Тақырыбы: 

Тәттінің пайдасы мен зияны 

Бағыты:  медицина

                                           ПІКІР

Оқушының   «Тәттінің пайдасы мен зияны» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген тәттілер  жайлы мәліметтер жинап, бақылап, оның пайдасы мен зияны жайлы саралап ашып көрсете білген,  тәттіcіз өмір сүру мүмкін еместігін, оны күнделікті тұрмыста пайдаланып жүргенімізді жазып, сонымен қатар емдік қасиеттері көрсетілді..Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында тәттінің  химиялық, биологиялық құрамы айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші өз жұмысын қорыта келе, тәттіні  шамадан тыс тұтынудың зияндылығын және шамадан тыс тұтынбауды ұсынды.

                                   МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………..

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1.Тәттілер туралы мәлімет және оның түрлері……………………………..

1.2. Тәттінің пайдасы мен  зияны…………………………………………………..

ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. Зерттеу нысаны және әдістері ……………………………………

2.2. Тәжірибе ………………………………………………………………………..

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….

 І.КІРІСПЕ

Зертеу өзектілігі

Қай қазақтың үйі болмасын келген қонағының алдына алдымен бауырсақ, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, жент-талқан, өрік-мейіз, жеміс-жидек қойып, қою сүт қатқан шай ұсынады. Соңынан қуырдақ, асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Осы пейілімен дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді-ақ. Мұны қазақ кәдесінде «дастарқан дәмі» дейді екен. «Дастарқан дәмінің» ажырамас бөлігі әрине тәттілер. Бүгінгінің жеміс тосабы қалай тіл үйірсе, қазақтың тосаптары да сондай дәмді. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, тәттісіз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға қант салғанды жақсы көреміз. Көп адамдар стрессті жеп қойғысы келеді. Қысылтаяң кезеңдерде шоколад немесе печеньені ауызға салып, жеңілдеп қалады. Өйткені тәтті жеу кезінде ағзаның синтездеуінен бөлінетін серотонин – бақыт заттегі болып саналады. Ол көңілді тыныштандырып, осы уақытқа дейін шешілместей болған проблема соншалықты қиын емес сияқты болып көрінеді. [Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы 1990ж] 1

Тәтті тағамдар бұл дегеніңіз, сіздің таңғы асыңызға береке енгізуші. Тәтті басталған таң сізге керемет көңіл күй сыйлар еді, отбасыңыздағы қуанышты дастархан куәсі болар еді. Сіздің отбасыңызға деген сүйіспеншілігіңіз бен махаббатыңызды паш етуші. Бірақ әуестену – мөлшерді бірте-бірте көбейтуге әкеп соғады. Сондықтан оқушы тәттінің пайдасы да,  зияны да  көп екенін дәлелдегісі келеді.

Зерттеу мақсаты:

Тәттінің адамның ағзасына тигізетін пайдасын немесе зиянын анықтау.

Жұмыстың міндеті:

  1. Тәттілер туралы қызықты мәліметтер жинап, олардың пайдалы және зиянды қасиеттерін зерттеу;
  2. Сараптама жұмыстарын жүргізу;
  1. Жазып отырған ғылыми жұмысымды  қорытындылай келе  өз ұсынысымды келтіру.

Зерттеу болжамы: Оқушы тәттінің адам ағазасына қажет екендігін түсінеді. Мидың жақсы жұмыс істеуіне, жақсы көңіл күй үшін, ләззат алу үшін, энергия алу үшін керектігін біледі. Алайда  тәттілерді көп пайдалану – өз  денсаулығына   қаупін тудыруын түсінеді.

Зерттеудің жаңалығы: Оқушылардың  тәттіге деген көзқарасын сауалнама арқылы біліп, талдау жүргізеді. Барлық жағдайда тәттіні қалыпты мөлшерде қолдану, сондай- ақ белгілі жағдайда өз пайдасын әкелетінін түсінеді.

