Тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы.

Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

Секциясы: «Этномәдениеттану»

Ғылыми жетекшісі: Бекмолдаев Нұржамал Ахметалиевна өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Ғылыми кеңесшісі: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жалпы және әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану кафедрасының аға оқутышысы . п.ғ.к. Бекболганов Е.Д.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты:

Жеке тұлғаның жоғарғы рухани-адамгершілік болмысын ашуға және жалпыадамзаттық құндылықтарға негіздіелген ойы, сөзі  және ісі бірлікте өмір сүретін кемел  мінезді адамды дамытудағы қанатты сөздердің маңыздылығын  салыстырмалы  талдау жасау арқылы ашу.

Міндеттері:

  • жеке тұлғаның өзін-өзі тану арқылы, оның рухани дүниетанымын қалыптастыру:
  • жеке тұлғаның өмірдің мәнін,өмірлік мақсаты мен мұратын түсінуге, өзін дамытуда өзіне сенімділікті,өз ойына,сөзіне және әрекетіне жауапкершілікті дамыту;айналасындағыларға риясыз сүйіспеншілік пен тілектестік танытуын дамыту;
  • жеке тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасында басқаларға қиянат жасамастан адамгершілік нормаларға сәйке өмір сүру дағдыларын дамыту:
  • халықтың рухани мұрасындағы даналылықты үйрену арқылы ізгілікті іс-әрекеттерді дамыту.

Гипотезасы:

Менің ойымша )әрбір адам қанатты сөздерді терең зерделейтін болса,онда жан дүниесі  қайта өзгеріп, рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сөзі, ісі бірлікте болатын кемел мінезді толық адам болады деп ойлаймын.

Зерттеудің кезеңдері, реті:

I тарау. Таным қуанышы

Жалпыадмзаттық құндылықтар арқылы өзін-өзі тануы, өзінің адамгершілік қасиеттерін жетілдіру

II тарау Адам болам десеңіз…

Өмірдің мәнін,өзінің өмірдегі орнын анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзінің азаматтық және адамгершілік прызын сүйіспеншілікпен риясыз орындау.

III тарау .Адам және әлем

Жағымды ойлау, қарым-қатынас мәдениеті,отбасы және ұжымдағы қарым-қатынас этикасы.

IV тарау .Адамзаттың рухани тәжірибесі

Адамзаттың рухани мұрасымен танысу, ой,сөз және іс-әрекет бірлігін ұғыну.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазіргі ғаламшарлық дағдарыстардың  себептерінен жастардың назары материалдық құндылықтарға бағытталған ғасырда олардың рухани мәдениетке деген құндылық бағдарын қалыптастыруда қиындықтар туындауда.Осы қиындықтарды жеңуде адамның ішкі әлеуетін ашу,оның өзін-өзі жігерлендіруін,өзін –өзі жүзеге асыруын және өзін-өзі кемелдендіруіне,өмірдегі өз мұратын ұғынып, қоғамға қызмет етіп, бақытты өмір сүруіне және ойдың, сөздің, іс-әрекеттің адал,шынайы болуын,оны күнделікті өмірде ұстануға жәрдемдесу.

Жұмыстың қорытындысы:

Өзінің кім екенін біліп, не үшін өмір сүру керек екенін және неге ұмтылу қажеттігін түсінуде, өзінің ойына,сөзіне,ісіне жауапкершілікпен қарап, мейірімділік жолымен жүріп,адамдарға өз пайдасын тигізетін және қоршаған ортамен үйлесілімділікте өмір сүруге талпындыратын Ақиқат,Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік,Қиянат жасамау,Ішкі тыныштық құндылықтарын жарыққа шығаруда ұлы тұлғалардың адам бойындағы асыл қасиеттерін дамытатын қанатты сөздердің маңыздылығына салыстырмалы талдау жасалды.

Аннотация

Цель исследования:

Путем сравнительного анализа раскрыть значение крылатых выражений в развитии человека чьи мысли, слова и дела выражаются в единстве , опираясь на высшие духовно-нравственные сущности и общечеловеческие ценности.

Задачи:

через самопознание личности, формирование ее духовного мировоззрения;

– развивать понимание смысла жизни,жизненных целей, уверенность в себе в развитии,ответственность за свои мысли,слова и поступки, проявлять бескорыстную любовь и доброжелательность к окружающим;

–   развитие умений жить в соответствии с нравственными нормами, не оскорбляя окружающих во взаимоотношениях личности с окружающей средой;

– развитие добродетельной деятельности через изучение мудрости в духовном наследии народа.

Гипотеза:

Я думаю,что если каждый человек будет глубоко изучать крылатые выражения, то его душа вновь изменится и он станет полноценным человеком с совершенным характером в единстве мыслей,слов, поступков основанных на духовно – нравственных ценностях.

Этапы, последовательность исследования

Глава I. Радость познания

Самосознание через общечеловеческие ценностей, совершенствование своих нравственных качеств.

Глава II Как стать человеком…

Определение смысла жизни,своего места в жизни, самосовершенствование, бескорыстное выполнение с любовью своего гражданского и нравственного долга.

Глава III .Человек и мир

Позитивное мышление, культура общения, этика общения в семье и коллективе.

Глава IV .Духовный опыт человечества.

Знакомство с духовным наследием человечества осознание единства мысли,слова и действия.

Актуальность исследовательской работы

В современном мире  внимание молодежи направлено на материальные ценности, возникают трудности в формировании ценностного отношения к духовной культуре. Раскрытие внутреннего потенциала человека в преодолении  трудностей, содействие его самоутверждению, самореализации и самосовершенствованию и познанию самого себя, служению обществу ,  учиться прислушиваться  к своему сердцу, верности и подлинности мыслей, слов, действий, следование им в повседневной жизни.

Итоги работы:

Истина в осознании того, кем он является, в понимании того,зачем жить и к чему стремиться, ответственно относиться к своим мыслям, делам, идти по пути доброты, приносить людям свою пользу и стремиться жить в гармонии с окружающей средой. Проведен сравнительный анализ значимости крылатых выражений, которые развивают в человеке благородные качества великих личностей, излучающих ценности правильного поступка, любви, ненасилия, внутреннего спокойствия.

Annotation

The purpose of the research:

Reveal the meaning of winged expressions in human development through comparative analysis, their thoughts, words and actions manifest themselves in unity, relying on high spiritual and moral values and universal values.

Tasks:

-through self-knowledge of the individual, the formation of a spiritual worldview;

-to form an idea of the meaning of life, life goals, confidence in development, responsibility for your thoughts, words and actions, to show selfless love and kindness to others;

– develop survival skills in accordance with moral norms, without humiliating others in the relationship of a person with the environment;

– the development of humane activity through the study of wisdom in the spiritual heritage of the people.

Hypothesis:

I think that if every person deeply try to understand the winged words, then his soul will change again, and he will become a full-fledged person with a perfect character in the unity of thoughts, words, actions based on spiritual and moral values.

Sequence of research

Chapter I. The joy of learning

Self-awareness through universal values, improvement of one’s moral qualities.

Chapter II How to become a person…

Determining the meaning of life, your place in life, self-improvement, selfless fulfillment with love of your civic and moral duty.

Chapter III People and the world

Positive thinking, communication culture, ethics of communication in the family and team.

Chapter IV .The spiritual experience of humanity.

Familiarity with the spiritual heritage of humanity awareness of the unity of thought, word and action.

Relevance of research :

In the modern world, the attention of young people is focused on material values, difficulties arise in forming their value attitude to spiritual culture. Revealing the inner potential of a person in overcoming difficulties, promoting his self-affirmation, self-realization and self-improvement and self-knowledge, serving society, learning to listen to his heart, loyalty and authenticity of thoughts, words, actions, following them in everyday life.

