Ғылыми жоба

Жоба тақырыбы:

АС СОДАСЫНЫҢ  ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУЫ

МАЗМҰНЫ

Аннотация

І.  Кіріспе    _______________________________________________________3

  1. Негізгі бөлім

2.1. Теориялық бөлім.

2.1.1. Ас содасы – кристалды ұнтақ_______________________________ 5

2.1.2. Ас содасының шығу тарихы, өндірілуі ______________________ 5

2.2. Практикалық бөлім: Ас содасының пайдасы мен зияны

2.2.1. Ас содасының тамақ өнеркәсібінде пайдаланылуы ___________ 7

2.2.2. Ас содасының өндірісте пайдаланылуы ____________________ 7

2.2.3. Ас содасының медицинада пайдаланылуы __________________ 8

2.2.4. Ас содасы – қол жетімді тазартқыш құрал __________________ 12

2.2.5. Ас содасының зияны ____________________________________ 13

IІІ. Қорытынды     ________________________________________________ 15

  1. Кіріспе

Бірде теледидардан «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасын көріп отырғанымда тәтті тағамдар пісіргенде қопсытқыш ретінде қосатын ас содасын бірнеше мақсатта қолдануға болатынын көрсетті. Ас үйдегі кафельді, тоңазытқышты ас содасы ертіндісімен жуып – сүрту арқылы жағымсыз иісті кетірді. Тағам төгілген пешті, қол жуғышты да ас содасымен тазалады. Ал анамыз бізге салқын тиіп, тамағымыз ісіп ауырғанда ас содасын ыстық суда көпіртіп тамағымызға ингаляция жасайды. Осы тағам қопсытқыш ас содасы көптеген мақсатта қолданылатыны жайлы ұстазыма айттым. Ұстазым ас содасының мен білмейтін әлі де сырлары бар екендігін алға тартты. Қарапайым ас содасының басқа да қасиеттері туралы білгім келді. Ұстазыммен бірге осы сұраққа жауап іздей келе, «Ас содасының тұрмыста қолданылуы» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жүргізе бастадық.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Ас содасының шығу тарихы, өндірісте, тұрмыста қолданылуы, пайдалы және зиянды жақтары туралы мәліметтер жинақтау.   

Міндеттері:

  • Берілген тақырыпқа байланысты нақты деректерді газет – кітап басылымдарынан, қосымша жинақтардан, интернет желісінен іздеу, мәліметтерді толықтыру;
  • Зерттеу жұмысын жүргізу жолдарын үйрену;
  • Ас содасының пайдасы мен зияны туралы насихаттау;
  • Жоба бойынша жұмысты рәсімдеу. 

Гипотеза:

Ас содасының  химиялық зат болып табылуына байланысты, тағам дайындауда ғана емес, басқа мақсатта да қолдануға болатындығына көз жеткізу.

Зерттеу нысаны: ас содасы. 

Зерттеу әдістері:

Теориялық:  ақпаратты жинақтау, сұрыптау, салыстыру, өңдеу әдістері;

Практикалық:  зерттеу, бақылау, баяндау, демонстрациялау әдістері.

  1. Негізгі бөлім.

Теориялық бөлім: Ас содасы – ақ түсті, кристалды ұнтақ.

Ас содасы  немесе қос көмір қышқыл натрий немесе натрий бикарбонаты – ақ түсті, кристалды ұнтақ /NaHCO3/

Химиялық қасиеттері:

Натрий бикарбонаты – қөмір қышқылының қышқыл натрий тұзы. Қышқылдармен әрекеттескенде – тұз бен көмір қышқылы түзеледі. Көмір қышқылы бірден көміртек оксиді (IV) мен суға дейін ыдырайды. {\displaystyle {\mathsf {NaHCO_{3}+HCl\rightarrow NaCl+H_{2}CO_{3}}}}Тұрмыста көбіне осы реакция сірке суымен немесе ыстық сумен қолданылады. Нәтижесінде натрий ацетаты түзеледі. 60 °C температурасында ас содасы натрийдің карбонаты, көміртек газы мен суға ыдырайды.

