Ғылыми жобаның тақырыбы: « Туған жерім-Жылыбұлақ»

Ғылыми жобаның бағыты:Тарих өлкетану

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Менің кіндік қаным тамған жерім-Жылыбұлақ ауылының әдемі табиғатын аялау,ата-бабамыз мұра етіп қалдырған кең жасыл өлкені одан әрі гүлдендіру,ауылымның табиғи сұлулығын әрлендіру бүгінгі ұрпақтардың парызы екенін ұғыну.
Мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

  1. Ғылыми жобамның тақырыбы бойынша Жылыбұлақ ауылының табиғаты туралы мәліметтерді талдау.
  2. Ауылдың тарихымен, мәдениетімен танысу.
  3. Туған өлке табиғатының сақталу маңызы,олардың қорғалу жолдарын ұсыну.
    Зерттеу әдістері: талдау,байқау,бақылау,ақпарат жинау,сұрау.

Зерттелетін тақырып:Жылыбұлақ ауылының тарихы,туған өлке табиғаты,халқы,мәдениеті.

Зерттеулердің нәтижелері: менің туған өлкемнің әсем табиғаты, келер ұрпаққа сақталып жатса, ол мен үшін үлкен бақыт. Өйткені біз табиғатты, мәдениетті тарихы арқылы
кез келген елді мекенді танып біле аламыз. Осы менің туған өлке табиғатын сақтап қалу,көзімнің қарашығындай етіп сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізк- ол біздің басты мақсатымыз.

Ауылдың амандығы-елдің амандығы.

Нұрсұлтан Назарбаев

  1. Кіріспе бөлім.

Атамекен тарихы, ең алдымен, өткеннің шежіресі, ата-бабаның өткен ұзақ жылы деп құрметтеу, сезімдерін ояту. Әрбір адамның кіндік қаны тамған жерді қастерлеп, оны аялап қорғайды. Бесік жырының әлди әуенінде баланың туған жепге, өлкеге әрқашан сағынышы орын алады. «Туған жерім-Жылыбұлақ»

Табиғатпен қарым-қатынасымыз бен оны аялап, табиғи әсемдігін сақтауға үйрету, баба өсиетін қастерлеу мақстаныда ғылыми жобамды қазіргі таңда табиғатқа және тарихи жерлерге айрықша мән беріліп, көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан мен ой қозғап, туған өлкемнің әсем табиғат, трихын зерттеуін ұйғардым. Себебі, елімізде осындай табиғат пен аса маңызды жерлер барын әркім біле бермейді.Жұмыстың мақсатына жету үшін улкен кісілермен әңгімелестім, әр түрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадым, анықтадым, тәжірибе жинастырдым.

  1. Негізгі бөлім. «Туған жерім-Жылыбұлақ»
    2. 1. Жылыбұлақ ауылының тарихы

Қызылтаң мен Маралды маңын білмейтін қазақ кемде-кем.Желмаясымен жерұйығын іздеген Асан Қайғының өзі кең тыныстап жатқан бұл аймақтың тылсым табиғатына бір-ақ ауыз сөзбен «жетім бала,жесір әйелдің жері екен»,-деп баға беріпті. Айналасында алпыс алты бұлақтың көзі «атқылап» жатқан Маралды көлінің маңы мен Қызылтаңның қыры сулы да нулы өңір. Жері отты,шөбі шүйгін.Әсіресе,шаруаға таптырмайтын жер.Маралды жері-Шарбақты ауданы,яки облыс көлемендегі табиғаты сұлу,суы мол көрікті аймақ.

Жылыбұлақ ауылының тағаны сонау 1929 жылы қаланған.Бірақ бұл кезеңге дейін Жылыбұлақ округі Маралды атауымен қазақ сахарасына танылған өңір. Маралды алқабы талай ақындардың ән жырына арқау болған. Халықтың ақыны Естай Маралдының қос аруына жыр арнап қалдырды. Бұдан кейін Мұзафар Әлімбаев атамыз «Маралдым» деп туған жерін әнге қосқан еді.Ғасырларға жалғасқан тарихы бар Жылыбұлақ ауылы ауданымыздағы біріңғай қазақ ұлты шоғырланған ауыл.

