Жобаның атауы: Жарнамадағы қателер.

Аннотация 

Ғылыми жобаның өзектілігі: Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік тіл. Тілсіз ешқандай мемлекет болу мүмкін емес екені хақ. Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі барлығымызға белгілі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады. Жас ұрпақ бойында адами-мәдени құндылықтарды адамзаттық құқықтық сананы, тілдік тағылымдарды, ұлтаралық татулық пен сыйластықты нығайтуды этнолингвистикалық тұрғыда дамыту сияқты ұлттық әлеуметтік қағидаларды қалыптастыруда мемлекеттік тіл жетекші рөл атқаруы тиіс. Қазіргі білім беру ең алдымен дара тұлғаға бағытталады, оқушының коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін дамытумен ұштасатындықтан және оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық жағын, рухани адамгершілік, эстетикалық, мәдениетін дамыту мен қалыптастыру болғандықтан, жаңа білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары осы тұлға дамытушы мүддені көздеуге тікелей қызмет ететіндей етіп құралуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік тіл ретінде оқылатын қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Қазақ тілінің өзекті мәселелері оның шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін иеленумен шектелмейді. Ең алдымен, қазіргі қазақ тілінің ахуалының өзі, оның дамуы мен баюына байланысты проблемаларға ғалымдардың, мамандардың айрықша көңіл бөлуін қажет етеді.

Ғылыми жобаның мақсаты. Мемлекеттік тіліміздің аяқ асты болуынан алшақ болу, яғни, ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске қала жұртшылығын кеңінен жұмылдыру, ана тіліміздің мәртебесін көтерудің жолдарын қарастыру.

Ғылыми жобаның міндеттері: Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты және қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі мен қызметі;

Тіл мен сөйлеу қарым-қатынасы және қазіргі қазақ қоғамындағы тіл мен сөйлеудің өзекті мәселелері; Қазіргі таңдағы қазақ тілінің қал-ахуалы.

Ғылыми жобаның негізгі нәтижесі: Жобадан күтілетін негізгі  нәтиже қазақ тілінде берілетін жарнамаларда кездесетін қателерді жою, сонымен қатар жарнама тілін бір жолға қою.

Ғылыми жобаның жаңашылдығы мен маңыздылығы

Тілдік қатынас пен мемлекеттік арасындағы байланыс, өзара ықпалдастық тілде жатыр. Яғни, тілдік қатынас пен мемлекеттік тіл арасындағы байланыстың негізгі көзі – тіл. Тіл болған жерде сол тіл арқылы қарым- қатынас орнайтын болса, ендеше сол тіл мемлекет тіл болып есептеледі. Біздің еліміздегі мемлекеттік тіліміз – өз ана тіліміз қазақ тілі. Ендеше біз қазақ тілі арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз, өзара түсінісеміз.

Зерттеу әдістері: Талдау, зерттеу, аудару. Методологиялық зерттеу, салыстыру, конфернция, анализ жасау әдістері.

                           Аннотация 

Научная актуальность проекта:  государственный язык – знак государства.

Быть немой никакой государство возможно. Сегодняшний основной вопрос дня усвоения иных представителей нации, которые обосновались нашу страну, государственные разрезали на ломтики  нашему наличию известен. Этот дело первый, социальный запрос обосновываюсь государственный необходимость мишень делаю состояние, два, сегодняшний обучаю система казах язык даюсь знание результат даю состояние только иду вперед. Молодых поколение рост  ценность свойственный правовой сознание, языковой урок, межнациональный лад пен уважение усиливаю этнолингвистический подход развиваю внешность  социальный правило формирую государственный язык руководитель роль исполнение касаюсь. Теперешнее образование направленное индивидуальной личности сперва, так как следует друг за другом развивать коммуникативный склонность читателя соцальных и интеллектуальный, психологическую сторону ученика, духовная нравственность, эстетический, развивать культуру …

Кіріспе.

