ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Секциясы: этномәдениеттану

Тақырыбы:Ағылшын  тілін қалай тез үйренуге болады ?

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………3

  1. Ағылшын тілін қалай тез үйрену үшін неден бастау керек ………………………………………………………………………………………..5

1.2Ағылшын тілін үйрену құралдары, ресурстар, әдіс-тәсілдер……………………………………………………………………………………..7

1.3Практикалық жұмыс……………………………………………………………………….11

Қорытынды……………………………………………………………………………………..16

Кіріспе

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы.  Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады?». Осы тақырыпты таңдауымның себебі, 10 жыл бұрын ағылшын тілін үйрену үшін көлемді дәптерді бастап,  оның парағын қызыл қаламмен үшке бөліп, сөздік жасайтын кез еді. Сөздерді жаттау біреулер үшін өте күрделі жұмыс . Міне осыдан тілді меңгере алмай  оты сөнген адамдар баршылық. Уақыт өте арнайы дискілер, аудио-бейне сабақтар, музыка, онлайн сөздік және т.б. ағылшын тілін меңгеруге қолайлы тәсілдер пайда болып, әлі де даму үстінде.Қазір шетел тілдері заманауи технологиялардың көмегімен үйретілуде.

Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», – деп Елбасымыз айтып өткендей әлемдік ғылым тілін меңгеру басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыздың осы идеясы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Шетелде шығып жатқан өнімдерді, техникаларды өз елімізде шығару үшін «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдауымыз қажет. Сонда ғана еліміздің экономикасы, ғылымы, әлеуметтік жағдайы дами түседі.

Көп тілді білу – заман талабы. Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» десе, «Қанша тіл білсең – сонша рет сен адамсың», – деп А.П. Чехов бекер айтпаса керек. Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы – тіл. Сол көпірді сақтап қалу үшін бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Сөз соңында айтарымыз, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біз, жастар, болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді әлемдік аренаға шығаруымыз керек.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.

          Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоқка шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, мен ең алдымен ағылшын тілін еркін меңгеруіміз маңызыды екенін түсіндім.Сондықтан оқушыларға ағылшын тілін қалай тез үйренуге болатын жолдарын таныстырамын .

Ғылыми жобаның мақсат-міндеттері. 

Зерттеудің мақсаты. Жаңа заман талабына сай ағылшын тілін өз бетімен еркін  меңгеруге, үйренуге деген оқушылардың қызығушылық  деңгейін анықтау, ағылышын тілін тез үйренудің әдіс- тәсілдерін ұсыну.

Зерттеудің міндеттері.

-Ағылышын тілін қалай тез үйренуге болады деген сұраққа талдау жасау.

-Ағылышн тілін үйрену құралдарын кеңінен тарату.

-Күнделікті өмірде тұрмыстық зат атаулырының мағынасын зерттеу

-Оқушылар арасында сауалнама жүргізу 

Зерттеудің ғылыми болжамы. Зерттеу жұмысымның мақсаты оқушылардың ағылшын тілін өз бетінше үйрену,білу деңгейін анықтау. Сауалнама  қорытындысы бойынша ағылшын тілін тез үйренуге оқушыларға жаңа әрі жеңіл жолдарын  қолдануды ұсынамын. Қарапайымнан күрделіге принципі  арқылы ағылшын тілін қалай тез үйренуге болатын әдіс- тәсілдеріне қызықтыру. Және елімізде әрбір қазақстандықтың үштілді білу маңызды.  Тұрмыстық зат атаулары арқылы , күнделікті өмірде кездестіріп жүрген зат атауларын білу  ағылшын тіліндегі сауаттылығын қалыптастырады. 

Зерттеу пәні. Ағылшын тілі. 

Ғылыми жобада қорғауға ұсынылатын ой тұжырымдар.Зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар ұсынылады:

Зерттеудің әдістері: зерттеу, тұжырымдау, баяндау, жинақтау, ғылыми ізденіс, салыстыру, қорытынды жасау.    

Ғылыми жобаның құрлымы. Ғылыми жоба кіріспеден,үш негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бұл ғылыми еңбекті жазуға түрткі болған елбасымыздың «Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты. Сондықтан ағылшын тілін еркін меңгеріп , еліміздің дамуына үлесімізді қоссақ дейміз.Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі… деп нақты ашық айтқан.

