Ғылыми жоба тақырыбы:

Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі 

Жоспар:

 Кіріспе…………………………………………………………………………………………..
І. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы……………………

1.1  Х- Қазақстан-Түркия достық және бауырластық нышаны»»…….
ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Екі ел арасындағы мәдениет және түркі тілдес халықтарына тән  оратақ  салт дәстүрлер

2.2. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері…….

ІІІ. Зерттеу бөлімі

Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы мектеп оқушыларына қолданылатын ортақ ойын түрлері………………………………………………………..
Қорытынды………………………………………………………………………………………….

Кіріспе

Тәуелсіздігіміз қалыптасып, халқымыздың рухани өрлеуі мен тарихи санасы қалыптасып жатқан өтпелі кезеңде қазақ мемлекетінің алыс және жақын шетелдермен қарым-қатынас жасауы мен байланыстар орнатуы даму барысында.  Қазақ тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет Түркия болды. Оған дәлел екі ел арасында көптеген келісім шарттарға қол қойылып, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени, экономикалық, саяси қарым-қатынастар жылдан жылға тамырын терең жаюда. Қазақстан мен терең тарихи байланыстары бар Түркия, әрдайым Қазақстанның қасынан табылды және тәуелсіздігін алған күннен бастап халықаралық қауымдастық арасында лайықты орнын алуы үшін қажетті қолдаудың бәрін көрсетті. Екі ел арсындағы бауырластықтың белгісі ретінде 1991 жылдың 16 желтоқсанын да Қазақстан өз тәуелсіздігін жария еткеннен кейін екі сағат өтпей тәуелсіздікті мойындаған алғашқы ел болды Түркия. Екі ел арасындағы жоғары деңгейлі жүздесулер кезінде Қазақстан жағының мұны әлі күнге дейін ризашылықпен еске алуы біз үшін үлкен мақтаныш.

«1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР-і Президентінің шақыруы бойынша Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Осы сапар кезінде Н.Назарбаев пен Тұрғыт Озал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімде мәдениеттерінің, тілдерінің, рухани мұра мен дәстүрлердің ортақтығы біріктіретін екі ел халықтарының саяси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялы, мәдени, гуманитарлы, хабарламалық және басқа салалардағы ұзақ мерзімді негіздегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге ұмтылды».

Қазақстан мен Түркия арасында саяси, экономика, мәдени қатынасы тез дамып кетті. Бүкіл Түркия Республикасының Ата Түрік Мұстафа Кемал өзінің 10-жылдық тәуелсіздігінде сөйлеген сөзінен кейін 58 жылдан кейін қатынастық бастамасы еді. Бұл қатынас Түркияның 58 жыл бойы Қазақстанның тәуелсіздігін күткендігін, оған жақсы дайындалғандығын көрсетіп отыр. Екі Елдің арасында дипломатиялық достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары орнатыла бастады. 1994 жылы екінші түрік мемлекетінің басшыларының бас қосуы болды. Бұл бас қосуда Н.Назарбаев түркі мемлекеттерінің Президенттеріне Еуразия одағын құруға ұсыныс жасады. «Қазақстан мен Түркия арасында 9-жылдық дипломатиялық қарым-қатынаста 66 құжатта қол қойып, оның ішінде 49 мемлекет аралық құжатта қол қойылды».

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Түркия Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынас кең қанат жайды. Екі елдің арасында сауда қатынасы 1992-жылы 30 миллион АҚШ доллары болса, 1997 жылы-360 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2000 жылы-460 миллион АҚШ долларын құрады.

            Зерттеудің өзектілігі: Қазақ-түрік ұлттары арасындағы  бауырластық, ғылым және мәдениет қарым-қатынастарын ғылыми жұмысты зерттеу барысында нығайту, жас ұрпақтың бойына ұлттық және рухани құндылықтарды қалыптастыру.

