжанса, b, c планеталары құрамында мұз және гелий көп мөлшерде құралған. Кеплер аппаратымен планета ашылулары 2 есеге, жұлдыздар саны 3 есеге көп екенін көрсетеді. Бұл құрылғысы астрономдарға планета аралық жүйенің қалыптасуын түсінуге көмегін тигізеді.

Вашингтондағы НАСА штабының ғалымы Дук Хадгинс «Кеплер – 11 жіберілгенге дейін 500 экзопланета белгілі болды десе», 2 жылдан кейін Кеплер аспан әлемінен 60 – тан артық планетаны эәне 2300 жуық планета болуы әбден мүмкін кандидат планеталарды тапқан.

Бұл дегеніміз Біздің галактика орбитасы әр түрлі және көлемі түрліше планеталарға толы екендігін көрсетеді

  1. Кеплер – 22 би Жердің сыңары

Астрономия саласы да өткен жылды табысты түрде аяқтады. АҚШ – тың ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА желтоқсан айының басында жердегідей жағдай қалыптасқан жұлдыздың жанындағы «тіршілікке қолайлы» аймақта алғашқы планетаның көзге түскенін қуана хабарлады.

Калифорниядағы Ames зерттеу орталығының директоры Пит Уорден бұл жаңалықты «Жердің сыңарын табу жолындағы ең ірі олжа» деп бағалады.

– Бүгінгі жаңалығымыз біраз уақыттан соң «Кеплер» ғарыш кемесі Жерге ұқсас планеталарды табады деген үміт оянды, егер ондай планеталар бар болса, әрине. Біз бір жағынан Жерге ұқсайтын, екінші жағынан «тіршілікке қолайлы» аймақта тұрған (ауа қысымы тіршілік формалары үшін ең қажетті элемент – суды планетаның беткі қабатында ұстап тұратын жағдайы бар – ред.) ғаламшарды ашуға жақын қалдық, – деді Уорден.

Осы жылғы ғарыш саласындағы және бір ерекше жаңалық – алмастан жасалды – мыс деген ғаламшардың табылуы.

Тұтас қымбат тастан жаратылған бұл планета АҚШ астрофизиктері биыл ашқан алып «ғарыш үңгіріне» жұтылып кетсе, ұят болар. Көлемі Күннен 10 миллиард есе үлкен болатын бұл алып ғарыш үңгірлері бұрын – соңды ашылғандардың ішіндегі ең ірісі болып шықты.

Галактикада Жермен шамалас 17 миллиард ғаламшар бар екен. Мұны АҚШ – тағы Гарвар – Смитсон астрофизика орталығының ғалымдары дәлелдеп отыр.

Ғалымдар Жерге ұқсас үш аспан денесін тапты. Олардың бірі біздің ғаламшардан алыста емес.

АҚШ – тың Кеплер және Смитсониан обсерваторияларының астрономдары 158 мың жұлдыздың ішінен «Қызыл ергежейлі» аталатын 95 аспан денесін (ұсақ, суық жұлдыздар шоғыры) анықтап, олардың өлшемдері мен температураларын бұрынғыдан да нақты бағалап шықты. «Қызыл ергежейлілердің» 60%- ының Нептуннан кіші, ал үшеуінің өлшемдерінің Жермен тең екені белгілі болды. Астрофизиктердің есептеуінше, Жерге ұқсас ғаламшарлардың ең жақыны Күн жүйесінен 13 жарық жылы қашықтықта. Зерттеу тобының жетекшісі Кортни Дрессингтің айтуынша, Жерден аумайтын ғаламшар өзінің сыңарынан үнемі жасырынып жүреді.

Кеплердің өзге де жетістіктері көптеген жұлдыздар жүйесін анықтады.

Қорытынды

Сонымен егер біздің Күн жүйесіне ұқсас жұлдыздар жүйесі табылса, және біздің Жер планетасына ұқсас планета табылса онда адамзаттың бұл планетада өмір сүруіне мүмкіндік бар деп жорамалдауда.. Әзірге басқа галактикадағы жұмақ планеталарға ғарыш аппараттарынан телескоп арқылы қарап, сырттай тамашалаудамыз. Алайда француз жазушысы Жюль Верннің фантастикалық жорамалдарының барлығы дерлік өмірде жүзеге асқаны мәлім. Сондықтан ештеңеге таң қалуға болмайды. Бәлкім, енді ондаған жылдардан кейін ғарыш техникалары жетіліп, адамзат аспан әлемінің бір бұрышындағы басқа бір планетаға қоныс аударып қалар. Мен осы жоба бойынша зерттеу жұмыстарымды жалғастырып, адам игілігіне қолданғым келеді.

You May Also Like

«Армандап өткен ғұмыр» (Зордан Салықбаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде), ғылыми жоба

3.Тақырыбы: «Армандап өткен  ғұмыр» (Зордан Салықбаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде) Жалағаш ауданы…

Алманың пайдасы, ғылыми жоба слайд

Дәрежелік теңдеу тақырыбында, ғылыми жоба

ДӘРЕЖЕЛІ    ТЕҢДЕУГЕ  КЕЛТІРІЛЕТІН  ЕСЕПТЕРДІ  ШЫҒАРУ  ТӘСІЛДЕРІ Кіріспе Әрбір есеп  белгілі бір немесе…

Бөлмедегі өсімдік-Қазтамақ, ғылыми жоба

Жобаның тақырыбы: «Бөлмедегі өсімдік-Қазтамақ» Жобаның өзектілігі, қызықтылығы  Менің  осы қазтамақ гүлін таңдаған…