Аннотация

Зерттеуші—білім алушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім болып келеді.

Балғын зерттеуші өзінің зерттеу жұмысында адам ағзасына пайдалы өсімдік алма туралы зерттеу жүргізе отырып, соңғы кезде көбейіп бара жатқан ауруларды алдын-алу барысында алмамен емдеуге болатынын және алманың алуан түрін зерттеп, болашақта өмірде және өндірістерде кеңінен қолдануға болатынын көрсетті. Зерттеу барысында денсаулық-жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның басты байлығы екенін дәлелдей отырып, салауатты өмір салтын ұстану адамдардың бүткіл организімінің жақсартатындығы айтылды.

Менің жобам

  1. 1. Мен нені зерттегім келеді?

Дәрілік өсімдік—алманың емдік қасиеттері туралы зерттеу жүргізе отырып, оның түрлерін анықтай отырып қандай ауруларға пайдалы екендігін анықтау, алмадан түрлі пайдалы тағамдар жасап үйрену.

  1. Зерттеу тақырыбы: «Алманың түрлері және оның пайдасы»

 Тақырыпты таңдау себебім:

Қоғамның денсаулығын сақтап, көбейіп бара жатқан ауру түрлеренің біреуіне болса да ем болатын дәрілік өсімдік алманы насихаттау, халық медицинасы арқылы ем-дом жасау. Алманың хош иісі, керемет дәмі, емдік қасиеттері ұнады.

  1. Менің жобамның төс белгісі:

 Қызыл алма жей берейік,

Ауруға жол бермейік!

Жобаның жоспары:

  1. алма өсімдігінің шығу тарихы;
  2. алманың түрлері;
  3. алманың емдік қасиеттері және пайдасы;
  4. алмадан жасалатын тағамдар.
  5. Кеңес, көмек кімнен сұраймын?

Сынып жетекшімнен, апамнан, анамнан, аудандық кітапханадан, ғаламтордан   ақпараттар және деректер жинау, энциклопедияны оқу арқылы.

  1. Нәтижесінде:

Пайдалы өсімдік—алма туралы тереңірек біліп, деректер жинадым, экологиялық және экономикалық жағынан тиімді алма өсімдігінен алуан түрлі тағамдарды, маскаларды жасап, таныстарыма ұсындым.

Мазмұны

І.Кіріспе……………………………………………………………………………………………………2

ІІ. Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………4

1.Алма өсімдігінің шығу тарихы…………………………………………………………………4

2.Алма өсімдігінің құрамы мен қасиеттері…………………………………………………..7

3.Алма өсімдігінің түрлері…………………………………………………………………………..9

ІІІ. Жұмыстың зерттеу бөлігі………………………………………………………………….19

1.Алманың адам ағзасына пайдасы……………………………………………………………20

2.Алма өсімдігінен жасалатын маскалар…………………………………………………….23

  1. Алмадан жасалатын тағамдар………………………………………………………………..25

4.Зерттеулер……………………………………………………………………………………………..29

Кіріспе

 «Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-он саулық»  демекші, адамға мал-мүліктен гөрі ең қымбаты денсаулық болып табылады. Сол себептен,  ішер астың адам ағзасына әкелер пайдасы болу керек.

Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі:

Еліміздің алуан түрлі өсімдіктерге бай екенін және қоршаған ортаның ластануынан туындап жатқан түрлі аурулардың алдын-алу мақсатында дәрілік өсімдік алманың қандай ауруға ем екенін анықтай отырып, алмадан жасалатын тағамдардың пайдасын насихаттау.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Алманың түрлерін зерттеу және оның адам ағзасына пайдасын насихаттау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-алманың шығу тарихы және алма туралы жалпы деректер жинау;

-алманы өсіру және баптау туралы жалпы мәлімет жинақтау;

-алманың түрлерін зерттеу;

-алма өсімдігінің емдік және дәрілік қасиеттерін анықтай отырып эксперимент жасау.

Зерттеу жұмысында алмадан дайындалған емдік қалай пайдаланатыны, өмірде қолдануы  және әр түрлі тағамдарды жасау  туралы толық айтылған.