            Зерттеу мақсаты: Қазақ- түрік елдерінің достық нышанын дәріптеу, ортақ ұлттық және рухани құндылықтарымен таныстыру, екі ел арасындағы мектеп оқушыларына қолданылатынын ұлттық ойын түрлерін дәріптеу.

     Зерттеудің міндеттері:

  • Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің дстық және бауырластық байланыстары туралы мәлімет беру;
  • екі ел арасындағы мектеп оқушыларына қолданылатын ұлттық ойын түрлерін дәріптеу.
  • білім алушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болуы керек, неге бейімделу қажеттігінен хабардар ету; ортақ ұлттық және рухани құндылықтарымен таныстыру;
  • Қазақ- Түрік мәдениетінің қайнар көздерін білім алушы жастарға ғылыми жұмыс барысында түсіндіру.

           Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі, маңыздылығы:

  • Екі ел арасындағы мәдениет және түркі тілдес халықтарына тән  ортақ  салт дәстүрлер
  • Бауырластықтың қаншалықты маңызды екенін саяси мағынада түрінде және болашақ жас ұрпақтың бойына дарыған қасиет екені ғылыми зерттеу барысында көрсетіледі.

           Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

           Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі екенін жастардың бойына жан-жақты түрде дамыту. Екі ел арасындағы байланысты оқушыларға білім беру мазмұнында ғана түсіндірмей, жаңа инновацилық әдістерді, соның ішінде бастауыш сыныпта қолданылатын ортақ ойындарды тәжірие барысынды анықтап, эстетикалық оң нәтиже беретінін толықтай жеткізу.

        Зерттеу жұмысының әдістері: бақылау, ғылыми әдебиеттер, озат тәжірибелер.

Ғылыми жұмыс құрылымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

  • Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықтың маңызын жан-жақты зерттеу. Тағы да екі ел арасындағы достық нышанының жақсы жақтары мен келешектегі маңын көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
  • Тәжірибе барысында екі ел арасындағы байланыста бастауыш сынып оқушыларына қолданылатын ортақ ойын түрлерін анықтап, олардың оқушыларға білім беру мазмұнында пайдасы зор екенін зерттеу барысында түсіндіру. Зерттеу барысынды бақылау мен эксперимент жүргізу арқылы нәтижесін анықтау, яғни жұмыстың практикалық мәні болып табылады.

          Ұсыныстар:

  • Қазақстанда бірнеше тілдік оқу курстары бар, соған орай түркі-тілдес, түрік халықтарының тілдеріне тегін қашықтықтан немесе арнайы оқыту курстары болашақта ұйымдастырылса, тілге деген құштарлықтары шексіз жастар үшін үлкен мүмкіндік болар еді.
  • Қалалық, аудандық, республикалық деңгейде түркі тілдес халықтарға байланысты, олардың салт-дәстүрі, тілі, дініне байланысты іс-шаралар және сол жаққа сапар шегуге тегін жолдама берілетіндей конкурстар ұйымдастырса болады.

І. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы.

  • Х- Қазақстан-Түркия достық және бауырластық нышаны» 

Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы – бүгінгі уақыт кеңістігінде біздің рухани тірегімізді одан әрі бекітуге, әлемге паш етуге аса қажет тұстарды айқын бағамдаған құнды құжат. Расымен, Еуропа халықтары өздерінің көне дәуірімен әлемге мақтанышпен қарайды. Бізде барша халықтың алдында, өз дәуірінде өзгеге үлгі болған, өзіндік мәдениеті мен өмір сүру салтын қалыптастырған көне түркілердің ұрпағы екенімізді мақтанышпен айта аламыз.

