Тазалықшы апай еңбегі

Бұрын-соңды қозғалмаған тақырып, алғаш естігенде таң қалдым, кейін бұл тақырыпқа қызықтым.

Қазақ тілі пәнінен беретін ұстазымыз Ақлима Сапарғалиқызы осы тақырыпқа эссе жазу керектігін хабарлағанда, бірден байқауға қатысатындығымды айттым.

Тақырыпты алған соң мектептегі тазалықшы апайлардың қызметін сырттай бақылап жүрдім. Жұмыстары жеңіл емес, әлсін –әлсін еденді жуады, сыныптағы гүлдердің арасын тазалайды, оқушылардан түсіп қалған қағазды жинайды, терезелердің алдын, әйнегін сүртеді.

Бізге сынып жетекшіміз үнемі есіктен кірген бойда тазалықшы апайларға сәлем беріп жүріңдер дейтін. Шындығында, оқушылардың бәрі бірдей сәлем береді деп айта алмаймын.

Қазір мамандықтың түр-түрі бар, бұрын да болған.  Әр мамандықтың өз ерекшілігі бар, бірақ еден жуатын тазалықшы апайлардың бұл істі таңдамағандығы анық.

Мамандық таңдау-өмірдің ең қиын әрі ең маңызды қадамы. Мамандық таңдау сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтың алғашқысы болып табылады. Мамандықты дұрыс таңдасаң да ,сенің өміріңің әрі тәттісін де, ащысын да бірге көресің.

«Ексең егін, ішерсің тегін», дегендей қандай қызмет жасасаң да, наныңды маңдай теріңмен тапсаң болғаны. Өйткені адамдар  әртүрлі  себептерге байланысты мамандығына сай жұмыс жасамай, басқа кәсіппен айналысуы мүмкін.

Менің бүгінгі кейіпкерім Масжанова Рысты Елеуқызы болмақ.  Сырым ауданы Жамбыл ауылында дүние есігін ашқан. 1982 жылы оқу бітірген. 1984 жылы Орал қаласында №24 пошташы бөлімшесінде оператор болып жұмыс атқарған. Мамандығы оператор екен.1997 жылы Батыс Қазақстан облысы Подстепный ауылына қоныс аударған. Сол жылы осы жерде тұңғыш рет қазақ мектебі ашылып, сонда жұмысқа тұрған.  Өйткені балалары кішкентай болғандықтан, қалаға барып, келу қиындық туғызған. Содан бері 23 жыл өте шығыпты. Айтуынша,  басында орыс мектебінде жасаған. Ол кезде газ келмегендіктен   мектептің  іші салқын болған әрі суды үшінші қабатқа сырттан  әкеліп,сыртқа төгетін болған. Қыста, көктемде мектептің төбесінен қардың, жаңбырдың суы тамшылап тұрғандықтан, үнемі суды тазалап тыным көрмейді екен. Сол қиыншылықтың бәріне  төтеп берген тазалықшы апайлардың қиын еңбегін өздерінен басқа адамдар сезе қоймаған-ау,сірә.

Рысты апай өз ісіне адал, еңбекқор адал жан. Өте мейірімді, төменгі сыныптың балаларын сабаққа келгенде шешінуіне , кетерде киінуіне көмектесіп жүргені. Бастауыштың барлық оқушыларының есімін біледі, таң қаламын. Бір ұлы, екі қызы бар. Балаларының бәрі жоғары оқу орнын бітірген,  өз ісінің мамандары. Жұмыстарын жақсы атқарады.

Қазіргі кезде менің тазалықшы апайым жаңадан салынған мектепте жұмыс істеп келеді. Мектеп жып-жылы, жарық, суды іштен алып, ішке төгеді. Бұл мектептің де өз қиындығы бар, өйткені  900-ге тарта оқушы үш аусымда білім алуда. Аусым ауысқан сайын сыныптарды тазалап, жуып шығуға үлгеру керек. «Тазалықшы қызметінің денсаулыққа  пайдасы да бар, үнемі қозғалыста жүресің», – деп Рысты апай мейірімді жүзімен жымиып тұрып.

Бұрынғы қиындықтары артта қалғанымен, қазір денсаулығы сол кездегі салқындықтан болар өте керемет емес екен. Биылғы жылы мектептің кәсіподақ ұйымы комиссиясының мүшелері  осы мектептегі ұзақ жылғы еңбегін елеп  «Сарыағаш» сауықтыру орнына жолдама алып бергендігін ризашылықпен айтты. Жазғытұрым барып, дем алып келмекші.

Мен де  бүгінгі берген сұхбаты үшін Рысты апайға рахметімді айтып, алдағы өміріне  сәттілік тіледім.

You May Also Like

Төтенше жағдайларда қорғау

Төтенше жағдай – тек ғана бір адамның қаза табуы емес, жалпы елге,…

Тығыздықты анықтау, физика пәнінен ашық сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану…

Қуырылған баялды. Дайындау әдістері

Қажетті өнімдер: – баялдыны қалаған мөлшерде өзіңіз қосасыз; -1 бас сарымсақ; –…

Бадам печеньесі

Бадам печеньесі Қажетті өнімдер: -170 г бадам; – 3 жұмыртқа; – 40…