Алма

 Алма (лат.malus) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы,Недзвецкий, қырғызалмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат,Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

 Өсімдік туралы

Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Қолданылуы

Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Қыстық алмалар

«Апорт Александр»  алмасы

Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кауказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.

Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысаналар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен.

«Алатау таңы» алмасы

Алатау таңы — қыстық-кеш  десерттік алма сорты, көп өнімді   (1 талдан 180 кг дейін), ерте пісетін сорт. Құрамында А, В1, В2 дәрумендері бар. Таулы жерлерде қыс мезгілінде шыдамды.  Жемістердің көлемі орташа және үлкен болады, дәмі өте айрықша. Жұмсақтығы тығыз, шырынды, хош иісті. 1969 жылы Эрфурт қаласында бұл сорт халықаралық көрмеде Алтын медальмен марапатталған.

«Золотое превосходное» алмасы

Золотое превосходное — көп өнімді алманың  қыстық сортының бірі, таулы жерлерде өсетін сорт. Ағашы «паршо» және «мучнистая роса»  ауруларымен ауырмайды. Жемістері бұталарға нық өседі. Өте хош иісті, төзімді сорт. Құрамында А, В1, В6, РР дәрумендер бар, өте дәмді

«Салтанат» алмасы

Салтанат — қыстық алма, өте төзімді. «Паршо» және «мучнистая роса» ауруымен ауырмайды. Көп өнімді, 6 жылға дейін өнім береді.. Бір ағаштан 180 кг дейін жеміс береді. Жемістері қыркүйек айының басында піседі, мамыр айына дейін сақталады. Жұмсақтығы крем тәрізді, қаттылығы орташа, жемістері ұсақтау келеді, шырынды, құрамында минералдық заттар көп болғандықтан дәмі тәтті-қышқыл, хош иісті болады.

«Старкримсон» алмасы

Старкримсон — сырты тегіс, орта көлемді қызыл алма сорты. Алманың түбі қалың әрі қысқа, жапырақтары қалың және хлорофилмен бай болады. Ағаштары жыл сайын жеміс беріп, көп өнімді. Алманың құрамы темір, магний, фоли қышқылына бай. «Старкримсон» алма сорты қазіргі таңда қызыл жемістердің арасында жоғары сатыда тұр. «Старкримсон»  «Золотое превосходное» алма сортының өсетін жерлерінде де өсе береді, тек күтімі жақсы болу керек.

«Ренет Симиренко» алмасы

Ренет Симиренко — қыстық-кеш алма сорты. Ағаштары орта бойлы, өте дәмді, көп өнімді, маусым айынан шілдеге дейін жақсы сақталады. Еліміздің оңтүстік аймақтарында және Алматы облысында көп өседі. Бұл сорт қазан айының басында піседі. «Ренет Симиренко» алмасы дүниежүзіндегі ең алғашқы болып ғарышқа ұшқан алма сортына жатады. Себебі А, В1, В2, В6 және С дәрумендеріне өте бай.

«Заилийское» алмасы

Заилийское. Ағашы қыс мезгіліне өте төзімді.. Бұл сорт өте ерте піседі, көп өнімді, жыл сайын өнім береді, бір ағаштан 150 кг дейін өнім береді. Дәмі керемет десерттік алма түрі, мамыр айына дейін сақталады. Бұл алма сортын еліміздің көптеген өңірлерінде өсірүге қолайлы

Жаздық алмалар

«Пеструшка» алмасы

Пеструшка. Қыс мезгіліне төзімді, жаздың соңғы кездерінде піседі, өнімділігі бір ағаштан  100 кг дейін. Жемістері орташа көлемді, әдемі, өте дәмді, шілденің соңында піседі. Құрамы фоли қышқылына бай алма сорты. Еліміздің көптеген өңірлерінде өсіруге қолайлы. Алма ағаштары жақсы күтімді қажет етеді, суарылуы және тынайтқыштар жеткілікті қолданылса, осы жағдайда көп өнім береді

«Мельба»  алмасы

Мельба — жаз мезгілінде кеш пісетін алма сорты, шалғын және тау етектерінде өсетін — жаздық  сорт. Ағаштары кыс мезгілінде өте төзімді, ерте гүлдейді. Жемістері орташа пішінді, құрамында А, В1, В2 дәрумендері бар алма сорты. Өте әдемі, дәмділігі бойынша ең жоғары деп танылған, бір ағаштан  140 кг дейін жеміс береді.