Қазақ тілі– мемлекеттік тіл.

Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі.

Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

Мемлекттік тілді – дамытамыз.

Орыс тілін – қолдаймыз.

Ағылшын тілін – үйренеміз.            (Н. Ә. Назарбаев)

Бұл сөздердің салмағын салмақтай  алмайтын адам жоқ шығар деген ойдамын. Тіл-тілдің бәрі жақсы, бірақ қазіргі таңда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бір арнаға тоғысуы біздей оқушыларды қуантады. Сондықтан зерттеу жұмысымның бағытын ағылышын тілін   үййренуге қатысты етіп алдым.

1.Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады?Егер сіз ағылшын тілін үйренугіңіз келсе сіздің бойыңызда мынадай үш қасиет болу керек;

Ең әуелі, адам алдына нақты мақсат қою керек. Мақсат қоймасаңыз, тіл үйренуге  талпынысыңыздан түк нәтиже болмайды. Мәселен шетел тілін  үйренетіндер көбінесе, ағылшын, (неміс, т.б.) міндетті түрде білуді талап ететін, табысы жоғары ірі компанияларға қызметке орналасуды, немесе мәртебесі биік жоғары оқу орынына түсуді,

не шетелге саяхаттауды алдына мақсат етіп қояды. Өз мақсатына қарай нық қадам басқан адам, тілді де қоса қабат үйрене бастайды.

Әлем жұлдыздары ағылшын тілін қалай үйренді?

China Daily басылымына сұхбат берген Джеки Чан ағылшын тілін қалай үйренгенін айтып берген. Ол сұхбатында тіл үйренуде қандай қиындықпен күрескенін, қандай тәсіл қолданғанын баяндайды. Оның айтуынша, Голливудқа алғаш келгенде қиындық тудырған оның ағылшын тілін білмеуі еді. Ол кез келген қиын трюкті оңай үйреніп алатын, фильмге түсу кезінде міндетті түрде басты рөлге шақырылатын, бірақ ағылшын тілін меңгеруге келгенде өте қатты қиналғанын мойындайды.

Джеки Чан фильмге түскен кезде тек өзінің сөздерін емес, толық фильмнің сценариін жаттап алады екен. Осы тәсілдің көмегінің арқасында өзі тілдік қорын дамытып жатса, сөзін ұмытқан актерлерге сол мезетте мәтінді жылдам есіне түсіруге көмек береді екен.

Әлемге танылып, өзін мойындату үшін ағылшын тілін үйрену міндетті екенін түсінгеннен кейін ол белді бекем буып, ағылшынша бір сөз білместен Америкаға аттанған екен.

Джеки ағылшынның сөздерін санасына қондырып, сөз бен сөзді, сөйлемді байланыстыратын деңгейге жеткенде америкалық әндерді тыңдап, дауыстап айтуды қолға алды. Әншінің орындауындағыдай дыбыс шығаруды мақсат етіп, жағымсыз акцентпен осы тәсіл арқылы күресті.

Шакираның ана тілі – испан тілі. 1990-жылдардың соңында оның испан тіліндегі әндері Колумбияда кеңінен тарап, халық арасында жоғары бағаланды. Осы уақытта әншінің менеджері бұл әндерді ағылшын тіліне аударып, ағылшын тілінде орындау туралы ұсыныс тастайды. Көп ұзамай Шакираның әндері ағылшын тіліне аударыла бастады. Бірақ әндерінің аудармасына Шакираның көңілі толмады, себебі әннің түпкі мағынасы, идеясы өзгеріске ұшыраған еді. Осы кезеңде әнші ағылшын тілін үйреніп, өз әндерін өзі аудара алатындай деңгейге жетуді мақсат етті. Сауатты мәтін жазу, ойды қағазға еш кедергісіз түсіру үшін ол күн сайын ағылшын тілінде жазылған мәтінді көшіріп жазып отырған. Ағылшын тілінде классикалық көркем әдебиет туындыларын оқыды Ағылшын тілді халықтың мәдениетін бойға сіңіріп, оны сезіну үшін Шакира классикалық поэзияны оқуға ден қойған. Шакира үшін ағылшын тілін үйренуге ең көп ықпалын тигізген де осы тәсіл.