Ас содасының шығу тарихы және өндірілуі

Анри Луи Дюамель де Монсо –  француз химигі, дәрігер, ботаник, агроном, физик, инженер, әдебиеттанушы, жазушы.

Ол 1736 жылы көл суынан таза сода алды. Ол соданың «Натр» атты химиялық элемент екендігіне көз жеткізді.

Николя Леблан – француз химик-технологі.

Ол 1742 жылы  Францияның Ивуа-ле-Пре қаласында қарапайым отбасында туған. 1751 жылы әкесі қайтыс болған соң отбасылық достары дәрігер Бьенге жібереді.  Қамқоршысының ықпалымен Леблан медицина саласына көңіл бөле бастайды. 1759 жылы қамқоршысы қайтыс болған соң Париж қаласындағы хирургиялық колледжге оқуға түседі. Жоғары білім алып, медицина саласында қызмет етеді. 1775 жылы отбасын құрып, балалы болады. Дәрігер ретіндегі табысы отбасын асырауға жетпеуі себепті, Орлеан герцогі Луи Филипп II сарайының дәрігері болу ұсынысын қабылдайды. 1791 жылы ол ас содасын жасанды түрде өндіру жолын ойлап тапты. Ас содасын жасанды түрде алу жолы көпке дейін құпия сақталды.

Ал Ресейде 1860 жылдары І Петр патша тұсында шетелден сода тасыған және оны «зода» немесе «зуда» деп атаған. Ал 1864 жылы Лебланның технологиясымен сода өндіру зауыты жұмыс істей бастаған. Осылайша Ресейдің өз зауытының салынуымен химия, медицина, тағам өндірісіндегі көшбасшылық жолы ашылды. Бүгінгі күнде әлемде жылына миллиондаған тонна өнеркәсіптік сода өндіріледі. Дүние жүзінде тек екі мемлекетте ғана сода өндіріледі. Оның бірі, бүгінгі күнде біз қолданып жүрген ас содасы Башқұртстан мемлекетінде өндіріледі.

Практикалық бөлім: Ас содасының пайдасы мен зияны.

Ас содасының тамақ өнеркәсібінде пайдаланылуы.

Тамақ өнеркәсібінде ас содасын кондитерлік тағамдар мен нан өнімдерін дайындауда қолданылады. Күнделікті үй жағдайында да ас содасы көбіне осы мақсатта жұмсалады. Ас содасы түрлі тағамдар пісіру үшін қопсытқыштың орнына жүреді.           Сонымен қатар, еттің дәмін шығару және тез дайындалуы үшін етті қуырып жатқанда  аздап ас содасын сеуіп  қолданылады.

Ас содасының өндірісте қолданылуы.

Бүгінде ас содасын химиялық, жеңіл, тоқыма, тіпті металлургияда да пайдаланады.

  1. Химия өнеркәсібінде – түрлі – түсті бояулар өндіруде, пенопласт сияқты органикалық өнімдер өндіруде, өрт сөндіру құралдарын толтыруда;
  2. Жеңіл өнеркәсіпте – аяқ киімнің табанын және жасанды былғары жасауда, былғары өңдеуде, тоқыма өндірісінде;
  3. Металлургия өндірісінде – сирек кездесетін металл кендерін өндіруде қолданылады.

Ас содасының медицинада пайдаланылуы.

