Жобаның тақырыбы:
Еркін күрес және оның әдістемесі

Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін  түрде жасалынатындықтан осылайша аталған. Еркін күрес- сұлулықты бар қырынан көрсететін спорт түрі деп білемін. Нақтырақ айтар болсақ,  рухани жан дүние танымымен, дене бітімінің келісті, мінсіз болып бой түзелуі. Еркін күрес үлкен еңбекқорлықты, табандылықты, ерік-жігерді қажет етеді. Бұл спорт түрі – тез арада шешім қабылдауға, батыл және табанды болуға,  биік шындардан көрінуге және еңбек жұмыс қабілетін жоғарлатуға ықпалын тигізеді. Ал, еркін күреспен жүйелі түрде айналысқан  қыз баласының бойында  тартымдылықпен мақсатқа деген талпынушылық қасиеттерін бірден байқауға болады.

Жобаның өзектілігі

Күрес- әртүрлі мағына мен ойлардан құралады. Өмірге, жеңіске, жетістікке, биікке, жақын адамына деген сан алуан күрес, сан алуан қимыл. Бірақ, сол күрестің басты мақсаты-жеңіс. 

Ерекше дәрежелі жарыстарда жоғары жетістіктерге жету, биік белестерді бағындыра отырып, нәтиже көрсету тактикалық әрекеттерді сәтті орындауға байланысты. Жобаның басты өзектілігі- физикалық дайындық, техника-тактика әдіс-тәсілін жүйелі қолдану мен бағыттау үшін оқу жоспары мен жұмыс бағдарламасы  мен жаттықтырушының  қолдану әдісінің тиімділігіне байланысты негізделеді. Балуандарда мықты, икемді болуға деген ұмтылыс күрес жаттығуларымен үзбей, ұдайы айналысу нәтижесінің ұтымды жемісі. Еркін күрес түрі жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, әртүрлі байқауларға қатысуға жол ашып, оқу жоспарымен жұмыс бағдарламалары бойынша жаттығушылардың қолдану әдістерін тиімді  жүргізуге негізделген. 

 Жобаның мақсаты:

Оқу бағдарламаларында жаңа ережелерді қолдану және процесте жүйелі түрде  іске асыру.

Жастар арасында бәсекелестікті күшейтуге ықпал жасау және де ғылыми әдістемелік басылымдарды талдау,саралау  жан-жақсы қолданысқа қажеттісін анықтап алу.

Колледжде еркін күрестің әдіс-тәсілдерімен, техника-тактикасымен ерекшеліктерін бұқаралық сабақтар арқылы қамтамасыз ету,талқылау.

 Салауатты өмір салты қағидаттарын  студентттерге жүйелі түрде іске асыратын оңтайлы жағдайлар жасау;

Еркін күрес арқылы жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, рухани түсінігін барынша қалыптастырып, шымыр дене бітім  мен өмірлік ұстаным қағидаттарын саралау, өз өмірлік жолын анықтауға бағыт-бағдар беру. 

Міндеттері:

Білім беру:

еркін күрес техникасын, спорттық терминологиясын меңгеру арқылы сөздік қорын байыту,қолданыс аясын кеңейту;

Дамыта оқыту:

балуандарға жарыс барысында қажетті дене сапаларын дамыту, өз дене күшін  тиімді қолдануға, бағалай білуге үйрету;

Тәрбиелік:

оқу-жаттығу процесінде және жарыс кезінде спортшылардың өзін-өзі бақылау, қарсыластарына деген кұрмет, патриоттық, ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіру, жүмыс барысында қолдану; 

Жобаға қатысушылар: Студенттер, бастапқы кезендік дайындық топтары.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2021-2023 жылдар аралығы

Жобаны іске асырудың кезеңдік жоспары:

  • Бірінші этап – Мәселені анықтау, саралау,талдау.
  • Негізін құраушы сұрақ
    • Неліктен еркін күрес әдіс-тәсілдері кәсіптік –колданбалы бағытта қажет?
  • Проблемалық мәселелер
    • Еркін күрес адамның еңбек істеу қабілеттілігін жоғарлата алады ма?
  • Оқу сұрағы
    • Еркін күрес спорт түрінің әдіс – тәсілдері қандай?
  • Екінші этап – Дайындық
    • Осы жоба аясында колледжде күрес залы құрылған, бастапқы кезендік дайындық деңгейдегі студенттер  айналыса алады.
    • Еркін күрес жұмыс бағдарламасы әзірленеді, қарастырылып, жоспарға еңгізіледі.
    • Бірінші курс студенттері үшін іріктеу және оқу процесінің кестесі жасалады.
  • Біріншіден, жаңадан келген спортшы жалпы және арнайы дайындықтардан өтуге және жарыстарда жеңіске жетуге деген өршіл ниетке ие болуы қажет.
  • Екінші,Үшіншіден, Еркін күрес  күштік, ептілік және төзімділіктің жоғары деңгейін талап етеді. Сол себептен де, барынша студенттің бойынан осы қасиеттерді тауып, ары қарай дамыту. 
  • Төртіншіден, спортшының икемділігі болуы қажет.
  • Бесіншіден, спортшы өзіне қажетті  қимыл-қозғалыстарды жақсы үйлестіре білуі қажет. 
  • Алтыншыдан, қатысушылар айтарлықтай көлемде күштік, монотонды жұмысқа эмоционалды-еріктік тұрақтылықты дамытуы керек.
    •  
  • Үшінші этап – Практикалық кезең
    • Еркін күрес секциясының жұмысы аптасына екі рет 1,5 сағаттан өткізіледі.
    • Еркін күрес бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу кезінде сөздік (түсіндіру, әңгімелесу), көрнекі (Презентацияларды көрсету, иллюстрация әдісі), практикалық жаттығулар мен жобалық әдістер қолданылады.
    • Жобаны жүзеге асырудың бір тәсілі – көшбасшының айқын мысалы-еркін күрес бойынша әртүрлі деңгейдегі (облыстық, Республикалық жарыстарға қатысу)
    • «Еркін күресті спорт түрі ретінде дамыту» жобасы аясында тек оқу-жаттығу сабақтары ғана емес, жарыстар да ұйымдастырылады.
  • Төртінші этап – қорытынды – бақылау нормативтерін тапсыру.
  • Жоғарыда жазылған жабамның барынша сапалы да жемісті боларына сенімім мол. Себебі, менің елімде де спортқа деген қызығушылығы мол жасөспірімдер өсіп келеді.
You May Also Like

Қызанақтың өсуі және адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қызанақтың өсуі және адам ағзасына пайдасы» «Қызанақтың өсуі және адам ағзасына…

Темекінің адам денсаулығына зиянды әсері, ғылыми жоба

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері  Тақырыптың  өзектілігі  мен жаңашылдығын  аша отырып  жасөспірімдерге  темекінің…

Қазақтың ұлттық тағамы–құрт, ғылыми жоба

Қазақтың ұлттық тағамы–құрт Ғылыми жоба тақырыбы:  Қазақтың ұлттық тағамы–құрт Мазмұны Аңдатпа 2.…

3D модельдеу, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: «3D модельдеу» Аннотация Мақсаты: 3D  модельдеудің заманауи жолдары мен…