Тіл үйрену үшін АҚШ-қа көшкен Арнольд ШварценеггерАрнольд Шварценеггердің ана тілі – неміс тілі. Ол 10 жасынан бастап ағылшын тілін үйренуге ден қоя бастаған. Себебі осы кезеңнен бастап АҚШ-та өмір сүруді армандады. Арнольд Голливуд жұлдызы болуды бозбала шағынан армандаған. Арманын мақсатқа айналдырып, осы жолда көп жаттықты.

Ағылшын тілін меңгермейінше Голливудқа апарар жолдың жабық екенін де түсінген дейді. Сол себепті түпкі мақсатына жету үшін бірінші тілді үйренуге күш салды.

Басылым тілшісінің айтуынша, АҚШ-қа қоныс аударған Арнольд бірден спорттық тағамдар сататын дүкенге жұмысқа орналасқан. Жұмыс уақытында ол әрқашан тұтынушылармен байланыс орнатып, көзбе-көз көп сөйлесуге тырысты. Жаңа достар тауып, үнемі жүздесулер, отырыстар ұйымдастырып, олармен көбірек сөйлесуді қалады.

Антонио Бандерас тіл үйрену кезінде кәсіби тіл мамандарымен жұмыс істеуді бірінші кезекке қойды. Тіркесті оқытқызып, өзі сол дыбыстарды тура сол қалпында қайталап отыруды әдетке айналдырды. Интонация, кідіріс, дыбыстау тәсілдерін үйрену үшін білікті мамандар кеңесіне құлақ түрді.Бүгін белгілі актер Антонио Бандерас ағылшын тілін үйренуді 32 жасында бастаған және танымал берлиц әдісін қолданған екен. Ана тілі – испан тілі. Ағылшын тілін мүлде білмесе де, жасы 30-дан асып кетсе де ол түпкі мақсатына жету үшін белді бекем буып, АҚШ-қа көшіп кетті. Бандерастың бағын ашқан Голливудтағы алғашқы фильм – The Mambo kings. Фильмге түсу кезінде актер ағылшын тілін мүлде түсінбеген. Түсірілім кезінде режиссердің тапсырмаларын аудармашылар айтып отырған.

Екіншіден, сіздің тілді үйренемін деген ынтаңыздың болуы.Адам тек тіл үйренуде ғана емес, кез-келген жұмысты істегенде сүйсініп, рахаттанып орындаса ғана ісі алға басады.Тіл үйренуші ағылшын тілін ұстазынан 50% меңгере алады,ал 100% жету үшін көбірек еңбектену керек. «Оқу инемен құдық қазғандай» екені бәрімізге белгілі. Сондықтан   маңдай  теріңді төгіп, көз майыңды тауысып, байыпты түрде шұғылданбасаң, жан қинамай тіл үйрене салу деген – бос қиял. Қазір шетел тілдері заманауи технологиялардың көмегімен үйретілуде. Адам қолынан келмейтін дүние жоқ. Егер сіз үлкен арман мен таудай талаппен жүрер болсаңыз, бір тіл емес жүз тілді де үйреніп шығасыз. Сенбей отырған шығарсыз?! Онда сіз мына әңгімені естімепсіз ғой!

…Баяғыда бір баланың анасы әл үстінде жатыпты. Баласы болса, өлер алдындағы ана сөзін күтсе керек. Содан анасы баласына ештеңе айтпай жүріп кетіпті. Тек, баласына айтар өсиеті мен арман-тілегін бір кітапқа жазған екен. «Сол кітапты міндетті түрде оқып шық,»-депті. Ол кітапта  байлыққа жетудің ең қысқа жолдары да айтылыпты. Ал не керек, анасыз қалған қу жетім қайда бармақ?Әупірімдеп жүріп оқуға түскен. Әлгі өсиет жазылған кітапты оқуға ден қойған. Қолына алып отырып оқыған кітап оныншы бетке келгенде, басқа тілге ауысып сала берген. Ағылшын тілі екен. Ана сөзін жерге тастайтын бала болар ма екен, ағылшын тілін меңгерген. Ал енді  білдім-ау деп  келіп оқыса, он бетттен кейін басқа тіл шыққан. Сөйтсе, қытай тілі екен. Оны да меңгеріп алып келіп  оқыса, тағы он беттен кейін басқа тіл шыққан. Алма-кезек жалғаса берген. Күндердің күні көп тілде жазылған өсиет кітабын бала түгел оқып бітіпті. Көптеген тілді біліп алған баласы бақытты ғұмыр кешкен екен.