Зерттеу әдістері:

– бақылау

– сауалнама

– сараптау

– диаграмма құру

Зерттеу кезеңдері:

I Ғылыми әдебиет көздерін зерделеу.

Мақсаты: тәттілер туралы мәліметтерді  жүйелеу

II Зерттеудің диагностикалық бөлімі.

Мақсаты:Тәттінің  пайдасы мен зиянын  анықтау.

III Алынған нәтижелерге талдау.

Мақсаты: алынған нәтижелерді талқылау.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Қорытындылай келе осы зерттеу жұмысы арқылы тәттілердің құрамындағы

2

  • химиялық заттардың адам ағзасына тигізетін пайдасы мен зиянын анықталды.
  • Тәттілер артық мөлшерде қабылданса, организмге зиян келтіреді: жүрек тамыр жүйесіне теріс әсер етеді, май алмасу бұзылады, диабеттің даму қауіпі ұлғаяды, тістері ауырады.
  • Әдетте тәтті тағам семіртетіндіктен, арықтағысы келетін адамдар тағам мәзірінен оларды алып тастауға мәжбүр. Алайда ағзаның дұрыс қызметі үшін тәттілерді белгіленген мөлшерде жеп тұру керек

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • Тәттілер туралы мәлімет және оның түрлері

Қай қазақтың үйі болмасын келген қонағының алдына алдымен бауырсақ, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, жент-талқан, өрік-мейіз, жеміс-жидек қойып, қою сүт қатқан шай ұсынады. Соңынан қуырдақ, асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Осы пейілімен дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді-ақ. Мұны қазақ кәдесінде «дастарқан дәмі» дейді екен. «Дастарқан дәмінің» ажырамас бөлігі әрине тәттілер. Бүгінгінің жеміс тосабы қалай тіл үйірсе, қазақтың тосаптары да сондай дәмді.

Тәтті ағазаға қажет. Мидың жақсы жұмыс істеуіне, жақсы көңіл күй үшін, ләззат алу үшін, энергия алу үшін. Сонымен қатар, тәттілер қартаюдың алдын алады деген пікір бар, ал табиғи тәттілер – бал, шоколад, қара өрік, меиз сияқтылар антиоксиданттардың негізі болып саналады. Бірақ, барлық жағдайда қалыпты мөлшерде қолдану ғана өз пайдасын әкеледі.

Тәттілер жасанды және табиғи болып бөлінеді. Жасанды тәттінің бір түрі қант.  Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді. Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (410 ккал) шамасында.

Қанттың отаны Үндiстан. Қанттың шыққан жерi Ежелгi Үндiстан деп есептеледi. Бiздiң елiмiзде қанттың қант қызылшасынан өндiрiлетiнiн бiлемiз. Алдымен теріліп әкелінген қызылша үлкен астауға салынады. Содан кейін бірінен соң бірі кезекте тұрған машиналар жоғары көтеріп, жуын, оны майда тіліктерге кеседі. Тіліктерден шырын бөлінеді. Бірақ түсі ақ қызылша қара сөл бөледі. Осы сөлдер үлкен ыдыста жиналып түтікшелер арқылы өңдеуден өткенде, оның түсі мөлдір болады.

Қызылшадан алынған сөл қою болуы үшін үлкен мұнарада оның құрамындағы артық суларды буландырып шығарып тастайды. Шыққан затты тағы да тазартудан өткізіп, оған қант ұлпаларын себеді. Ұлпалар қоймалжың шәрбатқа араласып түйіршік болып «өсе» бастайды. Осылай қант кристалдары пайда болады. Кристалдарды арнайы қондырғыда жуып кептірген соң шекер пайда болады. Ал шекерден шақпақ қант жасалады. Міне, бір түйір қант жасалу үшін үлкен жұмыстар істеліп, көп тер төгіледі. [Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев.Алматы: «Арыс» баспасы. 2005.] 2   

