«ТӨРТ ТҮЛІКТІ БАҒУ-АТА КӘСІП» (ғылыми жоба)

Бағыты: Төрт түлік малдың қадір-қасиетін ашу және оның өнімінен түсетін пайданы анықтау.

МАЗМҰНЫ:

1.КІРІСПЕ

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Төрт түліктің  шығу тарихын зерттеу.

2.2 Төрт түлік малдың жыл санаудағы ролі.

2.3 Төрт түлік малдың өнімінен түсетін пайда.

АННОТАЦИЯ

Бұл жобада қазақтың байырғы төрт-түлік малының қадір-қасиетін ашып,қазіргі кезге дейін бізге мұра болып қалғаны туралы және ата кәсіпті қайта жаңғырту,бүгінгі өзекті мәселе экономикалық жағы да айтылған. Бұл жобада төрт түліктің пайдасы туралы кеңінен мәлімет беріледі. Қазақ–ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін,тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін білген.Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті халқымыз мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдана білгендігі туралы қарастырылды.

Жобаның маңыздылығы:

Біздің халқымыздың өмірі ата кәсібімен байланысты екенін дәлелдеу және жеткізу. Кейінгі жастарға қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін насихаттау.Олардың бәрі бірдей малды бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшіліктерін жадында сақтау үшін зерттеу,танып-білу жұмыстарын жүргізу.Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі – мал шаруашылығы,сондықтан төрт түліктің өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау.

Жобаның негізгі мақсаты:Төрт түлік малдың қадір-қасиетін ашу және оның өнімінен түсетін пайданы анықтау

Міндеттері:

  1. Төрт-түлік малдың қадір-қасиетін ашу.
  2. Төрт-түлік малдың жыл санаудағы ролі.
  3. Төрт түлік малдың өнімінен түсетін пайда.

Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және есептеу  әдісі қолданылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы: Отандық  оқулықтар мен тарихи деректер және статистикалық салыстырулар негізінде құрылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен дербестігі: Жұмыстың жаңалығы төрт түлік малдың жасына қарай атауының шығуы және одан түсетін пайданы білу

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: теория  жүзінде төрт-түлік малдың шығу негізі туралы толық зерттеу жұмыстары жазылған. Төрт-түлік малдың қазақы жыл санаудағы ролі де атап көрсетілген.Статистикалық салыстыру мен мал өнімінен түсетін пайда көрсетілген.

— орта мектебінің —дың «Төрт түлікті бағу-ата кәсіп» ғылыми жоба еңбегіне

РЕЦЕНЗИЯ

Қазақ халқының тіршілік тынысы төрт түлік мал өсіруімен таныстыра білген.Жашенова Жұлдыз өз зерттеу жұмысында керекті деректерді ұтымды қолдануы арқылы жұмысының ғылымилығын таныта алған деп есептеймін.

Жұмысты дұрыс жоспарлап,рет-ретімен ыңғайластырыпты. Алдымен төрт түлік мал туралы мағлұмат жинап, содан соң білмегенін іздену арқылы нәтижеге жеткен.Келешекке ұсынылған «Бизнес жоспары» бойынша ауыл шаруашылық өнімінен (ет,сүт,қымыз.тері) тауар өндіруге, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, өкіметке салық төлеуге,  экологияны ластанудан қорғауға үлкен үлес қосуға болатыны айқындалған.Ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпалын тигізетіндігі сөзсіз.

Бұл еңбек оқушының мамандық таңдауына көмегін тигізеді деп ойлаймын. Өйткені талабы бар бала арманына жетеді. Менің маман ретінде айтарым: бұл жұмыстың (туынды) жаңалығы-жас та болса келешекке сеніммен қарайтын өскелең ұрпақтың ата кәсіпке деген ынтасына қолдау көрсету.

Рецензия жазушы: Миролюбовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарханова Жұлдыз Серікқазықызы

ПІКІР

       Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Миролюбовка орта мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы Жашенова Жұлдыздың «Төрт түлікті бағу-ата кәсіп» атты ғылыми зерттеу жұмысы төрт түліктің шығу тегі саласын терең зерттеп, көптеген құпия-сырларын ашты.