Қай халықтың болмасын, соның ішінде қазақтың да қалыптасуында өзіне тән ұлттық ерекшелігімен бірге өзгелерден  айырмашылығы көрінетін факт ретіндегі қайшылықтары да болады. Қазақ хандығының пайда болуы қазақтардың өміріне тұрақты ұлттық белгілерді әкелді. Бірте-бірте ұлттық өзіндік сана қалыптасып, ұлттық мінез бекіп көріне бастады

Кез келген ұлттық мәдениеттің сол халыққа ғана тән қайталанбас түпнұсқа екендігі белгілі. Көпұлтты Қазақстанның бай алуан жүзді мәдени-рухани мұрасында көпэтникалық бірегейлікті қалыптастыру этникалық бірегейлік пен этномәдени түпнұсқалықты сақтау негізінде қазіргі заманғы азаматты тәрбиелеу феноменін ұсынады. Ұлттық мұрат ұлттық сана-сезімнің дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ұлттық мұрат мемлекеттіліктің жан-жақты нығайып, ұлттың сәтті дамуына ықпал етеді және ол мемлекеттік жүйенің үдемелілік өлшемімен, қазіргі заман дамуының шын мәніндегі негізгі тенденцияларын не құрайтындығын ұғынуымен тығыз байланысты. Жалпы танылған ұлттық мұрат негізінде қоғамды ұйыстырып, әлеуметтік бірлікті нығайту кез келген көп ұлтты мемлекеттің қоғамдық өмірінің ең күрделі жақтарының бірі болып табылатын ұлтаралық және этносаралық қатынастарға оң ықпал етеді.

Екі ел арасындағы байланыстардың қалыптаса бастауының тарихына зер салсақ, ел Тәуелсіздігінің жариялануымен қатысты сөз қозғауға болады. Баршамызға белгілі, 1991 жылы Тәуелсіздік алған уақытта дербестігімізді алғаш танып, жарты сағаттан кейін құттықтаған Түркия Республи­касы­ның сол кездегі президенті Тұрғыт Озал болатын. Экономикалық байланыс, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас орнату мақсатындағы алғашқы қадамдар одан бұрын, яғни, Кеңес Одағы ыдырай бастаған уақытта басталған. Түркия үкіметі арнайы делегация жіберіп, саяси-экономикалық жағдайымызбен алдын ала танысып, ішкі дайындық жұмыстарын жүргізгенін атап өткеніміз жөн. Сан-салалы бағыттарды қамтитын екіжақты әріптестік қарым-қатынас әр жылдары сенімділік негізінде дамып келеді.

Қазақстан мен Түркияның арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және т.б. салалардағы байланыстар жылдан жылға нығайып келе жатқаны белгілі. Бүгінгідей жаһандану заманында түркі халықтарының өзара ықпалдастығының артуы да маңызды болып отырғаны жиі айтылуда. Оған себеп, шығу тегі бір, тамыры тереңде жатқан бауырлас халықтардың ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ынтымағы мен бірлігі, түсіністігі, ортақ дүниетанымы мен мәдениетінің қайнар бастаулары жаңарған уақыт кезеңінде де кең өріс алып отырғаны қуантады. 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Екі ел арасындағы мәдениет және түркі тілдес халықтарына тән  ортақ  салт дәстүрлер

Ұлы Түрік мемлекетінің халықаралық қатынас саласында қолы жеткен табыстары туралы айтқанда ең алдымен оның Қазақстан Республикасымен арадағы одақтастық саяси және достық қарым-қатынастары, сауда-экономикалық әскери-техникалық ынтымақтастықтары және ғылым, білім беру, мәдениет салаларындағы жемісті байланыстары ауызға ілігеді. Бұл түсінікті де. Бұрыннан-ақ Қазақстанмен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар Түркия мемлекеті Қазақстанды ол егемендігін жарияласымен-ақ, екінші күні таныды. Мүмкін, сондықтан да, мемлекеттің арасындағы қатынастарда ортақ саяси және экономикалық мүдделердің кең ауқымы орын алып отырғандығы да болар, олардың арасындағы қатынастар өте қарқынды дамып келеді.