«Суйслеппер»  алмасы

Суйслеппер. Күлгін түсті, десерттік алма сорты. Еліміздің оңтүстігінде және шығысында өседі. Ағаштары қыс мезгіліне төзімді, бес жыл жеміс береді.  15-20 жастағы ағаштары 120 кг дейін өнім береді. Бұл сорттың ерекшелігі жемістердің пісуі бір қалыпты емес. Жаздық алмалардың ішіндегі ерекше болып келетін, бұл алма сорты С, РР дәрумендеріне және фоли қышқылына бай.

«Белый налив» алмасы

Белый налив- өзінің ақ түсімен басқа алмалардан айырмашылығы бар.

Дәмі қышқыл-тәтті. Бұл алма сорты А, В1, В2, В6 дәрумендерге және фоли қышқылына бай.  Қыс мезгіліне өте төзімді, көп өнімді.Жемістері орташа пішінді.

Күздік алмалар 

Ренет «Казахстанский»— қыстық алма, өте төзімді, көп өнімді  (бір ағаштан 230 кг дейін) және жыл сайын жеміс береді. Алманың құрамы көптеген дәрумендерге бай. Өте дәмді, хош иісті. Алмалар  20—25 тамызда піседі, наурыз айына дейін сақталады.Бұл алма сортын шалғында және тау етектерінде өсіруге болады.

«Ренет Бурхардта» алмасы

Ренет Бурхардта — жаздық лимон. Ағаштары қыс мезгіліне өте төзімді. Ерте көктемде гүлдейді, жыл сайын жеміс беріп, көп өнімді, дәмі бал татиды. Бұл сортты алманы еліміздің көптеген өңірлерінде өсіруге қолайлы, тек жемістері ұсақ болып кетпеу үшін суаруы мол болу керек. А, В1, В2, С және РР дәрумендерге бай бұл алма сортын көптеген тағамдарды жасауға қолданады.

Жұмыстың зерттеу бөлігі

Алманың адам ағзасына пайдасы орасан

Алманың құрамында  алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Асқазан және көкбауырды әлдендіріп, бетіңіздегі қара дақтардан арылтады. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады. Айта берсең, сөз жетпейтін дәруменге толы алманы қытайлықтар көп тұтынатын көрінеді.

Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Алманы баршамыз жақсы көреміз. Ал алмадан дайындалған тәтті бәліштер ді сүйсіне жейтініміз жасырын емес. Дәл осы алма қайнатпаларын да, шырындарды да күнделікті ас мәзірінде пайдаланамыз. Алайда осы жеміс жайында не білеміз? Ия, көп біле бермейтініміз бар. Сондықтан Сіздерге алма жайында толығырақ жазуды жөн көрдім. Жер шарында бұл алмалардың 36 түрі белгілі. Алайда тек 10-нан астамының ғана шаруашылық маңызы бар.  Негізінен, алманың Отаны — Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке жіне Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен. қазақстанда алманың «сиверс», недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. Алманың өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл аралығында болса, алма ағашының биіктігі

3-10м. 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды.

Алма — ағзаға пайдалы табиғи өнім

Біле-білсек, алманы арықтау үшін жейтіндер де бар. Себебі, денеңіздің сымбатын сақтауда атқаратын рөлі ерекше. Аздырып қана қоймай, сол қалыпты ұстап тұратынын айта өтейік. Анығырақ айтсақ, тамақтанар алдын — небәрі 15 минут бұрын бір дана алма жеген жағдайда, әрине, Сіз 190 килокалорийден міндетті түрде арылатын боласыз! Бұл арықтағысы келетін аруларға күтпеген, тамаша тарту!