Ертеде осы табиғаттың сыйына,Алланың ырысына байлар иелік етіп,кедейлер олардың жұмысын істеді,малын бақты,шөбін шапты.Рахатын байлар көріп,кедей азабын тартты. Тіпті ауыл іргесіндегі көлден балық та аулатпаған екен.Осындай тұрмысқа  қолайлы жерде ертеде Айнагөш бай қоныс еткен.Қазіргі Жылыбұлақ ертеде сол байдың қыстауы болған.Жайлауы Қоғалы,Сынтас (қазіргі «Северное)ауылдары.Айнагөш байдың үлкен әйелінен Неғман туған.Неғманда 1500 жылқы болған. Қой, сиыр өз алдында.

1887 жылдары бұл араға орыстар көшіп келе бастайды.Сол келгендердің бірі –Букин екен.Ол әуелде кедей болған,осы жерді пайдаланғандары үшін жер иелеріне ақша төлеген.Өзінің баюына қолайлы жер екенін түсініп,баюдың жолын ойластырды.Букин тектен текке ағып жатқан суды бөгеп,өткел жасайды. Айдын көл пайда болып,көл суын су диірмен үшін пайдаланады.Диірменмен тек бидай ғана тартпай,оның ішінде просорушка(тары ақтайтын) құралы да болған.Тарыны Баянға, Омбы,Түмен қалаларына жөнелтіп отырған.Көлге балықтың түр-түрін (шортан,ала бұға,қара балық,шабақ) жіберіп,оны аулап,одан көп пайда түсірген.

XX ғасырдың басында аты шулы көп жаңдайлар болады.1905-1907 жылғы көтеріліс,1917 жылғы ақпан және қазан көтерілістері,азамат соғысы.Осы жылдары өткен тарихи процестерге біздің ауылдың да тұрғындары белсене қатысып отырған.Солардың бірі азамат соғысының батыры-Баратбайұлы Балтабай.

Б.Баратбаев- азамат соғысының айтулы батыры,байтақ өлкеміздің маңдайындағы жұлдызындай мақтаны.Балтабайдың әкесі мен атасы өмір бойы байларға еңбек еткен.15 жасқа толған ол Керекуге келіп көпес Әбіш Назармағамбетовке жалданады.Соңынан өзен портында жүк көтеруші болып еңбек етеді.Өзен портының жұмысшылары қазан  төңкерісі туралы хабарды қуанышпен қарсы алды.Жолдастарымен бірге Балтабай флотты национализациялаумен Совдептің жұмыстарына белсенді түрде қатысады.

1918 жылдың жазы өте ауыр болды.Контрреволюционерлер жанталаса қимылдады.Қиыр Шығыста және Сібірде ақтар билік ете бастады. Обь өзенінде «Алтай» пароходында жүріп ол Павлодардағы ақ гвардияшылар бүлігі туралы естиді.

1918 жылдың соңы және 1919 жыл бойы ол жасырын астыртын жұмыс жүргізді,партизандармен қарым-қатынас жасайды.Жас милиционерді Баянауылға жіберді.Оның контрреволюцияны жақтаушыларға қарсы күресі басталды.

Аңқылдап Балтабайлар келген шақта,

Оқ жауды Баян таудың бүйірінен,

Теңселген қалың жау ма,тас қана ма?

Балтабай содан қорқып жасқана ма?- деп жырлайды ақын Қалижан Бекхожин өзінің «Кек» дастанында. Осы кездері «Қара банда» жойылған еді.Галкино маңында Л.Найда,К.Зайченко бандаларының қимылынан қарапайым халық зардап шекті.

Павлодардағы тарихи-өлкетану музейінде Василийдің інісі-Степан Кунавиннің естелігі бар. Онда: «1921 жылдың мартында борда 2 милиционердің денесі табылғаны белгілі болды.25 мартта оларды милицияға әкелді/Рамазановтың үйі Естай және Ленин көшесінің бұрышында/.Ол кезде Балтабай 23жаста болатын. Олардың денесі бауырластар зиратында.Ауылымыздың орталық көшесі батыр атында.Батыр ескерткіші Жылыбұлақ негізгі жалпы білім беру мектебінің алдында анадайдан көзге шалынады.Ардагер күрескер әлі де ат үстінен түспей,бүгінгі күннің сақшысындай ауыл азаматтары мен жаңа өсіп келе жатқан балалардың бас тәрбиешісі,ұстазы-Балтабайдың өмірі-өнегелі үлгі.Оның батырлығы бүкіл өңірге аян.Павлодар қалалық паркіне бара қалсаңыз,қос батырдың ескерткішін көресіз.