Үшіншіден, уақыт бөліңіз. Сізде уақыт жоқ па? Ағылшын тілін үйрену кезінде оның ұзақтығы емес, сіздің оны қалай үйренуіңіз маңызды.Сіз мақсатыңызға жету үшін күніне жарты сағатты жұмсай алмайсыз ба? Ағылшын тілін тіпті байқамай-ақ тәжірибе жасаңыз.

Үй ішінің жұмыстары; үй жинастыру, ыдыс-аяқ жуу, т.б. Оқуға үлкен мүмкіндік. Ыдыс-аяқ жуылатын жердегі қабырғаға ағылшын тілінің сөздерін іліп қойыңыз. Оның үстіне ыдыс-аяқ жуатын заттардың атауы да көбіне ағылшынша болып келеді. Соларды құрастырып көрсеңіз де болады. Міне сіздің мүмкіндігіңіз шексіз.Ағылшын тілін үйренуді қарапайым «мен» І дан бастаңыз.I’m a student.I go to school.I like music….

Ұялы телефонның, компьютердің және басқа құрылғылардың интерфейс тілін ағылшын тіліне өзгертіңіз. Осылайша сіз бірнеше жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренесіз және ағылшын мәтінімен өзара әрекеттесуге үйренесіз.

Үйдің стикерлеріндегі барлық заттарды атауларымен жапсырыңыз. Сіздің пәтеріңізде аты-жөнін білмейтін объектілердің саны қанша екеніне таң қаласыз. Бөлмелердің есіктеріне, тұрмыстық техникаға, жиһазға, шкафтарға және тіпті жарма қораптарына есімдерді желімдеңіз.Өзіңіздің сүйікті әндеріңіздің сөздерін оқып, жаттап алыңыз және солармен бірге ән салыңыз! Сайтта данышпан сөздер ғана емес, сонымен қатар барлық танымал әндердің жеке сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру бар.

Ағылшын тілінің сөздік қорын кеңейтіңіз

Google суреттері – бұл жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаудың тамаша тәсілі

Бейтаныс сөздердің аудармасын іздегенде, сөздіктен іздеп қана қоймай, оны суретті іздеуге де салыңыз Google. Суреттер мәтіндік сипаттамадан гөрі сөздің мағынасы туралы көбірек түсінік береді. Әрине, бұл әдіс нақты тақырыптарды сипаттайтын зат есімдер үшін жақсы жұмыс істейді.Барлық жаңа сөздер үшін олардың дыбысын білуге тырысыңыз. Тек сөздерді теріңіз Google аудармашысы және мәтін жолағының төменгі жағындағы «Тыңдау» белгісін басыңыз. Әдетте есте сақтау үшін сөздің айтылуын бір рет есту жеткілікті.

1.2Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үн таспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үн таспалар, бейне фильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейне жаттығулар мен аудио мəтіндер қажет. Осы орайда мəтінді тыңдау, оқып отырудың мəні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейне фильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде  қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материалмен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты  болады

Бейнебаян көріңіз

YouTube-тан ағылшынша(өзге тілде) кинолар мен сериал, роликтерді көріңіз. Соңғы жылдарда пайда болған тәсілдердің бірі ағылшын тіліндегі  сөздерді субтитрлермен қарау.  Бұл айтылым, тыңдалым және жазылымды меңгеруге айтарлықтай көмек.  Интернет желісінде жаңалықтар мен кинолардан басқа  ағылшын (басқа)  тілін үйрену сабақтары бар. Аталған сабақтар жетіп артылып жатыр. Күніне қаншама ерікті адамдардың оқып үйренуі үшін  материалдар қосып, үсті-үстіне үстемелеп жатады. Солардың ең жақсыларын кіріп көріңіз.

