СЫРҒА

МАЗМҰНЫ

Аннотация

Кіріспе. 3

ІІ Негізгі бөлім. 4

2.1 Сырға туралы жалпы мәлімет 4

2.2 Сырғаның тарихы. 6

2.3 Сырға – әшекей бұйым. 12

2.4 Сырға салу дәстүрі 14

2.5 Сырға тазалық таразысы. 15

Қорытынды. 18

Пайдаланған әдебиеттер. 19 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.Халық түсінігінде сырға құлақты негативті энергия, жаман сөздерден, өсек-аяңнан қорғаған. Әйелдердің өзара әңгімелесуі кезінде кәмелетке толмаған еріксіз отырған балаларға «құлағына алтын сырға» деп айту ғұрпынан кейін балалар «саңырау» болып, қажетсіз мәліметтерді қабылдамауы тиіс болған.

Мақсаты. Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым (кейбір елдерде сырғаны ерлерге де тағатын болған). Қазақ әшекейлерінің мән-мағынасына тоқталсақ, онда этнографиялық бұйымдардың қасиеттілік астарының бар екенін білеміз. Сонымен қатар, сырғаның ғұрыптық та мән-мағынасы бар, ол құлаққа дүлей күштерден сақтау мақсатында тағылатын болған. Сырғаның тұтас тұрпаты да, жекелеген бөлшектері, материалы мен ою-өрнегі де белгілі бір мән-мағынаны білдіреді. Көз қондырылған бұйымның көз тиюден алдын-ала сақтайтын киелілік және емдік қасиеті бар деген ұғым қалыптасқан. Қазақтар үзбелі салпыншақтар сылдырымен жын-шайтанды үркітіп отырады деп түсінген.

Зерттелетін зат:

Сырғаны   зерттеу.

Зертеудің әдіс-тәсілдері.

Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды.

  Зерттеудегі ұстанымым:

Тақырыпты зерттеп сырғаның  мән- мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.

Ұйымдастыру кезеңі

Қазақ халқының қолөнерін сырғасын зерттей отырып, келешекке баяндауды құп көрдім. 

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Сырға туралы жалпы мәлімет

Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым. Сырға тағу бүкіл дүние жүзі халықтарына тән әдет. Сырғаны көбіне әйелдер құлаққа тағады, кейбір елдерде мұрынға тағу да (Үндістан мен Африкада) кездеседі. Сырға неолит заманында сүйектен, мүйізден, қола дәуірінде металдан жасалған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырдан бастап алтын, күмістен асыл тас орнатылып жасалған Сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастаған. Қазақтарда Сырғаның шығыршық Сырғашарбақ Сырғаай Сырға,сояу Сырғақоңырау Сырғаиықты Сырғакүмбезді Сырғатөбе Сырғасалпыншақ Сырға, тағы басқа бар.

Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым (кейбір елдерде сырғаны ерлерге де тағатын болған). Қазақ әшекейлерінің мән-мағынасына тоқталсақ, онда этнографиялық бұйымдардың қасиеттілік астарының бар екенін білеміз. Сонымен қатар, сырғаның ғұрыптық та мән-мағынасы бар, ол құлаққа дүлей күштерден сақтау мақсатында тағылатын болған. Сырғаның тұтас тұрпаты да, жекелеген бөлшектері, материалы мен ою-өрнегі де белгілі бір мән-мағынаны білдіреді. Көз қондырылған бұйымның көз тиюден алдын-ала сақтайтын киелілік және емдік қасиеті бар деген ұғым қалыптасқан. Қазақтар үзбелі салпыншақтар сылдырымен жын-шайтанды үркітіп отырады деп түсінген.

Мұндай ұғым басқа халықтарда да кездеседі. Якуттарда сырғаны бесікті қорғау үшін ілетін болған.

Бұл зергерлік бұйым жынысты анықтау аспектісінде де маңызды болып табылады. Қорым мен көктаста сырғаның бейнеленуі қайтыс болған адамның әйел екендігін білдіреді. Сондықтан да әйел адамдар сырғаны үнемі тек түрін өзгертіп ғана тағатын болған.

Ол неолит заманында сүйектен, мүйізден, қола дәуірінде металдан жасалған. Б.з.б. ІІ ғ -.б.з.ІІ ғ-нан алтын мен күміске асыл тас орнатылып жасалған, сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастаған.

