Негізгі бөлім.. 5

  1. Пісте түрлері 5

1.1 Асқабақ және оның пістесі 5

1.2 Күнбағыс және оның пістесі 7

1.3 Асқабақ пістесінің және күнбағыс пістесінің пайдалы жақтары.. 9

1.4 Асқабақ пістесінің және күнбағыс пістесінің зиянды жақтары.. 15

  1. Тәжірибелік бөлім.. 17

2.1 Күнбағыс пістесі мен асқабақ пістесінің пайдалы және зиянды жақтарына дәлелдемелер. 17

2.2 Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері 22

2.3 Сауалнама нәтижелері 23

Қорытынды.. 26

Жетекшісі : Кулекешова Сауле

Кіріспе

Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б.

Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда дұрыс тамақтану мәселесі жылдан-жылға көтеріліп, түзеліп келе жатыр. Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары болуы керек, ал азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек».

Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді, дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын таба білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны.

Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Халық даналығында айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі».

Сондықтан біздің күнделікті асымызға айналып кеткен пістелер зиянды ма, пайдалы ма екенін анықтау маңызды мәселе деп есептеймін.

Зерттелетін объект: асқабақ және күнбағыс пістелері

Жұмыстың мақсаты: асқабақ пістесі мен күнбағыс пістесінің пайдалы жақтары мен зиянды жақтарын салыстыру. Адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін алдыма қойған міндеттер:

  • Жұмыстың тақырыбы бойынша мәліметтерді жинақтау
  • Жиналған мәліметтермен танысып, жұмысты жобалау
  • Пістелердің пайдалы жақтарын анықтау
  • Пістелердің зиянды жақтарын анықтау
  • Адам ағзасына келтіретін зиянды және пайдалы жақтарын табу
  • Тәжірибелік зерттеу жұмысын жүргізу, сауалнама алу
  • Жиналған мәліметті пысықтап, жоба жазып, презентация жасау

Болжам: пістелер өте дәмді, олар барлық адамдарға ұнайды, бірақ оның зиянды жақтары немесе керісінше пайдалы жақтары болу мүмкін ғой. Егер зиянды жақтары көбірек болса адам ағзасына зиянын келтіреді ғой. Осы екі мәселені, анықтау!

Жұмыстың нәтижесі: Мектеп оқушыларына пістелердің зиянды және пайдалы жақтарын көрсету. Пайдалы элементтердің бар екенін таныстыру. Дәрумен түрлерін анықтап, олардың қай ағза мүшесіне пайдасын немесе зиянын келтіретініне көздерін жеткізу.

Зерттеу әдісі:

  • Бақылау
  • Болжамды дәлелдейтін өзіндік практикалық жұмыстар

Негізгі бөлім

1.    Пісте түрлері

1.1 Асқабақ және оның пістесі

Ақын ағамыз жырлағандай, адам та табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі – дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол – өмір, ол – жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады.
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. 100г асқабақта 19 ккал бар.

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.

Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді – түкті келеді.

Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары бар.

Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау – бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 – еу, оның 4 – еуі тұтасып, екі – екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемесі – қабақ. «Қабақ» деген – өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектес жемісі.

Сурет 1. Асқабақ және оның пістесі

Асқабақ пістесінің құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері болады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын ем – дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе-теңдігін реттейді. Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.

Адамға пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге өте бай. Адам ағзасына қажетті С, В1, В2, В5, Е, РР, ағзадағы зат алмасу жеделтететін Т және қанның ұюына ықпал болатын К дәрумені, калий, кальций, темір кездеседі.

1.2 Күнбағыс және оның пістесі

Күнделікті өмірде барлық адам жақсы көретін шекілдеуіктің күнбағыстан алынатынын бәріміз білеміз. Мен әдемі болып өсетін күнбағыстың тағы басқа қандай пайдасы бар екенін білгім келді. Сонымен күнбағыс латын тілінен аударғанда  – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері – Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық. Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы — күнбағыс

Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан,  өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 – 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диаметрі 10 – 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 – 27% май болады.

Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады.

Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі.