Кітап оқыңыз

Әйтсе де, көгілдір экран алдында отыруға ата-анаңыз рұқсат етпесе, онда сізге кітап көмектеседі. Кітап болғанда да тілі жеңіл, тұрмыстық кітап. Бұндай кітаптардың пайдасы ағылшын тілін үйренушілерге көмегі бар.

Өзіңіз көп жүретін немесе тынығатын кереуеттің маңдайшасына, қабырғаның орта тұстарына, көзіңіз түсетін жердің бәріне де іліп тастаңыз. Соларды күнде қарап жүргенде, көзіңізге оттай басылып қалады. Әрине, бұл жерде көздің көп нәрсе атқарары белгілі. Өйткені, естігеннен гөрі, көзбен көрген дүниелер жадымызда жақсы сақталады.

Қазір тіл үйрететін бағдарламалар көп. Бірақ, ағылшын тілін бір айдың ішінде, немесе 2 аптаның ішінде мүлтіксіз үйретеміз деп уәде беретін жарнамаларға сенбеңіз. Ондайлардың тездетіп табыс табудан басқаны ойламайтын жандар.Осыған абай болған жөн.

Көптеген адам шет тілін үйренуді мақсат етеді. Алайда ұзақ уақыт бойы бастай алмай жүреді. Қазіргі заманда ана тілді жетік меңгерген соң өзге тілді тануға кірісу керек. Бір емес, бірнеше тіл білетін болсаңыз, дүнитанымыңыз кеңейеді. Шет тілін тезірек меңгерудің жолдарын назарларыңызға ұсынамын.

  1. Есте сақтау қабілетіне көмек

Шет тіліндегі жаңа сөздерді жаттау қиынға соғары сөзсіз. Алайда бәрі сіз ойлағандай қиын емес. Шет тілінде сөйлей білу үшін бар болғаны 300 сөз жаттауыңыз керек. Бұл – ағылшын тілді адамдардың күнделікті пайдаланатын сөздік қорының 65 пайызы. Сол себепті басты, негізгі сөздерді карточка ретінде жазып, жаттап алыңыз.

  1. Тілдесу

Skype – ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдарға тілдесуге мүмкіндік беретін құрылғы. Ғаламторда басқа ұлт өкіліне өз тілін үйретуге дайын адамдар баршылық. Тіл үйрететін арнайы сайттарда әңгімелесетін адам тауып, күнде сөйлесіп тұрсаңыз, тез меңгеріп аласыз. Әрі бұл тегін!

  1. Тілдік орта

Күнде ағылшын телеарна, радиоларын қосып, тыңдауды әдетке айналдырыңыз. Youtube-тан сан түрлі видеоблог қарап, құлақты «үйретуге» болады. Әжептеуір тіл түсінетін болған кезіңізде фильмдерді дыбыспен қарауыңызға болады.

  1. Қайталау

Ағылшын тілінде жаңалық қарай отырып, диктордың сөйлеу мәнерін ғана емес, ым-ишарасын қайталауға тырысыңыз. Сонда сіз тілді пайдалану барысында өзіңізді жайлы сезіне аласыз.

  1. Қателіктер

Қателесуден қорықпаңыз. Ағылшын тіліндегі бір сөйлемде сөздердің орнын ауыстырып айтсаңыз да сұхбаттасушыңыз түсінеді. Сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл сіздің ана тіліңіз емес болғандықтан, қателесуге хақыңыз бар. Қателерді түзеу арқылы, сүріну арқылы ғана мақсатқа жете аласыз. Дұрыс сөйлеуді үйренесіз.

  1. Ағылшын тілінде сөйлесіп, ән айт
    Үйде жалғыз болғаныңызда, немесе, әрине, душта сөйлесіп бастаңыз! Ағылшын тіліндегі әнді сізге қалай естілетіндігіңізбен, ауа райы туралы немесе басқа тақырыптар туралы сөйлесіңіз. Мұны жиі орындаңыз және сіздің айтқан сөзіңіз айтарлықтай жақсарады – кепілді!