Сырғалар негізінен екі топқа бөлінеді; біріншілері, жалпақ сырғалар болса, екінші топқа көлемді сырғалар жатады. Жалпақ сырғалар дөңгелек пішінді, дайындалуы күрделілігінде, жасалу тәсілі және жасалған материалын ақарай жұқа, қатпарлы сырғалар болып бөлінеді.
Бірінші топқа жататын сырғалардың бір түрі; айшықты сырғаның нобайы Айға келсе, Жұлдыз іспеттес «жұлдыз сырғалар» да бар.
Түрлі салпыншақ қосымша элементтер мен күрделі дайындалатын сырға түрлері жетерлік. Сабақты сырға, салпыншақ сырға, сирақты сырға, аяқты сырға, тамшылы сырға, шашақты сырғат.с. Мұндай сырғалардың атауына ондағы элементтердің саны мен түрі қоса айтылады. Мысалы, Үш аяқты сырға немесе қырық буынды сырға. Заманның өзгеруіне орай сырғаның жасалу тәсілдері мен түрлері де, онда қолданатын өрнек те мың құбылған. Көненің көзі болған бұрыңғы сырғалар өз ерекшелігімен сақталып, көптің көңілінен сан рет шығып үлгерді.
Қазақта қыз баланың құлағын көбіне жеті жастан асқанда тескен. Тәрбиелік мәні өте зор. Құлағы тесілген қыз, кешегі қуыршақ пен доп қуалап ойнайтын жас бала емес. Сырға салу ертең келін болуға дайындықтың алғашқы қадамы іспеттес. Үлкендер «Сен енді сырғалы қыз болдың» деп ақырындап түсіндіріп, үй тіршілігіне баулыған.
Құлаққа сырға таққан уақытта «Құлағың ауырмасын, жаманшылық естіме, бетің ажарлы болсын, ауырған жағдайда, қойдың сыңғырығын жақ» дегендей жақсы сөздер мен ырымдап, тіл көзден сақтар тұмар болсын деп те тағатын болған. Қазақ әйелдері сырғаны бала кезінен қартайғанша тағады.

2.2 Сырғаның тарихы

С.П.Толстов жетекшілігімен Хорезм археологиялық этнографиялық экспедициясы 50-60жж және қазіргі кездегі Ж.Қ. Құрманқұловтың жетекшілігімен Шірік рабат археологиялық экспедициясының  Шірік-рабат мәдениетінің ескерткіштеріне жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде б.з.д ІV және ІІ ғасырларда өмір сүрген осы аймақтың халықтары арасында коралдан жасалған салпыншағы бар, маржан моншақтармен безендірілген алтын сырғалардың кең таралғандығын көрсетіп отыр[1-сурет]. Атап айтқанда Бәбіш-мола 2 мавзолейінен, Шірікрабатқала қорымында орналасқан ғибатханадан,Шірік 2 жерлеу құрылысынан[21, стр. 166, 2 сурет,] және Шірік Рабат ескерткішінен шығысқа қарай 7км жерде орналасқан мавзолейден[5] аталмыш алтын сырғалар табылған. Осындай сырғалар Жетісу өңірінде орналасқан б.з.д. ІV-І ғғ. мерзімделетін Көктума обасынан да табылған[22 К.Акишев,1983].Осы ескерткіштерден табылған әшекейлер асқан шеберлікпен жасалғанымен ерекшеленеді.

Археологиялық  қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігер ортағасырлық Жанкент қаласынан табылған шыныдан жасалған қанық көк түсті моншақты айтуға болады[13,56].

Орта Азия елдерінің ішінде қарақалпақтарда мұрынға сырға тағу кең таралған және кейбір өңірдегі қазақтарда кездеседі және оны арабек немесе әребек деп атайды[8, 15]. Болашақ нәрестенің жынысын анықтауда егер жүкті әйел немесе оның жақындары түстерінде сырға көрсе, міндетті түрде қыз туылатын болған.

