Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Адам еңбекпен шыңдалады.

Сабақтың тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.   Еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру. Еңбектенуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,суреттер,мақал -мәтелдер,шарлар тб.

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде ,

Сәлемдесіп  аламыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен бас иіп,

Сәлем бердік біз.

Мұғалім:   Ал, енді балалар бәріміз тақтаға назар салайық.

«Еңбек түбі- зейнет» Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді.Еңбек етсең ешнәрседен кем болмайсың,барлық нәрсеге қол жеткізесің.Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып,әке шешелеріңді қуанту.жалқау,еріншек балалар еңбектеніп оқымайды.

«Еңбексіз өмір- сөнген көмір» Көмір отын екенін білесіңдер балалар.Ол жылыту үшін қажет.Ол жанбаса жылу бола ма?Әрине жоқ.Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.

«Еленген еңбек өнімді»  Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалмайды.Олардың аттары тарихта қалады.Мысалы Абай Құнанбаев атамыз

Көп еңбектеніп аты әлемге белгілі.Биыл 175 жылдығын тойлап жатырмыз.Осы атамыздың мәнді де мағыналы өлеңдерінің бірі «Адам болам десеңіз» жырымен бастайық.Кезекті 2 «ә» сынып оқушыларына берейік.

Хадича   «Адам болам десеңіз»

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап,босқа күлуге.

Хор:  «Болайықшы осындай»

Көркем:  Гүл өсірсең, терлеп,мұның аты еңбек,

Кесте тіксең зерлеп,мұның аты еңбек.

Сабағыңды жөндеп,әзірлесең еңбек,

Қиындықтың бәрін,еңбек ғана жеңбек.

Назерке:  Адамдық борышың,халқыңа еңбек қыл,

Ақ жолдан айнымай,ар сақта оны біл.

Талаптан,білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз,болады ақыл тұл.

Сандуғаш:     Білім терең егіз бе,

Білім еңбек егіз бе.

Рухани азығым осы екеуі деңіз де.

Дейді атам білімді еңбекпенен сен ізде.

Мұғалім:   Сандуғаш сенің атаң өте дұрыс айтады.Білім  мен еңбек егіз.Білім терең теңіз.Білім арқылы еңбектің қыр сырын ұғасың.Мұғалім мен ақын да,ғалым  да,шахтер де,ұшқыш та,дәрігер де бәрі білім арқылы еңбек етеді.

Ауа ,су тағам.Ауа,су- табиғаттың адамға берген сыйы.Ал,тағам дегенде бірден еске түсетіні- нан.  Нан еңбекпен келеді.Адамның өмір сүруге қажетті басқа да қажетті киімі,үй,оның ішіндегі заттар бәрі де еңбекпен келеді.

Азамат:   О,адамдар айтарым бар,

Нанды баспаңдар.

Онда қол жетпейтін аспан бар.

Әлі ешкім жазбаған дастан бар.

Нан өмір,нансыз тыныштық болмайды.

Төңіректі мұң,жерді шаң торлайды,

Ел бірін бірі жалмайды.

Аман Інжу: Нан ән,нан дән,

Нан өмін,нан тыныштық.

Нан тіршілік нәрі.

Көрініс: «Қайдан келдің,бауырсақ?»

Автор: Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып,көзін сап.

Қуыршақ:  Қайдан келдің бауырсақ?

Бауырсақ: Дүкеннен келдім ,нан сатқан.

Қуыршақ: Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ: Наубайдан келдім нан жапқан.

Қуыршақ: Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:  Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ: Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ: Даладан келдім жан -жақтан,

Жер анам менің көсілген.

Диқандар мені өсірген.

« Шегіртке мен құмырсқа» өлеңін рөлге бөліп оқу.

Автор:Нұрсая,    Шегіртке: Каусар,     Құмырсқа:Бейсен Інжу.

Көрініс:   «Әке мен бала»

Орындаушылар: Әкесі: Жолбарыс Ерасыл.

Баласы: Құдайберген Асан.

Темір ұстасы: Ахметов Бердиер.

Шие сатушы:  Алибекова Әсемай.

Ойын:   «Жалғасын тап»   Мақал мәтел жасырады,жалғасын табу керек.

1  Жаманға жан жуымас,  (Жалқауға мал жуымас.)

2  Еріншек түске дейін ұйықтайды,  ( Кешке дейін есінейді.)

3  Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,    (Еріншек ұйқыдан қиналып тұрады.)

4  Егінді жабайы шөп аздырар,  ( Ерді еріншектік аздырар.)

5  Еріншекке бүгіннен ,   (Ертең оңай)

Ендігі кезекті өнерлі оқушыларымыздың ән жырларын тыңдауға шақырамын.

Ән .  «Ақ мамам»     Орындайтын:  Аман Інжу.

Ән.   «Алғашқы ұстаз»  Орындайтын:  Ахметова Баршиной. Нармуратова Дариға.

Ән.    «Оқуда озат боламын»  Орындайтын:  Тағабай Гүлбу.

Би.    «Қазақ биі»  Қыздар тобы.

ХОР.    «Қазақстан»  әні.

Осымен біздің   2 «ә»  сынып оқушыларының  «Адам еңбекпен шыңдалады» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды.  Көріп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

You May Also Like

Адам және оның құқықтары, сабақ жоспары

Адам құқығы мен бостандығы, сабақ жоспары

Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі, сабақ жоспары

Қазақ күресі, сабақ жоспары