7: Чат сайттары арқылы ағылшын тілін үйреніңіз:
СізOmegle,ChatrouletteжәнеTalk to Strangerтілінде сөйлесу сияқты веб-сайттарды ағылшын тілін онлайн үйрену үшін пайдалана аласыз

8: Автобуста немесе саябақта ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың жанында отырыңыз. Тыңдаңыз …
Жақсы, енді сілкіңіз тыңдаушы емес! Бірақ, сөйлесудің ағынын тыңдап, тыңдай алатын сөздерді қараңыз. Сіз қанша түсіндіңіз? Олар қандай жалпы тақырып туралы айтқан? Сізге қызықты сөз естідің бе?

  1. билбордтарға, белгілерге, жарнамаларға, журнал стендтеріне және мекеме аттарына назар аударыңыз
    Осы жарнамалардың нені білдіретінін қараңыз және ойланыңыз. Сіз қанша сөз білесіз? Сіз сол сөзді басқа жерде көрдіңіз бе? Көргендеріңіз туралы сөйлем жасаңыз.

8: музыка ұнайды ма? Өзіңіздің сүйікті әндеріңіздің сөздерін / сөздерін анықтауға тырысыңыз
YouTube-дағы әндермен бейнеклиптерді көріп, бірге ән шырқаңыз. Аударманы оқып, сөздік қорын құрыңыз.

9: Теледидар клиптерін, эпизодты немесе сабын операларын ағылшын тілінде көріңіз
Сіз олардың айтқандарын түсінбесеңіз, бәрібір қадағалаңыз! Неліктен бір нәрсе қызықты немесе қайғылы екенін түсінуге тырысыңыз. Егер әзіл сөз сөзге қатысты болса, мүмкін, әзіл сіздің ана тіліңізде мағынасы жоқ. Сонда сіздің тіліңізге ең жақсы аударма қандай болады?

Мен ағылшын тілін тезірек үйренудің амалдарын іздестірдім. Ең алдымен бір нәрсені нақты қолға алған соң соғын арнайы уақыт арнауың керек. Бұдан бұрын әрине ең алдымен талпыныс,қызығушылық қажет. Мен өзім осы тақырыпты зерттей келе мынадай жолдарды сіздерге ұсынамын:

1.Күніне 5-10 сөз жаттау.

Кез-келген он сөзді алып(күнделікті мектепте оқып журген ағылшын оқулығынан алуыңызға болады), оның оқылуын, жазылуын жаттау керек. Ол сөздер есте қалу үшін  20-30 минуттан , 4-5 сағаттан соң, 2-3 күннен соң, 1 аптадан соң,1 айдан соң әбден қайталау керек.

  1. Тыңдау

Тыңдау өте маңызды. Ағылшынша әндерді тыңдап оның мағынасын түсініп бірге айтқан өте пайдалы. Сүйікті фильмдеріңізді де ағылшынша түсініп көруге үйреніңіз.

  1. Қоршаған орта

Күнде қазақша немесе орысша сөйлей бермей, арасында ағылшынша сөйлей білуге үйрену керек. Ағылшын тілін жақсы білетін адамдармен сөйлесу қажет.

  1. Ғаламтор

Күнделікті 1 сағатыңды ғаламтордағы ағылшын тілін үйрететін сайттарда өткізген дұрыс.Мысалы мына сайттан http://kz.educator.com/ ағылшынша сабақтарды таба аласыздар. Тек қана ағылшын емес сонымен қатар математика, физика, химия т.б пәндерді ағылшынша үйренуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар ұялы телефонға әр түрлі полиглоттарды жазып алған дұрыс. Өйткені кез келген адам қолынан телефонды тастамайды.Көлікте келе жатып осындай нәрселермен айналысқан дұрыс(чем Вк, инстаграм,ватсапқа кіргенше)

Ағылшын тілін  https://lingualeo.com/ru сайтынан керемет түсінуге болады. Оны телефонға көшіріп алуға болады.

Егер сіздің деңгейіңіз әлі төмен болса, кішкентай балаларға кітап оқыңыз. Олар қысқа және қарапайым тілде жазылған.

Ағылшын комикстерін оқыңыз, әйгілі танымал – Batman, Superman және т.б. туралы. Олар сондай-ақ қысқа, суреттер не болып жатқанын түсінуге көмектеседі.