         Қазақ жарнамасының тілі неге шолақ?

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экономикалық мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша жарнамалар берілген. 20 ғ-да жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай елімізде жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді.  Жарнама – тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.

Мемлекеттік тіл мәселесі бүгінгі таңда өзекті де, өткір мәселенің бірі. Әсіресе, қазақ тілінің көрнекті ақпарат және жарнама тілі ретінде қолданылуы көкейкесті мәселеге айналады. Жасыратын жоқ, бұл салада қазақ тілі –қосалқы тіл, аударма тіл, оқылмайтын шалажансар тіл кейпінде қалып отыр. Өз ана тіліміз өз көшемізден көрінбей жүр. Қазіргі қазақ қоғамы нарықтық қарым-қатынасқа көшкен уақытта жер мен көкті жарнама жаулаған заман. Көшеге шықсаңыз – жарнама, теледидар, радио қоса қалсаңыз – жарнама.

Жарнама – ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдениеттің танылуы тілдік өлшемдердің сақталуына тікелей қатысты. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана өзінің негізгі мақсатын атқара алады.

Бүгінде жарнама орыс тілінде дайындалады да, қазақ тіліне аударылады. Ал, шын мәнінде керсінше болуы тиіс емес пе? Қазақ мемлекеті болғандықтан, мемлекеттік тіл – қазақ тілі болғандықтан жарнама алдымен қазақ тілінде әзірленуі керек. Қазақстандағы жарнама берушілер «Қазақша бар ма? Бар» деген  негізде қазақша аудармалар жасайды. Аудармаларда орыс тілінің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тіліне де солай көшіріп жазу басым. Жарнама аудармаларын оқығанда немесе  естігенде – не оқып, не түсінгеніңді білмей қалатының шындық.  Қазақ сөздерінен құралған тіркестер өзара байланыспай, нақтылы ұғым бере алмай тұрады.

Сөзім дәлелді болу үшін мысал келтіріп өтейін: «Строительные материалы. Оптом и в розницу» – «Құрлыс заттары. Көтерме және бөлшек». Бұл мысалда сөйлем тиянақсыз, аяқталмаған. Негізгі ой құрлыс заттарының көтерме және бөлшек бағамен сатылатынында болуы керек. Яғни бұл сөйлем «баға» деген сөзді керек етіп тұр. Демек, «Құрлыс заттары. Көтерме және бөлшек бағамен» деп жазылса, сөйлем түсінікті болар еді.

Мағынаға мән беру тіптен жоқ. «Магазин продуктов и промышленных товаров» – «Азық –түлік және өнеркәсіп тауарлары дүкені». Бұл мысалда  «тауарлар» деген сөзге  «-ның» жалғауын қоссақ, сөйлем түсінікті , мәтін сауатты құрылған болар еді. «Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының дүкені» десек дұрыс болар еді.

Кейбір сөздердің, терминдердің аудармасы бола тұра, орысша жазылып жатады. Мысалы, «Ремонт автомобилей» – «Автомобильдер жөндеу». Автомобиль  -адам немесе жүк таситын мәшине, яғни көлік. «Автокөлік жөндеу» деп жазылуы қажет. Тағы бір мысал келтірсем, бір көшеден «Активная семья»- «активті отбасы», «Активный город»-«Активті қала» болып жазылып тұрғанын көрдім. Енді бұл мысалды талдап көрелік: «актив» сөзінің бірінші мағынасы – белсенді. Ал екінші мағынасы – өндіріс орындарының құнды зат немесе  қаржы дүниесі. Демек, мысалымыздағы  «активті» сөзі – «белсенділік» деген мағынада қолданылып тұр. Сондықтан «Белсенді отбасы», «белсенді қала» деп дұрыс аударма жасауға болады.

Зерттеу бөлімі.