Қазақта ертеректе қыз баланы қырқынан шығара салып, құлағының сырғалығын (құлақтың етегін сырғалық деп атайды) тары дәнімен уқалап, етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, оған жібек жіп өткізіп, тұйықтап байлап қоятын. Құлақтың тесігі бітеліп қалмауы үшін кейінірек кішірек күміс сырға тағатын. Ол «жас нәрестеге тіл – көз тимесін» деген тілектен туындаса керек. Р. Карутцтың мәліметі бойынша «Баласы болмай келген немесе кеш босанған әйелдер, балаларының құлағын уақытынан бұрын, ұзақ өмір сүрсін деген ниетпен, үш жасында тескізген»[5,11]. Қыз балаға құлақ тесу міндетті болып саналады, мәні жағынан сүндеттеумен теңестірілген. Сондықтан да халық арасында «құлақ тесу – қыздың сүндеті» деген сөз кездеседі. Қазақтармен қатар Орта Азияның басқа халықтарында қыз баланың дүниеге келуі аса қуаныш тудырмаған. Бұл ғұрып Тува халықтарында да кездеседі[4, с.172 ]. Бұрын ер баласы тұрмай жүрген немесе баланы өте кеш көрген ата-аналар ырым етіп қартайғанда көрген осы ұлымыз тұрсын, тіл-көзден, әртүрлі жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен оны ұл емес қыз, деп құлағына сырға тағып қоятын болған. Ал өзбек халқында баланы сақтап қалу үшін көп балалы жеті әйелдің әшекейлерінің сынықтарын балқытып сырға жасатқан. Ер балалар бұл сырғаны қазақтарда бес жасқа дейін, ал өзбектерде үйленгенге дейін таққан[6,378]. Баланың буыны бекіп ер жете бастағанда ғанаата-анасы ауыл-аймағын шақырып той жасап, сол той үстінде бозбала жігіттің құлағынан сырғасын алады.Қазақта осы тойды сырға той деп атаған. Ел арасында мұндай ғұрып ХХ ғ.басына дейін сақталып, тіпті сирек те болса ХХ ғ. 40-50 жж. дейін кездеседі.

Қазақ халқында қызды бесіктегі кезінде немесе ол бой жете бастаған кезде атастырған. Атастырылған қыздың құлағына сырға салу, сырға тағу (кейде үкі қадайды) рәсімі бар. Сондықтан да құда түсу рәсімінде сырғаны, басқа да бағалы заттармен бірге сый ретінде әкелу міндетті болып саналған. Бұл дәстүр Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жақсы сақталған. «Қалыңдық» мағынасындағы сырғалы қыз немесе сырғалы атауы осыған байланысты шыққан. Алтай тілінде де қалыңдықты «сырғалы», «сырғалық» деп атайды. Яғни сырғасы бар деген мағынада[6, 379]. Осы әдетке қатысты қырғыз тілінде сөйке салды тіркесі жұмсалады. Қырғыз тілінде сырғаны сөйке дейді. Қырғыздардың әдетінде жігіттің әке-шешесі қыздың үйіне алғаш рет келген кезде болашақ келінінің құлағына өздері алып келген сырғасын тағады. Оның

Жанында басқа да сыйлықтары болады [12, 658-659]. Осыған байланысты кішігірім той жасалған. Бұл той қырғыз тілінде де сырға той деп аталған.

Қазақ дәстүрінде қызға тағатын сырғаның орнына басқа да үкі (қасиетті саналатын құстың бір шоқ  үлпілдек қауырсыны), жүзік, білезік, тана (әдемі ақық түйме)[33], моншақ т.б. әшекей бұйымдары қолданылады. Сондықтан қазақ тілінде «құда түсіп, сырға тағып кетті» деудің орнына «үкі (тана, моншақ) тағып кетті» деп те айта берген. Кей жерде «жіп тағып кетті» дейді. Жоғарыда айтылғандай, мұндай заттармен бірге күйеу баланың ата-анасы тарапынан қыздың ата-анасына берілетін сый-сияпаты қоса жүреді. Ол сыйлық мал немесе күміс жамбы, ақша түрінде беріледі. Күйеу жағының осындай сыйлық апару кәдесі алғашында құда түсу рәсімін білдіретін атаулармен аталып бата аяқ, сырға тағар, тана тағар, құлақ моншақ тәрізді фразеологизмдер пайда болған. Ертеде, құлақ моншақ деп сырғаны айтқан. Қырғызстанның оңтүстік диалектісінде сырғаның бір атауы құлақ моншақ [4, 532].

Этнографиялық деректер бойынша, көптеген түркі халықтарында қыздардың құлағын тесіп, сырға тағып қою өте ерте жастан басталады. Ертеде қыздың басы бос, атастырылмаған болса, керегеге, кілемге, тіпті бақанға сырға іліп қою салты болған. Үйге келген қонақ немесе жолаушы ілулі тұрған сырғаны көрсе: «бұл үйдің бойжетіп келе жатқан немесе бойжетіп отырған қызы бар екен, ата-анасы әлі ешкіммен құда болмапты, қыздың басы бос екен», – деген ой түйген.