Сурет 2. Күнбағыс алқабы

Оның пістесінде 50-52 пайыз май және 16-16,5% протеин болады. Күнбағыс майы негізінен тағам үшін, яғни маргарин, майонез, балық және көкөніс консервілерін, нан және кондитер өнімдерін шығаруға қолданылады. Сонымен қатар, оның майы сабын қайнату және зәйтүн өндірісінде пайдаланылады. Пістесінің қауызы жақсы отын. Күнбағыс табағының күлте жапырақшаларынан дәрі дайындайды. Күнбағыстың күнжарасында 8-10% май, 1,1% мал азықтық өлшем болады, сондықтан ол — малға бағалы концентратты жем. Күнбағыс — балды өсімдік және отамалы дақыл болғандықтан, ауылшаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы егіс. Егіншілікте егіс танаптарында ықтырма дақыл ретінде себіледі. Күнбағыс Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында дән және сүрлем үшін, ал республиканың басқа облыстарында тек сүрлем үшін ғана өсіріледі. Қазақстанда 2006 жылы күнбағыстың егіс көлемі 453,8 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 30,0 мың гектарға жетті. Орташа есеппен алғанда, сол жылы республика бойынша күнбағыстың әр гектарынан 6,3 центнер өнім алынып, ал оның жалпы түсімі 285,9 мың тонна болды. Қазақстан бойынша 2006 жылы күнбағыстың Арманирец, Восход, Заря, Салют, Казахстанский 3/24 буданы, Родник, СПК, Солнечный-20, Казахстанский-341 сорттары аудандастырылады.

Егістік жайлап өсіп тұрған күнбағыстың адам өмірінде пайдасы ұшан теңіз. Күнделікті асыңыздың әрін келтіретін де сол – күнбағыс майы. Онымен қоса дүкен сөресін толтырып шекілдеуіктер де тұр пісте шаққыңыз келсе. Ал бұл өсімдіктің адам денсаулығына тигізер пайдасы жөніндегі әңгіме өз алдына жеке тақырып.

Келесі бөлімде асқабақ пен күнбағыс пістелерінің пайдалы жақтары мен зиян жақтарын қарастыраты боламыз.

1.3 Асқабақ пістесінің және күнбағыс пістесінің пайдалы жақтары

Денсаулыққа пайдасы. Асқабақ пістесі әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақ пістесін  айтып тауысу мүмкін емес.

Ол:

– көзі нашар көретіндерге;

– қаназдыққа (анемия);

– семіздікке;

– несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларына;

– өт айдауға;

– бүйрекке;

– паразиттерді жоюға көмектеседі.

Науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.

Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.

Асқабақ – мың бір ауруға ем.

Ішектегі паразиттен ең тиімді тәсілі қабығы аршылған пістесін ашқарынға жейдің. 7 шақты дәнді езіп, сүтпен ішеді. Немесе 200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп – жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 – 2 үлкен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200грамм асқабақ пістесін итбүлдіргеннің шырынымен араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 – де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.

Сондай – ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың пістесін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.

Простатит кезінде, 0,5кг тазаланған асқабақ пістесін, шикісін, еттартқыштан өткізіп, 1 стақан балмен араластырып жеу керек. Он шақтысын банкаға салып, қалғанын тоңазытқышқа сақтайды. Күніне 1 рет ашқарынға 30 минут бұрын жейді. Емді жылына 1 рет ғана жасайды. Көп жеу жүректі нашарлатып жібереді.

Ұйқысыздық болғанда қайнатылған, буға піскен асқабақ мәйегінен ботқа дайындап күніне 2 рет 50гр ішеді. Жатар алдында қайнатпасына бал қосып, 3 стақаннан кәдеге жаратады. Екінші жағдайда; 20 бадам жаңғағына 1 шәй қасық асқабақ дәнегін қосып, үстіне қайнаған су құйып, 8 сағат тұндырады. Кешке таман ішу керек.

Асқабақ дәнегінің пайдасы.

Жүрек пен қан тамырына пайдасы. Асқабақ дәнектерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Ал дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымын тұрақтандыратындықтан, гипретониктарға жиі шағып тұруға кеңес беріледі.

Ми жұмысын жақсартады. Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізе алады. Дәнек бойындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды басады.

Ішек үшін пайдалы. Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Іш қату қиындықтарына тап болатын оқырмандарымызға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес берген болар едік.
Ішек құртымен күресе алады. Асқабақ дәндері – халық медицинасында ішек құртқа қарсы қолданылатын ең әсерлі құрал. Паразиттермен алысып жүретін адамдар дәнектерден кейін көп уақыт өтпей жатып, бар қиындықтан арылып жатады.