Азамат соғысының батыры Балтабай Баратбаевтың Жылыбұлақ ауылындағы ескерткіші 

Жаңа экономикалық саясат жылдарында өолға алынған шаруалардың бірі отырықшыландыру болды.Отырықшылдыққа көшкен қазақ ауылдырында мал тұқымын асылдандыру,жерді агрономиялық талаптарға сай өндеу қоғамдары құрылды.Солардың бірі-1925 жылдың жазында Павлодар оязына қарасты Маралды болысындағы Жылыбұлақ мекенінде құрылды.Ояздың жер бөлімінің бастығы В.Букиннің басшылығымен құрылған бұл қоғамға «Үлгілі шаруа» аты беріліп,оның қатарына 25 мүше қабылданды. Қариялар еске алады   : « 1929 жылы Жылыбұлақта колхоз құрылды, колхоздың аты «Ұшқын» деп аталды. Колхоздың алғашқы бастығы Базарбаев Мұқан болды».

1930 жылдары колхоз алғашқы трактор келді.Алғашқы трактористтер Әлдекев,Марданов Қаулан болса,1931-32 жылдары колхоздың бастығы Темірғали Қасымов,ал аудандық кеңестің төрағасы Түсіп Рыспаев болды.Сол жылдары  ауылдан көп колхозшыкөшіп кеткен.Жұрттың бәрі биылғы астықтың мәз болмайтындығын,ендеше еңбеккүннің де шамалы болатындығын сезген,сөйтіп жаңа ұйымдасқан колхоздан адамдар біртіндеп көше бастаған.Жақсы өмір іздеген олар осы бастары ауған жаққа кете берді.Елді ашаршылық жайлады.Халық осы кезде бытырай бастады.Қазақтар картоп, көкөніс салумен айналыспады.Қолда бар артық астықты үкімет алды.Уәкілдер ұзын темір сүңгілерімен әр үйдің маңайынан астық іздеді.Қарсы шыққандар тұтқынға алына бастады.

Темірғали Қасымов пен Түсіп Рыспаев үй басын аралап, колхозшыларға бұл уақытша екенін айтып,бұл қиындықты бірлесе күш жұмсау арқылы жеңуге болатындығын түсіндірумен болды.Ауыл тұрғындары олармен таластырмай тыңдап,құп алғандай бастарын изейтін,ойланайық дейтін,ал таңертең ауылда олардың көшінің орны ғана қалатын. Азын-аулақ мүліктерін арбаға тиеп,балаларын отырғызып,алыс жаққа көшіп кететін.

Қазақ ауылдарының құт-берекесін қашырған,қазақ халқының шаруашылық жүйесін бұзған Кеңес өкіметінің таптық идеологияның тар шеңберінде жүргізген тәркілеу,ұжымдастыру сияқты саяси-шаруашылық науқандары жүз мыңдаған қандастарымыздың өмірін мән-мағынасынан айырып,құнсыздандырып,қасіретке айналдырды.Қоғамның ең негізгі байлығы-адам,адамның байлығы-оның рухани және материалдық мәдениеті.

Кеңес өкіметінің отаршылдық озбыр саясаты аз болғандай,1941 жылдың 22 маусымында соғыс басталады.Ойда жоқта басталып кеткен бұл фашисттердің соққысына кеңес өкіметі даяр емес еді.

Елдің түпкір-түпкірінен ерлерді майданға тартып,соғысқа дайындық қарқынды жүргізіледі. Осы кезде біздің де ауылдан 162 адам соғыс майданына шақырылып,Отанды қорғауға аттанады.

Осы бір қиын қыстау кезеңде ауылымыздың майданға аттанған азаматтары да туған жер,туысқандарға деген сағынышын өлеңмен өрнектеген.Мектептің «Өлкетану» музейінде мұндай бірнеше өлең-хаттар бар.Сол хаттың бірін жерлесіміз Абықанов Мұқатай жазған екен:

Жан анам,хат жазады сізге балаң,

Сағынып сіздерді ойлап болам алаң,

Зарығып сағынысқан уақа емес,

Түбінде мен сіздерді көрсем аман.

Он тоғыз толып өткен жастық шағым,

Іш ашынат жас болған соң шыбын жаным.

Қатерден аман-есен тірі қалсам,

Қосылу мен сіздерге бар арманым.

Ой салған жас көңілге алла әмірі,

Дұшпанның бізге қарсы шығады үні.