Жасалған материалы мен жасалу тәсіліне қарай алтын сырға, күміс сырға, лағыл сырға[34], шытыра сырға[35], қолқа сырға[36], қозалы сырға[37], үзбелі сырға[38], күмбезді сырға[39], қоңырау сырға[40], ай сырға[41], ақық сырға[42], иінді сырға[43], лағыл сырға[44], гауһар сырға[45], айшықты[46], тұмарлы[47], салпыншақ[48], жапырақты сырғалар[49], шұбыртпа сырға[50] адай сырға[51], айбалта сырға[52] т.с.с. кете береді. Аты айтып тұрғандай зер сырға-алтын сымынан нәзік те, әшекейлі етіп жасаған сырға түрі, сояу сырға-сүйектен жасалған сырғаның түрі. Бұған қоса асыл тастардан көзі бар сырғалардың түрі көп: маржан сырға, меруерт сырға, лағыл сырға аталған тастардан көз қойған сырғалар.

  1. Лағыл сырға – лағыл тастан әшекейленген көзі бар сырға.
  2. Қолқа сырға- іші қуыс қолқа сырға.
  3. Қозалы сырға – бір-біріне ілмектеп жасалған бірнеше буынтықты сырға.
  4. Үзбелі сырға- бір-біріне ілмелеп жасаған бірнеше буынтықты сырға.
  5. Күмбезді сырға – екі мағынада қолданылады. күмбезі бар, салпыншықты сырға; бүршік, сірке салған сырға.
  6. Қоңырау сырға- қоңырауы бар сырға; шеңбері кең, салпыншақтары мол, аяқтарына ұсақ қоңыраушалар бекітілген сырға.
  7. Ай сырға- ою-өрнекті, бірақ салпыншақсыз болып келетін жарты ай бейнелі күміс сырға.
  8. Ақық сырға- ақықтан көзі бар сырға
  9. Иінді алтын сырға- иіні кең сырға түрі.
  10. Гауһар сырға- қырлап, өңдеп көз ретінде орнататын інжу тасты сырға.
  11. Салпыншақ сырға- жиегі алтын, күміс жалатылған салпыншақ сәнді шынжырлар, түрлі түсті шашақтар арқылы жасалған сырға түрі.
  12. Жапырақ сырға – жапырақ бейнелі сырға.
  13. Шұбырпа сырға– күміс бауы бар үзбелестіріп жасалған сырға түрі.
  14. Адай сырға – сопақ ұзын келген, жіп байлап шашқа бекітілетін немесе құлаққа ілінетін сырға түрі. Мұның сабақ, аяқсыр сабақ, аяқты сабақ деп аталатын түрі де кездеседі
  15. Айбалта сырға – ертедегі соғыс қаруының бірі айбалтаға ұқсатып жасалған сырға түрі. Алақаны айбалта пішінінде жасалады да оның жоғарғы жағының орта тұсында тойнақ орнатылып, оған құлақтың сырғалығындағы тесікке кіргізілетін ілгек бау орнатылған.

Салпыншақты сырғалардың да түрі көп: қозалы сырға-шар тәрізді металл салпыншақты сырға; сирақты сырға-бірнеше салпыншағы бар түрі (оны салпыншақтың санына қарай атай да берген: үш аяқты сырға, жеті аяқты сырға), тамшылы сырға-майда қозалары мол, салпыншақты сырға, құрылымы күрделі сырғалар, жұмыр сырға-іші қуыс; төбе сырға, сабақ, сабақты сырға-өзі үлкен, салмақты, салпыншағы мол сырға түрлері, үш буынды сырға, үш шолпылы сырға – үш салпыншақпен әшекейленген сырғалар, ал сырғаның салпыншағы аса мол, көп әшекейлі болса, оны қырық буынды сырға деп атаған. Мысалы, оның қатарына Солтүстік Түгіскеннен табылған үш конусты сырғаны жатқызуға болады. Оның бір ерекшелігі салпыншақтары ағашқа орнатылған. Ілгегі бар алтын қалқаншаға ағаш негізге қапталып, астыңғы жағынан үш конус кигізілген. Ортаңғы конустың сыртына айналдыра спираль тәрізді сызықтар түсірілген. Ал екі жағындағы конустар толықтай сақталмаған, ол күміс болуы мүмкін. Бұл конустар Орта Азия және Қазақстан территориясына кең тараған Андронов мәдениетінде кездесетін конусты білезіктерді еске түсіреді[4, 98].