Ас содасы талай жылдардан бері ас үйі мен үй шаруасында белсенді қолданылады. Оның медицина саласында туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер, екпеге арналған ерітінділер жасауда қолданылатыны жасырын емес. Ас содасының әуелгі үлкен пайдаларының бірі – ол иммунитетімізді едәуір көтеріп, вирустар мен бактериялардың көбеюіне тосқауыл қояды, һәм өз клеткаларымыздың ракқа қарсы тұрып, оны алдын алудан қорғайды. Өз кезегінде ас содасының қалай, қайтіп және қаншалықты пайдалануды білмесеңіз, ағзаңызды ауыр кеселге ұшыратып алуыңыз әбден-ақ мүмкін. Сондықтан, белгілі бір маманның кеңесіне жүгінген жөн болмақ. Ас содасының кейбңр ауруларға пайдасы бар екенін медицина мамандары жасырмайды:

— онкологиялық ауруларды профилактикадан өткізіп, оны емдеу үшін;

— асқазан-ішек ауруларында;

—  асқазан, бүйрек және бауырда пайда болған тасты ерітуге, бір сөзбен айтқанда, бүкіл ағзаны шаюға;

  • буын ауруларының кейбір тұстарына;
  • сыртқы ауруларға қарсы да емі бар.

Ас содасын пайдалудың тәртібі:

— Таңсәріде ашқарынға ішу (бір стақан суға).

— Күн бойы тамақ алдында 30 минут бұрын немесе тамақтан 1 сағат кейін ішу. Осы тұста ескеретін бір жайт, асқазанда мейлінше тамақ болмағаны абзал; былайша айтқанда, асқорыту үрдісі жүріп тұрмағаны мақұл.

— Бастапқыда ақырындап пайдаланса дұрыс болар. Яғни, оны пышақтың ұшында тұрар-тұрмас көлемде ғана қолдану тиімді.

Ас содасының емдік қасиеттері:

  1. Жөтелді жеңілдету үшін: ас содасының сұйық ерітіндісімен ингаляция жасау қақырық түсіруге көмектеседі;
  2. Тамақ ауырғанда шаю үшін: ас содасының екі шай қасығын алып, бір стақан жылы сумен араластырыңыз. Күніне 5-6 рет шайып тұруыңыз керек. Сода тамағыңыздың шырышты қабығын суландырып, тамақ қышуын тоқтатады.бактерия өлтіргіш және суық тиюді басу үшін;
  3. Жүрек қатты соғып кеткенде (кішкене ас содасының сұйық ерітіндісі жүрек соғуын тыныштандыруға көмектеседі); Гипертония кезінде (ағзадан суды шығарып, қан қысымын төмендетеді); Ағзаның көп мөлшерде судан арылуында: іш өткенде, құсу кезінде ас содасы – тұз сұйық ерітіндісін араластырып береді;
  4. Ішектерді тазарту үшін (ас содасының сұйық ерітіндісімен клизма жасайды);
  5. Асқазанның қыжылы кезінде ас содасын ішеді (асқазандағы тұз қышқылын басады).

Сонымен қатар ас содасының косметикалық құрал ретінде қасиеті бар екенін екінің бірі біле бермейді.