Төрт түліктің арғы тегі туралы мәліметтер жинады.Төрт түлік малдың қазақша жыл санаудағы ролі де атап көрсетілген.«Намыс» шаруақожалығындағы асыл тұқымды  мал өсірудің тиімділігін  ашып берген.

Жашенова Жұлдыздың бұл жұмысы-оқушы дарындылығының маңызды бір бөлігі деп есептеймін.

Жетекшісі:қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Чалова Балкия Картаевна.

КІРІСПЕ

Көшпелі қазақ  халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.Малшылық құру-адамзаттың байырғы кезден бері келе жатқан кәсібі.Қазақ халқы малын қой-ешкі,жылқы,түйе,сиыр деп төрт түлікке бөлген.Халықтың нанымы бойынша әр түліктің өз пірі болады деген.Төрт түліктің шығуы туралы көптеген еңбектер жазылып зерттелген.Қазақ халқының көшпелі тұрмыс- тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше.Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген.Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы-ем,әрі жегжат-жұрағатымен жасайтын алыс-берісінің көзі,байлығы болғандықтан,қазақ үшін төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі.Қайда болмасын,бірін-бірі танысын-танымасын,кездесе қалған қазақ«мал-жан аман ба?»деп амандық-саулық сұрасқан.Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған,олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын,ерекшелігін жақсы білген

Мақсаты:Төрт түлік малдың шығу тегімен танысу және оның жыл санаудағы ролін көрсету және төрт түлік малдың өнімінен түсетін пайданың тиімділігін саралау.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін көптеген іздену мен зерттеу жұмыстары атқарылды.

Негізгі бөлім.

1.Төрт түліктің шығу тарихын зерттеу.

Тауқыметі мол, күнкөріс қамымен көшіп-қонған ата-бабаларымыздың негізгі кәсібі мал бағу болған.[88,92б]Атамыз қазақ амандасқанда:«Мал-жан аман ба?»-деп есендік сұрасқан.Осыдан-ақ қазақтың өмірінде малдың ерекше орын алатыны көрінеді.Малдың күші,сүті,еті,жүні,қылы,терісі-халықтың тағамы,киімі,баспанасы,үй жиһазы-өмірінің,тіршілігінің негізі.Мал өсіру,малшылық-тіршіліктің бір түрі болып табылады.Төрт түлік малды бағудың да өзіндік тәсілдері бар.Малды бағу-өте қиын да жауапты шаруа.Өйткені көшпелі мал шаруашылығы төрт жыл мерзімінің төрт кезеңімен тікелей байланысты.Олар:қыстау,көктеу,жайлау,күздеу.

Төрт түліктің шығу тегін қарасақ:

Кесте №1

Мал атау Шыққан жері Арғы тегі Мал иесі    Суреті бар басыңыз
1. Түйе Орта Азия,Қазақстан Монғолия,Батыс Қытай Қаптағай, Нар, Дромадер(нар) Бактериан(айыр) Ойсылқара
2. Жылқы Шығыс Европа,Алтай тауының етегі. Тұзат, тарпан. жолат,домбай құлан Қамбар ата
3. Сиыр Солтүстік Африка, Кіші Азия, Кавказ Тур Зеңгі баба
4. Қой Солтүстік Европа, Алдыңғы Азия Муфлон,арқар Шопан ата
5. Ешкі Кавказ,Түрікмен таулары Таутеке Шекшек ата

Қазақ түйені киелі мал деп есептеген.Түйенің пірі-Ойсылқара.Түйенің зор денесі,күші,жуас та жайлы мінезі, көмбістігі адам баласын өзіне тарта білген. «Ауырды нар көтереді,өлімді ер көтереді»,«Нар жолында жүк қалмас»деген мақалдар қазақтың түйеге деген зор ықыласын көрсетеді.Түйенің тұқымы екеу:нар(бір өркешті түйе) және айыр (қос өркешті түйе.)Нар суыққа төзімді емес.Таза қанды нар Түрікменстанда кездеседі.Нардың еркегін-лек, ұрғашысын-аруана,таза айғырдың еркегін-бура,ұрғашысын-інген дейді.Түйе төлі-бота.Бота бір жасқа толғанда тайлақ деп аталады,екі жастан асқанда-құнанша,үш жастан асқанда-дөнен,төрт жас еркегі-буыршын,ұрғашысы-інген деп аталады.Көшпелі қазақ халқы түйеге жүк артып, шудаларын бір-біріне байлап керуен қылып тізіп көшіп жүре берген.Түйе күтімді аса қажет ете қоймайды.Сортаң шөп жейді,аштыққа да, шөлге де төзімді.Жайлауға жетпей-ақ түйенің жүні қырқылады.Мойнынан,басынан,жанынан,өркешінен алынған жүнді шуда дейді.