Тәттінің тағы бір түрі – бал. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады. Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге(каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда – Қызылорда, Оңтүстік

Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан , Ақтөбе,

Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Сары карбыз. Әдеттегі және жабайы жемістерді шағылыстырып алған. Жалпы, қарбыздың аналығы мен аталығы болатыны белгілі. Аталығына қарағанда, аналығы дәмдірек келеді. Өкінішке қарай, өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкімкепілдік бермейді. Сондықтан әсіресе, балаларға берген кезде абай болған жөн. Ең нитраттар жиналатын зиянды бөлігі болып қабығына жақын тұрған жұмсағы саналады, сондықтан балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды. 2-3 жастағы балалар үшін 100 грамы жеткілікті болса, 3-6 жастағылар үшін 150-ден асырмау керек.[Лавренов В.К. Дәрілік өсімдіктер қазіргі энциклопедиясы. Москеу 2009ж] 3

Балалық шақта балмұздаққа әуестенбеген адам жоқ шығар. Бәріміз де балмұздақты күннің аптап ыстығы тұрмақ ауа райының салқын мезгілдерінде тұтынуды күнделікті дағдымызға айналдырғанымыз белгілі. Балмұздақ шамамен сүтті, кілегейлі, пломбирлі және жеміс-жидекті болып бөлінеді. Оның ішінде майлылығы өте төмен көрсеткіште сүтті, ал жеміс-жидекті балмұздақтан майды кездестіру мүмкін емес.
Адамзат баласы шоколад дәмін алғаш татқалы бері осымен екі мың жылдан астам уақыт өтті. Шоколадпен таныстық қазіргі Мексика аумағында басталған. Ал қарапайым адамдар бұл тәттінің дәмін де татпады.
Майя халқы да ата-бабалары секілді бейсбол добына ұқсас какао ағашының жемісін қадір тұтты. Олар бұл жемістерден ащы дәмі бар сусын дайындауды жалғастырды. Алайда ол уақытта «xocolatl» сусыны кеңінен қолданылып, оны патшалар да, қарапайым адамдар да ішетін болды.
Бірнеше ғасырлар бойы шоколад тек таңдаулылардың тағамы боп табылды.

Майя жерін жаулап алған испаниялықтар да бұл тәттіден бас тарта алмады. Көп ойланбастан олар сусынды «Theobroma cacao», яғни «құдайлардың азығы» деп атап, оны Еуропаға алып барады. Білімқұмар еуропалықтар ұзақ уақыт бойы бұл таңсық тағамды зерттеп, қасиетін анықтады.
Кейін шоколадпен ауру-сырқаудың бәрін емдейтін болды.

1.2. Тәттінің пайдасы мен зияны

Тәтті ағазаға қажет. Мидың жақсы жұмыс істеуіне, жақсы көңіл күй үшін, ләззат алу үшін, энергия алу үшін. Сонымен қатар, тәттілер қартаюдың алдын алады деген пікір бар, ал табиғи тәттілер – бал, шоколад, қара өрік, меиз сияқтылар антиоксиданттардың негізі болып саналады.

Қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп екен. Қоңыр қант клетчатка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай. Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Айта кетсек, қызылша қантында бұл элемент 23 есе аз екен. Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы.

Қантты көп жеу қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтыра алады. Онша көп күш жұмсамайтын адам тәтті тағамдарды шамадан көбірек жесе, тек қанттан ғана емес, крахмалдан да ағзасында артық заттар жинала бастайды. Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді. Көптеген зертханаларда жүргізілген бақылауларға қарағанда, адамның қанында қант ұзақ уақыт бойы сақталып, адам ағзасы оны уақытында сіңіруге үлгермейді екен. Осы жағдайлардың бәрін ескерген шетелдік зерттеушілердің барлығы да қантты шамадан тыс жеуге қарсы. Қантты жемеу керек дегенді әсіресе егде, семіз адамдарға айтқан дұрыс. [О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова “Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік» Шымкент “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.] 4

Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп:

  1. Әртүрлі қан-тамыр ауруынан сақтайды, жүрекке оң әсер етеді;
  2. Асқазан, ішек ауруына шалдыққанда балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі реттеледі;
  3. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр., балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе, қан қысымын төмендетеді;
  4. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруын жазады;
  5. Ұйқысыздық мазаласа, жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі;
  6. Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, сіңіп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауырғанда емі тамаша;
  7. Аузы уылған адам бал жесе тез айығады;
  8. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек

Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған. [Рысбекова Назипа /Халық және рухани емшілік магистрі./ Алматы обл. Шамалған ст.] 5

Қарбыз адам бойындағы холестеринді шығарады, бұл жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандар үшін керім пайдалы.Сонымен, оның адам денсаулығына пайдасына тоқталатын болса, адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Қарбыз артық салмақтан арылып, арықтағысы келіп жүргендерге керім. Өйткені оның құнарлығы өте төмен. Бақша өнімінің аталмыш түрінің 100 грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Қарбыз жегенде тез тойып кеткендей әсер болатындықтан, ол тәбетті төмендету үшін де пайдалы.  Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек дертінен пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Мәселен, созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ, себебі ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да бұл жемістің пайдасы аз. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында қарбыздан бас тартқан абзал.

Балдай тәтті дәмімен тіл үйіргенімен қоса тамақты қабындыратын бұл тәттінің кейде адам ағзасына пайдасы да бар екен. Оның бір сыры тәтті құрамындағы инулинде жатыр. [Лавренов В.К. Дәрілік өсімдіктер қазіргі энциклопедиясы. Москеу 2009ж.]4
Инулин — майлылығы басым балмұздақтың орнын басатын қоспа. Мұның бірден-бір пайдасы ағзадағы майлылықты азайтады. Сонымен қатар құрамы лактоза, калций, магний секілді түрлі дәрумендермен бірге ацидофильді қоспалармен байытылған балмұздақтың пайдасы асқазан, ішек жолдарының жұмыс істеу қабілетін жақсартып, микрофлораның артуына септігін тигізеді екен. Бұдан бөлек жүрек-қан тамырларының жұмысын, көз- тері                 қабілеттерін   жақсартады.     Демек, тәттіні балалардан бастап қарияға дейін тұтынғанның зияны жоқ. Денсаулыққа пайдалы тұстары да баршылық.
Тек шамадан тыс жеуге де болмайтынын есте сақтаңыз.
Балмұздаққа деген құмарлығымыздың тағы бір себебі – серотин. Бұл қоспаның адам ағзасын сергек сезінтіп, жағымды көңіл-күй сыйлайтын қасиеттері бар. Әсіресе көңіл-күйі түсіңкі, жан күйзелісінде жүрген адамдарға таптырмайтын ем дейді мамандар.
Балалықтың бал дәмін еске түсіретін балмұздаққа деген қызығушылығымыздың артып, күнделікті тұтынуымыздың бірден-бір сыры осында жатыр.