Вестибулярлық аппарат үшін. Теңіз ауруына шалдыққан науқастарға асқабақ дәндері ауадай қажет. Олар қатты ауытқу кезінде пайда болатын жүрек айнуын басады.

Жүкті әйелдерге. Жүктіліктің ең алғашқы айларында маза бермейтін жүрек айнулармен жақсы күресе алады. Көптеген болашақ аналар асқабақ дәнектерінің арқасында жеріктіктің ең қиын кезеңдерін жеңе алады.

Ерлерге пайдасы. Асқабақ пістесінде жеткілікті мөлшерде омега-3 майлы қышқылдары мен цинк бар, олар еркектердің ағзасындағы темір деңгейінің төмен түсіп кетуінің алдын алады.

Енді күнбағыс пістесінің пайдалы жақтарын зеттеп  көрейік. Пістеден май жасайтынын бәріміз білеміз. Дегенмен, оның өзге де пайдалы тұстары бар. Пістенің дәні кальций мен магнийге бай. Сондай-ақ, оның құрамында B, A, E және Д дәрумендері бар. Олар тері мен шашқа өте пайдалы.
Мүмкіндігінше пістенің дәнін табиғи күйінде, яғни өсіп тұрған жерінен собығын жұлып алып, дәнін теріп-шағып жеу керек. Ал, тазалау мен сұрыптаудан өткен пісте өзінің пайдалы дәрумендерінің біраз бөлігінен айрылып қалады.

Ғалымдардың айтуынша, әлемдегі әрбір үшінші адамның ағзасында май ерітетін дәрумендер жеткіліксіз. Соның салдарынан әлемде семіздік дерті тез тарап барады. Ал, пісте болса дәл сондай дәрумендерге бай. Сондай-ақ, ол ағзаның ерте қартаюынан да сақтайды.

Пісте әсіресе, артық салмақтан арылу үшін диета ұстайтын жандарға пайдалы. Қарын қатты ашқан кезде аз ғана пісте дәнімен қоректеніп алсаңыз ол ұзаққа дейін асқазанды тоқ ұстайды. Оның құрамындағы май мен ақуыз кәдімгі тамақ іспетті.

Қуырылмаған пістенің дәнінде адам ағзасына ең керекті элементтер – йод пен темір және магний бар. Олар жүректің жұмысын жақсартып, тамырларды шлактан тазартады.

Сонымен қатар, пісте жүйкені тыныштандыратын керемет құрал. Оны темекі орнына пайдаланған абзал дейді дәрігерлер.

Күнбағыстың азықтық талшығынан келген пістенің дәні ішектің қалыпты жұмыс жасауына көмегін тигізеді. Күнбағыс пістесінің дәндерінде кездесетін қою майлы қышқыл халестериннің төмендеуіне жәрдемші. Бүгіндері біз дәріханаларға жиі бас сұғып «тонналап» алып жүрген дәрумендердің осы пістенің құрамында барынан да хабарсызбыз. Қарапайым пістенің құрамында көздің көруін жақсартатын және теріні жас қалпында сақтайтын А дәруменінің, ми қабатының қалыпты жұмысына жауап беретін Е дәруменінің бар екенін де біліп жүргейсіз. Пісте дәнінде кездесетін В тобындағы дәрумендер қайызғақ пен ұшықтан сақтануға көмектеседі. Сонымен қатар ол ұйқысыздық пен күйзелістен де құтқарады. Ал D дәрумен сүйектеріңіздің құрамындағы кальцийді арттырып, оның беріктігіне жуап береді.

Күнбағыс пістесінің дәні, сонымен қатар, ұмытшақтық ауруы мен жүрек қан тамырына байланысты дерттерге де ем.

Пістенің құрамында 20 % ақуыз және таптырмайтын аминқышқылдар кездеседі. Құрамында магний, мырыш сынды микроэлементтер де бар. Магний жүрек қан тамырлары мен мидың қалыпты жұмыс атқаруын реттеп, ойлау дәрежесінің қызметін арттырады. Күнбағыс пістесінің 100 грамм дәнінде 311 мг магний кездеседі. Ал мырыш – сұлулықтық асқан «мүсіншісі». Ол шаш пен тырнақтың саулығына сақтап, иммунитетті артырады. Мұнымен қоса оның құрамында мыс пен селен де баршылық.