Сіз бар екенін білесіз бе? Википедия қарапайым ағылшын тілінде? Ондағы мақалалар жеңілдетілген грамматика мен сөздер жиынтығымен жазылған. Сізді қызықтыратын тақырыптар туралы оқыңыз немесе таңдалған мақалалардан бастаңыз.

Кітаптар үшін орыс тілінде оқыған кітаптардан бастаңыз. Айтпақшы, кітаптардың орыс тілінен ағылшын тіліне аудармасы, әдеттегідей, ағылшын тіліндегі түпнұсқа кітаптарға қарағанда қарапайым ағылшын тілінде жазылады.

Ағылшын тілін тыңдаңыз

Тіл үйреніп жатқан болсаңыз да, спикерлерді тыңдаңыз. Мұнда бәрін түсініп қана қоймай, оның дыбысы мен ырғағына үйрену керек. Уайымдамаңыз, біртіндеп не айтылып жатқанын түсіне бастайсыз.

Жаңалық жазбаларын көріңіз немесе тыңдаңыз, жақсырақ BBC және CNN. Жаңалықтарды таратушылар стандартты екпінмен сөйлейді (Британдық BBC және американдық CNN).

Ағылшынша сөйлеңіз

Алдымен сіз жиі араласа алатын сұхбаттасушыны табыңыз! Бізге үнемі қарым-қатынас жасау керек.

Ең тиімді нұсқа – бұл кәсіби оқытушы мен ана тілінде жүргізілетін сабақ. Мұнда жақсы екпін болуы керек, өйткені сіз оны байқаусызда қабылдайсыз. Уақытты жоғалтпау үшін Skype-да ағылшын тіліндегі сабақтарды таңдаңыз (бұдан басқа, олар арзанырақ).

Ағылшын курстарына барыңыз. Ол жерге сіз кез-келген тіл деңгейінде және кез-келген жаста бола аласыз.

Ағылшын тілін білу – заман талабы болғандықтан әрі ол экономика тілі болғандықтан көп заттың әсіресе тағам өнімдері, тәттілер, сусындар және химиялық жуғыш заттардың көбісі ағылшын тілінде атау алып жатады. Қазіргі таңда күнделікті тұрмыстық заттардың атауларын біле отыра, ағылшын тілін меңгеру өте қолайлы болып отыр. Мысалы, wash&go- «жуу» және «жүр» , head&shoulder- «бас» және «иық» деген аудармаларды береді.Немесе ас үй бөлмесіндегі «тұз»  «шай» «шекердің» қораптарын ағылшынша атумен жазып қоюға болады «salt» «tea» «sugar» Міне осылай үйренуге болады.

Практикалық жұмыс.

5-6-7 сынып оқушылары арасында «Ағылышын тілін қалай үйренесіз?» атты сауалнама жүргізілді.Онда мынадай нұсқалар көрсетілді:

-ағылышын тілін жеке репетитор арқылы үйренемін

-ағылшын тілін үйрену үшін онлайн аударма сөздік пайдаланамын

-ағылышын тілін үйрену үшін You tube  каналын көремін

-арнайы ағылшын тілін үйрететін бағдарламалар жүктеп алдым

-тек ағылышын тілі сабағында үйренемін

Осы критерилер  бойынша сауалнама алынды.Оның нәтижесі төмендегідей;

 

5 класс оқушылары

 

-ағылышын тілін жеке репетитор арқылы үйренемін-6%

-ағылшын тілін үйрену үшін онлайн аударма сөздік пайдаланамын-22%

-ағылышын тілін үйрену үшін You tube  каналын көремін-28%

-арнайы ағылшын тілін үйрететін бағдарламалар жүктеп алдым-11%

-тек ағылышын тілі сабағында үйренемін- 33%

 