Дербес дамуының алғашқы қадамдарында-ақ тәуелсіз тең құқыктылық негізде дүниежүзілік қауымдастыққа ену үшін,- деп түсіндіреді Қазақстан – Түркия қарым-қатынастарын Түркия мемлекетінің Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы күндерден-ақ үзбей өз бақылауында ұстап келе жатқан қазақстаңдық ғалым М.Б.Мұхамедов, – Түркияның саяси қолдауына аса зәру болды. Оған күштер байланысын құру мен Ресей патернализмінен босану үшін мүмкіндіктер алуға сыртқы байланыстарды диверсификациялау қажет еді. Әрине, қазақ пен түрік халықтарының рухани, тілдік, мәдени және тарихи ортақтығы үлкен роль атқармай қойған жоқ. Осының бәрін ескерген Қазақстан үшін дүниежүзілік қауымдастықта беделі өте жоғары Түрік мемлекеті батыстық мол қаражат көздерінен несие алуға кепілдік ете алатын иесіндей көрінді.

Қазақ бауырлары сияқты түріктер де күрес өнерін жетік меңгерген ұлттардың бірі. Ұл баланы жастайынан күреске баулиды. Түріктер осы күрес балуандары арқылы әлемге танылып отыр.  Қазақстан күрес құрамаларының арасынан да түрік балуандарын кездестіруге болады.

Қазақтар сияқты түріктерде де құда түсу салты бар. Қыздың келісім беру, бермеуі жігіт үшін үлкен сынақ. Сол себепті жігіт қыздың ойын білу үшін алдын ала алма беріп жібереді. Қыз көнген болса, жауап ретінде өз орамалын салып жібереді. Алайда екі жастың қосылуы тікелей әкенің қолында. Ұлдың әкесі туыстары арасынан екі-үш сыйлы азаматты ертіп, қыздың әкесіне жолығып, дастарқан басында келген шаруасын айтады. Түріктер арасында қыз жағы іштей келіскенімен, әдеп сақтап, бірден келісе салмау салты бар. «Қызым тым жас» дегенді тілге тиек етеді. Жігіт жағы үшінші рет келгенде ғана өз келісімдерін беріп, батасын береді. Ризалық белгісі ретінде жаңа құдаларға сый-сияпат көрсетіп, дастарқанға палау, халва, шербет қояды. Ас соңында қалынмал мәселесін шешіп, үйлеріне тарқасады. Үйлену тойына дейін жігіт қызға жүзік, сақина, орамал, тағы да басқа сыйлы сыйлықтар жіберіп тұрады. Қалыңдық жігіттің сыйлаған жүзігін саусағына салып нишанлы, яғни некесі қиылған болып саналады. Жаулық салып, шашын жібермей, явуклу, яғни ұзын етекті киімдер киім, ашық-шашық жүруді қояды. Той болардың алдында қалыңдықтың қол-аяғын қынамен бояйды, қыз «хналы» аталады. Той күні жігіт қалыңдығына айна мен тәтті тарту етеді. Тәттіні сыйлауы алдағы өмірі тәтті болсын дегені, ал айнаны ұсынуы қалыңдықтың қуаныштан нұрланған ақ дидары әрдайым сұлу қалпын сақтасын дегенді білдіреді.  Той әсем ән мен би, толы дастарханмен жалғасып, балуандар күресі, ат жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерін өткізумен аяқталады.

Түріктер арасында құдалар екі рет құдаласатын кездер де болады, яғни келінінің ағасы жігіттің қарындасын алуы мүмкін. Ондай дәстүрді бастан кешкендерді «қайшы құда» деп атайды. Қазақта жеті атаға толмай, қан жаңармай екі жасты қоспайтын болса, өкінішке орай түріктерде ондай олқылық жиі кездесіп отырады екен. Жақын туысына үйленгендіктен әлсіз, ақылы кем, кемтар түрік балалардың өмірге келуі орын алуда.

Қонақжайлылығынан қазақтан кем түспейтін түрік ұлты үйіне келген қонақты жоқ дегенде бір кесе шай ішкізбей жібермейді. Қазақтармен бірге өскен түріктер арасында нан ауыз тию салты да қалыптасқан. Алғыс айту, кешірім сұрау қарапайым түрік ұлтына тән қасиет.

