Олар бейбітшілікті қорғады , біз оны сақтаймыз!

« Ата-бабаларымыз  аңсаған азаттық пен

тәуелсіздікті алдық . Ендігі мәселе – соны

ертеңге жеткізу , келесі ұрпаққа , бола-шаққа  Қазақстанның осы тәуелсіздігін

аманаттау »

Н.Ә.Назарбаев.

Халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы – тәуелсіздік!Тарихқа жүгінсек , ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған , қашанда бейбітшілікті  ту етіп ұстаған бейбіт халық болған.Алайда кең – байтақ жерінде мамыражай тіршілік кешкен бейбіт елге көз алартушылар көп болған.Олар оқтын – оқтын халқымызды

жан – жақтан қыспаққа алып , шабуылдап отырған .Мұндай алашапқын ұрыстар еліміздің тарихында аз болмаған .

Өткен жылдар өшкен жоқ , санада тұр,

Талай сауыт тоздырды дала – батыр, – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, солардың бәріне халқымыз қарсы тұрып , тосқауыл бола білді . Атақты батырларымыз елі мен жері үшін қасық қаны қалғанша шайқасып , шыбын жанын шүберекке түйді . Сондай бабаларымыздың бірі:Ұлы Отан Соғысының ардагері , отты жылдар солдаты , менің атам – Марданов Қаулан.

Әжем атамның соғысқа қатысқаны жайлы және жасаған ерлігі жайлы немерелерінінің басы қосылып , жиналған кезде көп әңгімелейтін . Сондағы әжемнің айтуынша атамды Маралды өңірінің барлық орыс – қазағы сыйлапты . Кейбіреулері жолшыбай келе жатып , ал кейбіреулері әдейілеп келіп амандасып кетеді екен .

Соғыс басталған кезде атам соғысқа өз еркімен сұранады . Көлбұлақ , Жылыбұлақ ауылынан аттанған бірнеше қатарлас жастарды әскери бөлім Хабаровск қаласында жинақтап , соғыс шеберлігін үйретеді деп әңгімелейді әжем . Атам Орел , Курск бағытындағы шайқастарға қатысыпты . Соғыс кезінде ауыр жарақат алған екен .  Әжемнің әңгімесі бойынша ол былай болған :        механикалық  мергендер  бригадасында соғысып   жүрген  кезінде  1943        жылдың    5  тамызында Белгород қаласы түбінде ауыр жарақат алған атам госпительге түседі . Жарақат алған кезде қасында өзімен аттанған бір солдат болған екен . Ол атамды  солдаттардың арасынан тауып алып « Мен білетін Қаулан болса , ол бір жарақаттан өлмеуі керек » деп санитарлық бөлімшеге жеткізген екен . Содан          1944           жылдың сәуір айының   22 –   сіне дейін емделіп ,қайтадан майданға аттанып , Польша , Венгрия жерлерін азат етіп , әйгілі « Катюшаны » таситын майдан жүргізушісі болыпты . Бірнеше орден мен медалды кедесіне тағып , жауынгер атам     1945     жылдың күзінде елге оралыпты.

Енді әжем әкесінің сол Ұлы Отан соғысына қатысқаны жайлы бізге  неге  айтып отырғандығын  ойлап қарасам , келешекте біз де атамыз соғыс ардагері болды, қасық қаны қалғанша елді жаудан қорғауға ат салысқандығын мақтан етсін дегендей  .

Сұм соғыстың аяқталғанына 76 жыл толса да , атам өмірден өтсе де оның қалдырған ізінің өшпейтініне көзім жетті . Оның ізін өшірмейтін – біздер , балаларынан тараған ұрпақтары    .

Мен атамның жиеншары  болып келемін .  7  бала тәрбиелеп , өсіріп , немере сүйген атамның ерлігін келешекетегі ұрпақтарға танытамыз деп сенемін . Менің атамдай өмір тауқыметін тартқан бабаларымыз қаншама . Біздей жалындаған ұрпақтарың барда : « Ешкім де ұмытылмайды , ештеңе де ұмытылмайды!»

Күні кеше ғана қызылдардың қырғынын , алпат аштықты , қатыгез репрессияны , сұрапыл соғысты , полигон сынағының қасіретін  бастан кешкен қасиетті еліміздің  ұлт ретінде  тарих сахнасынан жойылып кету қаупі өте өзекті мәселе еді . Желтоқсан желімен желкені желбіреген тәуелсіздік осынау қорқынышты трогедиядан аман алып қалды .

Ақын  Қ . Асқаров :

Жарқыратып асыл жырын – алмасын ,

Елін , жерін сүйіп өткен ерлер көп.

Қасетті ,қайран ғасыр сан  ғасыр ,

Таланттарға кенде болып көрген жоқ , –

деп жырлағандай , халқы үшін еңірегенде етегі толып  , түн қатып , түс қашып , ата жаумен арпалысқан , ақ найзаның ұшымен , ақ білектің күшімен ұшы – қиырсыз даламызды қорғаған батыр бабалардың сара жолы – бүгінгі ұрпақ аманаты . Осындай асыл ерлердің арқасында қазақ жерінің , елінің айбынын , елдігін танығандай боламыз .

Ендігі ұрпақтың мақсаты –  мол біліммен қаруланып , кең – байтақ  жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау .

Тарихымыз бай , бүгініміз баянды , ертеңіміз жарқын болатынына кәміл сенемін .

Сондықтан , бабаларым тыныш  ұйықта . Артыңда мендей ұрпағың бар. Болашақтың таңы жарқын болады . Кілті – қолымызда . Сол кілтпен ХХІ ғасырдың қасиетті есігін ашып , бақытты болашақтың еңсесі биік , өзгелермен терезесі тең азаматы , маңдайы жарқыраған еркін ел боламыз .

You May Also Like

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың ойын іс-әрекетін дамыту және көріп қабылдауын дамытуда қолданылатын көрнекіліктер

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың ойын іс-әрекетін дамыту және көріп қабылдауын дамытуда қолданылатын…

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір…

Жылдың төрт мезгілі, шығарма

Жылдың төрт мезгілі Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгіл  үш айдан…

Фармакокинетика элементтері. Дәрінің ағзада тасымалдануы

Фармакокинетика элементтері. Дәрінің ағзада тасымалдануы Жоспар:  І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Фармакокинетика…