Алманың денсаулыққа пайдасы туралы айтар болсақ:

  1. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Алманың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі.
    2. Денсаулықты жақсарту үшін күніне бір алмадан кем жемеу керек. Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм Антонов алмасын жеуі абзал.
    3. Бүйректе тас пайда болудың алдын алу үшін алманың құрғақ қабығын ұнтақтап, бір стақан ыстық суға араластырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық үзілістен кейін емді қайта бастауға болады.
    4. Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған құрғақ алманы қайнаған сумен араластырып, 5 минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға бір ас қасық бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.
    5. Зат алмасуды жақсарту үшін төрт-бес алманы ұсақтап турап, бір литр су құйып, 10 минут қайнатады. Тұнбаны шай ретінде ішу керек.
    Зат алмасудың бұзылуы негізінде буынның салқын тиіп ауруы кезінде алманың екі ас қасық құрғақ қабығын жарты литр қайнаған суға салып, 5 минут қайнатады. Қоспаны 15-20 минут тұндырып, жылы күйінде күніне үш рет жарты стақаннан тамақтанардан 10-15 минут бұрын ішеді.
    6. Асқазан ауруына таңертеңгі ас орнына екі алмадан жасалған пюре жеу пайдалы. Мұнан кейін түскі тамаққа дейін ештеңе жемеу керек. Емделу уақыты – екі апта.
        Ескеріңіз: алманың қышқыл сорттарын асқазан жарасымен ауыратындар пайдаланбағаны жөн.

Бұл аз десеңіз, теріге де тигізер әсері зор. Құрамындағы С дәрумені балғындықтан жастықты сақтап қалады. Ылғалдандырып, жұмсартып әжімнің түсуіне жол бермейді. Жеміс қабығының құрамындағы  эфир майы да ағзамызға таптырмас емдік май. Алайда, айта өтетін бір жәйт бұл алмаларды Сіз базардан немес дүкеннен сатып ала алмайсыз. Бауыңызда өсіп тұрған ағаштан теріп алуыңыз міндетті. Сол алмалардың қабығында ғана эфир майы кездеседі. жаңа технология көш ілгері дамыған заманда, құрамында алманың табиғи жұпар иісі бар иіссулар да өндіріледі. Егер, дәл осы әтірді пайдалансаңыз, Сіздің теріңіз нәзік әрі жұмсақ, балғын қалпымен ерекшелентін болады. Сонымен, алмадан жасалатын маскалармен таныстырайын.

Маска жасауға дайындық

Жаз шыға әр түрлі жеміс-жидек пісіп, олардан бетке жағатын маска жасауға болатынын әрбір қыз-келіншек жақсы біледі. Бірақ мұны жақсылап жасамаса, тиімділігі онша болмайды. Алдымен теріңізді маска жағуға дайындап алуыңыз керек. Ол үшін косметикалық сүтпен бетіңіз бен желкеңізді, мойыныңызды тазалап алу керек болады. Егер теріңіз құрғақ немесе аса сезімтал болса, онда кез-келген майлы кремді жұқа етіп жағасыз. Егер сіздің теріңіз майлы болса, онда крем жағудың қажеті жоқ.

Бұл не үшін жасалады? Өйткені жаңа піскен жеміс-жидек сөлі теріні тартылдыратын қасиетке ие болады. Осы кремнен соң жеміс-жидек маскасын жағасыз. Белгілі бір уақыттан соң, оны жуып тастайсыз. Содан соң барып, теріңізді қорғайтын күндізгі немесе қорғаныс жасайтын әдеттегі кремді жағынасыз.

Маска жасауды бір күн ғана қолданып қоя салмай, он-он бес рет жасасаңыз, бетіңіз, теріңіз әдемі бола түспек. Косметологтар осылай жасауға кеңес береді: Масканы 20-30 минут ұстасаңыз, сол да жарайды. Соны жаққан сәтте тынығып, музыка тыңдап, бақытты сәттеріңізді есіңізге түсіріп, жақсы сезім- де болыңыз. Бұл сізге қуа-нышты минуттарыңызды со- за түсіп, көңілдендіре, жаны-ңызды рахатқа батыра түсетін болады.

Теріңіздің қандай екенін ескеріңіз!