Жасалу жағынан ерекшелігі сабақты сырғалар көлемді, әрі ұзын, әшекейлерін мол етіп жасаған. Кейбір сабақтардың салпыншақпен жалғасатын алақанының өзі бойжеткен қыздардың алақанымен бірдей жасалған. Оны құлаққа салса, жырып кететіндіктен, жіппен, ширатылған күміс сыммен көтермелеп, шашқа, бас-киімге, сәукелеге байлап бекіткен. Кейде екі сырғаны моншақты жіппен байлап таққан. Мұндай сырғаны сәукеленің самай тұсынан ілмелеп байлайды. Оның көне аты төбе сырға – баскиімге, шашқа байланатын сырға түрі, оның төгілме төбе сырға деген атауы да ұшырасады[8, 24].

Зергерлік өнерінде бұйымдардың сыртқы пішінін, бет-бедерін ай, күн, жұлдыз сияқты аспан шырақтарынан ұқсас космогониялық өрнектерімен безендіру жиі ұшырасатын құбылыс және толып жатқан жақсы сенім-ырымға негізделген түсініктер бар. Ол халықтың өте ерте замандардан қалыптасқан сенім-нанымы, әдет-ғұрпы, салт-санасына байланысты туған. Қазақ сырғаларының құпиясы символикалармен күшейе түседі. Олар күн, ай, бұрама формалы болып келеді. Үшбұрышты тұмарша тәріздес сырғаларды жасы үлкен адамдар әлі күнге дейін киелі санайды.

Сырға түрлерінің ажыратылып аталуы олардың сыртқы пішінінің ою-өрнекті, бірақ салпыншақсыз, жарты ай бейнелі күміс ай сырға (кей өңірлерде айшық; айшықты сырға деп те атайды) сырға; ертедегі соғыс қаруына ұқсатып айбалтаның жүзі жарты ай түрінде жасалған айбалта сырға түрі; дөңгелек формалы – алқа сырға; шеңбердің ортасында бес тармақты жұлдызы бар – жұлдыз сырға; сопақ, жұмыр, домалақша келген собық сырға және т.б.

Ерекше нақышпен жасалған ерекше дара сырғалардың түрлері де киіммен қоса тұтынғанда адамның ажарын ашып, әр беріп тұрады. Ондайлар қатарында бетіне күмістен қойылған шошақ әшекей, томпақ көзі бар кейде оның бетіне бүршік, сірке салған күмбезді сырға; салпыншақтарын шұжық тәріздендіріп жасаған шұжық сырға; күміспен күптелген үкі аяғынан жасалған шар тәрізді салпыншақтары бар үкі аяқ сырға. Ал салпыншақтарына қоңыраушалар бекітілген қоңырау сырға нұсқасының шеңбері кең, салпыншақтары мол, күміс қоңыраушалары бар сырға сыртқы жарасымдылық берумен бірге сыңғырлаған нәзік дыбыс шығаратын сырға сирек те болса кездеседі [8, 80].

Сыр өңіріндегі кездесетін сырға түрлері таға тәріздес, ілмек түрінде жасалып, көзіне бағалы тастар орнатылған. Мұндай ай тәріздес сырғаны алтыннан және кейде күмістен жасаған, сонымен қатар оны немерелі болған әжелер таққан. Жасы 45-тен асқан әйелдер дәстүр бойынша кимешек кигендіктен, сырға тағудың қажеттілігі болмаған, сондықтан сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар мен келіндер таққан. Әйелдердің кимешек киюі – сырғаның әйел әшекейі ретінде дамуына ықпал ете алмады. Мұражай қорларындағы қазақ сырғаларының санының аз болуы осыған дәлел бола алады.

Ақық (ақық тасы) – қымбат тас, жылтылдап тұратын, түсі әртүрлі (қызғылт күлгін, қызыл, күрең қызыл) түсті асыл тас. Бұл бағалы таспен ақық көзді қапсырма, ақық моншақ, ақықтан көзі бар сырға т.б. зергерлік өлшемі бар бұйымдар жасалады. Ақықтың түсі қоңыр қызыл немесе ақпен қоңыр қызыл түстердің кезектесіп түсетін жолақты, ал кейбіреулерінің түсі ақшыл болады. Орыс тілінде агат, сердолик, халцедон деп аталатын тастардың баламасы ретінде қолданылады. Ақықтан моншақ тізіледі, онымен зергерлік бұйымдар мен ер-тұрман сияқты ат жабдықтары әшекейленеді[1, 138].