Қазақ халқында «ләңгі тебу» ойыны түрік халқында да қолданыста екен.

Ләңгі – көшпенді қазақтың балалары ешкінің тулағынан кесіп алған бір жапырақтай теріге немесе ешкі құйрығына оймақтай қорғасын құйып жасап, теуіп ойнайтын ойыны. Бұл ойынның ережесі осы қалпында сақталып, жас ерекшелігіне қарамастан ойнатыла береді.

2016 жылы Түркияның Бурса қаласында, Қожайлы жайлауында түркі халықтарының ұлттық спорт түрлері фестивалі өтті. Түбі бір түркі жұртын түгел жиған осы аталмыш іс-шарада әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық рухани қасиеттерін дәріптеу мақсатында көрме ретінде көрсеткен болатын. Бұл шара сол жылдары алғаш рет ұйымдастырылған. Оған барлық түркі тілдес ұлт өкілдері қатысты, сонымен қатар өзіміздің қандастарымызда ұлттық ойындарымызды дәріптеп қайтті. Түркі тілдес халықтар әр түрлі ұлттық ойындарын көрсетіп, жаңартып жүрді. Ал түрік халқының стратегиялық ойындары толығымен көрсетіліп, фестивальде өзіндік ерекшелікті қалыптастырғандай болды. Олар садақ ату, аударыспақ, қылыштасу, атқа міну, күрес, асық ату, тоғызқұмалақ атты ақыл ойындарды ойнатты. Міне, дәл осы жерден біз қазақ-түрік арасындағы бауырлмалдық, достық нышанындағы ұлттық қасиетін байқасақ болады. Түрік халқының қолданылған ұлттық ойындары қазақ халқымыздың ежелден дәріптеп келе жатқан ұлттық ойындарымен ұқсастықтары орасан зор. Екі ел арасындағыбайланысты ортақ ойындардан көруге болады. Бұл фестивальдің ең тиімді, пайдалы тұстары ол, барлық түркілес халықтардың ортақ мәдениеттерін, ұлттық ойындарын өскелең ұрпаққа қасиет ретінде, салт-дәстүр ретінде қалдыру мақсаты болып отыр. Сонымен қоса ол, әрине қазақ-түрік арасындағы достық нышанын нығайту мақсатында да жүзеге асты деп айта аламыз.

2.2. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қазақстан тек Түркия Республикасымен ғана емес, жалпы басқа елдермен арадағы сауда-саттықта саудалау заты негізінен шикізат болып келетіндігі ешкімге де жасырын емес. Сондықтан, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев үнемі айрықша атап, нақты көрсетіп келе жатқанындай, Қазақстан өндірісі шикізатты неғұрлым терең өндеуге, қосымша құнды көтеруге басты назар аударуы керек. Демек, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыс саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағытында қолға алынатын жұмыс жеткілікті. Бұл жұмыстың негізгілерінің бірі — аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыс саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіруді, дүииежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды бұлжымас мұрат деп білу керек.

Түркия-Қазақстан арасындағы ғылым, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды сөз ететін болсақ, ең алдымен 1991, 1992, 1996 жылдары Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдениеті мен өнері күндерінің өткізілуі, Алматы және Анкара қалаларында кинофестивальдар ұйымдастырылуы, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесін жөндеу жұмыстары, Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтардың ақындық шығармашылық мерейтойларын атап өту шараларынын ұмытылмайтын, екі ұлт үшін де пайдалы, ұлағатты, тағылымды істер болғандығын айтуға болады.

Сонымен қатар, бұл саладағы өзара туыстық байланыстардың бірегейі ретінде Түркия мен Қазақстан арасында 1992 жылдың 31 қазанында Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы Өкіметтері арасында Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуына келісім жасалуын атап көрсету орынды.

