Денсаулық – өмір жалғасының сәулесі.

Өз саулығыңа қамқор болса, жаныңа үнемі сәттілік серік болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет, оны ысырап етпеуі керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап оған үлкен зиян келтіреміз. Әр кім өз денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруларды ағзаға жолатпау адамдардың өз қолында. Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әрқайсысымыз дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Мен болашақ дене тәрбиесі мұғалімі болашақ жастардың дені сау ұрпақ тәрбиелеушісі ретінде осы жобаны ала отырып  » Дені саудың жаны сау » тақырыбын алдым .

Дене тәрбиесі біздің жалпы барлық адам баласының салауатты өмір сүруінің бірден бір саласы .  Мен болашақ жастарды еңбекке адамгершілікке жанының саулылығына , өмірге деген құштарлығына қалыптастыру және спортқа баулу .  Балалардың болашаққа деген арман тілегін айқындап алуын осы жобама қоса отырып Денсаулық аса құнды байлық екенін аңғарта отыра көрсетемін .

Салауатты өмір салты

  • Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасы
  • Зиянды әдеттерден аулақ болу
  • Денсаулықты сақтау нығайту, спортпен шұғылдану
  • Бос уақытты тиімді пайдалану болып табылады .

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның  да басты байлығы – денсаулық. Осыншама байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті – ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н. Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян. Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені – өзін – өзі сыйлағаны. Осыдан – ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Дегенімен соңғы жылы біздің өскелең ұрпақтың денсаулығы жағынан қатты төмендеп бара жатыр оған себеб біздің жалқаулығымыз және балалардың қызығушылығын оята білмеуміз болып табылады. Және қазіргі заманның ұрпақтарының  ұялы телефон сияқты интернет желісінің құрсауынан шыға алмауы деп ойлаймын . Менің ашып айқын түрде балаларды сабақ барысында болмасын сабақ үстінде болмасын әртүрлі сергіту сәтімен бастап олардың көңіл күйлерінің көтеріңкі болуын қамтамасы ету . Сонда ғана балалар оқу барысында өздерін жақсы ұстап көтеріңкі көңіл күйде бар білімді бойына жинақтайды .

Салауатты өмір салтын ұстану.Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды

Организмді шынықтыру . Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және тағы басқа. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет

Дұрыс толыққанды тамақтау :

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар, дәріс

Дәрістің тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар «Табиғи және техногендік сипаттағы…

Елдің материалдық мәдениетін көрсететін, тұрмысында қолданған заттарын саралау

Елдің материалдық мәдениетін көрсететін, тұрмысында қолданған заттарын саралау арқылы көптеген мәнді ақпараттар…

Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары

-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына  арналған МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ – «Қазақ…

Тың игерудің пайдасы

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары…