Тақырыбы: 

Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала

Жоспары 

  1. Кіріспе:

Ортағасырлық Жанкент қаласы.

  1. Негізгі бөлім:

2.1. Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала

2.2.  Жұмбағы сырлы-Жанкент

  1. Қорытынды:

Жанкент қалашығында зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр

Аннотация

Түбі бір түркі жұртының тамыр жайған, түп қазығы атанған өлкеде оған дәлел боларлық талай қазына жатыр. Сырдарияның Арал теңізіне құятын сағасына жақын қоныс тепкен Жанкент шаһары жайында  ойымызға талай тарихи оқиғалар оралады. Бұл қалада исі түркі баласының абызы атанған Қорқыт атаның кіндігі кесілген. Қазақ өнерінде орны бөлек музыкалық аспап – қобыз да ең алғаш осы қалада жасалған деген дерек айтылады. Себебі қобыздың тұңғыш иесі  Қорқыт ата емес пе еді? Сондай-ақ Жанкент дегенде атақты Бегім ана оқиғасы да елдің есіне түседі. Қысқасы, көне шаһар өткен кезеңнің бір үзігі секілді. Үңіле берсең, қаншама қазынаға кезігесің. Сол қазынаға құмартқан адам оған бойлай түскісі келеді. Жанкент жайлы білеміз, дегенмен әлі де ізденетін дүниелер жеткілікті.

Бүгінгі таңда бұл шаһар республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш санатына енгізілген. Сыр өңірінің Қазалы ауданына қарасты Өркендеу елді мекеніне іргелес жатыр. Қазіргі көрінісі – биік төбе сияқты топырақ басқан қорған. Деректерге сүйенсек, аталмыш ескі қала VІІ – ХІV ғасырларда Жанкент, Янги­кент атауымен өмір сүрген. Оғыздар елінің астанасы болған. Жүздеген жылдар бойы осылайша оғыздардың бас ордасына айналған. Түрікмен тарихшысы Әбілғазы Баһадүр Жанкент аумағын оғыздардың ертеден мекендеп, ел билеген патшасы сол қалада өмір сүргенін жазады.

Аннотация

Укоренившиеся тюркского народа, опора в деле доказательств, ставших ему казына краю дна матки. Многие исторические события разворачиваются вокруг города Жанкент, недалеко от устья впадающего в Аральское море Сырдарьи. В этом городе вырезан пупок Коркыт-Ат, который стал жрецом тюркского происхождения. Говорят, что казахский музыкальный инструмент – кобыз-впервые создан в этом городе. Потому что первым владельцем кобыза был не Коркыт ата? Также в Жанкенте вспоминается знаменитая история Бегим ана. Короче, древний город как бы отрезок прошлого. – Я не хочу, чтобы ты знал, что я не могу. Человек, увлеченный этим сокровищем, хочет попасть в него. О жанкенте мы знаем, но все-таки достаточно искомых вещей.

Сегодня этот город включен в категорию археологических памятников республиканского характера. – Я не знаю, – сказал он. Современный вид-холмистая местность, покрытая грунтом, похожим на высокий холм. Согласно данным, этот старый город жил в VІІ-XIV веках под названием Жанкент, Янгикент. Он был столицей страны огузов. На протяжении сотен лет таким образом становился главной Ордой огузов. Туркменский историк Абельгазы Бахадур пишет, что территория Жанкента издавна была заселена огузами, а правивший царь страны жил в этом городе.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл ғылыми жоба Республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш-Жанкент қалашығын зерттеу турасында атқарылған жұмыстарға бағытталады.Жанкент қалашығы Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Қазіргі Жанкент ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан.Оғыздар мемлекетінің астанасы болған,VII-XIV ғасырлар арасындағы  гүлденген шаһар – Янгикенттің жылан ордасына айналып кетуіне байланысты аңыздар көп. Бүгінгі таңда бұл шаһар республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш санатына енгізілген. Қорқыт атаның кіндігі кесілген. Бегім ана оқиғасы,ғылыми баяндаманың тақырыбын «Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала» деп таңдауыма негіз болады.

Зерттеу нысаны: Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала.

Зерттеу міндеттері: Жанкент көне қалашығы орнының зерттеулеріне қатысты мәселелердің қазіргі жағдайы;

-Жанкент шаһарының, ондағы қазба орындарынан табылған керамикалық бұйымдардың археологиялық маңызы мен тарихи құндылығын сипаттайтын дереккөздерді талқылау және жүйелеу;

-Сырдария өзені шайып, жойылу алдында тұрған ежелгі Жанкент қаласындағы

құрылыстарды сақтау, оны туристік бағытқа енгізу жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Жанкенттің ХV ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз. Ол жайында жазба деректерде ешқандай мәліметтер кездеспейді. Бүгінгі күні Жанкент қалашығы туристік нысандардың бірі болып табылады. Қала жұртына 2005 жылдан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2014 жылдан облыстық бюджет есебінен кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазба жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жүргізуде. Қазақ тарихында маңызды орын алатын оғыз мәдениетінің орталығы Жанкент қалашығын ЮНЕСКО-нің Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде.Жанкенттің тарихын зерделей отырып, бұл қаланы заманында саудасы қызып, өнері мен мәдениеті қарыштап дамыған мекен болды деуге негіз бар. Ұлы ғұламалар өмір сүрген шаһар орнының ашылмаған қырлары әлі де ашыла бермек.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

– Ғылыми –  тарихи әдебиеттерге шолу жасау;

Зерттеудің жаңалығы мен нәтижесі: көне шаһардың қойнауына бүккен құпиясы көп.Үңіле берсең, қаншама қазынаға кезігесің.

Кіріспе

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталды. Қызылорда облысы бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілді.Ежелгі Жанкет қалашығы – сол тізімге енген 12 ескерткіштің бірі.Жалпы, Жанкент Ұлы жібек жолының бойында ортағасырларда дамыған қала ретінде, әрі Түркі ұлыстарының орталығы ретінде киелі жерлер қатарына кіреді.Ежелгі қала Қазақстандағы іргелі аудандардың бірі – Қазалы ауданы аумағында орналасқан.

Бір жағынан өңірдегі табиғи-экологиялық жағдайдың өзгеруі,екінші жағынан этникалық және саяси оқиғалардың шиеленісуі себептерінен  ІХ-Х  ғасырда орталығы Сырдарияның төменгі ағысындағы Янгикент(Жанкент) қаласы болған.  Янгикент – орта ғасырдағы қала. Қызылорда облысы Қазалының оңтүстік – батысында 22 км жерде. Араб жазбаларында ал-Карьятал-Хадиса делінсе, парсылар оны Дих-и Нау атаған.

Жанкент, Янгикент VІІ-ХІV ғасырлардағы ежелгі қала. Жувейнидің, Несевидің және Омаридің кейбір еңбектерінде ол “Шакаркент” деп жазылған. Он ғасырдан астам уақыт өтті. Арабтың жазба дереккөздерінде оғыздардың астанасы, түрік жазбаларында Янгикент атауымен белгілі – Әл-Карьят қаласы туралы жиі айтылады. Жергілікті халық – Жанкент деп атайды. ІХ-ХІ ғасырда Сырдың төменгі бойында Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент қаласы еді.

Орта ғасырлық Жанкент қаласы 

Деректерге сүйенсек, аталмыш ескі қала VІІ – ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент атауымен өмір сүрген. Оғыздар елінің астанасы болған. Жүздеген жылдар бойы осылайша оғыздардың бас ордасына айналған. Түрікмен тарихшысы Әбілғазы Баһадүр Жанкент аумағын оғыздардың ертеден мекендеп, ел билеген патшасы сол қалада өмір сүргенін жазады.