2.3 Сырға–әшекей бұйым

Сырға – әйелдің сыртқы беделін көрсететін атрибут, яғни сырғалардан жеке кісінің иелігін немесе оның жас мөлшерін, шыққан тегін, өскен ортасын білдіретін қасиеттер де байқалып тұрады. Материалын аса йісі де, көркемдік шешімі де жоғары болып келеді. Алтын мен қапталып, асыл тастардан көз қондырылады. Орта Азия әйелдері көлемі үлкен сырғалар таққан. Көлемі ұлғайған сайын сырға бағалы әрі әсем болып табылатындықта әйел мәртебесін асқақтата түскен. Бұндай ауыр күміс сырғаларды жиын тойларда ғана таққан[7, 149]. Қыздардың сыртқы әдемілігінің қалыптасуына және оның әйелдік қасиетінің жетілуіне әсер етеді. Бұл бұйым болашақта бала туу қызметінің жетістігінің кепілі болып саналады. Қалыңдық жасына жеткен қыздардың сырғаларында күннің, жұлдыздың, айдың, ал салпыншақтарында тұқымның, гүл жапырақшаларының, дәндердің болуы репродуктивтілікті көрсетеді. Бұл өзінен тарайтын ұрпақтың көп болуын меңзейді. Дәстүрлі тұрмыста әлі күнге дейін сырға, сақинасыз жүру ерсі болып табылады. Қазіргі кезде ол жыныссыздықты білдіреді. Қазақ ертегілерінде уақытша қыздың сырғаға айналуы бұл бұйымның әйел жынысының белгісін көрсетеді және асыл тастар сияқты қазақ эпосындағы әйел кейіпкерлерінің әдемілігі ретінде қабылданған.

Қайтыс болған әйелдің барлық әшекей бұйымдарын шешіп алып, шашын өріп қойған. Тек сырғасын ғана қалдырған, өйткені сырғасы жоқ әйелдің құлағына жылан кіріп кетеді деген түсінік халық арасында қалыптасқан. Егер сырғасыз жерлейтін болса, онда міндетті түрде құлақтың сырғалығын жырту керек болған.

Табаридің мәліметтері бойынша б.э. 728-729 жж және б.э. 738-739 жж. Түріктер соғыста қайтыс  болған қолбасшыларын жоқтағанда, құлақтарын кесіп, беттерін тырнап жылаған. ХХ ғасырдың басына дейін қазақтар мен қырғыздардың жесір қалған әйелдері үшін бетін тырнап, өзін-өзі азаптау қатаң ереже болып табылған. Бұл түркі халықтарына тән дәстүр Пенджикент ғибадатханасында жоқтау кезінде құлақтарын кесу сәті көркем суреттерде бейнеленген. Бұл әрекеттің мәні өлімді имитациялау, қайтыс болған адамның артынан о дүниге кетуге даяр екенін көрсетеді. Жыртылған құлақтың сырғалығы жыланның бәлелі пиғылдарын сақтандырған, сонымен қатар қайтыс болған әйелдің сырғасын қарапайым әдіспен шешіп алуға болмайтындығын білдіреді. Жақын адамы қайтыс болған кезде өзін-өзі азаптау ғұрпы әлемнің көптеген халықтарында кездеседі[10,379]. Матадан жасалған бұйымдарда сырға және үшбұрышты бойтұмарлар тәрізді өрнектердің кездесуі, қазіргі кезге дейін үлкендер арасында тіл-көзден сақтау мағынасында қолдынылады.

2.4 Сырға салу дәстүрі

Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға салу кезінде жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Осы аралықта “той малы”, “сойыс”, “бала күту”, “әке күші” деген кәделерді орындау керектігі келісіледі. Бұл жолы жігіт жағы қыздың ата-анасына киіт кигізеді, қыз жағы – мал сойып, құрметтеп күтіп алып, шығарып салады, тағы басқа сый-сыяпаттар жасалады. Келісілген күні жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп қызды алып кетеді.

Сырға салу ертеректен келе жатқан дәстүр. Көбіне текті жердің қызын басқалар құда түсіп алып кетпесн деп алдын ала сырға таққан. Қызға сырға тақпас бұрын оның ата-анасының рұқсатын алады. Кейде жақсы араласатын достар ұл-қыздары бесікте жатқан кезінде құда болысып, сырға таққан. Сырға тағылған қыз қалыңдық аталып, оны кейін бойжетіп, жігіт жақ қалың малын төлеп алып кеткенше ата-анасы қатты қадағалаған. Мұнда да үлкен тәрбиелік мән жатыр. Сырға тағылған қыз сауық-сайран құрып жүруіне болмайды. Ол барынша инабатты болуы қажет. Көп жылдар бойы ұмыт қалған бұл дәстүрді қайта жаңғыртпақ болған халық оған өзгертулер енгізіп алған.