Бүгінде аталмыш университетте түркі дүниесінен келген 10 мыңнан астам оқушы білім алуда. Университет алғашқы түлектерін ұшырды және бұл түлектер Қазақстан-Түркия және басқа түркі елдерінде де биік парасаттылықпен халқымызға қызмет етуде.

Туған ағасындай бауырласы Түрік мемлекетінен үлгі алған Қазақстан Республикасы халықаралық қатынаста біршама жетістіктерге қол жеткізді.

Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.

Айталық аз уақытың ішінде-ақ екі ел арасында қызу қарым-қатынас жанданып жүре берді, заңды база қалыптасты. Оның мысалы екі ел мемлекеттері бірінші басшыларының үкіметтері мен ммнистрліктерінің ведомстволар мен кәсіпорын басшыларының жоғары денгейде қол қойған шарттары, декларациялар, келісімдер және алынған міндеттемелер. Екі ел парламенттері арасында да қызу достық, ынтымақтастық әрі өзара түсініскен мықты байланыс бар. Ал, мәдениет өнер және білім беру салаларындағы байланыстар екі халықтың бір-біріне жақындасуына, қарым-қатынастардың татулықпен негізделуіне ықпал етті. Өйткені, екі елдің тарихында, тіл және мәдениетінде ортақ ұқсастықтар көп-ақ. Сондай ортақ тұстарынан көп өолданылатыны ол- ұлттық ойындар және бастауыш сынып оқушыларына арналған дәстүрлі ойындар. Ол туралы зерттеу бөліміде толығырақ тоқталып өтемін.

Жоғарыда біз ерекшелеген жағдайларға, сондай-ақ екі ел арасында орныққан ортақ рухани, саяси және экономикалық мүдделердің ауқымды орын алып отырғандығына орай олардың арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары әлі де өте қарқынды дамып келеді.

Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның Азиялық аймақтық процестерге терендеп енуіне, Орталық Азия мемлекеттерінің көбіне ортақ түркі өркениетін қайта жанғыртуына жәрдемдесті. Туркияның, Қазақстанның және басқа түркі тілдес мемлекеттердің арасындағы тығыз қатынастарды дамыту аймақтағы күштердің ара салмағына елеулі ықпал жасады. Мұның бәрі және бірқатар басқа факторлар Қазақстан-Түркия қатынастарының тарихи бастауларының негізгі кезеңдерін зерттеген тұста болашақ бағыттарын анықтаудың айрықша көкейтестілігін көрсетіп берді. 

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3.1 Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы мектеп оқушыларына қолданылатын ортақ ойын түрлері

Мен, өзімнің зерттеу жұмысымның зерттеу нысаны ретінде, екі елдің балаларына қолданылатын ортақ ойын түрлері. Зерттеу мерзімі: 2019 жылдың сәуір және мамыр айларын қамтыды. Жалпы зерттеу жұмысым екі кезеңнен тұрады: алғашқысы мектеп оқушылары арасындағы қазақ- түрік елдерінің ортақ қолданатын ұлттық ойын түрлерін бақылау, зерттеу. Ойын ойнау барысында оқушыларға тек қана ойын ережесін түсіндіріп қана қоймай, ол ойынның басқа елдің ойынымен де ұқсас тұстары бар екенін түсіндіру. Келесі кезең: сауалнама. Мен бұл кезеңді интервью әдісімен зерттедім. Сауалнама ауызша жүргізілді. Қалада, мәдени орындарда серуендеп жүрген тұрғындардан ашық сұхбат алдым. Сауалнама  нәтижетсі төмендегі кестеде және диаграммада көрсетілген.

Зерттеу барысы төмендегідей болды:

1. Сіз қазақ- түрік ұлттарының достық нышанының маңызы неде екенін білесіз бе?  a) жан-жақты ақпараттанған ;

ә) кейбір мәселелер туралы түсініктері көмескі;

б) жауапсыз қалғандар.

2. Екі ел арасындағы қандай ортақ мәдениетті және қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан ойын түрлерін білесіз?  a) жан-жақты ақпараттанған ;

ә) кейбір мәселелер туралы түсініктері көмескі;

б) жауапсыз қалғандар.