Талқандап дұшпан итті өз жерінде,

Қайтатын туған елге бар ма күнім.

Гүлденер жас ағаштың жапырағы,

Дұшпанның өшіп келеді шамшырағы.

Хат жазып ақ қағазбен қоштасамын,

Міндеттің алдымда тұр қиынырағы.

Жылыбұлақ өңірінен Ұлы Отан соғысына аттанған азаматтардың барлығын қазіргі ұрпақ біле бермейді,оқушыларға солардың өмірбаяндарымен таныстырылу жұмыстары жүргізілуде.

Соғыс бір ғана ауылдан ондаған азаматтығ үмітін,ошағының отын сөндірді,талай шаңырақ ортасына түсті.Қаншама асыл  азаматтар хабарсыз кетті.Ауылда фашизм лаңына ұрынбаған жанұялар шамалы.Ауылға қайтпаған боздақтардың есімі жазылған тақта алқызыл гүлмен көмкеріліп,ұрпақтары батыр бабалар рухы алдында бас иіп келеді.

Ауылдағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған обелискі

Сұрапыл соғыстың зардаптары ауыл жағжайына қиын түсті.Сол кезде Сагитов Сапарғали колхоз бастығы,Жарылғапов Сағит егіс бригадирі,Жакишев Шаяхмет мал дәрігері қызметтерін атқарады.1955 жылы егіс бригадирі Жарылғапов Мәскеудегі ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысты.1950 жылдардың соғында колхоз, совхоздардың ірілендіру кезінде «Вперед к коммунизму»колхозын «Новосоловка» колхозына қосыпты.1956 жылы көршілес Б.Хмельницкий атындағы совхоздың тың игерушілері 10000-даған гектар тың жерлерді игерді. Мемлекеттің 1 млн 100000 пұт бидай тапсырды.Бұндай астықпен халқының саны 100000-дай болатын қаланы 1 жылдай тамақтандыруға болатын еді.

Алайда, 1957-58 жылдары беталды жыртылған жердің топырағы желге ұшып,топырақ желдің эрозияға ұшырады.1960 жылдары әкімшіл-әміршіл жүйенің дағдарысы бой көрсете бастады.1960-76 жылдары Шарбақты ауданында қазақ орта мектептері болмаған,тек аралас мектептер болған. Жылыбұлақта 1 орыс ұлтының өкілі болмаса да осы кезде орыс кластары ашылған.

«Жердің құты-күйінде,елдің құты- үйінде».Ауылдың рухын көтеріп тірлігіне ұйытқы болатын өз қайраткерлерімізді іспен көрсететін уақыт келді.Сол қарапайым ауылдан түлеп ұшқан қалталы адамдардың,бизнесмендердің өз үлесін қосуы басты парыз екенін айтсақ та жеткілікті.Қызылтаңның топырағын басқан қазақтың жақсы жайсаңдары бұл өлкені солтүстіктің «Жетісуы» дейді. Кезінде жоғарыда сөз болған отарлау саясаты мен қоныстануға келген орыстың Букин сияқты ортаң қолдары осы өлкенің байлығын пайдаланып,бай-көпес атаныпты. Қызылтаңның жер асты құдықтарынының көздерін пайдаланып,үлде мен бүлдеген ораныпты.Қай жерде болмасын адамның өмірі,оның шаруашылық қызметі,өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңіне,басатын жері,демалатын ауасы,ішетін суына тікелей байланысты.Ауылымыздың мағындағы қайың шілік отынға кетіп жатыр.Осыған бара отырып ауылдастарымыз ойлана ма екен,табиғи кешенді сақтау үшін/қайың мен шілік/20-30 жыл уақыт керек,себебі қайыңдар өсіп шығу үшін шөптесіндер, одан кейін бұталылар өсіп шығуы керек,міне солардың көлеңкесінде қайыңдар өседі.Осыған орай ардагер ұстаз Назира Қауланқызы мынадай өлең жолдарын жолдаған  екен:

Қайыңның мұңы

Мен көрдім Маралдының құралайын,

Пана болған екен оған аппақ қайың.

Аямай шабады екен бұл ағашты,

Талай халық барған іздеп отын дайын.

Тіл қатты сонда тұрып сұлу қайың,

«Қалайша мен егіліп жыламаймын?!

Жаныма батады ғой балталарың,

Азайып барамын мен әр жыл сайын.

Ойласаңдар,жарандар,болашақты,

Табиғатты қатыгез балта шапты.

Топырақ басып қалуға шақ тұрсыңдар,

Сол сәтке жетуге аз күн қапты.

Қалайша мен егіліп бұламаймын,

Ерке өстім жаңа туған баладайын.

Аяла туған жердің табиғатын!»-

Деп ағызды ақ қайың көздің майын.

Оңтайландыру кезінде  жүргізілген реформаның «сыйы» Қызылтаңды да «құралақан» қалдырмапты. «Экономика нарықтық, ұн мен шайға тарықтық»- деген кезді Қызылтаң халқы да бастап кеткен.1990 жылы салынған Қызылтаң мәдениет үйі Шарбақты ауданы бойынша ең соңғы салынған мәдениет ошағы болған.Жерлес ақынымыз Мұзафар Әлімбаевтың 70 жылдық мерейтойы туған ауылында 300 орындықты осы еңселі ғимаратта дүркіреп өткен. Ал,қазір аталмыш мәдениет үйінің орнында ,құлазыған қалдықтардың үйінділерінен басқа түк те жоқ.

Ауылдағы 1995жылға дейін қалыпты жұмыс істеп келген балабақша мен екі қабатты әкімшілік үйі де «келместің» кебін киген.Әкімшілік ғимараты апатты жағдайда деп бұзылса,ал,балабақша қашан,қалай бұзылғанынан ешкім бейхабар.Ауылымызда ауданда тұңғыш салынған ақ ордалы алла үйі бой көтерген.Сонау 1993 жылы салынған бұл мешіт тіркеуден өтіп,арнаулы куәлік берген,яғни барлық жұмыстары заңдастырылған. Қазіргі күнде жөндеуден өтіп,халық ризашылығына бөленуде.

Колхоз заманынан қалған мал фермалары,баздар тағы басқа жұмыс орындары қираған.Бірақ та қызылтаңдықтар соңғы екі жылда қазіргі қоғам көшіне ілесуге тырысып бағуда. Шынында да ауыл-халқымыздың алтын бесігі,мекен жайы,ұлттық рухтың қуат алар көзі. Мемлекет болашағы ауылмен тығыз байланысты.

«Қызылтаң» колхозы орналасқан алқап атауы қазақ сахарасына мәлім болған Маралды көлінің жағасы.Ән мен жырға арқау болған Маралды көлі ауылдың батысында толқуда.Кезінде атақты Естай ақын : «Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын»-деп ән салса, жерлес ақын Мұзафар Әлімбаев : «О,Маралдым,маралдым,Сенің үшін жаралдым»-деп «Қызылтаңның» атын алты алашқа танытты. Ән мен жырға арқау болған сұлу Маралдының әсем табиғаты туризмді дамытуға сұранып-ақ тұрған орын.Қазір де көлдің жағасына барып демалатын адамдар аз емес.Маралдының тұзды көліне дертіне шипа іздеп келіп шомылатын адамдар бар.

Шынында да Маралды көлінің жағасы туризм саласын дамытуға өте қолайлы орын.Сұлу табиғаты,сылдырап аққан бұлағы,бұған қоса көлдің дертке шипа болатын тұзды суы қазіргі кезде ел назарын өзіне аударып отыр.

Әркімнің туған жері-Мысыр шахары,-дейді халық нақылы. Огы қалай дәріптесең де артықтық етпейді. Ендеше туған ауылым жайлы қалайша ауыз толтырып айтпасқа. Өткеніңді тану, тарихынды білу қастерлі міндет. Әрине, бұл айтуға ғана оңай. Кеше қандай болдық негізіміз қалай қалыптасқан еді? Осыны әрбір ес жиған азамат білу тиіс.

«Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек» Шерхан Мұртаза

 

You May Also Like

Ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады? ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Секциясы: этномәдениеттану Тақырыбы:Ағылшын  тілін қалай тез үйренуге болады ? Мазмұны…

Алоэның емдік қасиеті, ғылыми жоба

Пікір «Алоэның емдік қасиеттері». Уалихан  зерттеу   жұмысының  тақырыбын  толық  ашу    үшін  ізеніс…

Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  Ұрпаққа аманат: Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар Жоспар Ғаламдық…

Ас содасы ғылыми жоба

Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: АС СОДАСЫНЫҢ  ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУЫ МАЗМҰНЫ Аннотация І.  Кіріспе   …