Күнбағыс пістесінің пайдалы жақтары Асқабақ пістесінің пайдалы жақтары
F дәрумені теріміздің жағдайын жақсартып, қан тамырларының беріктігін арттырады, гормондар синтезін реттеп, иммунитетті жақсартады. Қан айналымын дұрыстап, атеросклерозға қарсы тұрып, ағзадан артық холестеринді шығарады.

 

A дәрумені кездеседі. Күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды. А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен.
Е дәрумені есті жақсартып, қартаюға қарсы күреседі. Майлардың қабылдануын дұрыстап, жүйке жүйесін де жақсартады. Бұл дәрумен  Альцгеймер деген қауіпті аурудың алдын алып, қант диабетіне де қарсы тұра алады.

 

В 1 дәрумені. Метаболизм мен ақуыздардың өсуі үшін қажет.  Ағзаның жұмыс істейтін бұлшық еттеріне оттегінің келуін қамтамасыз ететін және қан эритроциттерінің құрамында болатын ақуыз түріндегі гемоглобиннің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ағзаға салмақ түскенде және спортпен ұзақ шұғылдану барысында оттегінің адам ағзасына көптеп түсуі қажет болады.
А дәрумені көздің саулығы мен тырнақ, шаш, тіс пен сүйек беріктігіне жауап береді. Жақсы антиоксидант болып табылатын бұл дәрумен онкологиялық аурулармен күресуде көмектеседі.

 

B2 дәрумені

1) глюкоза метаболизмі;

2) майлы қышқылдардың тотығуы;

3) Кребс циклі арқылы сутектің айналымы (жекелеген молекулалардың АТФ (аденозин трифосфат) форматындағы энергияға бөлінуімен ерекшеленетін лимон қышқылы деген атқа ие цикл).

D дәрумені кішкентай балалардың дұрыс өсуіне өте қажетті дәрумен. Ол сүйектердің берік болуына, зат алмасудың дұрыс жүруіне, асқорыту жүйесінің жұмысына да жақсы әсер ете алады.

 

С дәрумені Бұлшық ет жасушаларының қалпына келуі мен өсуін арттырады және антиоксидант болып табылады.

– Байланыстырушы ұлпаның құрамдас бөлігі болғандықтан, коллагеннің қалыптасуына қатысады (байланыстырушы ұлпа адам ағзасының бұлшық еттері мен сүйектерін біріктіріп ұстап тұрады). Әдеттегіден анағұрлым ауыр жүкті көтеру бұлшық ет құрылымы үшін айтарлықтай стресс болады. Сондықтан байланыстырушы ұлпасы әлсіз адамдарда травма алу қаупі жоғары.

Кесте 1. Асқабақ пістесі мен күнбағыс пістесінің пайдалы жақтарына SWOT талдау

Барлық пісте дәндері «психотерапевтық» әсерге ие. Шылым шегуді тастағалы жүрген адамға пістенің ауыз толтырып айтарлықтай пайдасы бар. Шылымды қажет етіп тұрған уақытында пісте шақса, шылымға деген ықыласы бәсеңдемек.

Асқабақ және күнбағыс пістелерінің дәндерін дәрілік мақсатта пайдаланылатындығын анықтап шықтым. Зерттеу жұмысын жүргізіп, соңынан талдау жасадым. Келесі бөлімде асқабақ және күнбағыс пістелерінің зиян жақтарын қарастыратын боламыз.

1.4 Асқабақ пістесінің және күнбағыс пістесінің зиянды жақтары

Пісте шақпайтын адам аз шығар, сірә. Бұл уақыт өткізудің бірден-бір жолы. Ал сол ермектің сізге қаншалықты пайдасы не зияны бары жайында білгіңіз келе ме? Ендеше, төменге көз тігіңіз.

Сурет 3. Асқабақ пен күнбағыс пістелері

Пісте шағудың зияны

Күнді сүйіп өскен күнбағас пістесін зиян деуге де қимайсың. Көбі пісте шағуды мәдениетсіздіктің белгісі ретінде таниды. Кешірерсіз, бірақ кинотеатрда отырып поп-корн қытырлату мен сағыз шайнау мәдениетсіздікке жатпай ма сонда?

100 грамм пісте құрамындағы колория бір плитка шоколадтағы немесе бір кесе тамақтағы колориямен тең. Сондықтан пістені семіздікке шалдыққан адамдарға барынша аз пайдаланған жөн. Сондай-ақ, пістені қуырған кезде оның құрамындағы пайдалы майлар мен дәрумендер өзгеріске ұшырап, зиянды заттарға айналады. Ал, жол бойында өсіп тұрған күнбағыс көліктерден бөлініп шыққан токсинді газдарды өзіне тез сіңіріп алады.
Әншілер мен ел алдында жиі сөйлейтін адамдар пісте шағудан бас тартқаны абзал. Өйткені, оның құрамындағы майлар дыбыс шығару жолдарын бітеп тастайды.

Пісте туралы тағы бір «аңыз» бар. Ол – соқырішек ауруы. Бұл аурудың туындауына пісте шағу кінәлі деп түсініп, пісте шаққан балаларын «Соқырішек боласың» деп қорқытатын ата-аналарға мұның ол ауруға еш қатысы жоқ екендігін айтып, алтыннан құлақтарына сырға тақтық. Пістенің соқырішекке ешқандай да қатысы жоқ. Бұл – ойдан шығарылған пікір, жасанды қорқыныш. Осыны ойымыздан шығарып отырғанымыз жоқ, мұны растаған – білікті мамандар.

Ал нақтырағына келгенде, пісте тіс кіреукесіне аса зиянды. Сіз пісте шағып отырғанда, тіс кіреускесінің сыртқа бедеріне пістенің қалай зиян келтіріп жатқанын аңғармауыңыз да мүмкін. Тіс кіреускесі бұзылған сайын ол жүйке талшықтарына және кариеске де кері әсерін тигізбек. Сонымен қатар пісте шағу әсерінен асқазанда қыжыл туындайды.

Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерімен әуестенбеуге кеңес беріледі.

Күнбағыс пістесінің зиянды жақтары Асқабақ пістесінің зиянды жақтары
Коллориясы көп. 100 гр пістенің құрамында бір қорап шоколадтың коллориясы болады. Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерімен әуестенбеуге кеңес беріледі.

 

Пісте тіс кіреукесіне аса зиянды. Сіз пісте шағып отырғанда, тіс кіреускесінің сыртқа бедеріне пістенің қалай зиян келтіріп жатқанын аңғармауыңыз да мүмкін. Тіс кіреускесі бұзылған сайын ол жүйке талшықтарына және кариеске де кері әсерін тигізбек. Сонымен қатар пісте шағу әсерінен асқазанда қыжыл туындайды
Әншілер мен ел алдында жиі сөйлейтін адамдар пісте шағудан бас тартқаны абзал. Өйткені, оның құрамындағы майлар дыбыс шығару жолдарын бітеп тастайды.

Кесте 2. Асқазан және асқабақ пістесінің зиянды жақтарына SWOT талдау жасау

Әрине, шешім өзіңізде: зиян көріп, пістеден бас тартарсыз, ал жоғарыдағылардан түйін шығарып ем ретінде де пайдаланарсыз.

2.    Тәжірибелік бөлім

2.1 Күнбағыс пістесі мен асқабақ пістесінің пайдалы және зиянды жақтарына дәлелдемелер

Күнбағыс пістелері мен асқабақ пістесінің  пайдасы мен зиянды жақтарын теория жүзінде қарастырып щықтым. Тәжірибе жүзіне келетін болсақ, алдымен, мен пістенің екі түрін салыстырып көрдім. Мәрмәр асқабағының пістесі мен қара күнбағыс пістесін микроскоп астында бақылап көрдім. Оған жетекшім екеуіміз биология кабинетіне барып, пістелерді зерттеп көрдік.

Сурет 4. Микроспен бақылауым

Микроскоп астында екі пістенің түрі ерекше болып көрінді. Лупамен де үлкейтіп көрдім. Кәдімгі зат басқаша болып көрінгеніне көзім жетті. Майда ұлпасына дейін көрінді. Қабықшаның сыртында сызықша сияты қоңыр ұлпа көрінді.