Results of the research work:

The truth lies in the awareness of who he is, in understanding why to live and what to strive for, to treat his thoughts and deeds responsibly, to follow the path of kindness, to benefit people and strive to live in harmony with the environment. A comparative analysis of the significance of winged expressions that develop in a person the noble qualities of great personalities radiating the values of right action, love, nonviolence, inner peace.

К І Р І С П Е

Ғылыми жұмысымда жеке тұлғаның жоғарғы рухани-адамгершілік болмысын ашуға және жалпыадамзаттық құндылықтарға негіздіелген ойы, сөзі  жіне ісі бірлікте өмір сүретін кемел  мінезді адамды дамытудағы қанатты сөздердің маңыздылығын  салыстырмалы  талдау жасау арқылы ашу көзделіп отыр.

Әркім өзінің ішкі әлеміне үңіліп өзіне өткір сұрақ қойып, оған әділ жауап беріп , кемшілігін танып келешегіне оң қадам жасаса өзін танығаны. Өзіңді өзің танысаң, өмірді танисың .Өзін тану адамның өмірлік парасатты жолды таңдауына, табуына көмекші болады.

Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі»

                                                                       Сара Алпысқызы Назарбава

Өзін-өзі тану –адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта, ынтымақта,татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне ықпал етеді.Сондықтан да Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі» тұрғысынан негіздеуі, мына біздердің осы адамгершілік құндылықтарды үйреніп,өмірде қолдану арқылы бақытты өмір сүруін армандауынан туған. Адамның оқу-білімге ұмтылуы жақсылық жасауы,  еңбекке талпынуы,өнер үйренуі, елін-жерін сүйіп, үлкенге құрмет- кішіге ізет  көрсетуі  адамды бақытқа жетелейді .Барлық адамдардың бойында адамгершілік қасиеттер бар.Өз бойындағы асыл қасиеттерді ашуға ұмтылу адамды жақсарта түседі.Жақсы қасиеттерді тек жақсы іс-әрекеттер жасау арқылы дамытуға болады.Адам өзін үнемі ізгілікке, жақсылыққа жетелей жүріп, жақсы нәрсені ойлап, жақсы сөз сөйлеп,жақсы  істер жасаған адамның ойы,сөзі,ісі бірлікте болып-ол -нағыз адам болып қалыптасып ,бақытты ғұмыр кешеді.

Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан,өзінің жаратылысын түсінуден,өзін-өзі жетілдіруден  өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.Жақсы көру,өз күшіне сену, сенім арту,қамқорлық жасау арқылы рухани,шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қаблеттерін ашады және дамытады. Адамның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі.Өмірлік ұстанымын анықтаған адам-өмірдің мәні-жақсылық істеуде екенін пайымдайды. Ия, тек жақсылық қана адамға қуаныш әкелмек.Әр уақытта айналасына тек жақсылық ойлайтын,тек жақсы іс-әрекеттер жасайтындар ғана мамыражай, еш алаңсыз бақытты өмір сүреді.Осы жасаған жақсылығымыз арқылы  бүкіл дүние көктептеп ,бүкіл жер шарындағы адам баласы бақытты болады.Өзінің ойына іс-әрекетіне, айтқан сөзіне берік адам өзін әрі өзгені сыйлайды және сенімге ие болады. Ойдың,сөздің және істің бірлігі іс-әрекетінен көрінеді. Ізгі ниет, ақ көңілмен айтылған сөз-жақсы  істің бастауы.

Өмірдің ең биік мәртебесі әрі мұраты-даналыққа ұмтылу, оған жеткен адам-бақытты. Адам табиғатынан берілген мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамытып үлкен жетістіктерге жетуге болады.Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін,тілегін, арман-мұратына жетуде күш-жігерін салып,сабырлылық танытса,қалағанына қол жеткізеді.Осылардың барлығы өмірдің мәнін ұғынуға,өзінің өмірдегі орнын анықтауға өзін-өзі жетілдіруге көмектеседі, және өзінің азаматтық және адамгершілік прызын сүйіспеншілікпен риясыз орындауға жетелейді

«Өзіңді – өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді -өзің қатал, әрі әділ сотына тарта білуің керек»

нақыл сөз

Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты,ақиқатты іздеу,сезім арқылы сұлулықты сезініп,түсіну,ерік арқылы мейірімділікке,рахымдылыққа ұмтылу.

Адамгершілікке тән барлық сапа, қасиеттер өзін-өзі тәрбиелеу құралы.

Адам  айналамен қарым -қатынаста жағымды қасиеттерді татулық, шынайы тілектестік,құрметтеу,кішіпейілділік танытып, өзгелерді түсіне білсе және дау-жанжалды болдырмауды үнемі есте ұстап, өз-өзіне, ісіне есеп бере білсе, қоршаған ортасымен тату-тәтті өмір сүреді. Қарым-қатынас жасау барысында адамның ойы,ниеті,іс-әрекеті, мінез-құлқы жақсылыққа толы болуы керек.

«Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз.Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін.Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді және өкінішке орай ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді.»

И.Гете

Адамның айналамен қарым -қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсете алуы әдептілікке әкеледі.Әдептілікке елгезектік, сыпайылық,көргенділік, инабаттылық, кішіпейілділік қылықтар жатады.Әдепті адам өзіне және өзгелерге қоршаған ортаға түсіністікпен, сыйластықпен құрметпен қарайды. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі,оған айналасындағы адамдар отбасы, достары, сыныптастары  әсер етеді.Жақсы адам болып қалыптасу үшін  өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Егер біз әдепсіз болсақ ортамен қарым-қатынасымыз, турашылдық, ізеттілік,қайырымдылық,мейірімділік, қанағатшылдықты, кішіпейілділікті, кешірімділікті, өзгелердің тілектерін құрметтеуді жоғалтамыз, өзімізді орынсыз ақтауға бейім боламыз,ұялу сезімін жоғалта отырып,бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыта алмаймыз. Өмірдің мәнін түсінуде ,өзіміздің  өмірдегі орнымызды анықтауда қателесеміз.

Адам баласының шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап, оның барлық саналы ғұмыры ата-баба тарихымен өзектес болады. Сол себепті де біз өміріміздің мәдени-рухани шежіресін атамұра арқылы танып білеміз. Адамгершілік деген тазалық пен жинақылықты үйретіп, өзіңді және өмірді тануға деген құштарлықты оятуда бабалардан қалған мирастың орны ерекше. Ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығы келешек ұрпаққа, мына біздерге үлгі өнеге бола алады, өйткені ұлы адамдардың әрдайым ойы таза,сөзі шынайы, ісі адал болған. Адам бойындағы  құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерін дамытуда ұлы адамдардың ой-пікірлері, қанатты сөздері өмірімізге бағыт болатыны,рухани азық беретіні, келешекке жол бастайтыны сөзсіз Өз халқымның ұлттық құндылықтарын құрметтеп, өнеге түтатын ұрпақтың өресі биік болады. Үлкен сүйіспеншілікпен, елжандылықпен  ата-баба  мұрасына, дәстүріне тағзым ету арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды  ұлықтаймыз.

«Қоғамдық  рухани байлықтың азая бастауын ешбір қазына байлықпен алмастыруға  болмайды » 

С.Әшімбаев

Рухани байлық-ең басты байлық,оны шектеп, басқа байлықпен алмастыру,рақат,ляззат іздеу рухани азғындау,болашақтан айырылу.