Қазіргі  жарнамалар Қазақстанда 1920 жылдардағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭП) кезінде пайда болды. ЖЭП экономиканы директивалық басқару тәсілдерімен қоса капиталистік еркін бәсекеге де жол ашқаны белгілі. Бұл кезеңде нарық көпшілік қолды тауарлармен молығып, жарнама жаңа саяси және әлеуметтік жағдайда дами бастады. Одақ көлемінде В.Маяковский, В.Лисицкий, А.Родченко, А.Мандрусов сияқты белгілі тұлғалар жарнаманы саяси ұрандар тілімен сөйлете білді. «Жарнама-сауда сәйгүлігі» деген  ұрансөз де өз тұста пайда болды. Жарнама қызметінің бұл кезеңдегі бір ерекшелігі – «сатарман нарығы» басым болып, төлем қабілетті сұраныс аз болды. Жарнамада «граффити» стилі кеңінен етек жайып, шынайы болмыс әсіреленіп бейнеленетін-ді. Өкінішке қарай, осы кезеңде Қазақстанда құрылған жарнама агенттіктерінің жұмысы туралы ешбір дерек сақталмаған. Біздіңше, экономика мен әлеуметтік-саяси өмірді метрополия орталығы-Мәскеуден тікелей басқару қолға алынғандықтан, Қазақстанға және басқа шет аймақтарға жарнама өнімдері КСРО-дағы өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған Мәскеу мен Ленинград қалаларынан (қазіргі Санкт-Петербург) жеткізіліп тұрған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақстан дамыған өнеркәсіптік базасы бар елге айналғандықтан, жарнаманың өркендеуіне кең жол ашылды. Жарнама өнімдерін өндіретін алғашқы мекеме Қазақстанда 1951 жылы өмірге келгендігі ресми құжатта тіркелген. Ол «Жарнама және сауда жабдығы» деп аталған. Кейіннен ол «Қазақ сауда жарнамасы» деген атауға ие болған. Алғашында «Союзторгреклама» («Одақсаудажарнама») Бүкілодақтық бірлестігінің құрамына кірген, кейіннен, 1981 жылы ол республикалық бағыныстағы ұйымға айналған. Бүгінде елімізде жарнамамен айналысатын агенттіктер  мен кәсіпорындар саны қомақты. Олардың  ірілерінің  қатарында «Киік», «Татьяна» фирмаларын және басқа кәсіпорындарды атауға болады. Біздің елімізде «Жарнама туралы» арнайы Заң 2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған. ТМД елдері ішінде Ресей мен Украина, Балтық бойы мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында жарнама, көпшілікпен жұмыс істеу мамандықтары бойынша білім беріледі, ірі кәсіпорындарда, әсіресе біріккен фирмаларда жарнама орталықтары құрылған. Жекелеген отандық компаниялардың, қаржы-несие мекемелерінің жарнама қызметіне белсене араласа бастауы бұл саланың елімізде өріс алатынын байқатса керек. Негізінен алғанда тауар түрлерін жарнамалауға бағытталған баспасөз хабарламаларының, теледидар роликтерінің діттейтін мақсаты – өнім өткізу көлемін ұлғайтуға жәрдемдесу болып табылады. Сондай-ақ халық алдындағы танымалдығын, беделін (имидж) арттыру үшін ақпараттық-насихаттық науқан жүргізетін фирмалар, кәсіпорындар бар. «Тұран Әлем банктің»,«Қаз коммерц банк» пен Халықтық банктің, «Фудмастер», «Райымбек» фирмаларының баспасөз, аудиобейне құралдары арқылы берілетін жарнамалық материалдары осындай мақсат көздейді. 