  1. Пилинг. Әдетте жуынуға қолданатын гель немесе көбікшеңізге бір шымшым соданы қосып, алақаныңызда араластырыңыз. Көпіршітіп, бетке асықпай жағып шығыңыз. Бірнеше минут бетіңізді уқалап, салқындау сумен жуып тастаңыз. Бұл жұмсақ скраб беттегі ұсақ тесіктерді ашып, өлі жасушалардан тазартып, теріні нәзік әрі қалыпты етеді.
  2. Безеу, бөртуден тазарту. Жылы сода ерітіндісімен жуынып, беттегі бөртуді емдеуге болады. Ерітінді теріні құрғатып, ісіну мен қозуды басады.
  3. Теріні емдеуге арналған маска. 2 ас қасық ұнды (бидай, сұлы не қарақұмық ұны жарайды) 1 шай қасық содамен араластырыңыз. Қоспа араласып біткенінше жылы су қосып отырыңыз. Масканы таза бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы суға суланған мақтамен сүртіп тастаңыз. Бұл әдісті аптасына 1 рет жасап тұрған жөн.
  4. Шашты тазарту. Сода гель, лак, маскалардың қалдықтарынан жақсы тазартады. Өзіңіздің сусабыныңызды 4:1 қатынасында содамен араластырып, шашыңызды әдеттегідей жуыңыз. Шашыңыз жұмсарып, жылтырай түседі.
  5. Тісті ағарту. Тіс жуу барысында пастаның үстінен бір шымшым сода сеуіп, тазалауға кірісіңіз. Бұл скраб тістің эмалін бұзбай тазартады.
  6. Қызыл иектің ісінуін басады. Ол үшін ас содасын пастаға айналатындай етіп аздаған сумен араластырыңыз. Сосын саусақпен қоспаны қызыл иектің бойына жағып, уқалаңыз.
  7. Жағымсыз иісті жою. Ауыз қуысындағы бактериялардан қышқылдар туындап, тістің эмалін бұзады. Ал ол өз алдына ауызда жағымсыз иістің пайда болуына әсер етеді. Бұл қышқылдарды жою үшін күніне бірнеше рет сода ерітіндісімен шайып тұру керек. Оны дайындау үшін 1 стақан жылы суды 1 шай қасық содамен араластырыңыз. Бұл ерітінді сондай-ақ аяқ және қолтық иісін де кетіруге көмектеседі.
  8. Ісінуді басады. Сода ағзадағы артық суды шығарады. Көздің ісінуін басу үшін 1 стақан сумен 1 шай қасық ас содасын араластырып ерітінді жасаңыз. Мақта дискілерін сулап, сығып, 10-15 минутқа көзге қойып, жатыңыз.
  9. Демалу. 2 ас қасық сода, 2 ас қасық тұз бен бірнеше тамшы эфир майын араластырып, банкада сақтаңыз. Ванна қабылдайтын кезде бір ас қасықтан қосып отырыңыз. Бұл әдіс жүйкені тыныштандырып, теріні жұмсақ, нәзік етуге көмектеседі. Тұзбен ванна қабылдау жарты сағаттан аспау керек.
  10. Тершеңдіктен құтылу. Жиі терлейтін қолтықты ас содасы қосылған жылы сумен сүртіп немесе жуып жүріңіз.Тердің бөлінуі едәуір азаяды. Ағзаның қызметі нашарлағаннан болатын тершеңдікке әрине мұның нәтижесі уақытша ғана болуы мүмкін, сондықтан өзіңіздің жеке дәрігеріңізбен ақылдаса отырып жалпы ағза иммунитетін күшейтетін дәрі-дәрмектермен қатар микроэлементтерге бай дәрумендерді үзбей пайдаланып тұру керек.
  1. Жәндік шағып алғандағы қышуды тоқтату үшін ас содасы ертіндісін жағады;
  2. Шынтақ, өкше терілерінің қабыршақтануын жібіту үшін ( ас содасы қосылған жылы суға салып, жібіген соң тазалап жуу керек).

Ас содасы – қол жетімді тазартқыш құрал.

Біз көбінесе үйдегі ұсақ-түйекке мән бере бермейміз. Бірақ, оған ұсақ-түйек деп қарамау керек. Үйдегі әр заттың әрі таза, әрі әдемі боп тұрғаны, жалпы үйдің таза, жайлы болғаны жаныңызды тыныштандырады. Сол тазалықты сақтауда көбінесе химиялық қоспалар пайдаланамыз. Ал тұрмыстық химияның құрамында формальдегид бар. Ол канцероген болғандықтан ағзада қатерлі ісік ауруын туғызы мүмкін екен. Оған қоса теріде аллергиялық аурулар тудырады. Нәтижесінде тырнақ, тері зақымданады. Алайда осыны біле тұрып, химиялық қоспаларды тұрмыста пайдаланудан бас тарта алмаймыз. Ол химиялық  қоспалардың орнына тазартқыш құрал ретінде ас содасын пайдалануға болатынын дәлелдемекпін.