«Елдің елдігін сақтайтын-әдебиеті,тарихы,салт-дәстүрі»

М. Жұмабаев

 Халқымыздың даму тарихында ертеден келе жатқан әдеби-мәдени нұсқалар, тарихи жәдігерлер , қолөнер туындылары тәрізді ұлттық құндылықтарымыз бар. Аңыздар, ертегілер,нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,эпостық жырлары біздерге үлгі өнеге бола алады, өйткені  онда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі , ой арманы, талап-тілегі  бейнеленген.Ертегі, аңыздар арқылы да адам өмірі мен тәрбиесін, оның бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып, ойы, сөзі жәнеіс-әрекеті бірлікте болатын тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор.

«Атамұраң-асыл қазынаң»

нақыл сөз

Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан атамұра,адамзаттың рухани байлығы оны көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпақтарға жеткізу біздің парызымыз. Адамзаттың рухани мұрасы рухани санамызды жетілдіреді.

ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ

«Адам өміріндегі ең қажетті білім-өзін-өзі тану»

Бернар Фонтенель

Өзін-өзі тану білімі арқылы  жаманнан жиренуді,жақсыдан үйренуге бағыт береді. Адамның бәрі анадан туғанда бірдей болып дүниеге келеді. Оның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында, оның өзіне, өзгелерге, өмірге, айналасына деген қарым-қатынасынан туындайды. Адам осындай білімдерге өзін-өзі тану арқылы қол жеткізе алады.Сондықтан өзіңнің қандай екеніңді  білу үшін- өзіңнің әрібір сөзіңе, іс-әрекетіңе баға бер.

«Алдымен өзіңді-өзің таны» 

Сократ

Өзіңді тану ізгілікке,жақсылыққа талпынуды білдіреді.Адам бұл өмірге жақсылық жасау үшін келеді.Өз бойындағы адамгершілік қасиеттерін ашуға ұмтылыс адамды жақсарта түседі.Әркім өзінің ішкі әлеміне үңіліп өзіне өткір сұрақ қойып, оған әділ жауап беріп , кемшілігін танып келешегіне оң қадам жасаса өзін танығаны. Өзіңді өзің танысаң, өмірді танисың .Өзін тану адамның өмірлік парасатты жолды таңдауына, табуына көмекші болады.

«Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі»

Сара Алпысқызы Назарбава

Өзін-өзі тану –адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта,ынтымақта,татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне ықпал етеді.Сондықтан да Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі» тұрғысынан негіздеуі, мына біздердің осы адамгершілік құндылықтарды үйреніп,өмірде қолдану арқылы бақытты өмір сүруін армандауынан туған.

Өзін тани алмаған адам мына өмірде бақытты бола алмайды себебі адамдардың қайырымсыз қылықтары, жағымсыз ниеттері мен тілектері жақсылыққа алып келмейді, адамның бақытты болуына көмектесе алмайды. Адам бойындағы асыл қасиеттің төресі Әділдік

Асан Қайғының: «Әділдіктің белгісі-біле тұра бұрмаса,

  ақылдының белгісі-өткен істі қумаса»

деген қанатты сөзінде адам әр уақытта шыншыл тек Аль-Хаккты, ақиқатты айтуы керек. Ақиқатқа жүгіну-айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу. Ақиқатқа шындық, дұрыс әрекет,қиянат жасамау және сүйіспеншілікке  күнделікті өмірде іс жүзінде көрсету арқылы жетуге болады. Әділ адам уәдесінде тұрады.

Ал егер адам бойында әділдік, шыншылдық болмаса, яғни, өмірде әділетсіз болса, әділетсіз адамның өмірде жолы болмайды, себебі оның басқаларға жасаған әділетсіздігі, алдына қайтып келеді, және, әділетсіз, ақиқатты айтпайтын адам өзіне де, өзге ге де зиян тигізеді, мысалы адам әділетсіздік жасау арқылы  бойындағы құндылығын жоғалтады,  ақиқатты айтпайды, дұрыс іс әрекет жасамайды, сүйіспеншілік болмай, ішкі жан тыныштығы бұзылып,  қиянат жасайды, яғни осылайша әділетсіздікке жол береді. Ал әділетсіздік адам бойындағы ең жаман қасиет, себебі әділетсіздік адамды құрдымға жібереді.

«Уәде-шыншылдық пен әділеттіліктің бауыры» деген қанатты сөзде: Уәде де тұру шыншылдықтың белгісі, адамның уәдеге берік болуы оның жауапкершілігін, әділеттілігін, әдептілігін, шынайылық қасиеттерін дамытады Бұл қанатты сөз арқылы адамның яғни біздердің уәдеге берік болуымызды, жауапкершілікті сезінуімізді, әділ, әдепті және шынайылық қасиеттерімізді дамытуға болатындығын айтуға болады.

Этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбеков :«Уәдеде тұру- қазақтың асыл құндылығы », деген өйткені бұрынғы кезде қазақ жұртында дала заңы болған, елмен елдер арасындағы мәселелер уәде беруменақ шешілген. Адамдар сөз қадірін білген.

«Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады» нақыл сөз.

Жауапкершілікті болу жақсы әдет. Жауапкершілік адамның сөзінде тұрып, тапсырылған ісін атқарып, уәдесін орындауынан көрінеді.

«Жаны мейірімге толы адам бақытты »

Пифагор.

Адамның жақсы, адамгершілік қасиеті: өзгелерге қамқорлық, қайырымдылық,жақсылық жасай білуінен көрінеді. Жақсылық жасау, адамға қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық,қайырымдылық таныту ол- мейірімділіктің белгісі. Мейірімділік дегеніміз- күннің сәулесі, ол арқылы ізгілік дамиды.Адам баласы Ар Рахманды-аса рақымды, аса мейірімді және Ар Рахимді-мейірбан,ерекше мейірімді әр уақытта есіне алып жүрүі керек, және мейірімді, рахымды болуы керек.

Адам баласы қандай да бір ауыр қиындыққа тап болғанда адамдарға адалдықпен риясыз жанашырлық көрсетуі, бір-біріне мейірімділік танытуарқылы жақсылық жасауы, қолдан келгенше көмектесуге ұмтылуы  керек. Жанашырлық- адамгершілік ққасиеттердің ең ізгі бастауы, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жылы сөзін айтып,жүрек жылуын ұсыну,ізгілік нұрын шашу.

«Қамқорлық – жылы жүректен», – деген нақыл сөзде: қайырымдылық- ол адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқаттанған,науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету,жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы журектен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады. Қайырымдылық астарында жүрек жылуы мен шынайы сезім жатады. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс. Қайырымдылық істеуден жалықпау,істеген жақсылығыңа өкінбеу,ізгі ниет ақ көңілмен  жасалғанәр істе ізгіліктің болатыны анық. Сондықтан да халық «Қайырымдылық-жылы жүректен», деп тегін айтпаған.Иә, қамқорлық жылы жүректен, адам бойындағы қамқорлық, қайырымдылық, жанашырлық болмаса, адамның жүрегінде ішкі тыныштығы дұрыс болмағаны. Және адам біреуге қамқорлық көрсетпесе, қайырымды болмаса, ешкімге жаны ашымаса, ол адам бірте-бірте жаман қасиеттерді бойына жинап, қатыгез, тәкаппар болуы мүмкін. Сол себепті адам әр уақытта ішкі ойын, ниетін түзулеп, ішкі жан дүниесінің тыныштығын орнату керек, себебі адамның ішкі жан дүниесі таза болмаса, адам еш уақытта сүйіспеншілікпен адамдарға көмектесіп, қамқор болып, дұрыс әрекет жасамайды. Ал егер ішкі жан дүниесі таза, тыныш болса, адам әр уақытта барлық адамға қамқорлық жасап, дұрыс іс әрекет жасайды.

АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ…

Адам өзін, өзгені танып, ұғынудан,өзінің жаратылысын түсінуден,өзін-өзі жетілдіруден  өз  бойындағы табиғи дарыны мен қаблетін ашуына және өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.Жақсы көру,өз күшіне сену, сенім арту,қамқорлық жасау арқылы рухани,шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қаблеттерін ашады және  дамытады. Адамның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі.Өмірлік ұстанымын анықтаған адам-өмірдің мәні-жақсылық істеуде екенін пайымдайды. Ия, тек жақсылық қана адамға қуаныш әкелмек.Әр уақытта айналасына тек жақсылық ойлайтын,тек жақсы іс-әрекеттер жасайтындар ғана мамыражай, еш алаңсыз бақытты өмір сүреді.Осы жасаған жақсылығымыз арқылы  бүкіл дүние көктептеп ,бүкіл жер шарындағы адам баласы бақытты болады.Өзінің ойына іс-әрекетіне, айтқан сөзіне берік адам өзін әрі өзгені сыйлайды және сенімге ие болады. Ойдың,сөздің және істің бірлігі іс-әрекетінен көрінеді. Ізгі ниет, ақ көңілмен айтылған сөз-жақсы  істің бастауы.

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын-адал еңбек,мінсіз ақыл, таза жүрек»

Адамның өмірінің мағыналы болуы,адам деген атқа лайықты өмір сүруі өз қолында.Адам өзін танып, адал еңбек етіп, жүрек жылуымен іс-жүзінде пайдаланып,жақсылыққа үйір болып,жамандықтан аулақ жүрсе ,өмірі қуанышты болады. Өмірдің мәні-жақсылық жасауда.Тек жақсылық қана адамға қуаныш әкелмек. Әрдайым жақсылық жасайтындардың жүздері жарқын,көңілдері шат болады.

Адам өзін,өзгені танып жаратылысын түсінуден,өзін-өзі жетілдіруден өмірдің мәні туралы сұрақтарға жауап іздейді.Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани жетіліп,дамиды.Адамның өзіне,адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі.

«Мен өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім»

Бауыржан Момышұлы

Парыз міндетті орындау адамның адамгершілігіне, абзал қасиетіне байланысты. Жаратушы ие алдындағы-пенделік парыз,Отан алдындағы-азаматтық парыз, Ата-ана алдындағы перзенттік парыз, Игілік парызы.

Адамның адамға істейтін жақсылықтарының бәрі-игілік, ізгі тірлік. Қоғамның дамуы да, мерейі артып алға басуы да ,осы  адамдардың бір-біріне көрсететін көмегіне, жасайтын қамқорлығына  игілікті істеріне байланысты. Ондай игілік алдында әр азамат бас иіп, өзі парыздарын сүйіспеншілікпен риясыз орындау қажет. Ия , егерде адам өз мойнындағы өз парызын орындамаса, оның бұл өмірде орыны жоқ,  себебі  бұл өмірге келгенсоң әрбір адам өз мойнындағы парыздарын риясыз орындап кетуі керек , парыздарын орындаудан бас тартқан адам сараң адам яғни адам парыздарынан бастартқаны,   өмірлік үлкен  сыйлықты бастартқанмен тең.

«Өзіңді-өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен.Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл.Тиістіні тындыру-ерік қайраттың бірінші қайнар бұлағы»

В.А.Сухомлинский

Өзін-өзі бақылап,бағындыра білген адам ақылды, шыдамды, байыпты, ұстамды болады.Ол оның дұрыс шешім қабылдауына, мұратына жетуіне мүмкіндік береді. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай өмірде кездесетін қиындықтарға төзімділік танытып, табандылығымен жеңе алғанда ғана биік шыңдардан көрінеді.Ондай адамның ісі нәтижелі болып, армандаған армандарына жетеді.

Ал егерде адам өзің өзі бағындыра алмаса өзіне өзі билік көрсетпесе, өз уақытын тиімді пайдаланбаса оның уақытын басқа адам басқаратын болады, және оны басқа адам бағындырып алып, билік көрсететін болады, бұл заңдылық, сол үшін де өзіміздің әрбір уақытымызды жоспарлап, тиімді пайдалану керекпіз, әл егер біз уақытымызды жоспарламасақ, уақытымыз бос өтіп, ешбір істі тындырмай жалқаулыққа беріліп кетеміз, сол үшін адам баласы өзін сыйлап, өзінің уақытын басқару керек, себебі біз уақытты басқармасақ уақыт бізді басқарады, дәл осы секілді, өзімізді бағындырып, жалқаулығымызды жеңіп, өзімізге билік көрсету керекпіз.

«Өзіңді -өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді -өзің қатал, әрі әділ сотына тарта білуің керек »

Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты,ақиқатты іздеу,сезім арқылы сұлулықты сезініп,түсіну,ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу.

Адамгершілікке тән барлық сапа, қасиеттер өзін-өзі тәрбиелеу құралы.

Егер адам өзін өзі танып, өзін өзі тәрбилемесе, өзін жақсы жаққа өзгертпесе, оны келіп ешкім тәрбиелеп, жақсы жаққа өзгерте алмайды. Себебі, ешкім ешкімнің жан дүниесін толық танымайды, және адам өзін тәрбилемесе әрбір күні есепсіз босқа өтеді,  яғни адам әр бір күн сайын немесе әр бір апта сайын немесе әр бір ай сайын өзің өзі есепке алып отыруы керек, сол кезде ғана адам өзіңнің жаман істерін көріп,  бой түзеп , өзің  өзі тәрбиелей бастайды.

Адам бойындағы асыл қасиеттің төресі Әділдік

Асан Қайғының:   «Әділдіктің белгісі-біле тұра бұрмаса,

                                 ақылдының белгісі-өткен істі қумаса»   

деген қанатты сөзінде адам әр уақытта шыншыл тек Аль-Хаккты, ақиқатты айтуы керек. Ақиқатқа жүгіну-айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу.

Ақиқатқа шындық, дұрыс әрекет,қиянат жасамау және сүйіспеншілікті күнделікті өмірде іс жүзінде көрсету арқылы жетуге болады. Әділ адам уәдесінде тұрады.

Мысалы : «Уәде-шыншылдық пен әділеттіліктің бауыры» деген қанатты сөзде:  Уәде де тұру шыншылдықтың белгісі, адамның уәдеге берік болуы оның жауапкершілігін, әділеттілігін, әдептілігін, шынайылық қасиеттерін дамытады.Бұл қанатты сөз арқылы адамның яғни біздердің уәдеге берік болуымызды, жауапкершілікті сезінуімізді, әділ, әдепті және шынайылық қасиеттерімізді дамытуға болатындығын айтуға болады.

Этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбеков :«Уәдеде тұру- қазақтың асыл құндылығы », деген өйткені бұрынғы кезде қазақ жұртында дала заңы болған, елмен елдер арасындағы мәселелер уәде беруменақ шешілген. Адамдар сөз қадірін білген.

Ал адам уәде беріп, соңында уәдесінде тұрмаса, ол адам адамдық дәрежеден бір саты төмен түседі, адамдар алдындағы сыйлығы құрметтілігі жоғалады, жауапкершілігі жоғалып , ешбір адам оған сенбейтін болады.

Іс-әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы,ақылды, жақсы мен жаманды айырып, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адам ақылды адам.

Мінез -адам көрсеткіші.Мінез бірнеше түрлерге бөлінеді. Тәрбиелі мінез-көпшіл,ізетшіл,адамға қамқор,жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындауға жауапкершілік пен адалдық қасиеттерден туады.

Көркем мінезді адам-рухани дүниесі бай,қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең , сөзі, ойы және іс-әрекеті бірлікте болатын адамдар.

«Жаны мейірімге толы адам бақытты »

Пифагор.