          Көшедегі сауатсыз жарнамалар

    Бүгінгі нарық заманында түрлі-түсті жарнамалардан көз ашпайтын көшелер мен зәулім ғимараттар қабырғалары көздің жауын алатыны хақ. Адамзат баласының әр түрлі қажеттіліктеріне жарайтын заттарды жарнамалауды көздеген жазулар мен суреттердің бірі адамды жарнамаланушы заттың шын мәнінде қажеттілігіне иландырса, екінші біреулері жадында жатталып, бірте-бірте қызығушылығыңды оятады. Дегенмен алып-сатушы азаматтарымыз кейде бір маңызды нәрсені жіберіп алатын секілді. Ол қате жазылған сөздер. Оның ішінде әсіресе қазақ тілінде көп қателер жіберіледі. Біздің елдің, бұқараның санасы орыс тілінен аударғанға әбден үйреніп кеткен. Орыс тілінен сауатсыз аударылған жазулар бар маңдайша мен тақтайшаның дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі. « Жалпы ҚР – ның Тілдер туралы заң шағын және орты бизнес саласында өрескел бұзылады» – дейді мамандар. Өрескел қателіктер туралы екі түрлі болжам айтуға болады: бірі – сауатсыздық, екіншісі – біле тұрса да қателікті жөндемеу. Олар қасақана жасады ма, әлде шатасып кетті ме, біз ол жағынан бейхабармыз.  Осы мәселеге орай көшелерге арнайы рейд жүргізілген болатын Қате сөзі көп аймақтар анықталды. Рейд қорытындысы бойынша, 300 қате жазу анықталып, шағын сөздік құрылды. Сөздікке бірнеше  қате сөз еңгізілді, қате сөз кейін 88  рет қайталанды. Ондай сөздер қатарына азық-түлік, аяқ киім, балалар киімі, туристтік агенттігі, шұлық, көтерме-бөлшек сауда сиякты сөздерді жатқызуға болады. 

Жарнамадағы қателер. Жарнама болмысымыздың жаршысы. Бүгінде қала көшелеріндегі түрлі тауар түрлерін жарнамалайтын билбордтардағы қателерден аяқ алып жүре алмайсыз. Өз басым жарнама мәтінінен қате көрсем  «Тіл туралы» Заң талаптарына сай сөзді дұрыс жазылуын  тексеремін. Шындығына келгенде, қазіргі таңда жарнама мәтіні алдымен орыс тілінде, тіпті шетел тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Міне, содан шет тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым болып отыр. Оған лайық балама табу немесе қазақ тілінің өзіндік тілдік нормаларын сақтау мүлдем ұмытылған. Сондықтан да жарнама бірінші мемлекеттік тілде дайындалуы керек. Жалпы жарнама мен көрнекі ақпарат атаулары белгілі бір заңдылықтарға бағыну керектігін біреу білсе, біреу біле бермес. Атап айтқанда, шындық ережесі, жаңашылдық ережесі, қысқартудың ережесі, жағымды естілуі мен айтылуының қолайлы ережесі, тілдің нақты грамматикасын сақтау ережесі, сонымен қатар ассоциациялардың жағымдылық ережелері сақталуы қажет. Мәдени, тарихи, елтанымдық атаудың дыбыстық-семантикалық тұстары да ескеріледі, яғни жағымсыз әсер ететін сөздермен дыбыстық ұқсастықтары бар атаулар болмауы керек.

Осы саладағы әсіресе оним (атау), көрнекі ақпараттардағы мәселелердің күрделілігін ескере келіп, тіл, ономастикаға қатысты заң талаптарының орындалуы міндетті. Бұл мақсатта аймақтық, салалық сипаттағы ауқымды жұмыстар әлі де жүргізілу керек. Айтып өткеніміздей, жарнамалар, көрнекі ақпараттарға қатысты ономастикалық заң талаптары орындалуы тиіс. Себебі, мемлекеттік тілдегі сауатсыз жарнама елдігімізге сын. Сақау жарнама мен оның самарқау қожайынына жергілікті атқару органдары, құқық қорғау, қадағалау органдары заңға сәйкес шаралар қолданбаса, мұндай келеңсіздіктер жалғаса беретіні анық. Мемлекеттік тіліміздің абыройын ойлау әрі оны қадағалау әрбір елім деген азаматтың міндеті екенін естен шығармайық!

Мысалы мына жарнамада Құпия емес Құпиясы болу керек.

