Бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары.

        Қазіргі адам құндылығына оның жан-жақтылық қасиеті тән. Жан-жақтылық бұл – адамның белгілі бір бағытта, заманның талабын ескере отырып жұмыс жасау әрекетіне, сапалы, табысты және өз ісін басқа істермен байланыстыруға көмектесетін әрекетшілдік.
XXI ғасыр мектебінің мұраты – жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, прогрессивті ойлай алатын белсенді, жеке шығармашылық қабілеті бар, ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу. Осыған байланысты еліміздің орта білімді дамыту тұжырымдамасында «білім беру мекемелердің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық» деп атап көрсетілген. Ендеше қазіргі қоғамда орындаушы адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігі айқындалып отыр.

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім беру  жүйесін реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты  жүйеленіп, дайын күйінде берілген білім, қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана қоймай, шығармашылықпен еңбектене білетін, тың жаңалықтар ашуға қабілетті, өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында (2007 ж.) білім беру жүйесінің міндеті – «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, … даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» ретінде  белгіленген. Бұл, өз кезегінде, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін іздестірудің маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Осыған байланысты бейнелеу өнерінің мол мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы өте зор.

Шығармашылық  қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды  орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы  көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Көпейұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген.

Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шет ел педагог – ғалымдары Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, Л.С.Выготский,А.Г. Ананьев, В.И.Андреев қарстырған.

сонымен қатар қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Т. Тәжібаев, Қ.Б. Жарықбаев, М.М. Мұқанов және т.б.  қарастырды.

Педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде бейнелеу өнерінің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері Қ.Е.Ералин, М.Ж.Қозыбақов, Ұ.Әбдіғаппарова, Д.Ә.Кемешев, Қ.К.Болатбаев, С.С.Булатов, С.А.Аманжолов, С.А.Жолдасбекова, Ж.Балкенов, Қ.Әмірғазин, З.Ш.Айдарова, Е.Асылханов, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, С.Р.Матаева, А.Л.Павловский және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Бейнелеу өнерінен көркемдік  білім беру саласындағы педагог ғалымдар Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, Е.В.Шорохов, Н.В.Лебедко, А.В.Ломов,  Қ. Ералин, С. Аманжолов, Д. Кемешовтар бейнелеу өнері шығармашылығын зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Н.Н.Ростовцев бейнелеу шығармашылығын қалыптастырудың негізгі – нұсқаға қарап сурет салу екенін, шығармашылық еңбекке жетудің бастауы, бейнелеу сауаттылығын меңгеру болып табылатындығын  көрсеткен.

Қ.Ералин, «бейнелеу өнері шығармашылығын, графика, кескіндеме мүсін туындыларын, немесе сәндік бұйымдарын жобалаумен жасауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі» деп анықтаған. Ол шығармашылық қызметтінің негізі бейнелеу сауаттылығын меңгеру болып табылатындығын көрсеткен. Шығармашылық қабілетті дамытуды жоспарлы жүргізуге көңіл бөлген.
Басқа пәндерге қарағанда бейнелеу өнері пәні оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндігі мол. Мысалы, әр пән өзіндік бағытын – математикада ойлау қабілетін, қазақ тілінде оқу және жазу мәнерін, денешынықтыруда жылдамдығын қадағаласа, оқушылардың тек салған сурет дәптерлеріне қарап оқушылардың ойлау дәрежесін, байқампаздығын, шыдамдылығын, ұқыптылығын, шапшаңдылығын, сезімталдығын шығармашылық қабілеттеріне қарай зерттеу жолдары арқылы анықтауға болады.

Қорыта айтқанда, біздің зерттеуіміз көрсеткендей, білім мен тәрбие берудің шынайы тәжірибесінде жалпы білім беретін мектептерде өнер түрлері, оның ішінде бейнелеу өнері сабақтарының мүмкіндіктері арқылы қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесіне әлі де өз деңгейінде мән берілмеуде. Көбіне, бейнелеу тәжірибесінің жалпы білім, қабілет, дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға ғана басты назар аударылады. Шығармашылық жолға түскен оқушы өз ісіне, біліміне сенімділікпен қарай ала білу керек. Сапалы, ұтымды әрі пайдалы іс-әрекетшілділікке ұмтыла білуі керек. Адамзатқа рухани азық беретін, қоғамға қажетті бейнелеу өнері мамандығының маңыздылығын түсініп, тәуелсіз еліміздің көркеюіне өз үлесін қосуға еңбек ету әрбір қазақ азаматының борышы екенін есімізден шығармағанымыз абзал.