Жақсылық жасау, адамға қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық,қайырымдылық таныту ол- мейірімділіктің белгісі. Мейірімділік дегеніміз- күннің сәулесі, ол арқылы ізгілік дамиды.Адам баласы Ар Рахманды-аса рақымды, аса мейірімді және Ар Рахимді-мейірбан,ерекше мейірімді әр уақытта есіне алып жүрүі керек, және осындай қасиеттерді дамытуы керек.

«Адам ақылды , кішіпейіл,әділ, батыл да,қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелңһі атпен атауға құқы болады.»

Егер адамның өмірі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделсе, оның қуанышы мол болады, себебі онда қайырымдылық, жанашырлық,кішіпейілділік, батылдық, әділдік танытқанда өзгелерді қанағат сезіміне бөлейміз.

«Қамқорлық- жылы жүректен»,- деген нақыл сөзде: Қайырымдылық – ол адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқаттанған,науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету,жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы журектен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады. Сондықтан да халық «Қайырымдылық-жылы жүректен», деп тегін айтпаған.

Ақын, ойшыл,ғалым Жүсіп Баласағүнидің:

«Ұят-жаман ойдың жүгені,

Бар бәледен ұят сақтайды»,

деген қанатты сөзінен , біз ұят сөзін кішкентай кезімізден Ұят болады! Ұят емес пе?! Ұятқа қалма! Ұятты сақта! Ұятты ойла! Ұят бар ма ?! Ұялмайсың ба! деген сөздерді жиі естиміз. Бұл сөздер жаман, теріс, ыңғайсыз қылықтардан аулақ болсын деп сақтандыру, ескерту мағынасында айтылады.Сондықтан  ойшыл Жүсіп Баласағүн бар бәледен ұят сақтайды деп айтқан.

«Ақылың болса арыңды сақта,ар-ұят керек әр уақытта» , «Ұят кімде болса,иман сонда», Абай атамыздың «Ұят деген-адамның өз бойындағы адамшылығы»  деген қанатты сөздерден біз  ар- ұждан  арқылы адам өз  мінезін бақылап, қадағалауы арқылы адамгершілік қасиеттерін дамытып,арлы адам болуға ұмтылатынын және әр уақытта жағымсыз істерден аулақ болып, жамандықтан жиренуді,жаман істерден тыйылуды, өзіңнен  ұялуды, көптеген балалар мені ешкім көріп тұрған жоқ деп ойламаған жерден жаман,теріс,әбес  қылықтар жасау арқылы өзінің бойындағы өзінен ұялу қасиетін дамытпайды,сырттай ешкім көріп тұрмаса да ішімізден ар-ұжданымыз бақылап тұрғанын естен шығармау арқылы, ар –ұжданға сай өмір сүре білсек, біз бақытқа қол жеткізетінімізді түйіндеуге болады. Адамның өзінің ниетін түзеп, ізгілікке ұмтылуы сабырмен серік болуы рухани дамудың жолы.Сабырлылық адамды жамандықтан сақтап,жақсылыққа  бастайтын ізгі қасиет.

 «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» 

Қазақ халқының пайымында  адалдық адам бағасының өлшемі болып табылады. Адалдық адам балсының жанының тазалығы, ниеттің тазалығы ,пәктік, ар-ұждан,шыншылдық, айнымастық,шын берілгендік сияқты ізгі қасиеттерді еске салады.Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді.Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да тартынбайды.Адал болу өтірік айтпау емес,ақиқатқа  ешбір қалтықсыз сену. Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс- әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады.Адалдығы бар адамның рақымы да мол болады.

Иә, сонымен қатар, адам бойында адалдық болмаса, ол адам да адамгершіліктік қасиет болмайды, адам сатқын болады,  яғни аманатқа қиянат жасайды, ал бұл, аманатқа қиянат жасау өте дұрыс емес нәрсе, Себебі адам басқаларға адал болмаса, уәдесінде тұрмай, 5 құндылықтағы қиянат жасамауды бұзады, яғни аманатқа қиянат жасайды, және осылайша адам өтірік айтып, шыншыл болмай, адал болмай, сатқындық жасап жүрсе, бұл жаман қасиеттер адам бойына сіңісіп кетеді де,  адам бойында адамдық қалмайды

«Ғұмыр бой бақытты болғың келсе, адал адам бол,сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі», деген қанатты сөзден адалдық, ақкөңілділік адам баласы үшін өмірдегі ең маңызды ұстаным екенін түсінуге болады.

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе,  адал адам бол,  сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі.

Сонымен қатар,  егерде адам баласында адалдық,  сүйіспеншілік пен құрмет болмай , ғұмыр бойы бақытты боламын дегені бос әурешілік,  Себебі адам адал болмаса,  жүрегінде сүйіспеншілік пен ішкі тыныштық болмаса,  өзіне деген құрмет пен өзгеге деген құрмет болмаса,  бақытты болуға жасап жатқан істері бос іс, қоғамға,  адамдарға пайдасы тимесе , тек өзін ойласа бақытты бола алмайды , Себебі бұл өмір алма кезек,  бір адамға жақсылық жасасан да, бір адамға жамандық жасасан өзіне қайтып келеді,  яғни,  егер адам баласы  өзгелерге адал болмаса,  сүйіспеншілік пен құрмет көрсетпесе,  сол істегені алдына қайтып келеді,  осылайша адам ғұмыр бойы бақытты бола алмауы мүмкін

«Сабырлы жетер мұраттқа,сабырсыз қалар ұятқа»;

«Сабырлылық-жақсылықтың қайнар көзі» Лао-цзы,

 «Ұстамсыз бәлеге ұрынар» Жүсіп Баласағұн,

«Ақыл адамның көрігі,ақылдың сабыр-серігі»

Мұхтар Әуезов 

Сабыр деген-әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық,

Қолы жетпей талай жан ызданады,

Осыдан көп шығады адамшылық

  • деп Шәкәрім атамыз айтқандай сабырлылық-адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет.(Сабырлылық -адам бойындағы сезімнің, ойлаудың тереңдігі.Сабырлы адам-ақылды, шыдамды, байыпты, ұстамды болады.Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына, мұратына жетуіне мүмкіндік береді.Егер адам қажыр қайратымен сабырлылық танытатын болса , ол байыптылық , ар ұят-ынсап, және шыдамдылық, төзімділік,қайсарлық сияқты асыл қасиеттерін дамытады. Сабырлылық адам бойындағы немқұрайлылық, еріншектік,ашуланшақ, шолақ ойлау, байыпсыздық сияқты жаман қасиеттерді, түзетуге, жоюға көмектеседі.

Әрине, міндетті түрде сабырлы адам мұратына жетеді, ал сабырсыз адам ұятқа қалады. Сабырсыз адам үнемі қиын жағдайда қалады, Себебі сабырсыз адам күйгелектеніп, сабырсызданып, қысқа ойланып, бір шешім шығарып қойып, соңында зияны өзіне тиеді.

«Адамның қадірлісі-жомарт кісі » 

Жүсіп Баласағұн

Жомарттық-көңіл байлығы.Жомарт  адам-өзінің қолындағы барымен бөлісуге даяр, көңілі мөлдірдей таза адам. Жомарт болу үшін міндетті түрде бай дәулетті қажет емес.