Бұл жарнамада көріп отырғанымыздай мағына жоқ, Кәріні дегеннің орнына Ескіні болу керек.

 Мысалы жарнама берушілер тіпті еліміздің ғұлама ғалымдарының ұлы есімін дұрыс жаза алмайды, бұл кешірілмес қателік.

Апта күндерін қысқартқандағы қате және біріншіден үзіліссіз бол керек,екіншіден бірге жазылады.

Қорытынды

…Қазақ тілі – бай тіл. Оралымды, ырғақты, бейнелі ғажайып тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызган тіл. Қазақ халкы ең кымбат нәрсені «көзіннің карашығындай сақта» дейді. Бұл — ең асыл, ең қастерлі нәрсеге ғана айтылатын сөз. Өйткені, көз адамның шырағы, көзсіз дүние караңғы. Сондыктан, ата-бабадан бізге жеткен алтын қазына, тарихи мұра – қазақ тілін көздің қарашығындай сақтайық! Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, яғни біздің бойымызға ардақты анамыздың ақ сүтімен сіңген ана тіліміз. Табиғатынан ер, таза, кең қолтық, жүрегі жомарт, өршіл, аңкау да адал қазақтың бай тілінен, әдебиетінен, мәдениетінен не алып, не үйрендік? Біріншіден, тілдің кешегісі, бүгіні және ертеңі – тарихы, кешегісі – біздің жүріп өткен жолымыз, бүгіні – жүріп келе жатқан соқпағымыз, ертеңгісі – баратын бағытымыз. Ал ұрпағымыздың тіл төңірегіндегі тарихты біліп отыруы үшін оның айтылуы тиіс, жазылуы керек. Екіншіден, тіл – бір орнында тұрмайтын, үнемі дамуда. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың  мәңгілік мәселесі. Тіл сөйлеу-сөйлесу, оку-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. …Ешкімнің аулында тіл академиясы жоқ. Ендеше, ана тілін аяқ асты етуден ада болайық!

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ. Туған тіліңді қорғау – туған Отаныңды қорғаудан да маңыздырақ.

Сөз – жанның тілі. Ән – жүректің мұңы, тіл – рухтың үні! …Күнәнің ең ауыры – өз тіліңнен өгейлену. Ана сүтін емген екенсің, өз тіліңді иемден. Өз рухының үнін өз кеудесінде өшірген жан өзгеге опа бермейді. Опасыз да, ождансыз да, отансыз да солардың арасынан шығады! Тәңірім тексіздіктен сақтасын!.. Өз ұлтына, тіліне, мәдениетіне салқындық білдіру – ақ сүт берген анасының омырауын тістеумен бірдей жабайылық. Оның басты себептерінің бірі – ұлттық экономикадан ұлттық тілді шеттету… Тілді бүгінгі кәсіпкерлікке, кәсіпкерлерді тілге бейімдемей ұлт болып ұю киын…. Біз көп ұлтты мемлекетте өмір сүреміз деп қазақша сөйлеуді қойдық, қазақша сөйлессек басқалары түсінбейді деп, тілімізбен бірге дініміз, дінімізбен бірге өзіміз де арзан қолды, болмашы ғана мәртебеге ие болдық. Әлі де сол ұлтсыздану дертінен айырыла алмай келеміз….  Биліктің тілі де – орыс тілі, тілдің де билігі орыста болғаны рас. Егер бір апта барлық ақпарат құралдары, кеңселердегі іс қағаздар, басқа тірліктер тек қазақ тілінде жүргізілсе, еліміздің төрттен үш тұрғыны өзін шет мемлекетте жүргендей сезінер еді.

Жарнама – біздің өмірміміз, болашағымыз, сондықтан ол мемлекеттік тілде, сауатты да ұтымды, түсінікті де тиімді болуы тиіс.