Ғылыми тұрғыдағы зерттеулер беріде жүргізілді. Орыс археологі Петр Иванович Лерх 1867 жылы Сыр жағасына келіп, Жанкенттің өткен кезеңін таразыға тартып, көптеген деректер тапты. Оны жазба жүзінде бүгінгі ұрпаққа мол мұра етіп тастап кетті. Орыс зерттеушісі Сергей Павлович Толстовта Жанкент тақырыбына біршама уақыт зер салғаны белгілі. Бұл қала маңайында Ресей астанасы – Мәскеу қаласындағы И.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мамандары да зерделі зерттеулер жасады. Қазақстандық Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары да бұл жерге ат басын тіреді. Жергілікті Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті де оғыздар астанасы жайында мол мағлұматтар жинауға атсалысып келеді.

Көне дәуірдің шежіресін тарқатқан ғалымдар Жанкенттің Ұлы Жібек жолы бойындағы іргелі сауда-саттық орнының бірі болғанын айтады. Ауызба-ауыз тараған әңгімелерге сүйенсек, бұл қалада аларман таңдай қағатын әдемі кілемдер тоқылған деседі. Сондай-ақ тұскиіздер де жасалған. Жергілікті алтын қолды шеберлер ат-сайманын жасап, садақ-жебені де әзірлеп, көзе-сауытты да шығара білген. Жалпы алғанда, Жанкент Мәуреннахр жерін Еуропа, Үндістан және Иран жерімен байланыстыратын ұлы керуеннің бойында бойлай орналасқан. Осыдан мың жылдай бұрын Арал теңізі аймағында тұз өндірісі дамыған делінеді. Еуропаның бірқатар елдері тұзды осы аймақтан алдыртқан екен. Соған дейін кәрі құрлықтағы халық тұзсыз тамақ ішіп келген көрінеді.

Сонымен қатар, Жанкент тұрғындарының су жолы арқылы Хорезм жерімен сауда байланыстарын жасағандығы жайлы да айтылады. Парсы тарихшысы Гардизидің жазбаларында Ертіс өзенінің бойын жайлаған қимақтарға апаратын сауда жолының Жанкент арқылы өткендігі жайлы дерек сақталған.

Қаланың гүлдену дәуірі ІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХІ ғасырдың алғашқы ширегі Жанкент шаһары – аумағы 15-20 гектар, егіншілігі, саудасы мықтап өркендеген қала болды. Қала маңындағы суландыру жүйесі егіншіліктің шаруашылықтағы негізгі басты саласы болғандығын дәлелдейді. Ол кезеңде Арал теңізін Жент теңізі деп атаған. Жанкент тұрғындары осы теңіз маңынан үлкен тұз көзін тауып, Қытай, Иран, Үндістан елдерімен сауда қатынастарын жасаған.

Қыпшақ-қимақ тайпалары мыңдаған малдарын айдап, Карлан өткелі арқылы Жанкентке келіп, сауда жасап отырған. Қаланың шет көшелері құмыра жасаушылардың, ұсақ қолөнершілердің, зергерлердің, қару-жарақ жасаушы ұсталардың балшықтан соққан сабан үйлері мен ұстаханаларына толы, ал шаһар орталығындағы гүлзар баққа оранған, хауыздары мөлдір суға тұнған қала бектерінің биік дуалмен қоршалған үйлері болды. Қала сырты суға толтырылған орлармен қоршалды. Шаһардың төрт қақпасы болған.

Әрбір жұма күні шаһар орталығындағы базар алаңында сауда қызу жүріп отырған. Жанкенттің шығыс пен батысты жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолы бойындағы тоғыз жолдың торабына орналасуы қаланың географиялық, экономикалық маңызын арттыра түсті. Қытай жібектері, Үнді маталары мен жемістері, араб елдерінің құрмасы, науаты осы қалада сатылымда болған.

Осылайша, Оғыздарда қалалық мәдениет жоғары дамыды. Х ғасырда Жанкент бойының оғыздары Жайықтағы тайпалармен және башқұрттармен 34 жыл жауласады (922-956ж.ж). 956 жылдан соң бұл алауыздық түркімен және қыпшак оғыздарының арасында өтеді. Негізінде ұлыстың түбіне жеткен де осы қайшылық болып саналды.

1219 жылдың күзінде Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары моңғол шапқыншылығы салдарынан күл талқан болып қирайды. 400 жыл бойы қалалық мәдениет жасаған оғыз-қыпшақ тайпалары тағы да көшпелі өмірге түседі.

Моңғолдар салған ойран басылмай жатып-ақ, Жанкент сауда мен қолөнер орталығының бірі ретінде қайта көтеріліп, ХІV ғасырда гүлдену шегіне жетті. Мұсылман мәдениеті ықпалында болған бұл қала Жаңақала – Жанкент деп аталады.

Араб саяхатшысы Хафизи-Абурдың жазбаларында Сырдарияның ХV ғасырда

Отырар тұсынан батысқа бұрылып, Әмудариямен бірге Каспийге құйғандығын айтады. Әрине бұл Сырдың төменгі ағысындағы Жанкент қаласына да ықпалын тигізбей қоймайды. Егіс алқаптары, суландыру жүйелер су жүрмегендіктен құм басып шөлге айналады.

Белгiлi түрколог-ғалым Ә.Қоңыратбаевтың жазуынша, Жанкенттi мекендеген Жайылхан (қыпшақ) мен Сейiлхан (түрiкмен) 1043 жылдан кейiн Сыр бойынан ығысады. Жанкент ханы шах Мәлiк пен оның баласы Әлидi батыстағы түркмен тайпалары өлтiредi. Осыдан соң Сырдың төменгi саласын мекендеген оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырауы басталады.

  1. Негізгі ой

1) Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала

2) Жұмбағы сырлы-Жанкент

3 )Жанкент қалашығында зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала

Еуропа мен Азия арасын жалғаған көне шаһар (1-сурет). Жанкент қорғаны – Сыр бойындағы тарихы терең қалалардың бірі. Қазалы аймағында орналасқан көне қорғанның өмір сүрген кезеңі VII-XIV ғасырлармен сабақтастырылады. Ғалымдар бұл қаланың пайда болуын «Бегім ана» аңызымен де байланыстырып жүр. Жанкент Жібек жолы бойындағы қалалар қатарына кіреді. Кезінде Еуропа мен Азия арасын байланыстырған бұл шаһар жүз жыл бойы оғыздардың астанасы болған. Аралдан шығатын ас тұзын Еуропа елдері мыңдаған жылдар бұрын Жанкент қаласынан алдыртып отырған көрінеді. Оғыз патшалары осы қаланы мекен етіп, билік жүргізген.

Аңыздарға сүйенсек, Жанкентті билеген Санжар хан әулие Қара бура Әзімнің қаһарына ұшыраған екен. Ханның қарамағындағы қала халқымен қоса опат болған.  Бұл оқиға 1153 жылы орын алған деп айтылады. Жазба мәліметтерге жүгінсек, 1219 жылы Жанкентке моңғолдар басып кіріп, шаһарды өртеген делінеді. Сол кезде қаланы басып алмақ болған Жошы қорғанды басып өткен екен. Жанкенттің қалыпқа келуі үшін ондаған жылдар кетеді. Бірте-бірте аяққа тік тұра бастаған халық кәсіптеріне қайта ден қояды. XIV ғасырда Жанкент қаласы байырғы қалпына түскен. Сол дәуірдегі Жанкент ислам мәдениетінің орталығына айналды. Алайда, мың рет құлап, сан мәрте бой түзеген Жанкент шаһары бір ғасырдан кейін мәңгіге жойылды. Моңғолдар мен қалмақ, жоңғарлардың тепкісінен құлдыраған қаланың тіршілігі осылайша аяқталады. Жанкенттің үстімен өтетін сауда жолы қысқарып, тұрғындары Тәшкен, Самарқанд, Хорезм мен Бұхараға көшуге мәжбүр болды. Бүгінде қаланың орнында төбешік қана тұр. Тарихтың куәгері ретінде осы төбе ғана сақталған.