Қазақтың«Ат-ердің қанаты» деген сөзі жылқының адам өмірінде алатын орнының бөлек екенін көрсетеді.Жылқының пірі-Қамбар ата.Халқымыз жылқы малын өте жоғары бағалаған,оның үстіне жылқының қымызы-аса құнды,шипалы,табиғи сусын,қылы-арқан,жіп,желі және көген ескенде пайдаланылады.Олардың мықтылығын сан есе асыратын қасиеті де бар.Жылқының еті-өте жоғары сапалы тамақ.Қазысы мен жал-жаясының тағамдық,емдік қасиеттері мол дүние.Жылқы туралы қазақтың мақал-мәтелдері де қаншама десеңізші.«Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар»,«Адам жылқы мінезді», «Ат тұяғын тай басар»,«Жылқының сүті-шекер,еті-бал».Жылқы малының жаңа туған төлін-құлын, алты айдан асқан құлынды-жабағы,бір жасқа толған еркек малды-тай деп,ал ұрғашысын-байтал дейді.Екіден асып үшке дейінгісін-құнан, үштен төртке дейінгісін-дөнен,одан кейін бесті,еркегі піштірілсе-ат,ұрғашысын-бие дейді.

Сиыр күйіс қайыратын ашатұяқты жануар.Жершіл әрі күтімді талдайды.Сиырдың пірі-Зеңгі баба.Сиыр жазда өз жайылымын өзі табады.Сиыр малын тек сүт пен еті үшін ғана асырамаған.Оны көлік ретінде де пайдаланған.Сиыр сүтінен қаншама тағам түрлері жасалады.( cүт,қаймақ,айран,сүзбе,құрт,ірімшік,сары май және т.б.)Сиырдың  төлі-бұзау, алты айдан кейін-баспақ, бір жасқа дейінгісін-торпақ,одан әрі қарай-тана, тайынша, құнажын содан кейін сиыр болады.

Қой шаруашылығы-мал шаруашылығының басты саласының бірі.Қойдың пірі-Шопан ата.Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн,тері, елтірі және тағамдық өнімдер-ет,май,сүт алынады.Халқымыздың тыныс тіршілігінде қой жүнінің алатын орны ерекше.Қазақстанның қой шаруашылығы әрбір аймақтың табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді.Биязы жүнді,жартылай биязы жүнді қойтұқымдар.Ұяң жүнді құйрықты қой тұқымдар.Қылшық жүнді құйрықты қойтұқымдар.Қаракөл қойы.Қой түріне және жасына қарай қозы,марқа,бағлан,тұсақ,ісек,ақауыз,қой,қошқар,саулық деп бөлінеді.Қойдың төлін қозы дейді. Қой баласын 5 ай көтереді.Қой,ешкі тобын отар дейді.Малдың қадір-қасиетін бағалай келіп,халқымыз«Түйе-салтанат, жылқы-мақтан,сиыр-қанағат,қой-қазына»дейді.Бұл төрт түлікке берілген әділ баға.[ 94, 101 б]«Жүн»дегеніміз-жан-жануарлардың үстіндегі түгі, қылшығы. Мал шаруашылығымен шұғылданған халқымыз жүнді төрт түлік малынан күзем арқылы жинап алып отырған.Күзем алу-дәстүрлі науқанды жұмыстардың бір түрі болып есептелді.Күздігүні мал қырқылатын мезгілде мал жүнінің қырқылып алынуы-күзем алу делінеді.Киіз басылатын жүн негізінен қойдан алынады.Қырықтық-күзем алудың дәстүрлі сайманы.Ол-өткір,түп жағы жалпақтау, басына қарай сүйірленіп үшкірленген, қарама-қарсы екі жақтаудан тұратын темірден жасалған сайман.