Сурет 6. Қабықтың микроскоп астындағы суреті

Қуырылған дәннің ұлпасы төмендегі суретте берілген. Олар тіпті қорқынышты көрінді.

Сурет 7. Күнбағыс пен асқабақ дәндерінің микроскоп астындағы бейнесі

Микроскоп астында көргенне кейін биология пәнінің мұғалімінен кеңес алып, алған мәліметті жазып алдым.

Асқабақ пістелерінің пайдалы және зиян жақтарын анықтау үшін мен ауруханаға барып, мамандардан кеңес алдым. Олар маған пайдалы дәрумендер туралы айтып, олардың қандай мүшеге әсер ететіні туралы толық және нақты мәлімет бере алды. Мен ол мәліметті жазып алып, кесте құрдым. Мен асқабақ пістесі мен күнбағыс пістелерінің құнарлылығының салыстырмалы кестесін құрдым

Кесте 3. Қуаттылық пен нәрлілік

100 гр. Құрамындағы нәрлілік Күнбағыс пістесі Асқабақ пістесі
Жнергетикалық құндылыға 601  кКал 559кКал
Ақуызы 20,7  гр 30.23мг
Майлылығы 52,9  гр 49.05
Көмірсулар 10,5  гр 4.71
Холестерин 0мг. 0мг.
Тағамдық талшықтар (клетчатка) 5  г 6 г
Су 8  г 5.23г
Күл 2,9  г 4.78
Крахмал 7,1  г

Қорыта айтқанда: Асқабақ пістелерінде ақуыз, тағамдық талшықтар, күл күнбағыс пістелеріне қарағанда көбірек. Ал күнбағыс пістелерінде майлар, көмірсулар, су мен крахмал көбірек кездеседі екен.

Макроэлементтеріне тоқтайтын болсақ, оларды мен келесі кестеге салдым.

Кесте 4. Макроэлементтер

Макроэлементтер Күнбағыс пістесі Асқабақ пістесі
Кальций 367мг  46 мг
Натрий 3мг. 7мг
Калий 647  мг 809 мг
Магний 317мг 592 мг
Фосфор 530 мг 1.223 мг

Қорытынды: Күнбағыс пістелерінің құрамында кальций көбірек, ал асқабақ пістесінде аздау. Бірақ асқабақ пістесінде адам ағзасына пайдалы макроэлементтер бар.

Микроэлементтері де жеткілікті сияқты. Оларды да салыстырып, кестеге салуды жөн көрдім.

Кесте 5. Микроэллементтер

Микроэлементтер: Күнбағыс пістесі Асқабақ пістесі
Темір 6.1мг  8.82 мг
Марганец 1.95мг 4.54 мкг
Мыс  1.34 мг
Селен 53мг 9.4 мкг
Мырыш 5мг  7.81мг

Қорытынды: Асқабақ пістелерінің құамындағы микроэлементтер басымдырақ.

Келесі қарастырғанымыз ол дәрумендер кестесі. Алдындағы бөлімдерде әр  дәруменнің неге әсер етенінін анықтап жазған болатынбыз. Бұл кестеде тек дәрумен аттарын алып жаздым.

Кесте 6. Дәрумендер

Дәрумен: Күнбағыс пістесі Асқабақ пістесі
Дәрумен А (бета-каротин) 0,03  мг  9мг
Дәрумен В2 (рибофлавин) 0.18 0.15мг
Дәрумен В5 (пантотеновая кислота) 1.13мг  0.75 мг
Фолиевая қышқылы (Дәрумен В9) 227мг 58мкг
Дәрумен Е (токоферол) 31.2мг 35.1 мг
Дәрумен В1 (тиамин) 1.84 – 0.2 мг
Ниацин (Дәрумен В3 или Дәрумен РР) 15.7 – 1.7 мг
Дәрумен В6 (пиридоксин) 1,345  мг – 0.23 мг
Дәрумен С 1.9мг

 Қорытынды: Күнбағыс пістесінде дәрумендер көбірек

Аты Қуаттылығы (ккал)
Күнбағыс пістесі 570
Асқабақ пістесі 556

Қорытынды күнбағыс пістелері қуаттырақ.

Сурет Ауруханада дәрігерден кеңес алу сәтім

Келесі қадамым дүкенге барып, сатып алушылардан сауалнама алдым. Сырттай бақылап көрдім. Ол туралы мен келесі бөлімде айтып беремін.