Жанкент қорғанының орнын зерттеуді алғаш рет орыс ғалымы П.И. Лерх жүзеге асырды. Жанкенттің архитектурасы ерекше болған. Оның кейбір іздері бүгінге дейін сақталып қалған. Қорғанның айналасы қышпен қоршалыпты. Қыш қамалдың қабырғасы 6 метрге жуық. Оңтүстік-батыс бөлігінде биік мұнара сақталған. Сонымен қатар, оқ ататын орындарды да көруге болады. Зерттеу кезінде арабша жазылған сауыттар, қабырғаға салынған суреттер, әшекей бұйымдар сияқты бағалы дүниелер табылған. Жанкент қазба жұмыстары кезінде кезіккен ерекше дүниелердің бірі — шеберхана орны. Бұл шеберханадан глазурь қорытып жасайтын пеш қалдықтары шыққан. Пештің үстінде шойыннан жасалған қазан бар. Оның ішінде қатып қалған глазурь жатыр.

Кеңес дәуірінде бұл қалаға біршама зерттеу жұмыстарын жасаған ғалымдардың бірі — С.Толстов. Алайда, ескі қорғанның орны толыққанды зерттелді де кесіп айту да қиын. Қазіргі таңда тарихи орынды зерттеуге қызылордалық археологтар, Ә.Марғұлан атындағы археология және этнология институты, Миклуко Маклай атындағы этнология және антропология институтының зерттеушілері жұмыс жасап жатыр. Оғыздардың көсемi атанған әйгiлi қобызшы Қорқыт та аңыз әңгiмелер мен кейбiр деректерге қарағанда Жанкентте өмiр сүрген.

Жанкент қаласы оғыздардың атын жаһанға танытқан Қорқыт атаның туып-өскен жері. Бұл туралы ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде жазған. Академиктің айтуы бойынша, Қорқыт ата VII-X ғасырларда Сыр өңірін мекендеген тұлға. Оның шыққан тегі Оғыздар табына қарасты Қияраттарға жатады. Ал, ол заманда қаңлы тайпасы Қаңлы-қыпшақ не болмаса Оғыз-Қыпшақ деп айтылған. Әрі астанасы Сырдария бойындағы Жанкент қаласы болды дейді. Сондай-ақ, екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің де Жанкент шаһарына табан тірегені туралы мәліметтер бар. Бойындағы дарынымен әлемді тамсандырған әл-Фарабидің күйшілік өнері де болған екен. Арун-Рашид дәуірінде әл-Фарабиді Бағдатқа Жанкенттен арнайы алдыртып, оның әдемі күйлерін ел-жұрт сүйсіне тыңдаған деген де деректер кездеседі.

Жанкенттің тарихын зерделей отырып, бұл қаланы заманында саудасы қызып, өнері мен мәдениеті қарыштап дамыған мекен болды деуге негіз бар. Ұлы ғұламалар өмір сүрген шаһар орнының ашылмаған қырлары әлі де ашыла бермек.

Ендігі бір әңгіме – Қорқыт атаға қатысты. Араб географы Истахри осы аймаққа келгенде Қорқыт ата жайында деректерді естиді. Аты аңызға айналған абыз жайында мәліметтерді тасқа басады. Жалпы алғанда, Қорқыт ата жайында түркі тілдерінде көптеген аңыздар мен әпсаналар айтылады. Сондықтан ескі түркі, парсы, араб жазбаларында ол туралы көптеген әңгімелер кезігеді. Орта ғасырдағы белгілі ғалым Рашид ад-Дин «Жами-ат-тауарих» атты еңбегінің бір бөлігінде Қорқыт, оғыз және олардың ұрпақтары жайында бейнелейді. Зерттеушілердің айтуынша, Жанкенттен көптеген ғұламалар шыққан. Сондай-ақ түбі бір түркінің тереңнен тартатын тамырын әйгілейтін талай деректер де осы қала маңынан табылатыны айдан-анық. Қаланың жойылуы жөнінде де біршама деректер кездеседі. Оның алғашқысы – Бегім ана оқиғасына байланысты. Бегім ана Жанкентті билеген Санжар ханның жұбайы болған. Оның пәктігіне күмән келтіріп, әйелінің екі қолын шауып, зынданға тастайды. Бегім ананың әкесі – Қарабура әулие оқиға барысына қатысты Жанкент қаласына келеді. Ол қызының ақ екеніне көз жеткізіп, Санжар ханға наразы екенін білдіреді. Күйеу баласы хандық құрған Жанкент қаласы содан кейін жыландар шабуылынан жермен-жексен қирапты деген деректер айтылып жүр. Тағы бір жорамал бар. Жанкент Азия мен Еуропаны жалғаған қала болды емес пе? Ұлы Жібек жолының кейіннен құрлық арқылы өтетін дүниежүзілік керуен жолдары қысқара бастайды. Осылайша, өркендеген Жанкенттің де ғұмыры аяқталады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жергілікті жұрт басқа аймақтарға қоныс аударады. Жанкенттің ХV ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз. Ол жайында жазба деректерде ешқандай мәліметтер кездеспейді.