Еуропа халқы  шоколадты жеудің пайдасы мол екенін түсінді. Шоколад жайлы пікірдің өзгергені соншалық, дәрігерлер науқастарға аз мөлшерде шоколад жеудің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтып жүр. Қорғаныш қасиеті жағынан шоколадтың жасыл алма, қызыл шарап және көк шай секілді бұрыннан белгілі үздік антиоксиданттардан да күшті екені дәлелденді. Сонымен бірге, бір кесек шоколадтағы калий, кальций, минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері бір жасыл алмадағыдан артық. Тіс дәрігерлерінің «шоколад тіс жегісіне әкеп соғады» деген пікірі де жаңсақ болып шықты. Зерттеулердің нәтижесінде какао майының құрамында антисептиктік әсерге ие заттардың бар екені дәлелденді. Олар эмаль қабатын бүлдіретін бактерияларды өлтіреді. Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себепті, бұл тәттіні жегенде көңіл күйіміз көтеріледі. Зерттеулердің қорытындысына сенсек, америкалық арулардың 18%-ы күйзелістен шоколадтың көмегімен арылады екен. Десек те, шоколадтың пайдалы қасиеттерімен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құндылығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар. Толықтай дерлік какао майынан тұратын ақ шоколадтың қарасына қарағанда құнарлы екенін ұмытпаңыз.  Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді, ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Алайда бұл жеген тәттіңіздің мөлшерімен тығыз байланысты. Көптеген сынақ өткізген ағылшын ғалымдары 4 апта бойы тәулігіне 40 грамм шоколад жегенде оның теріге еш әсер етпейтінін анықтады. Ал егер күніне 250 грамнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ. Сонымен қатар шоколад цитрус жемістері, жаңғақ пен балық секілді аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер алты жасқа толмаған балаларға шоколад беруге тыйым салады. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың да одан бас тартқаны жөн. Шоколадты қанша мөлшерде жеу туралы қызу дау әлі тоқтаған жоқ. Нақты мөлшері әлі белгісіз. Бірақ барлығы бірнеше текше шоколадтың немесе екі шоколадты кәмпиттің ағзаға еш зияны жоқ деген пікірде.

ІІІ.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. Зерттеу нысаны және әдістері        

Сыныптастарымның  арасында сауалнама ұйымдастырдық. 3 «А» сыныбында  25 оқушы бар. Зерттеу саулнамасына оның 22 оқушысы қатысты.

Сауалнама мынадай сұрақтарды қамтыды.

р/с Сұрақтар Ия Жоқ Аз мөлшерде
1 Тәттілерді ұнатасың ба? 6 3 13
2 Сенің ойыңша тәттіні көп жеуге болады ма? 6 16 0
3 Тәттінің пайдасы көп пе, зияны ма? 0 22 0
4 Тәттінің зияны туралы өз пікірің?

Соңғы сұрақтың жауаптары:

Сынып оқушыларына арналған сауалнама

2.2. Тәжірибе

Тәтті тағамдар құнарлы келеді. Салмасы бар бір шоколадты ортае шамамен 45 ккал бар, бір плитка ащы шоколадта – 538 ккал, кремі бар бір тілім қабатты орта – 533 ккал бар.. Егер біз тәттіден басқа үш мезгіл бірінші, екінші тағамдар мен компот ішетінімізді ескерсек, бар жинаған калориямыз іш пен бөксеге жиналады. Көп адамдар тәттіден кариес пайда болады деп ойлайды. Тісте өмір сүретін бактериялар қантты жерде немесе тістер арасында қалған тәтті тағам қалдықтарында тез көбейетіні белгілі. Егер мұны осылай қалдыра берсек, әлбетте, кариеске шалдығуыңыз әбден мүмкін, бірақ тәтті жеген соң тісіңізді шайып, алма немесе сәбіз жеп жіберсеңіз тіс құртылуының алдын аласыз. Көп адамдар стрессті жеп қойғысы келеді. Қысылтаяң кезеңдерде шоколад немесе печеньені ауызға салып, жеңілдеп қалады. Өйткені тәтті жеу кезінде ағзаның синтездеуінен бөлінетін серотонин – бақыт заттегі болып саналады. Ол көңілді тыныштандырып, осы уақытқа дейін шешілместей болған проблема соншалықты қиын емес сияқты болып көрінеді. Бірақ әуестену – мөлшерді бірте-бірте көбейтуге әкеп соғады.

Мен балмұздақ жеуді ұнатамын. Балмұздақтың пайдасы да зияны да бар. Балмұздақ тамақты суыққа үйретеді. Қыста ауырмайсың. Бірақ балмұздақты көп жеп қойсаң ауырып қалуың мүмкін.