Тулақ-мал терілерінен иленіп, жерге төселетін төсеніш.

Ешкінің пірі-Шекшек ата.Ешкі өсімтал мал.Сүтінің емдік қасиеті жоғары әрі түбіті мен қылы құнды жануар.Қазақ ешкіні қанша бағалағанымен,сүтін ішкенімен,қойға теңгермеген«қой-ешкі»сөз тіркесінде ешкі екінші орында. Ешкі өріс таңдайды, шөптің бәрін жей бермейді,қой жайылған жерге жайылмайды,суыққа шыдамсыз,жас ағаштың қабығын кеміріп тастап өсірмейді,экологиялық тепе-теңдікті бұзады.Терісі де құнды емес.Ешкінің төлі-лақ.

Қазақ халқының жыл санауында төрт түлік малдың ролі үлкен.Аңызға сүйенсек түйе өзінің бойына сеніп,жыл атауынсыз қалған,ал сиыр,жылқы,қой малдары жыл қайыруға енген.Пірі Қамбар ата жылқы жыл санауында жетінші жыл.Жылқы-қазақ халқының кие тұтатын жануары.Жылқы-сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі.Сонымен бірге жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат,домбай құлан,тарпан,тұзат жатады.Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар-тарпан мен тұзат.Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы,шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен.Олар адамдардың ретсіз аулауы кесірінен жойылып кеткен.Жылқыны алғашқы қолға үйреткен Қазақ даласы деп саналады.Жылқы қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары.Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар.Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымдары өсіріледі.Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіріледі.Қымыз халқымыздың кәделі сусыны.Қымыздың 40 шақты түрі бар,уыз қымыз,бал қымыз,бесті қымыз,дөнен қымыз т. б.     Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде де көңіл бөліне бастады.

Қазақ халқы түйені төрт түліктің-төресі деп есептеген.Түйе шөлге төзімді мал.Түйенің пірі-Ойсыл қара.Бойына сеніп,жыл қайыруға кірмей қалса да, түйе киелі мал болып саналады.Түйе сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар.Түйеде мүйізді тұяқтар болмайды. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді,жұмсақ көнмен қапталған.Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді,сірілі,түксіз тықыр жері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері,ыстық құмның әсерін сезбейді.Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап,шөгіп жата береді.Түйенің дене тұрқы ірі,оның салмағы 700-800 кг,мойыны иір және ұзын.Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта  тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.Түйенің арғы тегі-жабайы түйелер.Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген.Айыр өркешті түйенің үйретілген жері-Орта Азия, сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері-Африка өңірі.Түйенің қалмақ, қазақ, монғол деген қолтұқымдары бар.Түйе Қазақстанның Маңғыстау,Атырау, Батыс Қазақстан,Ақтөбе,Қызылорда,Жамбыл,Алматы және бізде Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі.Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары.Оның құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер өте көп.Шұбат өкпе,асқазан,ішек ауруларына,радиацияға қарсы әсері анықталған.Шудасы-буын,құяң,бүйрек ауруларына ем.

Қой төрт түліктің ішіндегі момақан мал.Қой жыл санауында-сегізінші жыл. Қойдың пірі-Шопан ата.Қой да киелі түліктің бірі қой сүтқоректілердің ішінде жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады.Қой бұдан 10-11мың жыл бұрын қолға үйретілген.Қойдың арғы тегі-жабайы қой муфлон және арқар.Қойдың алғашқы қолға үйретілген жері:Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия,Оңтүстік Африка.Қойдан тұрмысқа қажетті жүн,тері, елтірі,тағамдық өнімдер сүт,ет,май алынады.Қойдың қолтұқымдары: еділбай, бағаналы, қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Әлемдік сұрыптау жетістіктерінің бірі-Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы.Авторлары: И.С.Бутарин.,Ә.Есенжолов,А.Жандеркин.Арқар-меринос қойы өзіміздің Шығыс Қазақстанда өсіріледі.