Өкінішке орай дүкенде асқабақ пістелерді табылмады. Брақ сатушы қыз мені құр қол қайтармайын деп жаңғақтарды ұсынды.

2.2 Бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері

Мектеп оқушыларының арасынан мен «Бақылау мақсатында сатып алу» шарасын өткізіп, сапалы өнімді анықтау үшін 4 түрлі маркалы пістелерді сатып алып, олардың дәмін тату арқылы дауыс беруді өтіндім.

 

Нәтижесінде

Балалардың барлығы «От Мартина» күнбағыс пістелерін таңдады.  Себебі олар дәмді, үлкен және жақсы қуырылған екен.

.3 Сауалнама нәтижелері

Сауалнамаға мен негізгі үш сұрақ алдым. Олар:

  1. Күнбағыс пістелерін қандай жиілікпен шағасыз?
  2. Асқабақ пістелерін шағып көрдіңіз бе?
  3. Осы екі пістенің қайсысы пайдалы деп ойлайсыз?

Барлығы сауалнамаға 49 адам қатысты. Көбінесе қыздар қатысып, белвенділік танытты. 6 ұл бала, қалғаны қыздар.

Осы сауалнаманың нәтижесінде біз адамдардың күнбағыс пістелерін аптасына бір рет болса да шағатынын байқап отырмыз.

Екінші сұраққа біз мынандай жауаптар шкаласын көрдік.

Саулнамаға қатысушылардың басым бөлігі амқабақ пістелерінің дәмін татып көрген екен.

29 адам күнбағыс пістесінің пайдалы жақтарына көбірек сенімді екені байқап отырмыз.

Қорытынды

Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.

Дертке дауа болатын күнбағыс пен асқабақ, біріншіден ауаны тазартып, даламызды көріктендіреді, денсаулығымызды нығайтады, екіншіден көптеген аурулардың алдын алады, үшіншіден дәріханалардан қымбат дәрілерді қыруар ақшаға сатып алғанша өзіміз қолдан жасап, пайдалансақ   отбасының  қаражатын үнемдейді және оны өсірумен айналысқан адамдарға мол қаржы келтіреді.

Күнбағыс пен асқабақ дәндерінің пайдасы мен ондағы ағзаға қажетті дәрумендерді біліп жүргеніміз жөн деп ойлаймын.

«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.

Әрине, әр адамның шешімі өзінде: зиян көріп, пістеден бас тартарсыз, ал жоғарыдағылардан түйін шығарып ем ретінде де пайдаланарсыз деген ойдамын.

Сауалнама нәтижесінде асқабақ дәндерінің пайдалы жақтырын адамдарға насихаттау керектігін өзіме түйдім.

Ұсыныс:

  1. Асқабақ пен күнбағыс құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер көп болғандықтан асқабақтың және күнбағыстың түрлері жерімізде көптеп өсірілсе;
  2. Асқабақтың дәні тазаланып, қуырылып, арнайы санитарлық зертханадан өткізіліп, қапшыққа салынып, сауда айналымына шығарылса;
  3. Асқабақтың емдік қасиеттері баспа беттерінде, теледидарда кеңінен насихатталса.
  4. Күнбағыс пістелерінің де дәрумендік жақтары ашылып, кеңінен насихатталуын ұсынамын.
  5. Адам баласы халық медицинасына, табиғи өнімдер арқылы емделуді алға қойса деген үміттемін.
You May Also Like

Ең үздік ғылыми жоба «Жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары»

Ең үздік ғылыми жоба «Жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары» Орындаған: Кикпай…

Ақыртас- терең тарихымыздың куәгері, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Ақыртас- терең тарихымыздың куәгері» Секция: Тарих  МАЗМҰНЫ Кіріспе ………………………………………………………………………………………………….3 І Ақыртас…

Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі Бағыты: Экология МАЗМҰНЫ: Кіріспе …………………………………………………………………………………………………. І.Топырақтын табиғаттағы…

Ферросилиций өндіру технологиясы, ғылыми жоба

Жоспар Кірісе……………………………………………………………………………………3 1  Əдеби шолу 1.1 Ферросилиций өндіру технологиясы………………………………………..5 1.2 Көміртекті ферромарганец…