3. Қазақстан мен Түркия елдерін байланыстырып тұрған алтын көпір туралы не айта аласыз? Ол қандай мағынада айтылған? a) жан-жақты ақпараттанған ;

ә) кейбір мәселелер туралы түсініктері көмескі;

б) жауапсыз қалғандар.

  • Бақылау кезеңі, сауалнама әдісі (интервью): алдын ала белгіленген сұрақтарға берілген жауаптар келесі құрамда талданып, төмендегідей қорытынды жасалынды (сауалнаманы талдау үлгісі):

Нәтижесі төмендегідей болды:

Нәтиже: 1-сұрақ 2-сұрақ 3-сұрақ
10 адам сұхбат берді 70% 55% 75%
  • Зерттеу кезеңі, практикалық жұмыс: мектеп оқушылары арасындағы қазақ- түрік ұлттарының ортақ қолданатын ұлттық ойын түрлерін бақылау, зерттеу. Ойын ойнау барысында оқушыларға тек қана ойын ережесін түсіндіріп қана қоймай, ол ойынның басқа елдің ойынымен де ұқсас тұстары бар екенін, адам бойына өзіндік адамгершілік қасиеттерді дарытатынын түсіндіру.     

Қазақстан мен Түркия елдерінің ортақ қолданылатын ұлтттық ойын түрлері: Тоғызқұмалақ (togyzkumalak), атқа міну (Binicilik), күрес (гуреш), аударыспақ (audaryspa), садақ ату, ләңгі тебу, асық ату (asyk atu), арқан тартыс (römorkör halat), қылыштасу, көкпар, теңге алу, қол күрес, ал мектеп оқушылары қолданатын ойын түрі- футбол. Түрік ағайындар бәйге, көкпар, аударыспақ ойындары секілді жирит ойыны да халықаралық деңгейде өтеді екен.

Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінде де ұқсас қасиеттер мол. Мысалы, түркілердің негізгі спорттық ойыны саналатын күрес күрэш, гүрәш ретінде Орталық Азия, Орал-Еділ бойы, Кавказ, Анадолы мен Балқан түркілерінде өте кең таралып тойлар мен салтанатты жиындардың сәніне айналған. Осы сияқты,  қырғыздарда көкбөру, қазақтарда көкпар, өзбектерде көпкари немесе оглак түрінде танымал ат спортының тамыры тереңде жатыр. Бұл спорт түрінің көптеген үлгілері Анадолы мен Кавказда да кездеседі.

Бұдан бөлек, балалар ойыны мен ойыншықтарында да ұқсастық көзге көрінеді. Атаулардың (тоғызқұмалақ, ақтерек, ақсүйек, қуыршақ) және ойын ережелерінің бірдейлігі олардың түркі халықтары үшін ортақ қазына екендігін айғақтайды.

Әрбір ойынның өзіндік ережелері болады. Бұл аталып өткен ұлттық ойын түрлері қазақ- түрік халықтарында тек қана ойнау барысымен ғана сипатталмайды. Әр ойынның өз ерекшелігі бар дегендей олардың халық үшін, ұлт үшін маңызы өте зор. Осы ойындар екі елдің арасындағы достық нышанының тағы бір тұсы деп айтсақ та болады.

Асық ойыны

Асық ойыны– түгелдей қозғалыс. Баланың он екі мүшесі, бұлшық еттері, толық қозғалысқа түседі. Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды. Ұлы ақын Абай атамыз да асық ойыны, яғни «Ханталапай» ойынын жақсы ойнаған. Асық ойындарының бір түрі-ханталапай. Бұл ойында мектеп оқушыларында жиі қолданылады. Ойынның ережесіне кішкене тоқталып өтейін. Ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші асық «хан» болады. Барлық бала ойынды толығымен ойнайды.

Теңге ілу» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады.Бұл ойын адам бойына жақсы қасиеттерді әкелетіні сөссіз.