Алаштың анасы атанған Сыр өңірінде талай тарихқа куә ескі шаһарлардың орны жетерлік. Солардың бірі – Сырдарияның Арал теңізіне құятын сағасына жақын қоныс тепкен Жанкент (2-сурет). Бұл қалада иісі түркі баласының абызына айналған Қорқыт атаның кіндігі кесілген. Деректерге сүйенсек, қазақ өнерінде орны бөлек музыкалық аспап – қобыз да ең алғаш осы қалада жасалса керек. Себебі қобыздың тұңғыш иесі Қорқыт ата екені тарихтан мәлім. Сондай-ақ Жанкент дегенде атақты Бегім ана оқиғасы да елдің есіне түседі. Қысқасы, көне шаһардың қойнауына бүккен құпиясы көп. Үңіле берсең, қаншама қазынаға кезігесің.

Аңыз бойынша Жанкенттi билеп тұрған қатыгез Санжар хан Қарабура әулиенiң қаһарына ұшырап қарауындағы халқымен бiрге опат болады» дейді бір деректерде. Жадымызға түсірелікші.

Аңызда «Жанкенттің әміршісі Санжар хан нөкерінің ғайбатына сеніп, күнәдан пәк Бегім сұлудың оң қолын шауып, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіліп жазықсыз жазалайды. Бегімнің әкесі атақты Қарабура әулие қанішер ханға «Қызым ақ болса шабылған қолы, кесілген бұрымы, тілінген танауы қалпына түседі» дейді. Әділдік үстем шығып, Бегімнің дене мүшелері қалпына келеді. Қызының нақақ жәбір көргеніне назаланған әулие Санжар ханды қарғапты.Зұлымдық жазасыз кетсін бе?. Құдіреттің күшімен аспаннан іші ордалы жыланға толы мес түсіп хан бағыныштыларымен бірге ажал құшыпты. Бегім сұлу ақ құсқа айналып көкке ұшып кетіпті. Қонған жеріне керемет мұнара  пайда болыпты» демейтін бе еді?.]

Ал өзге деректерде 1219 жылдың күзінде Жанкентке  моңғол әскері шабуыл жасағаны, халқын қырып, қаланы түгелдей өртеп жiбергенi, отқа оранған қаланың үстiмен қаһарлы Жошы ханның шауып өткенi, халықтың арада көптеген  жыл өткен соң есiн жиғаны, сауда мен қолөнер кәсiбі дамығаны, ХIҮ ғасырда бұрынғы қалпына келгенi, жаңа Жанкенттің араб-мұсылман мәдениетiнiң орталығы саналғаны,  тағы бiр ғасыр өткен соң мәңгiлiкке жойылғаны, ХҮ ғасырдан берi қаланың  орны ғана жатқаны баяндалады.

«Аумағы төрт шаршы шақырым жердi алатын  қаланың күншығыс қапталынан қоршап жатқан қалыңдығы екi метрден асатын ескi қорған талай тарихтың куәсі. Ежелгі шаһардың құпиясын білгісі келетіндер жыл  санап арта түсуде

Жанкент қалашығында зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр 

Бүгінгі таңда Жанкент қалашығында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен жүзеге асырылуда. Далалық экспедиция жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары қолға алып отыр. Оған университеттің археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, PhD доктор Әзілхан Тәжекеев жетекшілік жасап келеді.