Сиырдың пірі-«Зеңгі баба».Мүшелдік жыл санауда сиыр екінші жыл.Сиыр-бір үйдің асыраушысы деп тегін айтылмаған.Себебі сиыр сүтінен қаншама тағам түрі жасалады.Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды өңірінде таралған жабайы тур.Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Көп ауланғандықтан жабайы турлар 17 ғасырлардың басында жойылып кеткен.Сиыр сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Ірі қара қолтұқымдары негізінен екі бағытта өсіріледі.Ірі қара қолтұқымдары:Қазақтың ақбас сиыры,Әулиекөл сиыры,Қырдың қызыл сиыры,Алатау сиыры,Қарала,Әулиеата т,б.

Көкпекті ауданы Миролюбовка ауылдық округіне 2 ауыл кіреді.Соның бірі Миролюбовка ауылы.Жеке шаруақожалықтары және ірі шаруақожалықтары бар.Соның ішінде“Намыс”шаруақожалығы 2007 жылдан сертификатталған асыл тұқымды шаруашылық статусын алып  жылқы,«қызыл қасқа» сиыры мен меринос қойы өсірілуде.«Намыс» шаруа қожалығында асыл тұқымды«қызыл қасқа»сиырдан 100 бас,жылқы-50 бас,бұзау-50 бас,қой-60 бас бағып күтілуде.

«Намыс» жеке шаруашылық қожалығының  шикізат өнімінің  есебі

Кесте №2

Қой

 

Жүндері Тері.
Тірі жүн Өлі жүн 1т – 2000тг
1кг – 70тг 1қой – 3кг 1қой – 4кг. 1кг – 50тг.
3кг70тг = 210тг. 4кг50тг = 200тг.
Барлығы 210тг +200тг +2000тг =2410тг.

«Намыс» шаруа қожалығында орташа шикізат өнімінің есебі:

Шаруашылықта барлығы 60 қой сонда  орташа есеппен шикізат есебін шығарсақ:              60 қой ∙ 410тг =24600тг

        

Сиыр Сүті Ет
1 сиыр – 7литр. 1литр – 200тг 1 өгізше– 180кг 1кг – 1800тг
200тг = 1400тг. 180кг1800тг = 324000тг.
  30 күн1400тг = 420000тг.
Барлығы 420000тг + 324000тг = 744000тг.

 

Шаруашылықта 10 сауынды сиыр ∙7л=70литр. 70л200тг=14000тг Айына 30х14000=420000тг

    

Жылқы

 

Сауынды бие

Қымыз Ет
1 бие – 4литр. 1литр – 1000тг 1 жылқы–200кг 1кг – 1800тг
1000тг = 4000тг. 200кг ∙ 1800тг = 360000тг.
1 ай 30 күн4000тг = 120000тг
Барлығы: 120000тг + 360000тг = 480000тг.

 

«Намыс»шаруа қожалығы бойынша өнім бойынша табыс мөлшері мынадай:

                                  24600тг+744000тг+480000тг=1244600тг

Кесте№3  Жеке шаруашылық(менің отбасымның) шикізат өнімінің  есебі

Қой

5

Жүндері Тері.
Тірі жүн Өлі жүн 1т – 2000тг
1кг – 70тг 1қой – 3кг 1қой – 4кг. 1кг – 50тг.
15кг70тг = 1050тг. 20кг50тг = 1000тг.
Барлығы 1050тг +1000тг +2000тг = 4050тг.

 

Ешкі

2

Қылы Түбіт
1 ешкі – 1кг. 1кг – 50тг 1 ешкі – 300г 1кг – 5000
2кг50тг = 100тг. 600г5000тг = 3000тг.
Барлығы 100тг + 3000тг = 3100тг.