Алтын сырға таққан қызға құда түсіп қойғанын өзгелер білу үшін де ерекшелеп, алтын салған. Сондай-ақ, сырға салып кеткен қызды алып кетуге барғанда «Осы елде біздің алтынымыз бар еді, соған келдік» деп қалыңдықты алтынға балаған. Кейде сыраның орнына қызға үкі таққан. Сондықтан да үкілі бөрікті тек қалыңдықтар ғана киген. Жігіттер бөркіндегі үкісіне қарап, қызға құда түсіп қойылғанын білген. Сырға тағудың тағы бір тәлімдік мәні — қыз келін болатынын қыз кезінен біліп, үй шаруасына ерте араласып, әйелдің міндеттерін меңгереді. Ал ондай қыз аттаған босағасында қиналмайды.

Құдалар өзара ымыраға келіп, төс қағыстырған соң, сырға салу басталады. Бұл салт дәстүрді тек әйелдер қауымы ғана тамашалайды.
Қыздың екі жеңгесі қыздың қолынан демеп, құдағилардың алдына апарады. Екі жеңгесі қыздың құлағындағы қыз күніндегі сырғасын шешіп дайындайды. Жігіттің екі жеңгесі қыздың екі құлағына бір-бір сырғадан тағып қыздың бетінен сүйеді. Қыздың екі жеңгесі де қызды құттықтап сүйеді, барлық жиылған жұрт қызға бата тілектерін айтады. Қыздың екі жеңгесіне жігіттің екі жеңгесі “қыздың көрімдігі” деген сый береді.

Тіршілікке ойларым жүр маталып,
Келмей қойған көптен түк жырға шабыт.
Тосындау жаңалықты жария қылдың:
«Кетті – деп – құлағыма сырға салып…»

Қарашы ол «пысықтың» жол тапқышын,
Тым ерекше сый екен моншақты сым.
Сен үшін «Селтеткізер» сырға болса,
Мен де таққызар едім он шақтысын.

Бұл сыйлық сезіміңді сыйқырлады,
Ал менен жаңалығың ұйқы ұрлады.
Ертең сені ап кетсе сырғасымен –
Саған емес, өзіне сый қылғаны.

Сырға салу – ол да салт, әдеп еді,
Бірақ осы жолы бұл кәде мені
Тұнжыратты…
Бұрынғытағыпжүрген
Өзіңніңсырғаларыңәдеміеді.

Бақтыбай ЖАЙЛАУ 
Сырға тазалық таразысы
«Дәстүрдің озығы бар, тозы­ғы бар» дегендей, бүгінде қыз балаға балиғат жасында сырға салуға қарсы шығып жат­қандар бар. Керісінше, бесік­тен белі шықпастан балаларының аузы-мұрнына дейін сыр­ға тағып, жүргендер де кездеседі. Негізі қазақ халқында сырғаның орны ерекше.

Жоғарыда сырғаның қазақ салт-дәстүрінде алар орны ерекше екендігін тілге тиек еттік. Бұл екі бұйым да алтын және күмістен жасалады. Ықы­лым заманнан келе жатқан зергерлік бұйымдар қатарында. Қыз бала жеті жасқа толғанда оның құлағын тесіп, сырға тағатын бол­ған. Бұл – баланың білімге, ілімге назар аударатын уақыты. Яғни сырға салғаннан кейін, қуыршақ ойнауды қояды. Ал бүгінде баланың тұсауын кеспес­тен, құлағына сырға салатын болдық. Әрине, мұның мәнін ешкім де түсіндіріп бере алмайды. Сақи­наны да сәнге айналдырып алдық. Содан кейін жүзік, сырға салынған суға нәрестені жуындырған. Шомылдырып болғаннан кейін, әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алады. Мұнда­ғы мақсат сыйлық жасау емес, асыл бұйымдарды қасиетті санау­дан, тазалыққа мән бе­руден шыққан. Жақсылыққа жорып, бұл пәниде әрдайым сыңғырлаған күмісті көлде шомылсын, «басы алтын, ар­қасы күміс» жаратылмаған пендесін алтындай, күмістей қымбат етпек болғаны шығар.