«Биылғы қазба жұмысында қалашықтың шахристан бөлігінде орналасқан тұрғын үй кешеніне зерттеу жүргізілді. Ескерткіш цитаделінің солтүстік қабырғасынан аршылған мұнаралар мен оған жалғасып жатқан қабырғаларға назар аударылды. Сондай-ақ, қалашықтың шығыс қабырғасының ортаңғы бөлігіне қазба салынып, толық аршылды», – деді Әзілхан Тәжекеев. Қазіргі таңда тұрғын үй кешеніне консервация жүргізіліп, үсті металл жабындымен шатырланды. Республикалық бюджет есебінен қалашықты қайта жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Қала аумағы 16 гектарды қамтыса, қорғаныс аумағы 45 гектар. Жаудың қозғалысын ескертетін қорған төбелер 15 шақырым қашықта орналасқан екен.

Жібек жолы бойындағы қала XIV ғасырда байырғы қалпына келтірілген. Сол дәуірдегі Жанкент ислам мәдениетінің орталығына айналды. Алайда, мың рет құлап, сан мәрте бой түзеген Жанкент шаһары бір ғасырдан кейін мәңгіге жойылды. Бүгінде қаланың орнында төбешікке айналған. Тарихтың куәгері ретінде осы төбелер мен мұндаалайды. Шығыс жақ бетінде қала қабырғалары сақталған.

Жанкенттің ескі қабырғалары мен архитектуралық дүниелері де жарым-жартылай сақталған. Тіпті бірқатар көшелерінің ізі де бар екен. Сырттай қараған адамға Жанкент үлкен төбе сияқты үйінді болып көрінген. Қамал қабырғасының қалыңдығы 6 метрге жуық. Қаз-қатар тізбектеліп, бірнеше биік мұнаралар мен оқ ататын тесік көздер орнатылған оңтүстік қабырғасы  сол кезде жақсы сақталған. Ал ең биік мұнара оңтүстік-батыс беткейінде орын тепсе, қаланың қақ ортасында жан-жағын қоршаған ескі сарай болған көрінеді.

Зерттеулер барысында ғалымдар үйлердің орны мен қабырғасын ашып көргенде бірқатар көріністерге куә болған. Олар сан алуан архитектуралық үлгілер, қабырғаға түсірілген суреттер, күйдірілген кірпіштерді байқаған. Оған қоса көк және қызғылт шынымен жабылған көзе тақталар да көптеп кездескен. Араб қарпімен әшекейленген сауыттар және өзге де өнер өрнектерді ғалымдар тапты. Осындай орасан зор мәдени байлық Жанкенттің өркениетті өмір сүргенін дәлелдей түседі.

«Ғалымдар Жанкентті қазу барысында көне кезеңде әдемі дүниелер жасап шығарған шеберхананың орнын тапқан. Шеберхананы зерттеу үстінде көп жайға көз жеткізілді. Атап айтқанда, онда кірпіш және көзе сауыт күйдіретін орындар бар екендігі белгілі болды. Сондай-ақ көркі көз қанықтыратын глазурь шыныларының шеберхана орындары да анықталған. Олардың барлығы да сол кезде өндірістен қалған жұмыстардың қалдығы болса керек. Шеберхананы зерттеу барысында глазурь қорытатын пештің орны табылып, ғалымдар осылайша қымбат дүниеге кезіккендіктері туралы жазады. Бұл құндылық ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Алтын Орда (Дешті Қыпшақ) дәуірінің өркениетінен көрініс береді», – дейді Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің директоры Роза Асанова. Ғалымдар зерттеу барысында сол дәуірдегі күміс және мыстан жасалған теңгелерді де тапқан. Орыс зерттеушісі С.П.Толстов көптеген құнды дүниелерді жинақтаған. Одан кейін де бұл жерде талай іс атқарылды. Осыған қарамастан көне шаһарды толық танып, білдік деп айта алмаймыз. Мәселен бүгінгі күнге дейін Жанкенттің нақты қай ғасырда іргесі қаланды, не себепті тіршілік етуін тоқтатты деген сауалдың түйіні тарқатылмай келеді.