Сонда менің отбасымның табыс мөлшері мынадай: 4050тг+ 3100тг =7150тг

Кесте №4  Салыстырмалы түрде Миролюбовка округінің мал санының өсімі

( 3 жылы  алынды)

Жылдар Қой

 саны

Жүн Есептелуі Ешкі

саны

Жүн Есептелуі
Күзгі Көктемгі Күзгі Көктемгі Қылы Түбіт Қылы Түбіт
2018 1600 4800кг 6400кг 336000тг 320000тг 132 132кг 39,5кг 6600тг 197500тг
2019 2500 7500кг 10000кг 525000тг 500000тг 193 193кг 57,9кг 9650тг 289500тг
2020 2932 8796кг 11728кг 615720тг 586400тг 200 200кг 60кг 10000тг 300000тг
Барлығы 7032 21096кг 28128кг 1476720тг 1406400тг 525 525кг 157,4кг 26250тг 787000тг

 Миролюбовка селолық округінің 2020 жылы шикізат өнімінің шығыны:

Қой жүнінен 2 883 120тг ысырап болды.

Ешкі жүнінен 813 520тг ысырап болды.

Барлығы : 3 696 640тг ысырап болды.

Сол себепті өзімнің «Бизнес жоспарымды» ұсынамын.

Бағыты :Ауыл шаруашылық өнімді іске асыру,яғни мал басын көбейту .
Мақсаты : 1.Ауыл адамдарын жұмыспен қамтамасыз ету.
2.Асыл тұқымды мал басын көбейту.
3. Құрамы таза шикізатты өңдеп,тауар өндіру.
4. Экологияны тазарту.
5. Отандық өнімді әлемдік нарыққа шығару(Қымыз,шұбат,ет,айран,тері өнімдері және т.б.).
Жұмысты іске асыру: 1.Жаңа жұмыс орнын ашу.
2. Техникаларды жаңарту.
3. Әр түрлі шикізат өнімдерін өңдеп шығару.
4. Нарыққа шығару.

«Намыс» шаруа қожалығына мынадай «Бизнес жоспарын» ұсынамын:

Кесте №5        Қажетті  техникалар

Техникалар Саны Бағасы Қай елден алады.
1 Трактор 1 5 000 000тг Ресей
2 К-700 1 8 000 000тг Ресей
3 Комбайн 1 10 000 000тг Ресей
4 Соқа 1 800 000тг Ресей
  Барлығы 4 23 800 000тг

     Кесте№6        Жанама  шығындар

Жанама шығындар Сомасы
1 Жанар май өнімін сатып алу 150 000тг
2 Жем-шөп даярлау 5 000тг
3 Электр энергиясы 2 000тг
4 Тұқым сатып алу 4 000тг
5  Жарнаманы танымал іздеу жүйелеріне орналастыру 5 000тг
6 Өнімді сату орнына жеткізу 50 000тг
7 Барлығы : 216 000тг (1 айда)

1 жылда – 2 592 000тг жанама шығын болады 

Кесте №7             Жалақы  төлеу кестесі.

Адам саны Зейнетақы қоры Табыс  салығы Тиесілі жалақысы.
1 адамға 5000тг 10% 44722тг
5 адамға 44722тг х 5 = 223610тг
1 жылда  2 683 320тг

Ұсынылған «Бизнес жоспары» бойынша ауыл шаруашылығынла мал өсіруде, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге,өкіметке салық төлеуге,экологияны ластанудан қорғауға үлкен үлес қосады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.Қордың өкілдік желісін кеңейту,өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.

Қорытынды

Осы жұмысты қорытындылай келе төмендегідей ұсыныс жасағымыз келеді:

1.Пайдасы шаш етектен болатын төрт түлікті бағуды жалғастырайық.

2.Мал өсіру- табыс көзі екенін ұмытпайық.

You May Also Like

«Бауыр» атауының қолданылу аясы, ғылыми жоба

Delphi программасы мен жұмыс жасау ерекшелігі және оны пайдалануы тәсілдері, ғылыми жоба

«Delphi программасы мен жұмыс жасау ерекшелігі және оны пайдалануы тәсілдері» Бағыты: Ғылыми-техникалық…

Туған жер  – тұнған шежіре, ғылыми жоба

Туған жер  – тұнған шежіре. «Отан өз іргеңнен, тарих өз көкірегіңнен бастау…

Алманың түрлері және оның пайдасы, ғылыми жоба

Аннотация Зерттеуші—білім алушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім болып келеді. Балғын зерттеуші өзінің…