6 класс оқушылары

-ағылышын тілін жеке репетитор арқылы үйренемін-6%

-ағылшын тілін үйрену үшін онлайн аударма сөздік пайдаланамын-35%

-ағылышын тілін үйрену үшін You tube  каналын көремін-18%

-арнайы ағылшын тілін үйрететін бағдарламалар жүктеп алдым-12%

-тек ағылышын тілі сабағында үйренемін- 29%

7 класс оқушылары

-ағылышын тілін жеке репетитор арқылы үйренемін-8%

-ағылшын тілін үйрену үшін онлайн аударма сөздік пайдаланамын-32%

-ағылышын тілін үйрену үшін You tube  каналын көремін-24%

-арнайы ағылшын тілін үйрететін бағдарламалар жүктеп алдым-16%

-тек ағылышын тілі сабағында үйренемін-20%

Практикалық жұмыстың нәтижесінде мен мынадай қорытындыға келдім. Әлі де оқушылар тек ағылышын тілі пәнінде ғана мұғалім береген біліммен ғана шектелетініміз байқалады.Дегенмен де өз бетімен ағылышын тілін тез меңгеру үшін де жеке репетиторға барып оқитын оқушылар да бар.Арнай бағдарлама жүктеп алған, You tube  каналынан түрлі ағылышын тілін үйрететін бейнероликтер көретін оқушылар да бар екенін көрсетті.Бұл дегеніміз жас ұрпақ та заман көшінен қалмай, ағылышын тілін үйренемін деген ынтасы , қызығушылығы бар екенін көрсетеді. «Білімді – мыңды жығатын» жас ұрпақ әр кезде ағылышын тілін үйренуге деген ынтасы арқылы сол тілді үйреніп шығатынына сенемін.

Қорытынды.

Бұл ғылыми жұмыс үш кезеңнен тұрады. Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар, мәтін көлемі және жазба жұмыстардың мақсаты ашылып отырылды. Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін білу қажеттігін  зерттеп көрсетті. Ағылшын тілінің заман талабына сай қажеттілігі туралы мәселе қозғалды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелеріне байланысты қорытынды шығарылды. Зерттеу жұмысының өзектілігі айқындалып,тақырып ашылып,мақсаттары орындалды.  Жұмыстың нәтижесінде оқушыларымыздың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтары жоғары екенін көрсетіп отыр.

Қорыта айтқанда, ағылышын тілін тез үйрену үшін тиімді əдістерді, əр түрлі технологияларды пайдаланып  , ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үн таспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп екендігін байқадық. Тілді үйретуде «қарапайымнан күрделіге қарай» принципін ұстану қажеттігін түсіндік.

Бүгінде әлем бір орында тұрмайды. Жаңа ашылулар, технологиялар шығып жатыр. Сондықтан халықаралық тілді білу өте маңызды. Ағылшын тілін жақсы білу, әр түрлі елдерден келген адамдармен түсінісу үшін маңызды болып табылады. Зерттелген материал талданды, қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің рөлі анықталды. Болжамды растау үшін сауалнама жүргізілді.

Қорытындылай келе, қазіргі замандағы ағылшын тілінің рөлі жайлы ұзақ уақыт айта беруге болады. Әрқайсымыздың ағылшын тілін үйренудегі өз себептеріміз болуы мүмкін, бірақ ол қазіргі заманғы табысты адамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ал бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы бұл жұмысты оқыған кез келген адамның ағылшын тілін үйренуге ниеті пайда болады. Бұл тіл қазіргі заманда жаһандық тіл болғандықтан, оның Қазақстандағы рөлі және болашақтағы маңызы зор.

Зерттеудің ғылыми болжамы яғни, арқылы ағылшын тілін түсіну және үйрену мүмкін екені дәлелденді. Әрі мақсатыма жеттім.

Қорытындылай келе  ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Ағылшын тілін игермей айналамыздағы сөздерді оқып – тани алмаймыз. Зерттеу жұмысы әр адамның тіл мәдениетінің деңгейін де көрсетті.

You May Also Like

Таңғажайып слаймдар: пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Таңғажайып слаймдар: пайдасы мен зияны                                                        Мазмұны  Кіріспе………………………………………………………………………………………………  І Теориялық бөлім 1.1…

Жанкент қаласы, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала Жоспары  Кіріспе: Ортағасырлық Жанкент қаласы.…

Асылды тот баспайды, ғылыми жоба

Тақырыбы: Асылды тот баспайды Мазмұны Аңдатпа……………………………………………………………………………………………………..3 Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4 Түркі әлеміне ортақ ұлы тұлға……………………………………………………………….5…

Кентауым гүл бағым, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Кентауым гүл бағым» Орындаған: Қошан Лаура Пікір Білім…