Ғылыми жоба тақырыбы бойынша еңбектер тізімі:

  • Бейнелеу өнері және еңбек сабақтарындағы эстетикалық тәрбие. Әдістемелік құрал . – Жетісай, 2004. 40 б.
  • Развитие творческих способностей учащихся начальных классов на уроках изобразительного искусства. Әдістемелік құрал. (Д.Ә.Кемешевпен авторлық бірлестікте). – Шымкент, 2008.- 96 б.
  • Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға ою-өрнекті салдыру тәсілдері. Ғылыми әдістемелік журнал  «Оралдың ғылым жаршысы», №3. – Орал,  – Б. 66-69.
  • Формирование готовности студентов к инновационной педагогической деятельности  Научно-теоретический и практический журнал «Современный    Научный  Вестник», №7. – Жетісай, 2008. – Б.59-63.

Шығармашылық – негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отырған абзал.

Оқушының бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту жалпы білім беретін пәндерді оқып үйрену кезінде және оқу еңбек процесінде алған білімдерінің негізінде жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың маңызды шарты адамның табандылығы болып табылады. Табанды болмай тұрып, ізденістің болуы мүмкін емес. Білім сапасына қойылатын қазіргі заман талабының бастысы бұл баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шығармашыл адам – жасампаз тұлға. Ол өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады. Тұлға іс-әрекеті өзіне және айналасына қарым-қатынасы арқылы қалыптасады. Сондықтан баланың табиғи бейміділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор. Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына  өзіндік  көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметтің дамуы, негізгі шарты әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.

Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды. Шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда шығармашылыққа бейімділік бірте-бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. Шығармашыл адам жаңашыл, іздемпаз болады, өмірі қызық мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алдыға жылжып отырады.

Шығармашыл тұлға шығармашылық іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды. Сонымен шығармашлық тұлға болу дегеніміз- дүниені тану және жаңарту арқылы болмысқа қарасты тұлғаның айқындалуы. Ойы мен сезімін, дүниеге көзқарасын көркем образдармен жаңаша сипатта, тың шешіммен жеткізе алуы. Сондықтан шығармашылық қабілет үздіксіз ізденісті, қажырлы еңбекті талап етеді. Біз шәкірт бойындағы бейім мен қабілетті, икемділікті, дарын ұшқынынан, оның сол өнерге деген ынта-ықыласын сезген жағдайда оны қолдап, демеп оытруға тиістіміз.

Қабілет – әр адамның әртүрлі іс-әрекетінің орындалу жолындағы жетістіктерінде көрінетін қасиет.

ҚР «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы заңның 41- бабында: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті»,-делінген. Осыған орай бүгінгі мұғалімдердің алдында оқышуға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, олардың қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан-жақты, шығармашылығын дамыту міндеттері де тұр.

Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып және  шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Шығармашылық қабілет– оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Қазіргі күні мектептігі оқытуды дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізде ұйымдастырудың мемлекеттік құжаттарда, өз көрінісін табуы. Жайдан жай емес. Өйткені, қазіргі заман талаптары мектеп алдына оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Пәндерді дамыта оқытудың түпкі мақсатының бірі оқышуларды әртүрлі жағдаяттарды талдап, одан қорытынды шығару, бір обьекті қызметінің әртүрлі қырлары бар екенін көріп ажырату: обьектіні айырма белгілеріне қарап жіктеу, ұқсас белгілері бойынша топтау,бақыланған құбылыстарды жалпылау, белгілі әрекет-тәсілдерді таныс емес жағдайларға қолдану.

Мақсаты:

оқушыны жан – жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.оқушының білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Міндеттер:

  • бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру;
    •    бейнелеу өнері пәні арқылы шығармашылық қабілетін берудің тиімді жолдарын анықтау;
    •    оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұщтасуына көмектесу;

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді жатқызуға болады :
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама – қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

You May Also Like

Үй кептерлері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Үй кептерлері» Бағыты: Өлкетану Мазмұны Аңдатпа Кіріспе……………………………………………………………………………………………….. Адамның қанатты…

Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Қазақ тіліндегі сыпайылық концептісі   Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашық дамуы…

Лимонның пайдасы және одан электр энергиясын алу, ғылыми жоба

Жоба тақырыбы: Лимонның пайдасы және одан электр энергиясын алу (ЭКСПО-2017) Аннотация. В…

Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы. Бағыты: «Қазақстанның тарихи…