Қазақтың ұлттық тағамы–құрт

Ғылыми жоба тақырыбы:  Қазақтың ұлттық тағамы–құрт

Мазмұны

  1. Аңдатпа
    2. Кіріспе
    3. Құрттың жасалу жолы
  2. Құрттың адам денсаулығына пайдасы
  3. Менің арманым

Аңдатпа

Бұл жобада қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқаратын мал шаруашылығының , соның ішінде «Зеңгі баба» деп пір тұтқан сиыр сүтінен жасалған осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі тағам  түрлерінің бірі құрт және құрттың пайдасы  туралы айтылған. Құрттың жасалу жолдары, түрлері және адам ағзасына тигізер әсері жайлы мағлұматтар қарастырылған.

«Құрт»–сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді.  Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.

Аннотация

В данном проекте рассматривается  роль  животноводства,  занимаюшего  важную  роль  в жизни казахского народа, а именно дошедшего до нас под названием «Зенги баба» покровителя особо ценимого казахами коровы, из молока которой изготовлялся известный всем с давних времен курт и говорится о его полезных свойствах.

Приведены сведения о способах приготовления, видах курта и о его пользе  для организма человека.

Значение слова «курт» – это «сухое» или «высушенное» молоко. Этот продукт богат белками и очень полезен для здоровья человека.

 Кіріспе

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел – жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас–адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал – мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн – жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, ретін таба білген.

Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және ұн (ұн тағамдары).

Бұл жобада қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқаратын мал шаруашылығының , соның ішінде «Зеңгі баба» деп пір тұтқан сиыр сүтінен жасалған осы заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі құрт туралы айтқымыз келді.

Құрт – қазақ халқының сүттен жасалған  ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын өте көне  түрінің бірі.

Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай , жақсы сақталған. Бізді қазақ құртының және  құрттың жасалуы әдістері мен кейбір тағамдарға қосымша қолданылатындығы қызықтырды. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі         – сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағым келді.

Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған.

Жобаның негізгі мақсаты:

Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Құрттың жасалу әдісін  түсіндіріп, көрсету.

Жобаның міндеттері:

  • Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу
  • Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
  • Құрттың жаcау әдісін зерттеу
  • Құрттың еліміздің әр аймағындағы жасалу технологиясын анықтау.

Жобаның өзектілігі:

Әр түрлі ауруларға қарсы имунитетті нығайтатын дәрумендері бар құрттың адам денсаулығына пайдасын халыққа насихаттап, күнделікті ас мәзіріне қосу

Зерттеу жұмысына қолданған әдіс-тәсілдерім:

– Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

– бақылау

– зерттелген нәтижеге талдау жүргізу 

Құрттың жасалу жолы

Құрт – малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Пісірілген жылы сүтке 1 ас-қасық ұйытқы салып араластырады да, қақпағын жауып, жылылығын ұзақ сақтау үшін сыртын орап қояды. Арада 5-6 сағат өткен соң сүт ұйыйды. Ұйытылған сүт  айран деп аталады. Енді айранды қатыққа айналдыру үшін оны күбіге құямыз.

Әдетте қатықтың бетінде 1-2 елі қаймағы (маңызы) болады. Сарымайға айналатыны сол. Күбідегі қатыққа аздап ысқылтым су құямыз. Піспекпен әбден майы шыққанша пісеміз (артық түртіп қозғауға болмайды. Майы ыдырап кетеді). Толық (30 минуттай) пісілгенде бетіне кәдімгі біз нанға жағып жейтін май пайда болады. Ыдысқа аударып аламыз да, майын жиып аламыз. Майды салқын сумен шайып, тұздайды, дайын. Май алынғаннан кейін айран да дайын.

Қатыққа  қарағанда қымыз сияқты сұйықтау болады.  Кей жерлерде іркіт дейді. Уақыт өте келе қышқыл татып, аши бастайды. Сүзбе айранды шүберек қалтаға құйып қойса, сарысуы ағып кетеді де, қалтада кәдімгі сүзбе қалады. Айранды қазанға құйып қайнатамыз. Ол іртік-іртік нәрсеге айналады. Қалтаға құямыз да, сүзіп қоямыз.

Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі.

Сарысуынан айрылған бұл қайнатылған айраннан кәдімгі құрт пайда болады. Міне, бірінші құртты алып оған тұз салып араластырып оны әр түрлі пішіндер істеуге болады.

Құртты қолымызбен араластырып, езгілеп қалыпқа келтіріп аламыз. Одан киін қолымызбен домалақтап пішіндер жасаймыз. Құртты жасап болған соң, оны ыдысқа салып кептіреміз.

Жасалу тәсілдеріне қарай құрт:  сықпа құрт, езген құрт, көбік, ақ малта, жас құрт, ыстық құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.

Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін – әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.

Ж а с  қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық – бауырға қосқан.

Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай – ақ одан тері илеу үшін малма жасайды

К ө б і к   қ ұ р т. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

С ы қ п а  қ ұ р т. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
Құрттың адам денсаулығына пайдасы

Құрт- химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Құрт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне құрт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.

Құрттың құрамында А дәрумені бар. Бұл дәруменнің арқасында біз жарықтарды көреміз, түстерді ажырата білу қабілетіміз артады.

В дәрімені бар. Бұл дәрумен арқылы ас қорыту жақсарады. Көп балалар қазір ас қорытуға газдалған  Кока-кола, спрайт, сарыағаш т.б сусындарды қолданады. Бұл сусындардың құрамында химиялық түрлі бояғыш заттар болғандықтан, адам ағзасына зиян.

С дәрумені бар. Ол дәрімен жетіспесе адамның қызыл иегі  қанағыш келеді. Суық тию ауруына иммунитеті төмендейді.

Аталарымыз мал бағуда қанжығасына торсық  байлап, қымыз , айран, шұбат сусындарын ішсе, құрт жеп, асқазанын тойдырған. Қыстың қақаған суығында суыққа мойымай осы сүттен жасалған тағамдар малта, қайнатылған құрт көже ішіп, денсаулығын нығайтқан.

Менің арманым

Менің осы жұмысты зерттеу барысындағы  арманым:  италяндық конфет «РАФАЕЛЛАНЫ» жегенше, құрт өндірісі дамып, қорапта «РАФАЕЛЛОНЫҢ» орнына «ҚҰРТОФЕЛЛА» қорапшадағы табиғи ұлттық өнім  шығарылып, ұлттық БРЕНД болса деймін. 

Қорытынды
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.  Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім.

Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы өте жоғары.

You May Also Like

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері, ғылыми жоба

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері Ғылыми жоба Бағыты:     Экология Секциясы: Химия…

Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  Ұрпаққа аманат: Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар Жоспар Ғаламдық…

Төрт-түлікті бағу – Ата кәсіп, ғылыми жоба

«ТӨРТ ТҮЛІКТІ БАҒУ-АТА КӘСІП» (ғылыми жоба) Бағыты: Төрт түлік малдың қадір-қасиетін ашу…

Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері Үй тауығы балапандарымен…