«Кең пейілді кемімес,пейілі тар байымас»

нақыл сөз

Кеңпейілділік – бұл ниет түзулік, мінезі ашықтық, жүрегі жомарттық. Кеіпейіл адам ешкімнің ала жібін аттамайды,барлық адамдарға қол ұшын беруге даяр,жомарттыққа бейім болады. Сонымен қатар, әрбір адамның мінезінде жомарттық болмаса, ол адам ды ешкім жақтырмайды, және ешкімге ұнамайтын адам болады, Себебі жомарттық мінез болмаса адамның пейілі тар деген сөз, яғни адам өзінің дүниесін қызғанып, ешкімге жақсылық ойлай алмайды , көмек көрсете алмайды , ал бұл дұрыс емес, оның себебі кез келген адамға жақсылық ойлай алмасан, жамандық ойласан, ойлаған жамандығын өзіне қайтып келеді.

«Әркім өз қолынан келгенше жомарт»

Міржақып Дулатов

Адамның бойндағы шексіз, риясыз мірттігіне,жомарт болуы үшін міндетті түрде бай, діулетті болу шарт емес,әркім қолында барын аямауға, қиналғандарға қол ұшын беруге, қамқолық жасауға, сұрай келгендерді құр қол қайтармауға қолынан келгенше  жомарт болуды үйренуі керек

Ия, әркім өз қолынан келгенше жомарт, яғни бар кезде аямай, қол ұшын созып, риясыз көмектесу керек, Ал егерде адамда көмектесуге мүмкіндігі бар бола тұра көмектеспесе, бұл дұрыс емес, Себебі бұл өмір алма кезек, яғни бұл өмір – бумеранг, бүгін сен оған көмектеспесең бір күні саған оның көмегі керек болуы мүмкін, сол үшін бар кезінде аямай көмектесу керек.

«Даналықты үйрену-адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді»

 Каменский

Жомарттық ең ізгі, ең асыл қасиеттер қатарына жатады. Қазақ халқы қол жомарттығын адамгершілік пен ізгіліктің көрінісі деп бағалаған. Әрдайым ұрпақтарын қолы ашық, жомарт, ақ көңіл, ашық-жарқын болуға баулыған.

Абайдың 38 қара сөзінде мәрттіліктің үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналылық (ғақыл).

Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет,ақпейілділіктен шапағат,даналықтан ақиқат мағлұм болмақ, деп айтқан Абай атамыздың сөзінен  адам бойындағы  адамгершілік қасиеттерді шындық, шынайылық,ақ пейілділік, қайырымдылық, даналық қасиеттерді дамытуға ,қалыптастыруға болатынын түйіндеуге болады. Сондай-ақ адамның мейірімділігі мен қамқорлығы оның қол жомарттығын,көңіл жомарттығын арттырады. Жомарттық арқылы әр уақытта көңілді болуға, барға қанағат етуді,орынсыз бәсекеден аулақ жүруге, барлық адамдарға жақыным деп қарауға, шын пейілімен мұқтаж жандарға қол созуға, риясыз көңілмен өзінде бармен бөлісуді жәнеде айналасындағыларға үнемі қуаныш пен бақыт сыйлай білетін ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жомарттық іс-әрекеттерді жасауға дағдыландырады.

Егер адам даналықты уйренбесе, ең бірінші надан, содан кейін ақылсыз, қайратсыз, болады, және Жомарт адам бола алмайды, Себебі даналық әр бір нәрсені уйретіп, көкірегімізді ояу, көзімізді ашық қылады.

«Адамда жақсы қасиет болмаса, 

оған бақ та, бақыт та қонбайды»

Ж.Баласағұни.

Адамның қол жеткен жетістіктері, қуанышы-оның өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің, жақсы қасиеттерінің нәтижесі. Мысалы мен өзімнің риясыз жасаған қамқопрлығымның,жақсы істерімнің ізсіз кетпейтініне сенемін,оған ылғи да көзім жетеді, куәсі де болып жүрмін.

Ия , адам бойында адамдық , адамгершілік қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды ,Себебі адам баласын да жаман мінез болса, ол еш жерге ешбір ортаға сыймайды, ал жақсы мінез ді болса, ол адам кез келген жерге жақсы мінезімен сыйып кетеді, яғни адам бір ортаға білімділігімен немесе көркем мінезімен сыйысады, және көркем мінез иесіне бақ та бақытта қонады

АДАМ ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Адамның айналамен қарым – қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсете алуы әдептілікке әкеледі. Әдептілікке елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық,көргенділік, инабаттылық, кішіпейілділік қылықтар жатады. Әдепті адам өзіне және өзгелерге қоршаған ортаға түсіністікпен, сыйластықпен құрметпен қарайды

«Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін.Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді, және өкінішке орай ұрпақтарын осы ауыр зиянан құтқара алмай-ақ келеді.»

И.Гете

Әдептілік адамның өмір сүру тәсілі мен өмір жолына байланысты. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі, оған айналасындағы адамдар отбасы, достары, сыныптастары әсер етеді.Жақсы адам болып қалыптасу үшін  өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Егер біз әдепсіз болсақ ортамен қарым-қатынасымыз, турашылдық, ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қанағатшылдықты, кішіпейілділікті, кешірімділікті, өзгелердің тілектерін құрметтеуді жоғалтамыз, өзімізді орынсыз ақтауға бейім боламыз,ұялу сезімін жоғалта отырымп,бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыта алмаймыз. Өмірдің мәнін түсінуде ,өзіміздің  өмірдегі орнымызды анықтауда қателесеміз.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе-оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»

А. Линкольн

Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзндік көз қарасынан,сенімінен,дүниетанымынан,басқа адамдармен қатынасынан, әрекетінен көрінеді.

Адам қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның жан дүниесі рухани бай болуы керек.Яғни күнделңкті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста әдептен шықпау,көңілге келетін сөз айтпау, жағымсыз мінез көрсетпеу-оның ішкі әлеміне байланысты.Қарым-қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.

Ия, жалпы адамдармен үнемі жақсы қарым қатынаста жүру мүмкін емес, бір де жақсы, бір де жаман қарым қатынас тар шығып жатады, сонымен қатар, адам баласы барлық адамдармен жақсы қарым қатынас болу керек, себебі адамдармен жақсы риясыз қарым қатынас жасамай ешбір адамның жұмысы алға баспайды, өмірі мәнсіз, мағынасыз өтеді, ал әрбір адаммен дұрыс қарым қатынас жасау үшін, адам өз ойларын, ниетін түзеу керек, және ішкі тыныштығын дұрыс керек яғни ішкі жан дүниесін дұрыс таған адамның сыртқы ортасы , қарым қатынас та табысқа жетеді

«Түсінісе білу- жақсы қасиет»                                               

 нақыл сөз

Адамдардың бір-бірімен тіл табысуы үшін өзара түсіністік пен сыйластық,кішіпейілділік, сабырлылық қажет. Адамдар түсіністікте өмір сүрсе,қуанышқа бөленеді,жақсылыққа кенеледі. «Түсінісе білу-жақсы қасиет»,-деп халық тегін айтпаған.

«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден бастайды.Себебі ата-ана сыйламаған бала жолдасын да қоғамға да пайда келтіре алмайды.»

Ы.Алтынсарин

Адамдар арасындағы қарым -қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын ата-анасынан үйренеді. Қазақта туыстық желіні үзбей, ағайын арасындағы берек-бірлік, татулықты сақтап, өз ұрпақтарын туыстық қарым-қатынасты қадірлеп сақтауға баулыған. Бала ата-анасын ардақ тұтып,өзінің перзенттік парызын өтеуі, ол – оның мәдениеттілігінің, әдептілігінің және адамгершілігінің белгісі. Өз ата-анасын құрметемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік көрсетпейтін, осындай қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа не қайыр, олар қоғамға да пайда келтіре алмайды.

Ал адам баласы ең бірінші өз ата анасын сыйласа екінші өзін сыйласа,  үшінші туған туысын, жолдасын,  досын  қоғамды сыйлайды және қоғамға өз пайдасын келтіреді

«Шаңырақ сәні-сыйластық»

 Мақал

Отбасындағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік,татулық бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу,отбасының сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.