  1. Тұрмыста қолданылатын техникалардағы жағымсыз иісті кетіру:

1) Егер тоңазытқыштан жағымсыз иіс шықса, ас содасы ерітіндісіне (1 стакан суға 2 ас қасық) малынған шүберекпен ішін сүрту керек. Әрі шүберекті жарты сағаттай тоңазытқыштың ішіне қалдырса, иіс бірден жоғалады.

2) Ыдыс-аяқ жуатын раковинадан кейде бір жаман иіс шығады. Бұл иісті кетіру үшін тұз, ас содасы мен сірке суының әрқайсысынан 1 ас қасықтан алып, оған 0,5 литр қайнаған су құйып, жатар кезде осы ерітіндіні раковинаға құйыңыз. Осылайша бір ай бойы раковинаны шайып отырсаңыз, ондағы сасыған иіс жоғалады.

3) Ескі жиһаздағы жағымсыз иісті кетіру үшін оның ішіне құрғақ ас содасын сеуіп қойыңыз. 1-2 сағаттан соң шаңсорғышпен сорғызып алыңыз.

  1. Ыдыс-аяқтарды сарғайған дақтардан қалай тазартады?

1) Әсіресе, шыны мен фарфор және күмістен дайындалған ыдыстардағы май мен кірді бірден кетіреді. Ыдысты тазалаған кезде содаға шамалы су қосып пайдаланыңыз.

2) Күмістен жасалған қасық, шанышқыларды тазарту үшін түбіне фольга қағазы төселген кастрюльге салып, үстіне ыстық су құйып, жарты стакан ас содасын қосады. Осындай тазартудан кейін қасық пен шанышқылар бұрынғы қалпына келіп, жарқырап шығады.

3) Күнделікті тұрмыста қолданатын электрлі немесе газ пештерге тағам тасып төгілгенде, ас содасымен ысып жуып жіберсе, жарқырап шыға келеді.

Арнайы химиялық қоспалардың бағасы өте қымбат. Ал ас содасының бағасы олардан бірнеше есе арзан. Олардың ластанған жерді тазарту деңгейі бірдей екендігін білеміз. Сондықтан да ас содасын тазартқыш құрал ретінде тұтынған анағұрлым үнемді, қолжетімді екендігіне көз жеткіздім.

Кәдімгі ас содасы ішімдіктен, шылымнан, есірткіден тыйылуға, бүйректі, бауырды,қатерлі ісікті емдеуге көмектеседі деп интернетте жазылған. Шындығында олай емес.

Адамдар әр түрлі себептермен дәстүрлі емес әдістермен емделуге жүгінеді: біреулері оның шынымен көмектесетініне сенеді, біреулер фармацевтикалық компаниялар мен дәрігерлер алдайды деп есептейді. Алайда, емделудің кейбір түрлері тиімсіз ғана емес, қауіпті екенін адамдар аңғара бермейді. Олардың бірі – ас содасымен емделу туралы іnformburo.kz тарқатып жазған еді.

Ас содасын терапиялық мақсатта қолдану

Бұрын ас содасы осы мақсатта кеңінен пайдаланылды. Оны асқазан ішек жолдарының ауруын емдеуге арналған дәрі – антацид ретінде қолданатын. Антацид – асқазан қышқылының артуын бақылау және асқазан бузылуын басу ушін пайдаланылатын дәрі. Тұз қышқылы мен соданың көмірқышқыл газының бөлінуі реакция береді, ал газ асқазанның үлкеюіне әсер етеді. Салдарынан қайтадан тұз қышқылының бөлінуі басталады. Жылдам реакция керісінше әсер беріп, қышқылдар одан да көп бөліне бастайды. Сондықтан да қазір ас содасын антацид ретінде пайдаланбайды, өйткені одан да жақсы көмектесетін дәрі-дәрмектер көп.

Сода ерітіндісі тамақ пен ауыз қуысын шаю үшін қолданылады: оның шамалы антисептикалық әсері ісікті басуға көмектеседі. Оның үстіне оны үй жағдайында әзірлеу оңай. Ерітіндімен ауыз қуысын шаюдың микробтардан арылуға көмегі зор. Оның орнына тұзды, йодты, түймедақ ерітіндісін, тіпті кәдімгі таза суды қолдануға болады.