Егер сіздің теріңіз құрғақ болса, онда барлық жеміс-жидектен маска жасай беруіңізге болады. Бірақ шиені абайлап пайдаланыңыз: ол теріңізді бояйды. Сондықтан да, қара және қоңыр қызыл түсті жемістерді маска жасауға пай-даланбағаныңыз жөн.

Егер теріңіз майлы болса, онда сізге сәбізді – алмалы маска жасаған жақсы. Бір түйір сәбіз бен орташа жарты алманы ұсақтағыштан өткі- зіп, майдалап, араластырасыз. Бұл маска әдемі әсер береді – бетіңіз үлбіреген қызғылт қан тепкендей әдемі болады.

Жеміс-жидек, көкөніс маскалары

      Жеміс-жидектің, көкөністің құрамында теріге қажетті дәрумендер көп. Сондықтан да одан жасалған маска бет терісіне өте пайдалы. Бұл маскалар теріні нәрлендіріп,тазартады.
1. Алма мен сәбізден жасалған маска теріні азықтандырады.
Алма мен сәбізден жасалған қоспа өте пайдалы – теріні құрғап кетуден де сақтайды. Ұсақ етіп үккіштен өткізілген алма мен сәбізді теңдей алып араластырады. Біркелкі етіп бетке жағады. 5 – 15 минутқа дейін ұстайды. Жылы сумен жуады.

2.Жұмыртқаның ағы қосылған маска.

  Аршыған алманы жақсылап езіп тұрып, оған 1 жұмыртқаның ағын қосып араластырып, бетке 10-15 минут жағып қояды. Онан кейін суық сумен жуып, артынан майлы крем жағады. Бұл маска терісі майлылар үшін пайдалы.
3.Балмен қосылған маска .

Қабығынан аршылған алманы майдалап үккіштен өткізіп, оны 1 шай қасық бал қосып араластырады. Араластырған соң бетіңізге және мойныңызға 15-20 минут жағып қойып, артынан жуып аласыз. Бұл маска теріні ағартып және жасартады. Бұл құрғақ терілер үшін пайдалы.

Алмадан жасалатын тағамдар

Алма мусы

Алманың әсіресе қышқыл сорттарын тазалан жуып, шанышқымен түйрел тесіл, табаға салады да, 15—20 минутқа духовкаға қояды. Піскен ыстық алмалы үккіштен өткізіп, оған суытылған қант сиропын құйыл, жұмыртқаның ақ уызын қосып, көпіршіп қоймалжың болғанша жақсылан араластырады. Егер қышқылы кем болса, онда оған лимон шырынын.(1/2 шай қасық) қосу керек. Дастарқанға салқындатып қояды. 500 г ал маға: 2 / 3 стақан құмшекер мен 3 жұмыртқанын ақ уызы керек.

Алма пудингісі

Алманы тазалап жуып, тат баспайтын пышақпен өзегі мен қабығынан тазартыл, әр алмалы 4-ке бөліп, сары май салынған табала аздап қуыру қажет. Сонан соң шамалы суығаннан кейін қамырмен (бидай ұнына құм шек ер және ас содасын қосып, жақсылан араластырып, май, жылы сүт пен жұмыртқа қосады) араластыру керек. Алма қосылған қамырлы май жағылған және кепкен нан себілген табаға салып, бетін тегістеп, духовкаға қойып, 30 минут пісіреді. 800 г алмаға:

  • 2 1/4 стақан ұн
  • 1/2 стакан құмшекер
  • 2 ас қасық сары май
  • 1 / 2 стақан сүт
  • 2 жұмыртқа
  • 1—2 шай қасық сода керек

ал тұз әркімнің қалауынта салынуға тиіс.

Қамырға орап пісірген алма

Иленген қамырды (қалыңдығы 1—2 ем) төрт бұрыштал, алма орауға болатындай шамамен кеседі. Алманы тазалап жуып, ортасындағы өзегін алып, өзектің орнына құмшекер себеді де, жаңағы жайылған қамырға орап, үстіне құмшекер сеуіп, суланған қаңылтыр табаға салады. Әр алманың үстіне бес жұлдызшалап қамыр салып, оның бетіне жұмыртқа уызын жағыл әсемдеуге болады. Қаңылтыр табаны ыстық духовкаға қойып, 10—15 минут өткеннел кейін, отын басып, тағы .8—10 минут ұстау қажет. Тағам дайын болған кезде оны қалақпен немесе ұшы доғал келген пышақпен табадан алып, бетіне қант себу керек. Бұл — ыстық немесе салқын к үйінде де жеу ге болатын тағам.