 

Күрес ойыны, түрік халқында оны «гуреш» деп атайды. Күрес ойыны кішкентай баладан бастап, үлкейген адамдарда да жиі ойнатылады. Күрестің пайдалы жақтары өте көп. Қазіргі таңда әлемдік деңгейде бұл ойын түрі кеңінен қолданылады.

 

Қорытынды

Өз халқына деген, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігі, өз халқы өмір. сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуын мектеп қабырғасында үйрету, әр баланың ұлттық рухта қанаттануының негізі болмақ.  Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар – ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ болмақ. Сол себептен де жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет. Осы ұлағатты пікірді өзіме ту ете ұстап, ел тарихын, халық тағдырын ойлайтын егемен еліміздің патриот азаматтарын тәрбиелеуде өз үлесімізді қоса берейік дегім келеді. Патриоттық ол тек өз ұлтын ғана сүю деген мағына емес. Өз ұлтының басқа ұлттардан өз ерекшеліктері бар екенін түсіну, ұғыну. Сонымен қатар өз ұлтының басқа ұлттармен немесе мемлекетпен тығыз байланыстарын, ортақ тұстарын да білу маңызды. Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы.

Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы – бүгінгі уақыт кеңістігінде біздің рухани тірегімізді одан әрі бекітуге, әлемге паш етуге аса қажет тұстарды айқын бағамдаған құнды құжат. Расымен, Еуропа халықтары өздерінің көне дәуірімен әлемге мақтанышпен қарайды. Бізде барша халықтың алдында, өз дәуірінде өзгеге үлгі болған, өзіндік мәдениеті мен өмір сүру салтын қалыптастырған көне түркілердің ұрпағы екенімізді мақтанышпен айта аламыз.  Қай халықтың болмасын, соның ішінде қазақтың да қалыптасуында өзіне тән ұлттық ерекшелігімен бірге өзгелерден  айырмашылығы көрінетін факт ретіндегі қайшылықтары да болады. Қазақ хандығының пайда болуы қазақтардың өміріне тұрақты ұлттық белгілерді әкелді. Бірте-бірте ұлттық өзіндік сана қалыптасып, ұлттық мінез бекіп көріне бастады

Кез келген ұлттық мәдениеттің сол халыққа ғана тән қайталанбас түпнұсқа екендігі белгілі. Алайда түпнұсқа деп асырып сілтейдің қатты қажеті жоқ. Себебі, әр ұлтта қолданылатын салт-дәстүр болсын, ұлттық ойындары болсын ұқсас тұстары болуы әбден мүмкін. Екі елдің жаңа көкжиегі- екі елге де ортақ қолданылатын ұлттық ойындар екені, бауырластықты жалғастырушы да осы екені сөссіз.

Қазақстан көпұлтты мемлекен қана емес, сол ұлттардың достық нышанын дәріптейтін бірден бір дана ел деп айта аламын. Түркия мен Қазақстанның достығы үзілмей, жаңарып, талай жетістіктерге жететініне кәміл сенемін. Байрағымыз желбіреп, даңқымыз арта берсін! Осы жобам бойынша мен көптеген мәлеміттердің куәгері болдым. Осы кереметтей тақырыптағы жұмысымды алдағы уақытта тек бір жерде ғана емес, талай шыңдарда дәріптейтініме сенімдімін!

You May Also Like

Қымыз, ғылыми жоба слайд

Әл-Фарабидің философиясы мен трактаттарындағы адамгершілік мәселелері, ғылыми жоба

Еркін күрес және оның әдістемесі, ғылыми жоба

Жобаның тақырыбы: Еркін күрес және оның әдістемесі Еркін күрес, кілем үстінде әдіс…

Асан Қайғы Сәбитұлы. Жер жаннаты – Жерұйық, ғылыми жоба

Тақырыбы: Асан Қайғы Сәбитұлы. Жер жаннаты – Жерұйық Секциясы: әдебиет «Асан Қайғы…