Ия шаңырақ сәні сыйластық, әрбір адамның шаңырағындағы сыйластық, әрбір отбасының сәнін кіргізеді, ал егер отбасыда сыйластық болмаса, отбасы деген атқа лайық болмайды, себебі отбасы мүшелері бірін бірі – сыйламаса, құрметтемесе, араларында бір бірінің қадірі қалмайды, сол кезде бір бірін түсінбей, өзара түсініспеушілік болып, шаңырақтың бақ, берекесі, бірлігі кетеді.

«Үйінде бақытты адам-әлемде бақытты адам» 

Л.Н.Толстой

Адам бақытты болу үшін адамдарды риясыз сүйіспеншілікпен құрметтеп, жақсылық жасап, қарым-қатынасты нығайту керек. Отбасымызға адал, шынайы беріліп қызмет етуіміз арқылы бүкіл адамзаттың сүйіспеншілігіне бөлене аламыз.

Ал егер адам үйінде бақытты болмаса, ол әлемде де бақытты бола алмайды, себебі адам баласы өз отбасына жақсы көз қараспен қарамаса, риясыз көмектеспесе, отбасына деген  қарым қатынасына мән бермесе, отбасының сүйіспеншілігі бөлене алмай,  әлемнің де сүйіспеншілігіне бөлене алмай, бақытты бола алмайды.

«Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес»

Ғ.Мұстафин.

Кез келген перзент ата-анаға құрмет,ізет көрсету керек.Егер әрбір перзент ақылды болса ата-анасының мейір- махаббаты үшін кез келген істі орындаудан бас тартпайды, ал керісінше ата-анасына мейірімсіз, қатыгез болса ол ешқандай жақсылыққа лайық емес. Адам ата-ананың қадірін білмесе- халқының да қадірін білмес.

Ата- ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» өте орынды айтылған, себебі бұл өмірдегі барлық үлкен, кіші жетістікке жетуін, өмірде жолың болып жүруі, сенің әкең мен анаңа жасаған қарым қатынасыңа байланысты, сол үшін әр уақытта әке шешемізге жақсылық жасап, разылығын,  батасын алуға тырысу керек, осылай  біз әке шешеміздің айтқан ақылын қылып, олардың қадірін білсек, және әке шешеміздін көңілінен шықсақ, халықтыңда қадірін білетін боламыз.

«Адам баласына-адам баласының бәрі дос»

Абай

Адам өз жүрген жерінде, барған елінде,шыққан сапарында басқа жұрттың адамдарымен инабатты қарым-қатынаста болып, биік адамгершілік пен парасат танытса, онда ол халықтар арасындағы  татулықты ,достықты  нығайтып ,туған еліне,халқына ниеті адал дос табады.

Ата- бабамыздан келе жатқан рухани өсиет-достыққа адалдық

Адамдар арасындағы достық қарым-қатынасы өмірде олардың бірін-бірі құрмет тұтуынан,шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі демеу болуынан қам-қайғысыз кеде ғана емес,әсіресе,қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.

«Досы жақсының-өзі де жақсы»

А. Йүгінеки

Даналарымыз «Сен досың кім екенін айт, мен сенің кі екеніңді айтып беремін» дегендей достар жан дүниесі,ой-өрісі, өмірге деген көзқарасы ортақ,дүниетанымы деңгейлес, әрі бірін-бірі оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады.Достықтың сақтаушысы- адалдық пен шынайылық.

Ал досы жаман адамның өзі жаман болады, себебі адам ортасына қарай мінезі адамдық қасиеті өзгереді, біз қандай ортамен аралассақ, сондай адам боламыз

«Өрге жүзген өнегелі ісіңмен Адал дос тап тең құрбыңның ішінен»

әл-Фараби

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек.Сондықтан  дос табуда  оған  жауапкершілікпен қарау керек.  Достыққа  ниеті таза, жан дүниесі рухани бай ,адам көңіліне қарайтын, кешірімшіл және татулықты  қадір тұтатын адаммен дос болуға болады.Дос деген-сенің басыңдағы жағдайды басқалардан артық түсінетін,ягни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың

Сонымен қатар Достық – адамға ең керек байлық. Доспен бірге өмірдің мәні де, сәні де кіреді.

Алайда дос тандауда қателеспеу керек себебі достар екі түрге бөлінеді,  адал дос пен амал дос деп, дос тандағанда жауапкершілікті ұстана отырып , ойланып тандау маңызды  , таңдаған досын амал дос болмау үшін 

АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ ТӘЖІРИБЕСІ

 Адамзаттың рухани мұрасымен танысу, ой,сөз және іс-әрекет бірлігін ұғыну.

Адамзаттың рухани мұрасына  мәдени нұсқаулары, ұлағатты сөздері мен көркем туындылары,  ата-баба дәстүрі мен салт-дәстүрлері ,әдет -ғұрыптары,ұлттық өнер және тарихи жәдігерлерді, тарихи ескертіштерді жатқызамыз .Адамзаттың рухани мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас ретінде жетіп отырған.Халық зердесіндегі даналылық пен данышпандықты көрсететін мұндай өмірлік тарту атамұра деп аталады.Ұлттық өнегемізді өскелең ұрпаққа жеткізетін басты мұралардың бірі- халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет -ғұрыптары. Адам баласының шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап, оның барлық саналы ғұмыры ата-баба тарихымен өзектес болады. Сол себепті де біз өміріміздің мәдени-рухани шежіресін атамұра арқылы танып білеміз. Адамгершілік деген тазалық пен  жинақылықты үйретіп, өзіңді және өмірді тануға деген құштарлықты ояатуда бабалардан қалған мирастың орны ерекше. Өз халқымның ұлттық құндылықтарын құрметтеп, өнеге түтатын ұрпақтың өресі  биік болады. Үлкен сүйіспеншілікпен, елжандылықпен  ата-баба  мұрасына, дәстүріне тағзым ету арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаймыз.

 «Қоғамдық  рухани байлықтың азая бастауын ешбір қазына байлықпен алмастыруға болмайды »

 С.Әшімбаев

Рухани байлық-ең басты байлық,оны шектеп, басқа байлықпен алмастыру,рақат,ляззат іздеу рухани азғындау,болашақтан айырылу.

Ия , рухани байлықтың азаймауын қаласақ, қоғамда әрбір өмір сфераларындағы білім қабілеттерін дамыту керекпіз, өзің өзі тану пәніндегі жалпыадамзаттық құндылықты жарыққа шығара білсек рухани бай боламыз

«Халқын сүйген-халқының салтын сүйеді»

Халық нақылы

Ұлттық құндылықтарымыздың бірі- ата салты, кәсіпке,сенімге, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптар.Салт-ұлттық қасиеттің басты белгісі, ол бабалардан мирас болған, сан ғасырлық өмір сүру барысында ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жұрттың санасына әбден сіңіп қалыптасқан үрдіс. Атамыз аманат еткен бұл құндылықтар біз үшін қастерлі.Өз халқымның ұлттық құндылықтарын құрметтеп, өнеге түтатын ұрпақтың өресі  биік болады. Үлкен сүйіспеншілікпен, елжандылықпен  ата-баба  мұрасына, дәстүріне тағзым ету арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаймыз.