Қортынды 

Жанкенттің ХV ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз. Ол жайында жазба деректерде ешқандай мәліметтер кездеспейді. Бүгінгі күні Жанкент қалашығы туристік нысандардың бірі болып табылады. Қала жұртына 2005 жылдан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2014 жылдан облыстық бюджет есебінен кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазба жұмыстарын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жүргізуде. Қазақ тарихында маңызды орын алатын оғыз мәдениетінің орталығы Жанкент қалашығын ЮНЕСКО-нің Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Жанкент қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал таяу болашақта мұнда аспан асты мұражайы ашылады. «Аумағы төрт шаршы шақырым жердi алатын  қаланың күншығыс қапталынан қоршап жатқан қалыңдығы екi метрден асатын ескi қорған талай тарихтың куәсі. Ежелгі шаһардың құпиясын білгісі келетіндер жыл  санап арта түсуде. Жанкенттің толық сыры ашылатын сәт келешектің еншісінде екені анық.

Жанкент қаласы Ұлы жібек жолының бойында ортағасырларда дамыған қала ретінде, әрі Түркі ұлыстарының орталығы ретінде киелі жерлер қатарына кіреді

Қазіргі таңда Жанкент қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары өз жалғасын тауып, болашақта аспан асты мұражайға айналып, көрем деген қызығушыларды өз тарихымен, қорған дуалдарымен, тұрмыстық бұйымдарымен қызықтырады деген ойдамын

Бүгінде ашық аспан астындағы қалаға айналдыруды қайта қалпына келтіру жұмыстары, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде екен.

Бүгінгі таңда шаһар республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш санатына енгізілген. Сыр өңірінің Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылына іргелес жатыр. Қазіргі көрінісі – биік төбе сияқты топырақ басқан қорған. Жанкент туралы қазіргі кезге дейін жинақталған мәліметтер реті осындай. Біздің бұлардан түйетініміз: Жанкент – біршама ұлы ғалымдардың шыққан мекені, әрі бірнеше тайпа – мемлекеттерді әлемге паш еткен орын.

Ұсыныс:

1.Жанкент қалашығындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді толығырақ зерттеу үшін колледжіміздегі «Туризм» мамандығы бойынша экспедиция жүргізу жоспарлары қолға алынса.

2.Жанкент қалашығының тарихы жайлы мәліметтерді  ел ақсақалдарымен сұхбат ұйымдастырып,  телеарналардан көптеп берілсе.

3.Жанкент қалашығы туралы фильм түсіріліп,келешек ұрпаққа қала мәдениеті туралы көптеп насихатталса.

Мазмұны

Аннотация…………………………………………………………………………………………. 3
Кіріспе……………………………………………………………………………………………….. 5
Ортағасырлық Жанкент қаласы………………………………………………………….. 6
Негізгі бөлім………………………………………………………………………………………. 7
Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала……………………………………………………. 10
Жұмбағы сырлы-Жанкент………………………………………………………………….. 11
Қорытынды………………………………………………………………………………………… 13
Жанкент қалашығында зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр……………… 13

 

You May Also Like

Ұлы Даланың ауызша тарихы және Мәңгілік Ел идеясы: тарихи сабақтастық, ғылыми жоба

Кемпірқосақ қалай пайда болады? Ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: Кемпірқосақ қалай пайда болады? Зерттеудің өзектілігі – тұлғаның барлық көрсету…

Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы фразеологияның қолданысы, ғылыми жоба

«Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы фразеологияның қолданысы » Бағыты: Қоғамдық -гуманитарлық Секция:   Қазақ тілі…

Английские и русские поговорки и пословицы-сходства и различия, научный проект

«Английские и русские поговорки и пословицы-сходства и различия». «English and Russian proverbs…