Сода ерітіндісін кім, не үшін ішеді?

2014 жылы Journal of Clinical Pharmacy and Therapeutics журналында ас содасын қате қолдану туралы шолу жарияланды. Оның авторы Калифорния жүйесінің 12 жылда: (2000-2012 ж.ж.) ас содасынан уланғандар туралы хабарлаған деректерін келтірді.

Шолуда осындай 192 жағдай қарастырылған:

  • Уланғандардың 55,8%-ы – 2 айдан 79 жасқа дейінгі әйелдер;
  • Ең көп қолданылу себептері: 60,4%-ы – антацид ретінде, 11,5%-ы – есірткіге арналған тестен сәтті өту үшін, 4,7%-ы – зәр жолдарындағы инфекцияларды емдеу үшін;
  • 55%-ы – медициналық көмекке жүгінген, 12 пациент ауруханаға жатқызылған.

Содамен емделу туралы мифтер

Интернетте ас содасын ішімдіктен, шылымнан, есірткіден арылтуға көмектеседі, бүйрек, бауыр, әйелдердің жыныс жолдарын, бас ауруын емдейді, балалардың есте сақтау қабілетін, оқу үлгерімін жақсартады, бүйрек пен бауырдағы қалдықтарды тазалайды, тіпті қатерлі ісіктерді кетіреді деп жазылған. Оның үстіне өте арзан, қолжетімді, дүкен сөрелерінде қаптап тұр. Шындығында солай көмектессе, қанекей?! Алайда, ол – барлық емге дауа боларлықтай дәрі емес және оны ішуге тіптен болмайды. Оның пайдасынан гөрі зияны көп болуы ықтимал. Төменде осылар туралы толығырақ тоқталамыз.

№1 миф. Сода қатерлі ісіктің алдын алуға, емдеуге қолданылады

Сода қатерлі ісікті емдемейді. Оны растайтын ешқандай зерттеу де жоқ. Керісінше қатерлі ісікті содамен емдеу өте қауіпті: бұл аурудың кейбір түрі химиотерапиямен тез емделеді, алайда адамдар уақытын жоғалтып алып жатады.

Бұл өтірік әдісті онколог дәрігер Туллио Симончинидің айтуымен қолданған, өйткені интернеттегі көп сайттар соның ұсыныстарына сілтеме жасайды. Ол қатерлі ісікті Candida туындатады деген қате теориясын алға тартады. Симончини ауруларға терапияның орнына сода ерітіндісінің уколын жазып беретін болған. Осынысы үшін оған медициналық қызметпен айналысуға тыйым салды. Алайда бұл оны тоқтатқан жоқ, кейін өзінің орталығын ашып содамен емдеуін жалғастыра берді. Осындай емдеуден 27 жастағы Лука Оливотти көз жұмды. 2018 жылдың қаңтар айында Туллио Симончини қызметін тиісті деңгейде атқармай, адам өлтіргені үшін 5,5 жылға сотталды.

Қатерлі ісіктің алдын алуда соданың түк пайдасы жоқ. Қауіпті ауру клеткаларда мутациялардың жиналуынан пайда болады. Сондықтан да одан содамен емделу – ақылға симайтын әдіс.

№2 миф. Сода организмнің қышқылдануын жоюға көмектеседі: оны ағзада қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті сақтау үшін пайдалану керек

Содадан басқа да азық-түліктер ағзадағы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Интернетте оларды қалай және қашан пайдалану ұсыныстары да толып тұр. Бұлардың ішінде көкөністердің көбі пайдалы.

Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік – шындығында бар құбылыс. Ол ағза ішіндегі қышқылмен өзара байланысын көрсетеді. Оның санын бәрімізге белгілі — pH сутек көрсеткішімен есептейді. Ағзадағы әр түрлі химиялық реакциялар pH деңгейін көрсетеді, оның азаюына ағза ұлпасы сезімталдық танытады. Тіпті аз ғана өзгерістер жасушалардың жойылуына және ферменттердің жұмысының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Ағзадағы мұндай бұзылыстардан адам тіпті өліп кетуі мүмкін. Егер осындай құбылыс адам ішіп-жейтін азық-түліктермен бақыланса, бәрі басқаша болатын еді. Ал ағзадағы pH деңгейін бақылауға қан, тыныс алу және зәр шығару жолдарының жүйесі көмектесе алады. Осылардың бәрі ағзада өз ортасын реттеуге көмектеседі. Ал, олардың кез келгенінің қызметі бұзылса, медициналық көмекке ғана жүгіну керек.

Сода ағзадағы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттеуге көмектесе алмайды, керісінше оны бұзуы мүмкін. Сілтілік заттардың жиналуы есебінен қанның pH деңгейі көтеріледі. Бұл – алкалоз деп аталады. Ол өте қауіпті және медициналық көмекті талап етеді. Өйткені оның кесірінен ми, қан тамырының қан ағысы азаяды, қан қысымы төмендейді, жүйке жүйесі қозып, сіңір тартылып, естен тану мүмкін. Ішек жұмыстары қызметін дұрыс атқармай, тыныс алу жолдарының тарылу қаупі бар.

№3 миф. Сода арықтауға көмектеседі, ағзадағы шлактарды тазалауға көмектеседі.

Сода денсаулыққа зиян келтірмейді, арықтауға еш септігі жоқ. Оны пайдаланғаннан кейін асқазан – ішек жолдарының ауруына тап болу ғажап емес.

Ағзада шлактардың бар екені ғылыми түрде әлі дәлелденген жоқ. Ол туралы тек балама медицина саласында кеңінен айтылады. Адамда бүйрек пен бауырдың жұмысы бар: зиянды заттарды жоюға жеткілікті саналады. Егер ағзаға улану қаупі бар заттар түссе, оған медициналық көмек қажет болады.

№4 миф. Сода шылымды тастауға, ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен құтылуға көмектеседі.

Бұларға тәуелділік физикалық, психикалық деңгейде қалыптасуы мүмкін. Физикалық тәуелділік шылым, есірткі не арақты ұзақ уақыт пайдаланудің салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда оның тиімділігін сезіну үшін дозасын ұлғайту әдетке айналады. Бас тартқан жағдайда абстиненттік (доғару) синдромы дамуы әбден мүмкін. Психикалық тәуелділік – ішімдікке (есірткі, шылымға) үйреніп кететін әуесқойлыққа әкеледі. Оған үйренген адам психикалық жайлылықты сезінеді.

Сода бұл тәуелділіктерден арылтуға еш көмек бере алмайды: физикалық деңгейде қауіпті затты алмастыра алмайды, оның күшін жоқ қыла алмайды, ал психикалық деңгейде жайлылыққа жете алмайды.

Зиян келтірмеудің жолы қандай?

Ас содасымен тамақты, ауыз қуысын шайып, қамырды қопсытуға болады. Ал, оны ішке қолдануға тіптен болмайды: өйткені пайдасы жоқ, керісінше денсаулыққа зияны тиюі әбден мүмкін.

Егер, оны қабылдағаннан кейін кері әсерін байқасаңыз: басыңыз ауырса, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, шаршау, бұлшықеттерде ауырсыну, кіші дәретке жиі бару, естен тану, талу сияқты белгілер пайда болса, міндетті түрде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Ас содасының зияны