Құлақ тесу жөнінде көп пікірлер бар. Біз құлақ тесу және оның маңыздылығы жайлы халық педагогикасын насихаттаушы ретінде танылған жазушы Зейнеп Ахметова сөзіне құлақ қойған жөн дейміз.

-Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн-құлағын тесу. Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар қазақ қыздары ерекше сұлу, ерекше әдемі.

-Қыздың құлағын көп жағдайда жеті не тоғыз жаста тескен. Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады екен, ал жеті-қазақ үшін қасиетті санның бірі.

-Құлақ тесу-қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. Сырғаны таққан қыз біртіндеп үй шаруасына араласа бастайды. Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де ата-анаға парыз болып саналады.

-Құлақ тесерде алдымен сырғалығының екі жағынан екі тарыны сәйкестендіре қойып, жанын кетіре уқалайды. Содан кейін залалсызданған инемен теседі.

-Бұрынырақта құлақты іріңдетпейтіні, ісірмейтінін әрі тез жазылып кетуіне әсер ететінін білгендіктен де, алдымен иттің жүнінен жасалған жіпті пайдаланған. Ал кейбіреулер шайдың самасын өткізетін болған. Шай да қасиетті шөп. Оның да құлақты қызартпайтын, ісірмейтін қасиеті бар.

-Осыдан кейін арнайы мазь жағып, жаңағы сама немесе сырғаны, жіпті жылжытып, қозғап отыру керек. Осылай екі-үш күннің айналасында-ақ қыз баланың құлағы жазылып кетеді.

-Әбден жазылған соң әжелеріміз немересінің құлағына күмістен соғылған сырғаны салғанды жөн көрген. Күміс-өте таза әрі емдік қасиеті мол металл. Күміс сырға таққан қыздың құлағы ешқашан асқынбайды, ауырмайды әрі құлақ күміске үйренген соң алтынға да тез бейімделеді.
-Құлақты сәуір-мамыр аралығында тескен жөн. Оның суыққа ұрынбауын да қадалаған жөн.
Қорытынды

Қорыта айтқанда, қазақ халқының зергерлік өнері өте ертеден, қазақ халқының құрамына кірген тайпалар мен халықтардың зергерлік өнерінен бастау алады. Ұлттық зергерлік әшекей бұйымның түрлерінің көрнекілігін олардың Орта Азия, Шығыс Түркістан, Еділ бойы және Сібір халықтарында кең таралғандығынан көруге болады. Осы халықтарды әшекей бұйымдарында ортақ белгілер мен элементтер, аталуында да ұқсастықтар көп кездеседі. Мұндай ұқсастықтар зергерлік өнердің тек ертеден бастау алатындығын ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ, ерте замандардан үзілмей келе жатқан этникалық мәдени сабақтастықты да көрсетеді.

Сырға–зергерлік бұйым, оны әйелдер құлағына тағады. Ертеде жаңа туған қыз баланы қырқынан шығарысымен-аққұлағының сырғалығын тары дәнімен уқалап, етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, жіп өткізіп қоятын болған. Ол нәрестеге «тіл-көз тимесін»дегендік. Және де атастырылған қыздың да құлағына сырға тағады. Сырғалардың жасалуы әркелкі. Сырғалардың түрлері көп. Жасалған материалы мен тәсіліне байланысты: алтын сырға, күміс сырға, қарала сырға,  лажылы сырға, шытыра сырға, қолқа сырға, қозалы сырға, үзбелі сырға, күмбезді сырға,қоңырау сырға, ай сырға, айшықты сырға, жымырық сырға, ақық сырға, иықты сырға, иінді сырға, лағыл сырға, гауһар сырға, салпыншақты сырға, тасты сырға, сояу сырға, тұмарлы сырға, оюлы сырға, жапырақты сырға, шілтерлі сырға, шұбыртпа сырға деген саналуан түрлері бар. Қазақ әйелдері сырғаны бала кезінен қартайғанша тағады.

You May Also Like

Таңғажайып «жеті», ғылыми жоба

Таңғажайып «жеті» (математика, информатика) Кіріспе Сандардың пайда болуы “Жеті” санына байланысты логикалық…

Телефонның адам ағзасына тигізетін зияны мен қоғамдағы пайдасы, ғылыми жоба

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы: «Телефонның адам ағзасына тигізетін…

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері, ғылыми жоба

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері Ғылыми жоба Бағыты:     Экология Секциясы: Химия…

Алматының апорты, ғылыми жоба

Аннотация Зертеу жұмыстары барысында апорт алмасының түрлері өте көп. Олар жаздық, күздік…