Жобаның тақырыбы:

«Бөлмедегі өсімдік-Қазтамақ»

Жобаның өзектілігі, қызықтылығы 

Менің  осы қазтамақ гүлін таңдаған себебім, тез өсетін, оңай көбейетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатқандықтан және қазтамақ гүлі әртүрлі  заттарға бай, оның гүлінің құрамында және сабағында танин, каротин, кальций, бояғыш заттар, амин қышқылдары, дәрумендер мен антибиотиктер бар.

Менің анам қазтамақ гүлін үйде емдеу жолдарына пайдаланады.Бірде менің денеме бөрткен пайда болғанда,анам  1 литр суға 3 ас қасық қазтамақ үгіндісін қайнап тұрған суға салып, үш сағат бұқтырып,  шомылатын суға қосып, терімді емдеп берді. Мен  анамнан бөріткенің тез кету себебін сұрағанда оны қалай қолданғанын көрсетіп айтты.

Тістің түбі ісініп босағанда 4-5 тал жапырақты сығып, қайнаған жылыған суға қосып, күніне 2-3 рет ауызды шаюға болады .

Анам қазтамақты косметологиялық жолмен де пайдаланады. Гүлдің

200 гр ұсақталған жапырағы мен гүлінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып, тоңазытқышқа қояды.

Дайын болған мұзды таңертең анам бетіне уқалап жағады. Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізеді, теріні жақсартуға көмектеседі.

Мақсаты: Бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Біздің сүйікті бөлме өсімдік –қазтамақ (герань) гүлі жайында жан-жақты ақпарат алу.  Қазтамақ гүлінің түрлері мен бөлінуі, қоршаған ортаға пайдасы, маңызы  туралы айта отырып, гүлді отырғызып, баптауды көрсету ақпараттық материалмен жұмыс жасауға, талдауға дағдыландыру;
Міндеттері:

  1. Дамыта оқыту жағдайында баланың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру;
  2. Тәжірибе жасауға, қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру және өзбеттілік ізденушілікті, ой-өрісін, тапқырлықты, сөйлеу мәдениетін дамыту;
  3. Табиғатты аялауға баулу, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.

Негізгі бөлім.

  • Қазтамақ гүлінің адамзатқа пайдасы.
  • Гүлді отырғызуды үйрету жолдары.
  • Қазтамақ өсімдігін дұрыс күту әдістері.

Мен  тәжірибе ретінде үш өскін алдым. Гүлдің жаңа өскіндісін кесіп алып, сабағын көбейтуге болады. Анам гүлдің құрылысын түсіндіріп, адамзатқа пайдасын, жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесінің жолдарын айтып түсіндірді.

Гүл дегеніміз – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Өсімдіктер өсу мүшелеріндегі қоректік заттар қоры жеткілікті мөлшерде жиналған кезде гүлдейді.

Гүл – тек  гүлді өсімдіктерге ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды.

  1. Гүл сабағы.
  2. Гүл табаны.
  3. Тостағанша жапырақша.
  4. Күлте жапырақша.
  5. Аталықтар.
  6. Аналық.

Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі.

Қызметі:

  • ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу (фотосинтез);
  • жасушадағы артық суды буландыру;
  • газ алмастыру;
  • органикалық заттарды қорға жинау;
  • көбеюге қатысу.

Бірінші өскінді жай су құйылған стақанға салдық, екіншісін шамалы, тек қана түбінде болатындай, корневина салынған суға қойдық, ал үшіншісін шымтезекке отырғызып қойдық.

Он күннен кейін үш өскін келесі нәтиже көрсетті: жай судағы және шымтезектегі өскіндердің  жапырақтары сарғая бастады, кейбір жапырақтары, әсіресе астындағы жағындағы, тіпті түсіп қалды. Ал корневинада тұрған өскін жақсы нәтиже көрсетті. Судағы және корневаинадағы өскіндерді  алып шығып, түптерін салыстырғанда оң корневинадағы өсін тамыр берді.

Біз оны ең бірінші қылып қыш құмыраға отырғыздық. Бірақ уақыт өте, басқа екі өскін де тамыр беріп, қыш құмыраларға отырғызылды. Соңында үш өскінді біріктіріп отырғыздық,  жақсы өсіп,гүлдей бастады. Шымтезек салынған стақанның түбін артық су ағып кету үшін алдын-ала тесіп қойдық. Екі апта ішінде, өсімдікті суарып, қураған жапырағын кесіп,тыңайтып алып, жарық мол түсетін жерге қойдық. Сөйтіп, қазтамақ тез өсетін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге  жататынын дәлелдедік.

Қорыта келе,  Мен,  гүл құрылысы мен өсімдігінің өсу мүшесі мен оның қызметін және гүлдің адамзатқа пайдасын білдім. Өсімдік мүшелерінің көбею жолдарын, өз көзімен тәжірибе  жасап көрсеттім.

Осы  қазтамақ гүлін  әдемі, тез өсіруіне, гүлденуіне  өсетініне сенемін. Қолданылғын әдебиеттер:

  1. А.В. Кириенко «Природа и ребенок» учебное пособие, Алматы, Атамұра, 2007
  2. Мақсұтбек Сүлеймен «Үй өсімдігін өсіру» мақаласы
  3. Алаш Айнасы-Республикалық қоғамдық саяси күнделікті газет 25.10.2012ж

«Үйдегі гүл көңіл күйдегі көтерме»

You May Also Like

Кәрібай Мүрсәлімұлының ақындық жолын зерделеу, ғылыми жоба

Тақырыбы:                       …

Тұлғаның рухани дамуына жалпыадамзаттық құндылықтардың ықпалы, ғылыми жоба

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат    маршруттары Секциясы: Этномәдениеттану…

1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты, ғылыми жоба

Тақырыбы: «1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты» Пікір 1916 жылғы…

Алма, ғылыми жоба слайд