«Таяқтың екі үшы бар» дегендей, әр нәрсенің пайдасымен қатар зияны да болады. Сол сияқты  ас содасын пайдаланғанда оның әкелер мол пайдасы мен зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. Ұнтақ түріндегі ас содасында сұйық түріне қарағанда сілтілік қасиеті көп. Ұзақ уақыт терімен байланыста болса, тері тітіркенуі мүмкін, ал құрғақ ас содасы көзге түссе немесе иіскелген болса – күйіп кетеді. Сондықтан ұнтақпен ұзақ уақыт жұмыс істейтін болсаңыз, респиратор пайдаланған жөн, ал егер көзге түскен болса бірден мұқият жуыңыз. Соңғы кездері дәрігерлер асқазан қыжылы кезінде сода араластырып, сұйықтық іше бермеуге кеңес береді, өйткені бұл да жанама әсер етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде «қышқыл рикошет» деген атау алып, біріншіден көмірқышқыл газын көп бөліп, асқазанның кебуіне әкеледі, ал екіншіден, асқазанда одан бетер қышқыл пайда болуына ықпал етеді. Бұдан шығатын қорытынды, ас содасының қасиеттерін жақсы біліп, орнымен пайдалана алатын адамға зиянынан гөрі, пайдасы көбірек тиеді.

Қорытынды бөлім.

Жалпы осы жобамен жан – жақты жұмыс істей бастағаннан күнделікті анам ас пісіргенде қолданатын ас содасының көптеген пайдалы қасиеттері барын байқадым. Жоба тақырыбым: «Ас содасының тұрмыста қолданылуы». Ас содасының тек тағам өндірісінде ғана емес, химия өнеркәсібінде, жеңіл өнеркәсіпте, металл өндіруде, медицина саласында қолданылатыны жайлы оқып білдім.  Үйдегі тұрмыстық техникалар мен құралдарды тазартқыш химиялық қоспалардың орнына ас содасын тазартқыш құрал ретінде де қолдануға болатындығын, әрі оның шығыны айтарлықтай арзан болатындығын дәлелдеуге арналды. Жобамен жұмыс барысында ас содасы туралы жинаған мәліметтерімді ұстазыммен бірге жүйелеп екі бөлімге және оның ішінде бірнеше жеке тақырыпшаларға топтастырып қарастырдым.

Жұмысымның теориялық бөлімінде ас содасына жалпы сипаттама, оның шығу тарихы, өндірілетін жері, ойлап тапқан француз ғалымдары туралы мәліметтер келдірдім. Ал зерттеу бөлімінде ас содасының медицинада, химия өнеркәсібінде, тағам өндірісінде қолданылуы, адам денсаулығына пайдасы туралы қызықты мәліметтер білдім. Әрі отбасылық қаражатты үнемдеу мақсатында ас содасын тазартқыш құрал ретінде пайдалануға болатындығына көзім жетті.

Ұсынысым: ас содасын емдік мақсатта пайдаланарда, оның адам үшін тигізер мол пайдасымен қатар зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. Ұнтақ түріндегі ас содасының сілтілік қасиеті сұйық түріндегіге қарағанда көп екендігін ғалымдар дәлелдеген. Ас содасы ұзақ уақыт терімен байланыста болмауы үшін қолданғанда қолға арнайы резеңке қолғап киген дұрыс. Ас содасының жалпы қасиеттерін жақсы біліп, дәрігер мамандармен кеңесе отырып мөлшерімен қолданған адамның денсаулығына зиянынан гөрі, пайдасы көбірек тиеді.

You May Also Like

Тұрмыстағы математика мен абакус тәсілдері, ғылыми жоба

«ТҰРМЫСТАҒЫ МАТЕМАТИКА МЕН АБАКУС ТӘСІЛДЕРІ» Мазмұны: Кіріспе……………………………………………………………………………………….8 I тарау Негізгі бөлім 1.1.…

Сексеуіл – шөл даланың падишасы, ғылыми жоба

Түркістан облысы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Аманкелді атындағы жалпы орта білім…

Алма құрамындағы дәрумендер, ғылыми жоба

Алма құрамындағы дәрумендер Мақсаты:  Адамдардың өмірінде пайдаланып журген алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау…

Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы, ғылыми жоба