Ал өз халқын сүймеген адам өз  халқының салт дәстүрлерінде сүймейді, себебі жоғарыда айтылғандай  Салт – ұлттық қасиеттің басты белгісі, ол бабалардан мирас болған, сан ғасырлық өмір сүру барысында ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, жұрттың санасына әбден сіңіп қалыптасқан үрдіс, сол үшін адам баласы егерде өз халқының салтын сүймесе, өз халқын сүйе алмайды

«Елдің елдігін сақтайтын-әдебиеті,тарихы,салт-дәстүрі»

М. Жұмабаев

Халқымыздың даму тарихында ертеден келе жатқан әдеби-мәдени нұсқалар, тарихи жәдігерлер , қолөнер туындылары тәрізді ұлттық құндылықтарымыз бар. Аңыздар, ертегілер,нақыл сөздер, мақал -мәтелдер, эпостық жырлары біздерге үлгі өнеге бола алады, өйткені  онда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ой арманы, талап-тілегі бейнеленген. Ертегі, аңыздар арқылы да адам өмірі мен тәрбиесін, оның бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып, ойы, сөзі жәнеіс-әрекеті бірлікте болатын тұлғаны қалыптастыруда маңызы зор.

Яғни тарих ұмытылған болса, әрбір азаматтың өз еліне,  жеріне деген сүйіспеншілігі болмайды, ал салт дәстүр ұмытылған болса, әрбір адам тура жолдан адасуы мүмкін, яғни дұрыс әрекет жасамайды, ал әдебиет ұмытылған болса, туралықты, адалдықты, шыншылдықты үйрететін мақал мәтелдер мен аңыздар, көркем шығармалар ұмытылып, әр бір азамат өмірде өз орнын таппай, білім ді, жеке тұлға бола алмайды.

«Атамұраң-асыл қазынаң» нақыл сөз

Ата-бабаларымыздың  ұлағатты ой-пікірлері,өсиет-өнегесі біздердің асыл қазынамыз.Ұрпқтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан атамұра,рухани байлығын көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпақтарға жеткізу біздің рухани санамызды жетілдіреді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Өзін-өзі тану пәнінде жас ұрпақты адамгершілікке және жалпыадамзаттық құндылықтарға негіздіелген ойы, сөзі  және ісі бірлікте өмір сүретін кемел  мінезді адамды дамытудағы  ұлы адамдардың қанатты сөздерінің маңыздылығы зор. Ұлы адамдардың ой-пікірлері, қанатты сөздері өмірімізге бағыт болатыны,рухани азық беретіні, келешекке жол бастайтыны сөзсіз. Осы қанатты сөздерді терең зерделей келе,өз бойындағы адамгершілік қағидаларын дамытады. Өзін-өзі тану білімі жаманнан жиренуді,жақсыдан үйренуге бағыт береді.Сондықтан,өзіңнің қандай екеніңді  білу үшін- өзіңнің әрбір сөзіңе, іс-әрекетіңе баға беріп отыру маңызды. Адам өзін танып жаратылысын түсінуден өзін жетілдіру,өмірдің мәнін түсінуге тырысады. Адамның өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік ұстанымын анықтауына көмектеседі. Өмірлік ұстанымын анықтаған адам-өмірдің мәні-жақсылық істеуде екенін пайымдайды. Ия, тек жақсылық қана адамға қуаныш әкелмек. Әр уақытта айналасына тек жақсылық ойлайтын,тек жақсы іс-әрекеттер жасайтындар ғана мамыражай, еш алаңсыз бақытты өмір сүруге болатынын түсінеді.Адамды бақытқа жетелейтін даналық екенін, ол арқылы өз мүмкіндіктерін,тілегіне, арман-мұратына жетуде қабілеттерін дамытып үлкен жетістіктерге жетуге болатынын ұғынады. Адамның қол жеткен жетістіктері, қуанышы-оның өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің, жақсы қасиеттерінің нәтижесі. Мысалы мен өзімнің риясыз жасаған қамқорлығымның,жақсы істерімнің ізсіз кетпейтініне сенемін,оған ылғи да көзім жетеді, куәсі де болып жүрмін.

Адам және әлем тарауындағы  қанатты сөздер арқылы адам қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның жан дүниесі рухани бай болуы керек екенін, яғни күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста әдептен шықпау,көңілге келетін сөз айтпау, жағымсыз мінез көрсетпеу-оның ішкі әлеміне байланысты. Қарым-қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты екенін ұғынады.

Адамзаттың рухани мұрасымен танысу, ой,сөз және іс-әрекет бірлігін ұғынуда келтірілген қанатты сөздер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас ретінде жетіп отырған рухани мұрасынан халық зердесіндегі даналылық пен данышпандықты үйреніп өз бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып, ойы, сөзі және іс-әрекеті бірлікте болатын тұлға болып қалыптасуды зерделейді.

Осы еңбегімдегі келтірілген қанатты сөздерді күнделікті өмірде қолдану өміріміздің  сапасын жаксартады, бақытқа кенелтеді.

ПІКІР

Өзін-өзі тану оқу пәні тұлғаның адамгершілік негіздерін құруға,оның рухани өзін-өзі жетілдіруіне және өзін жүзеге асыруына,қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс-жүзіндегі дағдыларын,тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастырып,әрбір адамның табиғатынан салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруды көздейді.

Жеке тұлғаның жоғарғы рухани-адамгершілік болмысын ашуға және жалпыадамзаттық құндылықтарға негіздіелген ойы, сөзі  және ісі бірлікте өмір сүретін кемел  мінезді адамды дамытудағы қанатты сөздердің маңыздылығын  салыстырмалы  талдау жасау арқылы ашуда  жас ұрпақтыадамгершілікке тәрбиелеудегі ұрпағына өшпес мұра қалдырған  білімдар,зиялы, ұлы адамдардың қанатты сөздерін пайдалануы өте орынды болған. Өзін-өзі тануында және адамның әлеммен қарым-қатынасынғ әлемге сүйіспеншілігін, жағымды қарым-қатынасын дамытуда таңдаған қанатты сөздерін тиімді таңдай білген.

Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған  өмірлік тәжірибесі келешек ұрпақ үшін маңызды. Халық даналылығы қанатты сөздер, мақал-мәтел, шешендік сөз үлгілерінде айтылған зерделі ақыл,тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілік болып табылады. Халық даналығындағы қанатты сөздердің тәлімдік үлгісі зор. Осы атамұра айтылған рухани тағылымдарды тереңнен аша білуде ізденімпаздыққа, парасаттылыққа терең мән берген.

Ойы, сөзі және іс-әрекеті бірлікте болатын тұлғаны қалыптастыруда, жауапкершілігін, ерік-жігерін, сабырлылығын,ойы,сөзі ,әрекетінің бір ізділікті қалыптастыруда қанатты сөздердіде салыстырмалы түрде аша білген.

Адам бойындағы асыл қасиеттерді салыстырмалы ашуда өмірмен байланысы аздау болған.

Жеке тұлғаның жоғарғы рухани-адамгершілік болмысын ашуға және жалпыадамзаттық құндылықтарға негіздіелген ойы, сөзі  және ісі бірлікте өмір сүретін кемел  мінезді адамды дамытудағы қанатты сөздердің маңыздылығын  салыстырмалы  талдау жасау арқылы ашудажүргізілген жұмыстары дәлелді және сенімді.

You May Also Like

Асан Қайғы неліктен Қайғы, ғылыми жоба

Жұмыстың авторы:  Коцан Арина  «Асан Қайғы неліктен «Қайғы» аталды жұмысына ПІКІР Зерттеудің…

Ас содасы ғылыми жоба

Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: АС СОДАСЫНЫҢ  ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУЫ МАЗМҰНЫ Аннотация І.  Кіріспе   …

Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі» Жоба авторы: Енбаева…

Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түс атауларының қолданыс аясы, ғылыми жоба

Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түс атауларының қолданыс аясы Мазмұны  І  Кіріспе ……………………………………………………………………………………………..…