Қарбыз тәтті және пайдалы. Пайдалы жағы- бүйректі тазартады және шөлді қандырады.

 ІV. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі уақытта тәттінің түр-түріне қол жетімді. Оларды балалар да, ересек адамдар да жақсы көреді. Және үлкені де кішісі де артық жеп қоюдан тайсалмайды. Алайда қант пен тәттілерді шамадан тыс көп пайдалану – өз еркіңмен денсаулығыңды құрту қаупін тудыруы мүмкін. көрінеді. 1-типтегі диабет – генетикалық ауру және желінген тәтті Тәттіқұмарлар диабетке шалдықпауы мүмкін емес сияқты мөлшері оның пайда болуына еш әсер етпейді, ал жылдар бойы тәттіні шамадан тыс көп жеу 2-типтегі диабеттің тууына әсер етуі мүмкін. Бірақ сонда да – генетикалық тұрғыда бейім болсаңыз және жиі стресске ұшырайтын болсаңыз ғана. Тәттіқұмарларда диабет пайда болуына дейін оның жаршысы – гипогликемия сыр беруі мүмкін. Қан құрамында қант азаюы салдарынан осы күйге ұшырайды. Бас айналу, әлсіздік, ашушаңдық белгілері мазаны алады, бірақ тәтті жеген соң мұның бәрі ғайып болады. Бірақ уақыт өте келе жағдайы қайта нашарлап, тәтті жеуге құмартып тұрады. Осылайша диабетке ұшырау да қиын емес. Бірақ ашығын айтсақ, кейбір тәттіқұмарлар қанша тәтті жесе де диабетпен ауырмайды – бұл аурудың себебін ғалымдар әлі толық зерттеп бітпеген. Тәтті тағамдар құнарлы келеді. Салмасы бар бір шоколадты конфетте шамамен 45 ккал бар, бір плитка ащы шоколадта – 538 ккал, кремі бар бір тілім қабатты тортта – 533 ккал бар. Әйел адамға күніне 2500 ккал, ал ер адамға шамамен 3000 ккал жеу жеткілікті болып саналады. Егер біз тәттіден басқа үш мезгіл бірінші, екінші тағамдар мен компот ішетінімізді ескерсек, бар жинаған калориямыз іш пен бөксеге жиналатынын айтпаса да түсінікті. Диетологтар қанты бар өнімдердің қосындысы күнделікті тамақ рационының 10% ғана қамтуы керек деп          кеңес береді. Сонда ғана толып кету қаупі сізге төнбейді.

Оқушылар арасында алынған сауалнама бойынша және  тәжірибе бойынша келесі қорытынды жасадым: тәтті ағазаға қажет. Мысалы балдың емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болатынын және қолдану керектігін түсіндім. мен зерттеген тәттілердің құрамында адам ағзасына пайдалы химиялық қоспалар барын аңғардым. Мидың жақсы жұмыс істеуіне, жақсы көңіл күй үшін, ләззат алу үшін, энергия алу үшін, сонымен қатар, тәттілер қартаюдың алдын алатынын, ал табиғи тәттілер – бал, шоколад, қара өрік  сияқтылар антиоксиданттардың негізі болып саналатынына көзім жетті. Бірақ, барлық жағдайда қалыпты мөлшерде қолдану ғана өз пайдасын әкелетінін түсіндім.

You May Also Like

Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді…

Жарнамадағы қателер, ғылыми жоба

Жобаның атауы: Жарнамадағы қателер. Аннотация  Ғылыми жобаның өзектілігі: Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік…

Мағжан Жұмабаевтың табиғат лирикасы, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың табиғат лирикасы МАЗМҰНЫ: І. Кіріспе ІІ. Негізгі…

Жанкент қаласы, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала Жоспары  Кіріспе: Ортағасырлық Жанкент қаласы.…