Жаңғақ қосқан алма

Жұмыртқаға құмшекер қосып, әбден ақкөбік болғанша араластырып, оған өсімдік майып, ұн, аршылған алма (үгін), майдаланған жаңғақ,лимонның қабығын немесе оның үгіндісін қосады. Қоспаны араластырады, оны май жағылып және ұн себілген шойын табаға салып пісіреді. Піскен тағам суытылып, бетіне қант себіліп, бірнеше бөлшекке кесіліп, сонан соң дастарқанға қойылуға тиіс. 2 стакан ұнға:

  • 2 жұмыртқа
  • 1 1/4 стакан құмшекер
  • 1 стакан өсімдік майы
  • 1/2 стакан жаңғақ
  • 1 шай қасық үгітілген «дәмдеуіш қабық
  • 1/2 лимон қажет.

Алма сусыны

Алмалы жуып, өзегінен тазартыл, үккішпен үгіп, шырынын алады. Сол шырынға құмшекер сеуіп, қайнатыл, көзі тар сүзгіштен өткізіп, сонан соң аз ғана суытыл қою керек. Ыдыстың түбіңе жиналған тұнбасын иі ай қалтпай. ептеп құйын алады. Осы әдіспен мүк жидегінен шырын дайындал, оны алма шырынымеи араластырып, құмшекер, қайнаған су, ванилин қосып, салқындату керек. 500 г алмаға:

  • 200 г мүк жидегі
  • 100 г құмшекер
  • 1 стакан су
  • бір шымшыма ванилин қажет.

Жібітілген алма

Жібітуге қышқыл дәмі бар, орташа және ұсақ ал мал ардың күздік және қыстық сорттары (Антоновка, Анис, Литовский пепин, Осеннее полосатое) пайдаланылады. Ашық түсті алмалар мен оның жаздық сорттары, жібітуге жарамсыз. Алманы жинап алған соң 15 күннен кейін жібітсе, оның сапасы онан сайын арта түседі. Жібітерден бұрын алмалы ірі-ұсағына қарай іріктеп, з ақы мд алған алмалар бөлек алынуға тиіс. Алманың сортын бөлектел қатар-қатар етіп қойып, әрқайсысы^ 30—50 кг-дық бөшкелерге салады (қыш ыдысқа салып та жібітуге болады). Бөшкені алма саямастан бұрын ыстық сумен жуу керек. Содан кейін оған алмалы қатарлан салып, оның ең астыңғы қабатына және жан-жағы на, бетіне, ыстық суға жуылған қара бид айдың немесе бидайдың сабанын төсейді. Сонда жібітілген алма әдемі сарғыш түске еніл, дәмі жақсарады. Алмалы бөшкеге саларда арнайы қоспалар (бір бөшкеге: 150 г эстрагон, 250 г шие жапырағы немесе қара қарақат жапырағы) салуға болады. Алма толтырылған бөшкенің қақпағын жақсылан жауып, арнайы қалдырылған саңылау арқылы тұздық құяды. Саңылаулы тығынмен онша тығыздамай жауып, 150С температурада 5—6 күн ұстап, көбіктенген кезде саңылаулан көбіғін алып, жаңа тұздық құнды (өйткені алма көп ылғал қажет етеді) да, саңылаулы тығыздал жабады. Сөйтіп алмайы мұз үстінде немесе жертөледе 2СС мен 50С аралығында сақтайды. Жалпы алма сақталатын жердің температура 120 С-тан аспауы тиіс. Жібітілген алманы 30—40 күннен кейін жеуге келеді. Оны көкөніс салатын, «провалсаль» капустасын жасау үшін, сондай-ақ гарнир ретінде пайдалануға болады. 10 л тұздық дайындау ға: 9,5 л су, 250 г құмшекер (қанттың орнына 2 есе бал немесе сірне салуға болады), 150 г тұз, 150 г қара бидай ұнын пайдаланады.