Күтілетін нәтижелер: 

Тіліміздің мәртебесін одан әрі асқақтату жолында елімізде түрлі іс- шаралар жасалу арқылы жарнама тілін де бір қалыпқа келіп жатыр. Соның бірі көше бойы, дүкен, сауда орындарындағы жарнамалық мәтін қателерін түзету жұмыстары қолға алынған және арнайы бақылау органдары соған жауапты.

Қазақ тілін ана тілім деп құрметтейтін, тілге жаны ашитын белсенді жастардан құрылған  жарнама тіліндегі қателерден арылуға септігін тигізетін, мемлекеттік және басқа тілдерде берілген жарнамалардың әдеби тіл нормасына сәйкес келуін әрі қатесіз жазылуын қадағалайтын «Тіл полициясы» атты органын құру қажет деп санаймын. Аталған орган мүшелері мынандай қызметтерді атқаруы тиіс:  телеарнадағы берілетін жарнамадағы, жүгіртпе жолдағы қателер үшін телеарна қызметкерлеріне ескертпе жасау қажет, мекеме, ұйым, дүкен маңдайшаларындағы қателер туралы жарнаманы дайындаған агенттерге хабарлау, оаларды түзетуді талап ету, қоғамдық көліктердегі хабарландыру парақтарындағы қателер үшін көлік әкімшілігіне ескерту жасап отыру қажет.  Осы қызметтерді толық атқару үшін бізге Тіл басқармасынан рұқсат қағазы берілуі тиіс.

Осы аталған ұсыныстарымыз қабылданса, жарнама тіліндегі қателерден біржолата арылатынымызға сеніміміз зор.

Пікір

Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік тіл. Тілсіз ешқандай мемлекет болу мүмкін емес. Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі барлығымызға белгілі. Бұл іс біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады. Жас ұрпақ бойында адами-мәдени құндылықтарды адамзаттық құқықтық сананы, тілдік тағылымдарды, ұлтаралық татулық пен сыйластықты нығайтуды этнолингвистикалық тұрғыда дамыту сияқты ұлтық әлеуметтік қағидаларды қалыптастыруда мемлекеттік тіл жетекші рөл атқаруы тиіс. Қазіргі білім беру ең алдымен дара тұлғаға бағытталады, оқушының коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін дамытумен ұштасатындықтан және оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық жағын, рухани адамгершілік, эстетикалық, мәдениетін дамыту мен қалыптастыру болғандықтан, жаңа білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары осы тұлға дамытушы мүддені көздеуге тікелей қызмет ететіндей етіп құралуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік тіл ретінде оқылатын қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Қазақ тілінің өзекті мәселелері оның шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін иеленумен шектелмейді. Ең алдымен, қазіргі қазақ тілінің ахуалының өзі, оның дамуы мен баюына байланысты проблемаларға ғалымдардың, мамандардың айрықша көңіл бөлуін қарастыруды жұмыстың негізгі өзегі етіп алған. Жұмыс жүйелі, ғылыми тұрғыдан сауатты орындалған. Жас зерттеушінің өзі ізденген тақырыпты жақсы меңгергендігі, ғылыми материалдармен жақсы жұмыс жасағаны көрініп тұр.

Қорыта келе, Серік Нұрай «Жарнамадағы қателер» тақырыбындағы жобасы ғылыми жұмыс талаптарына толық жауап бере алатын жұмыс деп, қорғауға  ұсынуға толық лайықты деп санаймыз.

You May Also Like

Асқабақ пістесі мен күнбағыс пістесінің пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Негізгі бөлім.. 5 Пісте түрлері 5 1.1 Асқабақ және оның пістесі 5…

Үлгерімі төмен оқушылармен теңдеу шешуде логикалық есептерді пайдалану, ғылыми жоба

Ғылыми жетекші: Математика пәнінің мұғалімі Игембаева Мархаба 2019-2020  оқу жылы Аңдатпа Ғылым…

Жылқы малына қатысты тұрақты тіркестерді зерттеу, ғылыми жоба

Аскөктің пайдасы, ғылыми жоба слайд