Алма джемі

Джем дайындау үшін алманың кез келген сорты жарайды. Әсіресе Антоновка, Папировка, Анис сорттарын пайдаланған жөн. Алманы жуып, бөлшектел турап, өзегінен тазартыл (қарай май тұрып), оны сірке сумен аздап қышқылдандырылған немесе тұзды су құйылған ыдысқа салады. Сосын оны алма қайнатылатын ыдысқа аударып салып, су құйыл (1 кг алмаға 2—2 стақан су) қайнату қажет. Қайнатқан кезде, оны үнемі ар аластырып отыру керек. Алмалы қайнату уақыты 10—15 минуттай аспауы тиіс. Егер суы аз болса, тағы 1 стакан су құюға болады. Алмалы оттан түсіріп, оған құмшекер немесе қант сиропын қосып, қайтадан отқа қойып (араластыра отырып) тағы 30 минут қайнату қажет. 1 кг тазартылғал алмаға: 1,2 кг құмшекер мен 2,5 стакан су керек.

Зерттеулер:

 1.Эксперимент:

Алма мен сәбізден жасалған маска теріні азықтандырады.

Алма мен сәбізді жуып, ұсақ етіп үккіштен өткізіп, алма мен сәбізді теңдей алып араластырамыз.  Біркелкі етіп бетке жағамыз. Сосын оны 5 – 15 минутқа дейін ұстап, жылы сумен жуамыз.

 2.Эксперимент:

Жұмыртқаның ағы қосылған маска.

Аршыған алманы жақсылап езіп тұрып, оған 1 жұмыртқаның ағын қосып араластырамыз, оны бетке 10-15 минут жағып қоямыз. Онан кейін суық сумен жуып, артынан майлы крем жағамыз. Бұл маска терісі майлылар үшін өте пайдалы.
3. Эксперимент:

Жазғы мезгілде, күзде түскен алма жапырақтарын теріп алып, жақсылап жуамыз, сосын  10   минут қайнатамыз, қайнаған суды суытып шашты жуамыз, нәтижесінде шаш түспейді.

  1. Эксперимент:

Кепкен алманы (қақ) жақсылап жуып, оны 15-20 мин. суға қайнатамыз, суытып сусын ретінде ішуге болады.  Ал, қақтан қалған алма кесінділерін сүзіп алса, өте тамаша тағам.

«Табиғат –тіршіліктің өмір нәрі, Қажеттінің табылар одан бәрі» 

Қорытынды

Біздің еліміздің жемістер байлығы ерекше қамқорлық пен асқан үнемділікті талап етеді. Адам әрекетінің күшейе түсуіне байланысты жемістер сиреп бара жатыр, олардың саны азайып, популяциясы қысқарып, өздігінен қалпына келуі бұзылуда. Әсіресе бұл адам ағзасына пайдалы жемістерге қатысты.

Бүгінгі күнде алманың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма бақтары және өз ауылымыз Құланда да азайып барады. Дәрілік өсімдік- алманың түрлерін зерттеу арқылы, емдік қасиеттерін анықтай, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, алмадан жасалатын тағамдарды жасауды үйрену арқылы оның адам ағзасына пайдасы мол екеніне көз жеткіздік.

Сол себептен де алманың адам денсаулығына берері мол, дәрілік қасиеті бар бұл өсімдіктің азайып кетуіне жол бермейік!

«Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-он саулық»  демекші, адамға мал-мүліктен гөрі ең қымбаты денсаулық болып табылады. Сол себептен,  ішер астың адам ағзасына әкелер пайдасы болу керек. «Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде» деген дана халқым, ендеше ешқашан ауырмайық!

You May Also Like

Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі  Жоспар:  Кіріспе………………………………………………………………………………………….. І.…

Зімбір өсімдігінің емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Түрлі елдерде шығарылатын мандариннің құрамындағы С дәруменін анықтау, ғылыми жоба слайд

Жылыжайда қияр өсірудің тиімді технологиясы, ғылыми жоба слайд